Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница5/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.2.104. Вирусты жүктөмені анықтау үшін тест-жүйелернен қамтамасыз ету

АИТВ жұқтырған адамдарда және ЖИТС-пен ауыратын науқастарда вирустық жүктемені анықтау үшін өңірлерде 86 тест-жүйе жиыны сатып алынды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.105. Инъекциялық есірткілерді тутынушыларды алмастыратын терапия опиоидті тәуелділігімен камтамасыз ету

Қазақстан Республикасында алмастырушы қолдау терапиясын (бұдан әрі – АҚТ) іске асыру жөніндегі мәселе ҚР Ішкі істер министрлігінің нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес және қылмыстық-атқарушылық жүйе комитетінің қызметкерлерінің қатысуымен Министрлік басшылығымен 2012 жылғы 21 маусымда жұмыс кеңесінде талқыланды.

Кеңестің жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымы есірткі және қылмыс  басқармасының, Жаһандық қордың және АҚШ халықаралық даму жөніндегі агенттігінің өкілдерін қоса алғанда, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Министрліктің бастамасымен Колумбия университетінің халықаралық сарапшылары жүргізген «Қазақстан Республикасында опиодты алмастырушы терапия бағдарламасын бағалау» есебі тыңдалды.

Кеңестің жұмысы барысында Қазақстанда 2012 жылы жаңа сайттарды ашумен 2015 жылы АҚТ ұлттық деңгейге шығуымен жобаны кезең-кезеңмен кеңейту туралы шешім қабылданды.

Бүгінгі таңда АҚТ бағдарламасы Павлодар, Өскемен, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Семей, Тараз, Орал, Екібастұз қалаларындағы, Қарағанды облысының Теміртау қаласында 400 пациентке арналған наркологиялық диспансерлердің базасында іске асырылуда. Жобаны қаржыландыруды Жаһандық ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күрес қоры жүзеге асырады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.106. Ретровирусқа карсы терапияға АИТВ резистенттілігін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтмасыз ету 

АИТВ вирусының антиретровирустық терапияға резистенттігін айқындау үшін ЖИТС РО-на секвинаторға арналған шығыс материалдары және 3 диагностикалау жиыны сатып алынды

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.107. АИТВ жұқтырған тұлғалардың вирустық 2 жүктемені анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету

АИТВ жұқтырған адамдардың вирустық жүктемесін анықтау үшін тест-жүйенің 40 жиыны сатып алынды

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.108. Глаукоманы ерте анықтаудың тиімділігін арттыру (өңірлерде, Астана және Алматы қалаларында глаукома кабинеттерін ұйымдастыру және жарақтандыру)

Глаукома кабинеттерін жарақтандыру үшін 282,8 мың теңге сомасына біріктірілген лазерлік қондырғы; байланыссыз тонометрлер; компьютерлік периметрлер сатып алынды, өткізілген конкурс рәсімінен 9,6 мың теңге үнемделді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.3.109. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттармен және кеден одағының талаптарымен үйлестіру бойынша жұмысты жалғастыру

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің нормативтік құқықтық актілерін халықаралық стандарттарымен және Кеден одағының талаптарымен үйлестіру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде мынадай жұмыс жүргізілді:

1) 27 санитариялық қағида әзірленді және ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді;

2) «Қазақстанның ДСҰ-ға кіру шеңберінде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі» Дүниежүзілік банктің Жобасының Ғ компонентін іске асырылуда;

3) Кеден одағының тағам саласындағы 2 техникалық регламенті бекітілді:

- «Арнайы тамақ өнімдерінің, диета және емдік-профилактикалық тағамның қауіпсіздігі туралы»;

- «Тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге және техникалық қосымша заттарға қойылған қауіпсіздік талаптары».


^ 5.3.113. Зертханалық зерттеулерге Бірыңғай базалық тарифтер бойынша бағдарламалық өнімді енгізу (кезең-кезеңмен) және сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік саниатрилық-эпидемологиялық қадағалау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік ұйымдарында қаржыландыру әдістерін жетілдіру туралы» 29.11.10ж. № 323 және «ҚР санэпидқызметінің мемлекеттік ұйымдары көрсететін қызметтердің тарификаторын қалыптастыру және жүргізу (ААЖ - Тарификатор)» бағдарламалық өнімді енгізу туралы» 29.12.2010 ж. № 345 бұйрықтарына сәйкес 2012 жылдың қаңтар айынан бастап барлық аумақтық СЭС орталықтарына мемлекеттік кәсіпорындардың зертханалық зерттеулерін өткізу кезінде қаржыландырудың бірыңғай базалық ставкасымен қызметтің тарификаторы енгізілді.

Сондай-ақ, 2012 жылы орындалуына мониторинг жүргізе отырып, қызметтер тарификаторына түзету енгізілді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.3.115. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет зертханаларының қызметіне сапаны сыртқы бағалау жүйесін енгізу

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың барлық деңгейлерінде зертханалық зерттеулер жүргізу сапасын бағалауды көздейтін сапаны сырттай бағалау жүйесі 2011 жылы барлық 16 СЭС орталығына енгізілген болатын.

2012 жылы Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес ССБ жүйесіне тамақ өнімдерінің, балалар тауарларының, радиологияның және т.б. қауіпсіздік сапасын бағалау бөлігінде толықтыру енгізілді.

2012 жыл ішінде сапаны сырттай бағалау шеңберінде СЭС орталықтары 394 жасырын сынаманы зерттеді. Бұл ретте, зерттеу сапасын расталуы 91,1%-ды құрады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.3.116. 5 жасқа дейінгі балаларды пневмококк инфекциясына қарсы (кезең-кезеңмен) вакцинациялауды жүргізу

Балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау 200 жылы енгізілді. 2010-2012 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарының балалары қамтылды.

2012 жыл ішінде пневмококк инфекциясына қарсы республика бойынша 134584 бала вакцинацияның толық курсымен қамтылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.3.118. Жұмыс істеп тұрған орталықтар базасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, сібір жарасы, туляремия, бруцеллезді диагностикалау бойынша мамандандырылған зертханалар желісін ұйымдастыру

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын, сібір жарасын, туляремияны, бруцеллезді диагностикалауды жақсарту мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы, оның ішінде зертханалық зерттеуді жетілдіру туралы» ҚР ДСМ МСЭҚК 2011 жылғы 21 ақпандағы № 35 бұйрығы шықты.

2012 жылдың қорытындысы бойынша туляремияға – 2305, геморрагиялық қызбаға – 2846, бруцелезге 7334, сібір жарасына – 1308 зерттеу орындалды.


^ 5.3.120. Қазақстанда аса қауіпті инфекциялардың таралу атласын шығару және жасау жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Қазақстан Республикасында аса қауіпті инфекциялардың таралу атласы 2011 жылы әзірленді, 2012 жылы басып шығарылды.

Осы Атласта:

12 аса қауіпті және зооноздық инфекцияларға сипаттама берілген: оба, тырысқақ, күйдіргі, бруцелез, туляремия, бруцеллез, лептоспироз, иерсиниоз, листериоз, геморрагиялық қызба, кене энцефалиті; инфекциялардың 12 негізгі тасымалдаушылар мен таратушылары сипатталған;

ҚР Ұлттық атласынан карталардың электронды нұсқалары алынып пайдаланылды, ол Қазақстанның табиғи жағдайын кәсіби деңгейде сипаттауға мүмкіндік берді.

Атлас инфекциялық аурулардың кеңістікте және уақытпен таралу заңдылығын, халық үшін қауіптіліктің болуын, техникалық, экономикалық және рекреациялық жобаларды көрсетеді.


^ 5.3.121. Тамақ өнімдері қауіпсіздігі жөніндегі республикалық референс-зертхана және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау жөніңдегі мамандандырылған зертханалар құру

Құрамында гендік-түрлендірілген объектілері (бұдан әрі – ГТО) бар өнімдерді санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау мақсатында «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы зертханалық зерттеу бөлігінде жетілдіру туралы» ҚР ДСМ МСЭҚК 2011 жылғы 21 ақпандағы № 35 бұйрығы шықты.

2012 жылы Дүниежүзілік даму банкінің желісі бойынша тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау бойынша мамандандырылған зертханаларды және Республикалық референс-зертхананы жабдықтау, сондай-ақ 2012 жылы кейіннен персоналды оқыта отырып, он бір санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарын 13 атау бойынша 3,5 млн. АҚШ долларына тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша қазіргі заманғы зертханалық жабдықпен жаңғырту жүргізілді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.3.122. Гендік түрлендірген объектілерді жүргізуді қамтамасыз ету

2012 жылы ГТО-ны анықтау бойынша апта сайынғы мониторинг жүргізілді. Жыл қорытындысы бойынша СЭСО-ның зертханалары 2185 зерттеу жүргізді, оның ішінде 9 сынамада гендік-түрлендірілген көздер анықталды: 2 сынамада – «Bonduelle» (Ресей) тәтті жүгерісінде және «Коррадо» (Венгрия) тәтті жүгерісінде ГТО белгіленген нормалардан (0,9% астам) жоғары, қалған7 сынамада генетикалық түрлендірілген көздердің құрамы рұқсат етілген нормалар шегінде.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.3.123. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдарының қызметіне бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға экспресс-зерттеулерді енгізу

2012 жылы барлық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары (СЭСО) полимерлік тізбекті реакция (ПТР) әдісін игерді және тиісті жабдықпен жабдықталды. Республика бойынша СЭСО-ы бактериологиялық және химиялық заттарды анықтауға барлығы 51340 шұғыл зерттеу жүргізді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.3.124. АИТВ инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау жүйесін жетілдіру, ЖИТС-ке қарсы әрекет ету іс-шаралары мониторингі және бағалау жүйесін нығайту

Шолғыншы эпидемиологиялық қадағалаудың (бұдан әрі – ШЭҚ) серологиялық кезеңін жүргізу үшін скринингтік және сараптау тест-жүйелері сатып алынды. ШЭҚ далалық кезеңі үшін сауалнама көбейтілді. «Қазақстан Республикасында АИТВ инфекциясы жағдайларын электрондық бақылау жүйесін енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 5 наурыздағы № 144 бұйрығы бекітілді. Электрондық қадағалау жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру жалғастырылады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.127. Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі желісінің үлгілеуді аяқтау

Денсаулық сақтау ұйымдарының желісі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №395қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдарының желісі мемлекеттік нормативке сәйкес келтірілді.

Желіні үлгілеу аяқталды. Іс-шара орындалды.


^ 5.4.128. Медициналық-әлеуметтік көмекті дамыту, әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу

2012 жылы МСАК ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлерімен және психологтармен жасақталуы тиісінше 2120 және 540-ты құрайды. Республикалық бюджеттен 1679,6 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.129. Астана қаласында 4 дербес отбасылық денсаулық орталығын құру бойынша пилоттық жобаны енгізу

Астана қаласында «Демеу» МКҚК ОМОТО-да 1 дербес Отбасылық денсаулық орталығы құрылды, онда 19 724 адам тіркелген. Астанадағы емханалардың жүктемесін төмендету мақсатында жаңа медициналық объектілер пайдалануға еңгізілуде. Осылайша, 2012 жылы балаларды мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген, көп бейінді стационар жанынан жаңа мамандандырылған балалар емханасы және Оңтүстік Шығыс ауданында Аманат, 3 көшесі бойында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын жаңа амбулаториялық-емханалық кешен ашылды.

Басқа МСАК ұйымдарында Денсаулық орталықтары МСАК ұйымдарының құрамында қызмет етеді. 2012 жылы барлығы орталықтарда 1 338 338 қабылдау жүргізілді, оның ішінде 83 423 дәрігерге дейінгі кабинетте, науқасты үйде қарау - 104 157, үйде 4 925 стационарлық көмек көрсету ұйымдастырылды, күндізгі стационарда 10 473 науқас емделді.

Аурудың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі орталықтардың мамандырымен 2 125 тренинг, 736 дөңгелек үстел өткізілді. Коронарлық науқастар мектептерінде, демікпе-мектептерінде және т.б. 16 410 пациент оқумен қамтылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.130. Медицина қызметкерлерінің уәждемелерін арттыру тетіктерін жетілдіру

Көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жұмыста қол жеткізілген нәтижелер үшін медицина қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Денсаудық сақтау министрінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 310 бұйрығының негізінде табылған және үнемделген қаражаттың есебінен көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне және сапасына байланысты еңбекке ақы төленеді.

Оған қоса, «Салалық көтермелеу жүйесінің кейбір мәселелері туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 10 қарашадағы № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 693 бұйрығына қол қойылды.

Салада әкімшілдендірудің қазіргі заманғы әдістері, оның ішінде сараланған еңбекақы енгізілуде. Осы қағидат дәрігерді жұмыстың түпкілікті нәтижесіне, яғни емдеудің сапасына және пациенттің қанағаттануына бағыттайды.

2011 жылдан бастап МСАК деңгейінде жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компонентін енгізу басталды, бұл да түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге байланысты.

2012 жылы персоналды уәждеуді қолданған медициналық ұйымдардың үлес салмағы артты (есепті жылы - 65%, өткен жылы - 31%). Медицина қызметкерлерін түпкілікті нәтижеге ынталандырумен қамту деңгейі 34%-ды құрады, нәтижесінде стационарларда дәрігерлер үшін ай сайынғы қосымша ақының орташа көлемі 30,1 мың тенгені, орта медицина қызметкерлері үшін 15,2 мың теңгені құрады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.131. Дәлелді медицина қағидаттары негізінде БМСК көрсету стандарттарын жетілдіру

Медициналық көмектің сапасын арттыру республикада денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың маңызды және негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Халықаралық стандарттарға сәйкес медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту үшін дәлелді медицинаға негізделген үздік клиникалық нұсқауларды қолдану арқылы практикалық мамандардың клиникалық шешімдерді қабылдау жүйесі енгізілуде.

Клиникалық нұсқауларды енгізудің мақсаты біріншіден, қазіргі заманғы қатаң ғылыми деректерге негізделген стандарттарды клиникалық практикада колдану, бұл дәрігерлерді ауруларды алдын алудың, ерте анықтаудың, диагностикалау мен емдеудің оңтайлы әдістері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, дәрігер қателіктерінің санын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл пациенттің жеке ерекшеліктерін және кәсіби клиникалық ойлауды есепке ала отырып, клиникалық шешімдерді қабылдау үдерісін жеңілдетеді.

Медициналық араласуды стандарттау мақсатында үздік медициналық практикаға сәйкес және дәлелді медицинаның қағидаттарына негізделген клиникалық нұсқауларды енгізу үдерісі пациенттің денсаулық сақтау жүйесімен алғашқы байланысы кезінде медициналық қызмет көрсететін құрылым ретінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек желісін қамтитыны сөзсіз.

2012 жыл ішінде Стандарттау орталығымен дәлелді МСАК көрсету мәселелері толық сипаттайтын дәлелді медицинаға негізіделген 33 клиникалық нұсқау бейімделді.

2013 жылы БМСк деңгейінде медициналық қызметті көрсетуге байланысты 34 клиникалық нұсқаулардың бйімделуі жоспарланады.

Қазіргі кезде бейімделген нұсқаулар бойынша клиникалық нұсқаулардың және оларды практикалық енгізу маңызды құралдарының құралы болып табылатын диагностика және емдеу алгоритмдері жасалады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.133. БМСК ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (холестерин және глюкозаны анықтау үшін скринингілік орталықтарды және БМСК ұйымдарын жарақтандыру)

Холестерин және глюкозаны анықтау үшін скринингілік орталықтарды және БМСК ұйымдарын жарақтандыру мақсатында мынадай медициналық жабдықтар сатып алынды: жалпы сомасы 876,9 мың теңге 525 дана қанда холестеринді және глюкозаны анықтауға арналған құралдар; рентгендік стационарлық сандық маммографтар; рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппараттар.

^ 5.4.134. Дәрілік заттардың тізбесін кеңейту және амбулатариялық. деңгейде тегін және женілдікпен қамтамасыз ету тетігін жетілдіру

Орфандық (сирек) аурулармен ауыратын балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесі кеңейтілді: муковисцедоз (дорназа-альфа, тиамфеникола глицинат ацетилцистеинат, панкреатин), мукополисахаридоз (ларонидаза, идурсульфаза, галсульфаза), Гоше ауруы (имиглюцераза).

Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен белгілі бір аурулары (жай-күиі) және мамандандырылған емдеу өнімдері бар амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізбесі бекітілді.

Министрлік ТМККК шеңберінде амбулаториялық деңгейде тегін және жеңілдікті түрде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге, стационарлық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз етуге тұрақты негізде мониторинг жүргізуде.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.4.134-1. Амбулаториялық деңгейде мынадай ауруларды емдеуге дәрілік заттармен қамтамасыз ету: гемофилиямен ауыратын науқас балалар, онкогематологиямен ауыратын науқас балалар, бытыраңқы (жайылма) берішпен ауыратын науқас балалар

Гемофилиямен (298), онкогематологиямен (356), сонымен қатар шашыраңқы берішпен (512) ауыратын балалар республикалық бюджет қаражатының есебінен амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен толықтай қамтамасыз етіледі.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.134-2. Амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға өтеу коэффициентін 0,5-дан 1,0-ге дейін жеткізу

2002 жылы амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алуға өтеу коэффициенті 0,5-тен 1,0-ге дейін жеткізілді, яғни 1000677 адам дәрілік заттарды тегін алды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.134-3. В, С вирусты гепатиті бар ересектерді емдеу үшін препараттар сатып алу

В және С вирусты гепатиті бар 1197 науқасты емдеу үшін 2743 мың теңге сомасына препараттар сатып алынды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


^ 5.4.135. БМСК тиімділігін айқындайтын нысаналы индикаторларды әзірлеу

МСАК тиімділігін көрсететін нысаналы индикаторлар «ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін қалыптастырудың және шығыстарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР ДСМ 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 226 бұйрығы бекітілді.

2012 жыл ішінде МСАК бойынша әрбір 33 клиникалық нұсқаулыққа өзіндік сапа индикаторлары әзірленді, олар жалпы медициналық ұйымның, сондай-ақ нақты әрбір дәрігердің клникалық нұсқаулықты пайдаланушы ретінде қызмет етуінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді және мониторингілеудің және бағалаудың негізгі құралы болып табылады.

Қолданыстағы халықаралық практикаға сәйкес дәлелденген стандарттарды енгізу көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын арттыратыны және тиісінше МСАК деңгейінде ЖНЫК ықпал ететін түпкі нәтижелерге қол жеткізуге (ана, бала өлімін болмауы, туберкулезді және онкопатологияны ерте анықтау) әсер тигізетіні сөзсіз.

Бұл дәрігерді түпкі нәтижеге, яғни көрсетілетін қызметтер сапасына және пациенттің қанағаттану деңгейіне бағытталуға мүмкіндік береді.

^ 5.4.136. Мамандандырылған медициналық көмекті одан әрі дамыту бойынша НҚА әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2 қаулысы әзірленіп, бекітілді:

«Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытудың 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» 2012 жылғы 29 наурыздағы № 366;

«Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 5 бұйрығы жарияланды:

«Қазақстан Республикасының халқына офтальмологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 22 ақпандағы № 120;

«Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 374;

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің патологоанатомиялық қызметті жетілдіру және дамытудың 2012-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 мамырдағы № 323;

«Қазақ Республикалық лепрозорийі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру жөніндегі ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы; «Денсаулық сақтау ұйымының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» 2010 жылғы 23 қаңтардағы № 907 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 31 шілдедегі № 514.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.137. Ауылдық медициналық ұйымдарды медициналық кадрлармен жарақтандыру

Ресми статистика деректері бойынша ауылдық өңірлердегі денсаулық сақтау ұйымдарындағы бос лауазымдар бойынша медициналық кадрлардағы жетіспеушілік 2009 жылы 325-тен 2012 жылы 494-ке дейін артты.

Медициналық ЖОО түлектерін орналастыру қорытындылары бойынша жұмысқа орналастырылған түлектердің 57 %-ы (559 адам) ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарында орналастырылды.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.138. Пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауын, қолжетімділікті, әділеттік пен науқастардың жоспарлы емдеуге жатқызуды камтамасыз ету:

Жоспарлы емделуге жатқызу үшін өзінің стационарды таңдау құқығын қолданған азаматтар санының қалыптасқан жыл сайынғы өсу үрдісі байқалады. Осылайша, өзінің еркін таңдау құқығын 780 мыңнан астам адам пайдаланған, бұл ретте олардың 46%-н ауыл тұрғындары құрайды. Өз өңірлерінде азаматтардың 92,3% емделді, тұрғындардың 1,8%-ы өзге өңірлерде, 5,9%-ы республикалық клиникаларда мамандандырылған көмек алды. Емдеуге жатқызылғандардың жалпы санының 93,9%-ы 10 күнге дейінгі күту мерзімінде емдеуге жатқызылған, азаматтардың тек 6,1%-ы ғана өзінің емдеуге жататын күнін 10 күннен артық күткен.

жоспарлы емдеуге жатқызудың порталы арқылы халықты құқықтары және емдеуге жатқызу тәртібі туралы тұрақты ақпараттандыруды камтамасыз ету:

Осы тармақ шеңберінде халықтың хабардарлығы бойынша мынадай іс-шаралар жүргізілді: 403 мақала жарияланды, БАҚ-та (ТВ, радио) 394 сұхбат берілді, 41 түр бойынша (815 167 дана) буклет әзірленді, 40 видеоролик түсірілді.

Іс-шараны жүзеге асыру жалғасуда.

^ 5.4.139. Тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу деңгейін төмендетуді және стационарды алмастырушы технологияны дамытуды қамтамасыз ету

Бірыңғай төлеуші жүйесінде 2012 жылы республика бойынша стационарлық көмек көрсеткіштерінің оң үрдісы байқалады, мысалы, стационарға емдеуге жатқызу деңгейі өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 100 тұрғынға шаққандағы 13,6-дан 1%-ға төмендеді, стационарлық көмекті тұтыну 1000 тұрғынға шаққанда 11936,1 төсек-күніне дейін немесе өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5%-ға және төсекпен қамтамасыз етілу 3%-ға төмендеді, сондай-ақ төсек айналымы 3%-ға артты.

Есепті кезең ішінде стационарды алмастыратын көмек алған пациенттердің саны 4%-ға көбейді.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.

^ 5.4.140-1. Икемді төсек бейіндерімен көп бейінді стационарларды, оның ішінде ауруханалық секторды қайта құрылымдаудың есебінен дамыту

Дүниежүзілік банктің «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасын іске асыру шеңберінде А 2.2. «Денсаулық сақтау секторында инвестициялық жоспарлау бойынша әріптестік өзара іс-қимыл» кіші компоненті бойынша «Sanigest Internaсional» консалтингтік компаниясы Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын жоспарлау, мониторингілеу және бағалау орталығымен (бұдан әрі – Орталық) бірлесіп халық санын, тууды, сырқаттануды, халықтың медициналық көмектегі қажеттілікті, медициналық ұйымға жету уақытын болжауды есепке ала отырып, 2025 жылға дейін облыстардың ауруханалық ұйымдар желісін қайта құрылымдау бойынша мастер-жоспарлардың жобаларын (бұдан әрі – мастер-жоспарлар) әзірлеуде.

Ауруханалық сектордың желісін қайта құрылымдау және оңтайландырудың өңірлік жоспарларын әзірлеу кезінде республиканың ерекшеліктері есепке алынды: үлкен аумақ және 500-ге дейін тұрғыны бар кішкентай елді-мекендердің үлкен саны, аумақтық алшақтығы.

Қазіргі кезде 14 облыс үшін мастер-жоспарлардың жобалары әзірленді, ал 2 қала: Алматы және Астана үшін ағымдағы жылы әзірленетін болады.

Әзірленген жобалармен қолда бар медициналық ұйымдарды І деңгейдегі ауруханаға – аудандық ауруханаларға (АА) қайта бейімдеу ұсынылады, олардың құрамында төсектердің 4 негізгі бейіні көзделеді (терапия, педиатрия, хирургия, босандыру); ІІ деңгейдегі – көп бейінді өңірлік ауруханалар (КБӨА), құрамында төсектердің 4 негізгі бейінінен басқа неврологиялық, кардиологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, отоларингологиялыұ, урологиялық және төсектердің басқа бейіндерін ұйымдастыру жоспарлануда, сондай-ақ қалпына келтіру емі және оңалту, мейіргерлік күтім бөлімшелері мен ауруханаларының және хоспистердің желісін дамыту ұсынылады.

Ауруханалық секторды оңтайландыру бойынша өткізілетін шаралар тәуліктік стационарлардағы ресурссыйымды төсек қорын төмендетуге және стационарды алмастыратын технологияларды дамытуға бағытталған.

Демографиялық өзгерістерді және халықтың стационарлық көмектегі тиісті қажеттілігін есепке ала отырып, қолданылатын тәсілдердің негізінде көп бейінді (ауданаралық) және аудандық ауруханалар түрінде кейбір стационарлардың төсектік қуаттылығын арттыру және керісінше қуаттылығы аз тиімсіз ауылдық ауруханаларды жабу ұсынылады. Көптеген жағдайларда ауруханаларды жабу емес, қайта бейімдеу көзделеді.

Осылайша, өңірлерде 55 қалалық, 156 орталық аудандық ауруханасынан, 23 аудандық ауруханасынан 1/3 жағдайда ІІ деңгейдегі ауруханаларды ұйымдастыру жоспарлануда – 73 көп бейінді аурухана, оның ішінде келесі өңірлер бойынша: Ақмола – 4, Ақтөбе – 4, Алматы – 10, Атырау – 3, Шығыс Қазақстан – 8, Батыс Қазақстан – 4, Жамбыл – 7, Қарағанды – 6, Қостанай – 6, Қызылорда – 5, Маңғыстау – 1, Павлодар – 3, Солтүстік Қазақстан – 3, Оңтүстік Қазақстан – 9.

Өңірлердің ауруханалық ұйымдарын халықаралық стандартқа сәйкес келтіру үшін мастер-жоспарлардың жобаларымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің тетігін пайдалануды қоса алғанда, 2025 жылға дейін стационарларды салу және жаңғырту бойынша ұсыныстар берілген. Осы ұсыныстар мастер-жоспарлардың жобаларында «100 аурухана, 100 мектеп» жобасымен үйлестірілген.

Оған қоса, медициналық ұйымдардың желісін оңтайландыру бойынша ұсыныстарды тиімді іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысына ауруханалық ұйымдардың желісін жетілдіру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін ұсыныстарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы