Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница4/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.2.71. Ұлттық скринингілік бағдарламаны енгізу

Профилактикалық медициналық тексеріп-қараулар (скринингтердің) шеңберінде ҚР барлық өңірлерінде 2012 жылы 2 596 104 ересек адам тексеріліп-қаралды:

ЖАҚ ерте анықтау үшін 2 596 105 адам тексеріліп-қаралды, оның ішінде 209 603 (8,1%) науқас анықталды. Қант диабетін скринингілеуге тексеріп-қаралған 2 604 464 адам, қант диабеті 9 675 (0,4%) адамда анықталды;

глаукоманы ерте анықтау үшін 1 996 189 адам тексеріліп-қаралды, оның ішінде 6 343 (0,32%) адамда алғашқы рет глаукома анықталды;

жатыр мойнының ісік алды және қатерлі ісікті ерте анықтау үшін 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы 582 566 әйел тексеріліп-қаралды. Нәтижесінде жатыр мойны обыры 194 (0,03%) жағдайда анықталды;

сүт безінің ісік алды және қатерлі ісікті ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жастағы 459 816 әйел тексеріліп-қаралды, нәтижесінде сүт безінің обыры 633 (0,11%) жағдайда анықталды;

тоқ ішектің және тік ішектің ісік алды және қатерлі ісікті ерте анықтау үшін 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы 1 174 155 ер адамдар мен әйелдер тексеріліп-қаралды. Обыр 228 (0,035%) жағдайда анықталды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.2.72. Перинаталдық көмек көрсету деңгейіне және халықаралық стандарттарға сәйкес балалар және босандыру денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық жабдықпен жарақтандыру

2012 жылы мынадай медициналық техника сатып алынды:

босандыру ұйымдарына арналған датчиктер жинағы және принтері бар УДЗ аппараттары;

мониторингілеудің орнатылған жүйесі бар шала туылған балаларға арналған инкубаторлар (кювез);

қан газдарын тері арқылы мониторингілеу жүйесі бар жаңа туған нәрестеге арналған мониторлар, ересектерге арналған кереует жанындағы реанимациялық мониторлар;

ЖСЖ, ЭКГ, сатурацияны, температураны кеңейтілген мониторингілеу арқылы стационарлық жаңа туған нәрестелерге арналған өкпені жасанды желдету аппараттары, жоғары жиілігі жөнге салынған ӨЖЖ аппараттары;

рентгендік диагностикалық көшпелі аппараттары.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.2.74. ӘКҰ циклдарын өткізуді көбейту бөлігінде ТМККК-ні кеңейту

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 (2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 өзгерістер мен толықтырулар енгізу) қаулысымен ЭКҰ ТМККК енгізілді.

ТМККК шеңберінде ЭКҰ жүргізу «Қосалқы репродуктивті әдістер мен технологияларды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 162 бұйрығымен регламенттелген.

036 «Жергілікті деңгейде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама шеңберінде экстракорпоралды ұрықтандыру циклдарының саны 2012 жылы 600-ге жеткізілді, жалпы сомасы 442,3 млн.теңге. 100% игерілді. ЭКҰ бағалау босанғандар мен туылған балалардың саны бойынша жүргізіледі.

Осыған байланысты, 2012 жылы жүргізілген ЭКҰ 600 бағдарламасының түпкілікті нәтижелері 2013 жылғы қазанда ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта 2011 жылға ЭКҰ бағдарламасы (350 цикл) толық аяқталды.

Қазақ репродуктивтік медицина қауымдастығы ұсынған деректер бойынша жүргізілген ЭКҰ 350 бағдарламасының нәтижесінде 137 (2010 жылғы 28% қарағанда 39,1 %) жүктілік алынды, оның ішінде 87 (2010 жылғы 13,1 % қарағанда 26.2 %) босанулармен аяқталды, оның ішінде 22 егіздер және 11 үшем. Осылайша, көп ұрықтық жиілігі 32,2 % құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.2.76. Қазақстан Республикасында емшек сүтімен қоректендіруді қорғауды камтамасыз ету, қолдау және ынталандыру бойынша ережені әзірлеу

ҚР ДСМ «Халықтың дұрыс тамақтануы және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі әдісіне қалыптастыру» әлеуметтік тапсырысы шеңберінде республикада 2012 жылдан бастап «Емшек сүтімен қоректендіруді сақтау, қолдау және көмек көрсету» республикалық бағдарламасын іске асыруды жетілдіру мен жүзеге асыру» бағдарламасы орындалуда. Аталған бағытта мониторингілеу, медицина персоналын оқыту, босандыру ұйымдарын (перзентханалар, перинаталдық орталықтар, аурухананың босандыру бөлімшелері) «Балаға мейірімділікпен қарау ауруханасы» (БМҚА) ДДҰ мен ЮНИСЕФ халықаралық критерийлерге сәйкес сертификаттау және қайта сертификаттау бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Тағамтану институты бағдарлама шеңберінде мониторинг және «Емшек еметін жастағы және ерте шақтағы балаларды қоректендіруді» бағалау үшін дәрігерлерге, орта медицина қызметкерлеріне арналған нұсқаулық әзірледі.

«Балаға мейірімділікпен қүту ауруханасы» халықаралық Бастамасына (БМҚАБ) сәйкес емшек сүтімен қоректендірудің 10 қағидатын практикаға енгізу нәресте, бала мен ана өлімін төмендетудің, ана мен бала денсаулығын сақтаудың, баланың дұрыс өсуін, физикалық және ақыл ой дамуын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады. 2007 жылға дейін БМҚА дәрежесіне 32 аурухана сертификатталды, 2012 жылы – 3 (Алматы қаласы бойынша).

Денсаулық сақтау практикасына БМҚАБ енгізуді жетілдіру бойынша ереже әзірленді, ол келісуде.

Алдын ала деректер бойынша 2012 жылы ерекше емшек сүтімен қоректендіруде 90% астам бала, 3 айлық 76%, 6 айлық 68%, 12 айдан жоғары 26 % бала бар.


^ 5.2.77. Дәлелді медицина негізінде перинаталды және педиатриялық медидиналық көмек көрсетудін хаттамалары мен стандарттарын әзірлеу және енгізу

2012 жылы емдеудің 16 хаттамасы әзірленді, оның ішінде 11 хирургиялық көмек бойынша («Балалардағы обструктивті мегоуретер», «Балалардағы гипоспадия», «Балалардағы қоянжырық», «Гиршпрунг ауруы», «Порталды гипертензия», «Балалардағы әртүрлі локализацияның лимфоангиомасы», «Балалардағы гидронефроз», «Туа біткен қуық несепағарлық рефлюкс», «Балалардағы аноректальдік даму кемістігі») және 5 балалар анестезиологиясы-реанимациясы бойынша («Аппараттық-маскалық анестезия алгоритмі», «Кудальдік анестезия алгоритмі», «Премедикация хаттамасы», «Жалпы анестезия», «Эпидуральды анестезия»), олар «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК келісуде жатыр.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.79. Барлық босандыру ұйымдарында ана өлім-жітімі мен акушериялық асқынудың жіті жағдайларын жасырын тексеруді қолдау

Есепті жылы ана өлімінің 26 жағдайына талдау жүргізілді. Ал қалған 26 жағдай Құпия аудиттің орталық комиссия мүшелерінің қарауында.

Талдаудың алдын ала деректері бойынша ана өлімінің жетекші себебі ұрықтың уақытынан бұрын түсуі, атоникалық қан кетудің және жатырдың жыртылуы себебінен болатын акушериялық қан кетулер (23,0%) болып табылады.

Эктрагениталдық патологиядан болған ана өлімінің талдалған 7 жағдайының арасында өлім жағдайларының негізгі себептері ушыққан екі жақты толық қамтитын вирустық-бактериялық пневмония (57%), жүрек-қан тамыры патологиясы (28,6%), туберкулез (14,2%) болып табылды.

Ятрогенияның 4 жағдайы ерекше назар аудартады, оның ішінде 3 жағдай – операциялық әрекеттен кейін жеткіліксіз гемостаздың салдарынан болған қан кету және 1 жағдай – ішектің зақымдалуына байланысты перитонит.

Өкпе артериясы тромбоэмболиясынан болған 3 өлім жағдайы да бар. Аталған жағдайларда тромбоэмоликалық асқынулардың даму қаупінің факторлары ескерілмеген, тромбоэмболия профилактикасы жүргізілмеген.

2012 жылы босандыру ұйымдарында ана өліміне және акушериялық асқынулардың ауыр жағдайларына құпия аудиттің түпкілікті талдауы 2013 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылға арналған негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспарына сәйкес ұсынылатын болады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.2.81. Ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау арқылы АГ, ЖИА, қант диабетін ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдісін дәрігерге дейінгі кабинеттерге жүргізу 

Мақсатты топтағы халыққа профилактикалық медициналық тексеріп-қарауларды өткізу ережелеріне («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қазандағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығы) сәйкес дәрігерге дейінгі кабинеттерде АГ, ЖИА, кант диабетін ерте анықтаудың экспресс-диагностика әдісі жүргізіледі. Холестерин, қан глюкозасын анықтау үшін аппараттар жергілікті деңгейде сатып алынады.

2012 жылы ересек тұрғындар арасында холестерин, қан глюкозасын анықтау үшін 27 300 мың теңгеге МСАК ұйымдарының дәрігерге дейінгі кабинеттеріне 525 жабдық сатып алынды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.2.82. Есту қабілетінің туа біткен және тұқым қуалайтын патологиясын анықтауға ерте жастағы балаларға скрининг жүргізу (босандыру ұйымдарын аталған отоакустикалық эмиссияны тіркейтін портативтік кұрылғыларымен жарақатандыру 

2012 жылы ТТО шеңберінде облыстық бюджеттерге және Алматы мен Астана қалаларының бюджеттеріне босандыру ұйымдары үшін аталған отоакустикалық эмиссияны (АОАЭ) тіркейтін портативтік кұрылғыларына сатып алуға жалпы сомасы 21 284 мың теңгеге 17 аппарат сатып алынды.

2012 жыл ішінде 94 229 бала (81%) неонатальдық аудиологиялық тексеріп-қараумен қамтылды, 339 нәрістеде есту қабілетінің патологиясы айқындалды.


^ 5.2.83. Әйелдердің жатыр мойны обырын ерте анықтауға скрининг жүргізу

Жатыр мойнының ісік алды және қатерлі ісіктін ерте анықтау үшін 30, 35, 40, 45, 50, 55 және 60 жастағы 582 566 әйел тексеріліп-қаралды. Нәтижесінде жатыр мойны обыры 194 жағдайда (1-2-дәреже 90,5%) және 28 805 ісік алды жағдай анықталды, оның ішінде 6780 жағдайда жасушалардың атипиясы және ауыр дисплазиясы. Анықталған патологияның ішінен Д-есепке 90,2% пациент алынды, оларға сауықтыру жүргізілуде.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.84. В және С гепатитіне нысаналы тәуекел топтарға скрининг жургізу:

балаларда (қан аурулары бар науқастар, гемодиализ, қатерлі ісік қан, оның компоненттерін  құюды қоса алғанда және операция жасалғандар);

ересек тұрғындарды (медицина қызметкерлері: операция жасайтын хирургиялық бейін, емшара кабинеті, жедел медициналық жәрдем, қан орталықтары, патологоанатомиялық қызмет, сот медидиналық сараптама, сондай-ақ қан аурулары науқастарының дәрігерлері мен м/б

2012 жылы В және С гепатитіне скрининг шеңберінде 120 696 бала мен 277 926 ересек қамтылды, оның ішінде 484 балада және 2870 ересекте анықталды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.86. Онкодиспансерлерді жатыр мойны ісік алды және ісік ауруларына РаР тестін жүргізу үшін қазіргі заманғы сұйықтық цитология аппараттарымен жарақтандыру 

Осы іс-шара бойынша 2012 жылы 8 сұйықтық цитологиясы аппараттары сатып алынды.

^ 5.2.88. Аурулардың профилактикасы мен саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу және тарату 

2012 жылы 40 түрлі ақпараттық-шолу материалдары (плакаттар, буклеттер, листовкалар) әзірленді.

Республика бойынша профилактика мәселелері туралы ақпараттық-оқыту материалдары таратылды:

  1. ана мен баланың денсаулығын сақтау – 1790246 дана,

  2. ҚАЖ - 1010236 дана,

  3. онкологиялық аурулар – 1382205 дана,

  4. туберкулез - 1137974 дана,

  5. темекі шегу – 1131529 дана,

  6. нашақорлық – 1127872 дана,

  7. алкоголизм – 1100113 дана,

  8. дене белсенділігі - 1083053 дана,

  9. тамақтану - 1125726 дана,

  10. ЖРВИ, вирустық гепатит - 2541037 дана,

  11. жарақаттану – 722620 дана,

  12. АИТВ/ЖИТС – 5419462 дана.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

5.2.89. Ревматологиялық, гастроэнтерологиялық, кардиологиялық, пульмонологиялық, эндокринологиялық, нефрологиялық және дерматовенерологиялық қызметтердің тиімді жұмысы үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру

2011 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің: 

1) «Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 14 наурыздағы № 132;

2) «Пульмонологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 14 сәуірдегі № 196;

3) «Дерматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың туралы ережені бекіту туралы» 2011 жылғы 23 мамырдағы № 312;

4) «Қазақстан Республикасының халқына кардиологиялық, интервенциялық кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже» 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 647 бұйрықтары әзірленіп, бекітілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің:

1) «Қазақстан Республикасының халқына эндокринологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» 2012 жылғы 25 мамырдағы № 364;

2) нормативтік құқықтық актілерде 2012 жылғы 15 наурыздағы № 7461 тіркелген «Қазақстан Республикасының халқына нефрологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы № 86 бұйрықтары әзірленіп, бекітілді.


^ 5.2.90. Ревматологиялық науқастарға медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Республика өңірлерінде медициналық көмекті жетілдіру мақсатында қалалық және облыстық ауруханалардың материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін ревматологиялық науқастарды емдеуге арналған физиотерапия кешендерін сатып алу жалғасуда. 2012 жылы ревматологиялық науқастардың буындарын емдеуге арналған 16 физиотерапия кешені сатып алынды.


^ 5.2.91. Диагностикалау мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық түрлерін енгізу есебінен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін кеңейіу

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 1363 қаулысымен 2011 жылдың басынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі кеңейтілді, оның ішінде қан ауруы, қатерлі ісік ауруы бар, гемодиализдегі, сыртартпасында шұғыл араласулар, қан және оның компоненттері құйылған балаларда «В» және «С» вирустық гепатиттерді диагностикалауға скринингілік зерттеулер (иммундық ферменттік талдау, полимеразды тізбек реакциясы) жүргізу, сондай-ақ туа біткен жақ-бет патологиясы бар («жарық таңдай», «қоян жырық») балаларға ортодонтикалық көмек көрсету бойынша емшаралар.

«Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» ҚР ДСМ 20.11.2012 ж. № 815 бұйрығы бекітілді.

Бүгінгі таңда технологиялардың тізбесі 268-ден бастап 341-ге дейін кеңейтілді, оның ішінде кардиохирургия, трансплантология, нейрохиругия, онкология саласында. Митраль тесігің клипстау, биологиялық қолқа қапақшасын тігіссіз имплантациялау, сүйек ісігінде буынды және сүйекті ауыстырып қондыру, стереотаксикалық жүйесі қолдануымен бас миының нейростимулятормен имплантациялау, конформдылық сәулелі терапия әдістері енгізілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.92. Интервенциялық кардиологиялық қызметті, оның ішінде аритмологиялық қызметті одан әрі дамыту жөнідегі шаралар кешенін әзірлеу және жүргізу

Интервенциялық кардиологиялық қызметті, соның ішінде аритмологиялық қызметті одан әрі дамуға бағытталған шаралар қабылданды.

2012 жылы республикада 20 мыңнан астам кардиохирургиялық операция (ересектерге 9633, оның ішінде 1976 балаға ашық жүрекке операция жүргізілді,).

Республикада жүргізілген интервенциялық шұғыл араласулардың саны – 11 333 (29%) құрады, бұл сәйкесінше 2011 жылдың кезеңімен (6309) салыстырғанда 56%-ға артық.

Интервенциялық (шұғыл емес) араласулардың саны – 38 900 құрады, бұл өткен жылдың кезеңімен (27 753) салыстырғанда 11 147 араласуға артық, оның ішінде 78,3% өңірлерде (30 454), 21,7% республикалық медициналық ұйымдарда (8 446) жүргізілді.

Коронароангиография 27 739 рет жасалды (71,3%), оның ішінде жоспарлы – 41,6% (11 537) және шұғыл – 58,4% (16 202).

8958 стенттеу жүргізілді, бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен (4740) салыстырғанда 53%-ға артық, оның ішінде жоспарлы тәртіпте – 32,9% (2836), шұғыл тәртіпте – 67,1% (6122).

2011 жылдың ұқсас кезеңімен (554) салыстырғанда 2012 жылы 259-дан артық эндоваскулярлық араласу (813) жүргізілді.

Қабылданған іс-шаралар мидың тамырлық зақымдануынан болатын өлімді 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Ушыққан коронарлық синдромы (УКС) бар және МҚУЗ бар пациенттерге медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру үшін УКС/МҚУЗ бар науқастарды емдеудің алгоритмдерін енгізу жүзеге асырылуда.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.93. Кардиологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту

Кардиологиялық көмек көрсететін ұйымдарға 145 бірлікте ангиографтар, тредмил жүйелері, ЭКГ және АҚ тәуліктік мониторингілеу жүйелері, бипландық балаларға арналған ангиограф сатып алынды.


^ 5.2.96. Туберкулезге қарсы ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту

2012 жылы жалпы сомасы 209,7 мың теңгені құрайтын көшпелі рентгентік флюорографиялық сандық кешендер, жұмыс станциясы және 3 жұмыс орнына суреттерді өңдеуіші бар рентгендік диагностикалық стационарлық сандық аппарат сатып алынды.


5.2.98. Инъекциялық есірткіні тұтыну (ИЕТ), секс-қызметкерлері (СҚ), бас бостандығынан айрылған тұлғалар және ерлермен қатынасы бар еркектер (ЕСЕ) АИТВ-ның инфекциясы эпидемиясына қатысты халықтың топтарында АИТВ инфекциясының профилактикасын жүргізу, оның ішінде:

ИЕТ.СҚ ЕСЕ стационарлық және мобильді сенім пункттері және достық кабинеттерінде шприцпен, Презервативпен алмастыру бағдарламасымен камтамасыз ету 

155 сенім пунктінде ИЕТ-ті профилактикалық бағдарламалармен қамту ИЕТ-тің бағалық көлемінің (116 840 адам) – 72,8% (85 041 адам) құрады (2011 жылы ИЕТ қамту 64,4% құраған).

АИТВ инфекциясының жыныстық қатынас жолымен берілуінің профилактикалау үшін халықтың әлсіз тобының арасында 33 достық кабинеті (бұдан әрі - ДК) жұмыс істейді.

ДК-ге бір жылда – 28 504 адам жүгінді (2011ж. – 25 345 адам). ДК-ге жүгінген адамдар ішінде – 34,9%-ын (9976 адам) секс қызметкерлері (бұдан әрі – СҚ) (2011ж. - 40,4%), 3,3%-ын - (950 адам) ер адамдармен жыныстық қатынаста болатын ер адамдар (бұдан әрі – ЕЖҚЕ) (2011ж. – 2,7%), 28,1%-ды (8025 адам) ИЕТ құрайды (2011ж.- 24%) және 33,5%-ды (9553 адам) жастар (2011ж. – 32,9%) құрайды.

Инъекциялық есірткілерді тұтынатын адамдар үшін барлығы – 22 260 819 дана шприц таратылды, оның ішінде ИЕТ үшін - 22 148 045 шприц, есірткі тұтынатын СҚ үшін – 111 262 шприц, есірткі тұтынатын ЕЖҚЕ үшін – 1512 шприц.

барлық ниет білдірген ИЕТ, СҚ ЕСЕ және бас бостандығынан айрылған тулғаларды сапалы презервативтермен қамтамасыә ету

ИЕТ, СҚ, ЕЖҚЕ-ге – 11 884 766 презерватив таратылды, (2011ж. - 11 396 791), оның ішінде ИЕТ үшін - 4 656 303 презерватив (2011ж. – 6 448 642 дана), СҚ үшін - 5729971 презерватив (2011ж. – 4264040), ЕЖҚЕ үшін – 1 498 492 презерватив (2011ж. – 684109). ҚАЖ мекемелерінде – 661 716 презерватив таратылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.99. АИТВ инфекциясына тестілеу және сапалы консультация беруде халықтың қол жетімділігін қамтамасыз ету

Тест алдында және тесттен кейін консультация өткізу арқылы АИТВ инфекциясын анықтауға барлығы 2 341 969 адам тексерілді (республиканың жалпы халқының 13,6%-ы), бұл ретте 2015 АИТВ жұқтырған адамдар анықталды (2011 жылы 2 207 055 адам тексерілді, 2006 АИТВ жұқтырғандар анықталған).

ИЕТ, СҚ ЕСЕ, әлсіз жастарға достық кабинеттер мен сенім пунктерінде АИТВ инфекциясының экспресс-диагностикасын жүргізу 

АИТВ инфекциясын анықтауға 51 659 шұғыл – тест сатып алынды, оның 28 745 данасы сенім пункттері үшін (бұдан әрі - СП) және 22914 данасы ДК үшін. СП-де шұғыл тәсілмен 25548 ИЕТ тесерілді. ДК-те шұғыл тәсілмен 18498 адам тексерілді, оның ішінде 7328-і СҚ, 3221-і ИЕТ, 699-ы ЕЖҚЕ және 7250 – жастар.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.100. АИТВ жұқтырған тұлғаларды ретровируска қарсы препараттармен қамтамасыз ету

РВҚ препараттармен ересектерді және балаларды қамтамасыз ету толық көлемде республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.101. АИТВ жұқтыру қаупіне шалдыққан тұлғаларды байланыстан кейінгі профилактикамен қамтамасыз ету

Апаттық жағдайларда АИТВ инфекциясын жұқтырудың (биологиялық сұйықтықтармен жанасу, жұқтырылған медқұралдарымен және басқалармен тері жабынының бұзылуы) алдын алу мақсатында антиретровирустық препараттармен байланыстан кейінгі профилактикамен қамтамасыз етіледі (жедел көмек станцияларында, ірі стационарларда және ЖИТС-ті профилактикалау және оған қарсы күрес орталықтарында анретровирустық препараттардың таусылмас қоры жасалған). Барлығы 2012 жылы байланыстан кейінгі профилактиканы АИТВ жұқтыру тәуекеліне ұшыраған 110 адам алды. Профилактикалық емдеумен қамту 100%-ды құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.2.103. Иммундық статусты анықтау үшін тест-жүйелермен қамтамасыз ету

АИТВ жұқтырған адамдардың иммундық мәртебесін анықтау үшін өңірлерде 211 тест-жүйе жиыны сатып алынды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы