Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница3/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ 5.1.3.38. Мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының профилактикасы бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу

Профилактикалау мақсатында мектеп жасындағы балалар арасында тірек-қозғалыс аппаратын нығайту бойынша «Дене шынықтыру» сабағында 1-11 сыныптарында жаттығулар жүргізіледі.

Қарағанды облысында жалпы бағасы 39 470,0 мың теңгеге 2193 дана және Астана қаласында жалпы бағасы 10 530,0 мың теңгеге 585 дана рефлекстік терапияға арналған құрылғы қойылған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.3.39. Жалпы білім беретін оқу орындарында «Нашақорлықтың маскүнемдікпен темекі шегудің профилактикасы» әдістемелік құралын апробациядан өткізу және енгізу

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерге арналған «Сенің таңдауың!» («Өз денсаулығың – өз қолында») атты әдістемелік құрал әзірледі.

Аталған әдістемелік құрал мектептің жоғары сынып оқушыларына, кәсіптік мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына арналған.

Әдістемелік құрал оқу процесінде қолданылады.


^ 5.1.3.40. Үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісті жобалау және қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз етілуін бақылауды күшейту

2011-2012 оқу жылдары республиканың жалпы білім беру ұйымдарында 46 спорт залы, 67 ойын және 66 спорт алаңдары қалпына келтірілді. 70 спорт залы, 71 ойын және 116 спорт алаңдары қайта ашылды.

1248 мектепке жаңа жиһаз сатып алынды. Ағымдағы қадағалау барысында анықталған бұзушылықтар үшін мемсанэпидқадағалау органдары 586 айыппұл салды, 638 ұйғарым берді. 8 спорт залдың жұмысы тоқтатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.3.44. Жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мәселелері бойынша ақпараттық науқан (бейне және аудио роликтер шығару) жүргізу

2012 жылдың мамыр айынан бастап Алматы қаласында жасөспірімдерге және жастарға арналған Ұлттық тәуліктік қызу желі телефоны (150) қызмет істейді. Бүгінгі таңда «Қызу желі» орталығында акушер-гинекологтар жұмыс істейді. Шағымдар Қазақстан Республикасының барлық жерінен тіркеуге алынады. Қызу желі арқылы 5 700 астам шағым түсті.

Жастарды психоәлеуметтік қолдау (қызу желі 150) бойынша бейне және аудиороликтер жасалды, олар «ХИТ» ТРК және «ХИТ FM» радиостанциясында көрсетілді.

Интернет арқылы www.youtube.com. бейнероликтерді орналастыру арқылы саламатты өмір салтын насихаттау шаралары белсенді күшейтілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.45. Жалпы орта білім беретін оқу орындарының персоналын балалар менжасөспірімдер арасында қауіп топтарын ерте анықтау технологияларына және наркологиялық бейін бойынша қауіп топттарымен ақпараттық және психоәлеуметтік жұмыс технологияларына оқыту

Жалпы орта білім беретін оқу орындары қызметкерлеріне арналған 6 күндік семинар өткізілді. 200 психолог оқытылды.

2012 жылы осы бағыттағы шараларға барлығы 1995,0 мың теңге қаржы жұмсалды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.1.3.46. Білім беру ұйымдарына алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламаларды (бейнеқұралдар) әзірлеу және енгізу

Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы бейнеқұралдар жасады, сонымен қатар журнал түрінде мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеқұралдарды қолдану туралы нұсқаулықтар әзірленді.

Бүгінгі таңда бағдарламаларды тираждау жүзеге асырылуда: тираж саны 2150 дана (жалпы дискілер саны).

1075 мектепті қамтамасыз ету жоспарлануда: оның ішінде, Астана қаласында - 69 мектеп; Павлодар облысында – 416 мектеп; Қарағанды облысында – 590 мектеп.

Осы тармақша бойынша 2012 жылғы шығын 2568,4 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.3.47. Жалпы білім беретін оқу орындарын балалар менжасөспірімдерде темекіге, алкогольге және есірткіге елігу қаупін, сондай-ақ химиялық емес тәуелділік-ойынкұмарлық интернетке тәуелділікті ерте анықтау компьютерлік бағдарламаларымен жарақтандыру

2012 жылғы компьютерлік бағдарламалармен 839 мектеп жабдықталды:

Астана қаласында – 9 мектеп;

Ақмола облысында – 191 мектеп;

Қрағанды облысында – 235 мектеп;

Солтүстік Қазақстан облысында – 200 мектеп;

Қостанай облысында– 204 мектеп.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.1.3.48. Ата-аналар мен оқытушыларды балалар мен жасөспірімдердің психикалық күйзелістеріңің алғашқы көріністерін тану әдістеріне оқыту

Осы тармақты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528 бұйрығы әзірленді.


^ 5.1.4.50. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша әлеуметтік роликтерді кұру және орталық республикалық телеарналарда олардың прокатын камтамасыз ету

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді:

- жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер әзірлеуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 354 шарт);

- олардың прокатын орталық республикалық телеарналарда қамтамасыз етуге (2012 жылғы 20 тамыздағы № 355 шарт) келісімшарттар жасады және олар толық көлемде іске асырылды:

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша 6 әлеуметтік ролик (қазақ және орыс тілдерінде) әзірленді:

1. «Бізден қол үзбеңіздер!»;

2. «Абайлаңыздар, темір жол өтпесі!»;

3. «Мас адамды тоқтат!»;

4. «Қарсы жолақ»;

5. «Жаяу жүргіншілер өтпесі»;

6. Рульде ұялы телефон пайдалану.

Аталған бейнероликтердің прокаты «СТВ» республикалық телеарнасында жүзеге асырылды (барлығы 550 шығарылым).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.1.4.51. Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп тудыратын тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мен жолын кесу бойынша шараларды күшейту

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне нақты қауіп тудыратын құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу бойынша шараларды күшейту шеңберінде жоспарлы жұмыс жүргізілуде. ЖЖЕ бұзушылықтарын фото-бейне тіркеу жүйелері енгізілуде, осылайша бүгінгі таңда олардың саны 219 бірлікті құрайды. Осындай жүйелерді пайдалана отырып, 463 мың жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар анықталды, нәтижесінде жалпы сомасы 2,7 млрд. теңге айыппұл төлеу туралы 263 мың ұйғарым шығарылды, 1,2 млрд. теңгеге 112 мың ұйғарым орындалды.

Республиканың 500-ден астам жол полициясының патрульдік автомашинасы бейнетіркеуіштермен жабдықталды. Жылдамдықты тіркеудің 100-ге жуық қазіргі заманғы мобильді құралдары (радарлар) сатып алынды.

Республика бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін, ЖЖЕ сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған «Абайлаңыздар – балалар!», «Қауіпсіз жол», «Жаяу жүргінші» және т.б. жедел-профилактикалық іс-шаралары ұдайы жұргізіледі.

Ағымдағы жылы барлығы 1,9 млн. жол жүру ережесін бұзушылық анықталды, оның ішінде көлік құралдарын мас күйінде басқарған 42 мың жүргізуші ұсталды.

Жол жүру ережелерін дөрекі бұзғаны үшін сот 35 мың жүргізушіні көлік басқару құқығынан айырды, 5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға тартылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.4.52. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама кұру

Ішкі істер министрлігі конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізді, жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада арнайы бағдарлама құруға келісімшарт жасалды және толық көлемде іске асырылды (2012 жылғы 27 тамыздағы № 356 келісімшарт).

«Астана» телеарнасында қыркүйек және қараша айлары аралығында эфирге «Қауіпсіз жол» жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша 24 арнайы бағдарлама (12 қазақ тілінде, 12 орыс тілінде) шықты. Бағдарлама апта сайын демалыс күндері көрсетілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.5.55. Апаттар медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі апаттар медицинасы қызметінің жұмысын жетілдіру бойынша мынадай жұмыстар жүргізді:

1) «Апаттар медицинасы қызметі туралы қағиданы бекіту туралы» 2010 жылғы 13 қазандағы №354 бұйрығы бекітілді;

2) «Трассалық медициналық - құтқару пунктінің жауапты аймағында жол көлік оқиғалары кезінде өзара іс-қимыл тәртібі туралы» 2011 жылғы 27 маусымдағы № 274 бірлескен бұйрығы бекітілді;

3) «Трассалық медициналық - құтқару пунктінің жұмысы мен санитариялық авиация қызметінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» №278 бірлесіп бұйрығы бекітілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.5.56. Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттер құру

2012 жылы 6 трассалық медициналық-құтқару пункті құрылды. Олардың жұмысы үшін шұғыл әрекет ету бригадалары құрылды, ал олардың қызметкерлері апаттан құтқару жабдығымен жұмыс істей білу дағдыларын үйреніп, жұмыс істеугі рұқсат алды. Қажетті медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек сатып алынды, сонымен қатар ағымдағы жылы медициналық құтқару реанимобильдерін жеткізуге шарты жасалды.

Шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттерді құруға 378 491,0 мың теңге бөлінді.


^ 5.1.5.56-1. Трассаларда шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша трассалық пункттердің жұмыс істеуі

2013 жылдың 1 қаңтардағы ахуалы бойынша ТМҚП бригадалары ЖКО-ға 423 рет шықты. 899 зардап шеккенге, оның ішінде 35 балаға көмек көрсетілді. 399 адам емдеуге жатқызылды, оның ішінде 27 бала.

Трассалық пункттердің қызметі үшін 278 174,0 мың теңге бөлінді, игерілгені 277 896,4 мың теңге. Игерілмеген сома – 277,6 мың теңге. Оның ішінде:

- басқа қызметтер мен тауарларды сатып алудан 237,6 мың теңге мөлшерінде үнемдеулді;

- өңірде монополиялық жағдайдағы «Мойынқұм РУТ» ұсынушымен 40 мың теңге сомасына байланыс қызметіне шарт жасалған жоқ, себебі тараптар байланыс қызметін көрсету шарт міндеттерінде келісімге келген жоқ.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.5.57. Апаттар медицинасы қызметін медициналық жабдықтарымен және парашютті-десантты платформаларымен бірге 1 жиынтықта аэроұтқыр госпиталімен жарақтандыру

Апаттар медицинасы қызметін медициналық жабдықпен жарақтандыруға және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықта 1 831 574,0 мың теңге бөлінді. Аэромобильді госпитальді сатып алуға конкурс әлеуетті ұсынушыдан өтінім түспегендіктен өткізілген жоқ. 2012 жылға республикалық бюджетті нақтылау кезінде медициналық жабдықты және парашютті-десантты платформаларымен бірге аэромобильді госпитальмен 1 жиынтықты сатып алуға бөлінген 1 831 574,0 мың теңге сома қаржы республикалық бюджетке қайтарылды.


^ 5.1.5.59. Санитариялық тікұшақтарды сатып алу және қызметін қамтамасыз ету

2012 жылы 6 бірлік ЕС-145 тікұшағы сатып алынды. «Ресей тікұшақтары» ААҚ жасалған шарты бойынша Ка-32 сериялы санитариялық 2 тікұшақ 2012 жылғы мамырда жеткізілді.

2012 жылы Республикалық санитариялық авиация жөніндегі үйлестіруші орталығы 1005 ұшуды жүзеге асырды, 1304 пациентке көмек көрсетілді.

Санитариялық авиацияны шақыру себептерінің құрамында – бірінші орында акушерлік практикадағы шұғыл жағдайлар (28% - 370 жағдайлар, 2011 жылы 27% - 103 жағдайлар), оның ішінде балалардағы шұғыл жағдайлары мен жарақаттар (17%). Жалпы 763 тасымалдау жасалды (2011 жылы - 219). 451 консультациялық қызмет көрсетілді (2011 жылы - 134). 90 тұрғылықты жерінде жасалды (2011 жылы - 27).

2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде (2012 жылғы 15 қазандағы №23 РБК) іс-шара бойынша тікұшақтар үшін жергілікті қызмет көрсету құралдарын сатып алуға жарияланбаған конкурсқа, ангар сатып алу бойынша құрылған үнемдеу, тікұшақтарды сатып алу бойынша баға айырмасы және қосылған құн салығы сома қалдығына байланысты 975 332 мың теңге сомаға шығындар қысқартылды.

Осыған байланысты, 2012 жылы тікұшақтарды сатып алу және пайдалануды қамтамасыз етуге 18 507 642,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 17 898395,0 мың теңгені құрады,оның ішінде санитариялық авиацияе қызметіне 2 208 000,0 мың теңге бөлінді, нақты орындау 1 708 038 мың теңгені құрады.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.1.6.60. Туберкулезбен, АИТВ/ЖИТС-пен және басқа аурулармен ауыратындарға медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің емдеу-профилактикалық мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайту

Ағымды жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (одан әрі – Бағдарлама) шеңберінде ҚАЖ емдеу-профилактикалық мекемелеріне конкурс тәсілімен және баға ұсынысы тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 5 флюороаппараты, 20 рентгенаппараты, 19 ЭКГ аппараты, 7 стоматологиялық қондырғы, 35 ультрадыбыстық диагностика аппараты, 31 гематологиялық анализатор, 1 торокальды хирургиялық жиынтық және 1 фиброгастродуоденоскоп, 2 генекологиялық орындық, үстелдер (медициналық, құралдық, манипуляционды), медициналық ширмалар,, кушеткалар, бактериоцидтты шамдар, ұзақ құйылатын штативтер және де басқалар 1044,5 мың теңгеге сатып алынып, орнатылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.61. Саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған, оның ішінде туберкулез, АИТВ/ЖИТС мәселелері жөніндегі ақпараттық материалдарды басып шығару және сотталғандар арасында тарату

Пенитенциарлық жүйедегі тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары үшін саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері, сондай-ақ сотталғандар арасында АИТВ/ЖИТС, туберкулездің таралуын болдырмау бойынша ақпараттық-танымдық материалдар жасалынып, таратылды (11 169 плакат, 6 042 буклет және 2 794 брошюра).

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.6.62. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара іс-кимылды нығайту

4 облыста (Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау) АИТВ- инфекциясын профилактикалау бойынша инъекциялық есірткілерді пайдаланушы топтармен жұмыс істейтін ҮЕҰ қаржыландыру жүзеге асырылды. 971 ИЕТ-пен білім беру жұмысы жүргізілді, АИТВ-ге 689 ИЕТ тексерілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.64. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ ннфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру, Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-пен күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту

Қылмыстық-атқару жүйесі (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелерінде АИТВ инфекциясын профилактикалау бағдарламалары 7 өңірдегі ЖИТС-ті профилактикалау және оған қарсы күрес аумақтық орталықтары арқылы және 9 өңірде үкіметтік емес сектор арқылы іске асырылады. Жұмыс 133 аутрич-қызметкері арқылы жүргізілді, олар «Теңге тең» әдісімен 39 540 адамды дайындады. ҚАЖ мекемелерінде тергеуге қамалған және сотталғандар арасында 2012 жылы: 696838 дана зарарсыздандыру таблеткасын, 661716 дана презерватив, 19301 дана ақпараттық-білім беру материалы таратылды. 130 әлеуметтік қолдау қызметі көрсетілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.6.65. Емдеу аяқталмаған, бас бостадығынан айыру орындарынан босатылған, туберкулезбен ауыратын науқас адамдарды іздестіру және емдеуді жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу

Ішкі істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ҚАЖ мекемелерінен босатылған емдеу курсы аяқталмаған белсенді түрде туберкулез ауру барнауқастарын емдеу, қадағалау және диспансерлік есепке алу бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. ҚАЖ медициналық қызметтерімен туберкулез науқастарының босатылуға жатқызылғандарының тізімі алдын ала жасалынады және босатылуға дейін 2 ай бұрын осы тізімдер облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне жіберіледі. Сонымен қатар науқастың паспорттық мәліметтерін, диагнозын, емінің басталуы және т.б. көрсетілумен «Маршруттық карта» бланкі толтырылады. ҚАЖ мекемесінің әкімшілігі сотпен мәжбүрлеп емдеу тағайындаған, бактерия шығаратын науқастарды аумақтық туберкулезге қарсы мекемелерге жеткізілуін және алып жүруін қамтамасыз етеді.

Ішкі істер министрлігі ай сайын Денсаулық сақтау министрлігіне ҚАЖ мекемелерінен босатылатын туберкулез науқастарының босатылу уақыты және мекенжайын көрсетумен толық тізімі ұсынылады.

2012 жылдың 10 айында ҚАЖ мекемелерінен емдеуі аяқталмаған 529 сотталған босатылды, соның ішінде аумақтық туберкулезге қарсы ұйымдарынан мәліметтер бойынша 369 науқас (69,8 пайызы) емін жалғастыру үшін диспансерлік емделуге алынды. Мәжбүрлеп емдеу фактісі тіркелмеген.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында Денсаулық сақтау министрлігі адам құқықтарын қорғау қоры және «Сәуле үміті» туберкулезбен күрес қоғамдарымен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Сотталған туберкулез ауру бар науқастар босатылғаннан кейін емдеудегі пенитенциарлық және азаматтық сектор арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету» жобасы бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

Жобаны орындау барысында пентенциарлық және азаматтық денсаулық сақтаудың өзара іс-қимыл мәселелері, ведомствоаралық өзара іс-қимыл саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық базасы, босатылатын туберкулез науқастарының емін аяқтауға уәждеме бойынша түзеу мекемелерінде іс-шаралар жүргізу, ҚАЖ туберкулезге қарсы мекемелерінен емі аяқталмай босатылғаннан кейін азаматтық денсаулық сақтау секторында зертханалық зерттелуіне және үзіліссіз емделуіне бақылауды қамтамасыз ету және басқа да туберкулезбен сырқаттанушылық деңгейін төмендету және алдын алуға бағытталған іс-шаралар зерделенуде.


^ 5.1.6.66. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесіндегі наркологиялық жағдайды бағалау және мониторингі жүйесін құру

ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандарға медициналық көмекті жетілдіру мақсатында ҚР ІІМ Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 5 қаңтардағы № 2 және Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 650 «Ішкі істер органдары жүйесінде қылмыстық –атқару мекемелерінің емдеу –профилактикалық жағдайда психобелсенді заттарға тәуелділерді емдеу және оңалту диагностика хаттамаларын бекіту туралы» бірлескен бұйрықтары әзірленіп, бектілді.

Қолданылған шаралар нәтижесінде медициналық көмек көрсету және функционалдық-зертханалық диагностика жақсарды.

2110-дан (2011 жылы) 1736-ға дейін (2012 жылы) туберкулезбен белсенді ауыратын науқастардың санын азайғандығы байқалады.

Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы ІІМ статистик-дәрігерлерін оқыту жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 660 бұйрығы бойынша бекітілген қосымшаға сәйкес және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 888 бұйрығы бойынша бекітілген қосымшаға сәйкес кестелерді толтыру бойынша семинар өткізілді

Осы тармақ бойынша 2012 жылғы шығын 195,2 мың теңге соманы құрады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

^ 5.1.7.67. Халықтың Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын диагностиқалау мен профилактикасын жетілдіру жөніндегі әдістемелік нұскаулықты әзірлеу және енгізу

ҚР ДСМ МСЭҚК 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 82 бұйрығымен «КҚГҚ-ны эпидемиологиялық қадағалау және оның профилактикалау жүйесін жетілдіру туралы» әдістемелік нұсқаулықтар бекітілді.

Әдістемелік нұсқаулықтарда КҚГҚ кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, КҚГҚ жағдайының стандартты анықтамасы, өткізілетін зертханалық зерттеулердің сапасын бағалау, анамнезінде кене шаққан безгек ұстаған адамдарды қоса алғанда КҚГҚ-ны профилактикалау және оның ерте даму сатысында емдеу үшін «рибавирин» дәрілік препаратын пайдаланудың тиімділігін бағалау айқындалған.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.7.68. Эндемиялық өңірлерде мал басын және малды ұстау үй-жайларына кенеге қарсы тазартуды жүргізу, сондай-ақ құру

Кенеге қарсы өңдеу жүргізу үшін 654,1 млн. теңге бөлінді (республикалық бюджеттен – 87,6 млн. теңге және жергілікті атқарушы органдар бюджетінен – 566,9 млн.теңге), оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында – 462 млн.теңге, Қызылорда облысында – 110,2 млн. теңге және Жамбыл облысында – 81,9 млн.теңге. Малға кенеге қарсы өңдеу жүргізілді: ІҚМ басы – 1245464, ҰМ – 4888786, жылқы – 15062 және түйе – 10405 және мал қоралары 63,1 ш.м.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.7.69. КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің төңірегінде санитариялық-қорғау аймақтарын құру 

КҚГҚ бойынша қолайсыз 282 елді мекеннің айналасына санитариялық-қорғаныш аймақтары және ауданы 187,8 ш. км. және 17,6 ш.км. КҚГҚ бойынша қолайсыз 1003 елді мекенге буферлік аймақ құрылды, тиісінше сондай-ақ ауданы 135 742 ш.м.53 ошаққа өңдеу жүргізілді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.7.70. КҚГҚ жұғу жолдары және профилактикалық шаралары туралы халық арасында санитариялық-түсіндіру жұмыстарын күшейту

КҚГҚ-ны ауруханаішілік жұқтыруды профилактикалау мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері арасында Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында оқыту семинарлары мен тренингтер өткізілді. Осы облыстарда облыстық денсаулық сақтау басқармалары, мемсанэпидқадағалау департаменттері мен әкімдіктердің ауыл шаруашылығы басқармаларының ветеринариялық қызмет мамандарынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылды, олар облыстың ауылдық елді мекендерінде КҚГҚ профилактикалау бойынша санитариялық-ағартушылық жұмысын жүргізеді. Бұдан басқа, 120255 листовка мен буклет таратылды, базарлар мен супермаркеттерде 300 радиодәріс оқылды, халық арасында 2076 дәріс оқылды, теледидар бойынша 125 сөз сөйленді, 1691 санбюллетень шығарылды, газеттерге 17 мақала жарияланды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы