Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
страница1/8
Дата конвертации27.04.2013
Размер1.3 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға

жиынтық ақпараты

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығын іске асыру мақсатында Үкімет мемлекеттік бағдарламаның алты негізгі бағыттары бойынша нысаналы индикаторларға және көрсеткіштерге қол жеткізуді және міндеттердің орындалуын көздейтін Іс-шаралар жоспарын қабылдады. Мемлекеттік бағдарлама 215 тармақтан тұрады. Мемлекеттік бағдарламаға соңғы өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы қаулысымен енгізілді. 2012 жылға 34 іс-шараны аяқтау мерзімімен 160 іс-шараны іске асыру жоспарланған, оның ішінде 1-уі орындалған жоқ.

Мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру үшін орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдастықтар, сондай-ақ бизнес-қауымдастықтар жұмылдырылды.

2012 жылдың қорытындылары бойынша республиканың негізгі демографиялық көрсеткіштері 1000 адамға шаққанда мынадай көрсеткіштермен ұсынылған: халықтың табиғи өсуі – 14,51 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 13,95); туу – 23,07 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 22,78); өлім – 8,56 (2011 жылғы ұқсас кезеңге – 8,83). Халықтың табиғи өсу көрсеткіші орта республикалық деңгейден жоғары Маңғыстау (25,96), Оңтүстік Қазақстан (25,42), Қызылорда (21,86), Атырау (21,51), Жамбыл (19,97), Алматы (16,25), Ақтөбе (16,1) облыстарында және Астана қаласында (21,06) байқалады.

Күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығы 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 69,01-мен салыстырғанда 69,6-ны құрады.

2012 жылы республикада ана өлімінің көрсеткіші 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,4-ке қарсы 100 000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

Бала өлімінің көрсеткіші 9 %-ға төмендеді және 14,84-ке қарсы 1000 тірі туғанға шаққанда 13,5-ті құрады.

2012 жылы халықтың туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 2011 жылдың ұқсас кезеңімен 86,6 салыстырғанда 81,7 құрады.

АИТВ-инфекциясының 15-49 жастағы топта таралуы жоспарланған 0,2-0,6% кезінде 0,19%-ды құрады.

Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген іс-шаралар мынадай жолмен жүзеге асырылды.


5.1.5. Денсаулық сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөніңде ұсыныстар енгізу

ҚР ДСМ 2012 жылғы 8 мамырдағы № 322 бұйрығымен құрамында ҚР ДСМ, ҚР Еңбекминінің өкілдері бар жұмыс тобы құрылды.

ҚР ДСМ Қазақстан Республикасының Үкіметіне (хат 2012 ж. 09.09. № 08-2/01-245) нормативтік құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізді:

- өнеркәсіптік орындардағы қатерлерді басқару жүйесіне ауысу;

- ҚР заңнамалық актілеріне кәсіптік қатерлер ұстанымынан өзгерістер енгізу;

- кәсіби аурулардың және уланулардың және т.б. мемлекеттік тіркелімін әзірлеу.


5.1.7. Қызметкерлердің, оның ішінде өнеркәсіптік кәсіпорындар туралы үлгілік медициналық пункттер қызметкерлерінің денсаулығын қолдау жөніңдегі қолда бар инфрақұрылымды бағалау

Өнеркәсіп объектілеріндегі қызметкерлердің құрамына медициналық пункт, фельдшерлік және дәрігерлік сауқтыру пункттер құрамына және үй-жайына қойылатын талаптарды қарастыратын "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысы қабылданды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.10. Еңбектің зиянды жағдайындағы жұмысшылардың жұмыс уақытының барынша ұзақтығын айқындау бойынша зерттеу жүргізу

Зиянды еңбек жағдайында жұмысшылардың барынша көп жұмыс ұзақтығын айқындау бойынша зерттеуді «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК (2011-2013жж.) жүргізеді.

Ағымдағы жылғы аралық есептің нәтижелері:

1) тау-кен өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек жағдайларын кешенді гигиеналық бағалау негізінде еңбектің зияны және қауіп кластары, еңбек процесінің қиындығы және ауырлығы айқындалған;

2) жұмыс орындарында ауысымды шаңның жүктемесі есептелді, тау-кен өнеркәсібінің негізгі кәсіби топтардың жұмыс орындарында шаң жүктемесінің мөлшерлі жүктемесі есептелді;

3) өнеркәсіптік ортаның негізгі жағдайсыз факторларының мөлшеріне тәуелді жүктемесіне математикалық есептер әдістері ұсынылды.

2013 жылға арналған жоспар:

1) зиянды еңбек жағдайындағы жұмыс өтілін дәлелдеумен өндірістің зиянды факторларының қызметкерлерге әсер етудің жеке және топтық экспозицияға бағалауды өткізу;

2) зиянды жұмыс өнеркәсіптерінде жұмыстың барынша ұзақтылығы бойынша әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.

Іс-шараның іске асырылуы жалғасуда.


5.1.1.13. Темекі шегудің, алкогольді шектен тыс тұтынудың және есірткіні тұтынудың алдын алу және емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеу және шығару және телерадио хабарын тарату арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерін катыстырып науқандар мен жобаларды өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі телерадиохабарлама арналарында көрнекті қоғам кайраткерлерінің катыстысуымен ақпараттық-насихаттау науқандары мен жобаларын жүзеге асырды және темекі шегу мен ішімдікті шектен тыс қолдануға қарсы баспа материалдарын шығарды.

Атап айтқанда «Егемен Қазақстан» газетінде бұқаралық спортпен шұғылдануды насихаттау тақырыбында мемлекеттік тілде 4 мақала және орыс тілінде 4 мақала жарық көрді.

Мақалалар 50 мың тиражда келесі нөмірлерде басылып шығарылды:

  1. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 834-839 (27910);

  2. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 446-447 (27265-27266);

  3. 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 847 (27918);

  4. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 802-806 (2787);

  5. 2012 жылғы 6 желтоқсандағы № 423-424 (27242-27243);

  6. 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 440-441 (27259-27260);

  7. 2012 жылғы 13 қарашадағы № 744-745 (27817);

  8. 2012 жылғы 17 қарашадағы № 399-400 (27218-27219).

Сонымен қатар, 2012 жылғы 27 қарашадан бастап 18 желтоқсанға дейін «Рахат-ТВ» ЖШС телеарнасында тікелей эфирде еліміздің алдыңғы қатарлы спортшылары мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен таңертеңгі гимнастика көрсетілді.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі темекі шегуді, алкогольді шектен тыс тұтынудың, нашақорлықтың алдын алу мақсатында республика деңгейінде көрнекті қоғам қайраткерлерінің қатысуымен төмендегідей науқандар өткізді:

- Саламатты өмір салтын насихаттау үшін қазақ эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен «Жастар дауысы» шарасы («Жігер» тобы, Дәрібаевтар отбасы, Олег Ким және т.б.);

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы тұрақты өкілінің қатысуымен Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орай баспасөз конференциясы;

- Бокс бойынша әлем чемпионы Е. Ибраимовтың қатысуымен Дүниежүзілік шылым шегумен күрес күніне байланысты пікірталас;

- Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен қала әкімі Ахметжан Есімовтың қатысуымен Дүниежүзілік есірткіні шектен тыс тұтыну және оның заңсыз айналымымен күрес күні шеңберінде веложарыс.

Бұдан басқа, республикалық деңгейде эфирге талдамалық, публицистикалық, білімді-танымдық сипаттағы 1600 астам сюжет шықты. Баспасөз басылымдарының арасында саламатты өмір салтын қалыптастыруға анағұрлым көңіл келесі газеттермен: «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Экспресс К», «Око», «Ел», «Республика.kz», «Страна и мир», «Спорт өмірі», «Спортивная жизнь», «Астана турспорт» мен «Казинформ», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерімен бөлінеді.

Республиканың барлық аумағында саламатты өмір сүру салты жайында билбордтар, лайтбокстар орнатылған.

Телеарналарда көрсету мақсатында саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған 14 теле бағдарламалары (ұзақтылығы 20 минут), 14 бейне-, 13 аудиороликтері жасалды. Нашақорлықты, «Кальян» темекі шегуді, алкоголизмді профилактикалау бойынша ақпараттық-шолу материалдары (плакаттар, буклеттер, листовкалар) жасалып, таратылды: шылым шегу - 1131529 дана, нашақорлық – 1127872 дана, алкоголизм – 1100113 дана.

Республикалық телеарналар мен радиостанцияларда бейне және радио роликтердің көрсетілімі өткізілді, бейнероликтер көрсетілімінің саны - 1232.

Алматы мен Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтердің 38 820 көрсетілімі ұйымдастырылды (10 бейнеролик), саламатты өмір салтын ғаламтор арқылы насихаттау www.youtube.com. сайтына бейнероликтерді шығару арқылы жүзеге асырылды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.1.14. Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөніңде әлеуметтік бейнероликтер жасау

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде 5 әлеуметтік бейнеролик дайындады, олар «Қазақстан», «Астана», «31 арна», «СТВ» телеарналары эфирінен көрсетілді (қараша-желтоқсан айларында). Бейнероликтердің тізімі:

-«Саламатты қоғам-саламатты мемлекет» 90 секунд.

-«Рухы күшті» 35 секунд.

-«Мен-чемпионмын»35 секунд.

-«Спорт алаңындағы кездесу» 35 секунд.

-«Лондон 2012» 90 секунд.

СӨСҚПҰО саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша 14 бейне және 13 аудиоролик жасады, саламатты өмір салтын қалыптастыру аспектілері бойынша телеарналарда эфирге шығу арқылы 16 телехабар жасалды (хронометраж 20 мин.). Бейнероликтерді көрсетудің жалпы саны – 1232 шығу, аудиороликтер – 1200 шығу. Республика бойынша саламатты өмір салтын қалыптастырудың барлық аспектілері бойынша бейне және аудиоөнімдерін көрсету жүзеге асты (шығу саны): телеарнада көрсету – 8232 және радио хабарлама – 83093.

Алматы және Астана қалаларының әуежайларында бейнероликтер көрсетілді – 38820 шығу (10 бейнеролик):

-Астана қаласының әуежайында цилиндирлі мониторда бейнероликтер көрсетілді – 20820 шығу (10 бейнеролик); - Алматы қаласының әуежайында халықаралық және жергілікті ұшу залдарының мониторларында бейнероликтер көрсетілді – 18000 шығу (10 бейнеролик);

- ғаламтор арқылы www.youtube.com. сайтына бейнероликтерді орналастыру, саламатты өмір салтын насихаттауды белсенді түрде күшейту қолданылады.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.1.15. Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі 2012 жылғы 27-28 қазан аралығында және 8 желтоқсанда Орталық мемлекеттік органдар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен спартакиада өткізді. Спартакиадаға 25 мемлекеттік органнан 800-ге жуық мемлекеттік қызметкер қатысты. Жарыстар халықаралық стандарттарға сәйкес келесі спорт ғимараттарында өткізілді:

- «Астана Арена» стадионы;

- «Сарыарқа» республикалық велотрегі;

- «Алау» мұз айдыны;

- «Зодиак» бильярд клубы;

- «7 Континент» ғимаратының шахмат мектебі.

2012 жылғы 17-21 қазанда Щучье қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі, Жас әскери бірлестіктерінің республикалық штабы және Әскери-спорттық клубтарының федерациясы қатысуымен әскерге дейінгі және әскерге шақырылған жастар арасында республикалық спартакиада өткізілді.

Жарысқа еліміздің 6 облысынан 9 топ қатысты, 200-ге жуық жас спортшы қамтылды.

Спартакиада бағдарламасына спорттың әскери-қолданбалы түрлерін, оның ішінде, әскерилендіріліген кросс, эстафета және оқ ату сайыстары енгізілді.

Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Спартакиада Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында және «Зеленый бор» демалыс орнында өткізілді.

2012 жылғы 7-8 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Салалық кәсіподақтар арасындағы жазғы республикалық спартакиада өткізілді. Жарысқа 9 салалық кәсіподақ командалары, 200-ге жуық спортшы қатысты. Спартакиада спорттың 8 түрінен өткізілді. Оның ішінде:

-армрестлинг;

-гір көтеру спорты;

-қазақша күрес;

-үстел үсті теннисі;

-тоғыз құмалақ;

-шахмат;

-дойбы;

-жеңіл атлетика.

Жарыс қорытындылары бойынша жалпы командалық бірінші орынды мәдениет, спорт және ақпарат кәсіподақтары қызметкерлері жеңіп алды, екінші орынды ауыл шаруашылығы кәсіподақтары қызметкерлері, ал үшінші орынға білім және ғылым кәсіподақтары қызметкерлері қанжығасына байлады.

Марапаттау рәсімінде Спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне тиісті деңгейдегі медальдар және грамоталар тапсырылды, ал командалар – кубоктармен және дипломдармен марапатталды.

Ағымдағы жылғы 12 мамырда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі республиканың барлық өңірінде Ұлттық ойындар күні, 2012 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында Медицина қызметкерінің күніне орай медицина қызметкерлерінің арасында республикалық спортакиада өтті. Ағымдағы жылғы 8 қыркүйекте «Денсаулық фестивалі» өтті.

Жалпы 23721 іс-шара өткізілді, оның ішінде: «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіру, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай тәрбие сағаттары, «Облыстық саңырауқұлақ фестивалі», «Менің Қазақстаным» пойызы және «Көңілді экспресс» жарысы, 47 телебағдарлама, 26 радиобағдарлама, мерзімдік баспаларда 59 мақалалар, 84 аудио-бейне ролик көрсетілімі, 47 175 дана ақпараттық-танымдық материалдар.

«2012 Денсаулық фестиваліне» республика бойынша 1614413 адам қатысты, оның ішінде «Президенттік миля – денсаулыққа апарар жол» жаппай жүгіруде 181 837 адам, «Белсенділік пен спорт – ұлт денсаулығының кепілі» бірыңғай тәрбие сағатына 10 000-нан астам оқушы қатысты.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.16. Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Саламатты Қазақстан» телевизиялық  бағдарламасын құру

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы тармақты іске асыру шеңберінде «Хабар», «Ел Арна», «СТВ», «Астана», «7 арна», «31 арна» телеарналарында; «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Айқын», «Литер», «Заң газеті», «Юридическая газета», «Республика kz», «Экспресс К», «Ел», «Жас қазақ», «Страна и мир», «Известия-Казахстан», «Комсомольская правда в Казахстане», «Московский комсомолец в Казахстане» газеттерінде; «Қазақпарат», «Bnews», «КазТАГ», «Тенгри ньюс», «Интерфакс-Казахстан» ақпараттық агенттіктерінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мәселелері жарияланды.

Жалпы 2012 жылы денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бойынша республикалық арналарда 1000 астам сюжет көрсетілді, газеттерде 1300 астам мақала, сондай-ақ ақпараттық агенттіктерде 350 хабарлама жарияланды.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


5.1.1.17. АИТВ инфекциясының профилактикасы, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты сақтау, қауіпсіз жүктілік, отбасын жоспарлау, тараған аурулардың, туберкулез, маскүнемдік, есірткі, артық салмақ, дене белсенділігінің төмендігі және басқалардың профилактикасы жөніндегі жобаларды қолдау бойынша әлеуметтік тапсырысты ҮЕҰ-да орналастыру

Барлық өңірлерде жалпы сомасы 162 016,0 мың теңгеге «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттер» 010-100 бюджеттік бағдарламаның шеңберінде АИТВ-инфекциясының профилактикасы, ұрпақты болу және сексуалдық денсаулықты қорғау, қауіпсіз жүктілік, отбасын жоспарлау, тараған аурулардың, туберкулез, маскүнемдік, есірткі, артық салмақ, дене белсенділігінің төмендігі бойынша жобаларды ҮЕҰ-да әлеуметтік тапсырысты орналастыру бойынша тендер өткізілді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша 59 ҮЕҰ арасында 116 мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.


^ 5.1.1.18. Темекіні, алкогольді, есірткіні тұтынудың зияны туралы халықтың хабардар болуын арттыру (дәрістер сұхбаттар, буклеттерді, листовқаларды тарату және т.б.)

Халықты темекі шегу мен ішімдікті шектен тыс тұтыну, есірткіні тұтынудың зияндылығы жайында халықты хабардар ету мақсатында 2012 жылы төмендегідей іс-шаралар жүргізілді:

- ағымдағы жылғы 30 мамырда СӨСҚПҰО-ғы Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күніне орай Министрлікпен бірлесіп баспасөз-конференциясы өтті.

- ағымдағы жылғы 31 мамырда республиканың барлық өңірінде Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні шеңберінде 45 280 іс-шара өткізілді және аталған күнге орай 1 -31 мамыр аралығында 787 мың адамды қамтыған айлық өтті, 524 805 ақпараттық-танымдық материал таратылды. Барлық іс-шаралар БАҚ-та жарияланды (157 мақала).

- 4 маусымнан бастапмен 4 шілде аралығында еліміздің барлық өңірінде Дүниежүзілік есірткі заттарын шамадан тыс тұтыну және оның заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай айлықтар өткізілді.

Халықтың түрлі топтарын, әсересе жасөспірімдер мен жастарды жұмылдырумен ақпараттық-көрнекі құралдарды (плакаттар, буклеттер, листовкалар, ата-аналарға арналған жаднамалар, қалта күнтізбелері) таратумен акциялар (диспуттар, пікірталастар, салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың қатысуымен теле және радио бағдарламалар, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар) ұйымдастырылды және өткізілді

Сонымен қатар республика деңгейінде телеарналарда 1600-ден астам талдамалық, публицистикалық, білім беру танымдық сипаттағы сюжеттер шықты.

СӨСҚПҰО темекі мен алкогольді тұтынуды профилактикалау бойынша бейне- және аудиороликтер әзірленді, телеарналар эфирінде шығарылған СӨС аспектілері бойынша телебағдарламалар жасалды (хронометраж 20 мин.):

  1. алкогольді профилактикасы бойынша телебағдарлама – «МИР» телеарнасы;

  2. темекі шегу профилактикаласы бойынша телебағдарлама;

  3. нашақорлық профилактикалау бойынша телебағдарлама.

Бірыңғай дизайнерлік ақпараттық-танымдық материалдар (плакаттар, буклеттер, листовкалар) жасалды, темекі шегу – 1131529 дана, нашақорлық - 1127872 дана, алкоголизм бойынша – 1100113 дана профилактикалақ ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.

Саламатты өмір салтын Ғаламтор арқылы жаппай насихаттау www.youtube.com сайтына видео роликтерді шығару арқылы жүзеге асады.


^ 5.1.1.19. Темекі өнімдері мен алкогольді шектен тыс тұтынуды төмендету жөнінде экономикалық шараларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Қазақстан Республикасының салық салу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын әзірледі. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламенті және Сенат Парламенті мақұлдап, Қазақстан Республикасының Президентіне қол қоюға жіберілді.

Осы жобада 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін темекі өнемдеріне: фильтрлі, фильтрсіз темекі және папиростың 1000 данасына 1960 теңгеден бастап 3000 теңгеге дейін акциз мөлшерлемесін жоғарылату көзделген, бұл 65 %-ды құрайды.

Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудасында тең шарт жасасау мәселесі қарастырылуда (2014 жылдан бастап 2020 жылға дейін алкоголь және темекі өнімдеріне акциз мөлшерлемелерін жыл сайын жоғарылату), бұл алкоголь және темекі өнімдерін қолдануды азайтуға мүмкіндік береді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.


^ 5.1.1.20. Қазақстан Республикасы аумағында контрабандалық алкоголь өнімдерінің әкелінуін және алкоголь өнімдерін заңсыз өндіруді бақылауды реттеу жөніңде шаралар қабылдау

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау деп түсінім.

Этил спирті мен алкоголь өнімінің заңсыз өндірілуіне тыйым салу мақсатында өндіруші зауыттарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 61 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) сәйкес акциздік постылар белгіленді.

Сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттерден әкелетін алкоголь өніміне бақылау осы Қаулыға сәйкес жүргізіледі, онда Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттерден этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өткізу барысында салық төлеуші алған орны және оларды жеткізу күні бойынша салық органдарына үш жұмыс күн ішінде хабарлайды.

Бұл шаралар алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына сәйкес арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктерін бөлшек саудада сатудың ең төменгі бағасы бір литрге 640 теңге көлемінде белгіленген, бұдан төмен өткізу кезінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Сонымен қатар өндірушіден бастап бөлшек саудада сатуға дейін алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ жеткізушінің алкоголь өнімдеріне ілеспелі жөнелтпе құжаттарын және алушының қабылдауды растауды ресімдеу үдерістерін автоматтандыру мақсатында «Этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1571 қаулысы қабылданды.

Аталған шаралар алкоголь өнімінің жасырын айналымын қысқартуға, заңды өндірістің және айналымның өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2012 жылы кеден органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 209-бабы бойынша 1 қылмыстық іс қозғалды, заңсыз айналымнан алынған тауардың бағасы 1 664 мың теңгені құрады және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 427-бабы бойынша 1 әкімшілік іс қозғалды, жалпы сомасы 24 217 теңгеге айыппұл салынып, жалпы сомасы 22 210 теңгеге тауарлар тәркіленді.

Іс-шараның жүзеге асырылуы жалғасуда.

  1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарының 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы қызметіне талдау (шұғыл берілген мәліметтер)
Ыз ету және салаларын басқару шеңберінде «Саламатты Қазақстан» атты ҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау ісін дамытудың 2011-2015...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconТілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының өңірлік іс-шаралар жоспарының 2009 жылдың 4-ші тоқсанындағы орындалуы туралы АҚпарат
Аулысына сәйкес Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов