Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі icon

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі



НазваниеҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі
Дата конвертации27.02.2013
Размер45.68 Kb.
ТипДокументы
источник

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ


МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ БАС ДӘРІГЕРІ


2010 ж. 7 мамыр № 9




Қазақстан Республикасының аумағында

полиомиелиттің пайда болуы мен

таралуының алдын алу бойынша

санитариялық-эпидемияға қарсы

(профилактикалық) іс-шараларды

күшейту туралы


Дүние жүзіндегі полиомиелитпен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайының күрделенуіне байланысты, Қазақстан Республикасының аумағында полиомиелиттің пайда болуы мен таралуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды күшейту мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 8-тармағының 4) тармақшасы негізінде ^ ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің облыстар, Астана мен Алматы қалалары департаменттерінің директорлары:

1) 2010 жылғы 20 мамырға дейінгі мерзімде жіті енжар параличке (бұдан әрі – ЖЕП) эпидемиологиялық қадағалау және ЖЕП-ті белсенді іздеу бойынша эпидемиологтармен, педиатрлармен және невропатологтармен семинарлар өткізсін;

2) денсаулық сақтаудың басты объектілеріне, оның ішінде қалпына келтіру және физиотерапиялық орталықтарға (кабинеттерге) аптасына кемінде 1 рет бару арқылы ЖЕП-ті белсенді іздеуді күшейтсін;

3) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің «Қазақ республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – ҚРСЭС) апта сайын бейсенбі күні сағат 14-00-ден кешіктірмей ЖЕП бойынша нөлдік есептілікті қоса алғанда ЖЕП жағдайлары жөнінде деректер беруді қамтамасыз етсін;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) және ҚРСЭС-ке ЖЕП жағдайларының тіркелуі туралы 24 сағат ішінде кезектен тыс ақпарат беруді қамтамасыз етсін;

5) ЖЕП-пен ауыратын адамды эпидемиологиялық тексеру картасына сәйкес клиникалық көріністер, орын ауыстыру бағдары, байланыста болған адамдар туралы және басқа да мәліметтерді тіркей отырып, 15 жасқа дейінгі балалардағы ЖЕП-тің әр жағдайын 48 сағат ішінде мұқият тексеруді қамтамасыз етсін;

6) ЖЕП-пен ауырған адамдармен байланыста болғандарды, бірінші кезекте 5 жасқа дейінгі балаларды уақтылы анықтауды және ҚРСЭС-тың Вирустық инфекцияларды бақылау бойынша ұлттық референс-зертханасына вирусологиялық зерттеу үшін жедел жеткізе отырып 15 жасқа дейінгі әрбір 5-ші байланыста болған адамнан биоматериал алуды қамтамасыз етсін;

7) инфекциялық ауру белгілері, оның ішінде полиомиелит белгілері білінген кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну және полиомиелитке қарсы уақытында вакцинациялаудың қажеттілігі туралы тұрғындармен санитариялық-түсіндіру жұмысын қарқындатсын.

2. Комитеттің көліктегі департаменттерінің директорлары:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде полиомиелит бойынша қолайсыз елдерден келген жолаушыларға санитариялық-карантиндік бақылауды күшейтсін;

2) полиомиелит ауруының негізгі симптомдары және ауырған, полиомиелитке күдікті адамдар анықталған жағдайдағы іс-қимыл алгоритмі туралы әуе көлігінің, темір жол бригадаларының экипаждарына нұсқаулық жүргізуді қамтамасыз етсін;

3) Тәжікстан Республикасынан келген қалтыраумен, респираторлық синдроммен, асқазан-ішек жолының бұзылуымен қоса жүретін инфекциялық аурулардың, ЖЕП-тің белгілері бар адамдар анықталған жағдайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялдық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың толық кешенін өткізуді және оқшаулауды, инфекциялық стационарға жатқызуды ұйымдастырсын;

4) полиомиелит бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарға инфекциялық ауру белгілері, оның ішінде полиомиелит белгілері білінген кезде келіп тоқтаған жердегі аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарына медициналық көмекке уақтылы жүгінуі жөнінде ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

3. Комитет департаменттерінің директорлары және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша):

1) ЖЕП-пен ауыратын науқастардан алынған нәжіс үлгілерін ҚРСЭС-тың Вирустық инфекцияларды бақылау бойынша ұлттық референс-зертханасына жедел жеткізе отырып, паралич дамыған сәттен бастап 14 күннен кешіктірмей, 24-48 сағат аралығында міндетті түрде нәжістің 2 барабар үлгісін алуды қамтамасыз етсін;

2) медициналық қарсылықтардың негізділігін, вакцинациямен аз қамтылған, көшіп келгендер саны көп аумақтарды, тіркелмеген адамдар мен халықтың шалғайдағы топтарын ескере отырып, әрбір педиатриялық учаске бойынша 5 жасқа дейінгі балалардың егілуіне талдау жүргізсін.

Жасы бойынша вакцинациямен толық қамтылмаған адамдар анықталған жағдайда (3 дозадан аз) егулер арасындағы жиілік пен аралық (4 аптадан кем емес) ескеріле отырып полиомиелитке қарсы иммундауды қамтамасыз етсін;

3) полиомиелитке күдікті адамдар анықталған кезде Комитетке шұғыл ақпарат берсін;

4) денсаулық сақтау ұйымының персоналын полиомиелиттің профилактикасы, клиникасы және диагностикасы, емдеу мәселелері бойынша дайындауды қамтамасыз етсін;

5) көші-қон қызметінің аумақтық органдарымен бірлесіп (келісім бойынша) Тәжікстан Республикасы азаматтарының мекен-жайларын, санын, егу анамнезін анықтау және есепке алу бойынша жұмыс жүргізсін. Егілмеген және егілуі туралы құжаттамалық расталуы жоқ 15 жасқа дейінгі балаларға полиомиелитке қарсы вакцинация курсын (үш рет) жүргізсін;

6) Тәжікстан Республикасына және полиомиелит бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдардың полиомиелитке қарсы егудің толық курсын және бустерлік (қосымша) дозасын алуының қажеттілігі жөнінде халыққа ақпарат берсін;

7) Тәжікстан Республикасына және полиомиелит бойынша қолайсыз елдерге баратын адамдар жүгінген жағдайда, аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарында полиомиелитке қарсы қосымша иммундау жүргізсін.

4. Комитеттің облыстар, Астана мен Алматы қалалары, көліктегі департаменттерінің директорлары апта сайын әр бейсенбі күні ҚРСЭС-ке осы қаулының орындалуы туралы ақпарат тапсыруды қамтамасыз етсін.

5. ҚРСЭС директоры Б.С. Байсеркин республика бойынша ЖЕП-пен сырқаттанушылықты және Комитеттің облыстар, Астана мен Алматы қалалары, көліктегі департаменттерінің осы қаулыны орындауы жөнінде ұсынған ақпараттарын апта сайын талдауды, сондай-ақ талдау қорытындылары бойынша ақпаратты Комитетке апта сайын жұма күні тапсыруды қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


К. Оспанов



Похожие:

Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі бұйрық 010 жылғы 30 маусым №475 Город Астана
Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Астана қаласы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconДенсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже
...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымына конкурс жариялайды
Астана қаласы, Иманов көшесі 50 мекенжайында орналасқан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық Қадағалау комитеті
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына орналастыруға...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, 010000 Астана қаласы, Сол жағалау, Орынбор көшесі 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс, байқау кеңесі мүшелерінің бос лауазымына конкурс жариялайды
Алматы қаласы, Абай даңғылы 91 мекенжайында орналасқан, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақтың онкология және...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы
Денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi...
Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі iconҚазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Экономикалық даму және министрлігі сауда министрлігі
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 19-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов