Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже icon

Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже



НазваниеДенсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже
страница1/5
Дата конвертации26.02.2013
Размер0.77 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Денсаулық сақтау комитетінің 1999 жылғы 10 мамырдағы N 238 Бұйрығы.





 Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі
топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы
Нұсқаулық

      Ескерту: Бұйрықтың атауында, және бүкіл мәтіні бойынша, сондай-ақ бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "нұсқаулықтар", "нұсқаулықты", "нұсқаулықтарды", "нұсқаулық", "нұсқаулықтармен" деген сөздерді сәйкес келетін септік пен жіктеудегі "Ереже" деген сөзбен ауыстырылды;
      бұйрықтың атауында, кіріспесінде және бұйрықтың 1-тармағында "дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылды;
      бұйрықтың атауында, бұйрықтың 2-тармағында және бұйрықпен бекітілген Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықтың және Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында тұтанғыш және жарылғыш қасиеттерi бар дәрiлiк заттарды сақтау мен ұқыпты ұстау тәртiбi туралы Нұсқаулықтың бүкіл мәтіні бойынша "дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында" деген сөздер "денсаулық сақтау ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылды;
      Дәріхана ұйымдарында, фармацевтика кәсіпорындары мен емдеу-профилактика мекемелерінде дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Нұсқаулықта:
      бүкіл мәтін бойынша "санитарлық ережелер мен нормалар" және "санитарлық ережелер мен нормалардың" деген сөздер "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар" және "санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың" деген сөздермен ауыстырылды;
      "ангро" деген сөз "ангро өнімі" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

 1. Осы Ережеде қолданылған негізгi
ұғымдар мен қысқартулар

      Ережеге қосымшаларда, егер емдiк нысан түрi көрсетiлмеген болса, онда осы сақтау шарттары дәрiлік заттардың барлық нысандарына сәйкес келедi деп санау қажет.
      Ережеге қосымшалардағы "қараңғы жер" тұжырымы күн сәулесінен қорғалған жерде сақтауды білдiредi.
      Температура Цельсий градустарында көрсетiлген:
      "бөлме температурасы" +18 +25о С "салқын температура" +8о +18оС егер температура көрсетiлмесе, "бөлме температурасы" болғаны.
      Тұтыну ыдысы - тұтынушыға өнiммен бiрге түсетiн және көлiк ыдысы функциясын орындамайтын ыдыс.
      Топтық ыдыс - белгiлi бiр өнiм санына арналған тұтыну ыдысы.
      Көлiк ыдысы - дербес көлiк бiрлiгiн құрайтын ыдыс.
      Дәрілік заттар - аурулардың алдын алу, диагностикасы, емдеу үшін, сондай-ақ жүктілікті болғызбау үшін қолданылатын дәрілік субстанция немесе дәрілік субстанциялар қоспасы.
      Аурулардың диагностикасы, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын парафармацевтикалар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар (көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура) дәрілік заттарға теңестіріледі:
      дәрілік түр - дәрілік заттың қолайлы қолданылуына және қажетті емдік әрі алдын алу әсеріне жетуі үшін келтірілетін белгілі бір жай-күйі;
      нормативтік-техникалық құжаттама - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті бекіткен, дәрілік заттардың сапасы нормаларының кешенін, сериясына қарамастан, дәрілік заттың бірдей қауіпсіздігі мен тиімділігін, сондай-ақ оны өндірудің ұдайылығы мен біртектестігін қамтамасыз ететін оның айқындау әдістемелерін белгілейтін құжат;
      денсаулық сақтау ұйымы:
      1) азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық көмек көрсететін ұйым;
      2) балаларға арналған амбулаториялық-емханалық және стационарлық медициналық ұйымдар;
      3) жедел медициналық жәрдем ұйымдары;
      4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      5) фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар;
      7) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;
      8) қан қызметі, сот медицинасы саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      9) салауатты өмір салтын қалыптастыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де ұйымдар;
      сақтау үй-жайлары - дәрілік заттарды сақтауға арналған, арнайы бөлінген және жабдықталған өндірістік үй-жайлар;
      бірінші (ішкі) орам - дәрілік түрмен тікелей жанасатын тұтыну орамы;
      екінші (сыртқы) орам - бірінші орамдағы препарат орналасатын тұтыну орамы;
      дәрілік заттың жарамдылық мерзімі - сақтау жағдайларын орындау кезінде дәрілік зат сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін жоғалтпайтын уақыт кезеңі.
      ^ Ескерту: 1-тарауға өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

 2. Дәрiлiк заттарды сақтаудың негiзгі талаптары

      1. Бұл Ереже олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан, дәрiлiк заттардың түрлi топтарын денсаулық сақтау ұйымдарында сақтауды ұйымдастырудың талаптарын белгiлейдi. 

      2. Осы Ереже белгілейтiн талаптар денсаулық сақтау ұйымдарын жобалау және жаңадан салу, жұмыс iстеп тұрғандарын қайта құру мен пайдалану кезiнде мiндеттi болып табылады. 

      3. Ереже сақтау кезiнде дәрiлiк заттардың қауiпсіздiгiне, сапасы мен сақталуына сыртқы ортаның тұтастай факторлар кешенi (дымқылдық, жарық, температура, ауа қосындылары) әсерiн тигізетiнi, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану дәрежесi ескерiле отырып жасалды. 

      4. Дәрілiк заттарды сақтау үшiн реттелуден жоғары температура кезiнде дәрi-дәрмектердiң сапасын төмендететiн физикалық-химиялық процестер шапшаңдайды. 
      ^ Ескерту: 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      5. Дәрілік заттарды сақтау олардың физикалық-химиялық қасиеттері ескеріле отырып, дайындаушы зауыттың дәрілік затқа нормативтік-техникалық құжаттамасы мен орамда және Тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта (қосымша құжат) көрсетілген талаптарға сай болуы тиіс. 
      ^ Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      6. Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындарында кез келген қолайлы тәсiлмен (компьютерлiк, кiтаптық, карточкалық және басқалары) дәрiлiк заттардың жарамдылық мерзiмдерiнiң есебiн жүргізу ұсынылады. 

      7. Осы Ережеге сақтау шарттары бойынша топтастырылған неғұрлым жиi қолданылатын дәрiлiк заттар тізбесi қоса берiлiп отыр.
      ^ Ескерту: 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

 3. Сақтау үй-жайының құрылымы мен оны
пайдалануға қойылатын талаптар 

      8. Дәрiлік заттарды сақтауға арналған алаңдардың құрылымы, құрамы, көлемдерi сондай-ақ үй-жайларды жабдықтау санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына сай келуi және олардың сақталуын қамтамасыз етуi қажет. 

      9. Сақтау үй-жайлары белгiленген нормаларға сәйкес сақтау және өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етілуi керек. 

      10. Сақтау үй-жайларында белгілі бiр температурамен ауа ылғалдылығы сақталуға тиiс, олар осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес ауаның температурасын есепке алу журналында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы журналында тіркелуі тиіс. Осы талаптарды қадағалау үшiн сақтау үй-жайын термометрлермен және гигрометрлермен қамтамасыз ету қажет, олар қойманың iшкi қабырғаларында тұтанғыш аспаптардан еденнен 1,5 - 1,7 метр жоғарыға және есiктен кемiнде 3 метр аралықта бекiтiлуі керек.
      ^ Ескерту: 10-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      11. Ауа тазалығын сақтау үшiн сақтау үй-жайын вентиляциямен, конденционерлермен жабдықтау қажет. Шағын әйнек көздерiнiң, фрамуктардың, екiншi торланған есiктердiң көмегiмен табиғи тазартуға жол беріледi. 

      12. Дәрiхана ұйымдары мен фармацевтика кәсiпорындары орталық немесе дербес жылыту аспаптарымен жабдықталады. Үй-жайларды ашық жанатын газ аспаптарымен немесе ашық түтiктi электр жылыту аспаптарымен жылытуға болмайды. 

      13. Сақтау үй-жайы қажеттi мөлшердегi шкафтармен, стеллаждармен, торламалармен, тауар қойғыштармен және тағы басқалармен қамтамасыз етiлуi қажет. 
      Дәрiлiк заттарды сақтауға арналған жабдық дәріхана қоймаларына арналған сыртқы қабырғалардан 0,6 - 0,7 метр, төбеден кемiнде 0,5 метр және еденнен 0,25 метр аралықта орналастырылады, олардың арасы кемiнде 0,75 метр. 
      ^ Ескерту: 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      14. Сақтау үй-жайының тазалығы ұдайы сақталуы қажет, едендер күнiне кемiнде 1 рет рұқсат етілген жуу және дезинфекциялайтын құралдарды қолдана отырып ылғалды тазалауға жатады. 

 4. Дәрiлiк заттарды сақтауды ұйымдастыруға
қойылатын жалпы талаптар 

      15. Дәрiлiк заттарды, алаңдарды ұтымды пайдалануды, қауiпсiз еңбек жағдайларын жасауды, фармацевтикалық тәртіптi сақтауды және механизация құралдарын қолдану мүмкiндiгiн ескере отырып, орналастыру қажет.
      ^ Ескерту: 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      16. Дәрілік заттар стеллаждарда, тауар салғыштарда, поддондарда, материал шкафтарда, (сейфтерде) орналастырылады.
      ^ Ескерту: 16-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      17. Дайын дәрi-дәрмек нысандары сақтау үй-жайларында зауыттық немесе көлiктiк орауда сақталуы мүмкiн. 
      Зауыттық орау бұзылған жағдайда дәрi-дәрмек нысандары материалдық шкафтарда бiрегей орауда сыртқы этикеткасымен (белгiсiмен) сақталуы қажет.
      ^ Ескерту: 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз). 

      18. Дәрiханалардың өндiрiстiк бөлiмдерiнде "ангро өнімі" дәрiлiк заттары эмальдандырылған немесе шыны ыдыста сақталуға тиiс.

      19. Үй-жайларда дәрiлiк заттар:
      1) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің талаптарына және осы Ережеге сәйкес; 
      2) фармакологиялық топтарға сәйкес; 
      3) қолдану тәсiліне (iшкi, сыртқы) қарай; 
      4) "ангро өнімі" дәрiлiк заттары агрегат жай-күйiне (сұйықтарын шашылатынынан, газ түзейтiндерiнен және тағы басқасынан бөлек) сәйкес; 
      5) сыртқы ортаның физикалық-химиялық қасиеттерi мен түрлi факторларының әсерiне сәйкес.
      ^ Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).  

      20. Атаулары бойынша үндес, iшу үшiн қолданылатын күштi жоғары дозаларымен ерекшеленетін дәрiлiк заттарын қатар орналастыруға, сондай-ақ оларды алфавиттiк тәртiпте орналастыруға болмайды. 
      ^ Ескерту: 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      21. Ауруларды диагностикалау, алдын алу және емдеу мақсатында пайдаланылатын дәрiлiк заттарға теңестiрiлген медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар мынадай топтарға бөлiнедi: 
      1) резина бұйымдары; 
      2) пластмассадан жасалған бұйымдар; 
      3) таңу құралдары мен қосалқы материалдар; 
      4) медициналық мақсаттағы бұйымдар (көру линзалары және көзге салынатын және оны түзейтін линзалар, керек-жарақтар және материалдар, бұйымдар, құрал-саймандар, қондырғылар, аспаптар, аппаратура);
      5) парафармацевтиктер.
      ^ Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).     

      22. Сақтау процесiнде кемiнде айына бiр рет ыдыс пен дәрiлiк заттардың сыртқы өзгерiсiн жаппай визуальдi байқауды жүзеге асыру қажет. Ыдыс бүлiнген ретте оның кемiстiктерiн дереу түзетiп немесе ондағы затты басқа ыдысқа салу қажет.

      23. Сақтау үй-жайларында, сондай-ақ қойма аумағында кемiргiштерге, жәндiктер мен басқа да зиянкестерге қарсы күрес жөнiндегi шараларды ұдайы жүргiзiп отыру қажет.     

 5. Дәрілiк заттардың түрлi топтарын 
сақтауға қойылатын талаптар

      24. Физикалық және физикалық-химиялық қасиеттерiне оларға сыртқы ортаның түрлi әсерiне байланысты барлық дәрiлiк заттар мынадай:
      1) жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      2) ылғалдың әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      3) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн;
      4) жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      5) төменгi температурадан қорғауды талап ететiн;
      6) қоршаған орта газдарының әсерiнен қорғауды талап ететiн;
      7) иiстi, бояйтын топтарға;
      8) дезинфекциялайтын құралдарға;
      9) улы заттарды (хлор әгi, хлорамин) бөлiк шығаратын құралдарға және басқаларға бөлiнедi.     

 ^ 6. Жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк
заттарды сақтау ерекшелiктерi

      25. Жарықтың әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлік заттарға мыналар жатады: антибиотиктер, галендi препараттар (өсiмдiк шикізатынан жасалған тұнбалар, экстракттар, концентраттар), дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, орган препараттары, витаминдер мен витаминдi препараттар, кортикостероидтар, эфир майлары, майлы майлар, ашылған препараттар йодты - және бромды сутегi қышқылдары тұздары, галогендi ауыстыратын қосындылар нитро- және нитроқосындылар, нитраттар, нитриттер, аминдi- және амидоқосындылар, фенольдi қосындылар, туынды фенотиазин (1 қосымша). 

      26. Жарықтың әсерiн сезiнгiш дәрiлiк заттарды жарықтан қорғау материалдары ыдыстарында (қызғылт шыны ыдыста, алюминийден жасалған немесе полимер материалдарынан жасалған қара, қоңыр немесе қызғылт түстерге боялған металды ыдыстарда) жарықтың өтуiнен қорғалған есiктерi тығыз қараңғы үй-жайда немесе шкафтарда сақтау қажет. 

      27. Жарықты аса сезiнгiш дәрiлiк заттарды (күмiс нитраты, күмiс препараты, прозерин, физостигмин салицилаты және басқасы) сақтау үшiн шыны ыдысқа жарық өткізбейтін қара қағаз жапсырып, iш жағы қара бояумен боялып нығыз жабылған шкафқа орналастырады. 
      Ескерту: Жарықтың әсерiне мұқтаж дәрiлiк заттарды (ашытылған темiр препараттары, феррамидттер) сыйымдылығы шағын, ашық түстi шыны ыдысқа жарық жерде сақтайды. Тiкелей күн сәулелерiнiң әсерiне жол берiледi. 

 ^ 7. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрiлiк
заттарды сақтау ерекшелiктерi 

      28. Ылғалдан қорғауды талап ететiн дәрілiк заттарға мыналар жатады: гигроскопикалық заттар мен препараттар (калий ацетаты, құрғақ эксракттар, дәрiлiк өсiмдiк шикізаты, гидролиздейтiн заттар, азот, азотты галогендi сутегi және фосфор қышқылдары тұздары, алкалоидтер, металорганикалық қосындылардағы натрий тұздары, гликозидтер, антибиотиктер, ферменттер, құрғақ органикалық препараттар), суда жеңіл еритiн заттар ретiнде нормативтiк құжаттар бойынша сипатталатын дәрi-дәрмек заттары, сондай-ақ нормативтiк құжаттарда белгіленген шектен аспайтын ылғал сақтайтын дәрi-дәрмек заттары (2 қосымша). 

      29. Судың атмосфералық буларының әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарды құрғақ, салқын жерде судың буларын өткізбейтiн материалдармен тығыз тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы, қалыңдатылған пластмасса ыдыстарында) сақтау қажет. 

      30. Гигроскопикалық қасиеттерi байқалған дәрiлiк заттарды (2 қосымшада көрсетілген*) құрғақ үй-жайда герметикалық тығындалған, бетiне парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек. Осындай дәрiлiк заттар бар ыдысты жабу кезiнде мойны мен тығынын мұқият сүрту қажет. 

      31. Осы топтағы дәрілiк заттарды полимер пленкасынан жасалған орауда, ал ол бұзылған жағдайда шыны немесе металл ыдысқа салып сақтау қажет. 

      32. Осы топтағы дәрілiк заттар арасында күйдiрiлген гипс және ұнтақтағы горчица сияқты препараттарды сақтауды ұйымдастыру ерекше көңiл бөлудi қажет етедi, олар ылғалды жұтқан кезде ұсақ аморфттық ұнтақтан ұсақ түйiршiктерге айналады, өздерiнiң сапасын жоғалтып, медициналық мақсатта қолдану үшiн жарамсыз болып шығады. Бүлiнудi болдырмау үшін: 
      1) күйдiрілген гипстi жақсы жабылған ыдыста (тығыз шегеленген ағаш жәшiктерде немесе iшi полиэтилен пленкаларымен жабылған бөшкелерде); 
      2) горчицаны (ұнтақты) герметикалық жабылған қалайы банкілерде; 
      3) горчичниктердi жылтыр қағазбен немесе полиэтилен пленкасымен оралған пачкілерде сақтау керек, оларды тығыз тығындалған ыдыстарға (iшiне полимер пленкалары жапсырылған картон қораптары) салып қояды. 

 ^ 8. Ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк заттарды
сақтау ерекшелiктерi 

      33. Ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттарға мыналар жатады: 
      1) өздiгiнен ұшып кететiн заттар (3 қосымша); 
      2) ерiтетiн ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк препараттар (спирт тұнбалары, сұйық спирт қосындылары, қою экстракттар); 
      3) ұшпа заттардың ерiтіндiлерi мен қоспалары (эфир майлары, аммиак, формальдегид, хлорсутегi ерiтiнділерi 13 проценттен астам, фенол, түрлi қоспадағы этил спирті және басқасы); 
      4) эфир майлары бар дәрілiк өсімдiк шикізаты; 
      5) кристалдандырылған суы - кристаллогидраттары бар дәрi-дәрмек препараттары (4 қосымша); 
      6) ұшпа өнiмдер (йодоформ, сутегi пероксидi, Б хлораминi, натрий гидрокарбонаты) құрылуына байланысты ыдырайтын дәрi-дәрмек заттары; 
      7) ылғал сақтаудың төменгi шегi нормативтiк құжатта белгіленген дәрi-дәрмек заттары (магний сульфаты, натрий сульфаты және тағысын тағылар). 

      34. Ұшпа заттардан тұратын дәрілiк заттарды салқын жерде, ұшып кешетiн материалдар заттары үшiн өткізбейтiн герметикалық тығындалған ыдыста (шыны, металл, алюминий фольгасы) сақтау қажет. 

      35. Ұшпа заттардан тұратын дәрiлiк заттарды орау, тығындау  нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес келетін ыдыста жүзеге асырылады. 

 9. Кристаллогидраттарды сақтау ерекшелiктерi

      36. Кристаллогидраттардың дәрілік субстанциялары және дәрілік заттың балк-өнімі ауаның салыстырмалы ылғалдылығына байланысты заттардың гигроскопикалық қасиеттерi сияқты желмен ұшатын қасиеттерiмен де байқалуы мүмкiн. Сондықтан оларды салқын жерде ауаның 50-65 процент салыстырмалы ылғалдылығы жағдайында герметикалық тығындалған шыны, металл немесе қалың қабырғалы пластмасса ыдыстарында сақтау керек (4 қосымша).
      ^ Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).   

 10. Жоғары температура әсерiнен қорғауды
талап ететiн дәрiлiк заттарды сақтау ерекшелiктерi

      37. Жоғары температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрілiк заттар қатарына мыналар жатады (5 қосымша):
      1) ұшып кетуден қорғауды талап ететiн дәрiлiк заттар тобы (осы Ереженің 8-шi тарауы);
      2) жеңiл балқитын заттар (суппозиторийлер);
      3) бактериялық препараттар (вакциналар, егетiн препараттар,  анатокситтер және басқасы);
      4) антибиотиктер;
      5) органикалық препараттар;
      6) гормональды препараттар;
      7) витаминдi препараттар;
      8) гликозидтерден тұратын препараттар,
      9) медициналық майлар мен майлар;
      10) майлы негiздегi майлар.

      38. Жоғары температурадан қорғауды талап егетiн дәрiлiк заттарды бөлме температурасында (+25оС), салқын (+8 - +18оС) сақтау қажет. Кейбiр жағдайларда сақтаудың неғұрлым төмен температурасы (0' +10'С) талап етіледi, бұл этикеткада немесе препаратты қолдану жөнiндегi Ережеде көрсетiлген (6 қосымша).
      ^ Ескерту: 38-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз). 

      39. Бактериялық препараттарды тұтынушылық орауда атаулары, сериялары бойынша олардың жарамдылық мерзiмдерiн ескере отырып орауда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде көрсетiлген температурада бөлек сақтау керек. Сақтау процесiнде оларды 3 айда кемiнде бiр рет визуальдық байқаудан өткiзiп отыру қажет.
      ^ Ескерту: 39-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      40. Антибиотиктердi егер этикеткаларда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде басқаша көрсетілмесе, тұтынушылық орауда сақтау қажет. 
      ^ Ескерту: 40-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық министрлігі Фармация комитеті төрайымының 2005 жылғы 23 маусымдағы N 89 бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз).

      41. Органикалық препараттарды егер этикеткаларда немесе қолдану жөнiндегi Ережеде басқаша көрсетiлмесе, жарықтан қорғалған, салқын және құрғақ жерде 0+15' температурада сақтау керек. 

 11. Төмен температура әсерiнен қорғауды талап ететiн дәрiлiк
  1   2   3   4   5



Похожие:

Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconДәрілік заттар
Енсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 78-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан...
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconДәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы объектілердің үлгі ережелерін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 16 қарашадағы №717 Бұйрығы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №736 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарға, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникаға сараптама өткізу ережесін бекіту туралы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconСараптама жүргізу үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың үлгілерін алу ережесін бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №701 Бұйрығы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №710 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелу және әкету ережесін бекіту туралы
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconДәрілік заттарды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 63 және 70-баптарына...
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconДенсаулық сақтау ұйымдарына және фармацевтикалық қызмет объектілеріне жеткізілетін дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және парафармацевтиктерді тауарларды әкелу және сыртқа шығару жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы n 885 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет...
Денсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже iconҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі медициналық ЖӘне фармацевтикалық Қызыметті бақылау комитеті
Р дсм «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» рмк ұсынымдарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы