Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы icon

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы



НазваниеДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации26.02.2013
Размер79.12 Kb.
ТипДокументы
источник

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы N 15 қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 1, 7-қўжат




      "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiп отырған Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi бекітілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің        
2004 жылғы 8 қаңтардағы 
N 15 қаулысымен     
бекiтiлген     

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2006.10.31. N  1033 қаулысымен.

 Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесi (бўдан әрi - Ереже) "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi және денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеудi жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Аккредиттеуден медициналық және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру үшiн ерекше мәртебесi мен қўқықтылығын тану мақсатында медициналық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектiлерi және фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын дәрiлiк заттар айналымы саласындағы субъектiлер (бўдан әрi - денсаулық сақтау субъектiлерi), сондай-ақ денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптамалық бағалау жүргiзу үшiн жеке және заңды тўлғалар (бўдан әрi - жеке және заңды тўлғалар) өтедi.
      Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеу денсаулық сақтау субъектiсiнiң беделi мен мәртебесiн көтеру үшiн олардың қызметiнiң белгiленген аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк тапсырысты орналастыруға қатысу мүмкiндiгiн сырттай кешендi бағалаудың негiзiнде жүргізіледі.
      Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке және заңды тўлғаларды аккредиттеу олардың бiлiктiлiгiн кешендi бағалау негiзiнде жүргiзiледi.

      3. Денсаулық сақтау саласында аккредиттеудi:
      1) денсаулық сақтау субъектiлерi мен жеке, заңды тўлғаларды -  медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөнiндегi мемлекеттiк орган;
      2) дәрiлiк заттардың айналымы саласындағы субъектiлердi - дәрiлiк заттардың айналымы саласындағы мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      4. Аккредиттеудi тиiмдi жүзеге асыру мақсатында аккредиттеу комиссиялары (бўдан әрi - комиссиялар) қўрылады. Комиссиялардың қўрамы мен олар туралы ереже тиiстi мемлекеттiк орган (бўдан әрi - аккредиттеушi орган) басшысының бўйрығымен бекiтiледi.

      5. Аккредиттеушi орган аккредиттелген субъектiлердiң деректер банкiн қалыптастырады.

^ 2. Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз
сараптамалық бағалауды жүргiзу үшін жеке және заңды
тўлғаларды аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

      6. Жеке және заңды тўлғалар аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай қўжаттарды ўсынады:
      1) аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiш;
      2) жеке куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тўлғалар үшiн);
      3) тәуелсiз сараптамаға қатысатын мамандардың тiзiмi (заңды тўлғалар үшін);
      4) нотариалды расталған:
      жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (жеке тўлғалар үшiн);
      заңды тўлғаның қўрылтайшылық қўжаттарының және оларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмелерi;
      салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесi;
      лицензиялауға жататын қызметтi жүзеге асырған жағдайда қосымшаларымен бiрге медициналық, дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыру қўқығына лицензияның көшiрмесi;
      жоғары кәсiптiк бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (тәуелсiз сараптамаға қатысатын мамандар - заңды тўлғалар үшiн);
      ғылыми дәрежелерi, атақтары болған кезде олардың болуы туралы қўжаттардың көшiрмелерi (тәуелсiз сараптамаға қатысатын мамандар - заңды тўлғалар үшiн);
      бiрiншi немесе жоғары бiлiктiлiк санаттарының берiлгенi туралы сертификаттардың көшiрмелерi (тәуелсiз сараптамаға қатысатын мамандар - заңды тўлғалар үшiн);
      практикалық денсаулық сақтауда мамандығы бойынша кемiнде 7 жыл жўмыс өтiлiнiң болуын растайтын еңбек кiтапшасының көшiрмелерi (тәуелсiз сараптамаға қатысатын мамандар - заңды тўлғалар үшiн);
      5) жўмыс орнынан (негiзгi) мiнездеме немесе кәсiптiк медицина қауымдастықтарының немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ўйымдардың немесе медициналық бiлiм беру ўйымдарының ўсынымдары (кемiнде екеу) (жеке тўлғалар үшiн);
      6) соңғы 5 жыл iшiнде денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ўйымдарда және медициналық бiлiм беру ўйымдарында оның iшiнде сараптама жүргiзу мәселелерi бойынша бiлiктiлiк арттыру және (немесе) қайта даярлау туралы қўжаттардың көшiрмелерi;

      7. Қўжаттарды қарау мерзiмi аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiш тiркелген сәттен бастап аккредиттеушi орган тиiстi шешiм шығарғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен аспайды.

      8. Қўжаттарды қарау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы және тәуелсiз сарапшының мәлiмдеген аккредиттеу саласындағы заңнамасын бiлуiн қоса алғанда, аккредиттеу субъектiсiнiң қўзыреттiлiк дәрежесiн айқындау, кәсiптiк деңгейiн айқындау Комиссияның отырысында жүзеге асырылады.

      9. Комиссия отырысының қорытындылары бойынша аккредиттеушi орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) туралы және аккредиттеу туралы куәлiктi беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

      10. Аккредиттеуден өткен субъектiге 3 жыл мерзiмге аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
      Тәуелсiз сарапшы аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ўзарту үшiн осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қўжаттарды және сараптама қызметi туралы ақпараттан тўратын 3 жыл iшiндегi жўмысы туралы жазбаша есептi ўсынады.

      11. Мынадай жағдайда аккредиттеу туралы куәлiктi беруден бас тартылуы мүмкiн:
      1) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық қўжаттардың ўсынылмауы, сондай-ақ ўсынылған қўжаттарда толық емес, бўрмаланған немесе сенiмсiз ақпараттың болуы;
      2) Комиссия отырысының қорытындылары бойынша әңгiмелесудiң қанағаттанғысыз нәтижелерi;
      3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдарға және (немесе) өзге де мемлекеттiк органдарға жеке немесе заңды тўлғаның қызметiне азаматтардың және заңды тўлғалардың негiзделген шағымдарының болуы;
      4) жеке немесе заңды тўлғаға қатысты мәлiмделген қызмет түрiмен айналысуға тыйым салу туралы сот шешiмiнiң болуы.

^ 3. Денсаулық сақтау субъектiлерiн аккредиттеудi жүргiзу тәртiбi

      12. Денсаулық сақтау субъектiлерi аккредиттеуден өту үшiн аккредиттеушi органға мынадай қўжаттарды тапсырады:
      1) мәлiмделетiн аккредиттеу саласын көрсете отырып, аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш;
      2) қосымшасымен бiрге медициналық, дәрiгерлiк және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру қўқығына арналған лицензияның көшiрмесi;
      3) жеке куәлiгiнiң және жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерi (жеке тўлғалар үшiн);
      4) қўрылтайшылық қўжаттарының және оларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариалды расталған көшiрмелерi (заңды тўлғалар үшiн);
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аккредиттеу стандарттарына сәйкестiгi туралы сараптама қорытындысының көшiрмесi.
      Белгiленген тәртiппен аккредиттелген тәуелсiз сарапшылар аккредиттелетiн денсаулық сақтау субъектiсiне сараптама қорытындысын ўсынады.

      13. Қўжаттарды қарау мерзiмi аккредиттеуден өтуге арналған өтiнiш тiркелген сәттен бастап аккредиттеушi орган тиiстi шешiмдi шығарғанға дейiн 30 күнтiзбелiк күннен аспайды.

      14. Денсаулық сақтау субъектiлерi ўсынған қўжаттарды қарау Комиссияның отырысында оның ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Комиссияның денсаулық сақтау субъектiсiнiң қўжаттарын зерделеуi қорытындылары бойынша аккредиттеушi орган аккредиттеу (немесе аккредиттеуден бас тарту) және аккредиттеу туралы куәлiктi беру (беруден бас тарту) туралы шешiм қабылдайды.

      16. Аккредиттеуден өткен денсаулық сақтау субъектiсiне аккредиттеушi орган бекiткен нысан бойынша 3 жыл мерзiмге аккредиттеу туралы куәлiк берiледi.
      Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын ўзарту үшiн денсаулық сақтау субъектiсi осы Ереженiң 12-тармағында көрсетiлген қўжаттарды ўсынады.

      17. Мына жағдайда аккредиттеу туралы куәлiктi беруден бас тартылуы мүмкін:
      1) осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық қўжаттардың ўсынылмауы, сондай-ақ ўсынылған қўжаттарда толық емес, бўрмаланған немесе сенiмсiз ақпараттың болуы;
      2) денсаулық сақтау субъектiсiнiң аккредиттеудiң белгiленген стандарттарына сәйкес келмеуi;
      3) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк органдарға және (немесе) өзге де мемлекеттiк органдарға денсаулық сақтау субъектiсiнiң қызметiне азаматтардың және заңды тўлғалардың негiзделген шағымдарының болуы;
      4) денсаулық сақтау субъектiсiне қатысты мәлiмделетiн қызмет түрiмен айналысуға тыйым салу туралы сот шешiмiнiң болуы.

^ 4. Аккредиттеу туралы куәлiктi тоқтата тўру және қайтарып алу

      18. Аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тўруды аккредиттеушi орган мына жағдайда жүзеге асырады:
      1) аккредиттеу алу үшiн ўсынылған қўжаттарда сенiмсiз немесе бўрмаланған деректер анықталғанда;
      2) медициналық, дәрiгерлiк және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру қўқығына арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тўрғанда.

      19. Денсаулық сақтау субъектiсi аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын тоқтата тўруға әкеп соқтырған бўзушылықтарды уақтылы жойған кезде оның қолданылуын аккредиттеушi орган Комиссия ўсынымының негiзiнде қайта жаңғыртады.

      20. Мынадай фактiлер анықталған жағдайда да тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуы тоқтатыла тўруы мүмкiн:
      1) тәуелсiз сараптама сапасыз жүргiзiлгенде, бўл ретте тәуелсiз сараптаманың сапасыз жүргiзiлгенi туралы қорытынды аккредиттеушi орган белгiлеген тәртiппен шығарылады;
      2) тәуелсiз сараптаманы жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы бўзылғанда.

      21. Тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiнiң қолданылуын тоқтата тўруға әкеп соқтырған фактiлер расталмаған жағдайда аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданылуын аккредиттеушi орган Комиссия ўсынымының негiзiнде қайта жаңғыртады.

      22. Тәуелсiз сарапшының аккредиттеу туралы куәлiгiн қайтарып алуды аккредиттеушi орган Комиссияның шешiмi бойынша мынадай фактiлер анықталған жағдайда жүзеге асырады:
      1) медициналық және дәрiгерлiк қызметтi жүзеге асыру қўқығына арналған лицензия қайтарып алынғанда;
      2) тәуелсiз сарапшының қорытындыларында жалған және сенiмсiз мәлiметтер болғанда;
      3) тәуелсiз сараптама қайтадан сапасыз жүргiзiлгенде;
      4) тәуелсiз сараптаманы жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасы қайтадан бўзылғанда.

      23. Денсаулық сақтау субъектiсiнiң аккредиттеу туралы куәлiгiн қайтарып алуды аккредиттеушi орган Комиссияның шешiмi бойынша мынадай фактiлер анықталған жағдайда жүзеге асырады:
      1) медициналық, дәрiгерлiк және (немесе) фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыру қўқығына арналған лицензия қайтарып алынғанда;
      2) денсаулық сақтау субъектiсi денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен аккредиттеу стандарттарына сәйкес келмегенде.

^ 5. Қорытынды ережелер

      24. Жеке тўлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты және (немесе) заңды тўлғаның атауы, ўйымдастырушылық-қўқықтық нысаны мен орналасқан жерi өзгерген жағдайда аккредиттелген субъектiлер аккредиттеушi органға осы Ереженiң 6 және 12-тармақтарында көрсетiлген қўжаттарды және көрсетiлген мәлiметтердi растайтын қўжаттарды қоса бере отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдеу туралы өтiнiш бередi.
      Аккредиттеушi орган тиiстi жазбаша өтiнiш берiлген күннен бастап 15 жўмыс күнi iшiнде аккредиттеу туралы куәлiктi қайта ресiмдейдi.
      Бўл ретте бўрын берiлген аккредиттеу туралы куәлiктiң күшi жойылды деп саналады және ол аккредиттелген субъектiлердiң деректер банкiне тиiстi ақпарат енгiзiле отырып, аккредиттеушi органға қайтарылады.

      25. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда аккредиттеушi орган аккредиттелген субъектiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша 10 жўмыс күнiне дейiнгi мерзiмде аккредиттеу туралы куәлiктiң телнўсқасын бередi.

      26. Аккредиттеушi орган аккредиттеу туралы куәлiктердiң бланкiлерiн және қосымшаларын дайындауды, есептеудi және сақтауды қамтамасыз етедi.

      27. Аккредиттелмеген субъект қайта аккредиттеуден өтуге, бiрақ кемiнде 12 айдан кейiн өтiнiш бере алады.

      28. Аккредиттеушi органның аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмiне денсаулық сақтау субъектiлерi, сондай-ақ жеке және заңды тўлғалар заңнамада белгiленген тәртiппен шағымдана алады.



Похожие:

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже
...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconАзаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес Қазақстан...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconАзаматтарды дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесi туралы" 2003 жылғы 4 маусымдағы, "Дәрiлiк заттар туралы" 2004 жылғы 13 қаңтардағы заңдарына...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconАккредиттеу жөніндегі комиссияның ережесі Жалпы ережелер
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне және «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ісінің 2005 жылдың 12 ай ішіндегі жағдайы
Саланы кадрлық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету және басқаруды жүйелі түрлендіретіндей денсаулық сақтау ісін реформалау...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconШығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау ұйымдарының 2006 жылдың 1 тоқсанындағы қызметіне талдау
Кадрлық және материалдық-техникалық қамсыздандыру саласында және саланы басқаруда жүйелі түрлендіру жүргізе отырып денсаулық сақтау...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының...
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885); "Казахстанская правда" от 08. 12. 2012 г., №427-428 (27246-27247)
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2012. 12. 08., №809-814 (27885); "Казахстанская правда" от 08. 12. 2012 г., №427-428 (27246-27247)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы