2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы icon

2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы



Название2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы
страница1/5
Дата конвертации15.02.2013
Размер1.01 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрық


Денсаулық сақтау

ұйымдарының үлгі

штаттары мен штат

нормативтерін бекіту туралы


«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса берілген денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Қ.Ш. Нұрғазиев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


^ Министр Ж. Досқалиев


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау Министрінің

2010 жылғы «_____»_______

бұйрығына № ____

қосымша


^ Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен

штат нормативтері


1-бөлім. Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау

ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері


^ 1-тарау. Ауруханалардың дәрігерлік және фармацевтикалық персоналының үлгі штаттары мен

штат нормативтері


§1. Клиникалық бөлімшелері


  1. Медициналық ұйымның клиникалық бөлімшесінің дәрігер, палаталық мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты лауазымдары емделген науқастардың саны бойынша атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 1-қосымшаға сәйкес есептеледі.

  2. Палаталық мейірбикелер посты мен палаталық санитарлардың посты дәрігерлерінің лауазымдары емделген науқастардың санына осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

  3. Ең аз төсек саны болғанда бейінді бөлімшелер осы Денсаулық сақтау ұйымдарының штат нормативтері мен үлгі штаттарына 3-қосымшаға сәйкес ұйымдастырылады

  4. Бастапқы дәрігерлік лауазым бір лауазымнан кем бола алмайды және ол бөлімше меңгерушісінің лауазымы болуы тиіс. Бөлім меңгерушісінің бос орны төсек саны 40-тан асса белгіленеді.

  5. 2- тармақтан басқа жеке мамандықтар бойынша 1 дәрігер лауазымы белгіленеді:

1) нейрохирургия және нейротравмотологиялық бөлімдер бойынша 1 лауазымы есебінен: 25 төсекке (қосқанда) офтальмолог-дәрігер, отоларинголог-дәрігер және психиатр-дәрігер; 40 төсекке - невропатолог-дәрігер 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымынан кем болмауы тиіс.

2) торакалды-хирургия, кардиохирургия және туберкулез өкпе-хирургиялық бөлімшелері бойынша терапевт дәрігердің лауазымы- бөлімшеге 1 лауазым;

3) тамыр хирургиясы бөлімі бойынша (шығу кезінде жедел көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін) жүрек-тамыр хирургі - 2 дәрігер лауазымы.

4) проктологиялық бөлімшелер бойынша бөлімшеге 0,5 онколог- дәрігер лауазымы;

5) урология бөлімшелері бойынша манипуляциялар мен эндоскопиялық зерттеулер нормативі есебінен және жұмыс көлемінің болуына қарай-эндоскопист дәрігер лауазымы;

6) токсикология бөлімшелері бойынша бөлімшеге 0,5 лауазым есебінен психиатр дәрігер лауазымы;

7) травматологиялық бөлімшелер бойынша нейрохирургия бөлімшесі болмаған жағдайында бөлімшелердегі 40 төсекке жұмыс көлемінің болған жағдайында – нейрохирург дәрігер лауазымы;

6. Дәкемен таңу мейірбикелерінің лауазымы - 30 хирургиялық төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Күйік бөлімшелерінде-дәкемен таңуға 2 лауазым, бірақ үш лауазымнан аспауы тиіс.

7. Гипсті дәке қою бойынша мейірбикелер лауазымы - 1 лауазымы есебінен, әрбір травматологиялық-ортопедиялық 40 төсекке 1 лауазым есебінен кем емес.

8. Аллергологиялық бөлімшенің емшара кабинеті мен мамандандырылған ингаляция кабинетінің мейірбикесі лауазымы - әр кабинетке 1 лауазым есебімен белгіленеді;

9. Емшара мейірбикелері лауазымдары 1 лауазым есебінен белгіленеді:

күйік және токсикологиялық бөлімшелерде 20 төсекке;

гематологиялық, ревматологиялық, офтальмологиялық, нефрологиялық, эндокринологиялық бөлімшелер мен тамыр хирургиясы бөлімшелерінде 30 төсекке 1 лауазым есебінен;

түберкулез-өкпе бөлімшесінде және 60 төсектік сүйек-буын туберкулезі науқастары бөлімшелерінде:

40 төсектік басқа басқа бейіндер бөлімшелерінде, бірақ бөлімшеге 1 лауазымнан кем емес.

10. Шұғыл химия-токсикологиялық диагностика бөлімшесінің зертханашысы немесе фельдшер-зертханашы лауазымы – токсикология бөлімшесі жанындағы тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

11. Емдәм мейірбикелерінің лауазымдары 150 төсекке - 1 лауазым есебінен белгіленеді.

12.Бөлімшелердің аға мейірбикелерінің (акушерлер) лауазымы бөлім меңгерушілерінің қызметіне сәйкес белгіленеді.

13. Дәкемен таңу санитарларының лауазымы жара таңу бөлмесіндегі мейірбикелердің қызметіне сәйкес белгіленеді.

14. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 30 төсекке 1 лауазым, бірақ ауысымына 1 лауазымнан кем болмайтын есеппен белгіленеді. Күйік бөлімшелерінде көрсетілген санитарларға 3 лауазым енгізіледі.

15. Еден жуушы санитарлар лауазымдары 40 төсекке 1 лауазымнан кем болмауы керек. Күйік бөлімдерінде көрсетілген лауазым - 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

16. Ваннашы-санитарлар лауазымдары 40 төсек есебінен 1 лауазым белгіленеді, бірақ бөлімшеге 1 лауазымнан кем болмауы тиіс, күйік бөлімшелеріне- 2 лауазым.

17. Емшара кабинеті санитарларының лауазымдары осы кабинеттегі мейірбикелердің лауазымына сәйкес белгіленеді.

18. Науқастарды таситын және ертіп жүретін санитарлардың лауазымы 100 төсек есебінен 1 лауазым белгіленеді.

19. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір клиникалық бөлімшеде белгіленеді.


§2. Қабылдау бөлімшелерінің штат нормативтері


20. Қабылдау бөлімшесінің дәрігерлер лауазымы ауруханадағы 400 және одан да көп төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 постпен белгіленеді.

21. Қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы ауруханадағы 200 және одан да көп төсекпен белгіленеді.

Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесі болған жағдайында айтылған бөлімшенің меңгерушісі лауазымы қосымша белгіленеді.

22. Хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог офтальмолог, уролог, токсикологиялық және басқа да мамандық бойынша тәулік бойы шұғыл көмек көрсету үшін хирург, травматолог-ортопед, акушер–гинеколог, офтальмолог, уролог, токсиколог және басқа да мамандық бойынша дәрігерлердің лауазымдары дәрігер лауазымының шамасынан тыс атқарылған жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді.

23. Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесі лауазымы мынадай жағдайда белгіленеді:

100-200 төсекке 1 лауазым;

201-ден 400 төсекке дейін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;

400 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және келесі әр 100 төсекке қосымша 1 лауазымы.

Аурухана құрамында 200 инфекциялық төсек пен қабылдау бөлімшесінің болған жағдайында жұқпалы ауруларды қабылдау үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.

24. Қабылдау бөлімшесінің аға мейірбикесі лауазымы 300 және одан да көп төсектік ауруханада белгіленеді.

25. Қабылдау бөлімшесінің санитарлар лауазымдары ауруханада мынадай жағдайда белгіленеді:

150-200 төсекке -2 лауазым;

201-ден 300 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост;

301-ден 500 төсекке дейін - тәулік бойы жұмыс істейтін 2 пост

500 төсектен астам тәулік бойы жұмыс істейтін 2 посттан және келесі әр 200 төсекке қосымша тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост.

600 және одан да көп төсек саны бар ауруханаларда науқастардың заттарын қабылдау үшін қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.

Ауруханада 250 инфекциялық төсекті және қабылдау бөлімшесі болған жағдайында инфекциялы науқастарға күтімін жасау үшін санитарлардың тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посты белгіленеді.

26. Анықтама бюросы үшін медициналық тіркеуші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.


§3.Операция бөлімшесінің штат нормативтері


27. Операциялық мейірбике лауазымдары 25 хирургиялық төсекке 1 лауазым (кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық бөлімдер мен тамыр хирургиясы бөлімшелері үшін- 2 лауазым) есебінен белгіленеді.

28. Хирургиялық, травматологиялық-ортопедиялық, акушерия–гинекологиялық, офтальмологиялық, урологиялық, токсикологиялық және басқа да мамандандырылған медициналық көмектің шұғыл көмек көрсету үшін операция мейірбикелердің лауазымы қарастырылған мамандықтар бойынша дәрігерлердің лауазымына сәйкес белгіленеді.

29. Операция аға мейірбике лауазымы операциялық 3 мейірбике мен дәкелеу мейірбикелері жағдайында белгіленеді.

30. Операция санитарлары лауазымдары тиісінше операция мейірбикелері мен аға мейірбикелерді қоса алғанда лауазым белгіленеді.


§4. Анестезиология-реанимация бөлімшелерінің (тобының) штат нормативтері


31. Анестезиология-реанимация дәрігерлерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен белгіленеді:

кардиохирургиялық, торакалды хирургиялық, туберкулез өкпе хирургиясы бөлімшелерінде-25 төсекке;

ересектер үшін күйік және хирургиялық бөлімшелерде-50 төсекке;

нейрохирургиялық, онкологиялық, микрохирургиялық бөлімшелерде- 75 төсекке;

хирургия бейініндегі ересектерге арналған басқа атаулардағы

бөлімшелерде (гинекологиялық, бет-жақтық, отоларингологиялық,

офтальмологиялық және басқа) – 100 төсекке;

балаларға арналған хирургия бөлімшесінде -40 төсекке;

перзентханаларда әйелдер мен жаңа туған сәбилер үшін

(оның ішінде басқа да медициналық ұйымдар ішінде ) -100 төсекке;

Хирургия бейіні және басқа да бөлімшелерде балаларға 50 төсекке белгіленеді;

Тамыр хирургиясындағы науқастарды трансторакалды және трансабдоминалды емдеуге пайдаланатын төсектер торакалды хирургиялық бөлімшелердің төсектері ретінде есептеледі.

32. Стационарлық көмек көрсететін қалалық және облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының хириругиялық бейінінен 75 төсек, ал орталық аудандық ауруханада, онкологиялық ауруханада және онкология диспансерінде хирургиялық бейін 50 төсек, анестезиология-реаниматология дәрігері лауазымы 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.

33. Құрамында хирургия бейінінен 150–ден кем емес төсегі бар медициналық ұйымның анестезиология-реанимация бөлімшесінің штатында шұғыл көмек көрсету үшін анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері үшін тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді. Шұғыл жәрдем көрсететін көпбейінді ауруханаларда әрбір ересектерге арналған 200 және балаларға арналған 150 хирургиялық төсекке анестезиолог-реаниматологтан қосымша тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.

34. Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлерінің тәулік бойы жұмыс істейтін бір пост мына медициналық ұйымдарда белгіленеді:

онкология диспансерлерінде -250-375 төсекке;

инфекциялық ауруханаларда 400 және одан да көп төсекке немесе қалада бірнеше аурухана болған жағдайда инфекциялық ауруханалардың бірінде 400 ден кем түспейтін төсегі бар инфекциялық ауруханасының біреуіне 200 төсекке;

қаланың балалар инфекциялық ауруханасының бірінде 100 және одан да көп төсекке;

ережеге сәйкес жіті терапия және реанимация палаталары ұйымдастырылмайтын, бірақ балалар инфекциялық бөлімшесі бар қалалық немесе балалар қалалық ауруханасында қалада 150-ден кем емес инфекциялы балалар төсектері болған жағдайда. Көрсетілген төсектер санына балалар инфекциялық ауруханалары мен жіті терапия және реанимация палаталары бар қала ауруханаларының 100 немесе одан да көп төсектері кірмейді;

терапевт және педиатриялық бейінді ауруханаларда, хирургия бөлімшесінің болуына қарамастан 250-375 төсекке;

перзентханаларда 100 және одан да көп төсекке.

35. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер лауазымының саны 6 төсекке – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, кардио-хирургия реанимация бөлімшесінің әр бір 3 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан және жаңа туған сәбилер мен шала туған балалардың әр бір 4 төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;

36. Детоксикацияның экстракорпоралды әдісін қолданатын денсаулық сақтау ұйымдарында анестезиология және реанимация бөлімшелерінде экстракорпоралды детоксикациялық 3 төсекке реаниматолог-дәрігер 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.

37. Ауруханада бөлімше және жіті терапия палатасы болмаған жағдайында хирургиялық төсек санына қарамастан 1 анестезиолог- реаниматолог дәрігер лауазымы енгізіледі.

38. Денсаулық сақтау ұйымдарында 12 және одан да көп анестезиолог-дәрігер лауазымына операция жасайтын бөлмелерде жұмыс істеуге 2 және одан да көп анестезиология және реанимация, оның ішінде мамандандырылған бөлімшелерді де (инфарктан кейін, кардиохирургиялық және т.б) ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

39. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін дәрігер-зертханашы лауазымы 6-12 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

40. Анестезиология-реаниматология бөлімшесінің меңгерушісі лауазымы бөлімшеде кемінде 3 анестезиолог-реаниматолог дәрігер лауазымы болған жағдайында мына тәртіпте белгіленеді:

лауазымдар саны 3-тен 6-ға дейін болғанда 0,5 лауазым орнына;

лауазымдар саны 6-дан астам болған жағдайда көрсетілген саннан жоғары;

Анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің лауазымы 3-тен кем белгіленген ұйымдарда анестезиология және реаниматология бойынша жұмыс жетекшілігі ұйым басшылығымен анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің біріне жүктеледі.

41. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері бар денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.

42. Жіті терапия мен реанимация бөлімшелері жоқ денсаулық сақтау ұйымдарында анестезист-мейірбике лауазымы әрбір анестезиолог- реаниматолог дәрігерге 2 лауазым есебінен белгіленеді.

43. Күйік бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымдарында қосымша 1 анестезист- мейірбике лауазымы белгіленеді.

44. Жіті терапия мен реанимация палаталарының жұмысын қамтамасыз ететін орта медициналық персонал лауазымдары:

мейірбикелер-3 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді;

фельдшер-зертханашылар (зертханашылар) - 6-15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

45. Мейірбикелер лауазымы 33-тармақта аталған анестезиолог-реаниматолог дәрігерлері лауазымына сәйкес белгіленеді.

46. Емшара мейірбике лауазымы бөлімшеде экстракорпоралдық детоксикация әдісін жүргізуге арналған 12 төсектен кем емес болмаған жағдайда, егер басқа топ қарастырылмаған болса.

47. Жараны таңушы мейірбике лауазымы медициналық ұйымда хирургиялық көмек көрсететін 150 бала мен 200 ересекке және одан көп төсек болған жағдайда белгіленеді.

48. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді. Бөлімшеде жіті терапия мен реанимация палаталары болмаған жағдайында бұл лауазым 1 анестезист -мейірбике лауазымының орнына белгіленеді.

49. Науқастарды күтетін кіші мейірбике лауазымы ересектердің 6, балалардың 3 төсегіне – тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

50. Шаруа-бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.

51. Бөлімшедегі төсектер санына қарамай науқастарды тамақтандыру үшін қосымша кіші мейірбике лауазымын енгізуі мүмкін.


§5. Гемодиализ бөлімшесінің штат нормативтері

(«жасанды бүйрек»)


52. Гемодиализ бөімшелерінің дәрігері лауазымдары белгіленген уақыт нормативі бойынша жұмыс көлеміне байланысты немесе 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен, бірақ диализ залына 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

53. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін дәрігердің лауазымдары, жұмыстың көлеміне байланысты белгіленеді.

54. Күндізгі стационар дәрігері лауазымы 8 амбулаториялық науқасқа (төсекке) белгіленеді

55. Бөлімше меңгерушісі лауазымы диализдік орындардың саны 6 –ға дейін 0,5 лауазымы, 6 –дан астам -1 лауазым белгіленеді.

56. Гемодиализ бөлімшесінің мейірбикесі лауазымдары 2 диализдік орынға-1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

57. Гемодиализ бөлімшесінің емшара мейірбикесі лауазымы 6 диализдік орынға -1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ диализдік залға 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

58. Шұғыл көрсеткіштер бойынша кешкі және түнгі уақытта, демалыс және мейрам күндерінде гемодиализ өткізетін мейірбике лауазымдары, көрсетілген мақсаттарға енгізілген дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.

59. Күндізгі стационар мейірбикесі лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді.

60. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.

61. Емшара санитары лауазымы ауысымына 4 диализдік орынға 1 лауазым есебінен белгіленеді.

62. Күндізгі стационарда еден сыпырушы санитарлар лауазымы 16 амбулаторлиялық науқасқа (төсекке) белгіленеді.

63. Электроншы-инженер лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.

64. Техник лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.


§6. Детоксикация бөлімшесінің штат нормативтері


65. Экстракорпоралды детоксикация бойынша дәрігер лауазымы 10 төсекке -1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

66. Хирург –дәрігер лауазымы 20 төсекке - 1 лауазым есебінен, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.

67. Аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.

68. Мейірбикелер (палаталық) лауазымдары 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

69. Операциялық және жара таңатын бөлімшенің мейірбике лауазымы 10 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.

70. Шаруа –бикесі лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді.

71. Операция, емшара және жара таңатын кабинеттердің санитарлар лауазымдары осы кабинеттердің мейірбике лауазымына сәйкес белгіленеді.

72. Буфетші-санитарлар лауазымы ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді.

73. Еден сыпырушы (палаталық)-санитар лауазымдары мейірбикелер (палаталық) лауазымдарына сәйкес белгіленеді.

74. Ваннашы –санитарлар лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.


§7. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің штат нормативтері


75. Гипербариялық оксигенация бөлімшесінің (бұдан әрі – ГОБ) дәрігері, кіші және орта медициналық персонал лауазымдары қолданысты ГОБ стационарлық және жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.

76. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы бөлімшенің дәрігерлері лауазымдарының үстінен 2 және одан да көп ГОБ құрылғылары болған жағдайында белгіленеді.

77. Аға мейірбике лауазымы бөлім меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.

78. Инженерлік-техникалық персоналының лауазымы мен ГОБ құрылғыларына техникалық қызмет көрсету техникалық құжаттары бойынша белгіленеді.

79. Жүргізушілер лауазымы ГОБ жылжымалы құрылғыларына тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.


§8. Трансфузиология бөлімшесінің (қан құю) штат нормативтері


80. Персонал лауазымдары қан дайындау көлемінен Денсаулық сақтау ұйымдарының осы штат нормативтері мен үлгі штаттарына 4-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

81.Трансфузиология бөлімшесін ашуды ескермеген ұйымдарда трансфузиология кабинеті ұйымдастырылады. Трансфузиология кабинетінде 0,5 трансфузиолог-дәрігер және 1 мейірбике лауазымы белгіленеді.


§9. Параклиникалық бөлімшелердің штат нормативтері


82. Параклиникалық бөлімше мамандарының лауазымдары атқарылатын жұмыстың көлемі және қызметтер тарификаторы бойынша қолданыстағы уақыттың есеп мөлшеріне сай тиісті медициналық құрылғылар мен техника бар болғанда белгіленеді, бірақ Денсаулық сақтау ұйымдарының осы штаттық нормативтері мен үлгі штаттарына 5-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары үшін ауысымда 1 лауазымнан кем емес болу керек.

83. Қажетті мамандар санын есептеген кезде қаладағы медицина ұйымдарына жұмыс уақытын қолдану коэффициенті 0,85 және ауылдарға 0,75 екенін ескеру қажет.

84. Меңгерушінің лауазымы параклиника бөлімшесі дәрігерінің бір лауазымының орнына белгіленеді.

85. Аға фельдшердің лауазымы (мейірбикенің, зертханашының) меңгерушінің лауазымына тиісінше бір фельдшердің лауазымының орнына белгіленеді.


§10. Сәулелік диагностика бөлімшесінің штат нормативтері


86. Рентген –зертханашылардың лауазымдары дәрiгер-рентгенологтардың лауазымдарына сәйкес белгіленеді.

87. Рентген мұрағатына (компьютерлік рентген мұрағаты) үшін медициналық тіркеушілердің лауазымы стационарлар үшін ауысымға бір лауазым және емханаға бір лауазым есебінен белгіленеді.

88. Рентген бөлiмшесi (кабинет) санитарларының лауазымдары дәрiгерлердiң лауазымдарына сәйкес белгіленеді.

89. Рентгенолог – дәрігердің лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюрографиялық тексеру үшін бекітілген 60 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.

90. Рентген –зертханашыларының лауазымы кеуде қуысының органдарын профилактикалық флюорографиялық тексеру үшін бекітілген 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді.

91. Медициналық тіркеушілердің лауазымы 30 мың тұрғынға бір лауазым есебінен белгіленеді. 15 мың адам тұрғыны бар аудандарда рентген – зертханашылардың лауазымы 0,5 лауазымы қарастырылады.

Тұрғыны 15 мың адамнан аз аудандарда флюорографиялық кабинеттердің штаты ауданның рентгенологиялық лауазымдардың ортақ лауазымдарының есебінен істелуі керек.

92. Жылжымалы құрылғыларда бір рентгенолог – дәрігер, бір рентген – зертханашы, бір жүргізуші штаттары қарастырылған.

93. Компьютерлік томография бойынша рентген – зертханашылардың лауазымы ауысымда 2 рентген –зертханашы лауазымы есебінен белгіленеді.

94. Емшара мейірбикесі лауазымы ауысымда бір кабинетке 0,5 қызмет орны есебінен белгіленеді.

95. Компьютерлік томография кабинеті санитарларының лауазымы бір ауысымда бір компьютерлік томография кабинетіне 0,5 лауазым есебінен белгіленеді.

96. Компьютерлік томография жөніндегі инженерлердің лауазымы ауысымда екі немесе одан да көп құрылғыларға 1 лауазым есебінен белгіленеді.

97. Анестезиолог мейірбикенің лауазымы анестезиолог дәрігер лауазымына сәйкес белгіленеді.

98. Күрделі ангиографикалық және рентгено-теледидарлық құрылғылармен инженер – маман қызмет көрсетеді: инженердің 1 лауазымы 2 және одан да артық құрылғыларға белгіленеді.

99. Рентгенхирургиялық емдік әрекеттер аптасына 4 реттен артық болмау керек.

100. Есептік мөлшерге зерттеуге немесе емдік кірісулерге алдын - ала жұмыстарын өткізу уақыты қосылған.

Алынған ақпаратты талдау үшін және белгіленген медициналық құжатты енгізу үшін бір зерттеуге қосымша уақыт - 30 минут.


§11. Ультрадыбыстық диагностикалық бөлімшесінің

штат нормативтері


101. Мейірбике лауазымы ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің лауазымына сәйкес, меңгеруші лауазымы қоса бекітіледі

102. Санитарлардың лауазымдары 0,5 ультрадыбысты диагностика дәрігерінің 1 лауазымы есебінен меңгеруші қызметі қоса алғанда белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем емес.

103. Сәулелі диагностикалық бөлімшелерінің (кабинеттері) аппаратурасын инженерлік аппараттармен қамтамасыз ету қызметкерлер құрамы денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысшылары және қызметші мамандары басшылар штаттарына сәйкес жүргізеді.


§12. Радиоизотопты диагностика зертханаларының

штат нормативтері


104. Уақытты есептеу ережелері өзінің құрамына зерттеуді өткізу уақытын, даярланған- қорытынды жұмысты, құжатнамаларды және басқа шаралар өткізуді, оның ішінде компьютерде ақпаратты өңдеуге уақыт енгізіледі.

105. Компьютерде ақпараттарды талдау, гамма - камерада жүргізілген зерттеулер, дәрігер-радиологтарға арналған қайта қаралған ережелерге сәйкес уақыт 25% қысқарады.

Радиоизотопты диагностика зертханаларындағы радиодиагностикалық инженерлік жабдықтау радиологиялық бөлімнің қызметкерлермен жүргізіледі.

106. Санитарлар лауазымдары радиолог-дәрігердің 1 лауазымына сәйкес жобаланған 0,5 есебімен белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы тиіс.


§13. Клиникалық – диагностикалық зертхананың

штат нормативтері


107. Зертхана санитарларының лауазымы 1 лауазым есебінен 4 дәрігер –зертханашы, фельдшер – зертханашылар және зертханашылар лауазымына белгіленеді. Зертхана штатында, жұмыс көлеміне байланысты қосымша санитардың лауазымдары белгіленеді.


§14. Иммунологиялық және серологиялық зертханалардың

штат нормативтері


108. Дәрігер–зертханашылардың лауазымдары, жұмыс күніне әрбір 150 зерттелетін сарысуға бір лауазым белгіленеді. Зертханаға бір лауазымнан аспауы тиіс.

109. Зертханашылар лауазымы жұмыс күніне әрбір 75 сарысуды зерттеуге 1 лауазым есебінен белгіленеді.

110. Клиникалық-диагностикалық зертхана құрамындағы иммунологиялық және серологиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымы зерттеулерді жүргізу уақыты нормативтеріне сүйене отырып түзетіледі.

Бригадаға берілген зерттеу жұмыстарын жүзеге асырудың нормативі төмендегідей: 1 дәрігерден, 3 зертханашыдан, (олардың біреуі тіркеу, қабылдау және биоматериалдарды өңдеуді жүргізеді) және бір санитардан құралады және олардың әрбір жұмыс күніне 180 сериялы зерттеу немесе 90 сериялы және 30 бірлік зерттеулерден тұрады.


§15. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері


111. Диагностикалық-емхана зертханаларының құрамындағы бактериалогиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымдары жұмыс көлемінен және қызмет тарификаторы бойынша орындалатын зерттеу уақытынан тыс құрастырылады. Қызметкерлердің уақыт нормативі болмағанда атқарылатын қызметтері (1-бактериолог дәрігер, 2 фельдшер, 1 санитар-өздігінен құрылғыларды дайындау үшін және 1 санитар -тазалаушы) жылына 3334 сараптамаға бір бригада есебінен құралады.


§16. Цитологиялық зертханалардың штат нормативтері


112. Клиникалық цитологияның диагностикалық жұмысының қатарына стационар бөлімдеріндегі, емханадағы қаралу кабинеттеріндегі, көпшілікті профилактикалық және диагностикалық қарау кезінде морфологиялық диагнозды қоюын бақылау сияқты цитологиялық зерттеулердің түрлері жатады.

113. Зерттеу жүргізуге арналған ережелер болмаған жағдайда (қызмет тарификаторы бойынша) мына ережелер құрылады:

1) профилактикалық бақылау кезінде жылына 40000 цитологиялық зерттеу жүргізетін дәрігерлердің, цитотехниктердің және санитарлардың лауазымдары 1 дәрігер, 3 цитотехник және 1 санитардың есебінен құралады;

2) диагностикалық зерттеуге нормативтер бригадаға бір жылда жүргізген 400 зерттеу есебінен құрастырылады. Олар: 1-дәрігер; дәрігер лауазымы, 1 цитотехникалық және 1 санитар лауазымы;

3) гормоналды зерттеулерге нормативтер (вагинальды мазка бойынша гормональді кәсіптің анықтамасы, жыныстық хроматинді зерттеу) 1 дәрігер, 1 цитотехниктен, 1 санитардан құралған бригаданың жылына 2500 зерттеулерінің есебінен белгіленеді;

4) егер цитолог дәрігер материалды жинақтау жұмыстарын жүргізсе, онда оның жүктемесі күніне 10 бөлімнен құралса, ставкаға жылына 2500 зерттеуді құрайды;

5) цитологиялық зертхана жүктемесі көбейгенде қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ставкасы есебінен көбейеді;

6) цитологиялық зертханалардың штатында 6 және одан да көп дәрігерлер және цитотехник қызметкерлері болса, зертхана меңгерушісі дәрігердің жұмысын орындаудан 0,5 ставкаға босатылады, 12 және одан да көп лауазымдар дәрігерлер жұмысының тікелей техникалық орындауына толығымен босатылады;

7) цитологиялық зертхана жұмысының көлемін, сипатын, құрылымын ескере отырып, штатта 15 дәрігерден кем емес, зертханашылар, санитарлар, бар лауазымдарда босатылған аға зертханашы, медициналық тіркеуші, шаруа-бикелері болуы қажет;

8) цитологиялық зертханаларда арнайы электрондық жабдықтар (электронды есептеуіш машина, электронды жабдығы бар күрделі оптикалық аспаптар – микроскоп) олардың штат кестесіне инженер лауазымы енеді.
  1   2   3   4   5



Похожие:

2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту турал
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабы 3-тармағының...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconБуйрық Об утверждении типовых штатов и штатных нормативов организаций здравоохранения в соответствии с подпунктом 3 пункта 3 статьи 32 Кодекса Республики Казахстан от 18 сентября 2009 года «О здоровье народа и системе здравоохранения»
«Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы»
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау ұйымдарында дәрілік заттардың түрлі топтары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау туралы Ереже
...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі бұйрық 010 жылғы 30 маусым №475 Город Астана
Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconШығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының 2007 жылғы қызметіне талдау (алдын-ала берілген мәліметтер)
Азақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м а. 2010 жылғы 23 шілдедегі №533 Бұйрығы (2010. 25. 10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconДенсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconТегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету ережесін бекіту туралы
Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 17 қарашадағы n 815 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде...
2010 жылғы 7 сәуірдегі №238 бұйрық Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2299 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы