Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дата конвертации15.02.2013
Размер47.3 Kb.
ТипДокументы
источник

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.01.2010 14:21:15


Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы № 551 Бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 69-бабына сәйкес және халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) рецептімен немесе рецептісіз беруге жататын дәрілік заттардың тиістілігі туралы деректерді «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тіркелімі» деректер базасына енгізуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауға жіберсін.

4. Мыналардың:

1) «Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттарды анықтау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтикалық және медициналық өндірісі комитеті төрағасының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 26 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде № 2734 тіркелген, «Ресми газеті» газетінде 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 18 (175) жарияланған);

2) «Дәрігердің рецептісі бойынша және рецептсіз босатылатын дәрілік заттарды дәрілік заттар тізіміне жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 443 бұйрығының (нормативтік-құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелімінде № 4432 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2006 жылғы 17 қарашадағы № 201 (1181) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Ж. Досқалиев

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 21 қазандағы

551 бұйрығымен бекітілген

 

 

^ Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу

ережесі

 

1. Осы Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жетілдіру және дәрілік қаттарды беруге (сатуға) қатысты бірыңғай тәсілді қабылдау мақсатында әзірленді.

2. Жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында пайдаланылатын вакциналар мен басқа да медициналық иммундық-биологиялық препараттарды қоспағанда дәрігердің рецептімен немесе рецептісіз беруге жататын дәрілік заттар осы Ережеде белгіленген өлшемдерге сәйкес Қазақстан Республикасында дәрілік заттарды мемлекеттік тіркеу үдерісінде белгіленеді.

Дәрілік заттарды рецептімен немесе рецептісіз беруге жатқызу өлшемдері мыналарды ескере отырып, белгіленеді:

1) препараттың фармакологиялық сипаты;

2) адам ағзасына қарсы әсері;

3) токсикологиялық сипаттамасы (терапиялық және уыттылық мөлшері).

3. Дәрігердің рецептімен беруге жататын дәрілік заттарға:

1) одан әрі тағайындау мен қабылдау дәрігердің тұрақты бақылауымен жүргізілуі қажет дәрілік заттар;

2) Есірткі құралдары, психотроптық заттар, пекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды шектен тыс тұтынуға қарсы іс-қимыл шаралары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі құралдарынан, психотроптық заттар мен прекурсорлардан тұратын дәрілік заттар;

3) медициналық бақылаусыз оны қабылдау кезінде тұтынушының денсаулығына қауіп төндіретін дәрілік заттар;

4) құрамында әрі қарай зерделеуді қажет ететін заттары, әсері және/немесе кері әсері бар дәрілік заттар;

5) тек стационар жағдайында ғана қолданылатын дәрілік заттар, оның ішінде диагностикалық дәрілік заттар;

6) дәрігердің рецепті бойынша берілетін дәрілік заттардың тізбесіне шығарушы елдерге тиісті дәрілік заттар;

7) парентералдық салуға арналған дәрілік препараттар жатады.

4. Дәрігердің рецептінсіз берілетін дәрілік заттарға:

1) осы Ереженің 3-тармағына енбейтін дәрілік заттар;

2) ұрпақты болу уыттылығы, гендік уыттылық және канцерогендігі жоқ дәрілік заттар;

3) құрамында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аз мөлшері бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылауға жатпайтын және бұл заттарды асыра пайдалану үшін жеңіл тәсілмен препараттан жеткілікті мөлшерде қол жеткізу үшін бөліп алу мүмкін болмайтын көп құрамды дәрілік заттар жатады.



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 21 қазандағы №551 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сақтау және тасымалдау ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы