Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дата конвертации15.02.2013
Размер88.88 Kb.
ТипДокументы
источник

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 18.01.2010 19:49:05


Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 9 қарашадағы № 672 Бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Тәуелсіз сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 638 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4523 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпандағы № 25 «Юридическая газета» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.

6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің

міндетін атқарушы

 

^ Б. Садықов

                                   

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрі

міндетін атқарушының

2009 жылғы 9 қарашадағы

672 бұйрығымен

бекітілген

 

 

^ Тәуелсіз сарапшыларды тарту ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптаманы жүзеге асыру кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.

2. Медициналық қызметтің сапасына тәуелсіз сараптама (бұдан әрі - сараптама) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Кодексіне және денсаулық сақтау саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

3. Тәуелсіз сарапшыларды сараптамаға тартудың мақсаты:

1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдаланудың және қазіргі заманғы медициналық технологияларды қолданудың негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;

2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылады.

4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті мен олардың аумақтық бөлімшелері;

2) тәуелсіз сараптаманың тапсырыс берушісі (бұдан әрі - тапсырыс беруші) - сараптама жүргізуге мүдделі жеке немесе заңды тұлға.

3) тәуелсіз сараптама -тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызмет стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіштері көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгей бойынша қорытынды шығару мақсатында өткізілетін рәсім;

4) тәуелсіз сарапшы - денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін «Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 қазандағы № 1559 қаулысына сай аккредиттелген жеке тұлға;

5) медициналық көмектің сапасы - көрсетілетін медициналық көмектің денсаулық сақтау саласындағы медициналық ғылым мен технология дамуының қазіргі заманғы деңгейінің негізінде белгіленген стандарттарға сәйкестік шарасы;

6) денсаулық сақтау саласындағы стандарт - медициналық, фармацевтикалық қызмет, медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілер, белгіленген ережелер, жалпы қағидалар мен сипаттамалар;

7) тәуелсіз сарапшының қорытындысы - тегі, мамандығы, біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі (бар болса), аккредиттелген тәуелсіз сарапшының негізгі жұмыс орны, тапсырыс беруші туралы мәлімет, тәуелсіз сараптаманы өткізу негіздері мен мерзімдері, сараптаманың мәні, ұсынымдар көрсетілетін, тәуелсіз сараптаманы тағайындаған тұлғаның тәуелсіз сарапшының алдына қойған мәселелері бойынша қорытындының берілген уақыты көрсетілген және тәуелсіз сарапшының қолы қойылған негізделген қорытындылар.

8) медициналық көмектің сапасына сараптама - тиімділігі, толықтығы мен медициналық қызмет стандарттарына сәйкестігінің көрсеткіштері көрсетілетін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық қызмет сапасының деңгей бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдамалық және практикалық іс-шаралардың жиынтығы.

5. Тәуелсіз сарапшыны таңдау денсаулық сақтау саласындағы  тәуелсіз сарапшылардың деректер банкінен жүзеге асырылады. Деректер банкі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен қалыптастырылады.

 

 

^ 2. Тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі

 

6. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне жүргізу үшін  тәуелсіз сарапшыларды тарту мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) медициналық қызметтің сапасына сыртқы сараптама жүргізу;

2) денсаулық сақтау субъектісінің медициналық, фармацевтикалық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен аккредиттеу стандартымен белгіленген денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін бағалау;

4) медицина қызметкерлерін одан әрі аттестаттау үшін олардың кәсіби құзыреттілігін анықтау;

5) біліктілік санаттарын беру үшін медициналық, фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандардың біліктілік деңгейін анықтау;

7. Тәуелсіз сарапшы оның негізделген медициналық, фармацевтикалық мамандығы ескеріле отырып, сараптамаға тартылады.

8. Егер тәуелсіз сарапшы:

1) тексерілетін ұйыммен еңбек немесе шарттық қарым-қатынаста болса;

2) онымен туыстық немесе басқа да қарым-қатынастағы тұлғалардың мүддесін қозғаса;

3) тәуелсіз сарапшы жүргізілген сараптаманың қорытындысына басқаша түрде мүдделі болса жүзеге асыруға болмайды.

9. Тәуелсіз сарапшылар қауымдастыққа біріккен жағдайда тапсырыс беруші қауымдастықпен шарт жасасады.

10. Сараптама жүргізу аяқталғаннан кейін тәуелсіз сарапшы қорытындыны тапсырыс берушінің белгілеген уақытынан 30 күнтізбектік күннен асырмай ұсынады.

11. Денсаулық сақтау ұйымдары және мемлекеттік органдар  тәуелсіз сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылардың қауымдастығы қызметіне төлемақыны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртібі бойынша жүзеге асырады. Заңды және жеке тұлғалар сарапшылар мен тәуелсіз сарапшылардың қауымдастығы қызметіне төлемақыны келісім шарт бойынша жүзеге асырады.

12. Тәуелсіз сарапшы:

1) денсаулық сақтау субъектісінің әкімшілігінен сараптама өткізу кезеңінде құжаттаманы алады;

2) тексерілетін денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілігі Комитетке медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсарту және сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

3) егер қойылған мәселелер оның арнайы білімдерінің шегінен шыққан немесе ұсынылған материалдар сараптама қорытындысын беру үшін жеткіліксіз болған жағдайда қорытынды беруден бас тартады.

4) тәуелсіз сараптаманың заңдылығын, құзыреттілігін және пара алмаушылығын қамтамасыз етеді;

5) қызметтік ақпараттың құпиялылығын, кәсіби этика қағидаттарын сақтайды, ол қатысқан кездегі жүргізілген тергеу іс-қимылының мәліметтерін, және осы жағдайда анықталған жабық сот отырысының деректерін, сондай-ақ жеке өміріне қол сұғылмауын қозғайтын, мемлекеттік құпиядан, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпиядан тұратын жағдайлар туралы оған белгілі болған мәліметтерді жарияламауы тиіс.

6) тәуелсіз сараптаманың толықтығы мен әділдігі үшін зерттеу жүргізу құралдары мен әдістерінің ғылыми негізділігін қамтамасыз етеді;

7) тапсырыс берушіге шығыстар сметасы мен жұмсалған шығыстар туралы есептерді ұсынады;

 

Тәуелсіз сараптама

жүргізу ережесіне

қосымша

 

^ Сараптама қорытындысы

 

1. Аккредиттелген тәуелсіз сарапшы _____________________________________________________

(Т.А.Ә., мамандығы, біліктілік

________________________________________________________________________________________

санаты, ғылыми дәрежесі, ұйымның атауы)

________________________________________________________________________________________

2. Тапсырыс беруші _____________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

3. Тәуелсіз сараптама жүргізудің негізі

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

4. Сараптаманың мәні

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

5. Сараптама жүргізу мерзімі

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

6. Қорытынды

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

7. Қорытындылар

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

8. Ұсыныстар

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

Тәуелсіз сарапшы _______________________________________________________________________

Т.А.Ә., қолы

Күні 20__ жылғы «__» ___________________

 

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №745 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов