Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе icon

Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе



НазваниеЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Дата конвертации15.02.2013
Размер306.19 Kb.
ТипДокументы
источник

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2011-2015 жылдарға арналған МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМІН ДАМЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Кіріспе


Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес әзірленген.


МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ


Бұл тұжырымдаманы әзірлеу Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білімін одан әрі дамытудың болашағын анықтау, негізгі қағидаттар мен бағыттарын белгілеудің қажеттілігінен туындаған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білімін реформалау тұжырымдамасын іске асыру кезеңінде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді.

Медициналық және фармацевтикалық білімнің нормативтік базасын өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданды. Республиканың медициналық білім беру ұйымдарына азаматтарды іріктеу және қабылдауға жаңа тәсілдер енгізу медициналық білім беру ұйымдарына қабылдау үшін ең төмен өту балын ішінара көбейту арқылы жүзеге асырылды. Медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту және қаржыландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданды. Бір білім алушыны даярлауға кететін шығынды жоспарлау ережесі әзірленді және бекітілді. 2005 жылдан 2009 жылға дейін медициналық мамандықтар бойынша грант негізінде оқудың құны 1,95 есе өсті. Мемлекеттік медициналық ЖОО-ларда қазіргі оқыту-клиникалық және зертханалық жабдықтармен жабдықталған оқыту-клиникалық орталықтар құрылды. Екі мемлекеттік медициналық ЖОО-ның жеке клиникалары жабдықталды.

Медициналық білімді басқаруды жетілдіру, сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша бірқатар шаралар өткізілді. Барлық мемлекеттік медициналық ЖОО-лар ИСО 9001:2008 Халықаралық стандартына сәйкестігі бойынша сертификат алды. Медициналық ЖОО-лардың ұйымдастыру-құқықтық формасы өзгерді (6 ұйымның - 4- шаруашылықты жүргізу құқығына ие республикалық мемлекеттік мекеме, 1 – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын, 1 - акционерлік қоғам). Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында медициналық білім мен ғылыми-зерттеу қызметіне инновациялық технологияларды енгізуді үйлестіру үшін ҚР ДСМ «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК жанынан Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығы құрылды.

Еліміздің барлық медициналық білім беру ұйымдарында денсаулық сақтау мамандарын даярлаудың халықаралық стандарттарына негізделген орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық және фармацевтикалық білімнің жаңа бағдарламалары енгізілді. Денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлау құрылымының өзгеруі медициналық білім беру жүйесінің жоғары білімнің 3 деңгейлі жүйесінің Еуропалық принциптерімен үйлесімділігіне бағытталды. Негізгі және бейінді пәндердің міндетті компонентімен қатар студенттердің қызығушылығына сәйкес пәндерді таңдау мүмкіндігі және жеке білім беру бағдарламасын қалыптастыру қарастырылды. Клиникаға кіріспе, коммуникативтік машықтар сияқты әртүрлі пәндер бойынша студенттердің науқастармен ерте байланыс жасау практикасы енгізілді. Жаңа пәндер енгізілді (дәлелді медицина негіздері, визуальды диагностика, биостатистика).

Шетелдің үздік медициналық мектептерінде және елімізде медициналық білім беру саласының халықаралық үздік мамандарын қатыстырып профессор-оқытушылар құрамын білім берудің жаңа технологияларына қайта оқыту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Интернатурадан кейін – негізгі клиникалық мамандықтар бойынша, резидентурадан кейін – арнайы мамандықтар бойынша мамандарды жеке клиникалық қызметке жіберуді анықтайтын сертификаттау шарасы енгізілді.

МБДФ медициналық білімнің сапасын жақсартудың халықаралық стандарттарына негізделген медициналық білім беретін ұйымдарды институционалдық аккредиттеудің ұлттық стандарттары әзірленді және бекітілді. ДДСҰ/Еуробюро қолдауымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологиялар беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасының С1 кіші компоненті шеңберінде медициналық білім беру ұйымдарын аккредиттеу бойынша МБДФ ұлттық 16 сарапшы даярланды. Халықаралық сарапшыларды қатыстыра отырып мемлекеттік 4 медициналық ЖОО аккредиттеуден өтті.

Сонымен қатар, медициналық білімнің көптеген мәселелері шешімін таппай отыр. Мысалы, университеттің жеке клиникасының болмауына байланысты болашақ дәрігерлерді науқастың төсегінің жанында толымды даярлау мәселесі әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы әлемдік стандартқа сай емес. Оқытылған оқытушылар санының жеткіліксіздігіне байланысты оқу үдерісіне оқытудың интерактив әдістерін енгізу белсенді түрде жүргізілмейтіні байқалады. Пациенттің қауіпсіздігі қағидаты және қауіп-қатерді басқару оқытуда көрініс табуы керек. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін әрі қарай арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.

Медициналық ЖОО-ның талапкерлеріне арнайы талаптар қоюдың маңызы зор. Елімізде медициналық ЖОО-лар мен колледждердің түлектерінен тәуелсіз емтихан алу тәжірибесі де іске асырылмаған.

Әлемнің жетекші медициналық мектептерінің қызметін талдау 3 негізгі факторды анықтайды, бұлардың үйлесімі жетістікке қол жеткізді: ресурстардың молдығы, талант топтау (оқытушыларда, студенттерде), тиімді басқару.

Білім беру ұйымдарын басқарудың автономдығын және айқындылығын арттыру мақсатында басқарудың корпоративтік формасының қағидаттарын енгізумен медициналық ЖОО-ларды басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу бойынша шаралар қолданылатын болады. Жаңа құрылым стратегиялық болжауды дамытуға, ЖОО-ларға бюрократтық кедергілерсіз ресурстарды басқаруға және шешім қабылдауға мүмкіндік беретін инновацияларға және икемділікке жәрдемдеседі.

Канада мен Америка Құрама Штаттарының барлық медициналық мектептерінде медициналық білім беру орталықтары бар. Бұл орталықтар ғылыми зерттеулер жүргізуге, медициналық білімнің барлық саласында дамуға, оқытушылардың кәсіби тұрғыдан дамуына, қарым-қатынас машықтарына, бағалау мен талдауға, медициналық информатика мен медициналық білімдегі зерттеулерге баса көңіл аудара отырып жәрдемдеседі.

Медициналық және фармацевтикалық білімді одан әрі дамыту үшін денсаулық сақтау саласында ғылыми, білім беру және практикалық қызметті ықпалдастыруды күшейту бойынша шаралар қолданылатын болады. Ғылыми жобаларды, республикалық және салалық ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру үшін медициналық ЖОО-лардың белсенділігін арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттерді тарту үшін жағдай жасау қажет. Медициналық білім беру саласында зерттеулерді одан әрі дамыту және академиялық салада шешімдер қабылдау кезінде үздік дәлелдемелердің қағидаттарын енгізу жоспарлануда.

Озық елдердің сапаны басқару және пациенттердің қауіпсіздігі бойынша тәжірибесі ірі клиникаларды, қазіргі заманғы өте жаңа виртуальді робот – тренажерлермен жабдықталған симуляциялық орталықтар құрудың қажеттілігін көрсетіп отыр. Осыған байланысты практикадан өтуші дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің машықтарын қалыптастыру үшін ірі көп бейінді клиникалардың базасында өңірлік симуляциялық 16 орталық құру және оларды кезең-кезеңмен қазіргі заманғы муляждармен және фантомдармен жабдықтау жоспарланып отыр. Медицина қызметкерлері өзінің барлық әрекетін автоматтандыруға дейін қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады, бұл сапаны басқаруға және дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Практикалық денсаулық сақтау саласы мамандарының кәсіби деңгейін көтеру үшін денсаулық сақтау саласының кадрларын үздіксіз кәсіптік дамытуды/білім беруді (ҮКД) енгізу, білім беретін ұйымдардың желісін жетілдіру, ҮКД саласындағы медициналық факультеттер мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін үйлестіру жалғасын табады. ҮКД қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің рөлін және жауапкершілігін, оның ішінде жұмыс орындарында Ғаламторды еркін пайдалануды қамтамасыз ету есебінен күшейту жоспарланып отыр.

Медициналық ЖОО-лардың, колледждер түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадан өтуші қызметкерлерінің білімдері мен машықтарын бағалау институтын енгізу жоспарлануда. Білімді тәуелсіз бағалау сияқты механизмді құру бітіруші түлектің, оны даярлаған ЖОО-ның білім беру сапасы үшін жауапкершілігін арттыруы керек.

Қазақстан Республикасындағы медициналық және фармацевтикалық білім беру жағдайын талдай келе, мықты тұстары деп мыналарды атауға болады:

  • Медициналық өзіндік ерекшелікті ескеріп медициналық білімнің нормативтік-құқықтық базасын құру

  • Медициналық ЖОО-лардың жанынан оқыту-клиникалық орталықтар құру

  • Халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып әзірленген МЖМБС-2006 іске асыру

  • Білім берудің үш сатылы жүйесіне өтуді жүзеге асыру

  • Инновациялық білім беру технологияларын енгізу

  • Медициналық Білімнің Дүниежүзілік Федерациясының халықаралық стандарттарының негізінде аккредиттеудің ұлттық стандарттарының болуы


Осал тұстары:

  • Медициналық білімді жеткіліксіз қаржыландыру;

  • Медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмеуі;

  • Медициналық білім беру ұйымдардың көпшілігінде университеттік жеке клиникалардың болмауы;

  • Білім беру ұйымдары менеджментінің тиімсіздігі;

  • Білім беру және медициналық технология саласындағы оқытушылар әлеуеті деңгейінің жеткіліксіздігі;

  • Медициналық білімге арналған мамандандырылған аккредиттеудің ұлттық стандарттарының болмауы;

  • Медициналық білім беру ұйымдарын азаматтарды іріктеу және қабылдау критерийлерінің жетілмегендігі;

  • Медициналық білімнің барлық деңгейлерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық енгізбеу, оның ішінде e-learning,

- академиялық салада шешімдерді қабылдау кезінде үздік дәлелдер қағидаттарын толық енгізбеу.

Мүмкіндіктер:

Елдің даму стратегиясының, қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген салалардың, білімді, денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының болуы;

  • «Медицина білімі мен ғылымын реформалау» компонентінің «Медициналық және фармацевтикалық білім жүйесін реформалау» С1 кіші компоненті бойынша Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторында технологиялар беру және институциональдық реформа жүргізу» инвестициялық жобасын іске асыру.


Қауіп-қатерлер:

  • Медициналық ақпараттың экспоненциальдық өсуі (әрбір 3-5 жылда жаңарту);

  • Егде жастағы адамдар үлесінің өсуі;

  • Медициналық қызметтер құнының өсуі;

  • Пациенттердің өздерінің аурулары туралы ақпараттандырылуы;

  • Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесі жағдайында (бұдан әрі –БҰДЖ) клиникалық кафедра оқытушыларының еңбек ақысы олардың денсаулық сақтау ұйымдарының қойған мақсаттарына қол жеткізуге қосқан шынайы үлесіне байланысты болады.


^ НЕГІЗГІ МАҚСАТ – халықаралық үздік практикаға сай келетін және отандық денсаулық сақтаудың тиімді дамуын қамтамасыз ететін медициналық және фармацевтикалық білімнің сапасына қол жеткізу

МАҚСАТТАР:

1. Медициналық және фармацевтикалық білімді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

2. Медициналық және фармацевтикалық білімнің барлық деңгейлерінде білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру

3. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру

4. Медициналық және фармацевтикалық білімді басқарудың тиімділігін арттыру


Іске асыру мерзімдері – 2011-2015 (бірінші кезең – 2011-2013 жылдар, екінші кезең – 2014-2015 жылдар)


Күтілетін нәтижелер:

Тұжырымдаманы іске асыру нәтижесінде:

1. медициналық білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесі жетілдіріледі;

2. құзыреттілік әдіске және денсаулық сақтау жүйесінің сұранысына негізделген жаңа ҚР МЖМБС әзірленеді және бекітіледі;

3. Құзыреттілік әдіске негізделген оқытудың ұлттық бағдарламасын іске асырумен медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесі енгізіледі;

4. Оқыту үдерісіне жоғары білікті мамандарды тарту жолымен, үздік практика принциптерін және клиникалық медицинаның қазіргі заманғы жетістіктерін енгізумен медициналық білім беру ұйымдарында оқитындардың клиникалық дайындығы жақсартылады;

5. университеттердің жеке клиникалары құрылады;

6. медициналық білімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесі құрылды.


^ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БІЛІМДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТӘСІЛДЕРІ

Медициналық және фармацевтикалық білімді дамытудың негізгі принциптері:

  • Сапа

  • Бәсекеге қабілеттілік

  • Қолжетімділік

  • Ғылыммен және практикамен ықпалдасу

  • Әлеуметтік жауапкершілік болуы тиіс.


Медициналық білім беру ұйымдары түлектерін даярлау сапасының өлшемі кәсіби құзыреттілік болып табылады. Түлектің бәсекеге қабілеттілігі тек кәсіби ғана емес, ортаға бейімделуі тұрғысынан сол түлектің басымдықтарын қамтамасыз ететін жеке мінездемесінің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатына бірнеше бағыттар енеді, болашақтағы қажеттілік үшін жауапкершіліктің артуы және қоғамдағы мәселелер, қызығушылық танытқан басқа да адамдармен ынтымақтастықты нығайту, білімдегі сапаны үздіксіз дамытуды ұстану, зерттеу қызметі мен қызмет көрсету, медициналық мектептерді жауапты басқаруды қалыптастыру және т.б.

^ 1-мақсат. Медициналық және фармацевтикалық білімді басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіру

Міндеттер:

1. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білімін басқару жүйесін жетілдіру;

2. Медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін, корпоративтік басқару принциптерін енгізуді қоса алғанда жетілдіру;

3. Медициналық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану;

4. Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру және медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

^ 1-міндет. Қазақстан Республикасында медициналық және фармацевтикалық білімін басқару жүйесін жетілдіру:

1) менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін енгізумен медициналық білімді беруді басқару жүйесін жаңарту;

2) білім берудің барлық деңгейлері бойынша, ҚР БҒМ және Білім беру статистикасы және бағалау ұлттық орталығының (БСБҰО) білім беру статистикасының жинағын құру үшін медициналық білімді қоса алғанда білім алушылардың, оқытушылардың бірыңғай базасын құру;

3) білімі беруді, оның ішінде ҚР БҒМ Білім беру статистикасы және бағалау Ұлттық орталығын басқарудың ақпараттық базасы және даму жолдарын болжау түрінде медициналық білім беруді мониторингілердің бірыңғай жүйесін енгізу;

4) денсаулық сақтау жүйесінің қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлауды мемлекеттік реттеу тетіктерін әзірлеу үшін еңбек нарығына мониторингіті, талдау және болжау жүйесін енгізу.

^ 2-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін, корпоративтік басқару принциптерін енгізуді қоса жетілдіру:

1) Медициналық білім беру ұйымдарында қадағалау және қамқоршылық кеңестерді құру арқылы корпоративтік басқару қағидаттарын енгізу;

  1. Әкімшілік-басқарушы қызметкерлерді менеджмент бойынша даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

  2. Медициналық білім беру ұйымдарың олардың академиялық, қаржылық және басқару қызметіне автономиялық қағидаттарын енгізу;

  3. «Назарбаев университеті» үлгісінің негізінде ЖОО-лардың автономиясы қағидаттарын әзірлеу.

^ 3-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану:

1) медициналық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін инфрақұрылымды одан әрі дамыту;

2) қазіргі заманғы жабдықтармен және басқарудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық жасақтамамен одан әрі жабдықтау;

3) қазіргі заманғы университеттік ақпараттық порталдарды құру;

4) бірыңғай медициналық ақпараттық-кітапханалық жүйені құру;

^ 4-міндет. Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру және медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту:

1) дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі медициналық білімді және үздіксіз кәсіптік дамуды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру;

2) медициналық білім беру ұйымдарында білім алатындарды магистратурада, PhD докторантурада, резидентурада даярлауға мемлекеттік тапсырысты көбейту;

3) білім беру ұйымдарында еңбекке саралап ақы төлеу жүйесін жетілдіру;

4) білім беру ұйымдарында, ОКО, оқу-ғылыми зертхананы қоса алғанда материалдық-техникалық базаны нығайту.



Индикатор

2010

2013

2015

1-міндет. Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білімін басқару жүйесін жетілдіру




Шаруашылықты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне ие ЖОО-лардың үлесі, корпоративтік басқару принциптерін енгізген акционерлік қоғамдар

20%

50%

70%




Білім беру статистикасының электрондық базасын енгізген ЖОО-лардың үлесі

0%

30%

60%




Еңбек нарығына мониторинг, талдау және болжау жүйесін енгізген ЖОО-лардың үлесі

0%

50%

100%

2-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарында менеджмент жүйесін, корпоративтік басқару принциптерін енгізуді қоса алғанда жетілдіру




Медициналық білім беру ұйымдарының білім берудегі менеджмент бойынша даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілік арттырудан өткен әкімшілік-басқарушы қызметкерлердің үлесі

20%

40%

80%






Медициналық білім беру ұйымдарының білім берудегі менеджмент бойынша даярлаудан өткен қызметкерлерінің үлесі (магистратура)

0%

0,5%

1%

3-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарының менеджмент жүйесіне ақпараттық және коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану




Басқару жүйесіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізген медициналық білім беру ұйымдарының үлесі

30%

50%

70%




Бірыңғай медициналық ақпараттық-кітапханалық жүйеге қосылған медициналық білім беру ұйымдарының үлесі

0%

30%

60%




Үздіксіз кәсіптік дамытудың білім беру бағдарламаларына қашықтықтан оқыту технологиясын енгізген медициналық ЖОО-лардың үлесі

0%

10%

15%

4-міндет. Білім берудің барлық деңгейлерін қаржыландырдың тетіктерін жетілдіру және медициналық білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту




Мемлекеттік тапсырыс бойынша медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша бір білім алушыны даярлау құнының өсуі

349,3 тг

(ҚазҰМУ-541,3 тг)

632,3 тг

(КазҰМУ-819,8 тг)

723,9

тг

(КазҰМУ-938,6 тг)




Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратура бағдарламасы бойынша бір білім алушыны даярлау құнының өсуі

406,3 тг

796,7 тг

(КазҰМУ-961,3 тг)

-




Мемлекеттік тапсырыс бойынша резидентура бағдарламасы бойынша бір білім алушыны даярлау құнының өсуі

260,9 тг.

854,3 тг. (КазҰМУ-1016,5 мың. тг)

-




Мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD докторантура бағдарламасы бойынша бір білім алушыны даярлау құнының өсуі

771,3 тг.

1502,7 тыс.тг

(КазҰМУ-1531,6 мың. тг)

-




Оқытушылардың еңбегіне саралап ақы төлеу жүйесін енгізген медициналық білім беру ұйымдарының үлесі

20%

50%

70%



^ 2-мақсат. Білім беру бағдарламаларын жаңарту және жетілдіру

Міндеттер:

1) Медициналық және фармацевтикалық білім берудің барлық деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу.

2) білімнің, ғылымның және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдастығын қамтамасыз ету.

3) медициналық және фармацевтикалық білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.

4) үздіксіз медициналық білім беру қағидаттарын одан әрі іске асыру

5) медициналық білім беру саласында зерттеулерді дамыту

1-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу:

1) мүдделі тараптардың кең ауқымын қатыстырып медициналық және фармацевтикалық білімнің мамандықтары бойынша жаңа құзыреттіліктерді әзірлеу;

2) халықаралық практикаға және денсаулық сақтау жүйесінің қажеттілігіне сәйкес таңдау компонентін көбейтіп, білім беру бағдарламаларын әзірлеу

^ 2-міндет. Білімің, ғылымының және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдастырдың қамтамасыз ету

1) кластерлер, зерттеу университеттері;

1) білім беру бағдарламаларына қазіргі заманғы ғылымның және денсаулық сақтаудың, жетістіктерін және дәлелді медицина қағидаттарын енгізу;

2) медициналық білім берудің барлық деңгейлерінде клиникалық оқыту үшін денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарын тарту;

3) медициналық білім беру ұйымдарында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін білім алушыларды тарту

^ 3-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру.

  1. Оқытудың белсенді әдістерін одан әрі енгізу;

2) клиникалық оқытуда симуляциялық технологияларды пайдалануды кеңейту;

3) оқыту үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, оның ішінде e-learning кеңінен енгізу;

4) қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу;

5) білім алушылардың білімі мен машықтарын бағалаудың стандартталған әдістерін одан әрі енгізу.

^ 4-міндет. Үздіксіз медициналық білім беру қағидаттарын одан әрі іске асыру.

1) резидентура, магистратура, докторантураның арнайы пәндерін халықаралық ынтымақтастық аясында шетелдің үздік ЖОО-ларында өту практикасын енгізу.

2) денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне бағытталған қысқа мерзімді оқытудың тиімді бағдарламаларын енгізу;

3) практикадан өтуші дәрігерлердің және орта білімді медицина қызметкерлерінің машықтарын жетілдіру үшін ірі емдеу ұйымдарының жанында (облыстық, қалалық) 16 өңірлік симуляциялық орталық құру

4) өңірлік симуляциялық орталықтардың және медициналық білім беру ұйымдарының базасында клиникалық медицинаның өзекті мәселелері бойынша мастер-класстар және семинарлар өткізу үшін шетелдік және отандық үздік мамандарды тарту.

5) мамандарды үздіксіз кәсіптік дамыту принциптерін іске асыруда қоғамдық кәсіптік ұйымдарды/қауымдастықтарды тарту.

^ 5-міндет. Медициналық білім беру саласында зерттеулерді дамыту:

1) медициналық ЖОО-лардың құрылымында медициналық және фармацевтикалық білім беру саласында зерттеулер жүргізу бойынша бөлімше құру;

2) оқытушыларды медициналық білім беру саласында зерттеулер жүргізудің әдіснамасына үйрету;

3) медициналық білім беру саласында зерттеушілерді дайындау (магистрлер, PhD докторлар).



Индикатор

2010

2013

2015

1-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті жаңа стандарттарын әзірлеу:




Техникалық және кәсіптік білім берудің әзірленген стандарттарының үлесі




0

100%




Жоғары және негізгі медициналық және фармацевтикалық білім берудің әзірленген стандарттарының үлесі

0

100%

100%




ЖОО-дан кейінгі білім берудің әзірленген стандарттарының үлесі

0

0

100%




Қосымша техникалық және кәсіптік, жоғары кәсіптік дамыту саласының әзірленген стандарттарының үлесі

0

0

100%




Техникалық және кәсіптік білім беру саласының оқытушыларына арналған қосымша білім берудің әзірленген стандарттарының үлесі

0

0

100%




Медициналық және фармацевтикалық ЖОО-лардың оқытушыларына арналған қосымша білім берудің әзірленген стандарттарының үлесі

0




100%

2-міндет. Білімнің, ғылымның және практикалық денсаулық сақтаудың ықпалдастығын қамтамасыз ету:




Клиникалық оқыту үшін қатыстырылған денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарының пайызы

0

40%

70%




Қазіргі заманғы білім беру технологияларын оқыған денсаулық сақтау саласының жоғары білікті мамандарының/ оқытушылардың үлесі

-

20%

50%




Медициналық білім беру ұйымдарда ғылыми зерттеулерді жүргізуге тартылған студенттердің үлесі




5%

8%

3-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім беруде әдістемелік тәсілдерді жетілдіру




Оқытудың белсенді әдістерін пайдаланатын оқытушылардың үлесі

10%

50%

80%




е-learning енгізген ЖОО-лардың үлесі

0

10%

50%




Симуляциялық технологияны пайдаланатын клиникалық пән оқытушыларының үлесі

20%

50%

70%

4-міндет. Үздіксіз медициналық білім беру қағидаттарын одан әрі іске асыру




^ Магистратура және докторантура бітірген, оқуды бітірісімен ЖОО-ларға, ғылыми ұйымдарға жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі

?

40%?

60%?




Мемлекеттік тапсырыс бойынша магистратура бағдарламалары негізінде оқитындардың саны

100

150

150 ?




Мемлекеттік тапсырыс бойынша PhD бағдарламалары негізінде оқитындардың саны

20

30

30 ?




Мемлекеттік тапсырыс бойынша резидентура бағдарламалары негізінде оқитындардың саны

400

840

840 ?

5-міндет. Медициналық білім беру саласында зерттеулерді дамыту




Медициналық білім беру саласында зерттеулер даярланған мамандарды саны







6




Медициналық білім беру саласында өткізілген зерттеулердің саны







6

^ 3-мақсат. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру

Міндеттер:

1) Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу;

2) Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру.

^ 1-міндет. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу:

1) Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының негізгі біліктіліктерін әзірлеу;

2) медициналық білім беру ұйымдарының оқытушыларын оқытудың біліктілік тәсіліне негізделген ұлттық бағдарламасын әзірлеу;

3) медициналық білім беру ұйымдардың оқытушыларының біліктілігін дамытудың мониторинг жүйесін енгізу;

4) оқытушыларды үздіксіз кәсіптік дамытудың нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу;

5) медициналық білім беру ұйымдарының оқытушыларын шетелде оқыту (медициналық білім бойынша магистратура);

6) Қазақстан Республикасында медициналық білім беру саласында мамандарды даярлау бойынша магистратура бағдарламасын әзірлеу;

7) оқытушылар құрамын оқытудың жинақтаушы жүйесін енгізу

^ 2-міндет. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру:

  1. Медициналық білім беру ұйымдарының оқытушыларына саралап еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру;

  2. Медициналық білім беру ұйымдарының оқытушыларын марапаттау және ынталандыру жүйесін жетілдіру.









Индикатор

2010

2013

2015




^ 1-міндет. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру жүйесін енгізу




1


Медициналық білім беру ұйымы оқытушысының негізгі біліктіліктері

0

100%

-







Шетелде оқыған оқытушылардың саны (медициналық білім беру бойынша магистратура)

0

2

6







ҚР медициналық білім беру саласында мамандарды даярлау бойынша магистратураға қабылдау

0

0

5







ҚР педагогикалық біліктілікті арттырудан өткен оқытушылардың үлесі, жыл сайын

20%

20%

70%







Шетелде педагогикалық біліктілікті арттырудан өткен оқытушылардың үлесі, жыл сайын

1%

3%

5%







ҚР негізгі мамандық бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылардың үлесі, жыл сайын

60%

70%

80%







Шетелде негізгі мамандық бойынша тағылымдамадан өткен оқытушылардың үлесі, жыл сайын

1%

3%

5%







Ғылыми зерттеулер менеджменті, дәлелдемелі медицина бойынша даярлаудан өткен оқытушылардың үлесі

1%

10%

20%

^ 2-міндет. Медициналық білім беру ұйымдары оқытушыларының еңбегін ынталандыруды жетілдіру:




Оқытушыларға саралап еңбекақы төлеу жүйесін қамтамасыз ету

5%

10%

15%




Оқытушыларды марапаттау жүйесін қамтамасыз ету

10%

20%

30%

^ 4-мақсат. Медициналық және фармацевтикалық білім саласында сапаны басқарудың тиімділігін арттыру

Міндеттер:

1) Медициналық білім беру ұйымдары ұлттық аккредиттеу жүйесін одан әрі дамыту

2) Азаматтарды медициналық білім беру ұйымдарын іріктеу және қабылдау жүйесін жетілдіру

3) Интернатура және резидентура түлектерінің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру

4) Қазақстан Республикасының медициналық білім беру ұйымдарының университеттердің әлемдік рейтингіне қатысуы.

^ 1-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарын ұлттық аккредиттеу жүйесін одан әрі дамыту:

1) медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық ұлттық аккредиттеуді аяқтау;

2) медициналық білім берудің диплом алғанға дейін (жалпы медицина) және ЖОО-дан кейінгі деңгейлерде мамандандырылған аккредиттеуді енгізу;

3) мемлекеттік медициналық колледждерді институционалдық аккредиттеуді енгізу.

^ 2020 МБ қабылдаумен сәйкес өзгерістерді көрсету (2012 жылдан бастап коммерциялық емес аккредиттеу агенттіктерін құру)

2-міндет. Азаматтарды медициналық білім беру ұйымдарына іріктеу және қабылдау жүйесін жетілдіру:

1) азаматтарды медициналық білім беру ұйымдарына іріктеу шарасын әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу

2) азаматтарды білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік тәртібіне медициналық білім берудің ерекшелігін ескере отырып толықтырулар мен өзгерістер енгізу

3) медициналық білім беру ұйымдарының қызметкерлерін әңгімелесу, психометриялық тестілеу өткізуге оқыту

^ 3-міндет. Медициналық білім беру ұйымдарына түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесін енгіз

  1. Медициналық білім беру ұйымдарын түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімімен машықтарын тәуелсіз бағалайтын Республикалық 2 орталық құру;

  2. Медициналық білім беру ұйымдары түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалау үшін сараптамашыларды дайындау жүйесін енгізу;

  3. Медициналық білім беру ұйымдары түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу;

  4. Медициналық білім беру ұйымдары түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалау үшін стандартталған пациенттерді дайындау.

^ 4-міндет. Қазақстан Республикасының медициналық білім беру ұйымдарының университеттердің әлемдік рейтингісіне қатысуы:

  1. медициналық білім беретін ұйымдарының университеттердің әлемдік рейтингісіне қатысуы



Индикатор

2010

2013

2015

1-міндет. Медициналық және фармацевтикалық білім саласында сапаны басқарудың тиімділігін арттыру:




Ұлттық институционалдық аккредиттеуден өткен медициналық білім беру ұйымдарының үлесі

60%

100%

100%




Ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өткен медициналық білім беру ұйымдарының үлесі

0%

30%

100%




Ұлттық институционалдық аккредиттеуден өткен мемлекеттік медициналық колледждердің үлесі

0%

30%

100%

2-міндет. Азаматтарды медициналық білім беру ұйымдарына іріктеу және қабылдау жүйесін жетілдіру:




Медициналық білім беру ұйымдарына іріктеудің қосымша өлшемдері негізінде қабылданған азаматтардың үлесі

0%

0%

100%

3-міндет. Медициналық білім беру ұйымдары түлектерінің, оның ішінде интернатура және резидентура түлектерінің біліктілігін тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу:




Республикалық білім мен машықты тәуелсіз бағалау орталықтарында білімі мен машықтарын тәуелсіз бағалаудан өткен (алғашқы кезеңнен) медициналық білім беру ұйымдарының интернатура және резидентура түлектерінің үлесі

0

60%

70%


^ ТҰЖЫРЫМДАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУДЫ КӨЗДЕЙТІН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ

Осы Тұжырымдаманы мынадай нормативтік-құқықтық актілер арқылы іске асыру көзделеді:

1. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ІІІ заңы;

2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 81 қаулысы;

3. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV кодексі;

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы саласын «Қазақстан Республикасының «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» №1113 өкімі;

5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» өкімі.






Похожие:

Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconЗайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Туралы қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconЗайсан ауданының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconЗайсан адунының 2013 -2015 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconӨңірлік даму бөлімінің негізгі функциялары 1 моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған және 2011-2020 жылдарға арналған «Өңірлерді дамыту»
«Өңірлерді дамыту» салалық бағдарламаларын, Ақсу және Екібастұз қалаларын дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарларын...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе icon2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы»
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес...
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Жоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов