«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»



Название«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Дата конвертации31.10.2014
Размер184.26 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ ___ қаулысымен

бекітілген
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты



  1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау».

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

3. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері.

4. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының қалалық, аудандық бөлімшелері (бұдан әрі – уәкілетті ұйымның бөлімшесі);

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға бірінші рет өтініш білдірген жағдайда халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – орталық);

3) зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпараттарды – www.e.gov.kz (бұдан әрі - портал) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алу.

5. Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан төленетін мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындауға құқы бар Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.


  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібі


6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

  1. уәкілетті ұйымның бөлімшесінде көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі:

мемлекеттік қызмет көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың (құжаттың) жоғы анықталған жағдайларда – 30 жұмыс күнінен аспайды, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы жоқ құжаттарды уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

тапсырылған құжаттарда қателіктер анықталған жағдайларда – 5 жұмыс күніне созылады, бұл ретте егер құжаттар қайта ресімделсе, мемлекеттік қызмет уәкілетті ұйымның бөлімшесі қателікті жойған күннен бастап он жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

  1. көрсетілетін қызметті алушы құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ шекті уақыты бір көрсетілетін қызметті алушыға 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

  2. көрсетілетін қызметті алушыға өтініш білдірген күні қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;

порталда:

уәкілетті ұйымның ақпараттық жүйесіне сұрау түскен сәттен бастап – 30 минуттан аспайды.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

8. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде немесе орталықта:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы не осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себебін көрсете отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі хабарлама.

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы хабарламаны беру – көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өзі барған кезде жүзеге асырылады.

Егер, көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алу үшін өтініш білдірмесе:

уәкілетті ұйымның бөлімшесі оның электрондық түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

орталық оның бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

2) порталда:

осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы не мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат.

Портал арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.

9. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

10. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйымның бөлімшесінде:

демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау: сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін дүйсенбіден сенбіге дейін, бұл ретте, жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін және сенбіде сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін қабылдауды кезекші мамандар жүргізеді.

Алдын ала жазылу және қызметті жеделдетіп ресімдеу көзделмеген.

2) орталықта:

демалыс және Заңда белгіленген мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбі мен сенбіні қоса алғанда күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз;

қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде жүзеге асырылады.

  1. порталда – тәулік бойы.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш білдірген кезде осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініші мына құжаттармен бірге ұсынылады:

  1. жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтығын алғанға дейін оралман куәлігі;

  2. көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауылдық әкімдердің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғы үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеуге алу бөлімінің анықтамасы);

  3. зейнетақы және жәрдемақылар беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;

  4. өтініш пен қажетті құжаттарды үшінші адам тапсырған жағдайда – сенімхат;

  5. дербес деректері бар жеке тұлғаның немесе оның заңды өкілінің осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі.

Көрсетілетін қызметті алушы уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш білдірген кезде салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады;

порталда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпаратты алу жөніндегі электрондық сұрау нысанын толтырады.

12. Уәкілетті ұйымның бөлімшесіне немесе орталыққа өтініш білдірген кезде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданатын құжаттар пакетін растайтын құжат мемлекеттік қызметті тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон болып табылады.

13. Уәкілетті ұйым бөлімшесінің маманы немесе орталықтың қызметкері мына жағдайларда:

1) көрсетілетін қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағанда, осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді;

2) өтініш білдіру кезінде көрсетілетін қызметті алушыда төлем тағайындау немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін немесе жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындау фактісінің болуы анықталғанда осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама береді.

14. Мемлекеттік қызмет көрсетуде бас тартылады:

1) ерлерге 63 жасқа толғанға дейін;

2) әйелдерге:

2001 жылғы 1 шілдеден бастап – 58 жастан;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа толғанға;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа толғанға;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа толғанға;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60 жасқа толғанда;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа толғанға;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа толғанға;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа толғанға;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа толғанға;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа толғанға;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастар – 63 жасқа толғанға дейін.

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелегендерге – 53 жаста;


  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, уәкілетті ұйымның бөлімшелерінің, орталықтардың және (немесе) олардың қызметкерлерінің басшысына тікелей. Азаматтарды қабылдау кестесі мына интернет-ресурстарда: http://www.enbek.gov.kz; www.gсvp.kz; www.con.gov.kz орналастырылған;

  2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

  3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «сұрақ-жауап» бөліміне;

  4. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шағымдар мен ұсыныстар жәшігі арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, 6-кіреберіс мекен жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жүзеге асырылады.

16. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш беру себебі мен талаптары көрсетіледі.

  1. Жазбаша шағыммен жүгінген көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

  2. Қабылданған шағым «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде қаралады.

  3. Шағымды қарау нәтижелері туралы қызметті алушыға жазбаша түрде хабарланады.

  4. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.




  1. Өзге талаптар




  1. Жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсына орналастырылады;

  3. Консультациялық қызметтер мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы call-орталығының (1414) телефоны арқылы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі call-орталығының (1411) телефоны бойынша көрсетіледі.


__________________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

стандартына 1-қосымша


____________________________________ тағайындау туралы

(төлем түрі)
_____ хабарлама

20___жылғы «____»________________
Азамат ____________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні ______ жылғы «____»_________________

Тағайындау туралы шешім № _________ 20___жылғы «___»______________

Тағайындалған сома:_________(________________________________)______ (сомасы жазбаша)

20___ жылғы «____» __________ бастап


Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған
__________________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)

________________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша


___________________________________ тағайындаудан бас тарту туралы

(төлем түрі)
_____ хабарлама

20 ___ жылғы « ____» _____________
Азамат____________________________________________________________

(өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Туған күні 20___ жылғы «____» _______________

____________________________________________________

__________________________________________________________________

(негіздемені (себебін) көрсету)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

тағайындаудан бас тартылды.
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған

______________________________________________________________

(жауапты адамның лауазымы және ТАӘ)

___________________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша

^ Электрондық мемлекеттік қызметтің нысаны

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің

________________________________ бойынша бақылау

(облыс, қала атауы)

және әлеуметтік қорғау департаменті
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан базалық зейнетақы төлемін есепке ала отырып төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы

АҚПАРАТ

Азамат __________________________________________________________

(ТАӘ, туған күні)

__________________________________________ ______ жылғы «____»

(МО атауы)

_____________ № ___________ шешімімен __________ теңге мөлшерінде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі тағайындалды

Төлемді тағайындау күні _____ жылғы «____» _____________
Базалық зейнетақы төлемін тағайындаудан __________________________________________________________________

(бас тарту себебі)

бас тартылды

* штрих-код «ЗТМО» ААЖ алынған және Департаменттің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған деректерді қамтиды

Штрих-код содержит данные, полученные из АИС «ГЦВП» и подписанные электронно-цифровой подписью соответствующего Департамента

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша

Ауданның коды__________
Қазақстан Республикасы
__________________ облысы (қаласы)

бойынша
Бақылау және әлеуметтiк қорғау

департаменті
Өтiнiш
Азамат __________________________________________________________
                              (өтініш берушінің ТАӘ)

Туған күнi: ______ ж. «_____»________________

ЖСН: _____________________________

Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі: ______________________

Құжат сериясы: __________ Құжат нөмірі ___________ Кім берген:________

Берілген күні: ______ ж. «_____»________________

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы: _____________________________

Облыс ____________________________

қала (аудан) __________________ ауыл: ____________________________

көше (шағынаудан) ____________________________ үй ______ пәтер ______

Банк деректемелері:

Банктің атауы ______________________________________________________

Банк шотының № ________________________

Шот түрі: ағымдық __________________ карталық шот __________________

(қажетін сызу)
Маған _______________________________ (жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы төлем, мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы: мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша, жасына байланысты, №1, №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақы) тағайындауды (қалпына келтіруді) сұраймын. Әлеуметтік міндетті сақтандырудың қатысушысы болдым/болған жоқпын

қайтыс болған асыраушы әлеуметтік сақтандырудың қатысушысы болған/болған жоқ _______________________________

(қажетін сызу)
Ескертпе:
мемжәрдемақыға өтініш берген кезде мүгедектік тобы немесе асырауындағы жандардың саны көрсетілсін.

Бұрын зейнетақы немесе жәрдемақы басқа негіздемелер бойынша немесе басқа ведомстводан тағайындалғанын/тағайындалмағанын (қажет емесі сызылып тасталсын) хабарлаймын.

Басқа отбасында (қайтыс болған адамның) балалары: бар/жоқ (қажет емесі сызылып тасталсын).

Бір уақытта әртүрлі мемлекеттік жәрдемақылар алуға құқығым болған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз қалауым бойынша олардың біреуін ғана алуға құқылы екендігім туралы маған хабарланды.

Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде ҚР тыс жерге шығуым), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне 10 күн ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Орталықтың бөлімшесіне тапсыратын құжаттардың түпнұсқалығы үшін құқықтық жауапкершілікті көтеремін.

Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:


Р/с


Құжаттың атауы

Құжаттағы парақтардың саны

Ескертпе

1










2











Өтініш берушінің байланыс деректері:

телефоны __________ ұялы телефон ______________ Е-mail ____________
Берілген күні 20 __ ж. «____»_________ Өтініш берушінің қолы__________
----------------------------------------------------------------------------------------------------(қию сызығы)

Азамат ________________________________________ өтiнiшi қоса берілген құжаттармен бірге қабылданды, өтінішті тіркеу күні 20 __ ж. «___» ________
(қызметті алу күні өтінішті Орталықта тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні): 20 __ ж. «___» _____________

Зейнетақы немесе жәрдемақы тағайындау үшін қажетті құжат (құжаттар) жоқ екені анықталған жағдайларда қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі ұзартылады.

__________________________________________________________________
Құжаттарды қабылдаған адамның ТАӘ, лауазымы және қолы
Төленетін зейнетақы немесе жәрдемақы мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғуы мүмкін барлық өзгерістер туралы, сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығу), сауалнама деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Орталық бөлімшесіне хабарлауға міндеттенемін.

Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілдім _________________________________

(өтініш берушінің ТАӘ және қолы)

_______________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша
^ Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

ЖСН: ____________________________

Өтініш берушінің ТАӘ: __________________________________________

Туған күні: ______ ж. «____» _____________
«Мемлекеттік базалық зейнетақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.
20 ___ жылғы «____» ___________ Өтініш берушінің қолы _______________

____________________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша

(көрсетілетін қызметті алушының

ТАӘ не ұйымының атауы)

___________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «___» ___________ қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағын 1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, уәкілетті ұйымның бөлімшесі немесе «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №____ бөлімі (мекенжайын көрсету) ______________

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:

1) ________________________________________;

2) ________________________________________;

3) ….

ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалған.

_______________________________________ __________________

(уәкілетті ұйымның бөлімшесі маманының (қолы)

немесе ХҚКО қызметкерінің ТАӘ)

Тел._____________

Алдым: ________________________________ ____________________

(көрсетілетін қызметті алушының ТАӘ) (қолы)
20 ____ ж. «____» ___________

__________________________

«Мемлекеттік базалық

зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 7-қосымша

___________________________________ тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тарту туралы

хабарлама

20 ___жылғы « ___» _________________
Азамат _________________________________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Өтініш берген күні 20 ___ жылғы «____» ________________
_________________________________________________________ себебінен

(себебін көрсету)

__________________________________________________________________

(мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы)

тағайындауға өтініш қабылдаудан бас тартылды.
Хабарлама жауапты адамның ЭЦҚ-мен куәландырылған

_____________________________________ ____________________

(уәкілетті ұйымның бөлімшесіндегі немесе (ТАӘ)

ХҚКО-дағы жауапты адамның лауазымы)

________________________



Похожие:

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде ішінара автоматтандырылған
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» iconБазалық зейнетақы төлемін тағайындауға қажетті құжаттар тізбесі
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алу үшін тұрғылықты жері бойынша зтмо-ның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне мынадай құжаттар...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты
...
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» icon«Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Жерлеуге біржолғы төлемді тағайындау»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлеген орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов