Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі icon

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі



НазваниеЖүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі
страница2/3
Дата конвертации31.10.2014
Размер443.76 Kb.
ТипДокументы
источник
1   2   3



Алушының қайтыс болған күні (төлемдердің барлық түрлері бойынша)

^ 6. Бала тууға және бала күтімі бойынша жәрдемақылар тағайындау



Тегі



Аты



Әкесінің аты



Жынысы



Тегі мен атының транскрипциясы



Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)



Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, сериясы, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган



Мәртебесін растайтын деректер: шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, оралман куәлігі



Баланың (балаларың) туу туралы деректері



Неке қиюды (бұзуды) тіркеу туралы немесе некені тіркеу туралы актілік жазба деректері: некенің тіркелгенін растайтын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні



Балаға (балаларды) қамқоршылық (қорғаншылық) белгіленгенін немесе баланы асырап алғанын растайтын деректер



Банктік шоттың болуы туралы деректер: банктік шоттың ашылғанын растайтын құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, банктік шот ашылған банктің толық атауы, банктік шоттың иесі болып табылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шоты туралы мәліметтер



Тұрғылықты жері туралы деректер: тұрғылықты жерінің мекенжайы, облыстың, ауданның (қаланың), көшенің атауы, үйдің, пәтердің нөмірі, құжаттың нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган, тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы)

^ 7. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау

1

Тегі

2

Аты

3

Әкесінің аты

4

Тегі мен атының транскрипциясы

5

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

6

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: құжаттың атауы, құжаттың нөмірі, сериясы, құжаттың берілген күні, құжаттың қолданылу мерзімі, құжатты берген орган

7

Жәрдемақы алуға құқықты растайтын мәліметтер:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысының немесе мүгедегінің куәлігінде қамтылған мәліметтер;

2) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері үшін – наградаға берілген куәлікте және (немесе) Ұлы Отан соғысына қатысушының немесе мүгедегінің куәлігінде қамтылған мәліметтер;

3) «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдар үшін – «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілгенін растайтын құжатта қамтылған мәліметтер;

4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар үшін:

қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда Ұлы Отан соғысы кезінде қызмет атқарған әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары үшін – белгіленген үлгідегі куәлік немесе «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңына (бұдан әрі – 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заң) сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік әскерлері мен органдарының ерікті жалдама құрамаларының адамдары не тиісті кезеңде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдік шарттарымен зейнетақы тағайындау үшін еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін есептелетін қалаларда болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

Ұлы Отан соғысы кезінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдердің, штабтар мен мекемелердің құрамында полк баласы (тәрбиеленушісі) және теңізші бала ретінде болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында шетелдердің аумағында фашистік Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистік құрамалар құрамында қатысқан адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлікте қамтылған мәліметтер;

қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсіпшілік және көлік кемелерінің жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсібі комиссариатының, Теңіз және өзен флотының, Солтүстік теңіз жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезінде әскери қызметшілер жағдайына көшірілген және ұрыс майдандарының тылдағы шептері, флоттардың оперативтік жасау аймақтары шегінде майдандағы армия мен флот мүдделеріне орай міндеттер атқарған қызметкерлері, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезінде басқа мемлекеттердің порттарында тұтқындалған көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелері үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен әрі «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар үшін – «Ленинградты қорғағаны үшін» медаліне немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісіне қоса берілетін куәлікте немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақдастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары үшін – жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқын куәлігінде не екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлерде, геттоларда және басқа да еріксіз ұстау орындарында мәжбүрлеп ұсталғандығы туралы мұрағаттық анықтамада немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда: бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттің аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте, басқа мемлекеттің аумағында соғыс қимылдарына қатысқандығын растайтын әскери комиссариаттың анықтамасында немесе басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарына қатысқандығы туралы белгі соғылған әскери билетте, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткендігін растайтын құжатта және жараланғанын, контузия алғанын немесе зақымданғанын растайтын медициналық құжаттарда, ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарына қоса берілетін куәлікте қамтылған мәліметтер;

1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияның зардаптарын жоюға қатысушының куәлігінде немесе Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысқанын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын құжатта немесе әскери комиссариаттың немесе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық немесе әскери тағайындау объектілеріндегі радиациялық апаттардың зардаптарын жоюға қатысу фактісін растайтын, ядролық сынақтар мен оқуларға тікелей қатысқанын растайтын анықтамасында қамтылған мәліметтер;

5) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін:

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери міндетін өтеу кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер үшін – әскери қызметшілер қатарындағы мүгедек екендігі туралы куәлігінде (Кеңес Армиясы мүгедегінің жеңілдіктерге құқығы туралы), жараланғаны, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтамада, ұрыс қимылдарына қатысу фактісін растайтын әскери комиссариат анықтамасында немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

әскери міндетін орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде әскери міндетін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы туралы анықтамада, Ішкі істер органдарының, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің тиісті анықтамасында немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде Украин ССР-і, Беларусь ССР-і, Литва ССР-і, Латыш ССР-і, Эстон ССР-і аумақтарында іс-қимыл жасаған халықты қорғаушы, истребительдік батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет міндетін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтамада, ұрыс қимылдарына қатысу фактісін растайтын әскери комиссариаттың анықтамасында немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезінде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілер үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте, жаралануы, контузия алуы, зақымдануы, мүгедектігі туралы анықтамада, тиісті санатын және басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсету салдарынан мүгедек болуын растайтын құжатта немесе 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңға сәйкес жеңілдіктерге құқығы туралы белгі соғылған зейнеткерлік куәлігінде қамтылған мәліметтер;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалғандардың балалары үшін – белгіленген үлгідегі куәлікте, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының Чернобыль АЭС-індегі апаттың немесе басқа азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың салдарынан мүгедектігі туралы анықтамасында немесе Радиациялық әсерге байланысты аурудың себептік байланысын анықтау жөніндегі орталық ведомствоаралық кеңестің қорытындысында қамтылған мәліметтер;

6) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары мен қайтадан некеге отырмаған жесірлері үшін – әскери қызметшінің қайтыс болғандығы туралы куәлікте немесе хабарламада немесе қаза тапқандағы немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттың анықтамасында, әскери қызметшіге туыстық қатынасын растайтын құжатта (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтылған мәліметтер;

7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың, сондай-ақ қайтыс болған соғыс қатысушыларының, партизандардың, астыртын күрес жүргізгендердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталғандардың, жалпы ауру, еңбек жарақаты нәтижесінде және басқа себептермен (құқыққа қайшы келетіндерінен басқасы) мүгедек деп танылған азаматтардың қайта некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері) үшін – неке туралы куәлікте, жұбайының (зайыбының) қайтыс болғандығы туралы куәлікте, жұбайының (зайыбының) мүгедектігін растайтын құжатта қамтылған мәліметтері;

8) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қайтыс болғаны туралы хабарламада немесе куәлікте, әскери қызметшінің қаза тапқандығы немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттан алынған анықтамада, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжатта (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтылған мәліметтер;

бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қайтыс болғандығы туралы хабарламада немесе куәлікте, әскери қызметшінің бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқандығы немесе хабар-ошарсыз кету фактісі туралы әскери комиссариаттың анықтамасында, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжатта (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтылған мәліметтер;

қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары үшін – қаза тапқан (қайтыс болған) адамның қайтыс болғандығы туралы хабарламада немесе куәлікте, қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза табу фактісін растайтын ішкі істер органдарының анықтамасында немесе құжатта, қаза тапқан адаммен туыстық қатынасын растайтын құжатта (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері) қамтылған мәліметтер;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасылары үшін – қаза тапқан адамның қайтыс болғандығы туралы куәлікте, Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қайтыс болғанын растайтын құжатта, қаза тапқан адаммен туыстық қатысынан растайтын құжатта (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтылған мәліметтер;

Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе өлімі белгіленген тәртіппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердің, сондай-ақ азаматтардың отбасылары үшін – сәуле ауруына шалдығып қайтыс болған азаматтардың немесе қайтыс болған мүгедектің, сондай-ақ өлімі Чернобыль АЭС-індегі апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтың өлімі туралы куәлік, өлімнің радиациялық әсер ету салдарынан болғанын растайтын құжатта, қаза тапқан адаммен туыстық жақындығын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі);

9) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар үшін (осы Ережеге 5-қосымша) – белгіленген үлгідегі куәлікте немесе наградаға берілген куәлікте немесе мұрағат анықтамасында немесе марапаттау фактісі туралы жазбасы бар еңбек кітапшасында қамтылған мәліметтер;

10) 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар үшін – еңбек кітапшасында немесе 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттарда, 1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығында әскери қызмет кезеңі туралы мәліметтері бар әскери билетте немесе анықтамада қамтылған мәліметтер;

1941 жылғы 22 маусым 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы жұмысы туралы мәліметтері бар өзге де құжаттарға:

жұмыс орны, сондай-ақ мұрағат мекемелері берген жұмыс кезеңдері туралы мәліметтері бар құжаттар;

бұйрықтардан, жеке шоттар мен жалақы төлеуге арналған ведомостан үзінді көшірмелер;

коммунистік партия немесе кәсіподақ мүшелерінің мүшелік билеттері немесе есеп карточкалары;

қызметін бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес жүзеге асырып келген жұмыс өтілін белгілеу бойынша зейнетақы тағайындау жөніндегі комиссиялардың шешімдері;

сот шешімдері;

арнайы комиссиялардың шешімдері;

1998 жылға дейін берілген жеңілдіктерді алуға құқығы туралы куәлік;

фабрика-зауыт училищелерінде оқу фактісін растайтын анықтамалар жатады;

11) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар үшін – Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысушының куәлігі немесе Чернобыль АЭС-індегі аварияны жоюға қатысу фактісін растайтын құжат, балалардың туу туралы куәлігі;

12) I, II және III топтағы мүгедектер, оның ішінде 16-дан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектік топты белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;

13) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектікті белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамасы;

14) «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын, I және II дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар үшін – марапатталғанын немесе атақ алғанын растайтын құжаттар;

15) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) – балалардың туу туралы куәліктері, отбасы құрамы туралы анықтама, сондай-ақ балалардың оқу фактісі туралы жыл сайын берілетін оқу орындарының анықтамалары;

16) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар үшін – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органы аумақтық органының мүгедектік топты белгілеу туралы (белгіленген үлгідегі) анықтамалары, зейнеткерлік куәліктері, ақталған азаматтың куәліктері немесе прокуратура органдарынан немесе ішкі істер немесе ұлттық қауіпсіздік органдарынан алынған ақталғаны туралы анықтамалары немесе ақталғаны туралы соттың шешімі;

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – дербес зейнеткер куәлігі немесе Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы белгілеу жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындау туралы шешімінен үзінді көшірме.


8

Тұрғылықты жері туралы деректер: тұрғылықты жерінің мекенжайы, облыстың, ауданның (қаланың), көшенің атауы, үйдің, пәтердің нөмірі, құжаттың нөмірі, берілген күні, құжатты берген орган, тұрғылықты жері туралы мәлімет (мекенжай анықтамасы немесе ауылдық (селолық) округ әкімінің анықтамасы

9

Мүгедектігі туралы деректер: мүгедектік санаты, мүгедектік топтың коды, мүгедектік тобы, мүгедектіктің себебі, мүгедектікті белгілеу күні, белгілеу мерзімі

10

Банктік шоттың болуы туралы деректер: банктік шот ашылған банктің толық атауы, банктік шоттың иесі болып табылатын адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банктік шоттың нөмірі туралы мәліметтер
1   2   3



Похожие:

Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconЖүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің Тізбесі
Жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің атауы
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconДербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconДербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін оларға құжаттар ресімдеу» мемлекеттік...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconДербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Үйде оқитын мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етуді тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті менің дербес...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconДербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі icon«Федоров ауданыньщ ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының лауазымына біліктілік талаптары е-r-l санаты, (№01-1)
Р нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі icon«Алматы облысы әкімінің аппараты» мм мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарының жинағЫ
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі icon«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге кресло-арбаларды беру үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі icon«Мүгедектерге протездік- ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім
«Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті менің дербес...
Жүзеге асырылатын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесі iconІшкі әкімшілік бөлімінің негізгі функциялары
Басқармаға жүктелген функцияларды және міндеттерді орындау үшін жұмысты ұйымдастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов