«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



Название«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Дата конвертации07.01.2013
Размер212.26 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен    
бекiтiлген       

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру»
мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру (бұдан  әрi- мемлекеттiк қызмет) - жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық тексерудiң нәтижелерi бойынша жасалған, құқықтық кадастрды жүргiзу үшiн қажеттi, бастапқы немесе кейiнгi объектiнiң техникалық, сәйкестендiру сипаттамаларын қамтитын техникалық паспортты беру рәсiмi.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негiзiнде жүзеге асырылады.
       4. Мемлекеттiк қызмет мекен-жайлары осы стандартқа 1-1-қосымшада көрсетiлген «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлiк орталығы» республикалық мемлекеттiк қазынашылық кәсiпорындары және олардың филиалдары (бұдан әрi - уәкiлеттi орган), сондай-ақ мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - Орталық) арқылы балама негiзде көрсетiледi.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң аяқталу нысаны жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушылар) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушылар қажеттi құжаттарын тапсырған (тiркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш берген сәттен бастап:
      уәкiлеттi органға жүгiнген жағдайда:
      1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бес жұмыс күнi iшiнде берiледi;
      2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнiнiң iшiнде берiледi;
      3) алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт он бес күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi;
      4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап бiр айдың iшiнде берiледi;
      5) мерзiмдi одан әрi ұзарту өтiнiш берушiмен келiсiм бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауға тиiс;
      6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      7) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      Орталыққа жүгiнген жағдайда:
      1) пәтерлерге, жатақханалардағы бөлмелерге техникалық паспорт бес жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi);
      2) жеке тұрғын үйлерге, жеке гараждарға, саяжай құрылыстарына техникалық паспорт он жұмыс күнiнiң iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      3) алаңы 1000 шаршы метрге дейiн жылжымайтын мүлiктiң қалған объектiлерiне техникалық паспорт он бес күнтiзбелiк күн iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi);
      4) алаңы 1000 шаршы метрден асатын объектiлерге техникалық паспорт өтiнiш берушi жүгiнген күнiнен бастап бiр айдың iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттiк қызмет ұсыну мерзiмiне кiрмейдi);
      5) мерзiмдi одан әрi ұзарту өтiнiш берушiмен келiсiм бойынша объектiнiң күрделiлiк санатына қарай жүргiзiледi, бұл ретте жалпы мерзiм өтiнiш берушi жүгiнген күннен бастап үш айдан аспауға тиiс;
      6) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудiң рұқсат берiлген уақыты 30 минуттан аспайды.
      7) құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      8. Ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын мемлекеттiк техникалық тексеру үшiн ақы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады және оны ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың құрамдастарын техникалық тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар алады.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң интернет-ресурсында: www.minjust.kz. орналасады, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және осы стандарттың 1 және 1-1-қосымшаларына сәйкес уәкiлеттi органдардың және Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады.
      10. Уәкiлеттi органда демалыс және мейрам күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн оның жұмысын қамтамасыз ететiн кесте белгiленедi.
      Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Орталықтарда мемлекеттiк қызмет үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн ұсынылады, Орталықтардың филиалдары мен өкiлдiктерi үшiн мерекелiк және демалыс күндерiн қоспағанда, түскi асқа бiр сағаттық үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiнгi жұмыс кестесi белгiленедi.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртiбiнде, алдын-ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      11. Уәкiлеттi органда үй-жайлары бөлек кiру есiгi, күту залы, анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.
      Мемлекеттiк қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетiледi. Залда анықтама бюросы, күту үшiн креслолар, толтырылған бланк үлгiлерi бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкiндiктерi шектеулi тұтынушыларға қызмет көрсету үшiн жағдайлар көзделген.

^ 2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Жылжымайтын мүлiк объектiсiне техникалық паспорт алу үшiн жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң иесi (өзге құқық иеленушi) немесе оның уәкiлеттi өкiлi өзiнiң жеке басын куәландыратын құжатын және мынадай құжаттарды ұсынады:
      уәкiлеттi органға:
      1) белгiленген үлгiдегi сауалды;
      2) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      2-1) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты;
      3) жылжымайтын мүлiк объектiсi меншiк иесiнiң (өзге құқық иеленушiнiң) салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi;
      4) бұрын болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды (салынған объектiнi пайдалануға енгiзгенге дейiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар);
      5) техникалық паспортты бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты.
      Орталыққа:
      1) белгiленген үлгiдегi сауалды;
      2) өтiнiш берушiнiң (жеке тұлғаның) және өтiнiш берушiнiң уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
      2-1) өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжатты;
      3) жылжымайтын мүлiк объектiсi меншiк иесiнiң (өзге құқық иеленушiнiң) салық төлеушi куәлiгiнiң (салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi) көшiрмесi;
      4) бұрын болған жағдайда жылжымайтын мүлiктiң қолда бар техникалық паспортын және (немесе) жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бере отырып, жылжымайтын мүлiк объектiсiне құқық белгiлейтiн құжаттарды (салынған объектiнi пайдалануға енгiзгенге дейiн жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар);
      5) техникалық паспортты бергенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжатты.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      13. Уәкiлеттi органда бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады немесе құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта бланкiлер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
      14. Уәкiлеттi органда құжаттарды қабылдау оларда «терезенiң» арналуы мен атқаратын функциясы ақпарат iлiнген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ құжаттарды қабылдайтын қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Құжаттарды қабылдайтын қызметкер осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттарды орындауға берудi жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган құжаттар пакетiн алғаннан кейiн жылжымайтын мүлiк объектiсiн тексерудi және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын дайындауды жүзеге асырады.
      Орындалған құжаттар уәкiлеттi органның күту залында «терезе» арқылы берiледi.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткен кезде құжаттарды қабылдау оларда «терезенiң» арналуы мен атқаратын функциясы туралы ақпарат iлiнген «терезе» арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар Орталық қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексерудi, құжаттардың журналда тiркелуiн және құжаттардың жинақтаушы бөлiмнiң инспекторына табыс етiлуiн жүзеге асырады.
      Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды жинақтауды, тiзiлiмнiң жасалуын және уәкiлеттi органға жiберiлуiн жүзеге асырады.
      Орталық қоса берiлген құжаттармен бiрге өтiнiштердiң уәкiлеттi органға жеткiзiлуiн және керi алынуын осы өтiнiштердi қабылдаған күнi кемiнде 2 рет жүзеге асырады.
      Уәкiлеттi орган Орталықтан құжаттар пакетiн алғаннан кейiн:
      - жылжымайтын мүлiк объектiсiн зерттеудi;
      - жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспортын әзiрлеудi;
      - орындалған құжаттар тiзiлiмiн қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшiн Орталыққа жiберудi жүзеге асырады.
      Орындалған құжаттар уәкiлеттi органнан қолхатта көрсетiлген беру мерзiмi өткенге дейiн бiр күн бұрын Орталыққа түсуi тиiс.
      15. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк қызметтi көрсеткен жағдайда тұтынушыға:
      сауалдың нөмiрiн және қабылдау күнiн;
      сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрiн;
      жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекен-жайын (кадастрлық нөмiрiн);
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын;
      құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын;
      құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.
      Орталық арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсеткен кезде тұтынушыға:
      сауалдың нөмiрiн және қабылдау күнiн;
      сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрiн;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атауын;
      құжаттарды беру күнiн, уақытын және орнын;
      құжаттарды ресiмдеуге арналған өтiнiштi қабылдаған Орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      16. Уәкiлеттi органда дайын құжаттарды тұтынушыға берудi онда мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде құжаттарды берудi жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады.
      Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға берудi онда мерзiмi көрсетiлген қолхат негiзiнде «терезе» арқылы күн сайын Орталық инспекторы жүзеге асырады.
      17. Құжаттарды ресiмдеуде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағында көзделген құжаттар пакетi толық берiлмеген және құжаттар тиiсiнше ресiмделмеген кезде және жылжымайтын мүлiк объектiсiне қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде бас тартудың себептерiн көрсетiп, күту залының «терезесi» арқылы хабарлама бередi.
      Мемлекеттiк қызмет Орталық арқылы көрсетiлген кезде, құжаттарды ресiмдеу кезiнде қателiктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакетi толық берiлмеген және жылжымайтын мүлiк объектiсiне қол жеткiзу қамтамасыз етiлмеген жағдайда уәкiлеттi орган қызмет көрсетудiң белгiленген мерзiмi iшiнде Орталыққа кейiннен өтiнiш берушiге беру үшiн бас тарту себебiн көрсете отырып, хабарлама жiбередi.
      Жылжымайтын мүлiкке техникалық тексеру жүргiзуден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге қызмет көрсеткенi үшiн ақы төленгенiн растайтын құжаттың түпнұсқасы қайтарылып берiледi. Осы құжат техникалық паспорт алуға сұрау хатты қайта жiберген немесе уәкiлеттi органның төленген соманы қайтарып беруi үшiн ұсынылуы мүмкiн.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      18. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышын атқару кезiндегi заңдылықты сақтауға негiзделедi және әдептiлiк, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      19. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      20. Мемлекеттiк қызметтер көрсететiн мемлекеттiк органның, мекеменiң немесе өзге де субъектiлердiң жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәнiн жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекiтедi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      21. Мемлекеттiк қызметтi ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкiлеттi органның және Орталық қызметкерлерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
      22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкiлеттi органның немесе Орталықтың кеңсесi арқылы жұмыс күндерiнде қолма-қол қабылданады.
      Шағым уәкiлеттi орган мен Орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      23. Қабылданған шағым уәкiлеттi орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тiркеледi және он бес күнтiзбелiк күн iшiнде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргiзу қажет болған жағдайларда, қарау мерзiмi 30 күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Өтiнiш берушiге шағымды қарау нәтижелерi туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.

^ 6. Байланыс ақпараты

      24. Уәкiлеттi орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелерi осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкiлеттi орган мен Орталықтың жұмыс кестелерiне сәйкес айқындалады.
      Уәкiлеттi орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерiнде және уәкiлеттi орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетiлген.
      Орталықтар мен уәкiлеттi органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетiлген.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулысымен.
      25. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурсы:www.minjust.kz.

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң
техникалық паспортын беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

Р/с


Орталықтың атауы

Орталықтың орналасу мекен-жайы

Операциялық залдың телефон нөмiрi

Басшының телефон нөмiрi

1

Ақмола облысының ХҚО

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесi, 189 «а» үй

40-10-76

қабылдау бөлмесi
40-10-63

2

Ақтөбе облысының ХҚО

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 109-үй

56-40-34

қабылдау бөлмесi
56-57-87

3

Алматы облысының ХҚО

Талдықорған қаласы, Тәуелсiздiк көшесi, 67 «б» үй

24-31-10

қабылдау бөлмесi
24-41-33

4

Атырау облысының ХҚО

Атырау қаласы, Авангардская көшесi, 2-23 «б» үй

28-39-14

қабылдау бөлмесi
28-40-14

5

Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО

Өскемен қаласы, Белинский көшесi, 37 «а» үй

47-14-96

қабылдау бөлмесi
28-94-67

6

Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО

Семей қаласы, 408-орам, 21-үй

33-57-97

қабылдау бөлмесi
33-55-93

7

Жамбыл облысының ХҚО

Тараз қаласы, Қойгелдi көшесi, 158 «а» үй

43-84-15

қабылдау бөлмесi
43-84-14

8

Батыс Қазақстан облысының ХҚО

Орал қаласы, Жамбыл көшесi, 81-үй

23-67-16

қабылдау бөлмесi
23-68-81

9

Қарағанды облысының ХҚО

Қарағанды қаласы, Чкалов көшесi, 7-үй

41-63-03

қабылдау бөлмесi
41-63-10

10

Қостанай облысының ХҚО

Қостанай қаласы, Таран көшесi, 114-үй

53-45-74

қабылдау бөлмесi
54-10-20

11

Қызылорда облысының ХҚО

Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесi, н/ж

23-09-15

қабылдау бөлмесi
23-08-46

12

Маңғыстау облысының ХҚО

Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй

42-23-14

қабылдау бөлмесi
42-23-12

13

Павлодар облысының ХҚО

Павлодар қаласы, Павлов көшесi, 48-үй

33-47-54

қабылдау бөлмесi
33-47-35

14

Солтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Петропавл қаласы, Әуезов көшесi, 157-үй

33-21-12

қабылдау бөлмесi
33-31-03

15

Оңтүстiк Қазақстан облысының ХҚО

Шымкент қаласы, Мәделi қожа көшесi, н/ж

21-48-43

қабылдау бөлмесi
30-06-79

16

Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесi, 221-үй

378-09-10

қабылдау бөлмесi
378-09-09

17

Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Ходжанов көшесi, 9-үй

249-69-04

қабылдау бөлмесi
248-17-77

18

Алматы қаласы Жетiсу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-72

қабылдау бөлмесi
378-47-01

19

Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Марков көшесi, 44-үй

386-90-18

қабылдау бөлмесi
239-65-52

20

Алматы қаласы Түркiсiб ауданының ХҚО

Алматы қаласы, Зорге көшесi, 9-үй

234-09-27

қабылдау бөлмесi
234-09-35

21

Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Жұбанов көшесi, 2-үй

37-21-94

қабылдау бөлмесi
37-02-06

22

Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы, Күйшi Дина көшесi, 31-үй, 1,2,3 iүж

40-66-54

қабылдау бөлмесi
40-65-62

23

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО

Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй

32-07-13
32-46-97

қабылдау бөлмесi
32-42-79

24

Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО

Астана қаласы Тiлендиев даңғылы, 81, 85-үйлер

37-70-46

қабылдау бөлмесi
37-74-34

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң
техникалық паспортын беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-1-қосымша          

Р/с


Уәкiлеттi органның атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмiрi

Басшысының телефон нөмiрi

1

«Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесi, 9-үй

23-32-58

қабылдау бөлмесi
40-21-91

2

«Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесi, 108 «а» үй

55-73-13

қабылдау бөлмесi
55-73-07

3

«Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесi, 76-үй

27-33-93

қабылдау бөлмесi
27-33-91

4

«Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 96 «б» үй

45-15-19

қабылдау бөлмесi
45-15-34

5

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Өскемен қаласы, Буров көшесi, 51-үй

53-79-73

қабылдау бөлмесi
53-79-99

6

«Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Орал қаласы, Театральная көшесi, 16/2-үй

50-91-96

қабылдау бөлмесi
51-10-44

7

«Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Тараз қаласы, Төле би көшесi, 69-үй

45-56-48

қабылдау бөлмесi
45-58-22

8

«Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қарағанды қаласы, Ленин көшесi, 72/2-үй

56-51-34

қабылдау бөлмесi
56-56-63

9

«Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қостанай қаласы, Досжанов көшесi, 84-үй

50-62-87

қабылдау бөлмесi
50-63-45

10

«Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Қызылорда қаласы, Скатков көшесi, 96-үй

23-07-34

қабылдау бөлмесi
23-03-84

11

«Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй

50-45-26

қабылдау бөлмесi
50-76-11

12

«Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Павлодар қаласы, Есеналиев көшесi, 24-үй

32-19-86

қабылдау бөлмесi
32-03-24

13

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Петропавл қаласы, Көшеков көшесi, 10-үй

33-38-38

қабылдау бөлмесi
33-96-30

14

«Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Шымкент қаласы, Оспанов көшесi, 61-үй

54-12-72

қабылдау бөлмесi
53-50-53

15

«Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Алматы қаласы, Төле би көшесi, 155-үй

378-46-58

қабылдау бөлмесi
378-46-50

16

«Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлiк жөнiндегi орталық» республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны

Астана қаласы, Иманов көшесi, 149-үй

37-99-12

қабылдау бөлмесi
37-65-58

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң
техникалық паспортын беру»  
мемлекеттiк қызмет стандартына
2-қосымша          

^ Кесте. Сапа мен қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1. Уақтылылығы

1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесi)










1.2. Қызмет алу үшiн кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










2.2. Лауазымды адам дұрыс ресiмдеген (тiркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бiрiншi реттен тапсырған құжаттар % (үлесi)










3.3. Интернет арқылы қол жетiмдi қызметтердiң, ақпараттың % (үлесi)










^ 4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Қызметтердiң осы түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санына негiзделген шағымдардың % (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiздi шағымдардың % (үлесi)










4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмiне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесi)












Похожие:

«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы 2011 жылғы...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Ысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты iconҚазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру
Республикасы аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау жөнiнде анықтама беру
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса лғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Лiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) өтiнiш иесiне жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беру» мемлекеттiк қызмет стандарты
Жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi туралы анықтамалар беру (бұдан әрi мемлекеттiк қызмет) жылжымайтын мүлiктiң жоқ (бар) екендiгi...
«Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты icon«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру»
«Техникалық байқаудың халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы