Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»
страница8/13
Дата конвертации31.10.2014
Размер2.85 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
      Бағдарлама кезеңдерге бөлінбей 2015 – 2019 жылдары іске асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде:
      1) өңірлер экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру;
      2) елдің аумақтық және қалақұрылысының дамуын жетілдіру;
      3) қоршаған ортаның жай-күйін, тұрғын үй қорын коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жақсартуды қоса алғанда, халықтың тұруына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
      4) халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету;
      5) халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу бойынша міндеттерді шешу көзделген.
      Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған осы міндеттер жоғары деңгейде урбандалған аймақтарды қарқынды дамытудың, халықтың тіршілігі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етудің, адамдар мен капиталдың перспективалық аудандар мен:
      1) «бірінші деңгейдегі» қалалардың (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялардың);
      2) «екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей және Түркістан қалаларының);
      3) «үшінші деңгейдегі» қалалардың (шағын және моноқалалардың);
      4) тірек ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдық аумақтардың;
      5) шекара маңындағы аумақтардың басым өсу нүктелерінде аумақтық шоғырлануын қамтамасыз етудің негізінде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламада көзделген міндеттерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін жобаларды қайтарымды қаржыландыру, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы қайтарымды қаржыландыру тетіктері қолданылады.
      1. «Бірінші деңгейдегі» қалаларды (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар) дамыту
      Қалалық агломерацияларды дамыту бойынша міндеттерді іске асыру:
      1) республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау;
      2) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту;
      3) қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
      1. Республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау.
      Осы бағыт шеңберінде Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының кәсіпкерлік ахуалын жақсартудың және имиджін жаңартудың мақсатқа бағдарланған саясаты әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын болады (Дублин, Дубай, Үрімші қалалары мысалында).
      Агломерацияларда бизнесті жүргізу тартымдылығын айқындайтын факторлар білікті жұмыс күшінің болуы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарықтарына жоғары қолжетімділік, өңір мен әлемнің ең ірі қалаларымен дамыған көліктік және телекоммуникациялық байланыстар, қалалардың ішінде қозғалу жеңілдігі, қолайлы кәсіпкерлік ахуал, өмірдің жоғары сапасы және қоршаған ортаның тазалығы, тілдік қол жетімділік болып табылады.
      Осы факторларды іске асыру дәрежесі бойынша Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар өзінің даму стратегиялары шеңберінде өңірге көрші елдердің  жақын орналасқан ірі агломерацияларымен табысты бәсекеге түсе алады.
      Агломерцияларды дамытуды қолдау экономикалық белсенділік және инвестициялық тартымдылықтың өсуін ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде инфрақұрылымдардың барлық түрлерін (инновациялық, инженерлік, әлеуметтік, көлік-коммуникациялық және басқа) дамытуға арналған инвестициялар, сондай-ақ ұлттық холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі – ӘКК) инвестициялары есебінен жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, осы агломерациялардың жоғары ұйымдастырылған шоғырлану ортасын құру және оларды жаңа рөлде орнату үшін мыналар көзделетін болады:
      1) агломерацияларда және оларға тартылатын аумақтарда көп функционалды аймақтарды қалыптастыру:
      жалпы ұлттық және перспективада, орталық азиялық дистрибуция (сауда және көрсетілетін қызметтер);
      перспективада өңірдегі ең ірі сауда-логистикалық орталықтарды (мысалы, Сингапур, Гонконг), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көлік-логистикалық және процессинг қызметтері;
      технологиялар трансферті: жалпы стандартты технологиялардың импорты, ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған жетекші шетел компанияларының процессинг орталықтарын ашу (филиалдар, бірлескен ұйымдар);
      инновациялық дамыту (Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мысалында), яғни білім беру-инновациялық, бизнес-технологиялық және қолдау кешендерін біріктіретін өңірлік инновациялық жүйелер орталықтары;
      азық-түлік мамандануы (азық-түлік белдеуі);
      халықаралық қаржы орталығы;
      2) ірі мемлекеттік жобаларды іске асыру, оның ішінде қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі арқылы (мысалы, «Назарбаев Университетінің», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, G4 City серіктес қалаларының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы сияқты және басқа да жобалар);
      3) қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық парктерді, инновациялық өсу аймақтарын, өнеркәсіптік алаңдарды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын қалыптастыру;
      4) халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, ең ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын қалалық агломерациялар орталықтарында орналастыруды ынталандыру;
      5) мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген құралдарды қолдану («Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», туризмді, көлік және коммуникацияны және басқаларды дамыту).
      Белгіленген іс-шараларды іске асыру агломерациялар аймағына кіретін әкімшілік аумақтарды қамтуды көздейді, ол бір жағынан оларды дамытуға түрткі болады, екінші жағынан басқаруды үйлестіру (өңірліктен жоғары реттеу), шектес өңірлердің біріккен іс-шараларын өткізу (кооперативтік жобалар) қажеттілігіне алып келеді.
      2. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту
      Осы бағыт шеңберінде агломерацияларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар оларды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде қабылданатын болады. Агломерациялар ішінде көліктік коммуникацияларды жеңілдету және олардың қоршаған аудандармен және түйінді нарықтармен байланысын жақсарту, сондай-ақ кросс-агломерациялық көліктік инфрақұрылымдарды дамыту аумақтарды агломерациялық дамытудың маңызды алғышарты болып табылады. Бұдан басқа, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолын салу сияқты және басқа да халықаралық жобаларды іске асыруды ескере отырып Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерацияларды дамыту:
      1) елдің тірек қаңқасын құруды;
      2) елдің әлемдік шаруашылық жүйемен үйлесімді кіріктірілген экономикалық белсенділіктің өсуіне жағдай жасауды және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістік қалыптастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Елдің тірек қаңқасын және бірыңғай ішкі экономикалық кеңістігін қалыптастырудың міндетті шарты ретінде агломерациялардың бір-бірімен көліктің жүрдек түрлерімен, коммуникациялық инфрақұрылымның барлық кешенімен байланысы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте озық инновациялық және технологиялық шешімдерді қолдана отырып (әлемдік үрдістерді ескере отырып) өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, телекоммуникациялық, су шаруашылығы, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымдарды үйлестіре дамыту жолымен агломерациялар халқының тыныс-тіршілігі үшін қолайлы орта құру (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) қамтамасыз етілетін болады.
      Қалалық агломерациялардың инфрақұрылымын (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) үйлестіре дамыту:
      1) мыналар:
      полимагистральдардың оңтайландырылған желілерінің құрылысы;
      көліктің жаңа жүрдек түрлерін енгізу (жүрдек рельсті көлік);
      агломерациялар шегінде қаламаңы және қалаішілік қатынас жүйелерін реконструкциялау арқылы ықпалдастырылған көлік жүйесін;
      2) мыналарды:
      кең жолақты (цифралық тепе-теңдік) қолжетімділікті енгізудің жоғары дәрежесін қамтамасыз ету;
      желілердің жылдам таратылу және ауыстырылу мүмкіндігін (сымсыз технологиялар) қамтамасыз ету арқылы ақпараттық коммуникацияны;
      3) мыналарды:
      энергия және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;
      «жасыл белдеулер» және саябақ аймақтарын дамыту;
      экологиялық таза көлікті пайдалану;
      өндірістерді қалалардың сыртына шығару арқылы «жасыл экономиканы» құруды көздеуі тиіс.
      Тұтастай алғанда, адамның өмір сүруіне жоғары урбандалған орта құру, бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау, Smart City («ақылды қала», яғни агломерация білім аумағы ретінде) стратегиясын іске асыру қажет.
      Қалалық агломерациялар халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы апаттарға жол бермеу жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Осылайша, селге қарсы дамбаларды салу, су тасқыны қаупі бар өзендердің түбін тереңдету, арналарын кеңейту және күшейту арқылы селге қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады, сондай-ақ мыналар:
      1) жаңа өрт деполарын салу және қолданыстағы өрт деполарына күрделі жөндеу жүргізу;
      2) әлеуметтік және өндірістік маңызы бар объектілерді, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар объектілерді өрт автоматикасы қондырғыларымен жабдықтау;
      3) өртке қарсы су жабдықтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы агломерацияларды тиісті өртке қарсы қорғау қамтамасыз етілетін болады.
      Инженерлік-қорғау құрылыстарын салу және ғимараттар мен құрылыстарды сейсмологиялық күшейтуді жүзеге асыру арқылы селге, көшкінге, қар көшкініне, жер сілкіністеріне қарсы тұру инфрақұрылымы құрылатын болады.
      3. Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру.
      Агломерацияларды үйлесімді дамыту үшін агломерациялық дамытуды әкімшілік-аумақтық басқару құралдарын жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
      Қазақстан Республикасының агломерациялық құрылымдарының әртүрлі әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуына байланысты, олар мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы қатынастарды құрудың сараланған моделін талап етеді. Бұл ретте агломерацияны басқару модельдерін қалыптастырудың маңызы зор. Осыған байланысты:
      1) Астана және Алматы агломерацияларына қатысты Астана, Алматы қалалары, Ақмола және Алматы облыстары әкімдіктерінің арасындағы шарттық қатынастар негізінде, сондай-ақ Үкімет жанынан осы агломерациялардың дамуына жауапты комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру;
      2) Шымкент, Ақтөбе агломерацияларына қатысты облыс әкімдіктері деңгейінде, сондай-ақ арнайы облыстық комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру көзделеді.
      Агломерацияларды дамыту жөніндегі өңірлік және салалық бағдарламаларды үйлестіру мақсатында:
      1) Үкіметтің қаулыларымен (Астана және Алматы агломерациялары бойынша) және облыстық мәслихаттар шешімдерімен (Шымкент, Ақтөбе агломерациялары бойынша) бекітілетін агломерацияларды дамыту жөніндегі өңіраралық іс-шаралар жоспарларын;
      2) тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерін әзірлей отырып, өңірлердің біріктірілген үш орталығы бойынша (орталық, оңтүстік, батыс) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын;
      3) жоғарыда көрсетілген өңіраралық іс-шаралар жоспарларын қала құрылысы құжаттарымен байланыстыру мақсатында агломерацияларды аумақтық дамытудың ұзақ мерзімді кезеңге арналған өңіраралық схемаларын әзірлеу көзделеді. Бұл құжаттар:
      агломерацияны дамытуда өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіруді (өйткені, бұл бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты);
      агломерация аумағын барынша нақты функционалдық аймақтарға бөлуді;
      жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервте қалдыру арқылы ерекше қала құрылысын реттеу аймақтарын белгілеуді (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральды инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалар);
      орталық-қаланы, қала маңын, тартылу аймақтарын үйлестіре дамытуды қамтамасыз етуі тиіс.
      Қала құрылысы саясатын жетілдіру бос аумақтарды игеру, сондай-ақ бар алғышарттар (экономика-географиялық жағдай және табиғи-ресурстық әлеует) негізінде агломерациялардың тірек қаңқасын айқындау есебінен агломерациялар өзегінің аумақтық кеңістігінің өзгеруін ескере отырып, қалалардың және оның маңындағы елді мекендердің бас жоспарларын қайта қарауды көздейді.
      Агломерациялардың тірек қаңқаларын айқындау кезінде табиғи (су тасқыны, сел, жер сілкінісі қаупі), техногендік (өнеркәсіптік объектілердегі апаттар), экологиялық, көліктік, ресурстық және басқа (мысалы, қалалардағы қылмыс деңгейі) қауіптердің болуы және бар қауіптерді есепке алу маңызды болып табылады. Атап айтқанда, мысалы Алматы агломерациясын Қапшағай қаласы жағына тас жолдың бойымен солтүстікке қарай дамыту Рихтер шәкілі бойынша сейсмикалық қауіпті автоматты түрде 9-дан 6–7 балға азайтады.
      Агломерациялардың аумақтарын тиімді дамыту Қазақстан Республикасының аумағын, оның ішінде агломерация аумағын тиімді қала құрылысы жоспарлау бойынша міндеттерді іске асыру кезінде мүмкін.
      Бұл ретте, ақпараттық көздің бар болуы өңірлерді  аумақтық дамытуды мемлекеттік жоспарлау кезінде қажетті элемент болып табылады, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы осындай ақпарат көзі мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болып табылады.
      Осы бағыттағы жұмыс мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) өңірлердің біріктірілген 3 орталығы бойынша (орталық, оңтүстік, батыс) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу;
      2) агломерацияны аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеу;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесін құру және қалыптастыру.
      Агломерацияларды дамыту бойынша мемлекеттік қолдау басымдықтары.
      «Өсу полюстері» саясатының контекстінде Қазақстан үшін инновациялық өндірістерді қалыптастыру мен дамыту үшін ғылыми, зияткерлік, кадрлық және инфрақұрылымдық әлеуетке ие агломерациялардың дамуын қолдау барынша өзекті міндет болып табылады. Сондықтан агломерациялардың дамуын қолдау жөніндегі міндеттер басым болып табылады және бөлінетін қаражаттың қомақты көлемін талап етеді.
      Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бұдан әрі – БИЖ) іске асыру кезінде мынадай басымдықтар бойынша мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.
      1-басымдық. Көліктік қолжетімділікті арттыру және халықтың «маятникті» еңбек көші-қоны мен тиімді жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау.
      Агломерацияларда іске асырылатын мынадай БИЖ қаржыландыруға жатады:
      1) халықтың «маятникті» еңбек көші-қонын қалыптастыру (жәрдемдесу) үшін агломерациялық құрылымдар ішінде жол желілерін дамыту бойынша;
      2) облысішілік көлік коммуникацияларын салу мен жаңғырту бойынша.
      Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      2-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері)
      Уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен агломерациялардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газ-, жылу-, электрмен жабдықтау жүйелері) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға жатады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде агломерацияларға көліктік қолжетімділікті арттыруға және оларда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1 және 2-басымдықтар бойынша мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық берілетін болады:
      1) жобаны іске асырудан алынатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің мыналардан:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      жол жүру уақытының қысқаруынан;
      қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;
      коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;
      жұмыссыздық деңгейін төмендетуден көрініс табатын мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
      3-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу
      Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделеді:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй;
      2) ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:
      халықтың барлық санаттары үшін;
      жас отбасылар үшін;
      3) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі;
      4) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі;
      5) авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй;
      6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу;
      Осы басымдықты іске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
      4-басымдық. Тұрғын үй қорын жаңғырту (терможаңғырту)
      Бағдарлама шеңберінде агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылға 14 %-дан 9 %-ға дейін азаяды.
      Іске асыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
      5-басымдық. Индустрияландыру, АӨК туризм және энергияның  баламалы көздері саласындағы ірі өңірлік жобалар үшін инфрақұрылымды дамыту.
      5-басымдықтың шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетуде республика үшін барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін агломерацияларда іске асырылатын БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.
      Қаржыландыруға ірі бизнес жобаларды іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және жүргізу жөніндегі БИЖ жатады.
      Инфрақұрылымды салу мен тарту бірнеше бизнес жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санынан көрініс табатын мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      Бағдарлама шеңберінде баламалы энергия көздерінің инфрақұрылымын дамыту жобалары бойынша қаражат бөлу агломерациялардың ықпал ету аймағында орналасқан АЕМ-де, сондай-ақ:
      1) коммуналдық және өндірістік мақсаттар үшін электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында фермерлік шаруашылықтар (жұмыс істеп тұрған және жаңадан құрылатын);
      2) агломерацияның ықпал ету аймағында – энергиямен жабдықтаудың негізгі және/немесе резервті көздері ретінде АЕМ;
      3) вахта (уақытша) кенттері;
      4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар жерлер үшін жаңартылатын энергия көздерінің бір түрінен көп энергия өндірісі үшін пайдаланылатын гибридті қондырғыларды қоса алғанда, бастапқы жаңартылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн және басқа да энергиясы) электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін қондырғылар сатып алу мен монтаждауға (қоса қаржыландыру түрінде көмек) бағытталатын болады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан көрініс тапқан мөлшері;
      2) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      6-басымдық. Қалалардағы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту.
      6-басымдық бойынша қаражатты бөлу агломерацияларда іске асырылатын қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде:
      1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату;
      2) атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту;
      3) салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында кешенді энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.
      Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы Бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, су ресурстарын дамыту жөніндегі бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 6-басымдық жөніндегі БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      атмосфераға зиянды заттардың шығындыларын төмендетуден;
      ластаушы заттар төгінділерінің деңгейін төмендетуден;
      қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғайтудан;
      энергия үнемдейтін технологиялар енгізуден;
      өнім өндіру көлемінің өсімнен;
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан көрініс табатын жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
2. «Екінші деңгейдегі» қалаларды (облыс орталықтарын, Семей және
Түркістан қалаларын) дамыту
      «Екінші деңгейдегі» қалаларды дамыту бойынша міндеттерді іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) Кеден одағы нарықтарында «екінші деңгейдегі» қалаларды экономикалық позициялау;
      2) агломерация аймағына кірмейтін «екінші деңгейдегі» қалалардың  (облыс орталықтарының, Семей мен Түркістан қалаларының) аумағын тиімді қала құрылысын жоспарлау;
      3) «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді дамыту.
      1. «Екінші деңгейдегі» қалаларды Кеден одағы нарықтарында экономикалық позициялау.
      Облыс орталықтарын тиімді экономикалық дамыту және олардың облыстың бүкіл аумағы үшін «локомотив» ретіндегі рөлі қазақстандық нарықта, сол сияқты Кеден одағы  аумақтарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге «тауаша» іздестірумен байланысты болады.
      Жергілікті атқарушы органдардың өңірлердің ғылыми қоғамдастықтарымен бірлесе отырып, Кеден одағының кеңістігінде өз брендтерін («фишкаларын») іздеу бойынша маркетингтік зерттеулерді жүргізуі аса қажет. Қала кәсіпорындарының кедендік шекаралары жоқ ортақ экономикалық кеңістікке  шығуы бойынша өңірлік деңгейде шаралар қабылдау қажет. Сыртқы нарықтарға шықпай облыстардың экономикасы дамуы мүмкін емес.
      Біздің елдің іскерлік климатын, салықтық артықшылығын ескере отырып, жергілікті атқарушы органдар да облыстардың кәсіпорындарына инвестицияларды тартуға міндетті.
      Индустриялық-инновациялық дамудың инфрақұрылымын – технопарктерді, индустриялық аймақтарды дамыту жөнінде шаралар қабылданады. Осы процесте ӘКК, «Даму» КДҚ жетекші рөл атқаруға тиіс.
      2. Агломерация аймағына кірмейтін «екінші деңгейдегі» қалалар аумақтарында (облыс орталықтарын, Семей және Түркістан қалаларын) тиімді қала құрылысын жоспарлау.
      «Екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарын, Семей және Түркістан қалаларын) бас жоспарларын түзету осы қала құрылысы жоспарларының жобалық есептік мерзімі 5 жылды, ал перспективалық есептік мерзімі 10 – 15 жылды құрауына байланысты және осы кезеңде аталған қалалар бойынша қала құрылысы жағдайы қала құрылысы саясаты өзгергендіктен түбегейлі өзгеруі мүмкін.
      3. «Екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді дамыту.
      Облыс орталықтарына шалғайдағы ауылдық аудандардан халықтың көшіп келуін ескере отырып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды барабар дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет.
      Халықтың қалың жігі үшін қолжетімді тұрғын үй салу бойынша шаралар қабылданады.
      Облыстар ішінде және оның сыртында көліктік байланыс жүйелерін жетілдіру бойынша шаралар қабылданады.
      «Жасыл экономиканы» дамыту бойынша шаралар қабылданады.
      «Екінші деңгейдегі» қалаларды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары.
      1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
      Уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ қаржыландыруға жатады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған БИЖ-ді қараған кезде «екінші деңгейдегі» қалаларға көліктік қолжетімділікті арттыруға және оларда инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған 1-басымдық бойынша мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      жол жүру уақытының қысқаруынан;
      қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;
      коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;
      жұмыссыздық деңгейінің төмендеуінен, өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтыған адамдар санының қысқаруынан көрініс табатын мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
      2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу
      Бағдарламаның шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделеді:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй;
      2) ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй;
      3) жас отбасылар үшін тұрғын үй;
      4) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі;
      5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі;
      6) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
      Осы басымдықты іске асыру тетіктері 2-қосымшада көрсетілген.
      3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту
      Бағдарлама шеңберінде агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылға қарай 7,8 %-дан 5 %-ға дейін азаяды.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
      4-басымдық. Индустрияландыру, АӨК және туризм саласындағы ірі өңірлік жобалар үшін инфрақұрылым дамыту.
      4-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.
      Қаржыландыруға ірі бизнес жобаларды іске асыру үшін инженерлік-көлік инфрақұрылымын (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және жүргізу жөніндегі БИЖ жатады.
      Инфрақұрылымды салу мен жүргізу бірнеше бизнес жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:
      1) бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне БИЖ-ді іске асырудан болатын жиынтық әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      өңірде құрылған тұрақты/уақытша жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көрсетілетін қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санынан көрініс тапқан мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      5-басымдық. Қалаларда қоршаған орта жағдайын жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.
      5-басымдық бойынша қаражат бөлу қоршаған орта жағдайын жақсарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде:
      1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;
      2) атмосфералық ауа жағдайын жақсарту бойынша;
      3) салынып жатқан және бар коммуналдық тұрғын үй қорына энергияны үнемдейтін және экологиялық (жасыл) кешенді технологияларды енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталады.
      Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, су ресурстарын дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 5-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеуінен;
      ластаушы заттар төгінділері деңгейінің төмендеуінен;
      қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесінің ұлғаюынан;
      энергия үнемдейтін технологиялардың енгізілуінен;
      өнім өндіру көлемінің өсімінен;
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан көрініс тапқан жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларды (шағын және моноқалаларды) дамыту
      Бағдарлама шеңберінде шағын және моноқалаларды дамыту бойынша міндеттерді шешу үш бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) шағын және моноқалалардың брендингі, олардың кешенді даму жоспарларын әзірлеу;
      2) шағын және моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту;
      3) шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту.
      Осы бағыттарды іске асыру үшін уәкілетті органдар нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті орган мен облыс әкімдерінің арасында Бағдарламада айқындалған шағын және моноқалаларды дамыту бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша нәтижелер туралы келісімдер жасалады.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2-кесте) моноқалаларды экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен қалаларға топтастыру жүргізілді, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де сараланады.
5-кесте. Әлеуметтік-экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен шағын және моноқалаларды айқындау критерийлері



Р/с №

Шағын және моноқала перспективалылығының критерийлері

Шағын және моноқала перспективасыздығының критерийлері

1.

Қаржылық-шаруашылық қызметінің оң көрсеткіші, тұрақты табиғи-шикізат факторы бар (кен базасының сарқылу қаупі жоқ, шығарылатын өнімге тұрақты сұраныс және т.б.) ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның болуы:
өндірудің ағымдағы деңгейінде келешекте 25-30 жылдарғы перспективада пайдалы қазбалар қорларының болуы;
ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорынның өніміне тұрақты сұраныстың болуы және өндіріс көлемін төмендететін факторлардың болмауы

Қаланың ірі не негізгі (қала құраушы) кәсіпорнында өндіріс көлемінің азаюы және оның өнімінің бәсекеге қабілетсіздігі:
ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорында өндіріс көлемінің соңғы 10 жылда айтарлықтай азаюы

2.

Қаланың облыстық немесе республикалық маңызы бар ірі қалаға жақын, агломерация құрамында, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта (мемлекеттік шекара сызығына тікелей жақын) орналасуы

Ірі қалалардан, агломерациялардың ықпал ететін аймағынан және халықаралық және республикалық деңгейдегі негізгі көліктік дәліздерден алыс орналасуы (радиусы 75 км алыс немесе 1-сағаттық қолжетімділікте):
шағын қаланың тұйықта орналасуы (республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының және теміржолдардың болмауы);
қаланы басқа қалалармен және өңірлермен байланыстыратын көліктік инфрақұрылым өте тозған күйде

3.

Қаланың логистикалық инфрақұрылымды (теміржол станциялары, қоймалар)  ұйымдастыру мүмкіндігі бар ірі көліктік дәліздердің қиылысында (республикалық маңызы бар темір және автомобиль жолдары бойында) орналасуы



4.

Қалада бірегей әлеуеттің (табиғи-ресурсты, географиялық, тарихи):
қалаға тікелей жақын орналасқан, игеру мен қайта өңдеуге перспективасы бар пайдалы қазбалар қорларының;
басқа әлеуеттердің (туристік, рекреациялық, бірегей қорық аймақтарының), ғылыми және инновациялық әлеуеттің болуы

Қорлары сарқылған минералды-шикізаттық база:
кенде пайдалы құрамдауыштың төмендеуі;
соңғы 10 жылда қала құраушы кәсіпорындағы өндіріс көлемінің едәуір қысқаруы

5.

Дамыған әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылым болған кезде қаланың мемлекеттік, білім беру, медициналық, инфрақұрылымдық, көліктік-логистикалық, қаржы-делдалдық, мәдени-бос уақыт, дене шынықтыру-спорттық және өзге сервистік қызметтерді, оның ішінде іргелес ауылдық аумақтарға көрсету қабілеті

Әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымның апатты тозуы: авариялық тұрғын үйлердің жоғары үлесі;
су, электр, жылу инфрақұрылымының тозуы 80 %-дан асады

6.

Белсенді жұмыс істейтін шағын кәсіпорындардың үлесі:
қалада дамыған шағын және орта кәсіпкерліктің болуы (қызмет көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібінде және басқалары)



7.

Кадрлық әлеует:
қалада жоғары білікті техникалық, оның ішінде қала құраушы кәсіпорында, оның ішінде ірі немесе негізгі (қала құраушы) кәсіпорында жұмыс істеп жатқан мамандардың болуы

Қала халқының тұрақты кетуі (санының азаюы):
соңғы 10 жылдағы көші-қон сальдосының теріс серпіні (халық санының азаюы негізінен жоғары білікті еңбекке қабілетті халық есебінен іске асады)

8.

Жағымды экологиялық жағдай:
- экологиялық апат аймақтарынан тыс экологиялық нормалардан жоғары асатын ластану көздерінің болмауы

Қолайсыз экологиялық жағдай:
қала аумағының экологиялық апат аймағында орналасуы және экологиялық нормалардан жоғары ластағыш көздердің болуы

9.

Қала халқының жалақысы республикалық деңгейден төмен емес

Халықтың жалақысы орташа облыстық көрсеткіштерден төмен


      5-кестеде көрсетілген, перспективалылық жағдайы (критерийлері) жоқ немесе оларды іске асыру мүмкіндігі жоқ шағын қала экономикалық әлеуеті жоғары қалаға жатпайды.
      5-кестеде көрсетілген, перспективасыздық критерийлеріне сәйкес келетін шағын қалалар экономикалық әлеуеті төмен қалаларға жатады.
      5-кестеде көрсетілген критерийлерге сәйкес экономикалық әлеуеті жоғары немесе төмен қалалардың қатарына кірмеген шағын қалаларды облыс әкімдіктері экономикалық әлеуеті орташа елді мекендердің тізіміне енгізеді.
      1. Шағын және моноқалалар брендингі, оларды кешенді дамыту жоспарларын (бұдан әрі – КДЖ) әзірлеу.
      Аталған бағыт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар университеттерді не өзге ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарды тарта отырып, әрбір шағын қаланың даму перспективалары бойынша жүйелі диагностика мен маркетингтік зерттеулер жүргізеді, оның аясында шағын қаланың экономикалық әлеуеті, оның дамуына жағымсыз әсер ететін факторлар, сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталады.
      Осы Бағдарламада «шағын және моноқала брендингі» деп шағын және моноқаланың аумағында қалыптастыру (іске асыру) үшін әлеуетті ықтимал және қалыптастырылып жатқан (іске асырылып жатқан) және оған әлеуетті оң имиджді құратын не құрып жатқан (онымен байланыстыратын) табысты және тиімді қызмет түрлерін анықтау құралдары түсініледі.
      Мемлекеттік қолдау шағын және моноқаланың әлеуетін барынша іске асыруға бағытталады.
      Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Экономикалық әлеуеті төмен шағын және моноқалаларға инфрақұрылымды өмір сүру сапасының ең аз қажетті деңгейінде ұстау үшін Бағдарламаның ағымдағы бюджетінің шеңберінде қолдау көрсетіледі. Әлеуеті орташа және жоғары шағын және моноқалаларға одан жоғары санатқа жоғарылату немесе олардың әлеуетін толық пайдалану үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау (даму бюджетін қоса алғанда) көрсетіледі.
      Бұдан басқа, агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін шағын және моноқалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта орналасқандарға Қазақстанда агломерациялар мен шекара маңы аумақтарын дамыту бойынша жалпы мемлекеттік саясат шеңберінде өнеркәсіптік, әлеуметтік және өзге әлеуетті (брендингті және қаланың айқындалған перспективалы мамандануларын қоса алғанда) дамыту бойынша ерекше қолдау көрсетіледі.
      Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдауды үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      Осы бағытты іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар шағын және моноқалалар КДЖ әзірлейді, олардың негізінде жүргізілген маркетингтік зерттеулердің және қаланың жүйелі диагностикасының нәтижелері жатыр.
      Маркетингтік зерттеу шағын қаланы дамытудың перспективалық және шығыны аз бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді және мыналарды қамтиды:
      1) қаланың SWOT-талдауын жүргізу, яғни оның басымдықтарын, кемшіліктерін және тиісінше қауіптері пен мүмкіндіктерін бағалау. Нәтижесінде қаланың ағымдағы жағдайына кешенді баға беріледі;
      2) қала имиджін жақсарту (брендтеу), қаланың экономикалық проблемаларын шешуде жеке және қоғамдық секторлар күштерін шоғырландыру жөніндегі шараларды айқындау, жергілікті билікке және өмір сүруге және инвестицияларға арналған жер ретінде қалаға сенімді арттыру;
      3) мақсатты маркетинг жөніндегі іс-шаралар кешенін әзірлеу мақсатында барынша маңызды сыртқы нарықтарды және шағын қала брендін тұтынушылардың мақсатты тобын анықтау және бағалау, осы іс-шараларды іске асыру орта мерзімді перспективада қала имиджін айтарлықтай жақсартуға және қажетті ресурстарды тартуға мүмкіндік береді;
      4) жаңа сыртқы нарықтарда шағын қаланың брендімен байланысты жеке брендтерді ілгерілету және бекіту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың жеке бағдарламалары кешенін әзірлеу;
      5) шағын қала брендімен байланысты жеке брендтерді күшейту және олар орналасқан сыртқы нарықтарды кеңейту жөніндегі маркетингтік іс-шаралардың жеке бағдарламалары кешенін әзірлеу;
      6) маркетингтік ақпаратты таратудың қолданыстағы арналарын қолдану тиімділігін арттыру және жаңаларын құру жөніндегі шараларды әзірлеу және іске асыру (қолдану сапасы тұрғындар арқылы таратылған қала туралы ақпарат сапасына тікелей тәуелді  «бейресми» каналдарды қоса алғанда);
      7) қалалық әкімшілік ресурстардың көмегімен оларды шешудің мүмкін жолдарына талдау жүргізу; жекелеген салаларды дамытудың ұсынылатын жобалары арасында бюджетті және басқа қалалық ресурстарды бөлу жөнінде басқарушылық шешімдерді қабылдаған кезде қолданылатын басымдықтарды анықтау.
      КДЖ шағын қалалардың даму перспективаларын, халықтың болжамды санын және жаңа мамандануын (брендтерін) анықтаумен ұзақ мерзімге әзірленеді.
      КДЖ жоспарлы кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттерден әрбір шағын қаланы қаржыландыру көлемін анықтау үшін басты критерий және негіз болып табылады. КДЖ облыстық атқарушы органдар мен уәкілетті органдар деңгейінде келісуден өту керек.
      КДЖ экономикалық базаның, кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділіктің дамуын, бәсекеге қабілеттіліктің өсуін, халықтың өмір сапасы мен деңгейін жоғарылатуды, жалпы ұзақ мерзімді перспективада шағын қалалардың тұрақты дамуын, тиісті инфрақұрылымды дамыта отырып, өңірдің және жалпы елдің дамуына олардың ықпалдасуын қамтамасыз етуге тиіс.
      Осы жұмыс шеңберінде қала экономикасының күшті және әлсіз жақтары талдануға, қаланың бірегей келбетін қалыптастыруға қабілетті функциялар таңдалуға, оны инвестициялар нарығында бәсекеге қабілетті етуге, жылдам өсетін, тиімді өндірістерді осында тартуға тиіс.
      КДЖ-ды мақұлдағаннан кейін жергілікті экономикалық саясаттың жекелеген бағыттарын іске асыру бойынша нақты жұмыспен айналысатын ұйымдастыру құрылымдары құрылады. Құрылатын құрылымдар инвестицияларды тарту және инфрақұрылымды дамыту үшін қала имиджін құру бойынша жергілікті биліктен қажетті импульстер алады.
      КДЖ-да мақсаттар, міндеттер тіркеледі, экономиканың маңызды секторлары мен дамудың жалпы шарттары анықталады, SWOT (күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктер мен қауіптер) талдау жүргізіледі, стратегиялық жоспар дайындалады. КДЖ құрылымын уәкілетті орган айқындайды.
      КДЖ тәжірибелік іс-қимыл жоспарымен немесе салалық жоспарларға бөліне алатын жоспарлы іс-шаралармен толықтырылады (мысалы, экология саласындағы, аса маңызды салалардағы, шағын және орта кәсіпорындар саласындағы іс-қимыл жоспарлары).
      Жоспарлау, мақсаттар мен талдауды белгілеу процесін барынша көп адамдарды тарту арқылы ұйымдастырудың маңызы зор. Бұл үшін көшбасшы және үйлестіруші ретінде қаланың белсенді ұстанымы қажет.
      КДЖ-да шағын қалалардың бас жоспарларын және (немесе) өзге қала құрылысы құжаттамасын түзету бойынша мәселелер көрсетілуге тиіс.
      Бас жоспарларды және (немесе) өзге қала құрылысы құжаттамасын түзету орта және ұзақ мерзімді перспективада болжанған халық санын, сондай-ақ шағын қалалардың КДЖ ережелерін ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және жаңғыртуға бағытталатын болады.
      Агломерациялардың аймағына кіретін шағын және моноқалалардың және агломерациялардың аймағына кірмейтін шағын және моноқалалардың бас жоспарларын түзету Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеумен қатар, оның стратегиясына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Шағын қалалардың әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санын ескере отырып, шағын қалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуға тиіс.
      Шағын қалалардың КДЖ-ын әзірлеу мынадай алгоритм бойынша жүргізіледі:
      1) облыстардың әкімдіктері университеттерді немесе басқа да ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын тартумен шағын қала брендингінің перспективалары бойынша (әлеуметтік сауалнаманы өткізу арқылы) жүйелі диагностика мен маркетингтік зерттеу жүргізеді, олардың шеңберінде экономикалық әлеует, оның дамуына кері әсерін тигізетін факторлар, сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталатын болады;
      2) облыстардың әкімдіктері уәкілетті орган ұсынысының, брендинг перспективалары бойынша жүргізілген жүйелік диагностика мен маркетингтік зерттеулер негізінде ұзақ мерзімді кезеңге әрбір шағын қаланың КДЖ-сын әзірлейді, онда әрбір шағын қаланың даму перспективалары, халықтың болжамды саны және жаңа мамандануы (брендтер) анықталатын болады.
      Шағын қалалардың КДЖ-сын әзірлеу мерзімі – КДЖ-ны іске асырудың жоспарланған кезеңінің алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін;
      3) КДЖ-ды уәкілетті орган жанынан құрылған жұмыс тобы қарайды.
      Жұмыс тобы әрбір КДЖ-ды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсынымдар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және кейін ВАК-тың қарауына енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктейді;
      4) ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып, ДБЖ-ды, сондай-ақ республикалық бюджет, даму институттары мен ұлттық компаниялар есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды мақұлдайды;
      5) ВАК мақұлданған КДЖ мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
      2. Шағын қалалар мен моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
      Осы бағыттың шеңберінде шағын және моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобалар іске асырылады.
      Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әрбір шағын және моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іріктейді.
      Бұдан басқа, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, ӘКК «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шағын және моноқалаларда құрылатын, компанияның ерекшелігін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын ескере отырып, ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігі қаралатын болады.
      Бұл ретте, ӘКК-тің аталған жобаларға қатысуы үшін шағын және моноқалаларда Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен ӘКК-тің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі:
      1) шағын және моноқалаларда олардың ерекшелігін ескере отырып, ұлттық холдингтердің қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жобаның қаржылық-экономикалық және өндірістік мақсатқа сәйкестігін, компанияның ерекшелігін ескере отырып, инвестициялық жобаларды шағын және моноқалаларда ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;
      2) шағын және моноқалалардың ерекшеліктерін ескере отырып, қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы.
      Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесіп, әрбір шағын және моноқалада оның мамандануына сәйкес кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;
      3) шағын және моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.
      Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:
      1) қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту немесе жаңа мамандандыруды құру үшін стратегиялық инвесторды тарту.
      Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.
      Бұдан басқа, әлеуеті төмен және орташа моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына кететін шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу және ғимараттар, құрылыстар сатып алу (салу) жолымен өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.
      Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қаралатын болады;
      2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Қазгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.
      «тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.
      Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
      3. Шағын қала мен моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту
      Бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттыру мақсатында шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту қалаларды дамыту әлеуетінің дәрежесіне байланысты оларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
      Осы бағыттың шеңберінде агломерациялардың ықпал ету аймағындағы, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіп орталықтары, көліктік-өнеркәсіптік орталықтар (тораптар) болып табылатын немесе туристік-рекреациялық әлеуеті бар әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар халқының оңтайландырылған санына шаққанда тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын салуды және (немесе) реконструкциялауды басым қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
      ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджет заңнамасында бекітілген тәртіппен қаржыландырылады.
      Бұл ретте, бірінші кезекте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, абаттандыру және экология).
      Сонымен қатар, осы бағыттың шеңберінде шағын және моноқалаларды абаттандыру бойынша шығыстар қаржыландырылатын болады.
      Бұдан басқа, осы басымдықтың шеңберінде шағын және моноқалаларды жайластыру көзделеді:
      1) көліктік инфрақұрылымды жөндеу (қалаішілік жолдар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
      2) коммуналдық шаруашылық: тұрғын үйлер қорын сақтау және қоқыс шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      3) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар.
      Шағын және моноқалаларды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары
      1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
      Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға уәкілетті органда қаржыландыру басымдылығына іріктеуден өткен, «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) инженерлік инфрақұрылым объектілерін (су құбыры, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау) салу және реконструкциялау жөніндегі БИЖ жатады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 1-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      жол жүру уақытының қысқаруынан;
      қозғалыс жылдамдығының ұлғаюынан;
      коммуналдық-инженерлік және әлеуметтік-рекреациялық инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз ету деңгейінің жоғарылауынан;
      жұмыссыздық деңгейін төмендетуден, өзін-өзі жұмыспен тиімсіз қамтыған адамдардың санын қысқартудан көрініс тапқан жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
      2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу.
      Бағдарлама шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделеді:
      1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерінде кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй
      2) жас отбасыларға арналған
      3) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
      Осы басымдықты қаржыландыру және іске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
      3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
      Бағдарлама шеңберінде үшінші деңгейдегі қалаларда (шағын және моноқалаларда) күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылға қарай 4,8 %-дан 3,1 %-ға дейін төмендейді.
      Осы басымдықты қаржыландыру және әске асыру тетіктері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
      4-басымдық. Индустрияландыру, АӨК және туризм саласындағы «зәкірлік» өңірлік  жобалар үшін инфрақұрылымды дамыту
      4-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде өңірде және жалпы республикада барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.
      «Зәкірлі» жобаларды іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылым (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және тарту жөніндегі БИЖ қаржыландыруға жатады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық әсердің, мыналардан:
      өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санынан көрініс тапқан жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      5-басымдық. Қалаларда қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін арттыру.
      6-басымдық бойынша қаражатты бөлу «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) іске асырылатын қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және энергия тиімділігін арттыру бойынша, оның ішінде:
      1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;
      2) атмосфералық ауаның жай-күйін жақсарту бойынша;
      3) салынатын және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорында энергия үнемдеу және экологиялық («жасыл») технологиялар енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.
      Бұл ретте, БИЖ-ді іріктеу осы бағдарламаның, сондай-ақ үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, су ресурстарын дамыту жөніндегі қолданыстағы бағдарламалардың, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің Бас жоспарларының, «Жасыл экономика» тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған 6-басымдық бойынша БИЖ-ді қараған кезде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеуінен;
      ластаушы заттар төгінділері деңгейінің төмендеуінен;
      қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесін ұлғаюынан;
      энергия үнемдейтін технологиялар енгізуінен;
      өнім өндіру көлемінің өсуінен;
      бюджеттік инвестициялардың бір бірлігіне өңірдің бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан көрініс тапқан жиынтық мөлшері.
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      4. Тірек ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдық аумақтарды дамыту
      Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша қойылған міндеттерге қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ді дамыту;
      2) ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту;
      3) даму әлеуеті жоғарғы және орташа басқа АЕМ-ді дамыту;
      4) ауылдық жердің кадрлық әлеуетін арттыру;
      5) жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту.
      Ауылдық аумақтардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін жергілікті атқарушы органдар АЕМ-нің өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына мониторингті жүзеге асырады және оның негізінде олардың даму әлеуеті айқындалатын болады.
      Әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлерін өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
      1. Аудан орталықтарын және тірек АЕМ-ді дамыту ауылдық жерде тірек АЕМ-ді, сондай-ақ аудан орталықтарын анықтау және жайластыру арқылы экономикалық өсу орталықтарын құруға бағдарланған.
      Тірек АЕМ тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
      Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын дамыту жеке кешенді даму жоспарларының негізінде жүзеге асырылады, оларда жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілерін дамыту, тұрғын үй салу, мемлекеттік, қаржылық, сервистік және басқа да қызметтерді дамыту бойынша шаралар көзделетін болады.
      Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жергілікті атқарушы органдар әзірлейді, олар мынадай құрауыштардан тұрады:
      1) Тірек АЕМ-де экономикалық қызметті дамыту;
      Бұл құрауыш тірек АЕМ-де өндірістік саланы дамытуға, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндірісті тұрақты жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған.
      Бірінші құрауыш шеңберінде міндеттерді шешу қала құраушы кәсіпорындарды қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жүзеге асырылады.
      «Зәкірлік» инвестициялық жобаларды енгізу базалық қала құраушы өндірісті құруға мүмкіндік береді, ол тірек АЕМ-нің өндірістік әлеуетін дамытудың негізгі тетігі болып табылады, экономиканы көтеруге, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
      Қолданыстағы өндірістерді кеңейту және жаңғырту жаңа технологияларды, өнімділігі жоғары техниканы, заманауи жабдықтарды, тұқымдардың жаңа сорттарын қолдану және өнімді асыл тұқымды мал басы есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Шағын және орта бизнесті дамыту үшін тірек АЕМ-де ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге құқықтық, қаржылық және басқа да қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылатын болады.
      «Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамытудың мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі бағдарлама, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы және басқалары), сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      2) Тірек АЕМ-нің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту;
      Бұл құрауыш тұтастай алғанда, тірек АЕМ-де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
      Инфрақұрылымдық жобалар мыналарды қамтиды:
      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
      инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, бөгеттер, тоғандар және көпірлер) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
      тұрғын үйлер салу және күрделі жөндеу, авариялық үйлерді бұзу;
      елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, гүлзарларды жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жайластыру);
      шағын сәулет нысандарын реконструкциялау, орнату.
      Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тірек АЕМ-ді дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шараларға сәйкес мемлекеттік және салалық бағдарламалардың (Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту, Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, Көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі бағдарлама, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы) шеңберінде көзделген, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
      3) Тірек АЕМ-де көліктік қолжетімділікті дамыту.
      Үшінші құрауыш өткізу және жабдықтау нарықтарына көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ететін облыстық және аудандық маңызы бар, тірек ауылдар мен тірек АЕМ-нің тартылыс аймағына кіретін басқа да елді мекендердің арасындағы жолдарды дамытуға бағытталған.
      Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту халықтың ұтқырлығы мен материалдық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, көліктік шығындарды төмендету мен тасымалдауға кететін уақытты азайту есебінен ауыл экономикасының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
      Автомобиль жолдарын дамыту және олардың техникалық жағдайын нормативтік талаптарға сәйкес келетін деңгейге жеткізу мақсатында мынадай жұмыс түрлері іске асырылатын болады:
      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау.
      Бүгінгі күні жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары, әсіресе қалалар мен аудан орталықтарынан алыс орналасқан жолдар негізінен тек қана күрделі, орташа және көбінесе, ағымдағы жөндеу жүргізу есебінен ғана ұсталады. Жалпы пайдаланымдағы жолдар желісінің үштен бір бөлігінің техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз және реконструкциялауды қажет етеді;
      облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу.
      Бұл құрауыш іске асырылған жағдайда, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тірек АЕМ-нің қызмет көрсету аясының оңтайлы шеңберінің аймағына кіретін елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсартуға ғана бағытталатын болады.
      Бұл құрауышты мемлекеттік қолдау негізінен Қазақстан Республикасында көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаның, басқа да салалық және өңірлік бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ жергілікті бюджет пен жеке инвесторлардың қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.
      4) Мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын дамыту және құру.
      Бүгінгі күні мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтары негізінен аудан орталықтары мен қалаларда орналасқан, бұл ауыл халқына, әсіресе шалғай аумақтарда қажетті қызметтерді алуда қиындықтар туғызуда.
      Бұл құрауышты іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ басқа да көздердің есебінен тірек АЕМ-де кепілдендірілген мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерге қолжетімділік мәселесін шешуге мүмкіндік береді, олар өз кезегінде ауылдық елді мекендердің белгілі бір тобына қызмет көрсететін болады.
      Бұл құрауышты іске асыру:
      1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерін, полицияның, азаматтық хал актілерін тіркеудің тірек пункттерін және басқаларын ашу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру;
      2) екінші деңгейдегі банктердің, микрокредиттік ұйымдардың, ауылдық кредиттік серіктестіктердің, сақтандыру компанияларының, нотариустардың, сервистік-дайындау орталықтарының, техникалық қызмет станцияларының және басқалардың бөлімшелерін ашу арқылы қаржыландыру жеке инвесторлардың және басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
      2. Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдарды және кенттерді дамыту облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде осы елді мекендерді дамытуға бағытталатын болады.
      Осы бағытты іске асыру үшін облыстық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру, шағын және орта бизнесті, ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй салу бойынша шаралар көзделетін болады.
      Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде табиғи-климаттық жағдайлар, АЕМ экономикалық бағыты, ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, ауылдық инфрақұрылымның дамығандығы және басқалары ескерілетін болады.
      Бұдан басқа, жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бас жоспарларды әзірлеу немесе түзету қажет, олардың стратегиясы орта және ұзақ мерзімді перспективада болжанатын халық санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.
      2020 жылға қарай агломерацияның аймағына кіретін АЕМ-нің бас жоспарларын және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және түзету бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
      Агломерацияның аймағына кіретін АЕМ-нің бас жоспарларын және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және түзету міндеттерін іске асыру оның стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеумен қатар жүзеге асырылатын болады.
      Бұл бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      3. Даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту үшін аудандық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, ұсақ тауарлы өндірістерді орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына біріктіру, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін нормативтік қамтамасыз етілуге жеткізу, ауылдық инфрақұрылымды қалыпты жағдайда ұстап тұру бойынша шаралар көзделетін болады.
      Аудандық іс-шаралар жоспарларында шаруа (фермер) және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту, дайындау ұйымдарының желісін кеңейту, өткізу нарықтарына дейін көліктік қолжетімділікті жақсарту және басқа да шаралар көзделетін болады.
      Осы бағытты мемлекеттік қолдау қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың шеңберінде, сондай-ақ облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдармен  келіскеннен кейін облыстық мәслихаттар бекітетін болады.
      Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттердің дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарларын да өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін облыстық мәслихаттар бекітеді.
      Даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарларын облыстардың және аудандардың аумақтарын дамытудың бағдарламаларына өзгерістер енгізу жолымен, аудандық (қалалық) мәслихаттар бекітетін болады.
      АЕМ-ді дамыту жөніндегі кешенді даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық БИЖ-дер кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілуі тиіс.
      4. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін жоғарылату ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамытуға бағдарланған және ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде мемлекеттік қолдауды көздейді.
      Осы бағытты мемлекеттік қолдау «Дипломмен ауылға» жобасының және облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту АЕМ-ді дамытуға және ауыл халқының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған іс-шараларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықтың өзін тартуға бағытталған.
      Іс-шараларды іске асыру жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық қолдауы шеңберінде әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары және орташа АЕМ-де ғана жүзеге асырылады.
      Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігін негізге ала отырып («төменнен жоғары қарай» іс-шараларды іріктеу қағидаты), іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.
      Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу;
      2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың ойын алаңдарын орнату;
      3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;
      4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық құрылыстарын қалпына келтіру.
      5) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар.
      Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары.
      1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту
      Ауылдық жердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көрсетілген.
      2-басымдық. Ауылдық жерде қолжетімді тұрғын үй салу.
      1. Ауылдық жерде қолжетімді тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі.
      2. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру және іске асыру тетігі осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
      3-басымдық. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту.
      Ауылдық елді мекендердегі кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу (терможаңғырту) халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
      Бағдарлама шеңберінде ауылдық елді мекендерде, оның ішінде шекара маңындағы елді мекендерде күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 2020 жылға қарай 1,4 %-дан 0,9 %-ға дейін төмендейді.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
      4-басымдық. АӨК-ті индустрияландырудың өңірлік жобалары үшін инфрақұрылымды дамыту.
      4-басымдық шеңберінде қаржылық қолдау көрсетуде барынша мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.
      Қаржыландыруға АӨК-ті индустрияландырудың өңірлік жобаларын іске асыру үшін инженерлік инфрақұрылымды (мынадай инфрақұрылымды: жолдарды, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, су құбырларын, теміржолдың тұйық жерлерін, қосалқы электр станцияларын, электр беру желілерін, ирригациялық жүйелерді салу және реконструкциялау) салу және тарту жөніндегі БИЖ жатады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және тарту жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаларға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көрсетілетін қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санынан көрініс тапқан жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
      5-басымдық. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту.
      Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      6-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
      Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының негізінде жергілікті бюджеттің шығыстар базасына енгізілген жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жүзеге асырылады.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі мен қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Бағдарламаға 5-қосымшада көрсетілген.
5. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту
      Қойылған міндетке қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
      1) шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік мәнін арттыру;
      2) перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды анықтау;
      3) шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру;
      4) шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
      Бөлімнің қатысушылары шекара маңындағы аумақтарда орналасқан елді мекендер болып табылады.
      Көрсетілген бағыттарды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шекара маңындағы ынтымақтастықтың инфрақұрылымын дамыту, өндірісті әртараптандыруды жүзеге асыру, шағын бизнестің қалыптасуын ынталандыру, жергілікті инвестициялық климатты жақсарту және әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      1. Шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру.
      Осы шекара маңындағы аумақтардың қоныстары маңызды байланыстырушы буын, іргелес мемлекеттермен өзара іс-қимылдың трансконтинентальдық экономикалық көпірі функцияларын атқарады және ішкі экономикалық ықпалдастыруды күшейтуге, шекара маңындағы аумақтардың экономикасын дамытуға, орны ауыстырылатын жүктерді өңдеу бойынша өндірістерді құруға және көлік жолдарының жұмыс істеуіне ықпал ететін болады.
      Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарын серпінді дамыту оларға еңбекке қабілетті халықтың ресурстары мен көші-қон ағындарын тартуға ықпал етеді, бұл елдің демографиялық және экономикалық әлеуетіне оң әсерін тигізеді.
      Шекара маңындағы аумақтардың серпінді дамып келе жатқан ірі қоныстарының айналасында агломерациялардың қалыптасуы өмір сүрудің жоғары деңгейде ұйымдастырылған урбандалған ортасының аймағын құруға мүмкіндік береді.
      Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру мақсатында:
      1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, бар көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жүк ағындарын ұлғайту;
      2) туристік-рекрециялық объектілерді салу (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, туризм саласындағы өңірлік және шекара маңындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және өзара іс-қимыл жасау;
      3) өнеркәсіпті, жаңа технологияларға негізделген экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту, сауда және экспорт көлемдерін ұлғайту, озық басқарушылық тәжірибесін енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
      2. Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды айқындау.
      Осы елді мекендерде жаңа өндірістерді, тиісті көліктік инфрақұрылымды құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалады.
      Перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің тізбесін облыс әкімдіктері әдістемелік ұсынымдарға сәйкес айқындайды және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін жергілікті атқарушы орган бекітеді.
      Перспективалы елді мекендерді дамыту бойынша шаралар экономикалық белсенділіктің өсуін және ивестициялық тартымдылықты ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
      Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін дамыту мақсатында:
      1) мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне және басқа елді мекендерге еркін және жылдам  жүруге мүмкіндік беретін шекара маңындағы жолдар торабын құру;
      2) азаматтарды, көлікті және тауарларды шекара арқылы өткізудің жаңа пункттерін ашу (тиісті көліктік және кедендік инфрақұрылымды құрумен);
      3) пайдалы қазбалардың трансшекаралық кен орындарын бірлесіп пайдалану, халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;
      4) перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің осы елді мекендердің әлеуметтік сыйымдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      3. Шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру.
      Осы дамыту көршілес мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығының инфрақұрылымын бірлесіп салу және пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды дамытуға (шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кеден бекеттері және басқалар) бағдарланатын болады.
      Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында:
      1) кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту, шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттерді, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа бақылау органдарын техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру;
      2) шекаралық, кедендік, иммиграциялық, экологиялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге түрлерінің рәсімдерін жетілдіру;
      3) оның өткізу қабілетін арттыру мақсатында мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасын жетілдіру;
      4) экспорттық және импорттық операцияларды ресімдеудің мерзімдерін қысқартуға ықпал ететін жағдайлар жасау, мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін электрондық құжат айналымы жүйесімен және автоматты сәйкестендіру жүйесімен жайластыру, кеден қоймалары мен терминалдарын жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      4. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту жаңа маманданудың мүмкіндіктерін ескере отырып, жүзеге асырылады.
      Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру мақсатында:
      1) шекара маңындағы аумақтарда бар резервтер мен пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді (айналымнан шығарылған тоқтап тұрған өндірістерді және басқаларды), пайдалы қазбаларды экономикалық айналымға тарту және бар инженерлік және көліктік инфрақұрылымды тиімді пайдалану;
      2) өңірлерде бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді (егістіктер, оның ішінде суармалы, жайылымдар, шабындық, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер) экономикалық айналымға тарту;
      3) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оны дайындауды және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған нақты жобаларды іске асыру;
      4) халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;
      5) шекара маңындағы аумақтардың шаруашылық субъектілері арасындағы өңіраралық өзара тиімді байланыстарды белгілеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кооперациясы, құрылыс, қаржы, технологиялармен алмасу салаларына және заңнамаға және іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарының режимдеріне қайшы келмейтін басқа салаларға инвестициялар тарту мақсатында шарттар жасасу;
      6) іргелес елдердің озық технологияларын, заманауи машиналары мен жабдықтарын пайдалану арқылы шекара маңындағы сауданы, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Іс-шараларды қаржыландыру көзделген бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылады.
      Осы басымдықтың шеңберінде іске асырылып жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1289 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аудандарын дамыту жөніндегі 2014–2020 жылдарға арналған шаралар кешенімен үйлестірілуге тиіс.
      Шекара маңындағы аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары.
      1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
      Ауылдық жерлердің инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру кезінде шекара маңындағы аумақтардағы тірек АЕМ-ге артықшылық беріледі.
      Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетіктері осы Бағдарламаға 1 және 4-қосымшаларда көзделген.
      2-басымдық. Индустрияландыру, АӨК және туризм саласындағы өңірлік жобалар үшін инфрақұрылымды дамыту.
      2-басымдықтың шеңберінде қаржылық қолдауда шекара маңындағы аумақтарда орналасқан, сондай-ақ барынша мультипликативті тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін тірек АЕМ-дегі БИЖ-ге артықшылық берілетін болады.
      Жұмыс органы жергілікті атқарушы органдар ұсынған инфрақұрылым салу және жүргізу жөніндегі БИЖ-ді қарау кезінде мынадай критерийлер негізінде жобаға артықшылық беріледі:
      1) жобаны іске асырудан алынатын әлеуметтік-экономикалық, экологиялық әсердің, мыналардан:
      бюджеттік инвестициялық бірлігіне өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының санынан;
      өндіріс (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көрсетілетін қызметтер) көлемінің өсуінен;
      өңір бюджетіне салық түсімдерінің ұлғаюынан;
      БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылар санынан көрініс тапқан жиынтық мөлшері;
      2) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған, бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің жеке (коммерциялық) жобаны (объектіні) іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне арақатынасы;
      3) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлесі.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Елдің 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon«Бекітемін» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ахметов С. Н. 2012 жылғы желтоқсандағы № Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов