Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



НазваниеӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»
страница2/13
Дата конвертации31.10.2014
Размер2.85 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Кіріспе
      Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әзірленді.
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын іске асыру тетіктерінің бірі болып табылады.
      Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясаттың «доктринасы» болып табылады, оның мақсаты экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымын құру және халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады.
      Мемлекет басшысы қойған жаңа міндеттерді ескере отырып, өңірлік дамытудың барлық жүйесін заманауи қағидаттарда жаңғырту қажет. Стратегиялық басқару жүйесін республикаішілік өңіраралық (трансөңірлік) және макроөңірлік деңгейде ұйымдастыру мемлекеттің стратегиялық жоспарлау институттарының, өңірлердің, қоғамдық бірлестіктердің, бизнестің және сараптама қоғамдастығының рөлін арттырумен қоса жүргізілуі тиіс.
      Өткен жылдары Қазақстанда өңірлерді әлеуметтік-экономикалық дамыту деңгейлерін теңестіруге бағытталған Өңірлік саясаттың екі тұжырымдамасы іске асырылды. Бұдан басқа, ауылдық аумақтарды дамытудың 2004 – 2010 жылдарға арналған, шағын қалаларды дамытудың 2004 – 2006 жылдарға арналған, Елді аумақтық дамытудың 2015 жылға дейінгі бағдарламалары іске асырылды. Сонымен қатар, көптеген бағдарламалық құжаттар, оның ішінде әлеуметтік блоктың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, салалық бағдарламалар, жұмыспен қамту және басқа да бағдарламалар қабылданды (және қазіргі уақытта қолданыста). Олардың барлығы да реттелетін салалардағы өңірлік дамудың жекелеген аспектілерін белгілі бір шамада қозғайды.
      Сонымен бірге, аталған бағдарламалық құжаттар шектеулі ведомстволық тәсілді көздей отырып, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында тұжырымдалған мемлекеттік өңірлік саясаттың басымдықтарына әлсіз тоғыстырылғанын мойындаған жөн. Сондай-ақ, қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды сыни тұрғыдан талдау оларда көзделген институционалдық және әкімшілік ресурстардың іс жүзінде өзара жеткілікті үйлеспегендігін, көбінесе бір-бірін қайталайтынын анықтады.
      Осындай жағдайларда жоғарыда аталған бағдарламалық құжаттардың ережелерін бір өзектің – өңірлерді дамыту немесе өңірлердің экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру төңірегінде біріктіру талабы туындайды.
      Өңірлік саясаттың базалық идеологиясы ретінде перспективалық экономикалық өсу орталықтарын басым дамытудың тиімді теңгеріміне және экономикалық әлеуеті төмен өңірлерді (елді мекендер жүйелерінің әртүрлі типтерін) өмір сүру сапасы стандартының ең аз жеткілікті деңгейінде ұстап тұруға негізделген теңгерімді даму стратегиясы ұсынылады. Бұл ретте осындай бірыңғай Бағдарлама жекелеген өңірлер, сондай-ақ жалпы ел шеңберінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру басымдықтарына сәйкес өңірлердің дамуына мемлекеттік қолдау көрсетудің нақты және түсінікті құралдарын қамтитын болады.
      Осы Бағдарлама мынадай 5 (бес) қолданыстағы: «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын», «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасын», «2011 – 2020 жылдарға арналған Ақбұлақ», «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламаларын біріктіру базасында әзірленді.
      Бағдарлама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға (тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды – энергия және жылу көздерін, газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтауды, су бұруды дамытуға), өңірлердің экономикалық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ өңірлерді функционалдық типологиясына және экономикалық әлеуетіне сәйкес дамытуға бағытталған, олардың нарықтық бастамада ішкі шоғырлануына, өзін-өзі ұйымдастыруға және өзін-өзі дамытуға көшуіне ықпал ететін әкімшілік-құқықтық және экономикалық сипатының шектерін белгілейді.
      Бұл ретте Бағдарламаның бағыттары қабылданған мемлекеттік және салалық бағдарламаларда, әсіресе «Су ресурстарын басқару», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020», «Агробизнес 2020» сияқты бағдарламаларда белгіленген негізгі салалық басымдықтармен тікелей байланысты.
      Тұтастай алғанда, республика бойынша жыл сайын республикалық бюджет есебінен өңірлерге инженерлік инфрақұрылымды дамытуға шамамен 300 млрд. теңге бөлінеді.
      Осыған орай, инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі барлық жобаларды өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган арқылы орталықтандырып қарау қажет.
      Жобалар мемлекеттік органдардың қолданыстағы салалық және бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, өңірлік даму саласындағы уәкілетті органның келісімімен, оның ішінде материалдардың, жабдықтар мен технологиялардың қолданылуы тұрғысында іске асырылатын болады.
      Осы құжаттармен кешенде Бағдарлама өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бірыңғай мемлекеттік саясатын іске асырады.
      Жергілікті атқарушы органдар облыстарды дамыту бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде осы Бағдарламаның ережелерін ескеруі тиіс.
      Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге (бағыттарға), нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар, сондай-ақ Бағдарламада қолданылатын терминдер:
      1) агломерация – өзара тұрақты өндірістік, мәдени-тұрмыстық және өзге байланыстармен біріккен, сондай-ақ аумақтық бірігу үрдісі бір (моноорталықты) немесе бірнеше (көпорталықты) орталық-қалалардың айналасында жақын орналасқан елді мекендердің урбанизациялық топталуы.
      Қазақстандағы агломерацияларды айқындаудың негізгі критерийлері мыналар болып табылады:
      өңір халқының тығыз орналасуын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтитын демографиялық сыйымдылық;
      ыңғайлы географиялық орналасуын, халықаралық көлік дәліздерінің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіретін логистикалық әлеует;
      экономикалық әлеует, яғни орталық-қаланың дамуы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржы, ғылыми әлеует);
      орталық-қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейтіндіктен, оның Қазақстан жағдайында маңызы зор;
      2) моноқала – бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бір бейінді және шикізаттық бағыттағы (монобейінді), қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді айқындайтын кәсіпорындарда өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20 % және одан астамы) шоғырландырылған қала.
      Моноқалалар санатына тұрғындарының саны 10 мыңнан 200 мыңға дейін адамы бар мына критерийлердің бірімен сипатталатын:
      қаланың негізінен өңдеу секторының қала құраушы кәсіпорындарының өнеркәсіп өндірісінің көлемі жалпы қалалық өндіріс көлемінің 20 %-дан астамын құрайтын (мономамандану);
      қаланың қала құраушы кәсіпорындарында жұмыспен қамтылған халықтың 20 %-дан астамы жұмыс істейтін;
      қала құраушы кәсіпорындары ішінара істейтін немесе мүлдем істемейтін қалалар кіреді.
      Бұл ретте көптеген моноқалаларға қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңындағы кенттер мен ауылдық елді мекендер әкімшілік бағыныста болады;
      3) шағын қала – халқының саны 50 мың адамға дейін болатын қала;
      4) тірек ауылдық елді мекен – абаттандырылған елді мекен, онда сол жерде тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады;
      5) шекара маңындағы аумақтар – мемлекеттік шекарадан 50 километрге дейінгі арақашықтықта орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктердің және елді мекендердің аумақтары;
      6) экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «ауқым әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).
      Осы Бағдарламада экономикалық даму орталықтарының қатарына:
      ел ауқымында – «бірінші деңгейдегі» қалалар (Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары);
      өңір ауқымында – «үшінші деңгейдегі» қалалар (перспективалы шағын және моноқалалар), аудан орталықтары, ауылдық елді мекендер (бұдан әрі – АЕМ), оның ішінде тірек ауылдық елді мекен, шекара маңындағы аумақтар енгізілген;
      7) «бірінші деңгейдегі» қалалар – Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында орталықтары бар агломерациялар;
      8) «екінші деңгейдегі» қалалар – дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар, ірі экономикалық және мәдени орталық болып табылатын облыс орталықтары, сондай-ақ Семей және Түркістан қалалары;
      9) «үшінші деңгейдегі» қалалар – экономикалық даму және халық санының өсу перспективалары бар шағын және моноқалалар;
      10) депрессивті өңір – өндірістің ұзақ (бес және одан да көп жыл) құлдырауы, төмен инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (жолдар, телефон байланысы, энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау) салдарынан жұмыспен қамту, экология, әлеуметтік көрсетілетін қызметтер саласында жағымсыз үрдістердің болуымен сипатталатын әкімшілік-аумақтық бірлік;
      11) уәкілетті орган – өңірлік даму саласында басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
      12) Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушісі – Бағдарламаны жергілікті жерде іске асыру үшін жауапты облыстың, Астана және Алматы қалаларының әкімі айқындайтын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
      13) өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өңірлік саясат мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган (бұдан әрі – ВАК);
      14) «зәкірлік» инвестициялық жоба – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында іске асырылатын және шағын немесе моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, кемінде 50 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген Индустрияландыру картасының орта және ірі инвестициялық жобасы.
^ 3. Ағымдағы жағдайды талдау
      Қазіргі кезеңде Қазақстанның өңірлік даму саясаты ұлттық экономиканың маңызды экономикалық өсу нүктелері болып табылатын урбандалу және агломерациялар процестерін ынталандыруды және реттелетін дамытуды, экономикалық және демографиялық әлеуеті бар перспективалы елді мекендерді дамытуды және қолдауды қамтитын ұтымды аумақтық ұйымдастыруды қалыптастыруды қамтамасыз етуге арналған, бұл урбандалу процестерін дамытудың және өңірлік дамудың әлемдік үрдістеріне сәйкес келеді.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және Дүниежүзілік банктің деректері бойынша Қазақстанда урбандалу коэффициенті шамамен 54 – 55 %-ды құрайды, бұл Орта Азия елдері үшін ең жоғары болып табылады, алайда дамыған елдерден тым кейіндеп қалуда. Австралия, Канада және АҚШ сияқты елдердің осы әдістемені ескере отырып, айқындалған урбандалу коэффициенттері 70 – 80 % аралығында.
      Өсіп келе жатқан қалалар, халықтың артып келе жатқан ұтқырлығы және өндірісті мамандандыруды арттыру дамудың ажырамас серіктестері болып табылады. Бұл өзгерістер әсіресе Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада және Солтүстік Шығыс Азияда байқалады. Алайда Шығыс және Оңтүстік Азия және Шығыс Еуропа елдерінде ауқымы мен қарқыны бойынша ұқсас өзгерістер орын алуда.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда жаңа аумақтық ұйым қалыптастырылып жатқанын атап өткен жөн. Бұл, ең алдымен, ірі қалалар – агломерациялардың үдемелі өсуінен айқын көрінеді.
      Қазіргі заманғы Қазақстанда қалалық агломерацияларды қалыптастырудың негізгі үрдістерін қарай отырып, аумақтардың анық көрінетін табиғи аймақтарына және жоспарлы экономикадан қалған қоныстандыру ерекшеліктеріне байланысты олардың әркелкі екендігін атап өткен жөн.
      Экономикалық даму орталықтары арасында орналасқан, көліктік байланысты қамтамасыз ететін аумақтар жүк ағындарын көбейту, инновацияларды тарату, инфрақұрылымдарды дамыту арқасында қосымша серпін алады. Сондықтан олар «өсу полюстерімен» бірге тұтастай өңірдің немесе елдің экономикалық дамуының кеңістіктегі қаңқасын анықтайтын даму осьтеріне (дәлізге) айналады.
      Екінші жағынан алғанда, жоспарлы экономикадағы қалыптасқан орталықтардың, мысалы перспективасыз моноқалалардың, шағын қалалардың, АЕМ ыдырауы депрессивті аумақтардың пайда болуына әкелді және қоғамда күрделі әлеуметтік процестерді (көші-қон, инфрақұрылымның құлдырауы, жұмыссыздық, әлеуметтік маргиналдану) туғызды.
      Елдің аумақтық ұйымдастырылуындағы жүргізіліп жатқан процестерге қарамастан, өңірлік саясатта, әсіресе өңірлерді қаржыландыру мәселелерінде (бюджет саясаты) бұрынғы тәсілдер сақталуда. Осылайша, бюджет қаражатын экономикалық өсу перспективалары мен тиісті демографиялық әлеуеті жоқ жекелеген елді мекендерді дамытуға жұмсау практикасы жалғасуда.
      Осыған байланысты, мемлекет ресурстарын өңірлердегі шын мәнінде қажетті және перспективалы жобаларға шоғырландыру қажет. Бұл түпкі нәтижесінде бюджет шығыстарының жоғары тиімділігіне әкеледі. Бұдан басқа, жобаларды айқындаған кезде инновациялық технологияларды қолданатын жобаларға басымдық берілетін болады.
      Жаңа өңірлік саясатқа сәйкес экономикалық аумақтарды санаттарға жіктеу – «бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), «екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары), «үшінші деңгейдегі» қалалар (моно және шағын қалалар), тірек ауылдық елді мекендер, шекара маңындағы аумақтар.
      «Бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)
      Қалалық агломерациялар әлемнің көптеген елдерінде қазіргі заманауи қоныстанудың объективті түрде басты нысандары болуда, олардың қалыптасуы жаңа урбанистік өткелді білдіреді.
      АҚШ-та бүкіл халықтың 76 %-дан астамы агломерацияларда тұрып жатыр, олардың ең ірісі Нью-Йорк (11,3 мың шаршы км, 23,3 млн. адам) және Лос-Анджелес (5,8 мың шаршы км, 18,6 млн. адам) агломерациялары.
      Еуропада әлемдік деңгейдегі агломерациялар Лондон (11 мың шаршы км, 13,4 млн. адам) және Париж (12 мың шаршы км, 12 млн. адамнан астам) агломерациялары.
      Қытайда – Шанхай (7,1 мың шаршы км, 18,6 млн. адам), Бразилияда – Рио-де-Жанейро (4,6 мың шаршы км, 12,1 млн. адам), Аргентинада – Буэнос-Айрес (2,7 мың шаршы км, 14,6 млн. адам), Индияда – Колката (1,8 мың шаршы км, 15,6 млн. адам) және басқа дамып келе жатқан елдерде урбандалған аумақтар жылдам қарқынмен қалыптасып жатыр.
      Дамып келе жатқан елдерде агломерациялардың дамуы өзіндік ерекшелікке ие. Оларға кейбір жетекші және ірі орталықтарда халық пен экономиканың барлық салаларының өсіп келе жатқан шоғырлану үлгісі тән. Халықтың ауылдық жерден ірі және аса ірі орталықтарға келуі жоғары қарқынмен жалғасатын болады.
      Егер қалалық орталықтардың дамуы «өз бетінше» жүзеге асырылса, ауылдық жерден халықтың бақыланбайтын көші-қон процестері тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымға шамадан тыс жүктемені қалыптастыруға, шеткері қала қоныстарында әлеуметтік-экономикалық маргиналдану аймақтарының пайда болуына әкеп соғуы мүмкін, өңіраралық үйлеспеушілікті одан әрі нығайтуға ықпал етуі және экономиканы әртараптандыруға кедергі болуы мүмкін.
      Экономикалық артта қалушылық пен теңдессіздікті консервациялауға және әлеуметтік тұрақсыздыққа ықпал ете отырып, осындай үрдістер Латын Америкасы мен Африка елдеріндегі көптеген қалалық агломерацияларға тән.
      Олардың көбіндегі аяқталмаған демографиялық өткел агломерациялар халқының статистикалық белгіленген санының өсуі үшін қосымша жағдайлар жасайды. Ірі қалалық кезеңде осындай «жалған урбандалу» қаупі шамадан тыс жүктелген қалаларды және шын мәнінде нақты қалалық экономика болмағанда ауылдық тыныс-тіршілікті сақтайтын халқы көп қала маңы аймағын қалыптастыруға негізделген.
      ҚХР Ғылымдар академиясының География ғылымдары мен табиғи ресурстар институты ұсынған «Қытайдың қалалық агломерацияларын дамыту – 2010» баяндамасына сәйкес Қытай 23 қалалық агломерация құрады.
      Қалалық агломерациялар Қытайдың экономикалық дамуының болашақ құрылымында ең перспективалық аудандары болып табылады. 10 – 20 жылдан кейін Қытай әлемдік деңгейдегі ең бәсекеге қабілетті және инновациялық ілгерілетілген агломерациялардың топтарын құруға тиіс, ал әрбіреуінің халқының саны кемінде 20 млн. адам болуға тиіс.
      Қазіргі уақытта Қазақстанда бірінші деңгейдегі агломерацияларға жататын Астана, Алматы және Шымкент қалаларында орталықтары бар және екінші деңгейдегі агломерацияға (перспективалық агломерацияға) жататын Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерациялар «бірінші деңгейдегі» қалалар болып белгіленді, себебі қалыптасып жатқан қалалық агломерациялар елдің барлық халқының үштен бір бөлігінен астамын шоғырландырады.
      Олардың ішінде барынша ауқымдысы (халық санын және қала маңымен бірге орталық-қаланы қамтитын агломерациялар құрылымының күрделілігін ескере отырып) Алматы мен Шымкент айналасында дамып келеді. Қарқынды өсуі қоныстандыру жүйесіндегі жаңа елорданың рөлін арттыруға бағытталған мемлекеттің заманауи саясатына негізделген Астана әлі дамыған қала маңы аймағын қалыптастырып үлгерген жоқ. Республиканың батысында Ақтөбе қаласында орталығы бар агломерация перспективалы болып табылады.
      Бұл ретте Астана агломерациясының құрамына бірыңғай агломерациялық құрылым жасауға қабілетті Қарағанды қаласы және оның маңындағы елді мекендер (серіктес қалалар, кенттер) тартылады.
      Екінші деңгейдегі (Ақтөбе) агломерациялардың агломерациялық әсерлерін толыққанды іске асыру ұзақ мерзімді перспективада, шамамен 2017 жылдан кейін болжанады.
      Қазақстанда агломерациялар қалалық агломерацияларды қалыптастыру және дамытудың негізгі критерийлері бойынша айқындалады:
      1) демографиялық сыйымдылық, өңір халқының жоғарғы тығыздығын, көші-қон ағынын, ресурстық базаны (жер, су, азық-түлік ресурстарын) қамтиды (1-кесте).
1-кесте. Агломерациялардың 2012 жылдың басындағы саны мен
демографиялық сыйымдылығы бойынша ақпарат





Атауы

Халық саны

Демографиялық сыйымдылық (орталықтың халық тығыздығы), мың адам

агломерациялар

қалалар

мың адам

үлесі, %

мың адам

үлесі, %




1.

Астана

859,2

5,2

742,9

8,2

2 460

2.

Алматы

2500

15

1450,3

15,9

10 087

3.

Шымкент

1400

8,4

1025,5

11,3

4 074

4.

Ақтөбе

525,8

3,2

415,8

4,6

1 331



Барлығы

5285

31,7

3634,5

39,9





Қазақстан Республикасы бойынша

16675,4

100

9114,6

100




      2012 жылы «бірінші деңгейдегі» қалалар халқының саны 5 554,5 мың адамды құрады, бұл Қазақстан Республикасы жалпы халқы санының 33,3 %-ын немесе елдің қала халқының санынан 41,8 %-дан астамын құрайды. Бұл ретте, Астана, Алматы және Шымкент қалалары халқының саны Қазақстанның жағдайында агломерациялық әсер (500 мың адам) іске асырылатын деңгейден жоғары, ал Ақтөбе қаласы халқының саны осы деңгейге әзірше жеткен жоқ.
      Қазақстан Республикасында агломерациялық даму проблемасына қатысты орталық қалаларда халық санының бақылаусыз өсуін шектеу мәселесі маңызды болып табылады, бұл қалалық инфрақұрылымға ауыртпалық салады;
      2) логистикалық әлеует, бұл ыңғайлы географиялық орналасуды, халықаралық көліктік дәліздердің өтуін, көлік торабы мен инфрақұрылымның болуын білдіреді.
      Қазіргі уақытта агломерациялардың және агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін (серіктес қалаларды, көршілес қалаларды, кенттерді, ауылдарды қоса алғанда) елді мекендердің шекаралары белгіленді. Агломерация ареалын делимитациялау (шекара белгілеу) үшін изохрон әдісі пайдаланылды, ол агломерация орталығына бару үшін қажет уақыт шығыны негізінде агломерация шекарасын анықтаудан тұрады. Агломерация шекарасы ретінде бірінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,5 сағаттық изохрона және екінші деңгейдегі агломерациялар үшін 1,0 сағаттық изохрона қабылданды. Аталған әдістің көмегімен агломерация аумағының шегінде елді мекендер сәйкестендірілген:
      Астана агломерациясының көлік жетімділігінің 1,5-сағаттық изохронасына Ақмола облысының Аршалы, Целиноград және Шортанды аудандары кіреді;
      Алматы агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық – Алматы қаласы, Алматы облысының бес әкімшілік ауданы: Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, сондай-ақ Қапшағай қалалық әкімшілік аумағы жатады. Ықпал ету аймағы қала мен қала маңының тығыз байланысының негізінде (күнделікті еңбек маятниктік көші-қоны шамамен 250 мың адамды құрайды1) анықталды және Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Есік қалыптасқан серіктес қалаларының, Ұзынағаш ауылының және Gate City (қаржы орталығы), Golden City (мәдени орталық), Growing City (өнеркәсіптік орталық), Green City (туристік орталық) төрт жаңа серіктес қалалардың орналасуын ескереді;
      Шымкент агломерациясының ықпал ету аймағына: орталық – Шымкент қаласы, Арыс қаласы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт, Төлеби, Ордабасы және Сайрам аудандары кіреді;
      перспективалы Ақтөбе агломерациясының көліктік қолжетімділігінің 1,0 сағаттық изохронасына орталық – Ақтөбе қаласы, Хромтау, Алға, Қандыағаш қалалары, Алға, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Қобда мен Хромтау аудандарының бірқатар ауылдық елді мекендері кіреді;
      Алматы, Шымкент, Ақтөбе2, Астана қалалары арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерін салуға байланысты агломерациялардағы логистикалық әлеуетті ұлғайту ұсынылып отыр.
      Сонымен бірге, бүгінгі күні жолаушылар айналымы бойынша статистикалық деректердің болмауы орталық қала мен серіктес қалалардың арасындағы көліктік қолжетімділікті анықтауды қиындатады.
      3) экономикалық әлеует, яғни орталық қаланың дамығандығы (өнеркәсіптік, сервистік, еңбек, қаржылық, ғылыми әлеует).
      Астана – республиканың астанасы, елді әлеуметтік-экономика дамыту көшбасшыларының бірі болып табылатын қала. Астананы көшіру туралы шешім қаланың, жақын орналасқан облыстардың және жалпы елдің кеңістік құрылымының серпінді дамуына айқындаушы ықпал етті. Тиімді экономикалық-географиялық орналасу мен көп көлемді материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарының агломерациялық даму әлеуеті әлі іске асырылмаған Астана қаласын агломерация орталығы ретінде қалыптастыру үшін зор маңызы бар.
      Республикалық көлемдегі қаланың ЖӨӨ үлесі 8,5 %-ды құрайды (2012 жылғы деректер). Қала экономикасының негізін мыналар құрайды: өзге қызметтер (26,9 %), көтерме және бөлшек сауда (22,7 %), көлік және байланыс (14,7 %), құрылыс (12,3 %).
      Астана қаласы халқының өмір сүру деңгейін талдау барлық қарастырылатын көрсеткіштер бойынша оң серпінді анықтады. Астана қаласының экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2012 жылы 417,6 мың адамды құрады және 2000 – 2012 жылдар аралығында 2,3 есе өсті.
      Алматы – агломерациялық орталық ретінде белсенді қалыптасып келе жатқан елдің ең ірі мегаполисі. Алматы қаласының тартылыс аймағына Талғар, Есік, Қаскелең, Қапшағай қалалары және тығыз экономикалық, еңбек және әлеуметтік байланыстары бар жанында орналасқан кенттер мен ауылдар жатады. Алматы қаласы ұлттық және әлемдік нарықтармен байланысты қамтамасыз ететін адами, қаржылық ресурстардың, білім беру және ғылыми әлеуеттің, дамыған инфрақұрылымның жоғары шоғырлануымен ерекшеленеді.
      Алматы қаласы ЖӨӨ салалық құрылымын талдау ол қаланың экономикалық базасын қызметтер секторының құрайтынын көрсетеді (жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды, қаржыны, білімді, денсаулық сақтауды және сауда мен жөндеуден басқа өзге қызметтерді қоса алғанда – 45,5 %). Үлестік салмақ бойынша екінші позиция бөлшек/көтерме саудаға тиесілі – 33,9 %, одан кейін көлік пен байланыс – 15,0 %, өнеркәсіп – 5,6 %, құрылыс – 3,2 %.
      Қаланың экономикалық белсенді халқы 2012 жылы 774,7 мың адамды құрады және 2008 – 2012 жылдар кезеңінде 9,8 %-ға өсті.
      Қазіргі уақытта Алматы қаласының қала маңындағы аймағын дамыту Алматы қаласының қала маңындағы аймағының аумақтарын дамытудың қала құрылысы жоспарлаудың қабылданған кешенді жобасы шеңберінде жүзеге асырылады.
      Шымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, білім беру және мәдени орталығы. Бұл ретте экономикалық әлеуеті бар қала елдің оңтүстігінің агломерация орталығы бола алады. Сонымен қатар, оның «жалған урбанизация» үлгісінде дамуына жол бермеу мақсатында аталған процесті реттеу қажет.
      2008 – 2012 жылдар аралығында Шымкент қаласы халқының саны орта есеппен 2,1 %-ға артып отырғаны байқалған.
      Ақтөбе қаласы Ақтөбе облысының әкімшілік орталығы болып табылады. Ақтөбе қаласының аумағы, әкімшілік тұрғыдан бағынысты бес ауылдық округті қоса алғанда (Благодарный, Қарғалы, Құрайлы, Новый, Сазды) 2,3 мың шаршы км тең. Облыстық көлемдегі өнеркәсіптік өндірістің үлесі 17,7 пайызды, яғни 232,7 млрд. теңгені құрайды (2012 жылғы деректер бойынша). Негізгі үлестік салмақ өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 77 пайыз;
      4) Орталық қаланың (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімшілік мәртебесі, бұл Қазақстанның жағдайында маңызды, себебі бюджеттік ресурстарды бақылауды көздейді.
      Қазіргі уақытта республикада өңірлерді қаржыландыру қалыптасқан бюджетаралық қатынастар жүйесі шеңберінде іске асырылады, ол донор өңірлерден реципиент өңірлерге (экономикалық тұрғыдан артта қалушы облыстарға бюджеттік субвенциялар беру) бюджет қаражатын қайта бөлуге негізделген. Республикадағы осындай бюджетаралық қатынастар жүйесі өздерінің аумақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының өсу қарқынын ұлғайтуға жергілікті атқарушы органдарды (донор өңірлерді де, сондай-ақ реципиент өңірлерді де) қажетті жағдайда ынталандырмайды.
____________
1 Дереккөз: "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және жергілікті атқарушы органдар.
2 "Еуропа - Батыс Қытай" жобасы.
      Қазақстанда агломерациялар дамуының SWOT-талдауы



Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және бос уақыт салаларында қызмет көрсетудің жоғары деңгейі (елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда);
халықтың табиғи және көші-қон арқылы өсуінің оң көрсеткіштері;
шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар;
кадрлық базаның болуы

қоныстанудың төмен тығыздығы,
2 млн. адамнан астам халқы бар орталық-қалалардың болмауы;
орталық қалалардың және іргелес аумақтардың (елді мекен жүйелерінің) ортақ жүйелі инфрақұрылымының болмауы;
орталық-қалалар ішінде тиімсіз көліктік инфрақұрылым (көлік кептелістері);
ірі қалалардағы жағымсыз экологиялық жағдай (газдану, «жасыл экономиканың» смарт-технологияларын қолданбау, қоғамдық көліктің дамымауы, қалалардың ішінде экологиялық емес және энергияны қажетсінетін өндірістердің болуы);
қалаларда рекреация және жасыл аймақтардың жеткіліксіз дамуы;
елдің ірі қалаларында тартымды брендттердің (танымал халықаралық имидждің) болмауы;
елдің ірі қалаларының жаһандық және аймақтық нарықтардағы төмен бәсекеге қабілеттілігі;
орталық қала мен қала маңындағы елді мекендердің бірыңғай заманауи қала құрылысы құжаттамасының болмауы

Мүмкіндіктер

Қатерлер

экономиканың толық қайта құрылуы (индустрияланудан кейінгі даму);
көптеген және әртараптандырылған еңбек нарығының қалыптасуы;
тауарлар мен қызметтерді өткізудің сыйымды нарығының тартымдылығын арттыру;
«инфрақұрылымдық әсер» құру (қуатты көлік кешендері, мультимодальды тораптар, ақпараттық коммуникациялар);
ірі орталықпен көрші болу әсері, яғни барлық агломерация тұрғындарының агломерациялардың әртүрлі аймақтарының еңбек, білім беру, сауда, мәдени және басқа да мүмкіндіктерге толық көлемде қол жеткізуі

біліктілігі төмен еңбек ресурстарының бақылаусыз жаппай келуінің салдарынан «жалған урбанизация»;
тұрғын үй тапшылығы;
жоғары жұмыссыздық;
қалалық әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымға шамадан тыс салмақ салу;
қала шетінде ретсіз құрылыс салу;
келетін халықтың маргиналдануы мен асоциализациясы (қылмыстың көбеюі)


      «Екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)
      Қазіргі уақытта Қазақстанда «екінші деңгейдегі» қалаларға 14 қала жатады, оның ішінде 12 қала облыстардың әкімшілік орталықтары болып табылады (Көкшетау, Талдықорған, Атырау, Орал, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Ақтау), 2 қала облыстық маңызы бар (Семей, Түркістан) болып табылады.
      «Екінші деңгейдегі» қалалардағы халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 3594,4 мың адамды құрады, бұл Республиканың жалпы халық санының 21,3 %-ын немесе елдің қалалық халқы санының шамамен 40 %-ын құрайды. Қаралып отырған кезеңде барлық екінші деңгейдегі қалаларда халық санының өсуі байқалады, бұл халықтың табиғи өсуінің оң мәндерімен және қалыптасқан халық көші-қонының оң сальдосымен байланысты.
      Осы қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін салыстырмалы талдау көптеген қалалар өз өңірлерінде өндірістік, қаржылық және еңбек ресурстарының тартылыс және шоғырлану орталықтары болып табылатынын көрсетті.
2-кесте. «Екінші деңгейдегі» қалалардың 2012 жылғы негізгі
әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері



Р/с№

Қалалық әкімшіліктің атауы

Халық саны (жыл соңында)

Нақты жалақы

Өнеркәсіптік өнімнің көлемі

мың адам

үлес, %

мың тг

облыс бойынша орташа, мың тг.

млн. тг.

үлес, %

1.

Көкшетау

152,0

20,7

79,7

67,8

55 751,2

20,6

2.

Талдықорған

156,2

8,0

77,1

77,3

40 203,5

7,8

3.

Атырау

272,1

49,0

200,1

180,4

134 031,0

3,2

4.

Орал

265,9

43,4

73,5

87,5

89 321,7

5,5

5.

Тараз

343,3

32,1

76,3

72,3

131 018,4

63,3

6.

Қарағанды

479,2

35,2

96,3

92,4

259 481,2

19,4

7.

Қостанай

219,2

24,9

81,2

76,6

117 589,0

23,4

8.

Қызылорда

254,0

35,0

103,4

93,4

1 048 776,0

94,5

9.

Павлодар

345,8

46,2

88,0

85,8

627 740,0

52,2

10.

Петропавл

206,0

35,5

82,9

68,9

82 467,3

65,5

11.

Өскемен

321,2

23,0

96,2

84,9

620 125,9

64,2

12.

Семей

335,4

24,1

78,3

84,8

126 873,4

13,1

13.

Түркістан

244,1

9,1

68,8

75,5

7 153,1

1,4



Р/с№

Қалалық әкімшіліктің атауы

Бөлшек сауда

Негізгі капиталға инвестиция

Тұрғын үйлердің жалпы алаңын пайдалануға беру

млн. тг.

үлес, %

млн. тг.

үлес, %

шаршы метр

үлес, %

1.

Көкшетау

65 223,5

51,1

33 154,6

23,1

60 576,0

24,3

2.

Талдықорған

29 472,3

13,4

30 375,0

7,9

36 733,0

4,3

3.

Атырау

136 968,0

83,8

675 130,0

65,3

301230,0

58,8

4.

Орал

115 463,5

84,7

42 761,5

26,0

169 397,0

69,4

5.

Тараз

95 016,3

79,4

52 569,0

34,5

79 666,0

35,3

6.

Қарағанды

341 128,3

76,6

69 331,0

21,4

124 471,0

46,2

7.

Қостанай

97 999,1

61,3

42 774,0

26,1

119 137,0

58,2

8.

Қызылорда

94 845,3

79,5

195 144,0

76,2

174 052,0

59,3

9.

Павлодар

131 104,3

66,1

73 634,0

27,9

78 141,0

63,2

10.

Петропавл

72 447,2

59,4

32 378,7

33,0

54 261,0

53,9

11.

Өскемен

215 439,8

51,6

94 154,0

35,4

91 612,0

37,5

12.

Семей

99 893,7

23,9

39 524,0

14,8

75 679,0

31,0

13.

Түркістан

12 285,3

5,2

31 282,0

9,8

32 254,0

9,2


      «Екінші деңгейдегі» қалалардағы өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2012 жылы 3,33 трлн. теңгені құрады, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің шамамен 20 % құрайды. 2008 – 2012 жылдары екінші деңгейдегі қалалардағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі 30,5 %-ға ұлғайды.
      Екінші деңгейдегі қалаларда өңдеуші өнеркәсіп салалары жақсы дамыған. Айталық, осы қалалардың өнеркәсіптік өндірістің құрылымын талдау көбінесе өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 70 %-дан артатындығын көрсетті. Атырау, Қарағанды және Ақтау қалаларында 2012 жылы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде өңдеуші саланың үлестік салмағы 46 – 50 %-ды құрады.
      Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің, автомобиль жолдарының тозу дәрежесінің жоғары болуы «екінші деңгейдегі» қалалардың инженерлік инфрақұрылымының негізгі проблемалары болып табылады.
3-кесте. Коммуналдық инфрақұрылымның тозу дәрежесі



Р/с №

Қалалардың атауы

Су құбыры желісі, %

Кәріз желілері, %

Жылу желілері, %

Электр желілері, %

Автомобиль жолдары (қанағаттанарлықсыз жағдайда), %

1.

Көкшетау

45

15

53

62

31

2.

Талдықорған

60

72

65

60

50

3.

Атырау

31

38,5

74

30

28,1

4.

Орал

69

67

55

95

41

5.

Тараз

68

74

70,9

72

25

6.

Қарағанды

78

74

75

60

73

7.

Қостанай

63,3

73,2

51

73

42

8.

Қызылорда

54

60

62

70

68

9.

Павлодар

46,4

41,6

71,2

53

29

10.

Петропавл

81,3

63,6

71

68,5

48

11.

Өскемен

72

75

59

61

27

12.

Семей

77

75

77

66

47

13.

Түркістан

92

40

75

61

67,4


      «Үшінші деңгейдегі» қалалар (моно- және шағын қалалар)
      Қазіргі уақытта Қазақстанда 41 шағын қала бар, олардағы халық саны 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 904,2 мың адамды құрайды. 33 шағын қала тиісті ауылдық аудандардың әкімшілік орталықтары болып табылады. 8 шағын қала ауылдық аудандардың орталықтары болып табылмайды. Географиялық орналасу бойынша қалалардың мынадай типтерін атап өтуге болады:
      агломерациялардың ықпал ету аймағында – Ақкөл, Алға, Қандыағаш, Есік, Қапшағай, Қаскелең, Талғар, Ленгер;
      республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль және теміржол магистральдары бойындағы – Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Макинск, Щучинск, Алға, Қандыағаш, Шалқар, Жаркент, Қапшағай, Қаскелең, Сарқанд, Аягөз, Шу, Приозерск, Арал, Ембі, Үшарал, Үштөбе, Зайсан, Шар, Шемонаиха, Арыс, Сарыағаш, Булаево, Мамлютка, Тайынша;
      шекара маңындағы аумақтарда – Жаркент, Үшарал, Зайсан, Сарыағаш, Шардара, Шар, Шемонаиха, Мамлютка, Булаево.
      Моноқалалардың тізбесіне 27 қала енгізілген, олардағы халық саны 1,53 млн. адамды немесе елдің қала халқының 16,8 %-ын құрайды, оның ішінде 16 қала тиісті аудандардың әкімшілік орталығы болып табылады. Моноқалаларда Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің3 басым бөлігі орналасқан.
      Көліктік орналасу бойынша моноқалаларды екі топқа бөлуге болады: теміржол желілерінің бойында орналасқан қалалар (20 қала) және теміржолдан алыс немесе теміржол тұйығында орналасқан қалалар (7 қала).
      Елдің 27 моноқаласының ішінде 7 қала – халықаралық маңызы бар автомобиль жолдары бойында, 14 қала – республикалық маңызы бар, 7 қала – жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан.
      1999 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 41 шағын қаладағы халықтың жалпы санының өсуіне қарамастан (14,3 %-ға), көптеген шағын қалаларда халық саны азайды. Сонымен бірге, он жылдық кезеңде моноқалалардағы халықтың жалпы өсуіне (4 %-ға) қарамастан, олардың 11-інде халық санының 11,8 %-ға4 қысқаруы болды.
      Шағын қалалар халқының жан басына шаққандағы ақшалай табысы орташа республикалық деңгейдің 65 %-ын ғана құрайды, ал көптеген моноқалалардың жан басына шаққандағы кірістері орташа облыстық деңгейге жетпейді. Айталық, Арқалық, Кентау, Балқаш, Саран қалаларында жан басына шаққандағы орташа ақшалай кірісі орташа облыстық деңгейдің 80-85 % құрады. Моноқала халқы кірістерінің негізгі көзі кәсіпорындар мен ұйымдардағы (негізінде бюджеттік) еңбекақы болып табылады, олардың үлесі кірістердің жалпы сомасының 50 – 60 %-ы, кірістердің 20 – 30 %-ы зейнетақылар, стипендиялар, әртүрлі жәрдемақылар, 10 – 15 %-ы қосалқы шаруашылықтан түсетін түсім, қалғаны – жақындар мен достарының көмегі құрайды.
      Шағын қалалардың өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлемі 2012 жылы 719 311 млн. теңге болды, бұл өнеркәсіптік өндірістің жалпы республикалық көлемінің 4,26 %-ын құрады. Шағын және моноқалалардағы өнеркәсіптік өндіріс бір-екі саланың ерекше мамандандырылуымен сипатталады, ал басқа салалар шамалы дамыған немесе өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлде жоқ.
      Елдің көптеген шағын және моноқалаларында негізінен бұрынғы қала құраушы кәсіпорындардың немесе басым саланың жағдайына байланысты проблемалар кешені пайда болды.
      Проблемалардың бірі – инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылыстың қанағаттанарлықсыз жағдайы. Су құбыры, кәріз, жылу және электр желілерінің жоғары дәрежеде тозуы айтарлықтай қаржылық салымды қажет етеді. Мәселен, моноқалалардың жартысында (14 қалада) электр желілерінің тозуы 70 %-ға дейін жетті.
      Моноқалалардың дамуын тежейтін негізгі проблемалардың бірі – өндірістік инфрақұрылымның қанағаттанбаушылық жағдайы. Әсіресе көлік алыстығы және автомобиль жолдарының нашар жағдайының проблемасы өте өзекті.
___________
3 Ақтөбе облысы Хромтау қаласының аумағында Қазақстандағы хром кенінің барлық көлемі және ТМД-дағы кенінің 95 %-ы өндіріледі, Степногорск қаласы Ақмола облысының өнеркәсіп өндірісі жалпы көлемінің қомақты үлесін алатын өнеркәсіп өндірісінің орталығы болып табылады.
4 Дереккөз: шағын және моноқалалар бойынша деректерді "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ және жергілікті атқарушы органдар ұсынған.
4-кесте. Шағын/моноқалалар арасындағы аса сыни көрсеткіштер бойынша ақпарат





Шағын қалалар

Моноқалалар

Электр желілерінің тозуы, %

Степногорск (85), Зыряновск (82), Шемонаиха (87), Приозерск (82)

Ақсай (94), Риддер (82), Жітіқара (81,3)

Жылу желілерінің тозуы, %

Степногорск (80), Приозерск (80), Лисаковск (70,6), Текелі (80)

Ақсай (95), Текелі (80), Зыряновск (80), Серебрянск (78), Курчатов (68)

Су құбыры желілерінің тозуы, %

Атбасар (82), Макинск (80), Щучинск (64), Талғар (75), Қарқаралы (50), Приозерск (79), Ленгер (70)

Жаңатас (95 %), Зыряновск (82 %), Серебрянск (75 %), Курчатов (74 %), Қаратау (60 %), Кентау (60 %)

Үйлердің авариялылығы, %

Қазалы (21), Зайсан (19), Приозерск (10,8), Шар (9), Есіл (6)

Арқалық (84,7), Абай (36,7), Жаңаөзен (10,9), Қаратау (8,4), Жаңатас (7,1)

Халық санының азаюы, %

Ерейментау (28,3), Степняк (24), Державинск (20,6), Сергеевка (22,5), Мамлютка (19,3), Булаев (18,9), Шар (16,7)

Арқалық (33,5), Қаражал (19,5), Абай (19,3), Жаңатас (18,2), Серебрянск (16,3)


      Қазақстанның шағын және моноқалаларын дамыту бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін ұқсас елді мекендерді дамытуда шет елдердің табысты мысалдары зерттелді.
      Шағын қалаларда қалыптасқан жағдайдың сипаты мен ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан үшін АҚШ, Швеция, сондай-ақ тұтас Еуропалық одақ (ЕО) тәжірибелерін бейімдеуге және қолдануға болады.
      Мысалға, көмірді өндіруді және тоқыма өнеркәсібі өндірісінің көлемін төмендету нәтижесінде БигСтоунГэп (АҚШ) қаласы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тап болды. Қала экономикасын қайта құруға және табиғат пен рекреакциялық орындарға жақындығы артықшылықтарын пайдалану арқасында, жұмыссыздық деңгейін тұрақтандыруға және қала халқының санын ұлғайтуға мүмкіндік алды.
      Басқа мысал: Фармвилль қаласының темекі саласына тәуелдігі ШОБ-ты белсенді қолдау жолымен қаланың экономикасын әртараптандыру және «бизнесті» үлкен қаладан «тарту» арқылы жойылған болатын. Бұл жерде үлкен қаланың, 2 теміржол желісі мен тас жолға жақындығының артықшылықтары пайдаланылды.
      Кемшіліктерді артықшылықтарға айналдырудың табысты мысалдарының бірі Кируна (Швеция) қаласы болды. Темір өндіру көлемін азайту және жұмыспен қамтылғандарды қысқарту нәтижесінде қала банкротқа ұшырау алдында тұрды. Қала экономикасын әртараптандыру үшін қала құраушы кәсіпорын ҒЗТКЖ, аэроғарыштық саланы және туристік индустрияны дамытуға ауқымды инвестициялар салды.
      Технологиялық құрылыстың ауысуы өнеркәсіптің дәстүрлі салаларында жұмыспен қамтылғандарды жаппай қысқартуға (тоқыма өнеркәсібінде – жартысынан көбін, металл өңдеу саласында – үштен бірін) және Хелмонд (Нидерланды) қаласында жұмыссыздықтың 27 %-на әкеп соқты. Билік қабылдаған шаралардың нәтижесінде «пулмен», халықаралық нарықта белсенді жұмыс істейтін ҒТП кеңінен қолдануға және кәсіпкерлікке бағдарланған технологиялық жаңалықтармен сипатталатын көптеген отандық және шетелдік компаниялар тартылды. Қала саны 48 мыңнан 70 мың адамға дейін өсті, ал жұмыссыздық 27-ден 6,8%-ға дейін қысқарды.
      Польшада шағын қалаларды дамыту саясаты халық сауаттылығын жоғарылату және адами капиталды дамыту мақсатын көздеген. Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын дамыту, энергияның балама көздерін, ақпараттық қоғамды дамыту, қоршаған ортаны жақсарту, білім беруді жақсарту жөніндегі жобалар іске асырылды.
      Әртүрлі елдер өздерінің моноқалаларының проблемаларын шешу үшін әртүрлі жолдарды таңдады. Германия, Австралия, Жапония және АҚШ сияқты елдер моноқалаларының проблемалары біздің проблемаларға аса жақын.
      Мысалы, Германияда Рур бассейнінің көмір өнеркәсібіндегі құлдырауға байланысты пайда болған проблемаларды шешу үшін мемлекет көмір саласын субсидиялауға «көмір пфенингі» салығын енгізді.
      Моноқалаларды дамытудың әлемдік тәжірибеде Теннант-Крик қаласы (Аустралия) тәжірибесінің орны ерекше. Қаланың көмір шахталары сарқылғаннан кейін жұмыспен қамту деңгейін сақтау үшін мемлекет және қала құраушы кәсіпорын мамандар мен шахтерларды басқа кен орындарына көшіруді ұйымдастырды, бұл жұмыс орындарын және кадр әлеуетін сақтап қалуға да мүмкіндік берді.
      Жапонияда да моноқалалардың проблемаларын шешуді мемлекет пен қалақұраушы кәсіпорын бірлесіп жүзеге асырды. Бұл жерде қызметкерлердің бір бөлігін компанияның басқа қалалардағы өндірістік қуаттарына ауыстыру ұйымдастырылды. Бұл ретте қала құраушы кәсіпорын экономиканың әр түрлі салаларында жаңа шағын кәсіпорындар құрды (электроника және ақпараттық жүйелер; өмірге қажетті тауарлар мен азық-түлік өндіру; технопарк құру).
      Бирмингем қаласының (АҚШ) тәжірибесі моноқаланың экономикасын әртараптандырудың табысты мысалдарының бірі ретінде саналады. Қаланың табиғи артықшылықтарын және инвестициялар тарту бойынша үкіметтің ойластырылған саясатын (мысалы, шағын өндірушілерге бос өндіріс алаңдарын беру, жоғары білім инфрақұрылымын дамыту және басқа шаралар) пайдалана отырып, қала металлургиялық қала құраушы кәсіпорындарының жабылуына байланысты проблемаларды шеше алды.
      Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, мемлекет тарапынан да, қала құраушы кәсіпорын тарапынан да бірлескен жоғары мүдделілік болған қалалар өздерінің проблемаларын шешуде неғұрлым табысты болды.
      Қайта даярлау курстарын, бизнес-инкубаторларды ұйымдастыру, қалақұраушы кәсіпорынның жаңа өндірістерді құруы, салық жеңілдіктері сияқты негізгі күштер кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған моноқалаларда едәуір алға басу байқалады.
Қазақстандағы моно- және шағын қалалар дамуының SWOT-талдауы



Мықты тұстары

Әлсіз тұстары

өндіріс және көлік инфрақұрылымының болуы;
перспективалы қалалардағы халықтың табиғи өсуінің оң көрсеткіштері;
шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай;
кадр базасының болуы;
жаңа өндірістік қуаттарды орналастыру үшін бос аумақтардың болуы

өнеркәсіпті әртараптандырудың төмен деңгейі;
шығарылатын өнімдер бәсекеге қабілетті болмауына байланысты қолда бар өндірістік қуаттардың жүктемесінің толық болмауы;
өнеркәсіптік кәсіпорындардағы (моноқалаларда – шикізат нарықтарындағы жағдайға байланысты) өндірістің төмендеуі, шығарылған өнімдердің сұранысқа ие болмауы;
экономикалық жағынан белсенді халық үлесінің төмен болуы;
еңбек ету орындарының болмауы;
халықты қолайлы өңірлерге кетуі;
халықтың өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің төмен болуы;
халықтың әлеуметтік мекемелер қызметтерімен әлсіз қамтамасыз етілуі;
инженерлік, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымның, қалаішілік жолдардың жоғары дәрежеде тозуы

Мүмкіндіктер

Қатерлер

экономиканы толық қайта құру, маркетинг және қалалардың әлеуетті брендтерін табу;
экономиканы әртараптандыру және жаңа мамандықтарды меңгеру;
жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту, жаңаларын (стратегиялық, «зәкірлі» инвесторларды) тарту, аутсорсинг;
білікті мамандарды тарту, жергілікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;
халықтың өмір сүру деңгейін арттыру;
өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көлік, туризм және рекреация саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту;
мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту (МЖӘ)

қала құраушы кәсіпорындардың тоқтауына байланысты жаппай жұмыссыздық;
өнеркәсіптік кәсіпорындардың технологиялық артта қалуы, бұл шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін азайтады;
қалалардың депопуляциясы;
инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі


      Ауылдық аумақтар
      Әлеуметтік-экономикалық даму мониторингінің қорытындылары бойынша 6 838 АЕМ бар, онда 7,7 млн. адам тұрады. АЕМ жалпы санының 1080 – жоғары, 5293 – орташа даму әлеуетіне сәйкес келеді, 119 – аудан орталықтары, ал 2382 – ауылдық және кент округтерінің орталықтары болып табылады. Бұл ретте АЕМ-нің жартысынан көбінде халық саны аз және онда ауыл халқының небәрі 9,3 % тұрады.
      Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге 74 % ауыл халқы қол жеткізген, ал жергілікті маңызы бар 23 % автомобиль жолдары күрделі жөндеуді қажет етеді.
      Ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерін шешу әртүрлі бағдарламалық құжаттарда көзделген, алайда осы бағытта кешенді тәсілдің болмауы күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бермейді.
      Мемлекеттік қолдауға қарамастан ауыл халқы көші-қонының оң сальдосы тек қана Алматы мен Маңғыстау екі облыста ғана бар, бұл ауылдық елді мекендер бойынша өңірлік саясатта жеткілікті жұмыстың болмауына байланысты. Ауылдардан халықтың кетуі негізінен аграрлық өңірлерде (Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары) байқалады.
Көші-қон арқылы ауыл тұрғындары санының өсуі/азаюы (2011 – 2013)
        Мемлекеттік қолдаудың ақшалай мәндегі барлық көлемі

      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың ортақ проблемаларын шешумен қатар, ауыл халқының анағұрлым жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, тірек АЕМ-ді кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.
      Тірек ауылдарды дамыту үшін Беларусь Республикасының ауылдық аумақтарының даму тәжірибесі зерделенді.
      Беларусь Республикасында Ауылды жаңғырту мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды, ол ауылды басым әлеуметтік-экономикалық дамыту және агроөнеркәсіптік кешен жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
      Осы Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттары мен міндеттері мыналар болды:
      Беларусь ауылдарының әлеуметтік және өндірістік саласын жаңғырту және дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      ауыл халқының табысын жоғарылату, ауылдық жерде тұру беделдігі және ауылда демографиялық жағдайды жақсарту үшін негіздер құру;
      ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлігін ішкі нарыққа және экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде тиімді өндіруді қамтамасыз ету.
      Агроқалашықтар ауылдағы әлеуметтік стандарттардың жүргізушілері болып айқындалды.
      Осы құжатта агроқалашық ауыл кенттерінің сапалы түрде жаңа түрі ретінде айқындалған: агроқалашық – халқының саны, әдетте, мың адамнан аз абаттандырылған елді мекен, онда тұрып жатқан халықты және іргелес аумақтардың тұрғындарын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құралатын болады.
      Агроқалашықтар аумағы тарихи қалыптасқан әкімшілік құрылым болып табылатын базалық деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің негізінде құралады. Бағдарламаны іске асыру барысында агроқалашықтар екі топқа бөлінген. Біріншісі – толыққанды қонысты құру бағыты алынып, бұрыннан және жүйелі түрде іске асырылып жатқан қоныстар. Бұл жерде әртүрлі түрлендіру мен жетілдіру жоспарлы сипатқа ие және төтенше, радикалды болып қабылданбайды. Агроқалашық мәртебесіне ие болу үшін басқа қоныстар көптеген тұрғыдан айтарлықтай өзгеруі тиіс. Бұл жағдайда елеулі қаржылай салымды талап ететін айқын көрінетін және түбегейлі жаңалықтар қажет.
      Беларусь Республикасында қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру шеңберінде тірек АЕМ-ді дамытуда ұқсас тәсілдер мен құралдарды қолдануды өзекті етеді.
      Шекара маңындағы аумақтар
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының құрлықтағы жалпы ұзақтығы 13 394 км құрайды. Республикада 11 шекара маңындағы облыс, 62 шекара маңындағы аудан және олардың аумақтарында орналасқан 1297 елді мекен бар.
      Бұл жағдай даму және осындай орналасуға байланысты барлық артықшылықтарды пайдалану өзектілігінің жоғары деңгейін және осыдан туындайтын кемшіліктерді ескеру және нивелирлеу қажеттілігін белгілейді.
      Еліміздің оңтүстік өңірлерінде іргелес елдердің шекара маңы аумақтарының қалың қоныстануына, сондай-ақ дамыған инфрақұрылым мен көліктік қолжетімділіктің болуына байланысты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің серпінді өсуі үшін барлық алғышарттар бар.
      Экономикасы өтпелі елдер үшін олардың шекара маңында орналасуы «әлеуеттер әртүрлілігі» жағдайында – ең арзан жұмыс күші және көліктік шығындары төмен кезінде инфрақұрылым сияқты бәсекелі артықшылықтары бар аумаққа өндірісті көшіруге мүдделі анағұрлым дамыған көршімен шекаралас орналасуы (мысалы, АҚШ шекарасындағы Мексиканың Сонора штаты, Чехия, Венгрия шекаралары ЕО ескі елдерімен) экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Алайда дамыған елдермен шекаралас болғанның өзінде егер институционалдық орта инвестициялар үшін қолайсыз болса, шекара маңы әсері нашар болады (мысалы, Ресейдің солтүстік-батыс шекарасы және ЕО).
      Қазақстан мен Ресей шекарасында «әлеуеттің әртүрлілігі» жоқ, Ресейдің көршілес өңірлерінде де Қазақстан өңірлері сияқты дамудың анық артықшылығы жоқ. Қазақстанның батыс облыстарында және Тюмень облысында жан басына шаққандағы жоғары ЖӨӨ статистикалық көлем болып қалуда, мұнай-газ табыстарының басым бөлігі орталық бюджетке орталықтандырылады, бұл жылдам дамуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға кедергі жасайды. Орташа немесе нашар дамыған өңірлердің шекара маңы өзара іс-қимылы көп емес немесе алмасудың аз номенклатурасына, көлеңкелі сауданың қомақты үлесіне ие.
      Еліміздің оңтүстік-шығысындағы шекара маңындағы өңірлерінде көршілес мемлекеттер экономикасының қарқынды өсуі, халықтың қалаларға кетуі және елеулі аумақтардың депопуляциясы, көршілес мемлекеттердің тарапынан шекара маңындағы өңірлерге демографиялық қысым сияқты жағымсыз факторлар күшейеді.
      Айталық, 2000 жылы Қытайда «Батысты кең ауқымды дамыту стратегиясы» бағдарламасы қабылданды. Қытайдың алдағы жылдарға экономикалық дамуының ресми ұраны «Тұрақты Шығыс, дамып келе жатқан Батыс» деп жария етілді. 2000 – 2009 жылдары Батыс Қытайда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) жыл сайын орташа есеппен 11,9 %-ға өсті, бұл ел бойынша орташа деңгейден артты. 2009 жылы ел әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде қиын кезеңдерді бастан өткізгеннің өзінде, мемлекетте қарқынды даму үрдісі сақталды. Батыс Қытайда елдің шығыс бөлігіне5 қарағанда, ЖІӨ 2,8 %-ға жоғары болды. Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысында халық санының депопуляциясы байқалады, 2003 жылы 1 466 мың адамды құраса, 2013 жылы халық саны 1 394 мыңға дейін төмендеді.
      Сонымен қатар, Қытаймен серпінді дамып келе жатқан тауар айналымы, халықаралық шекара маңындағы сауда орталықтарын құру, басқа елдерге шығумен республика аумақтарының ішіне қарай көлік байланыстарын дамыту жөнінде қабылданған шаралар, үлкен туристік әлеует осы өңірлердің экономикасын дамыту үшін алғышарттар жасайды.
      Көліктік қолжетімділік жоғары болғандықтан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 12 ресейлік және 7 қазақстандық өңір орналасқан шекара маңындағы аумақтарының жоғары ықпалдасуы байқалады. Қазақстандық өңірлер Қазақстан үшін Ресейге, Біріңғай экономикалық кеңістікке және батысқа шығатын жол болып табылады.
      Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша даму деңгейі жоғары шекара маңындағы өңірлерге Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы ресейлік аймақ) және Атырау облыстары, дамыған өңірлерге – Оңтүстік Қазақстан облысы, орташа дамыған өңірлерге – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы қытайлық аймақ), Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, даму деңгейі төмен өңірлерге – Қызылорда облысы жатады.
      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы проблемаларын шешумен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарды кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.
__________
5 Елдің батысын игеру стратегиясы шегінде мына мегажобалар ең маңызды болып саналады: су ресурстарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бұру; Цинхай-Тибет темір жолы; "Батыс-Шығыс" газ құбыры; батыс және шығыс өңірлері арасындағы электр беру желісі. Сондай-ақ Қытайдың батыс өңірлерінің топырақ құнарлығы қалпына келтіруді көздейтін кеңауқымды және қымбат тұратын экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр.
 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Похожие:

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconАлматы агломерациясын дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2020 жылға дейінгі өңіраралық жоспары
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №862 қаулысы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы №1291 қаулысы Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері»
Елдің 2020 жылғы дейінгі ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарын бекіту туралы
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі...
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» icon«Бекітемін» Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ахметов С. Н. 2012 жылғы желтоқсандағы № Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы
«Қазақстан – 2050» стратегиясы – жедел өзгермелі тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов