Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған "Агробизнес-2020" бағдарламасын бекіту туралы
страница3/7
Дата конвертации31.10.2014
Размер1.75 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7


      Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерінің меншік иелері, кредит берушілер мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларының көлемдері бойынша бірлескен және тең өлшемді тепе-теңдік бастамада жүргізілуі тиіс.
      Кредит берушілер: АӨК субъектілерінің қаржылық міндеттемелерін қайта құрылымдауды (сыйақы ставкасын төмендету, кредиттерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару, басқа шаралар арқылы), АӨК субъектілерін бар берешектерін өтеуге қайта қаржыландыруды және қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
      АӨК субъектілерінің меншік иелері: кредит берушілер алдындағы міндеттемелерді толық өтегенге дейін пайданың бір бөлігін қатысушылар арасында бөлмеу, қосымша капиталдандыру, инвесторларды тарту, кредит берушілерге қаржылық сауықтыру шарттарын орындау бойынша толық жәрдем көрсету жолымен және басқа да шаралармен қолдау көрсетеді.
      Мемлекет, кредит берушілер мен меншік иелерінің қатысуына қарай қаржылық агент арқылы негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы құралдарды толықтыруға қаржылық сауықтыруға жататын кредиттер және/немесе лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды ұсына отырып, оны түпкілікті төлеуші – АӨК субъектісі үшін төмендету арқылы қолдауды жүзеге асырады.
      Сондай-ақ осы қағидаларда АӨК саласындағы шаруашылық субъектілері арасында пайда болған берешектер бойынша қаржылық сауықтыру мәселелері реттелетін болады.
      АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруды өткізу ұйымдастырылған капитал нарықтарынан қаржы агенті тартқан қаражат, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте, қаржылық агент тартқан қаражат басқа да кезек күттірмейтін міндеттерге пайдаланылуы мүмкін.
      Қаражаттың (соның ішінде субсидиялардың) тиімді пайдаланылуын және қаржылық сауықтыру көрсеткіштері мен нәтижелеріне қол жеткізуді бақылау қаржылық агент және уәкілетті орган тарапынан жүзеге асырылады.
      4.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Аталған бағыт шеңберінде мынадай міндеттерді шешу қажет:
      1) өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      2) астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;
      3) АШТӨ үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      4) мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      5) ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      6) қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      7) басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;
      8) білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу үшін АӨК салаларын субсидиялау табиғи-климаттық жағдайларды, өткізу нарықтарының болуын және өңірлерді дамыту әлеуетін ескере отырып әртараптандырылып жүргізілетін болады. Осыған байланысты өңірлер бөлінісінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің ресурстық әлеуетін бағалау және ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесінің тиімділігін талдау жүргізіледі.
Бұдан басқа, ҚР азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары мен тетіктері әзірленеді.
      4.2.1. Өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      4.2.1.1. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығы секторының тартымдылығын арттыру мақсатында АШТӨ үшін егіс және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін АШТӨ-нің жеміс-жидек бақшалары мен жүзімдіктер отырғызуға және өсіруге жұмсаған шығындарының бір бөлігін, көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізумен байланысты шығындарын өтеу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.
      8-кесте. Егістік және бау-бақшалық жұмыстардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған егіс алаңдары, млн. га

18,9

19,7

19,8

19,9

19,9

19,9

20,0

19,9

2

Субсидиялаумен қамтылған жабық топырақтағы көкөністер алаңы, га

0

364

394

424

461

461

461

461

3

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек пен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызу және өсіру алаңы, га, оның ішінде:









1-вегетация, га









жеміс-жидек

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

8 007

жүзім

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2-вегетация, га









жеміс-жидек

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

7 807

жүзім

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

3-вегетация, га









жеміс-жидек

1 231

1 296

1 793

6 807

7 007

7 207

7 407

7 607

жүзім

474

820

437

2 214

2 214

2 214

2 214

2 214

4-вегетация, га









жеміс

1271

1231

114

150

350

550

750

950

жүзім

1153

474









5-вегетация, га











жеміс




114

150

350

550

750



6-вегетация, га











жеміс





114

150

350

550



7-вегетация, га











жеміс






114

150

350


      4.2.1.2 Тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      АШТӨ-ні өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүргізуге ынталандыру мақсатында минералды тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру болжанады.
      2017 жылдан бастап ашық және жабық топырақтағы көкөніс дақылдарын, бақша және жеміс дақылдарын өңдеуге арналған биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құнын арзандату жоспарлануда.
      9-кесте. Тыңайтқыштардың, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған минералды тыңайтқыштар көлемі, мың тонна

231,2

255,8

269,2

303,0

334,5

360,6

386,6

412,7

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған гербицидтер көлемі, мың литр

27 873,0

30 713,9

30 956,7

31 279,0

31 371,7

31 524,9

31 728,4

31 928,5

3

Егістердің жалпы алқаптарымен салыстырғанда биоагенттермен (энтомофагтармен) өнделген алқаптарды қамтылуы, %

29,0

30,5

33,6

37,6

67,5

68,3

69,0

69,3


      4.2.1.3. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Республиканың астық нарығының дамуы ғылыми негізделген нормалар бойынша қажетті көлемде дәнді дақылдардың тұқым шаруашылығының дамуын ынталандырды. Сонымен қатар, қатты бидай, сыра қайнатуға арналған арпа, бұршақ, жарма, майлы дақылдар, қант қызылшасы тәрізді дақылдар бойынша элиталық тұқым өндірісінің деңгейі оларға деген қажеттілікті толық қанағаттандырмайды.
      Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерді, әсіресе ұсақ тұқымды дақылдардың тұқым шаруашылығы бойынша субъектілерді материалдық-техникалық жарақтандыру проблемасы бар. Тұқым шаруашылығы жүйесін ұйымдастырудың және көбейтуге берілген тұқымдар санының жеткіліксіздігі салдарынан оларды селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізгеннен кейін өндіріске жіберілген жаңа сорттар мен гибридтердің баяу енуі байқалады.
      Питомник шаруашылығы жүйесін қалпына келтіру, питомниктерді техникалық және технологиялық жаңғырту, отырғызу материалын сақтау мен өткізудің сервистік орталықтарын құру, егу кешендерін салу талап етіледі.
      Тауарлы шаруашылықтардың бірінші репродукциялы (1-ұрпақ гибридтері) тұқымдарға қолжетімділігін арттыру, уақтылы тұқым алмасу және тұқым жаңартуды жүргізу мақсатында 2015 жылдан бастап элиталық тұқымдарды субсидиялауды алып тастауды және бірінші репродукциялы (1-ұрпақ гибридтері) тұқымдарды субсидиялауға ауысуды көздейтін тұқым шаруашылығын субсидиялау тетігі жетілдірілетін болады. Сондай-ақ АШТӨ сатылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттерінің құнын субсидиялау жалғастырылатын болады.
      10-кесте. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық тұқымдары мен екпелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық тұқым көлемі, мың тонна

73,6

96,2

102,1

110,1

120,0

140,0

150,5

168,3

2

Субсидиялаумен қамтылған сатып алынған элиталық екпелер көлемі, мың дана

2433,9

1897,65

1897,65

2949,7

4001,8

4001,8

4493,2

4493,2

3

Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарын отырғызу алаңы, га

12,86

23,38

23,38

10,92





4

Субсидиялаумен қамтылған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көпжылдық көшеттерінің аналықтарына қызмет көрсету алаңы, га

29,3

21,6

36,24

46,76

34,3

10,92




      4.2.1.4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезіндегі қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Отандық мақта талшығы мен шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сараптамалардың көрсетілген түрін жүргізуге субсидия бөлуді жалғастыру жоспарлануда. Сараптау жүргізу өнімді сертификаттауға және оны жоғары құнмен өткізуге мүмкіндік береді, бұл АШТӨ-нің және шитті мақтаны қайта өңдеушілердің кірісін толықтырады.
      11-кесте. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде қазақстандық мақта талшығы мен шитті мақта сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялау есебінен жүргізілген мақта талшығының сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

170

394

388

382

382

391

400

400

2

Субсидиялау есебінен жүргізілген шитті мақта сапасын айқындауға арналған сараптамалар саны, мың бірлік

56

130

128

126

126

129

132

132


      4.2.1.5. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігін ұлғайту және сапасын арттыру мақсатында тұқымдардың, оның ішінде, отандық АШТӨ егуіне арналған тұқымдардың сорттық және егістік сапасын сараптауды қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
      12-кесте. Тұқымның сорттық және егістік сапасын сараптаудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с №

Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Тұқымдардың сапасын айқындауға арналған зерттеулер саны, мың дана

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4

330,4


      4.2.1.6. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру жөніндегі қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында сақтандыру компаниялары төлеген сақтандыру төлемдерін субсидиялау нысанында АШТӨ-ні мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Сақтандыру төлемдерін субсидиялаудан сақтандыру сыйақысын субсидиялауға көшудің мақсатқа лайықтылығы туралы мәселе зерделенетін болады.
      13-кесте. Өсімдік шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Сақтандырумен қамтылған егіс алаңдарының үлесі, %

73

74

74

80

85

90

95

100


      4.2.2. Астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      2013 – 2014 жылдар кезеңінде астық сақтау инфрақұрылымын дамыту мақсатында сыйымдылықтардың барынша тапшылығын бастан кешіп отырған негізгі астық өндіруші өңір Солтүстік Қазақстан аумағында астық сақтауға арналған жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылатын болады. Осыған байланысты, қолданыстағы қуаттылықтар кеңейтіледі және жаңа астық сақтау қоймалары салынады.
      Астық нарығына мемлекеттің қатысуын күшейту мақсатында, сондай-ақ астық экспортының батыс және оңтүстік бағыттарын дамыту үшін елдің оңтүстік және батыс өңірлеріне астықты қайта тиеу үшін жаңа қуаттылықтар салу жүзеге асырылады.
      Бұдан басқа, қолда бар астық сақтау қуаттылықтарын жаңғырту, оның ішінде негізгі құралдарды жаңарту, сүрлемдік корпустардың құрылыс конструкцияларын күшейту, сондай-ақ технологиялық қайта жаңарту жүргізілетін болады. 2011 – 2012 жылдары елде жалпы қуаттылығы 1005,5 мың тонна 71 астық сақтау объектісі, соның ішінде 884,5 мың тонна АШТӨ меншікті қаражатының есебінен және 121 мың тонна «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қатысуы кезінде пайдалануға енгізілді.
      Қазақстандық астықтың экспорттық әлеуетін ұлғайту мақсатында
2020 жылға дейін астықты батыс бағытында тиеп-жөнелту қуаты ұлғайтылатын болады.
      Қытайдың өсіп келе жатқан халқын және тұтыну құрылымының бидайдан жасалған өнімдерді тұтынудың ұлғаюына қарай өзгеруін ескерсек, Қытай нарығы Қазақстан үшін барынша перспективалы болып табылады. Сонымен бірге Қытай Қазақстан астығын Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне және осы бағыттағы басқа да елдерге экспорттау үшін транзиттік мемлекет болуға қызығушылық танытады. Осыған байланысты, астық экспортын ынталандыру үшін шығыс бағыттағы астық терминалының құрылысы жүргізілетін болады.
      Қазіргі уақытта астық сақтау қуаттылықтарына деген өз қажеттілігіміздің өсуімен қатар Ислам ынтымақтастық ұйымының Азық-түліктік өзара көмек қорын (бұдан әрі – Қор) құрумен және осы мақсаттарға ҚР аумағында 2 млн. тоннаға дейін астықтың стратегиялық қорын қалыптастырумен байланысты қазақстандық астықты сатып алуға араб әлемі елдерінің тарапынан жоғары қызығушылық бар.
      Осыған байланысты, 2015 – 2020 жылдар кезеңінде мемлекеттік астық сақтау қуаттылықтарын кемінде 2 млн. тоннаға дейін жеткізген және ұстаған, Қор табысты жұмыс істеген жағдайда 3 млн. тоннаға дейін жеткізген жөн болмақ.
      14-кесте. Астық сақтау бойынша көрсетілетін қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қолданыстағы астық қоймаларын кеңейту және жаңаларын салу, сондай-ақ жалпы сақтау сыйымдылығы 700 мың тонна жаңа астық терминалдары мен астық қоймаларын салу және жарақтау, қуаттылықтарды пайдалануға енгізудің үлесі, %

28,6

71,4

-

-

-

-

-

-


      4.2.3. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Су пайдаланудың бекітілген лимиті шегінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін су беру жөніндегі қызметтерді алғаны үшін су пайдаланушылардың шығындарын өтеу мақсатында АШТӨ-ге мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
      Су пайдаланушылардың суды үнемдеу технологияларына ауысуын ынталандыру мақсатында суды беру бойынша қызметтер құнын субсидиялау тетігі суармалы судың шаршы метріне субсидия мөлшерін есептеу әдістемесін өзгерту бөлігінде жетілдірілетін болады.
      Бұдан басқа, әкімшілік рәсімдерді төмендету және су мөлшерін қолжетімді бағамен алуды жеңілдету мақсатында АШТӨ су беру бойынша қызметтер құнын субсидиялауды тікелей су берушілерге беру жоспарланады. Бұл су шаруашылығы ұйымдарының гидромелиоративтік жүйелерін тиісті күтіп-ұстау бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
      15-кесте. АШТӨ-ге судың экономикалық қолжетімділігін арттыру



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялауға жататын су көлемі, млн. м3

7686

7781

7810

7786

6826

5924

5986

6000


      4.2.4. Мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      4.2.4.1. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Мал шаруашылығы саласын дамыту және АШТӨ-ні өндірісті технологиялық қайта жаңғыртуға ынталандыру, сондай-ақ өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мемлекеттік қолдауды жалғастыру көзделеді.
      Мал шаруашылығы үшін берік жемшөп базасын құру үшін шахталы және құбырлы құдықтарды салу және қалпына келтіру жолымен жайылымдарды суландыруға, жемшөп дақылдарын өсіру үшін суару жүйелерін сатып алуға және енгізуге, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттілігін сапалы және теңгерімді жемшөптермен қамтамасыз ету үшін құрама жем-шөп зауыттарын салуға арналған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің инвестициялық салымдарының бір бөлігі өтелетін болады.
      Мал шаруашылығында жаңа заманауи технологиялар енгізілетін болады, атап айтқанда, еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған технологиялық жабдықтарды сатып алу және енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын суаттармен қамтамасыз ету үшін қуаңшылық аймақтарында суды сақтау жүйелерін енгізу.
      «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» жобасын іске асыру малды бордақылау инфрақұрылымын, фермерлік шаруашылықтарды құру және ірі қара малдың аналық мал басын ұлғайту жөніндегі нысаналы көрсеткіштерге сәйкес жалғастырылатын болады.
      16-кесте. Малды күтіп-бағудың және мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған агроқұрылымдардағы ІҚМ-нің аналық басының саны, мың бас

360,0

358,0

479,0

622,3

791,5

992,7

1233,1

1521,3

2

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сиыр етінің көлемі, мың тонна

28,2

34,0

37,6

41,5

46,2

52,0

59,6

69,7

3

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген сүт, қымыз және шұбат көлемі, мың тонна

235,3

235,6

281,3

306,3

29,6

266,4

215,5

258,1

4

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген қой етінің көлемі, мың тонна

3,0

5,2

7,4

8,5

9,9

11,7

13,9

16,8

5

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жылқы етінің көлемі, мың тонна

4,4

5,3

6,9

10,0

13,4

17,2

21,4

26,2

6

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген шошқа етінің көлемі, мың тонна

25,5

27,6

27,3

26,4

24,9

28,0

31,8

35,9

7

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген құс етінің көлемі, мың тонна

126,2

138,8

152,7

168,0

184,8

203,3

223,6

245,9

8

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген тауарлық жұмыртқа көлемі, млн. дана

2205,8

2303

2157

1999

1831

1650

1457

1500

9

Құрама және құнарлы жемшөптерді арзандатуға берілетін субсидиялаумен қамтылған өндірілген жүн көлемі, мың тонна

1,3

1,3

1,4

1,5

1,6

1,7

1,8

1,9


      4.2.4.2. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Асыл тұқымды малдардың үлес салмағын арттыру, етті малдың гендік қорын, сондай-ақ АШТӨ-дегі ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігі сапасын қалпына келтіру және ұлғайту мақсатында отандық және шетелдік селекцияның асыл тұқымды өнімдерін сатып алу үшін АШТӨ-ні мемлекеттік қолдау жалғасатын болады.
      Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы жануарларының сапалық құрамы мен тұқымдық сапасын жақсартумен айналысатын АШТӨ-ге асыл тұқымды аналық мал басын және асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу, сондай-ақ бордақылау алаңдарына бұқаларды сату бойынша шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетілетін болады.
      Мемлекеттік қолдау қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын, түйе шаруашылығын және құс шаруашылығын дамытуға да қолданылатын болады, бұл ауыл шаруашылығы жануарларының жалпы табынындағы асыл тұқымды мал басының үлесін ұлғайту үшін жағдай жасайды және олардың өнімділігін арттырады.
      Отандық құс фабрикаларына асыл тұқымдық материал (тәуліктік балапан және инкубациялық жұмыртқа) сатып алу бойынша қолдау көрсетілетін болады.
      Асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялау 2011 жылы басталған ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін арттыру жөніндегі жобаны одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Аталған жобаны іске асыру шеңберінде репродуктор шаруашылықтарын, бордақылау алаңдарын және етті малды көбейту жөніндегі фермерлік шаруашылықтар құру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
      17-кесте. Асыл тұқымды өнімнің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған отандық селекцияның асыл тұқымды ІҚМ саны, мың бас

13,6

26,2

37,9

48,0

58,4

59,3

60,2

61,3

1-1

Барлық санаттағы шаруашылықтағы жануарлардың жалпы мал басындағы асыл тұқымды жануарлардың үлесі, %

















ІҚМ

8,8

9,4

9,9

10,4

10,9

11,5

12,1

12,7

жылқылар

7,1

7,5

8,0

8,5

9,0

9,5

10,1

10,7

қойлар

14

14,7

15,4

16,2

17,0

17,9

18,8

19,7

ешкілер

0

0,2

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

0,3

шошқалар

16,3

16,8

17,3

17,8

18,3

18,9

19,5

20,0

2

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның етті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

3

Бөлінген субсидиялар шеңберінде сатып алынған шетелдік селекцияның сүтті бағыттағы ІҚМ саны, мың бас

14

16

18

-

-

-

-

-

4

Етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығында селекциялық-асыл тұқымды жұмысты жүргізуге субсидиялаумен қамтылған мал басының саны, мың бас

238

266

334

406

484

567

657

804

5

Жеке қосалқы шаруашылықтардан қалыптастырылған қоғамдық табында шағылыстыру үшін пайдаланылатын, ұстауға субсидиялаумен қамтылған етті тұқымды асыл тұқымды бұқалардың саны, мың бас

1

2

3

4

5

5

5

5

6

Субсидиялаумен қамтылған ауыстырып салынған эмбриондар саны, мың дана

1,1

2

3

4

5

5

5

5

7

Жасанды ұрықтандыруға субсидиялаумен қамтылған ұрық дозаларының саны, мың доза

285

266

334

406

484

567

657

804

8

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (етті бағыттағы) саны, мың бас

287

308

363,5

419,1

423,7

426,7

429,2

433,8

9

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған тәуліктік балапандар (жұмыртқа бағытындағы) саны, мың бас

737

876

905

934

983

990

1017

1044

10

Сатып алынатын инкубациялық жұмыртқа саны, мың дана

4381,0

4436

4580

4821

4855

4984

5120

5120

11

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған қойлардың асыл тұқымды төлдерінің саны мың, бас

135,6

149,2

186,5

186,5

204,0

218,5

227,6

227,6

12

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған маралдардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,2

0,2

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

0,3

13

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған шошқалардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

6,5

7,2

9,0

9,0

9,8

10,5

10,9

10,9

14

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған жылқылардың асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

3,5

3,9

4,9

4,9

5,3

5,7

5,9

5,9

15

Сатып алынған, субсидиялаумен қамтылған түйелердің асыл тұқымды төлдерінің саны, мың бас

0,4

0,5

0,6

0,6

0,7

0,7

0,7

0,7

16

Қой шаруашылығында асылдандыру жұмысын жүргізуге субсидиялаумен қамтылған ҰМ басының саны, мың бас

1077

1185

1481

1480

1619

1735

1807

1807


      4.2.4.3. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазақстанда тауарлы балық өсіруді (акваөсіруді) дамыту мақсатында барынша бағалы балық түрлері есебінен тауарлы балық өсіру көлемін ұлғайту және балықтың түр-түрін кеңейту үшін жағдайлар жасалатын болады.
      Тауарлы балық өсіру өндірісінің 2020 жылға дейінгі әлеуеті 15 мың тоннаға бағаланады.
      Тауарлы балық өсіруді қолдау мен дамыту үшін құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық балықтар табынын ұстауға субсидиялар енгізілетін болады.
      18-кесте. Тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған құнды балық түрлерінің асыл тұқымды толықтырушы-аналық табынының тірі салмағы, кг

-

-

-

4 105

20 540

149 255

163 565

290 500


      Тауарлы балық өсіруді дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру және белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін тауарлы балық өсіру саласындағы заңнаманы жетілдіру қажет.
      4.2.4.4. Мал шаруашылығындағы сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Шет елдердің ойдағыдай қолданылып жатқан тәжірибесін ескере отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандырудың экономикалық қолжетімділігін арттыру бойынша мәселе пысықталатын болады.
      4.2.5. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу саласын дамыту, өндірілетін өнім сапасын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеумен және дайын өнім өндірумен байланысты шығындарды субсидиялау арқылы мемлекеттік қолдау көзделеді.
      Мемлекет тарапынан осы қолдау отандық қайта өңдеу кәсіпорындарын КО елдерінің кәсіпорындарымен тең жағдайға қоюға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнім өндірісі көлемінің ұлғаюы, ішкі тұтынудағы сүт пен қанттың терең қайта өңдеу өнімдері бойынша импорт үлесінің қысқаруы және кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметіне оң әсер ету күтіледі, бұл сондай-ақ жалпы АӨК-нің қайта өңдеу саласын дамытуға оң әсерін тигізеді.
      19-кесте. Ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімдерінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Субсидиялаумен қамтылған өндірілген өнім көлемі, мың тонна, оның ішінде:









- құрғақ сүт

-

3,2

3,4

3,7

3,9

4,2

4,5

4,8

- сары май

-

15,7

17,2

18,9

20,8

22,9

25,2

27,7

- ірімшіктер

-

7,0

7,4

7,7

8,1

8,5

8,9

9,4

- қызылшадан алынған қант

-

51,6

54,1

57,4

61,8

67,3

72,4

-


      4.2.6. Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.6-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      4.2.6. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Агробизнесті тұрақты жүргізу үшін АӨК субъектілеріне (ауыл шаруашылығы техникаларының лизингін қоса алғанда) негізгі құралдарды сатып алуға және айналымдағы қаражатын толықтыруға қаражат қажет, олар негізінен қаржы институттарының қарыз қаражаты есебінен тартылады. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігінен (табиғат жағдайларына тәуелділік, экономиканың басқа салаларымен салыстырғандағы төмен өнімділік және рентабельділік) қаржы институттары АШТӨ-ге жоғары сыйақы ставкаларымен қысқа мерзімді кредиттер береді.
      Осылайша, ҚР Ұлттық Банкінің деректері бойынша 2006 – 2011 жылдар кезеңінде АӨК субъектілеріне берілген кредиттер бойынша орташа пайыздық сыйақы ставкасы 12-16 %-ды, ал экономиканың басқа секторларында 10-13 %-ды құрайды.
      Нәтижесінде АӨК субъектілері негізгі және айналым қаражатты толықтыруға арналған кредиттер бойынша жоғары сыйақы төлейді, бұл өнім бірлігін өндірудің өзіндік құнының артуына әкеліп соқтырады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.
      АӨК субъектілері үшін қаржылық жүктемені төмендету проблемасын шешу мақсатында АӨК субъектілеріне (соның ішінде дәнді, майлы және бұршақты дақылдар өндірумен айналысатын) берілген лизинг пен кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау көзделетін болады.
      Ауыл шаруашылығының техникамен жарақтануының қазіргі деңгейі оның тиімді дамуын тежеуде. Осының барлығы маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен сапасына теріс әсер етеді. Қажетті техникасының, жабдықтарының жоқтығынан, арзан және ұзақ мерзімді кредит ресурстарына қанағаттанарлықсыз қолжетімділіктен АӨК субъектілері ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен қайта өндеуде оңайлатылған технологияларды қолдануға мәжбүр. Ауыл шаруашылығы техникасының, қосалқы бөлшектердің, жабдықтардың жоғары құны, банктік кредиттердің/лизингтердің қысқа мерзімділігі АШТӨ басым көпшілігіне негізгі құралдарын жаңартуға мүмкіндік бермейді.
      Негізгі құралдарды сатып алуға бағытталатын кредиттік қаражаттың негізгі көлемі ЕДБ-нің және лизингтік компаниялардың қарыз (тартылған) және меншікті қаражатының есебінен жүзеге асырылады. Кредиттің/лизингтің 12-15 % орташа сыйақы ставкасын ескере отырып, шаруа 7-9 жылда іс жүзінде жабдықтың/техниканың екі құнын төлейтіні шығады. Бұл ретте, АШТӨ-ге берілген кредиттер бойынша ЕДБ белгілейтін қайтару мерзімдері ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелігіне сәйкес келмейді, салымдардың ұзақ өтелуімен айрықшаланады.
      Осыған байланысты, аграрлық секторда берілген кредиттердің 42 %-ы «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес акционерлік қоғамдарына келетін ахуал қаржылық нарықта қалыптасқан.
      ЕДБ-нің, микрокредиттік ұйымдардың және кредиттік серіктестіктердің АӨК жобаларын қаржыландыруға аз қатысуы оларда ұзақ мерзімді қорландыру көздерінің жоқ болуымен және саланың жоғары кредиттік тәуекелдерімен түсіндіріледі.
      Осы проблеманы шешу үшін Германияның тәжірибесін қолдану және АӨК жобаларын АӨК субъектілері үшін қолайлы шарттарда олардың одан әрі қаржыландырулары үшін ЕДБ-ні қорландыру үшін «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ пайдалану ұсынылады. Бұл ретте, тартылған ақшаны холдинг директорлар кеңесі кезең-кезеңімен бекітетін және қайта қарайтын лимиттерге сәйкес еншілес ұйымдарына орналастыруы мүмкін.
      Осылайша, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ АӨК субъектілерін тікелей кредиттеуді кезең-кезеңімен қысқартып, меншікті және тартылған қаражат негізінде ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерді қорландыруды жүзеге асыратын болады. Бұл дамыған филиалдық желісі бар қолданыстағы банктік инфрақұрылымды пайдалана отырып, қаржыландыруға қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді, сондай-ақ АӨК субъектілеріне қолайлы бекітілген ставка бойынша қарыздарды неғұрлым ұзақ мерзімге, сондай-ақ банктік қызметтердің толық спектрін алуға мүмкіндік береді.
      Ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша пайыздық ставканы субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдаудың осы түрі бойынша оператор ретінде жұмыс істейтін ұйым тартылатын болады.
      20-кесте. Кредиттер мен лизингтің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Лизингті қоса алғанда, сыйақы ставкаларын субсидиялау есебінен АӨК субъектілеріне берілген кредиттер сомасы, млрд. теңге

100

326,6

457,3

600,3

747,2

886,8

951,0

1 020,9

2
 

ЕДБ-ні, микрокредиттік ұйымдарды және кредиттік серіктестіктерді қорландыру есебінен АӨК субъектілері алған кредиттер сомасы, млрд. теңге

3

5

8

12

14

16

18

20

3

Ауыл шаруашылығы техникасының жалпы паркіндегі жаңартылған ауыл шаруашылығы техникасының үлесі, %, оның ішінде

















5-8 тартым сыныбының тракторлары



49,9

47,0

44,4

42,0

39,8

37,8

36,0

3 және төмен тартым сыныбының тракторлары



55,8

51,0

47,0

43,1

39,7

36,6

33,9

астық жинау комбайндары



56,6

52,2

48,4

44,8

41,6

38,7

36,1

егу кешендері және сепкіштер



48,7

44,8

41,6

38,4

35,6

33,1

30,9


      4.2.6.2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Қазіргі уақытта АӨК шағын және орта субъектілерінің шамамен 30 %-ы тиісті өтімділігі жоғары кепілзатын қамтамасыз етудің жоқ болуынан және сенімсіз қаржылық жағдайынан қаржыландыруға қол жеткізе алмауда.
      Дәл осы проблеманы аграрлық өндірістегі жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендету үшін қарыздарды мемлекеттік кепілдендіру мен сақтандыруды енгізу жөніндегі міндетті қоя отырып, Мемлекет басшысы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
      Осыған байланысты, АӨК субъектілері үшін кредит ресурстарының қолжетімділігін және АӨК-ні белсенді қаржыландыру процесіне қаржы институттарын тартуды қамтамасыз ету мақсатында АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру жүйесі енгізілетін болады.
      21-кесте. АӨК субъектілерінің қаржы институттары алдындағы қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру арқылы кредиттердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Қаржы институттары АӨК субъектілеріне қарыздарды сақтандыру және кепілдендіру жүйесі арқылы берген кредиттер сомасы, млрд. теңге

105,9

142,2

182,4

223,1

270,2

322,1

375,1


      4.2.7. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.7-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Азық-түлікке өсіп жатқан жаһандық сұранысты ескере отырып, ауыл шаруашылығын ауқымды жандандыру шеңберінде Қазақстанның АӨК-сін дамытудың басты міндеттерінің бірі жаңа өндірістік қуаттар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге инвестициялар тартуды ынталандыру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін ұлғайту болып табылады. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарының жеңілдікпен кредит беру өнімдері бар және мемлекеттік қолдау бағдарламалары шеңберінде негізгі және айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін өтеу қолданылады.
      Сонымен бірге, көрсетілген құралдар ауыл шаруашылығы субъектілерін АӨК-нің басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға белсенді ынталандыру үшін жеткіліксіз.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасында инвестициялық жобалардың капитал сыйымдылығын және өзін-өзі ақтау мерзімдерін төмендету үшін АӨК-нің басым секторларында жаңа өндірістік қуаттар салуға не қолданыстағыларын кеңейтуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде шығыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары, жабдықтар, ауыл шаруашылығы және арнайы техникалар сатып алу) ішінара өтеу түріндегі мемлекеттік қолдау енгізілетін болады. Жылдар бойынша сандық көрсеткіштері көрсетілген инвестициялық субсидияларды бөлу үшін басым инвестициялық бағыттардың тізбесі осы Бағдарламаға 2-қосымшада ұсынылған.
      22-кесте. Басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіш



Р/с


Көрсеткіш атауы

Жылдар

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

Инвестициялық субсидиялау есебінен тартылған инвестициялар көлемі, млрд. теңге

100

115,3

73,4

77,9

66,8

69,2

73,1


      4.2.8. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелері мен консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
      Ескерту. 4.2.8-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.06.2014 № 750 қаулысымен.
      Агробизнес субъектілеріне АӨК-дегі заманауи технологиялар мен озық ғылыми әзірлемелерге қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында отандық аграрлық ғылым жүйесін реформалау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
      Реформалаудың түпкілікті мақсаты АӨК-де білімді генерациялау мен бәсекеге қабілетті инновацияларды таратудың орнықты жүйесін құру болып табылады.
      Отандық аграрлық ғылымды реформалаудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
      1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және экспорттаушы жетекші елдердің үлгісі бойынша салалық және ЖОО ғылымы арасындағы тығыз өзара іс-қимылға, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен агробизнес субъектілері арасындағы өзара іс-қимыл жасаудың тиімді тетіктерін қолдана отырып әлемдік ғылыми жүйеге ықпалдасуға бағдарланған ауыл шаруашылығы зерттеулерін басқарудың жаңа жүйесін құру;
      2) ұлттық ауыл шаруашылығы зерттеулері жүйесін мемлекеттік қаржыландыруды технологиялық көшбасшы елдердің деңгейіне дейін – саланың жалпы өнімінен кемінде 0,1 %-ға жеткізу;
      3) аграрлық ғылымға дарынды жастарды тартуға және неғұрлым перспективалық ғылыми қызметкерлердің әлеуетін кәсіби іске асыру үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін жаңа кадрлық саясат;
      4) зерттеулердің сапасын арттыру, АӨК дамытудың басым бағыттары бойынша меншікті технологиялық платформаларды қалыптастыру мақсатында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталдық ұйымдардың инфрақұрылымын кезең-кезеңмен жаңғырту.
      Ғылыми зерттеулер нәтижелерінің нәтижелігін, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында отандық аграрлық ғылым мен білімді реформалау және дамыту мақсатында іс-шараларды қаржыландыру бойынша мемлекет қажетті жағдайлар жасайтын болады.
      АӨК салаларын ғылыми қамтамасыз ету проблемаларын шешу және жүргізілетін зерттеулердің шашыраңқылығын болдырмау, міндеттер қоюда кешенді тәсіл қолдану, АӨК саласындағы ғылыми зерттеулерді бірыңғай үйлестіру үшін Аграрлық ғылым жөніндегі ұлттық ғылыми кеңес құру жоспарлануда.
      Үздік әлемдік баламаларға сәйкес келетін нәтижелері бар АӨК саласындағы озық білімдерді генерациялау мен таратудың жаңа ғылыми-инновациялық жүйесін қалыптастыру үшін халықаралық деңгейдегі пәнаралық ғылыми білім беру кешенін құру бойынша жұмыс жалғастырылады.
      ҒЗТКЖ нәтижелерінің практикада қолданылуын арттыру және оларды АӨК субъектілерінің іс жүзіндегі қажеттіліктеріне бағдарлау мақсатында зерттеулердің тақырыптамаларын қалыптастыру кезінде зерттелетін тақырыптамаға кешенді тәсілді, нәтижелерді тәжірибеге енгізуді және қажетті біліктілігі бар ғылыми кадрларды даярлау жөніндегі іс-шараларды көздейтін ғылыми-техникалық бағдарламалар іске асырылатын болады.
      Ауыл шаруашылығында қолданбалы зерттеулерді агробизнес субъектілерінің ортақ қаржыландыруын ынталандыру жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады.
      Ғылыми бағдарламаларды жүзеге асыру тиімділігінің негізгі критерийі қойылған нәтижелерге қол жеткізуге агробизнестің ең қолайлы қатысуы арқылы олардың идеядан коммерциялау сатысына дейін жеткізілуі болып табылады.
      Зерттеулердің нәтижелерін тиімді коммерциялауға дейін жеткізу мақсатында тәжірибелік және эксперименталдық жұмыстардың әдістері мен ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне сынақтар, тәжірибелі тексерулер жүргізілуі қажет. Бұл үшін өндіріске жаңа технологияларды енгізу бойынша шаралар шеңберінде ғылыми ұйымдар зертханаларының аспаптық жиынтығын жаңарту жөніндегі іс-шаралар іске асырылады, Қазақстан Республикасында перспективалық және пайдалануға рұқсат етілген отандық сорттар мен гибридтердің бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту үшін селекциялық-тұқымдық техниканы жаңарту бойынша шаралар іске асырылған болатын, өйткені аграрлық ғылымның ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының моральдық ескіруі орын алуда.
      Өсімдік шаруашылығындағы өнімділіктің тұрақтылығын арттыру мақсатында қуаң өңірлерде ресурсты үнемдеу және нөлдік технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша зерттеулер көзделетін болады.
      Өндірісті экологиялық таза және қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ететін органикалық егіншілік қағидаттарында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп өсіру бойынша зерттеулер жүргізілетін болады.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқаптарын арттыру мақсатында «жасыл» экономикалық тиімді агротехнологияларды әзірлеу бойынша зерттеулер жүргізіледі.
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары өнімді сорттары мен будандарын құру бойынша және оларды өсірудің қарқынды технологиясын әзірлеу бойынша зерттеулер ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін жоғарылатуға бағытталатын болады.
      Ауыл шаруашылығындағы ғылыми зерттеулерді кеңейту жөніндегі шаралар шеңберінде қуаңшылыққа төзімді гендік түрлендірілген дақылдардың (бидай, мақта, соя, рапс, жүгері) мәселелерін зерделеу бойынша зерттеу жүргізілетін болады. Жануарларды жемшөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қуаңшылыққа төзімді жемшөптік дақылдар іріктеледі.
      Инновациялық қызметті дамыту және технологиялық жаңартуға жәрдемдесу мақсатында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін ұзақ мерзімді перспективада арттыруға бағытталған нысаналы технологиялық бағдарлама іске асырылатын болады. Бағдарламаны іске асыру ғылымның, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасауына негізделген.
      АӨК-те жаңа озық ғылыми-технологиялық бағыттарды іске асыру шеңберінде нысаналы технологиялық бағдарламалар тетігі арқылы технологиялық болжау қорытындылары бойынша мынадай сыни технологиялар: топырақтың құнарлығын молайту, прогрессивтік суару жүйелері, мал шаруашылығын қарқынды дамыту технологиялары, ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу технологиялары, инженерлік энзимология, жасушалық және гендік селекция, жасушалық және молекулярлық инженерия, биопрепараттар жасау технологиялары, өнімнің биоқауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері дамытылады.
      АӨК бойынша нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыру индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысатын уәкілетті орган нысаналы технологиялық бағдарламаларды және басқаларды іске асыру тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізгеннен кейін ғана басталады.
      Білім беру қызметтері мен аграрлық ғылым нәтижелерінің экономикалық қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа технологиялар мен отандық әзірлемелерді енгізу тетіктері, соның ішінде, агротехнологияларды коммерцияландыру және трансферттеу, білім тарату жүйелері қызметтерімен АӨК субъектілерін қамтуды кеңейту арқылы жетілдіріледі.
      Кадрмен қамтамасыз ету саласында кадр даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жүргізіледі, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.
      АӨК өндірістік ұжымдарында кәсіптік стандарттарды енгізуді және оларды түзету бойынша ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Аграрлық мамандықтар бойынша кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру стандарттары жаңартылады. Жұмыс берушілердің қатысуымен тәуелсіз агроөнеркәсіптік кешен мамандарының біліктілігін сертификаттау орталығы құрылады.
      64 ел мен ұйымнан 15 халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарын қамтитын Халықаралық ауыл шаруашылығы зерттеулерінің кеңестік тобымен (бұдан әрі – ХАШЗКТ) шетелдік агротехнологияларды алу (трансферт), генетикалық материалмен алмасу, мамандарды озық технологияларға, халықаралық ғылыми ортадағы әдістемелерге және ықпалдасуға оқыту саласында ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.
      АӨК субъектілері мен мемлекеттік құрылымдар, аграрлық ғылым мен кәсіптік білім беру жүйесі арасында тиімді кері байланысты қолдау мақсатында білім тарату жүйесінің шеңберінде АШТӨ-ге тегін консультациялық көмек көрсету жалғастырылады.
      23-кесте. Білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру жөніндегі нысаналы көрсеткіштер



Р/с


Көрсеткіш атауы

Іске асыру жылдары

2013

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

1

АӨК-те практикада қолданылатын отандық ғылыми әзірлемелер саны, бірлік

0

0

17

20

22

24

26

28

2

Білімді тарату жүйесінің қызметтерімен қамтылған АӨК субъек тілерінің саны, адам

2375

10

65

11

535

12

855

14

300

15

570

17

190

20

510

3

Агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру жөнінде іске асырылған инновациялық жобалардың саны, бірлік

2

12

15

18

214

24

27

30


      
1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын бекіту туралы
...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан 2013 жылғы Астана, Үкімет Үйі от 2013 года № № № данасы экз. №
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 2020 жылдарға арналған \"Агробизнес-2020\" бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов