«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»



Название«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
Дата конвертации24.08.2014
Размер176.55 Kb.
ТипДокументы
источник


Теміртрау қаласы әкімдігінің

2012 жылғы «27» желтоқсан

№ 51/10 қаулысымен

бекітілген

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы ереже


  1. Жалпы ережелер


1. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері.

Әкім аппаратының заңды мекенжайы: 101405, Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары,12.

10. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілде - «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде – государственное учреждение «Аппарат акима города Темиртау».

11. Осы Ереже «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыс сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

^ 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері


 

14. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: қала әкімінің қызметін сапалы әрі уақытылы ақпараттық-талдамалық қолдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық тұрғыда қамтамсыз ету.

15. Міндеттері:

1) тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Конституциясының VІІІ бөлімі, 87-бабы, 1-тармағы);

2) аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету (Қазақстан Республикасы Конституциясының VІІІ бөлімі, 87-бабы, 2-тармағы);

3) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкiмнiң қызметiн ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады (ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 38-бабы 1-тармағы).

16. Функциялары:

1) қала бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді (ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 1-1-тармақшасы);

2) қала бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етеді (ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 1-тармағы, 1-2-тармақшасы);

3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі (ҚР-ның «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы, 3-тармағы);

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзінің құрылымдық бөлімдері мен басқа да бөлімшелер арқылы қала әкімі мен әкімдігінің құзіреттілігіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және қала бюджетінен қаржыландырылатын өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар, лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктемелер алуға және сұрауға;

2) бекітілген заңнама және өзге де нормативтік актілер негізінде әкім мен әкімдіктің жүргізетін құжаттары мен материалдарына қажетті ақпараттарды облыстық басқармалар мен комитеттерден, қала аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерінен, басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан әкім мен әкімдіктің жүргізетін мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға және алуға;

3) ақпараттық деректер түрлерінің барлығын, оның ішінде, атқарушы органдардың өкіміндегі құпия деректерді қолдануға;

4) заңнамалық актілердің, қаланың және Қарағанды облысы әкімдіктерінің өзге де нормативті-құқықтық актілерінің, қала әкімі мен оның орынбасарлары тапсырмаларының орындалуы бойынша мемлекеттік органдарға және қала бюджетінен қаржыландырылатын басқа мекемелерге, сондай-ақ, қала аумағында жұмыс істейтін қалалық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға тексеріс жүргізуге және анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсыныс енгізуге;

5) қала әкімі аппараты қызметкерлерінің, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдар мен органдардың басшылық құрамдарының лауамыздарына тағайындалуы және лауазымдарынан босатылуы туралы, оларды марапаттауға немесе тәртіптік жазаға тарту туралы қала әкіміне және оның орынбасарларына ұсыныстар енгізуге;

6) қала әкімі мен оның орынбасарларының, әкім аппараты басшысының тапсырмалары бойынша қала әкімі және оның орынбасарларының жанындағы аппарат жиналыстарына, әкімдік отырыстарына қару үшін сұрақтар дайындау сондай-ақ, әкім аппараты құзіретіне қатысты шешімі қиын мәселелерді шешу және зерделеу үшін мемлекеттік органдар қызметшілерін, қала бюджетінен қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлерін тартуға;

7) заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге, келісімшарттар жасап, заңнамға қайшы келмейтін басқа да қызметтерді орындауға;

8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын қаланы дамытудың мүдделері мен қажеттіліктерін ұштастыра отырып жүзеге асыру;

9) қаланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспарын, жергілікті бюджетті әзірлеуге қатысу және бақылау және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

10) қала әкімі мен әкімдігіне есеп беретін атқарушы органдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмысын үйлестіру және бақылау;

11) әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқару, еңбек, жұмыспен қамту және көші-қон, әлеуметтік сақтандыру саласында саясатты әзірлеу және осы мақсатта мемлекеттік мекемелердің қызметін үйлестіру, қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау және талдау жүргізу үшін олардан уақытында ақпарат алу, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қағидаттарын қалыптастыру;

12) Қазақстан Республикасының заңдары, Президент пен Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы заңдарының, Президент пен Үкіметтің актілерінің, облыс пен қала әкімінің өкім, шешім, тапсырмаларының, облыс және қала әкімдігінің қаулыларының орындалуына бақылау жасау, анықталған заң бұзушылықтарды, оларды орындамаудың себебі мен жағдайын жою бойынша шаралар қабылдау;

13) облыс, аудан әкімдері аппараттары, облыстық және қалалық мәслихаттар, қоғамдық бірлестіктермен өзара әрекеттесіп жұмыс істеу;

14) қала әкімдігін, ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыда, қала әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін активтерді, кеңестерді, халықаралық кездесулерді, ресми өкілдердің қалаға сапарларын ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету;

15) қала әкімі жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету, қызметтік құжаттарды, хаттар мен өтініштерді қарау, азаматтардың жеке қабылдануын ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізуді жетілдіру, құпия құжаттармен жұмыс істеу, іс қағаздарының мемлекеттік және орыс тілдерінде жүгізілуін қамтамасыз ету;

16) қала әкімінің қатысуымен өтетін шараларды ұйымдастыру және ақпараттық жағынан қамтамасыз ету, қала әкімі мен оның орынбасарларының күнделікті жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыру, олармен өзара әрекеттесе жұмыс істеу, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын, қаладағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды және мәселелерді шешу жолдарын түсіндіру;

17) қала әкімінің кадр саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурстар өткізу, оқыту, машықтандыруларды ұйымдастыру, кадрлар қорын қалыптастыру;

18) қала әкімінің шешімдері мен өкімдерін, әкімдіктің қаулыларын 5 жыл бойы сақтау;

19) қала әкімі мен оның аппаратының қызметкерлерін қаржылық-шаруашылық, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

20) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққ ақарсы күрес туралы» Заңына сәйкес барлық мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретi шегiнде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзуге мiндеттi. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның iшiнде мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының басшылары өз құзыреттерi шегiнде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшiн кадр, бақылау, заң қызметтерi мен басқа да қызметтердi тарта отырып, онда көзделген тәртiптiк шараларды қолдануды, сондай-ақ өздерiне белгiлi болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тiркеудi және олар туралы тиісті органдарға хабарлауды қамтамасыз етедi.


^ 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режімі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес белгіленеді.

19. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Теміртау қаласының әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

20. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.

21. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Әкім аппаратының Ережесі мен құрылымын, сондай-ақ, ондағы өзгерістерді қала әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

2) қаланы басқару сызбасын, әкім аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, Ақтау кенті әкімі аппаратының штаттық құрылым жобасын әзірлейді; бекітілген сандық лимиттердің сақталуына бақылау жасайды;

3) әкім аппаратына жалпы басшылық жасайды, қала әкімі мен әкімдігі жұмыстарын ақпараттық-сараптамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бөлімдер мен әкім аппаратының өзге құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бақылайды, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын (әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері) атқарушы органдар жұмыстарын үйлестіру және бақылау жасауды қамтамасыз етеді;

4) әкіммен келісілгеннен кейін штаттық сандардың бекітілген лимиті шегінде әкім аппаратының және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың құрылымы мен штаттық сандарын бекітеді;

5) әкіммен келісілгеннен кейін бөлімдердің және «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзге де құрылымдық бөлімшелерінің ережесін бекітеді; «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының, мамандарының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі ішкі еңбек тәртібі ережесін бекітеді, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын бақылайды;

7) әкім және әкімдіктің құзіреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілер жобасын, қаланың тіршілік әрекетіне қатысты өзге де қызметтік құжаттарды қала әкімі мен әкімдігінің бекітуіне әзірлейді және ұсынады; «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне келісу үшін өзге мемлекеттік органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша қортындылар әзірлеуді ұйымдастырады;

8) белгіленген ережелерге сәйкес қала әкімі мен әкімдігі әзірлеген және (немесе) қабылдаған (оның ішінде жүзеге асырылуын «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қамтамасыз ететін бұрын қабылданған актілер бойынша) нормативтік құқықытық актілер мониторингісін тұрақты түрде жүргізу; осы актілерге уақытылы өзгертулер және толықтырулар енгізу, бас тарту немесе күшін жоюды ұйымдастырады; Ақтау кенті әкімінің заңсыз актілерін жою, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар басшыларының заңға қайшы келетін бұйрықтарын қолданыстан алу туралы ұсыныс жасайды;

9) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз жұмыс істейді және мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қатынас барысында өз құзіреті шеңберінде оның мүддесін қорғайды;

10) «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен, қалалық мәслихатпен, Ақтау кенті әкімі аппаратымен, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдармен, қала және облыс аумағында жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен, саяси партиялар және қозғалыстармен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және қала халқымен үнемі байланыста болады;

11) қала әкімі мен әкімдігінің қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін, әкімнің және оның орынбасарларының тапсырмаларын «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің орындауын ұйымдастырады, бақылау жасайды әрі тексереді;

12) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін әзірлеуді ұйымдастырады, сондай-ақ, олардың стандарттар мен регламенттер талаптарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетулерін бақылайды;

13) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың жұмыстарын бағалау бойынша қала әкіміне ұсыныс енгізеді;

14) еңбек қатынастары мәселелері лауазымды тұлғалар мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар құзіретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, өз құзіреті шеңберінде «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне ортақ міндетті қызметтік хаттарға қол қояды, бұйрықтар, өкімдер шығарады және нұсқау береді;

15) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының жұмысына жалпы басшылық жасайды, атқару және еңбек тәртібінің сақталуын, кадрлық қызметті бақылайды және құжат айналымын ұйымдастырады;

16) қала әкімінің кадрлық саясатын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, әкім аппаратының бөлімдері мен өзге құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ, Ақтау кенті әкімі аппаратының, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын лауазымдарына тағайындау және лауазымдарынан босату туралы ұсынысты қала әкімінің келісуіне енгізеді; кадрлар қорын қалыптастырады, қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын марапаттау және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді; еңбек қатынастары мәселелері лауазымды тұлғалар мен жоғары тұрған мемлекеттік органдар құзіретіне жататын қызметкерлерді қоспағанда, заңнамаларда қаралған тәртіпте «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады; оларды марапаттайды және тәртіптік жазаға тартады; Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсыныс енгізеді;

17) кадрлық саясаттың жүзеге асырылуына жауап береді; штаттық кестеге сәйкес «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін талап етілетін мамандықтар мен біліктілік санаттары бар мемлекеттік қызметшілермен қажетті көлемде, уақытылы жасақтауды қамтамасыз етеді;

18) мемлекеттік қызметшілер лауазымының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі бос орындарға үміткерлерді іріктеуді ұйымдастырады және конкурсты өткізуге қатысады; «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін аттестаттаудан өткізуді ұйымдастырады;

19) қызметкерлерді пайдалану үдерісіне талдау жасайды, кадрларды пайдаланудың тиімділігі және кәсібилігін көтеру, оңтайландыру жөніндегі шараларды әзірлейді, оларың іске асырылуына бақылау жасайды; сыбайлас жемқорлықпен күрес, қызметтік этика ережелерінің бұзылуы және «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметшілерінің жауаптылық деңгейін арттыруға бағытталған келісілген шаралар әзірлейді және қабылдайды;

20) әкімнің ұйғаруы бойынша «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларын іссапарға жіберу, демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, шетелдік және қазақстандық оқу орталықтарында әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), машықтандыру; марапттау, үстемақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін (жоспарлар мен кестелерді бекітеді) шешеді;

21) қалалық бюджет комиссиясының қарауына енгізілетін «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындайды және оны әкімге ұсынады, сонымен қатар бюджеттік үдерістің өзге де рәсімдерін орындауды қамтамасыз етеді;

22) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігін және қаржыландыру жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді және әкім келісім бергеннен кейін оны бекітеді; банктерден есеп шоттарын ашады; заңнамада белгіленген жағдайлар мен шекте ақшалай қаражаттарға және «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өзге де мүліктеріне басшылық жасайды; қаржылық құжаттарға қол қояды; сенімхаттарды береді;

23) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін материалдық-шаруашылық тұрғыда қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тауар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады және өткізілуін қамтамасыз етеді; азаматтық-құқықтық шарттар жасайды, олардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды;

24) «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, құрылысы және мүліктерін қорғауды және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің санитарлық ережелер мен нормаларды, еңбек қауіпсіздігі техникасын сақтауы бойынша шараларды ұйымдастырады және бақылау жасайды;

25) жеке мәселелер бойынша «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметшілері мен азаматтарды қабылдайды;

26) қалалық сайлау комиссиясы мен қалалық мәслихатпен үнемі байланысты қамтамасыз етеді;

27) заңнамалар және осы Ережемен жүктелген өзге де қызметтерді іске асырады;

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы құқылы:

1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс және қала әкімдері және олардың орынбасарлары, әкімдіктерінің тапсырмалары мен актілерін орындау үшін қала әкімі және әкімдігі, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін мәселелерді шешуге қажетті ақпараттарды, құжаттар мен материалдарды, есептерді лауазымды тұлғалар мен өзге де мемлекеттік органдардан сұрауға және алуға;

2) жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға;

3) өз құзіреті шеңберінде қала әкімі мен әкімдік отырысының қарауына енетін мәселелерді дайындау және келісу үшін Ақтау кентінің әкіміне, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың басшыларына нұсқау және тапсырма беруге;

4) енгізу тәртібіне және бекітілген талаптарға сәйкес болмаған жағдайда әкімнің шешімдері, өкімдері және әкімдіктің қаулыларының жобаларын, жергілікті бюджеттен аржыландырылатын мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, өзге де ұйымдардың қызметтік хаттарын қайтаруға;

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.
^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі
(

24. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

^ 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi


  • «Ақтау кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

- «Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

  • «Теміртау қаласының ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.



Қала әкімі аппаратының басшысы С. Көшімбаев





Похожие:

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты»
«Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Аппарат) Астана қаласы Сарыарқа ауданының аумағында...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon863 қаулысымен бекітілген І. «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шымкент қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, әрі қарай атауы – «Мемлекеттік мекеме», Шымкент қаласы әкімдік және әкімінің...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Cенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Качир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» iconҚазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті
Октябрь кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекеме, бұдан әрі «Әкім аппаратты» Октябрь кентінің аумағында мемлекеттік басқармасының...
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» icon«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің аппараты» (бұдан әрі Аппарат) аудан әкімияты құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы