Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon

Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы



НазваниеҚ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы
страница1/5
Дата конвертации22.08.2014
Размер1.32 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы электрондық мемлекеттiк қызметтердiң регламенттерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрiнің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 809 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8194 тіркелді
      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына, сондай-ақ «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 және «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi көрсететiн байланыс саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті;
      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (Р.Р. Нұршабеков) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      ^ Министр                                    А. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы     
№ 809 бұйрығына         
1-қосымша           
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
      1. «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – Комитет), сондай-ақ www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетеді.
      2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі көрсететін байланыс саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1152 қаулысымен бекітілген «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.
      3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: толық автоматтандырылған.
      4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.
      5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар:
      1) ақпараттық жүйе (бұдан әрі - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе;
      2) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН) – бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      3) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) - жеке тұлға, оның ішінде жеке кәсіпкерлік түрінде өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
      4) пайдаланушы (алушы, Комитет) – оған қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге жүгінетін және оларды пайдаланатын субъект;
      5) мемлекеттік қызметті алушы (бұдан әрі – алушы) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке немесе заңды тұлға;
      6) мемлекеттік электрондық қызмет – ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
      7) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін көрсетеді;
      8) транзакциялық қызмет – пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететін қызмет;
      9) электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету регламентi – мемлекеттiк қызмет көрсету стандартының сақталуын қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды белгiлейтiн және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
      10) электрондық құжат – ақпарат электрондық–цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
      11) электрондық лицензия – қағаз тасығыштағы лицензияға тең, ақпараттық технологиялар пайдаланыла отырып ресiмделетiн және берiлетiн электрондық құжат нысанындағы лицензия;
      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
      13) «жеке тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін енгізу және олар туралы өзекті және шынайы мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және өзге субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беру мақсатында жеке сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасауға арналған ақпараттық жүйе;
      14) «заңды тұлғалар» мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЗТ МДҚ) – ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау, сақтау және өңдеу, Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың бірыңғай сәйкестендіру нөмірлерін енгізу және олар туралы өзекті және шынайы мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және өзге субъектілерге олардың өкілеттіктері шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беру мақсатында бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің Ұлттық тізілімін жасауға арналған ақпараттық жүйе;
      15) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - ЭҮП) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
      16) «электрондық үкiметтiң» төлеу шлюзi (бұдан әрі – ЭҮТШ) – екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкiметтiң» жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асыруы кезінде ақпараттық жүйелерінің арасында өзара іс-әрекет жасауды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
      17) «электрондық үкiметтiң» шлюзi (бұдан әрi – ЭҮШ) – электрондық қызметтi iске асыру шеңберінде «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн біріктіруге арналған ақпараттық жүйе;
      18) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтатылған, қайта басталған және әрекет етуін тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиялар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объекттері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ).
^ 2. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету жөнінде Комитет
қызметінің тәртібі
      6. Комитеттің ЭҮП арқылы қадамдық әрекеттері мен шешімдері (ЭҮП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы) осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген:
      1) алушы ЭҮП-ке тіркеуді алушы компьютердің интернет-браузеріне бекітіп қойған өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (ЭҮП-ке тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 үдеріс – алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін алушының ЭҮП-ке парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);
      3) 1 шарт – логин (БСН) және пароль арқылы тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын ЭҮП-те тексеру;
      4) 2 үдеріс – алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, ЭҮП авторландырудан бас тарту хабарламасын қалыптастырады;
      5) 3 үдеріс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, тұтынушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығару (деректерді енгізу);
      6) 4-үдеріс – ЭҮТШ-те электрондық мемлекеттік қызмет төлемақысын жасау, одан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-не келіп түседі;
      7) 2-шарт – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтің төлемақысын тексеру;
      8) 5-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де көрсетілген электрондық мемлекеттік қызмет үшін төлемақының жоқтығына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-үдеріс – алушының сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – ЭҮП-те ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасындағы сәйкестендіру деректерге сәйкес келуін тексеру;
      11) 7-үдеріс – алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-үдеріс – алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсету сауалының толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);
      13) 9 - үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дегі электрондық құжатты (алушының сауалын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дегі сауалды өңдеу;
      14) 4-шарт – алушының біліктілік талаптарына және рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін Комитеттің тексеруі;
      15) 10-үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-дегі алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11 үдеріс – алушының ЭҮП-те қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін (рұқсатты) алуы. Электрондық құжат Комитеттің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      7. Комитет арқылы қадамдық әрекеттер және шешімдер (Комитет арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттің № 2 диаграммасы) келесі түрде жүзеге асырылады:
      1) 1 үдеріс – Комитет қызметкерінің электрондық мемлекеттік қызметті алу үшін «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ логині мен паролін енгізу үдерісі (авторландыру үдерісі);
      2) 1 шарт – логин мен пароль арқылы Комитеттің тіркелген қызметкері туралы мәліметтердің шынайылығын «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де тексеру;
      3) 2 үдеріс – Комитет қызметкерінің мәліметтерінде бұзушылықтардың болуына байланысты «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 үдеріс – Комитет қызметкерінің осы Регламентте көрсетілген қызмет көрсетуге арналған сауал нысанын экранға шығаруы және алушының деректерін енгізуі;
      5) 4 үдеріс – ЭҮШ арқылы ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-ға сұрау салу;
      6) 2 шарт – алушының ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ-да деректерінің бар болуын тексеру;
      7) 5 үдеріс – ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ -да алушы деректерінің болмауымен байланысты деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 үдеріс – сауал нысанын құжаттардың қағаз нысанында болуын белгілеу бөлігінде толтыру және Комитет қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сауал нысанына бекітуі;
      9) 7 үдеріс – «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ -де сұрау салуды тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-де қызметті өңдеу;
      10) 3 шарт – Комитетпен алушының рұқсат беру үшін біліктілік талаптарға және негіздерге сәйкестігін тексеру;
      11) 8 үдеріс – «Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-да алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты сұрау салынған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 үдеріс – алушының «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ-да қалыптастырған электрондық мемлекеттік қызмет нәтижесін (рұқсат) алуы. Электрондық құжат электрондық мемлекеттік Комитеттің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      8. Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылатын сұрау салу және жауап алудың экрандық нысандары осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.
      9. Алушымен электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салудың орындалу деңгейін тексеру әдісі: «электрондық үкімет» порталындағы «Қызметті алудың тарихы», сондай-ақ уәкілетті органға жүгіну арқылы.
      10. Қажетті ақпаратты және электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша кеңесті call-орталығы телефоны (1414) бойынша алуға болады.
^ 3. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау
      11. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын ҚФБ:
      1) ЭҮП;
      2) ЭҮШ;
      3) ЭҮТШ;
      4) «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ;
      5) ЖТ МДҚ/ЗТ МДҚ;
      6) Комитет.
      12. ҚФБ-ның әрекеттерінің (рәсімдерінің, атқаратын қызметтерінің, операцияларының) дәйектілігін әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсетумен мәтіндік кестелік сипаттау осы Регламентке 3-қосымшада келтірілген.
      13. Әрекеттердің логикалық дәйектілігінің арасындағы (ЭҮП және Комитет арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі) өзара байланысты олардың сипаттамаларына сәйкес көрсететін диаграмма осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      14. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері берілуі тиіс нысандар, бланкінің үлгісі осы Регламентке 4-қосымшада келтірілген.
      15. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке 5-қосымшада келтірілген сауалнама нысанына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      16. Алушыларға қызмет көрсету үдерісіне қойылатын талаптар:
      1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
      2) тұтастық (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау);
      3) қолжетімділік (ақпаратты және ресурстарды рұқсатсыз ұстап қалудан қорғау).
      17. Қызмет көрсетудің техникалық шарты:
      1) Интернетке шығу;
      2) электрондық лицензия беретін адамның ЖСН/БСН-нің болуы;
      3) ЭҮП-ті авторландыру;
      4) ЭЦҚ пайдаланушысының болуы;
      5) банк карточкасының немесе екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шоттың болуы.
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне            
1-қосымша                 
ҮЭП арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара әрекет жасаудың № 1 диаграммасы


Комитет арқылы электрондық мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
функционалдық өзара әрекет жасаудың № 2 диаграммасы


Шартты белгілер:


«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне           
2-қосымша                
Электрондық мемлекеттік қызмет бойынша сұрау салу және жауап
алудың экрандық нысандары
1. Авторизация


2. Электрондық мемлекеттік қызметті таңдау


^ 3. Сұрау салуды толтыру


4. Сұрау салуға қол қою


5. Сұрау салудың орындалу барысын тексеру


6. Электрондық мемлекеттік қызметтің нәтижесін көру


«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге
лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның
телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік
қызмет регламентіне           
3-қосымша                
^ 1-кесте. ЭҮП арқылы ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы



1

Іс-әрекет № (жұмыс барысы, ағыны)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

2

ҚФБ атауы

Алушы

ЭҮП

Алушы

ЭҮТШ

ЭҮП

Алушы

ЭҮП

Алушы

ЭҮП

ЭҮП

ЭҮП

3

Іс-әрекет атауы (үдеріс, рәсім, операциялар) және олардың сипаттамасы

Алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекіту

Алушының деректеріндегі бұзушылықтармен байланысты бас тарту хабарламасын қалыптастырады

Қажетті құжаттарды электрондық түрде бекітумен сауал деректерін қалыптастырады және қызметті таңдайды

Қызмет төлемақысын жасау

Төлемақының жоқтығына байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

Куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ таңдауы

Алушының ЭЦҚ шынайылығының расталмауымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастырады

ЭЦҚ көмегімен сауалды куәландыру (қол қою)

Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-дағы электрондық құжатты (алушының сауалын) тіркеу және «Е-лицензиялау» МДҚ АЖ–дегі сауалды өңдеу

«Е-лицензиялау» АЖ МДҚ-дағы алушының деректеріндегі бұзушылықтардың болуымен байланысты бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру

Электрондық құжат (Электрондық лицензия)

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжаттар, ұйымдастыру- реттеу шешімі)

Сұраудың дұрыс қалыптасуы туралы хабарламаның шығуы

Сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметке бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы

Сұраудың дұрыс қалыптасуы туралы хабарламаның шығуы

Әрекеттің дұрыс қалыптасуы туралы хабарламаның шығуы

Сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметке бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы

Сұраудың бағытталуы

Сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметке бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы

Сұраудың бағытталуы

Өтінішке нөмір тіркеу арқылы сұрауды тіркеу

Сұралып отырған электрондық мемлекеттік қызметке бас тарту туралы хабарламаның қалыптасуы

Электрондық лицензия

5

Орындау мерзімі

10–15 сек

20 сек

1,5 мин

1,5 мин

10–15 сек

10–15 сек

10–15 сек

1,5 мин

күнтізбелік 15 күннен астам емес

-

-

6

Келесі іс-әрекет нөмірі

2–алушы деректерінде бұзушылықтар болғанда; 3–авторландыру табысты өткенде



4

5–төлемақысын жасамағанда, 6–төлемақысын жасағанда



7–ЭЦҚ-да қателік болғанда, 8–ЭЦҚ-да қателік болмағанда

-

9

10–Комитетпен алушының біліктілік талаптарын және рұқсат негіздерін тексеру кезінде сәйкес емес болғанда, 11–сәйкес болғанда

-



  1   2   3   4   5



Похожие:

Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы iconА қ параттандыру, байланыс саласында ғ ы, электронды қ құ жат ж ә не электронды қ цифрлы қ қ олта ң ба туралы Қ аза қ стан Республикасы за ң намасыны ң са қ талуына жеке к ә сіпкерлік саласында ғ ы т ә уекел д ә режесін ба ғ алау ө лшемдерін бекіту туралы
Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы iconА қ параттандыру, байланыс саласында ғ ы, электронды қ құ жат ж ә не электронды қ цифрлы қ қ олта ң ба туралы Қ аза қ стан Республикасы за ң намасыны ң са қ талуына жеке к ә сіпкерлік саласында ғ ы тексеру пара қ тарыны ң нысандарын бекіту туралы
Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы iconХалы ққ а қ ызмет к ө рсету орталы қ тары ар қ ылы к ө рсетiлуге жататын мемлекеттiк қ ызметтердi iрiктеу қ а ғ идаларын бекiту ж ә не Қ аза қ стан Республикасы Ү кіметіні ң кейбір шешімдеріні ң к ү ші жойылды деп тану туралы
Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлуге жататын мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу қағидаларын бекiту және Қазақстан Республикасы...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Мемлекеттiк ә кiмшiлiк лауазымдарыны ң санаттарына ү лгiлiк бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қ аза қ стан Республикасы Мемлекеттiк қ ызмет iстерi жө нiндегi агенттiгiнi ң 2008 жыл ғ ы 9 қ а ң тарда ғ ы n 02-01-02/5 Бұ йры ғы
Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы icon"Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi мен жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын
Республикасы Үкiметiнiң "Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етудi жетiлдiру туралы 1998 жылғы 5 қыркүйектегi №845 және "Жеке және...
Қ аза қ стан Республикасы к ө лік ж ә не коммуникация министрлiгi к ө рсететiн байланыс саласында ғ ы электронды қ мемлекеттiк қ ызметтердi ң регламенттерін бекiту туралы iconҚ аза қ стан Республикасыны ң Ү кiметi мен Латвия Республикасыны ң Ү кiметi арасында байланыс саласында ғ ы ынтыма қ тасты қ туралы келiсiм жасасу туралы
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы