«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации26.08.2014
Размер219.36 Kb.
ТипДокументы
источник






Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « 28 » ақпандағы

№ 158 қаулысымен

бекітілген

«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру,

қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


  1. «Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

  2. «электрондық үкімет» www.еgov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.



^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Портал арқылы өтініш берген кезде:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын берген кезде – екі жұмыс күні ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.

6. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1, 2-қосымшаларына сәйкес ресімделген байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының

10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді бас тарту.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолымен және мөрмен расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті алушы орналасқан жер бойынша бюджетке қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді:

1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кездегі лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 АЕК көп емес;

3) лицензия телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды.

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысандарда екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алуға электронды сұраныс Портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерінен басқа, 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

  1. Порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

лицензия алу үшін:

  1. көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;

қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

  1. Порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

төлем ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат;

қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензиясы бар қызмет түрі шеңберінде лицензияға қосымша алу үшін:

  1. көрсетілетін қызметті берушіге:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес өтініш;

қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;

  1. Порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

қызметтің кіші түріне байланысты осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сай біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін мыналар ұсынылады:

  1. көрсетілетін қызметті берушіге:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

  1. Порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

төлем ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.

Лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті берушіге:

еркін нысандағы өтініш;

лицензияның телнұсқасын беру үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Порталға:

көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі түріндегі құжат.

Электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.

Жеке тұлғаны куәландыратын, лицензия туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші Портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамдардың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсеткен кезде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалану үшін көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан сұратуға жол берілмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

1) көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңесінде тіркелгені туралы белгі қою қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

2) Портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу мерзімі көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемелері:

1) қызмет түрiмен айналысуға субъектiлердiң осы санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;

2) қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның енгiзiлмеуі;

3) өтініш берушінің бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеуі;

4) өтініш берушіге лицензия берудің келісім беретін мемлекеттік органмен келісілмеуі;

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

6) соттың сот орындаушысының ұсынымы негізінде өтініш берушіге лицензия алуға соттың тыйым салуы.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым Министрліктің www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде) Интернет-ресурсында орналастырылған мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, телефоны 8 (7172) 24-13-12 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

Шағымдар көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері жазбаша нысанда почтамен немесе қолма-қол қабылданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымды қабылдаған тұлғаның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсетіп, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу мерзімі) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы өтініш берген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты 1414 Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды Портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өндеу барысында жаңартылады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымда:

  1. жеке тұлғаның - оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

  2. заңды тұлғаның – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен мерзімі көрсетіледі.

Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.

12. Мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.


4. Өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет мүмкіндіктері шектеулі көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін пандустар көзделген ғимараттарда көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті берушінің ғимаратында анықтама бюросы, күтуге арналған креслолар мен өтініш бланкілерін толтыру үлгілері берілген ақпараттық стендтер болады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.mtc.gov.kz Министрліктің интернет-ресурсында («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлігінде) орналастырылған.

15. Электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті Портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
__________________

«Байланыс саласында қызметтер

көретуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын

беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

1-қосымша
ЛИЦЕНЗИЯ

20__ жылғы «___» ________________                 № _________________

______________________________________________________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________айналысуға

_______________________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

_____________________________________________________________берілді.

Лицензия түрі _________________________________________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес)
Лицензияның қолданылуының ерекше шарттары ___________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабына сәйкес)
Лицензиар ____________________________________________________________________

(лицензиардың толық атауы)

______________________________________________________________________________
Басшы (уәкiлеттi тұлға) _________________________________________________________

(басшының (уәкiлеттi тұлғаның) Т.А.Ә.)
Қолы ______________ (қағаз тасығыштағы лицензиялар үшін)

Мөр орны

Берілген орны ______________________________
_____________________________


«Байланыс саласында қызметтер

көретуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын

беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

2-қосымша

^ ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМША

Лицензияның № _______________

Лицензияның берілген күні 20_____жылғы «___» _________

Лицензияланатын қызметтің кіші түрлері_________________________________________

(«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

____________________________________________________________________________

лизензияланатын қызметтің кіші түрінің атауы)
Өндірістік база________________________________________________________________

(орналасқан жері)

Лицензиат ___________________________________________________________________

(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі/

____________________________________________________________________________________________

жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
Лицензиар___________________________________________________________________

(лицензияның қосымшасын берген органның толық атауы)

Басшы (уәкілетті тұлға)________________________________________________________

____________________________________________________________________________

(лицензия берген орган басшысының (уәкілетті тұлғаның) Т.А.Ә)
___________________________________________ қолы (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)
Мөр орны (қағаз тасығыштағы қосымшалар үшін)

Қосымшаның нөмірі ________________

Қолдану мерзімі ____________________

Берілген жері ______________________
_____________________________

«Байланыс саласында қызметтер

көретуге лицензия беру, қайта

ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын

беру» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына

3-қосымша
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі мыналар болып табылады:

1) порталда Байланыс саласындағы қызметтерді көретуге лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын көрсету жөніндегі қызмет түріне лицензия, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны ЭЦҚ қойылған электронды құжат нысанында немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты электронды құжат нысанында беру. Лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе лицензияның телнұсқасын электронды форматта беру мүмкін болмаған жағдайда, олар қағаз тасығышта беріледі;

2) лицензияны, лицензияға қосымшаны немесе телнұсқаны беруден бас тарту туралы қағаз тасығыштағы дәлелді жауап беру

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

Байланыс және ақпараттандыру комитетіне

кімнен

(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә және жеке сәйкестендіру нөмірі )

ӨТІНІШ


_______________________________________________________________________ _______________________________________________________________________

(қызмет түрін және (немесе) кіші түр(-лерін) көрсету керек)

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта______________________________________________________________

^

(лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)

_______________беруіңізді сұраймын


Жеке, заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)

Электрондық пошта____________________

Телефон __________________________________

Факс _____________________________________

Банктік шоты______________________________

(шоттың нөмірі, банктің атауы мен орналасқан жері)

Қызмет жүзеге асырылатын мекенжай(лар) __________________________________

(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)

__________ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:

барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;

өтініш берушіге лицензияланған қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны;

қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы__________ ________________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар

болған жағдайда)
Мөр орны (бар болған жағдайда) Толтырылған күні

20__ жылғы «__»________


__________________

«Байланыс саласында қызметтер көретуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша

^ Біліктілік талаптары


Р/Н



Біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

Қызметің барлық кіші түрлері үшін

1

Заңды тұлға мәртебесі

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің көшірмесі

«е-лицензиялау» МДҚ пайдалана отырып тексеріледі

2

Техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамы

Тиісті білімі мен мамандығы бойынша кемінде үш жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар техникалық басшылар мен мамандардың білікті құрамының тізімі

Мөр мен басшының қолы қойылған тізім

Дипломдардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Еңбек кітапшаларының немесе келісімшарттардың немесе еңбек шарттарының көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*







Байланыс саласында даярлық және біліктілігін арттыру бойынша курстардан өткені туралы куәліктер немесе сертификаттар

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

3

«Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17 және 19-баптарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiлеген байланыс операторының деректер таратуды өлшеу жүйесі мен қосылу ұзақтығын өлшеу жүйесі бар трафикті есепке алу жүйесі және қолданыстағы тексеру сертификаты

Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнен көшірме

«Өлшем құралдары» электрондық тізілімді пайдаланыла отырып тексеріледі

Қолданыстағы тексеру сертификаттарының көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

4

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру шараларын жүргізуді қамтамасыз ету үшін абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және екі жыл бойы сақтауды жүзеге асыру мүмкіндігі бар аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдар

Сәйкестік сертификаттары

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Арнайы жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыратын ҚР ҰҚК келісу хаты

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

5

Байланыс құралдарын иелену, пайдалану, басқару құқықтары

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

^ Жылжымалы жерсеріктік байланыс қызметтерін көрсету үшін

6

Жерсеріктік байланыстың жердегі станциялары

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Сәйкестік сертификаттары

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

7

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Жылжымалы жерсеріктік спутниктік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдердің немесе ниеттену туралы хаттамалардың немесе басқа құжаттардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету үшін (стандарттың атауын көрсете отырып)

8

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат

Радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттардың көшірмелері

«е-лицензиялау» МДҚ пайдалана отырып тексеріледі

Қалааралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

9

Магистралдық байланыс желілері

Жылжымайтын мүлік объектілері болып табылатын байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің, сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

^ Халықаралық телефон байланысы қызметтерін көрсету үшін

10

Магистралдық байланыс желілері

Жылжымайтын мүлік объектілері болып табылатын байланыс желілерін пайдалануға енгізу актілерінің/ сатып алу-сату шарттарының көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

11

Қазақстан Республикасы аумағында басқару орталығы

Меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

12

Өтініш берушінің акционерлері (қатысушылары) арасында акциялар пакетін (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) бөлу жөніндегі ақпарат

Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының және бағалы қағаздарды ұстаушылардың (серіктестіктің қатысушыларының) тізімінің көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

13

Шетелдік байланыс операторларының телекоммуникациялық желілерімен тоғысқан нүктелердің техникалық әзірлігі

Кейін трафикпен алмасуды жүзеге асыру үшін шетелдік байланыс операторларымен ынтымақтасу мүмкіндігін растайтын келісімдердің немесе ниеттену туралы хаттамалардың немесе басқа құжаттардың көшірмелері

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*







Шетелдік байланыс операторларымен тоғысқан жерлердің географиялық координаталары көрсетілген, мөр мен басшының қолы қойылған өтініш берушінің хаты

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*

14

Басқару орталықтарының телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесіне қосылудың техникалық әзірлігі

Телекоммуникация желілерін орталықтан басқару жүйесінің әрекет етуін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет»

шаруашылық жүргізу құқығындағы

республикалық мемлекеттік кәсіпорнының келісім хаты

Сапасы бір дюймге 300 нүктеден кем емес монохромды режимде сканерленген қағаз тасығыштағы құжаттардың көшірмелері немесе электрондық құжаттар*



___________________________





Похожие:

«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconКөрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мәселелері бойынша шешімдеріне,
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы түрі «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconҚабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconҚабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады
«Астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу,лицензияның телнұсқаларын...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп
«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconДіни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
...
«Байланыс саласында қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинауы (дайындауы), сақтауы, қайта өңдеуi және өткiзу жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметті
Жөніндегі қызмет түрін жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы