«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon

«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»



Название«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
Дата конвертации21.08.2014
Размер81.5 Kb.
ТипДокументы
источник

«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы

ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1.1. «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме болып табылады.

1.2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына, облыс және қала әкімдерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің шешімдеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі атауы - «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение (государственный орган) «Уральский городской отдел внутренней политики».

1.4. Бөлім заңды тұлға болып саналады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде есепшоты, дербес балансы болады.

1.5. Бөлімнің құрылтайшысы қала әкімдігі болып табылады.

1.6. Бөлімнің уәкілетті органы қала әкімдігі болып табылады.

1.7. Бөлім туралы Ережені, оның құрылымы мен штаттық санын қала әкімдігі бекітеді.
ІІ. Бөлімнің негізгі міндеттері,

қызметі мен құқықтары
2.1. Бөлімнің негізгі міндеттері мыналар:

1) Қоғамдық саяси тұрақтылықты қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттің егемендігін нығайту, қоғамдық процестерді демократияландыру және қоғамды топтастыру жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысады;

2) Қалада мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың мемлекеттің ішкі саясатын іске асыру барысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, әкімдіктің, облыстың және қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің Бөлім құзырына қатысты мәселелер жөніндегі актілері мен тапсырмаларын орындауына бақылау жасайды;

3) Қоғамда демократиялық институттарды нығайтуға, Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі Стратегиясының негізгі басым бағыттарын түсіндіруге және насихаттауға қатысады;

4) Ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіріп отырады;

5) Ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздемелер және тәжірибелік ұсынбалар, сондай-ақ Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары, бірегей азаматтық құрылымдар негізінде қоғамды топтастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

6) Қалада болып жатқан қоғамдық – саяси процестерге және оның даму барысына жан – жақты және дұрыс зерттеу, қорыту және талдау жасайды;

7) Қалалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру, мемлекеттік тапсырысты орындау, оны жүргізу жөнінде қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіріп отырады;
8) Қаладағы қоғамдық – саяси жағдайларды болжауға бағытталған әлеуметтік - саяси зерттеулер жүргізеді;

9) Қоғамдық бірлестіктер және үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіби одақтармен, БАҚ-пен, жұртшылық өкілдерімен өзара әрекеттестікте қимыл жасайды;

10) Әлеуметтік даму саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша, білім беру және спорт, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік емес құрылымдардың қызметіндегі өзара келісілген іс-әрекетті қамтамасыз етеді;

11) Қала әкімі орынбасары жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын іске асырады;

2.2. Бөлім өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен төмендегідей қызметтерді жүзеге асырады:

1) Ішкі саяси процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады, жергілікті мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін үйлестіріп отырады, аймақтағы қоғамдық – саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметіне мониторинг жүргізу, талдау жасау және ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және соған тәрбиелеу жөніндегі ұсынбалар әзірлейді және жұмыстарды ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының облыс пен қала әкімдіктерінің, Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаменті қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде тұжырымдамалық құжаттарды жасауға, қала әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысады;

4) Қала туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салада өкімет органдарының қызметі туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі қала әкімдігінің жұмысына қатысады;

5) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментімен, қала әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен ұйымдық және ақпараттық байланысты қамтамасыз етеді;

6) Бөлім атқарған жұмыстары жөнінде Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментіне үнемі есеп беріп отырады.

7) Бөлім құзырына кіретін мәселелер жөнінде қаладағы мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды және үйлестіріп отыруды қамтамыз етеді;

8) Қала әкімі аппараты қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етеді.

9) Облыстық және қалалық қоғамдық –саяси, мәдени шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

10) Ауылдық округтер әкімдерінің, қаланың мемлекеттік мекемелерінің, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі ақпараттық-насихаттық жұмыстарды жүргізу барысындағы қызметін үйлестіріп отырады және бақылау жасайды;

11) Қаланың ішкі саяси өміріндегі маңызды мәселелері бойынша қалалық әкімдіктің мәжілісіне материалдар әзірлеуге қатысады;

12) Кіші Ассамблеяға және оның хатшылығына ұйымдастырушылық және әдістемелік, ақпараттық көмектер көрсетеді;

13) Ішкі саясат саласында, ұлтаралық қатынастар саласында мемлекеттік саясатты белгілейтін, Қазақстан Республикасында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қамтамасыз етілуін айқындайтын тұжырымдамалар, бағдарламалар әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

14) Бөлімнің құзырына қатысты мәселелер жөнінде ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинау, жинақтау және қорыту жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады;

15) Саяси партиялармен, ұлттық – мәдени бірлестіктермен, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау, діни және басқа да қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады;

16) Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған облыстық және қалалық ғылыми – практикалық шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысады;

17) Қала әкімі аппаратының бөлімшелерімен бірлесе отырып, Бөлім құзырына кіретін ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми- зерттеу жұмыстарын орындайды;

18) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

2.3. Бөлімнің негізгі міндеттерін іске асыру және өзінің қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:

1) Өзінің қызметін орындау үшін қажетті ақпараттарды мемлекеттік органдардан және лауазым иелерінен, басқа ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен сұратып алады, Бөлім құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге қатысуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмысшы топтарын құрады;

2) Ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде қала әкіміне ұсыныстар енгізеді, Бөлімге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;

3) Бөлімнің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға тапсырмалар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай –ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;

4) Қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізуге арналған жастар саясаты мен мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды қаржыландыруды жүзеге асырады;

5) Бөлім құзырына кіретін ішкі саясат, азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларыны ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және басқа да көмектер көрсетеді;

6) Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізеді;

7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;
^ III.Бөлімнің мүліктері
3.1. Бөлімнің шұғыл басқару құқығындағы оқшауланған мүліктері болады. Бөлімнің мүліктері мемлекет берген мүліктерден және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай –ақ құны Бөлім балансында көрініс табатын басқа да мүліктерден құралады.

3.2. Бөлім қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайларда оның мүліктері мемлекетке қайтарылады немесе құқық мұрагеріне беріледі.


^ IV.Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
4.1. Бөлім құрылымына Бөлім бастығы, алты бас маман және бір жетекші маман енеді, оның штат санының лимитін қала әкімдігі белгілейді.

4.2. Бөлім бастығын қала әкімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4.3. Бөлім бастығы:

    1. Бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы үшін жауап береді;

    2. Бөлім қызметкерлері арасында қызметтік міндеттерді бөлуді іске асырады;

    3. Стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;

    4. Өзінің өкілдігі шегінде селолық округ әкімдерінің, қаладағы мемлекеттік мекемелердің Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөніндегі қызметін үйлестіріп отырады;

    5. Заңнамаларда белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;

    6. Заңнамаларда белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;

    7. Өзінің құзыры шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

    8. Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша Бөлім отырыстарын, кеңестерін, актив жиналыстары мен басқа да шаралар өткізеді;

    9. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Ү. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату
5.1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Орал қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде жүзеге асырылады.



Похожие:

«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі»
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» (мемлекеттік орган) мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі шахтинск – 2013 Жалпы ережелер «Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шахтинск қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, ішкі саясат...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі»
«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі Бөлім) ұйымдастыру – құқықтық нысанындағы...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi»
«Жангелдин ауданының ішкі саясат бөлiмi» мемлекеттік мекемесі өз құзіреті шегінде мемлекеттік саясатты түсіндіру, ақпаратты-насихаттау...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» iconЖұмыстарды орындаудың талап етілетін мерзімі: 2013 жылдың 31 желтоқсанына дейін
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-сі мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізінде 2011-2015 жылдарға...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» iconБағалық ұсыныс әдісімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
Орал қалалық ішкі саясат бөлімі” мм,090000,Орал қаласы, БҚО, Ж. Досмұхамедов көш,45 үй
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың мамыр айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-сі бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың тамыз айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-сі бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» icon«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-не 2009 жылдың қыркүйек айына бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-сі бағалық ұсыныс әдісімен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды...
«Орал қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы ереже І. Жалпы ережелер «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» iconСатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің толық тізбесі, олардың саны мен егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігі конкурстық құжаттамада көрсетілген
«Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» мм-сі мемлекеттік сатып алу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізінде 2011-2015 жылдарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов