\"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы icon

"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Название"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Дата конвертации15.04.2014
Размер121.24 Kb.
ТипДокументы
источник

"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 11 маусымдағы № 778 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. «Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы № 452 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 18, 202-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 7-тармағының 5) тармақшасын, 8-тармағының  6) тармақшасынқоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                    К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 11 маусымдағы
№ 778 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 2 маусымдағы
№ 452 қаулысымен   
бекiтiлген     

^ Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын
бiлiктiлiк талаптары

      1. Бастауыш бiлiмнiң жалпы бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 20 %-нан кем болмауы;
      3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
      4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      5) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      6) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      2. Негiзгi орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 15 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
      4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      5) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      6) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы;
      7) интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
      3. Жалпы орта бiлiмнiң жалпы бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      2) жоғары және бiрiншi санаттағы мұғалiмдердiң үлесi олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 25 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
      4) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      5) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      6) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы;
      7) интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы.
      4. Техникалық және кәсiптiк бiлiмнiң бiлiм беру оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      2) штаттағы оқытушылар үлесiнiң олардың жалпы санының 70 % кем болмауы;
      3) жоғары және бiрiншi санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлер үлесiнiң олардың жалпы санының 30 %-нан кем болмауы;
      4) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 25 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының болуы;
      5) интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
      6) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      7) бiлiм алушының бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған техникалық және кәсiптiк бiлiмi бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
      8) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      9) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      10) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      5. Орта бiлiмнен кейiнгi кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) штаттағы оқытушылар үлесiнiң олардың жалпы санының 70 %-нан кем болмауы;
      2) жоғары және бiрiншi санаттағы оқытушылар және (немесе) магистрлердiң, ғылыми дәрежелерi және атақтары бар оқытушылар үлесiнiң олардың жалпы санының 40 %-нан кем болмауы;
      3) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне саны кемiнде 25 бiрлiк басылымнан келетiн оқу және оқу-әдiстемелiк әдебиетi қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемiнде 20 % (әскери мамандықтардан басқа) болуы;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      5) интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныптармен, оқу-зертхана жабдықтарымен, арнайы оқу жабдығымен жарақтандырылуы;
      6) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттарының болуы;
      7) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      8) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      9) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      6. Рухани (дiни) бiлiм беру ұйымдарының бiлiм беру қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) даярлық бейiнi бойынша жоғары дiни бiлiмi бар және дiни бiрлестiктер қоятын талаптарға сәйкес келетiн штаттағы оқытушылардың болуы;
      2) бiлiм алушылар контингентiне шаққанда бiр бiлiм алушыға толық оқу циклiне дiнтану сараптамасынан өткен саны кемiнде 50 бiрлiк басылымнан келетiн оқу әдебиетi қорының және цифрлы тасымалдағыштарда оқу жоспарының кемiнде 20 % болуы;
      3) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi оқу-материалдық активтердiң болуы;
      4) интернет желiсiне қосылған компьютерлiк сыныптармен жарақтандырылуы;
      5) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      6) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      7) осы дiни бiлiм беру мекемесiнiң жұмыс iстеу орындылығының негiздемесi бар тиiстi республикалық дiни бiрлестiктер мен өңiрлiк дiни бiрлестiктер қолдаухатының және Қазақстан Республикасының аумағында дiни бiрлестiктi тiркеу туралы куәлiк көшiрмесiнiң болуы;
      8) дiни бiрлестiк басшылығы бекiткен даярлық бейiнi бойынша бiлiм беру бағдарламаларының және оқу жоспарларының болуы;
      9) мәлiмделген дiни бiлiм беру бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Дiн iстерi агенттiгiнiң сараптама қорытындысының болуы.
      7. «Бакалавр» академиялық дәрежесiн бере отырып, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру;
      2) ұлттық зерттеу университеттерi, зерттеу университеттерi, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшiн ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызмет жүргiзу, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшiн педагогикалық қызмет, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру және оларды қайта даярлау;
      3) бiр оқытушыға есептегенде студенттер контингентiнiң бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттарына сәйкестiгi;
      4) штаттағы оқытушылар үлесiнiң олардың жалпы санының, оның iшiнде бiлiм берудiң мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының базалық циклдерi мен бейiндi пәндерi бойынша:
      ұлттық зерттеу университеттерi, зерттеу университеттерi, ұлттық жоғары оқу орындары, университеттер, академиялар үшiн 80 %-дан кем болмауы;
      институттар (консерваториялар, жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшiн 70 %-дан кем болмауы;
      педагогикалық мамандықтар үшiн бiлiм беру ұйымының түрiне қарамастан 80 %-дан кем болмауы;
      5) ғылыми дәрежелерi және атақтары бар оқытушылар үлесiнiң штаттағы оқытушылар санының:
      ұлттық зерттеу университеттерi, зерттеу университеттерi үшiн 70 %-дан кем болмауы;
      ұлттық жоғары оқу орындары (өнер және мәдени бiлiм беру ұйымдарынан басқа) үшiн 55 %-дан кем болмауы;
      университеттер, академиялар үшiн 50 %-дан кем болмауы;
      институттар (жоғары мектептер, жоғары училищелер) үшiн 45 %-дан кем болмауы;
      педагогикалық институттар үшiн 50 %-дан кем болмауы;
      өнер және мәдени бiлiм беру ұйымдары үшiн ғылыми дәрежелерi, сонымен қатар құрметтi атақтары бар және оларға теңестiрiлген оқытушылар үлесiнiң 35 %-дан кем болмауы;
      Қорғаныс, Iшкi iстер, Төтенше жағдайлар министрлiктерiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдары үшiн әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес, «спорт шеберi» және одан жоғары атағы бар ғылыми дәрежелерi және атақтары бар оқытушылар үлесiнiң 40 %-дан кем болмауы;
      6) студенттердiң келтiрiлген контингентiне шаққанда толық оқу циклiне саны кемiнде 140 бiрлiк басылымнан келетiн оқу және ғылыми әдебиет қорының болуы. Бұл ретте қазақ және орыс тiлдерiндегi басылымдар оқыту тiлдерi бойынша оқушылар контингентiне барабар болуы тиiс.
      Кiтапхана қоры соңғы 5 жылдағы әлеуметтiк-гуманитарлық бейiндегi пәндер бойынша; жаратылыстану, техникалық, ауыл шаруашылығы пәндер бойынша соңғы 10 жылдағы басылып шығарылған негiзгi оқу әдебиетiн қамтуға тиiс.
      Мамандықтың (әскери мамандықтардан басқа) оқу жоспарының базалық және бейiндi пәндерiнiң цифрлы тасымалдағыштардағы оқу әдебиетiмен қамтамасыз етiлуi - 40 %-нан кем болмауы.
      Басқа кiтапхана және ғылыми қорлармен, оның iшiнде республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кiтапханамен шарттарының болуы;
      7) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      8) кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
      9) студенттiң бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
      10) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      педагогикалық мамандықтар үшiн педагогикалық практика базалары бойынша мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi және жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру ұйымдарымен тiкелей шарттардың болуы;
      11) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсiпорындармен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзуге шарттардың болуы;
      12) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      13) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      14) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      8. «Магистр» академиялық дәрежесiн бере отырып, жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру; педагогикалық мамандықтар үшiн қазiргi заманғы педагогикалық оқу технологиялары саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу;
      2) магистранттарды даярлау мамандығының бiлiм беру ұйымдары ғылыми зерттеулерiнiң тақырыптарына сәйкестiгi;
      3) тиiстi даярлау бағыттары бойынша ғылыми, ғылыми-бiлiм беру, өндiрiстiк және ғылыми-өндiрiстiк орталықтармен ынтымақтастық туралы келiсiмдердiң болуы;
      педагогикалық мамандықтар үшiн бiрлескен бiлiм беру және ғылыми жобаларды, оқытушылар және магистранттардың тағылымдамадан өтуiн орындау жөнiнде шетелдiк университеттермен тiкелей шарттардың болуы;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      5) тиiстi мамандық бойынша штатта ғылым докторының немесе екi философия (PhD) докторының болуы; әскери мамандықтар үшiн ғылым докторының немесе философия (PhD) докторының болуы;
      6) ғылыми дәрежелерi және атақтары бар оқытушылар үлесiнiң штаттағы оқытушылар санының 70 %-дан кем болмауы;
      мәдениет және өнер бiлiм беру ұйымдары үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының құрметтi атағы бар және оларға теңестiрiлген оқытушылар үлесiнiң 60 %-дан кем болмауы;
      Қорғаныс, Iшкi iстер, Төтенше жағдайлар министрлiктерiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдары үшiн әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес ғылыми дәрежелерi және атақтары бар оқытушылар үлесiнiң 60 %-дан кем болмауы;
      7) тиiстi бейiндегi ғылыми дәрежесi, кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлi, отандық және шетелдiк басылымдарда ғылыми жарияланымдары, магистрлiк даярлық мамандығы бойынша оқу құралдары бар жетекшi мамандардың, штаттағы оқытушылардың магистранттарға ғылыми жетекшiлiктi жүзеге асыруы;
      8) әскери мамандықтардан басқа, ұйымдармен және кәсiпорындармен ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзуге шарттардың болуы;
      9) тиiстi ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк, клиникалық, эксперименттiк базаның болуы;
      10) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы;
      11) магистранттың бiр жылғы оқуына арналған ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
      12) бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi және қазiргi заманғы талаптарға сай келетiн оқу-зертхана жабдықтарымен жарақтандырылуы;
      13) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен, оның iшiнде шетелдiк ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
      14) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      15) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы.
      9. Жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық бiлiм берудiң (резидентура) кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлi, даярлық бейiнi бойынша отандық және шетелдiк басылымдарда, халықаралық конференциялардағы еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар кемiнде екi даярлық бейiнi бойынша ғылыми дәрежелi штаттық маманның болуы;
      2) тиiстi ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-әдiстемелiк, клиникалық, материалдық-техникалық базаның болуы;
      3) қажеттi жабдықпен, зертханалармен, кiтапханамен қамтамасыз етiлуi;
      4) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      5) тыңдаушының бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi оқу жылына арналған жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi қаулысында көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
      6) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен (ғылыми ұйымдарды қоспағанда) жасалған шарттардың болуы;
      7) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      8) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      9) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      10. Философия (PhD) докторы және бейiнi бойынша доктор (адъюнктура) ғылыми дәрежесiн бере отырып, Қорғаныс, Iшкi iстер, Төтенше жағдайлар министрлiктерiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы) ведомстволық бағыныстағы бiлiм беру ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейiнгi әскери бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) кемiнде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтiлi, даярлық бейiнi бойынша отандық және шетелдiк басылымдарда, халықаралық конференциялардың еңбектерiнде ғылыми жарияланымдары, оқу құралдары бар әрбiр ғылыми даярлау мамандығы бойынша кемiнде бiр штаттық ғылым докторының болуы;
      2) ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар, оқытушылар үлесiнiң әскери (арнайы) атағы полковниктен төмен емес штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
      3) тиiстi мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерiн регламенттейтiн ведомствоаралық шарттардың болуы;
      4) тиiстi ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк, тәжiрибелiк және материалдық-техникалық базаның болуы;
      5) қажеттi жабдықпен, зертханалармен, кiтапханамен қамтамасыз етiлуi;
      6) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      7) тыңдаушының бiр жылғы оқуына жұмсалатын ең төменгi шығыстардың тиiстi оқу жылына жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмдi мамандар даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырысты бекiту жөнiндегi тиiстi нормативтiк актiлерде көзделген шығыстар деңгейiне сәйкестiгi;
      8) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен жасалған шарттардың болуы;
      9) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      10) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      11) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.
      11. Философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежесiн бере отырып, докторантура бағдарламалары бойынша бiлiктiлiгi жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау жөнiндегi бiлiм беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдардың қызметiне қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) бакалавриаттың және магистратураның кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыру;
      2) ғылыми дәрежелерi мен атақтары бар оқытушылар үлесiнiң штаттағы оқытушылар санының 100 %-нан кем болмауы;
      3) даярлаудың тиiстi мамандығы бойынша философия докторы (PhD) және бейiнi бойынша доктор дәрежелерi бар шетелдiк ғалымдардың болуы;
      4) даярлаудың тиiстi мамандығы бойынша шетелдiк ғалымдармен келiсiмдердiң болуы;
      5) ұйымдармен және кәсiпорындармен ғылыми зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзуге шарттардың болуы;
      6) жұмыс оқу жоспарларының үлгiлiк оқу жоспарларына сәйкестiгi;
      7) докторантура бағдарламаларын iске асыратын аккредиттелген шетелдiк жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы шарттардың болуы;
      8) тиiстi ғылыми даярлық мамандықтары бойынша мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдiстемелiк, клиникалық, эксперименттiк және материалдық-техникалық базаның болуы;
      9) докторантура мамандығы бойынша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру үшiн қажеттi ақпараттық желiге кiре алатын компьютерлiк сыныптармен, тиiстi мамандық бойынша электрондық дерекқоры бар кiтапханалық қормен жарақтандырылуы, ғылыми зертханалардың және мультимедиялық оқу материалдардың болуы;
      10) практикадан өткiзу базалары ретiнде белгiленген ұйымдармен, оның iшiнде шетелдiк ғылыми тағылымдамадан өтуге жасалған шарттардың болуы;
      11) бiлiм алушыларға медициналық қызмет көрсетудiң болуы;
      12) бiлiм алушыларға арналған тамақтандыру объектiсiнiң болуы;
      13) меншiктi не шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында тиесiлi бiлiм беру қызметiнiң сапасын қамтамасыз ететiн материалдық және материалдық емес активтердiң болуы.

Похожие:

\"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы iconҚазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 11 маусым №778 «Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы»
«Білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы...
\"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы icon"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту
Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 30 маусымдағы №561 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы және мемлекеттiк қызмет стандарттарын...

\"Бiлiм беру қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы\" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 2 маусымдағы №452 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы