«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»



Название«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации21.08.2014
Размер130.72 Kb.
ТипДокументы
источник





Жоба


«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған ережесі бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Ә. Ерқановқа жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

^ Аудан әкімі С. Жақаев

«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Меңдіқара ауданы әкімдігінің

2014 жылғы « __ » _______________ № ___ қаулысына

келісу парағы
Әкімдік мүшелері:
_____________ М. Ерқанов
_____________ Қ. Садуақасов
_____________ А. Ковальчук

_____________ С. Хабалкина


«Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің басшысы
______________М. Лаптев


«Меңдіқара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заң бөлімінің бас маманы
______________Г. Утина




КЕЛІСІЛДІ
«Меңдіқара ауданының

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік

мекемесі басшысы
______________В. Гребенюк


Әкімдіктің

2014 жылғы «__»_________

№ ___ қаулысымен бекітілген


«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

^ ЕРЕЖЕСІ

Боровское ауылы

2014 жыл


  1. Жалпы ережелер


1. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жұмыспен қамту, әлеуметтік әріптестік, және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін орындауға жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттін атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Летунов көшесі, 7.

9. Мемлекеттік органының толық атауы: «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Меңдіқара ауданының әкімдігі Бөлімнің құрылтайшысы болып табылады.

11. Осы Ереже «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (аудандық) бюджетінен жүзеге асырылады.

13. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттін кірісіне жіберіледі.

^ 2. Миссиясы, негізгі мемлекетік органның міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Миссия:

1) «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолданыстағы заңдарға сәйкес Меңдіқара ауданының аумағында жұмыспен қамтуды, әлеуметтік әріптестік, және халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асырады.

15. Міндеттер:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау мен нығайту жөніндегі саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын, қауіпсіздігін, азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясатың негізгі бағыттарын жүзеге асыру;

3) қоғамдық келісімнің конституциялық принциптерін және саяси тұрақтылықты жүзеге асыру, демократиялық әдісінде мемлекеттің өміріндегі ең маңызды мәселерін шешу;

4) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдармен өзара іс қимыл жасау.

16. Функциялар:

1) әлеуметтік әріптестік және тұрмыс деңгейін көтеру мәселелерін шешу саласында:

2) әлеуметтік әріптестік жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде шаралар әзірлейді, әлеуметтік-экономикалық қатынастар жөніндегі аудандық және салалық келісімдерін орындалуына ықпал ету;

3) халықтың тұрмыстық деңгейін көтеруге және тұрақтандыруға бағытталған аймақтық бағдарламалар, нормативтік құжаттар дайындауға қатысады, олардың орындау барысын талдау;

4) өз құзыры шегінде халықтың тұрмыс деңгейін және табысын көтеру, кедейлікті төмендету мәселелері жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу;

5) жеке және заңды тұлғалардың мекемелердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің құзырына жататын мәселелер жөніндегі өтініштерін қарап, қажетті шаралар қабылдау;

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету.

16.1. халықты жұмыспен қамту саласында:

1) еңбек нарығының жағдайын бақылау, қамту стратегиясын орындауын жүзеге асыру, саны бойынша статистикалық деректерді зерттеу, ауданда пайдаланудағы еңбек ресурстарын бақылау, төленетін қоғам жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жалпы басшылық жүзеге асырады, кәсіптік оқу, есеп жасау, мәлімет, ақпарат және жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну;

2) ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру;

3) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру, барлық меншікті нысандардың ұйымдарында және мекемелерде әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;

4) халықтың кәсіби бағытта, қызметтердің нарық жағдайын және кәсіби бағыттын сұрақтары бойынша консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;

5) аз қамтылмаған халықты кәсіптік оқыту бойынша жұмыс ұйымдастыру немесе оларды қаражат бөлінген шегінде қайта оқыту;

6) шетелдік жұмыс күштерін пайдалану және сараптамасын өткізу;

7) интернаттық мекемелердің кәмелет жасқа толмаған түлектерді, бас бостандығынан айырылғандар босатылған, тұлғалар, жұмыссыз мүгедектер квоталық жұмыс орындарына жұмысқа орналасуын ұйымдастыру;

8) халықты қамту бойынша ұйымдарымен және мекемелердің басшылығымен жұмыс істеу;

9) әріптестік шарттарды жасау бойынша ұйымдармен және кәсіпорындармен жұмыс істеу, жасырынды жұмыссыздық туралы есеп жасау және жұмыс берушілерге мәліметтерді жинап беру, бос орындар және босатылған жұмыс орындар туралы, жаңа жұмыс орындарды жасау туралы;

10) жұмыспен қамту мәселелері жөнінде ақпарат базасын құру;

11) жоғары органдарға нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныс енгізу және әзірлеу;

12) жұмыссыз азаматтарды тiркеу және есепке қою;

13) жұмыссыз азаматтарға анықтама беру;

14) адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi нысандарына қатысуға жолдама беру;

15) оралман мәртебесін беру.

16.2. халықты әлеуметтік қорғау саласында:

1) халықты әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша аудан әкімінің қаулысының жобасын дайындау, есепті дайындау, халықтың әлеуметтік топтарын қорғау сұрақтары бойынша консультативтік қызмет көрсету;

2) жоғары органдарға халықты әлеуметтік қорғау саласында қолданастағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

3) аудандық әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу және жүзеге асыруына қатысу;

4) әлеуметтік көмекке мұқтаж болған тұлғаларды анықтау;

5) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрмысы төмен азаматтар мен отбасыларды дербес есебін жүргізу;

6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақыны, азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу үшін құжаттарды қабылдау;

7) тұрғын үй көмекті төлеу және тағайындау;

8) жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу;

9) жәрдемақыны төлеуге ақша қаражатын жоспарлау;

10) аудан бюджетін төленетін ақша қаражатының барлық түрлерін бақылау;

11) мұқтаж отбасыларға көмек көрсету мақсатымен қоғамдық ұйымдарға байланыс ұстау және жәрдемесу;

12) аудан мүгедектерінің деректер банкін ұйымдастыру;

13) оңалту жеке бағдарламаларын орындау бөлімінде мүгедектерді әлеуметтік оңалту бойынша жұмыстарын, арнайы техникалық және қосымша құралдарға мұқтаж болған, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдары, кресло-арбалар, санаторий-курорттық емдеуімен мүгедектерді оңалтуға шара қабылдауын қамту, есеп жасау;

14) оңалту көрсету сұрақтары бойынша мүгедектерге консультативтік қызмет көрсету;

15) мүгедектерді әлеуметтік қорғау сұрақтары бойынша қоғамдық ұйымдарға, үкіметтік емес ұйымдар, білім ұйымдары, денсаулық ұйымдары, әрекеттесуін жүзеге асыру;

16) қартайғандарға, мүгедектерге, соның ішінде мүгедек-балаларға және психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан жоғары мүгедектер үшін үйде күндізгі күтім арнайы әлеуметтік қызмет көрсетеді;

17) қиын өмірлік жағдайындағы адамға (отбасына) арнаулы әлеуметтік қызметтер беру туралы шешім қабылдауға уәкілетті;

18) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың алдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру;

19) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

20) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

21) ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау;

22) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу;

23) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

24) өтiнiш берушiнiң (отбасының) атаулы әлеуметтiк көмек алушыларға тиесiлiгiн растайтын анықтама беру.

 17. Құқықтары мен мiндеттерi:

Осы ережемен қарастырылған функцияларды іске асыру үшін "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

1) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, басқа да ұйымдар мен азаматтардан сұрату, "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстарды өңдеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      "Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға, сондай - ақ оған жүктелген функциялармен міндеттерді орындауға міндетті.

^ 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

19. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

20. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» басшысының өкілеттігі:

1) мемлекеттік органдардармен және өзге де ұйымдарымен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қарым-қатынас ұсынады;

2) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді;

3) мемлекеттік мекеме туралы Ережені, бөлімінің құрылымы мен штат саны жөніндегі ұсынысты әзірлейді және оларды аудан әкімінің бекітуіне енгізеді;

4) бөлімінің еңбек ішкі тәртібін белгілейді;

5) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселерін шешеді;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы және еңбек туралы заңдарына сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын қадағалайды;

9) бұйрықтарды шығарады;

10) қолданыстағы заңдарға сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

11) өзінің құзырет шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

12) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерін іссапарға жібереді;

13) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын жүзеге асырады;

14) сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін бақылауын жүзеге асырады;

15) нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламаларды және басқа да құжаттарды әзірлеу үшін жұмыс тобын ұйымдастырады;

16) бөлім қызметкерлеріне орындалуы міндетті ңұсқаулар береді;

17) еңбекақы төлеу қорының шегінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қаржыландыру жоспарын бекітеді;

18) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

19) бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткізетін жұмысты жүзегі асыру бойынша басшысы дербес жауапты болады;

20) мемлекеттік қызмет көрсетуіне басшы дербес жауапты болады.

21. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезінде оның өкілеттілігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөлімінің басшысы өз бөлім мамандарының өкілетігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мумкін.

24. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай –ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлігі коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
27. «Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.





Похожие:

«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Меңдіқара 2011» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта тіркеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Ан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБұйрығымен бекітілген Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі жұмысының регламенті жалпы ереже. Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconҰзынкөл ауданында 2013 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тiзбесiн белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарын жұмыспен...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconСотталғандарды қоғамдық жұмыстар түрінде жазалауда жұмысқа орналастыру үшін ұйымдардың тізбесін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМеңдіқара ауданы әкімдігінің «Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Боровской өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЖоба меңдіқара ауданының елді мекендерін көркейту ережесі туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының...
«Меңдіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconЕңбек өтілін растау үшін арнаулы комиссияның құрамына өзгерістерді Меңдіқара аудандық мәслихатының қарауына енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы