Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon

Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»



НазваниеЖергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Дата конвертации12.04.2014
Размер41.3 Kb.
ТипДокументы
источник

Ауыл әкімдерінің назарына


Жергілікті өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен белгіленген шекте және тәртіпте жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелерді шешуде тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) тікелей қатысуы жергілікті қоғамдастық жиыны болып табылады.   

Қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиыны жергілікті мәні бар аса маңызды мәселелер:

жергілікті қоғамдастықтың басым міндеттерін және оларды іске асыру мерзімдерін айқындау;

жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысушылардың құрамын және олар жіберілетін мерзімді айқындау;

аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарына, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдеріне, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу;

әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыру мәселелері бойынша олардың есептерін тыңдау және талқылау;

аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы мәслихаттың есептерін тыңдау және талқылау;

жергілікті қоғамдастық жиыны айқындаған жергілікті маңызы бар өзге де мәселелер бойынша өткізіледі.

Жергілікті қоғамдастық жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдерінің өздері шақыруы мүмкін не осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар әрі оны шақыру қажеттігі туралы өтінішке тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) және тұрғылықты жерін көрсете отырып, қол қойған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша шақырылуы мүмкін.

Жергiлiктi қоғамдастық жиынының бастамашылары тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiміне жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізу туралы өтініш жасауға міндетті. Тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмінің оң шешімі алынғаннан кейін жергiлiктi қоғамдастық жиынын өткізуге жол беріледі.

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол беріледі. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.

Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Бірүлгі ережелеріне сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағында ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиын өткізуді аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмдері ұйымдастырады.

Бөлек жиын ашылмас бұрын, оған қатысуға құқығы бар тиісті ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үйдің келіп отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі немесе оған уәкілетті адам ашады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмі немесе оған уәкілетті адам бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының өкілдеріне кандидатуралар аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатымен бекітілген сандық құрамда бөлек жиын қатысушыларымен ұсынылады. 

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарына тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

Дауыс беру әр кандидатура бойынша дербес ашық тәсілмен өткізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың көп дауысын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкiмінің аппаратына табысталады.

Жергілікті қоғамдастық жиынының шешімі, егер оған жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері жергілікті қоғамдастық жиынының шешімімен келіспейтінін білдіруге құқылы, бұл осындай келіспеушілікті туғызған мәселелерді қайтадан талқылау арқылы шешіледі.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің келіспеушілігін туғызған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселені жоғары тұрған әкім тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының отырысында оны алдын ала талқылағаннан кейін шешеді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің міндетті түрде қарауына жатады.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Жергілікті қоғамдастық жиынында қабылданған шешімдер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратылады. Қажет болған жағдайда жергілікті қоғамдастық жиыны шешімінің қорытындылары бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері шешім қабылдайды.

Аудандық мәслихаттың заңгері : Тұрарбеков Е. 

 



Похожие:

Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon2011 жылғы көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Халықтың көші-қоны...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconМаслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon2014 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАудандық бюджеттік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconАудан әкімдігінің «Біржолғы материалдық көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 15 маусымдағы №80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconБілім саласындағы мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Әкімшілік рәсімдер...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері» 2008 жылғы 04 мамырдағы №573 қаулыға өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» iconКоммуналдық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 45-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»...
Жергілікті өзін өзі басқаруды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» icon80 қаулысының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы