Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/3
Дата конвертации03.02.2013
Размер435.68 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 18.01.2010 19:50:34


Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 661 Бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар тұлғалардың біліктілік деңгейін анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен соң бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. «Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 151 (нормативтік-құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4596 болып тіркелген, «Юридическая газета»- 2007 жылғы 25 сәуірде № 62 (1265) газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оны ресми жариялаған күнінен бастап жиырма бір күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

^ Министрдің м.а.

Б. Садықов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің м.а.

2009 жылғы 6 қарашадағы

661 бұйрығымен бекітілген

 

^ Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтиханын өткізу ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес әзірленген және орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдардың кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға дайындығын айқындау мақсатында біліктілік емтиханын өткізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды:

1) маман – орта медициналық немесе (және) медициналық білімі бар денсаулық сақтау саласының қызметкері;

2) маман сертификаты – жеке тұлғаның нақты мамандық бойынша медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат;

3) практикалық дағдыларды бағалау – мамандардың практикада теориялық білімдерін қолдана білуін анықтау;

4) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін аккредиттелген жеке тұлға.

3. Осы Ережеге сәйкес біліктілік емтиханы мыналарға өткізіледі:

1) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін, оның ішінде еңбек жолын медициналық ұйымдарда жүзеге асыратын санитариялық-эпидемиологиялық бейінді медициналық білімі бар мамандар үшін, ал санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда – медициналық және фармацевтикалық қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау органы;

2) орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары санитариялық-эпидемиологиялық бейінді жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін – санитариялық – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық бейінді салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган.

4. Денсаулық сақтау саласындағы мамандар үшін біліктілік емтихандар мынадай бөлімдерге бөлінеді:

1) міндетті – медицина қызметкерлерінің клиникалық мамандығына сәйкестігін анықтау және сәйкес маман сертификаты беріле отырып, оларды клиникалық практикаға (пациенттермен жұмыс істеуге) жіберуге рұқсат беру үшін;

2) ерікті – сәйкес біліктілік санаты берілетін мамандардың кәсіби деңгейін анықтау үшін.

Міндетті біліктілік емтихандары біліктілік санаты берілмей маман сертификатын берумен аяқталады.

Ерікті біліктілік емтихандары біліктілік санаты беріле отырып, маман сертификатын берумен аяқталады.

5. Біліктілік санатын бермей бірінші біліктілік емтиханы интернатурада, ординатурада және резидентурада оқуын (интернатураны аяқтауды көздемейтін мамандықтар бойынша – жоғары оқу орнындағы оқуын аяқтағаннан кейін) аяқтағаннан кейін, ал орта медицина қызметкерлері үшін – оқуларын колледжде аяқтағаннан кейін өткізіледі.

Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханы үміткер осы ережедегі біліктілік талаптарына сәйкес болған жағдайда өткізіледі.

6. Санат берілмейтін бірінші біліктілік емтихандары әрбір бес жыл сайын өткізіледі. Санат берілмейтін біліктілік емтихандарды осы ережеде көзделген мерзімдерден бұрын өткізуге рұқсат етілмейді.

7. Маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап 5 жыл бойы қолданыста болады. Бұл мерзім біткеннен кейін сертификаттың қолданысы тоқтатылады.

8. Мамандардың біліктілік деңгейі мынадай санаттар бойынша анықталады:

1) екінші санат;

2) бірінші санат;

3) жоғары санат.

9. Қазақстан Республикасынан тыс жерде мамандар алған клиникалық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе біліктілік санаттарын беру туралы куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы санат берілмейтін маман сертификатымен теңестіріледі.

10. Жоғарыда көрсетілген санатқа өтініш білдірілген біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханына маман алдыңғы емтиханды өткен сәтінен бастап кемінде 3 жылдан кейін жіберіледі.

 

 

^ 2. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар

 

11. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін мамандар медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау жөніндегі мемлекеттік органдарға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) нотариаттық немесе кадр қызметі ұйымдары растаған жоғары, орта білімнен кейінгі немесе орта медициналық білім туралы дипломның көшірмесі;

3) нотариаттық немесе медициналық ұйымдардың кадр қызметі растаған интернатураны, ординатураны және резидентураны бітіргендігі, өтініш білдірілген мамандық бойынша бастапқы мамандандырудан өткендігі туралы куәліктерінің көшірмелері (жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін).

 

 

^ 3. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханын тапсыру үшін ұсынылатын құжаттар

 

12. Біліктілік емтиханын тапсыру үшін мамандар осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) аттестациялық құжаттарын ұсынады.

13. Аттестациялық іс:

1) үміткердің біліктілік емтиханын өтуге өтініші;

2) үміткер туралы мәліметтер (А.Т.Ә., жұмыс орны, атқарып отырған лауазымы, білімі, біліктілігін арттырғандығы туралы мәліметтер, мақалалар, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысуы туралы мәліметтер);

3) үміткердің мамандығы бойынша өндірістік қызметі туралы есебі;

4) санитарлық-эпидемиологиялық бейінді, медициналық білімі бар, «қоғамдық денсаулық/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша мамандар үшін, өтініш білдірілген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;

5) тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер;

6) диагностикамен емдеудің әдістерін күнделікті практикада пайдалану көлемі;

7) тест қортындысы;

8) өтініш білдірген санатқа үміткердің емдеу мен диагностиканың әдістемелерін күнделікті практикада қолдану көлеміне сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық бейін қорытындысын қоспағанда медициналық білімі бар мамандар үшін;

9) біліктілік комиссиясы хаттамасынан көшірме.

14. Үміткерлердің құжаттарын, аттестациялық істерді қабылдау, тәуелсіз сарапшылардың сараптама жүргізу, тестілеу, әңгімелесу өткізу кестелерін осы ереженің 2-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдармен келісе отырып, аумақтық бөлімшелер анықтайды.

15. Біліктілік санатын алу үшін үміткерлер осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

4. Біліктілік емтиханын өткізуді ұйымдастыру тәртібі

16. Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханы тестілеу түрінде өткізіледі.

Тестілеуден өту және санат берілмейтін маман сертификатын алу үшін шекті деңгейі 40 % дұрыс жауапты құрайды.

17. Біліктілік санаты берілетін біліктілік емтиханы екі кезеңнен тұрады:

1) тестілеу;

2) сұхбат.

18. Құжаттар мен аттестациялық істерді қабылдауды, сондай-ақ мамандарды тестілеуді мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкердің негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырады.

Біліктілік санаты берілмейтін біліктілік емтиханын тапсыру үшін құжаттарды толық тапсырмаған үміткерлер тестілеуден өтуге жіберілмейді (Ереженің 11-тармағы).

19. Үміткерлер қолданыстағы маман сертификаты қолданысының мерзімі біткенге дейін 3 ай бұрын маман сертификатын алуға құжаттарын тапсырады.

20. Үміткердің практикалық дағдыларының өтініш білдірген санатқа сәйкестігіне қорытындыны медицина қызметкерінің бейініне сәйкес облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының бас мамандары (бастап медициналы-санитарлық көмек, акушер-гинеколог, хирург, педиатр, терапевт) береді.

Осы Ережедегі аттестациялық істі 8-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес үміткердің күнделікті практикадағы диагностика және ем дағдыларының деңгейі бағаланады және көрсетілген қосымшаның 10-тармағына енгізіледі.

Үміткердің практикалық дағдыларының деңгейі өтініш білдірілген санатқа сәйкес келмеген жағдайда үміткер біліктілік емтиханының тестісінің үшінші кезеңіне жіберілмейді.

21. Тестілеу үміткердің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өткізіледі. Қорытындылары екі данада басылып шығарылады, оның біреуі үміткерге беріледі, екінші данасы үміткердің қолымен тиісті мемлекеттік органда сақталады.

Мамандығы бойынша тестілеу сұрақтарының саны 50. Тестілеу уақыты – 60 минут.

Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханын тапсыру кезінде тестілеу қорытындылары аттестациялық істің 11-тармағына енгізіледі және бір жыл бойы күшінде болады.

22. Егер тестілеу қорытындылары шекті деңгейден төмен болса, санат алу үшін біліктілік емтиханы тапсырылмады деп саналады да, үміткер біліктілік емтиханның келесі кезеңіне жіберілмейді.

Үміткердің тестілеу қорытындысы өтініш білдірілген санаттан төмен болған жағдайда үміткердің келісімі бойынша өтініш білдірілгеннен төмен санатқа арналған біліктілік емтиханының келесі кезеңдерін өтеді.

23. Медициналық білімі бар үміткердің осы Ережелермен белгіленген санитариялық–эпидемиологиялық бейін мамандарының үшін талаптарын қоспағанда сәйкестігін анықтау үшін аумақтық бөлімшелер, шарттық негізіде тәуелсіз сарапшыларды тартады.

Сараптама қорытындысын тәуелсіз сарапшы осы Ереженің 2-қосымшасының 12-тармағына енгізеді.

Тәуелсіз сарапшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үміткердің өтініш білдірілген санатқа сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы ұсынылған қорытындыға жауапты болады.

24. Сұхбат өткізу үшін мемлекеттік органдар біліктілік комиссияларды құрып (бұдан әрі - комиссиялар) осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау басқарудың жергілікті органдарының, республикалық ғылым және білім ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің арасынан мамандандырылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және 11 адамнан кем болмауы қажет. Мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің комиссиясы мүшелерінің арасынан комиссия төрағасы тағайындалады.

Егер комиссияның отырысында комиссияның бекітілген құрамының кемінде үштен екі мүшесі қатысса, комиссияның отырысы құқықты болып саналады.

25. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің басым дауыстарымен анықталады. Дауыстар саны тең болған жағдайда шешуші дауыс болып комиссия төрағасының дауысы саналады. Комиссия хатшысының дауыс беру құқығы жоқ.

26. Әңгімелесу барысында маманның біліктілік деңгейі, оның кәсіптік міндеттерді (диагностикалық, тәсілдік, ұйымдастырушылық) шеше білуі, бар ақпаратқа талдау жасай білуі және ол бойынша тиісті шешім қабылдай білуі бағаланады.

27. Біліктілік санатын беретін біліктілік емтиханы аяқталғаннан кейін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес комиссия отырысының хаттамасы рәсімделеді және аттестациялық іске жазылады.

Осы Ереженің аумақтық бөлімше комиссиясының отырысы хаттамасының негізінде 5-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын бермей немесе Осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру туралы шешім шығарылады.

28. Біліктілік беріле отырып, маман сертификатын тиісті мемлекеттік орган комиссияның отырысы күнінен бастап 30 күнтізбелік күннің ішінде, ал біліктілік санатынсыз маман сертификатын алуға үміткер тұлғалар үшін тестілеуден өткен күнінен бастап береді.

Маман сертификаты Қазақстан Республикасының аумағында берілген күнінен бастап бес жыл бойы қолданыста болады.

29. Біліктілік емтихандарын тапсыра алмаған тұлғалар белгіленген үлгі бойынша өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 72 сағат болатын қосымша тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткендігін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 3 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.

30. Біліктілік емтихандарын қайта тапсыра алмаған тұлғалар мемлекеттік органға өтініш пен өтініш білдірілген мамандығы бойынша көлемі кемінде 144 сағат болатын тақырыптық біліктілігін арттыру курстарын өткенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, 12 айдың ішінде біліктілік емтиханын қайта тапсырады.

 

 

^ 5. Қорытынды ережелер

 

31. Осы ереженің 11 және 18-тармақтарында көрсетілмеген қосымша құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

Біліктілік санаты беріле отырып, өткізілетін біліктілік емтихандарын өткізгенде:

1) медициналық қызметкерлердің дипломнан кейінгі оқытуымен айналысатын медициналық жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының, ғылыми орталықтардың ғылыми қызметкерлері біліктілігін арттыру курстарында оқудан босатылады;

2) «Жалпы тәжірибе дәрігері» мамандығы бойынша сертификат алуға үміткерлердің жұмыс өтіліне терапевт-дәрігер және бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарындағы мамандығы бойынша жұмыс өтіліне саналады;

3) базалық кәсіби мамандығына сәйкес келмейтін біліктілік санатын алуға үміткер тұлғалар мамандандыруы (қайта даярлығы), клиникалық ординатура немесе резидентура және бар болған жағдайда емтиханға жіберіледі;

4) егер маман өтініш білдірілген мамандық бойынша соңғы 2 жылда екі немесе одан көп ұйымдарда жұмыс істесе, есебін осы ұйымдардың басшылары жеке-жеке бекітеді;

5) денсаулық сақтау жүйесінде тәуелсіз сарапшы болып табылатын тұлғалардың жұмыс өтіліне мамандығы бойынша тәуелсіз сарапшы ретінде аккредиттелген сәттен бастап, сараптамалық қызметінің өтілі мамандық бейіні бойынша өтіліне саналады;

6) денсаулық сақтау жүйесінің мемлекеттік қызметкері болып табылатын немесе денсаулық сақтау жүйесінің кәсіби одақтарында (бірлестіктерінде) жұмыс істеп жатқан «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулықты ұйымдастыру» мамандықтары бойынша біліктілік санатын алуға үміткердің жұмыс өтіліне денсаулық сақтау жүйесінде жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызмет пен кәсіби одақтардағы жұмыс өтілі де саналады.

32. Бірінші, жоғары біліктілік санаты берілген маман сертификатының қолданысы мерзімсіз деп табылады.

33. Маман сертификаты жоғалған немесе бүлінген жағдайларда үміткердің өтініші және құжаттары негізінде мемлекеттік орган маман сертификатының көшірме нұсқасын береді.

34. Біліктілік емтихандарын өткізу кезінде туындаған дауларды тиісті аумақтық бөлімшелер немесе сот тәртібі бойынша қарастырылады.

35. Мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын алу үшін жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері есеп беру үшін бір жыл жұмыс істеуі тиіс.

Балаға күтім жасау бойынша мамандығы бойынша еңбек жолы 12 айдан астам үзілісте болған жағдайда бір жыл жұмыс істеу қажет, үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады.

Мамандығы бойынша еңбек жолының үзілісі кемінде 12 ай болған жағдайда маман үзіліске дейін және үзілістен кейін барлық жұмыс істеген кезеңі үшін есеп тапсырады, жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін барлығы екі жыл, ал орта медицина қызметкерлері бір жыл болуы тиіс.

Денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты маманның клиникалық қызметі үзілген жағдайда негізгі мамандығы бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі есептеледі.

 

 

Денсаулық сақтау саласында

біліктілік емтихан өткізу

  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов