Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дата конвертации03.02.2013
Размер122.09 Kb.
ТипДокументы
источник

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 11.01.2010 14:24:15


Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 6 қарашадағы № 660 бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министрдің м. а.

^ Б. Садықов

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 қарашадағы

660 бұйрығына

1-қосымша

 

 

 

^ Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес әзірленді және оны өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

2. Аттестаттауға денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшылары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары және олардың орынбасарлары (медициналық білімі бар), сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары (бұдан әрі - аттестатталатын адамдар) жатады.

3. Аттестаттауды объективті және құзыретті жүзеге асыру мақсатында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - мемлекеттік орган) және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы (бұдан әрі - жергілікті орган) аттестаттау комиссияларын құрады.

4. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

 

2. Аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

 

5. Аттестаттауды өткізуге дайындық мынадай іс-шараларды қамтиды:

1) аттестатталушы тұлғаларға қажетті құжаттарды дайындау;

2) аттестаттауды өткізу кестелерін әзірлеу және бекіту;

3) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау;

4) аттестаттауды өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы түсіндіру жұмысын ұйымдастыру;

5) аттестаттауды өткізу басталғанға дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей аттестатталушы тұлғаларды оны өткізу мерзімі туралы жазбаша хабардар ету;

6) аттестаттауға жататын тұлғалардың құжаттарын қабылдауды және талдауды жүзеге асыру.

6. Мемлекеттік органның басшысы жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының кадр қызметі ұсынған ақпарат негізінде бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын тұлғалардың тізімі бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс кестесі белгіленеді.

Жергілікті органының басшысы кадр қызметінің ұсынысы бойынша бұйрық шығарады, онда аттестаттауға жататын адамдардың тізімі бекітіледі, аттестаттауды өткізу мерзімі және аттестаттау комиссиясының құрамы, сондай-ақ оның жұмыс істеу кестесі белгіленеді.

7. Денсаулық сақтау органдары мен ұйымдарының кадр қызметтері аттестаттау үшін аттестаттау комиссиясына әрбір аттестатталушы тұлғаға қатысты мынадай құжаттарды жібереді:

1) денсаулық сақтау органының немесе ұйымының басшысы қол қойған, аттестатталушы тұлғаның қолы қойылған, «таныстым» деген белгі бар қызметтік мінездеме;

2) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

3) өмірбаян;

4) білімі туралы дипломның көшірмесі;

5) соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру циклдарынан өткені туралы куәліктердің көшірмелері;

6) ғылыми дәрежесінің, атағының бар екендігі туралы (олар болған кезде) куәліктердің көшірмелері;

7) маман сертификатының көшірмесі;

8) еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттар.

8. Аттестаттау комиссиясының хатшысы осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестатталушы тұлғаға аттестаттау парағын ресімдейді.

 

3. Аттестаттауды өткізу тәртібі

 

9. Тестілеуді мемлекеттік орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы жүргізеді.

10. Тестілеу компьютерде жүргізіледі (100 сұрақ).

11. Тестілеу кезінде аттестатталатын тұлға сөйлесуге және тест өткізілетін үй-жайдан шығып кете алмайды.

12. Қанағаттанарлықсыз күйдегі аттестатталатын тұлғаларға тестілеу кезінде тест басталғанға дейін мемлекеттік органның маманына ол туралы хабарлауы қажет.

13. Тест тапсырмаларын орындауға жіберілген жалпы уақыт - 90 минут.

14. Тесті орындауға бөлінген уақыт өткеннен кейін бағдарлама автоматты түрде жабылады.

15. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау автоматты түрде компьютерге салынған бағдарламаның көмегімен жүргізіледі.

16. Сұрақтардың жалпы санынан кемінде 70% дұрыс жауап алған жағдайда аттестатталатын тұлға үшін тестілеу нәтижесі төмен деп саналады.

17. Тестілеуден өту кезінде өту мәнінен төмен баға алған аттестатталушы тұлға әңгімелесуге жіберілмейді.

Қайта тестілеу осы Ережеде айқындалған тәртіппен бастапқы тестілеу өткен күннен бастап алты айдан кейін өткізіледі.

Қайта тестілеуден өту кезінде өту мәнінен төмен баға алған аттестатталушы тұлғамен еңбек қатынастарын бұзу үшін негіз болып табылады.

18. Тестілеу нәтижелері аттестаттау жүргізген органда және аттестатталған тұлғаның жеке ісінде үш жыл бойы сақталады.

Өткізілген тестілеудің қорытындылары бойынша аттестатталушы тұлғалардың тестілеу нәтижелерін аттестаттау комиссиясына әңгімелесуді өткізу үшін тестілеуден өткен күннен бастап 3 күнтізбелік күннен кешіктірмей жолдайды (қағаз және электронды тасығыштарда).

19. Аттестатталушы тұлғалармен әңгімелесуді аттестаттау комиссиялары жүргізеді.

20. Аттестаттау комиссиясы комиссия мүшелерінен және хатшысынан тұрады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ішінен төраға тағайындалады. Аттестаттау комиссиясы мүшелерінің саны кемінде жеті адамнан тұруы тиіс.

Мемлекеттік органның аттестаттау комиссиясының құрамына мемлекеттік органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау ұйымдарының, медицина ғылымының, үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіреді.

Жергілікті органдарының аттестаттау комиссиясының құрамына денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының, медицина ғылымының, үкіметтік емес денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері кіреді.

21. Егер аттестаттау комиссиясының отырысына оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.

22. Дауыс беру нәтижелері комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Хатшы дауыс бере алмайды.

23. Тестілеуде немесе аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен (еңбек қабілетін жоғалтуымен байланысты науқастануы, жақын туысының қайтыс болуы немесе ауыр науқастануы, қызметтік іссапар, еңбек демалысы, әскери жиында болуы немесе аттестатталушы тұлғаның өзінің келу мүмкіндігін болғызбаған басқа да жағдайлармен) болмаған аттестатталушы тұлға жұмысқа шыққаннан кейін аттестаттау комиссиясы белгілеген мерзімде аттестаттаудан өтеді. Келмеудің себептері тиісті құжаттармен расталуға тиіс.

Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелді себептерсіз келмеген аттестатталушы тұлға аттестатталмады деп танылады.

24. Аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделеп, аттестатталушы тұлғамен әңгімелесе отырып, мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) қайта әңгімелесуге жатады;

3) аттестатталмады.

25. Аттестаттау комиссиясының шешімі ашық дауыс берумен қабылданады.

26. Қайта әңгімелесу осы Ережеде айқындалған тәртіппен бастапқы әңгімелесу өткен күннен бастап алты айдан кейін өткізіледі.

Қайта әңгімелесуден өту кезінде өту мәнінен төмен баға алған аттестатталушы тұлғамен еңбек қатынастарын бұзу үшін негіз болып табылады.

Аттестаттау комиссиясы қайта аттестаттау қорытындылары бойынша мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) аттестатталды;

2) аттестатталған жоқ.

27. Аттестаттау комиссиясының шешімі отырыс хаттамасымен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясының төрағасы, мүшелері және хатшы қол қояды.

28. Аттестатталушы тұлға аттестаттау комиссиясының шешімімен танысады.

29. Аттестаттау комиссиясының шешімі аттестаттау өткен күннен бастап аттестаттауды өткізген органның бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен 30 күнтізбелік күн мерзімінде бекітіледі.

30. Аттестаттау комиссиясының бекітілген шешімдері аттестатталушы тұлғалардың аттестаттау парақтарында жазылады.

Аттестаттаудан өткен аттестатталушы тұлғаның аттестаттау парағы және оған берілген қызметтік мінездеме аттестаттау ісінде сақталады.

 

^ 4. Аттестаттау комиссиясының шешімдеріне шағымдану

 

31. Аттестаттауды өткізу (тестілеу, әңгімелесу) кезінде туындаған дауларды сот тәртібімен қарайды.

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 қарашадағы

660 бұйрығымен бекітілген

Денсаулық сақтау саласында

атестаттауды өткізу ережесіне

қосымша

 

^ Аттестаттау парағы

 

Аттестатталушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _________________

_________________________________________________________________

Туған күні ______________________________________________________

Білімі туралы мәліметтер ________________________________________

_________________________________________________________________

Біліктілігін арттыру туралы мәліметтер (соңғы 3 жылдағы) ________

_________________________________________________________________

Лауазымы және тағайындалған (осы лауазымға бекітілген) күні

_________________________________________________________________

Жалпы еңбек стажы _______________________________________________

Осы лауазымдағы жұмыс стажы _____________________________________

Біліктілік санатын беру туралы немесе онсыз маман сертификатының болуы ______________________

Тестілеу нәтижелері __________%

Отырысқа аттестаттау комиссиясының ___________ мүшелері қатысты

Дауыстар саны:

________ «иә» деп дауыс берді

________ «қарсы» деп дауыс берді

________ «дауыс беруден қалыс қалғандар»

Аттестаттау комиссиясының шешімі

_________________________________________________________________

Аттестаттау комиссиясының төрағасы ______________________________

Аттестаттау комиссиясының хатшысы _______________________________

Аттестаттау комиссиясының мүшелері: _____________________________

_____________________________

_____________________________

Аттестаттау өткізілген күн 200__ жылғы «__»______________________ аттестаттау парағымен таныстым ___________________________________

(аттестатталушы тұлғаның қолы және күні)

М.О.

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының

2009 жылғы 6 қарашадағы

660 бұйрығына

2-қосымша

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір күші

жойылған бұйрықтардың тізімі

 

1) «Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2006 жылғы 29 желтоқсанындағы № 658 бұйрығы (№ 4525 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2009 жылғы ақпанында № 2, 235 б. жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2006 жылғы 29 желтоқсанындағы № 658 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2007 жылғы 19 маусымдағы № 372 бұйрығы (№ 4801 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 жылғы тамызында № 8, 274 б. жарияланған);

3) «Фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын мамандарды мерзімдік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2006 жылғы 29 желтоқсанындағы № 658 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 229 бұйрығы (№ 5209 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2008 жылғы 28 мамырдағы № 79 (1479) «Заң газетасы» газетасында жарияланған);

4) «Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушы адамдарды тестілеуді өткізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 2007 жылғы 1 маусымдағы № 336 бұйрығы (№ 4695 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, 2007 жылғы 20 маусымдағы № 92 (1295) «Заң газеті» газетасында жарияланған).

 



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №745 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Биологиялық активті заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеу ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов