Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница1/11
Дата конвертации03.02.2013
Размер1.27 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 18.01.2010 19:35:47


Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы № 747 Бұйрығы

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 68-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бісмілдин Ф.Б.) осы бұйрықты оның мемлекеттік тіркелуінен кейін заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасының «Дәрілік заттарды дайындау ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 142 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 12 қаңтарда № 3359 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр 

^ Ж. Досқалиев

                                    

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2009 жылғы 19 қарашадағы

747 бұйрығымен бекітілген

 

^ Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды  дайындау ережесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесі (бұдан әрі - Ережелер) дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау тәртібінің талаптарын белгілейді.

2. Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауды дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындауға тиісті лицензиясы бар дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілер жүзеге асырады.

3. Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тиісті өндірістік практика жағдайларында өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік заттардың негізінде дайындалады.

4. Дәрілік препараттарды дайындау – дәріханаларда дәрілік нысандарды дайындаумен, сондай-ақ дәрілік субстанцияларды сатып алумен, дайындалған дәрілік препараттарды сақтаумен, сапасын бақылаумен, ресімдеумен және өткізумен байланысты фармацевтикалық қызмет.

5. Дәрілік препараттарды дайындау:

1) дәрігерлердің рецептілері бойынша;

2) медициналық ұйымдардың талаптары бойынша;

3) дәріханаішілік дайындамалар түрінде;

4) дәрілік заттарды және дәрілік өсімдік шикізатын бөлшектеп салумен жүзеге асырылады.

6. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізгі принциптері:

1) рецептілердің дұрыс жазылуын, жазылған дозалардың науқастың жасына сәйкестігін, дәрілік препараттардың құрамына кіретін ингредиенттердің үйлесімділігін бақылау;

2) дәрілік препараттарды дайындау технологиясын сақтау;

3) дәрілік препаратты тиісінше таңбалау және орау;

4) пациентке дәрілік препарат туралы қарапайым түсінікпен обективті ақпарат беру және олардың қолданылуы мен сақталуы туралы кеңес беру арқылы дәрілік препараттың тиісінше босатылуын қамтамасыз ету;

7. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындаудың негізгі принциптері:

1) медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау жөніндегі техникалық құжаттың талаптарын сақтау;

2) дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасына бақылау жүргізу;

3) дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдарды тиісті таңбалау және орау;

4) пациенттерге дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдарды қолдану және сақтау туралы ақпараттық және кеңестік көмек көрсету.

8. Дәріхана және медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың дүкені жағдайында дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау технологиясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының (бұдан әрі – ҚР МФ) жалпы статьяларының, жекелеген фармакопеялық статьялардың, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген шет елдік фармакопеялардың, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, медициналық техникасы айналымы саласындағы мемлекеттік органмен бекітілген методикалық нұсқаулықтардың, нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Дәрілік препараттарды дайындау кезінде осы Ережеге 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес дәріханаларда дәрілік препараттарды (оның ішінде гомеопатикалық дәрілерді) дайындау кезіндегі ықтимал ауытқулар нормалары, дәріханада өнеркәсіптік өнімді буып-түйген кезде ықтимал ауытқу нормалары, қышқылдық-негіздік баланс шамасын өлшеген кездегі ықтимал кінәраттық ауытқуларға жол беріледі.

10. Дайындалған дәрілік препараттар олардың қасиеттеріне сәйкес сапасы мен қауіпсіздігі сақталуын қамтамасыз ететін жағдайларда сақталады.

Дәріханада дайындалған дәрілік препараттарды зарасыздандыру шарттары, сақтау жағдайлары және жарамдылық мерзімдері осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес белгіленген.

11. Медициналық ұйымдарға дәрілік препараттар дәріханадан тек уәкілетті медициналық қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатпен беріледі.

12. Құрамында дәрілік препараттар дайындауға құқылы дәріханасы жоқ медициналық ұйымдарында дәрілік препараттарды дайындауға және (немесе) бөлшектеп салуға, дәрілік препараттарды бір орамадан екіншісіне салуға, этикеткасын ауыстыруға тиым салынады.

 

 

^ 2. Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындаудың талаптары

 

13. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мына жағдайларды ескере отырып дайындалады:

1) бұйымдарды дайындаушының берген нұсқаулығы мен ақпаратына сәйкес оларды мақсатына сай қолданған кезде (эксплуатациялағанда) олар қауіпсіздікті қамтамсыз етуі керек және пациенттердің, қолданушылардың және басқалардың денсаулық жағдайын тәуекелдеуге жол бермеуі қажет;

2) оларды сақтағанда және тасымалдағанда сипаттамаларын жоғалтпауы қажет;

3) пациенттерге инфекция жұқтыру тәуекелін, сондай-ақ бұйымдардың өзара контаминациялануын мүлдем болдырмауы немесе максималды түрде азайтуы керек.

14. Дайындалған медициналық мақсаттағы бұйымдар олардың техникалық жағдайларына сәйкес техникалық және функционалдық сипаттамаларын қамтамасыз етуі тиіс. Мұнда мыналарға ерекше назар аудару керек:

1) қолданылатын материалдарды таңдауға, әсіресе олардың токсинділігіне және қажет болғанда тұтанғыштығына;

2) қолданылатын материалдардың бұйымның қолданылу мақсатын ескере отырып ағзаның биологиялық ұлпаларымен, жасушаларымен және физиологиялық сұйықтарымен үйлесімділігіне;

3) қолданылатын материалдарды қажет болғанда олардың қаттылығын, тозуын және беріктігін ескере отырып таңдауға;

4) оларды қалыпты қолданғанда, сонымен бірге медициналық ем-шаралар кезінде осы бұйымдар әрекетке түсетін материалдармен, заттармен және газдармен қолданғанда қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне;

5) медициналық мақсаттағы бұйымдардан олардың құрамына енетін дәрілік заттардың ағуы (бөлінуі) мүмкін болғанда тәуекелді минималды түрде азайтуға;

6) оларды функционалды белгіленуіне және эксплуатациялық құжаттарының талаптарына сәйкес пайдаланғанда пациенттердің, қолданушылардың және басқалардың денсаулық жағдайы мен қауіпсіздігін нашарлатуға әкеліп соқтырмауына.

15. Медициналық мақсаттағы бұйымдардың техникалық сипаттамасы мен функционалдық қасиеттері медициналық мақсаттағы бұйымның дайындаушының көрсеткен қызмет ету мерзімі кезінде сыртқы факторлардың әсерлерінің әрекеттерінен нашарламауы тиіс және бұйымдарды қалыпты жағдайда дайындаушының қолдану туралы нұсқаулығына сәйкес шартпен қолданғанда пациенттердің, қолданушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатер төндірмеуі тиіс.

16. Егер медициналық мақсаттағы бұйымдар дәрілік заттарды енгізуге арналған болса осы дәрілік заттармен медициналық мақсаттағы бұйымның функционалдық қасиеттерін осы дәрілік заттардың мақсатты, қолдану шарты мен сақталуын ескере отырып үйлесімді болуы керек.

17. Медициналық оптиканы дәйекті пациентке берілген рецептке сәйкес оптикалық линзаларды өңдеуге арналған арнайы станоктарда жүргізеді.

18. Дайындалған көзілдіріктердің дәлдігі міндетті түрде арнайы қондырғыда (диоптриметр) алушының қатысуында рецептіде берілгенге сәйкестігіне тексеріледі.

 

 

3. Зарарсыздандырылған дәрілік препараттарды дайындаудың талаптары

 

19. Асептикалық жағдайда дайындалатын дәрілік препараттар:

1) жаңа туылған сәбилерге арналған дәрілік препараттар;

2) инъекция мен инфузияға арналған ерітінділер;

3) дене қуыстарына енгізуге арналған құрамында микроорганизмдері болмайтын ирригациялық ерітінділер;

4) жаңа туылған сәбилер мен бір жасқа дейінгі балаларға арналған сұйық дәрілік препараттар;

5) жараларға және күйген қабаттарға жағуға арналған құрамында антибиотиктері және басқа да микробтарға қарсы заттары бар сұйықтар түріндегі препараттар;

6) көзге арналған тамшылар, суландыруға және қоюға арналған офтальмалогиялық ерітінділер;

7) концентрлі ерітінділер (соның ішінде гомеопатикалық сұйылтулар);

8) дәріханаішілік дайындамалар түріндегі сұйық дәрілік препараттар.

20. Мыналарға үзілді-кесілді тиым салынады:

1) стерильді дәрілік заттарды дайындауға оның құрамына кіретін дәрілік заттардың химиялық үйлесімділігі, стерильдеу технологиясы мен режимі туралы мәліметтер, сондай-ақ толық химиялық бақылау әдістемесі болмаған жағдайда;

2) бір жұмыс орнында бір мезгілде құрамында түрлі атаудағы немесе бір аталудағы, бірақ түрлі концентрациялардағы дәрілік заттар бар бірнеше стерильді ерітінділерді дайындауға тыйым салынады.

21. Инъекция мен инфузияға арналған ерітінділерді дайындаудағы жекелеген сатыларын бақылау нәтижелері осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес ұсынылған үлгі бойынша инъекция мен инфузияға арналған ерітінділерді дайындаудың жекелеген сатыларын бақылау нәтижелерін тіркеу журналына тіркеледі. Журнал нөмірленеді, тігіледі және дәріхана басшысының қолы қойылып, дәріхана мөрімен расталады.

22. Стерильді дәрілік ерітінділерде механикалық қоспалардың болмауын бақылау стерильдеуге дейін және одан кейін жүргізілуі тиіс.

Сауыттардағы (бөтелкелердегі) ерітінділер көлемін және олардың тығыз жабылу сапасын тексеру қажет (қолмен тексергенде «қаусырылған» металл қалпақша айналмауға, ерітінді сауытты (бөтелкені) төңкергенде төгілмеуге тиіс).

23. Ерітіндісі бар бөтелкелер мен сауыттар тығындалғаннан кейін тығын төбесінде жазылуы, мөртаңба соғылуы немесе металл жетондар қолдану арқылы атауы мен концентрациясы көрсетіле отырып таңбаланады.

24. Дайындаудың басынан бастап, үш сағаттан кем емес уақыттың ішінде ерітінділерді стерильдеу маманның (фармацевтің немесе провизордың) бақылауымен сәйкес жүргізіледі.

Ерітінділерді қайталап стерильдеуге тыйым салынады.

Стерильдеу өлшемдері бастапқы дәрілік заттарды, дайындалған дәрілік препараттарды, қосалқы материалдарды, ыдыстарды стерилдеу режимі журналында (осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес) тіркеледі. Журнал нөмірленеді, тігіледі және дәріхана басшысының қолы қойылып, дәріхана мөрімен расталады.

25. Дәріханада дайындалатын концентраттардың, жартылай фабрикаттардың, дәрілік заттардың номенклатурасын бақылау-талдау қызметін көрсету туралы шарт жасасқан дәрілік заттарды сертификаттау жөніндегі орган немесе аккредиттелген сынақ зертханасы бекітеді. Осы тізбеге құрамында үйлесімді дәрілік заттар бар, толық химиялық бақылауға арналған талдау әдістемесіне ие және жарамдылық мерзімдері белгіленген дәрілік түрлер енгізіледі.

 

 

Дәрілік препараттар мен

медициналық мақсаттағы

бұйымдарды дайындау

ережесіне 1-қосымша

 

^ Дәріханаларда дәрілік препараттарды (оның ішінде гомеопатикалық дәрілерді) дайындау кезіндегі ықтимал ауытқулар нормалары

 

1. Ұнтақтарды буып-түйгенде, оның ішінде ұнтақ мөлшерлегіштермен буып-түйгенде жекелеген мөлшерлер салмағындағы және гомеопатикалық тритурациялардың жалпы салмағындағы жол берілетін ауытқулар бір ұнтақтың жазылып берілетін мөлшері үшін төмендегідей анықталады:

 

Жазылып берілген салмақ, г.

Ауытқулар, %

1

2

0,1-ге дейін

±15

0,1-ден 0,3-ке дейін

±10

0,3 - ден 1-ге дейін

±5

1-ден 10-ға дейін

±3

10-нан 100-ге дейін

±3

100-ден 250-ге дейін

±2

250-ден жоғары

±0,3

 

2. Гомеопатикалық ұнтақтардың (оның ішінде буып-түю кезіндегі) жалпы салмағындағы ықтимал ауытқулар, бір орам үшін:

 

Жазылып берілген салмақ, г.

Ауытқулар, %

1

2

1-ге дейін

1-ден жоғары 100-ге дейін

± 5

± 3

 

3. Суппозиторийлер мен пилюльдердің жеке мөлшерлері салмағындаықтимал ауытқулар:

1) Таразыға тарту арқылы 10-нан кем емес суппозиторийлер немесе пилюльдердің орташа салмағын (0,01 г-ға дейінгі дәлдікпен) анықтайды.

2) Суппозиторийлер мен пилюльдердің өз салмағы жағынан орташа салмақтан ауытқуларын ең төменгі 5 данадан іріктеп алып, әрбір суппозиторий мен пилюльдерді жеке өлшеу арқылы анықтайды.

3) Орташа салмақтан ықтимал ауытқу: суппозиторийлер үшін ± 5%; салмағы 0,3 г-ға дейінгі пилюльдер үшін ± 10%; салмағы 0,3 г-нан жоғары пилюльдер үшін ± 5% аспауға тиіс.

4. Ұнтақтардағы пилюльдердегі және суппозиторийлердегі жекелеген дәрілік заттардың (илеп дөңгелету немесе құю тәсілімен дайындағанда) жазылып берілген мөлшерлер салмағындағы ықтимал ауытқулар сол дәрілік заттарға кіретін әрбір заттың мөлшеріне төмендегідей анықталады:

 

Жазылып берілген салмақ, г.

Ауытқулар, %

1

2

0,02-ге дейін

0,02-ден жоғары 0,05-ке дейін 0,05-тен жоғары 0,2-ге дейін

0,2-ден жоғары 0,3-ке дейін 0,3-тен жоғары 0,5-ке дейін 0,5-тен жоғары 1-ге дейін

1-ден жоғары 2-ге дейін

2-ден жоғары 5-ке дейін

5-тен жоғары 10-ға дейін

10-нан жоғары

± 20

± 15

± 10

± 8

± 6

± 5

± 4

± 3

± 2

± 1

5. Салмақ-көлем тәсілімен дайындағанда сұйық дәрілік заттардың жалпы көлеміндегі ықтимал ауытқулар төменде берілген, сондай-ақ 7,9 тармақтардағы ауытқулар концентраттарды, сұйық заттарды пайдалана отырып дайындайтын кездегі сұйық дәрілік заттар үшін қарастырылғанын назарда ұстау керек.

 

Жазылып берілген көлем, мл.

Ауытқулар, %

1

2

10-ға дейін

10-нан жоғары 20-ға дейін

20-дан жоғары 50-ге дейін

50-ден жоғары 150-ге дейін 150-ден жоғары 200-ге дейін

200-ден жоғары

± 10

± 8

± 4

± 3

± 2

± 1

 

6. Дәріханаішілік дайындама түрінде дайындалатын инъекцияға арналған ерітінділерді буып-түю кезіндегі ықтимал ауытқулар:     

 

Жазылып берілген көлем, мл.

Ауытқулар, %

1

2

50-ге дейін

50-ден жоғары

± 10

± 5

Сұйықты өлшеген кезде (және бөлшектеп өлшегенде) құйылып ағылуынан кейін тамшылап ағуы байқалады: жабыспайтын сұйықтыққа - бір минут ішінде, жабысатын үшін - үш минут ішінде.

7. Салмақ-көлем тәсілімен дайындағанда сұйық дәрілік заттардағы жекелеген дәрілік заттар құрамын айқындау кезінде ықтимал ауытқулар:

 

Жазылып берілген салмақ,г.

Ауытқулар, %

1

2

0,02-ге дейін

0,02-ден жоғары 0,1-ге дейін 0,1-ден жоғары 0,2-ге дейін 0,2-ден жоғары 0,5-ке дейін 0,5-тен жоғары 0,8-ге дейін 0,8-ден жоғары 1-ге дейін

1-ден жоғары 2-ге дейін

2-ден жоғары 5-ке дейін

5-тен жоғары

± 20

± 15

± 10

± 8

± 7

± 6

± 5

± 4

± 3

 

8. Салмақ бойынша тәсілмен дайындағанда сұйық дәрілік заттар салмағындағы ықтимал ауытқулар:   

 

Жазылып берілген салмақ, г.

Ауытқулар, %

1

2

10-ға дейін

10-нан жоғары 20-ға дейін

20-дан жоғары 50-ге дейін

50-ден жоғары 150-ге дейін 150-ден жоғары 200-ге дейін

200-ден жоғары

± 10

± 8

± 5

± 3

± 2

± 1

 

9. Салмақ бойынша дайындағанда сұйық дәрілік заттардағы және жақпа майлардағы құрамына енетін жекелеген дәрілік заттар салмағындағы ықтимал ауытқулар:   

 

Жазылып берілген салмақ,г.

Ауытқулар, %

1

2

0,1-ге дейін

0,1-ден жоғары 0,2-ге дейін 0,2-ден жоғары 0,3-ке дейін 0,3-тен жоғары 0,5-ке дейін 0,5-тен жоғары 0,8-ге дейін 0,8-ден жоғары 1-ге дейін

1-ден жоғары 2-ге дейін

2-ден жоғары 10-ға дейін

10-нан жоғары

± 20

± 15

± 12

± 10

± 8

± 7

± 6

± 5

± 3

 

Салмақ немесе салмақ-көлем тәсілі бойынша дайындағанда сұйық дәрілік заттардағы, сондай-ақ жақпа майлардағы жекелеген дәрілік түрлер құрамын анықтаған кезде ықтимал ауытқулар пайыз түріндегі концентрациясына емес,сол дәрілік затқа енетін заттың жазылып берілген салмағына анықталады (7, 9-тармақтар).

10 мл 2% поликарпин гидрохлориді ерітіндісін дайындағанда ±10% ауытқуға жол берілетін 2 г өлшенген салмақты алады. Талдау кезінде 0,18 г кем емес және 0,22 г жоғары емес поликарпин гидрохлориді алынғанын анықтау жеткілікті болады.

10. Жақпа майлардың жалпы салмағындағы ықтимал ауытқулар:

 

Жазылып берілген салмақ, г.

Ауытқулар, %

1

2

5-ке дейін

5-тен жоғары 10-ға дейін

10-нан жоғары 20-ға дейін

20-дан жоғары 30-ға дейін

30-дан жоғары 50-ге дейін

50-ден жоғары 100-ге дейін 100-ден жоғары

± 15

± 10

± 8

± 7

± 5

± 3

± 2

 

11. Концентраттар құрамында дәрілік заттар болғанда ықтимал ауытқулар:

20% дейін болғанда белгіленген пайыздан ± 2% жоғары емес; 20% жоғары болғанда белгіленген пайыздан ± 1% жоғары емес.

Бұл тармақта концентраттарда оларды салмақтық-көлемдік тәсілмен, сонымен қатар салмағы бойынша тәсілмен де дайындағанда концентрациядан жол берілетін (пайыз бойынша) ауытқулар көрсетілген.

12. Гомеопатикалық тритурацияларда, сұйық дәрілік заттар ерітінділері мен қоспаларындағы жол берілетін ауытқулар:

1) дәрілік зат құрамы 10% болғанда (бастапқы ондық қоспа - Д 1) белгіленген пайыздан ±5% жоғары емес;

2) дәрілік зат құрамы 1% болғанда (екінші ондық қоспа - Д 2) белгіленген пайыздан ± 5% жоғары емес;

3) дәрілік зат құрамы 0,1% болғанда (үшінші ондық қоспа - Д 3) белгіленген пайыздан ± 10% жоғары емес;

Бұл тармақта концентраттар мен жартылай фабрикаттар түрінде дайындағанда гомеопатикалық тритурацияларда, сұйық дәрілік заттар ерітінділері мен қоспаларда концентрациясынан (пайыз түрінде) ықтимал ауытқулар көрсетілген.

Дәріханаішілік дайындама сериялары түрінде дайындалып, тексерілетін дәрілік түрлердегі ықтимал ауытқуларды анықтағанда, 2-қосымшаның 1-10-тармақтарында және 4-қосымшада, сондай-ақ дәріханада әртүрлі дәрілік заттарды дайындау мен сапасын бақылауды реттейтін нормативтік құжаттарда келтірілген ауытқу нормаларын қолдану керек.

Дәріханаішілік дайындама сериялары түрінде дәрілік заттар дайындағанда құрамына енетін жекелеген заттар салмағындағы жол берілетін ауытқулар осы сериядағы талап етілетін көлемді (немесе салмақты) дайындау үшін алынып (бір сыйымдылықтағы препараттың бір жүктемесі), құрамға енгізілген әрбір заттың салмағына айқындалады.

2 л 0,9% натрий хлориді ерітіндісін дайындағанда ±3% ауытқуға ықтимал 18 г құрамға кіретін затты алады. Химиялық бақылау кезінде 17,46 г кем емес және 18,54 г жоғары емес натрий хлориді алынғанын анықтау жеткілікті болады.

Дәріханаішілік дайындама түрінде дайындалған және тексеру үшін дәріханадан алынған дәрілік заттар енетін жекелеген заттардың салмағындағы ықтимал ауытқулар жоғарыда көрсетілгендей анықталады (2-тармақ және 3-тармақ).

Тексеруге «0,9% натрий хлориді ерітіндісі - 200 мл» жазба бойынша дәрілік зат алынған.

Химиялық бақылау кезінде ерітінді құрамында 1,71 г-нан кем емес және 1,89 г-нан көп емес натрий хлориді бар екенін анықтау жеткілікті болады (±5% ауытқу).

13. Гомеопатикалық дәріханада дербес жазба бойынша дайындалатын дәрілік заттарды тексергенде 1-4, 8-10 тармақтарда келтірілеген ауытқу нормаларын қолдану керек.

 

 

Дәрілік препараттар мен

медициналық мақсаттағы

бұйымдарды дайындау

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №670 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасында қолдануға тыйым салынған бояғыштар мен қосалқы заттардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов