Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» icon

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»



НазваниеҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
страница2/6
Дата конвертации03.02.2013
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6
5-қосымшаға сәйкес).

Төмен температура әсерінен қорғауды талап ететін жекелеген дәрілік заттардың ерекшелігі:

1) 40 процент формальдегид (формалин) ерітіндісін +90С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған ретте ерітіндіні бөлме температурасында ұстайды, бұдан кейін ерітіндіні еппен құйып алып іс жүзіндегі формальдегидке сәйкес пайдаланады.

2) Мұзды сірке суы қышқылын +90С-ден төмен емес температурада сақтау керек. Тұнба пайда болған жағдайда қышқылды бөлме температурасында тұнба ерігенге дейін ұстайды. Егер тұнба ерімеген жағдайда қышқылдың сұйық бөлігін құйып алып, препараттағы іс жүзіндегі сірке суы қышқылына сәйкес пайдаланады.

3) Медициналық майлы майларды +100С-дан төмен емес температурада сақтау талап етіледі. Тұнба пайда болған жағдайда оларды бөлме температурасында ұстайды, олардың нормативтік құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келуін реттеп тексереді.

24. Қоршаған ортадағы газдар әсерінен өзгеретін дәрілік заттар топтарына мыналар жатады:

1) ауадағы оттегімен әсерленгіш заттар:

шектеусіз сутегі аралық байланыстары бар алифаттық қатардағы, шектеусіз сутегі аралық байланыстары бар жанама алифаттық топтардағы циклдық заттар, фенольдық, полифенольдық, морфин және оның ауыстырылмаған гидроксильді топтары бар туынды заттар, құрамында шайыры бар гетерогенді және гетероциклдық қосындылар, ферменттер мен органикалық препараттар;

2) ауаның көмірқышқыл газымен әсерленгіш заттар осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес.

Газдардың әсерінен қорғауды талап ететін дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің газ өтпейтін материалдар мен герметикалық тығындалған, мүмкіндігінше лық толтырылған ыдыста сақтау керек және:

1) ауадағы оттегімен жеңіл қышқылданатын дәрілік субстанциялардың және дәрілік заттардың балк-өнімдерінің құрғақ үй-жайда герметикалық тығындалған, парафин құйылған шыны ыдыста сақтау керек;

2) барбитуралы қышқылдардың натрий тұздарын, дәрілік субстанцияларды және дәрілік заттардың балк-өнімдерін сақтауға жағдай жасауға ерекше назар аудару қажет, оларды герметикалық тығындалған, парафин құйылған судың атмосфералық булары мен көмір қышқылы газын өткізбейтін материалдары бар ыдыста сақтау керек.

25. Иісі бар дәрілік заттар тобын ұшатын препараттар сияқты іс жүзінде ұшпайтын, күшті иісі бар заттар мен препараттар құрайды (осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес).

Иісі бар дәрілік заттардың дәрілік субстанциялары мен олардан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандарды герметикалық жабылған, иіс өткізбейтін ыдыста атаулары бойынша бөлек сақтау керек.

26. Бояйтын дәрілік заттар тобына әдеттегі санитарлық-гигиеналық өңдеу мен жуылмайтын ыдыста, тығын құралдарында, жабдықтар мен басқа да заттарда боялған із қалдыратын заттар, олардың ерітінділері, қоспалары, препараттары және тағы басқасы жатады (осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес).

Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларын тығыз тығындалған ыдыста арнайы шкафта атаулары бойынша бөлек сақтау қажет. Әрбір атауға арналған бояйтын заттармен жұмыс істеу үшін арнайы весочкалар, ступкалар, басқа да керек-жарақтар бөлінуі керек. Бояйтын заттардың дәрілік субстанцияларынан дәріханаларда дайындалған дәрілік нысандар тығыз тығындалған ыдыста бөлек сөреде сақталуы тиіс.

27. Дәрілік өсімдік шикізатын құрғақ, ауасы таза үй-жайда жақсы жабылған ыдыста: дәріханаларда - шыны, металл ыдыстарда, қақпағы бар жәшіктерде, қоймаларда - түктерде немесе жабылған жәшіктерде, стеллаждарда сақтау қажет.

Кесілген шикізат талшықты қаптарда, ұнтақтар - қосақталған қаптарда (ішкісі - қағаз, көп қабатты, сыртқысы - талшықты қаптарда) сақтайды.

Кептірілген жемістерді сақтау кезінде оларды қойма кеміргіштерінен сақтау үшін жемістері бар жәшікті хлороформды сауыттармен араластырады, хлороформ буларының ұшып кетуі үшін олардың тығындарына түтікшелер енгізіледі. Хлороформды олардың ұшып кетуіне қарай қосады.

Өсімдік қосындыларын дәрілік заттарды сақтаудың жалпы ережелерін қолдана отырып сақтайды.

Құрамында эфир майлары бар дәрілік өсімдік шикізатын жақсы тығындалған ыдыста оқшау сақтайды. Андыз түбірлерін, кориандр мен арша жемістерін, арник пен жөке гүлдерін хлороформмен қабаттастырып, осы топтағы қалған шикізатты хлороформсыз сақтайды (осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес).

Гигроскопикалық қасиеттері бар шөптерді, жапырақтарды, жемістер мен түбірлерді герметикалық тығындалған және қажет болған жағдайда парафин құйылған (жалбыз жапырақтары, бүйрек шайы, тікенек түбірі) шыны немесе металл ыдыста сақтайды.

Құрамында есірткілік құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар немесе улы заттар бар дәрілік өсімдік шикізаты мен құрамында жүрек гликозидтері бар дәрілік өсімдік шикізаты (осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес) жеке үй-жайда немесе құлып салынған бөлек шкафта сақтайды.

Бөлшектеп жиналған дәрілік өсімдік шикізатын дәрілік өсімдік шикізатының сақтау ерекшеліктері мен орамда және тұтынушыларға арналған дәрілік затты қолдану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген сақтау шарттары сақтала отырып, сақтайды.

Дәрілік өсімдік шикізатын нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес дүркін-дүркін бақылап отыру қажет. Сол кезде:

1) қалыпты бояуын, иісін және талап етілетін ықпал жасайтын заттарын жоғалтқан, сондай-ақ көгерген шөптерді, түбірлерді, түбіршектерді, ұрықтарды, тұқымдарды жарамсыз деп есептейді және өртеу арқылы жоюға жатады;

2) жүрек гликозидтары бар дәрілік өсімдік шикізатының биологиялық белсенділігін міндетті түрде ұдайы қайта бақылауға жатады;

3) қойма кеміргіштері болған жағдайда зақымдану дәрежесіне байланысты шикізатты жарамсыздандырады немесе қайта өңдейді және сапасы бекітілген нормативтік құжатқа сәйкес болған жағдайда пайдалануға жатады.

 

 

^ 3. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техникасын сақтаудың тәртібі

 

28. Медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника физикалық және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты мынадай топтарға бөлінеді:

1) резина бұйымдары;

2) пластмассадан жасалған бұйымдар;

3) таңу, тігу құралдары мен қосалқы материалдар;

4) көру линзалары мен көзге салынатын және оны түзейтін линзалар;

5) медициналық аспаптар, құрал-саймандар, қондырғылар, аппаратура.

29. Резеңке бұйымдарын сақтау үй-жайлары күнгей бетте емес қараңғы немесе қараңғыланған жартылай жертөлелі үй-жайларда орналастырылуы қажет. Резеңке бұйымдардың сапасын сақтау үшін мына шарттарды:

1) кебуден, өзгеруден және түрін өзгертуден сақтау үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы кемінде 65 процент болуын;

2) құрғақ үй-жайларда жоғары ылғалдылықты (60-65 процент) ұстау үшін 2 процент карболл қышқылы су ерітіндісі бар сауыттар қою және еденді дүркін-дүркін сумен дымқылдандырып отыруды;

3) жылыту аспаптарынан кемінде 1 метр алшақ сақтау шарттарын орындауды;

4) мынадай химиялық заттардың: йодтың, хлороформның, хлорлы аммонийдің, лизолдың, формалиннің, қышқылдардың, органикалық ерітінділердің, майлайтын майлардың, сілтілердің, дезинфекциялайтын құралдардың, нафталиннің әсерінен оқшаулауды;

5) жарықтан, әсіресе тіке күн сәулелерінен қорғауды;

6) ауаның жоғары (+200С-дан астам) және төменгі (00-ден төмен) температурадан қорғауды;

7) ауа ағынынан (өтпе желден, механикалық вентиляциядан) қорғауды;

8) механикалық бүлінуден (соның ішінде жаншылудан, иілуден, оралудан, созылудан және тағы басқадан қорғауды талап етеді.

Сақтайтын үй-жайларда, шкафтарда, стеллаждарда, сөрелерде резеңкенің түрін сақтауға жәрдемдесетін аммоний көмір қышқылы бар шыны сауыттар қою ұсынылады.

Резеңке бұйымдарын сақтайтын үй-жайлары еркін қол жеткізілуі ескерілген шкафтармен, жәшіктермен, сөрелермен, стеллаждармен, блоктармен, іліп қоюға арналған тұғырықтармен және басқа қажетті жабдықтармен жабдықталады.

Резеңке бұйымдарын сақтауға арналған шкафтардың тығыз жабылатын есіктері болуы қажет ал ішкі жақ беті өте тегіс болуға тиіс. Шкафтардың ішкі құрылымы оларда сақталатын резеңке бұйымдарының түрлеріне байланысты мына мақсаттарға:

1) резеңке бұйымдарын жатпалы қалыпта (буждар, катетерлер, мұз түйіршіктері, қолғаптар және сол сияқтылар) сақтауға арналған шкафтар оларда заттарды бүкіл ұзына бойы, еркін, иілмейтіндей, оралмайтындай және тағы солай орналастыруға болатын жылжымалы жәшіктермен жабдықталады;

2) бұйымдарды ілінген қалыпта (бұраулар, зонттар, су түтіктері) сақтайтын жәшіктер шкаф қақпағының астында орналасқан ілгіштермен жабдықалады. Ілгіштер оған ілінген заттармен бірге алынатындай болуы керек.

30. Сақтаудың ерекше шарттарын талап ететін резеңке бұйымдарының кейбір түрлерін сақтауға ерекше көңіл бөлу керек. Бұл талаптар:

1) төсегіштерді, жылытқыш грелкаларды, мұзды қабықтарды сәл үрлеп сақтау ұсынылады, резеңке түтікшелері соңғы жағына енгізілген тығындармен бірге сақталады;

2) резеңке түтіктер ұшына кіргізілген тығындарымен бірге сақталады;

3) аспаптардың алынатын резина бөліктері басқа материалдан жасалған бөліктерден бөлек сақталуы қажет;

4) атмосфералық факторларды ерекше сезінгіш бұйымдарды (созылғыш катетерлер, буждар, қолғаптар, саусаққа кигіштер, резеңке бинттер) тығыз жабылған қораптарда сақтайды. Резеңке бинттері бүкіл ұзындығы бойынша тальк себілген шиыршықталған күйде сақталады;

5) резеңкелендірілген матаны (бір жақты және екі жақты) арнаулы тұғырларға ілінген рулондарда көлбеу күйде сақтайды. Резеңкелендірілген матаны стеллаждардың тегіс сөрелерінде бес қатардан асырмай жатқызылған күйде сақтауға болады;

6) резеңке тығындар нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес оралған күйде сақталады;

7) созылғыш лак бұйымдарын (катетерлерді, буждарды, зонттарды) резеңкеге қарағанда құрғақ үй-жайда сақтайды. Ескіру белгісі бірсыпыра жұмсаруы, үстіңгі желімінің ашылуы болып табылады. Мұндай бұйымдар жарамсыз деп танылады.

31. Сақтау үй-жайларында зауыт орамындағы резеңке бұйымдарды сақтауға болады. Зауыт орамы бұзылған кезде резеңке бұйымдар арнайы жабдықталған материал шкафтарда, жәшіктерде, сөрелерде, стеллаждарда сақталады.

Сақтайтын үй-жайларда резеңке бұйымдарын орналастырған жағдайда оның бүкіл көлемін толық пайдалану қажет. Бұл ауадағы басы артық оттегінің зиянды әсерінен сақтайды. Алайда резеңке бұйымдарын (тығындардан басқа) бірнеше қабатпен салуға болмайды, өйткені төменгі қабаттардағы заттар жаншылады және жайылып кетеді.

Резеңке бұйымдарын дүркін-дүркін қарап тұру қажет. Оралымдылығын жоғалта бастаған заттар техникалық шарттар талаптарына сәйкес дер кезінде қалпына келтірілуі тиіс.

32. Полимерден жасалған бұйымдарды ауасы тазаланып қараңғы, салқын үй-жайда бөлме температурасында, жылыту жүйелерінен кемінде бір метр алшақтықта сақтау қажет. Yй-жайда ашық жанатын от, ұшпа заттардың булары болмауы қажет. Электр аспаптары мен ажыратқыштар ұшқынға қарсы (өртке қарсы) түрде дайындалуы қажет. Целлофан, целлулоид, амин қабатты бұйымдарды және басқа бұйымдар сақталатын үй-жайда ауаның 65 проценттен аспайтын салыстырмалы ылғалдылығын сақтау керек.

33. Таңу құралдарын құрғақ желдетілетін үй-жайда іші ашық бояумен боялған шкафтарда, жәшіктерде, стеллаждарда және тұғырықтарда сақтайды, олар таза ұсталуы қажет. Таңу құралдары қойылған шкафтарды дүркін-дүркін 0,2 процент хлорамин ерітіндісімен немесе хлорлы әкпен сүртіп отырады.

Стерильденген таңу материалдары (бинттер, дәке салфеткалары, мақта) зауыттық орауда сақталады. Оларды зақымдалған бірінші ашылымдағы орауда сақтауға болмайды.

Стерильденбеген таңу материалдары (мақта, дәке) тығыз қағазға немесе түктерге (қаптарға) салып, стеллаждарда немесе тұғырықтарда сақтайды.

34. Қосалқы материалды (фильтрлейтін қағазды, қағаз капсулдарын және басқасын) өнеркәсіптік орауда құрғақ желдетілетін үй-жайларда, жеке шкафтарда гигиеналық қатаң тәртіпте сақтау қажет. Өнеркәсіптік орау ашылғаннан кейін (қағаз капсулдары және басқасы) бөлшектелген немесе қалған материалдарды полиэтилен, қағаз пакеттерде немесе крафт-қағаз қаптарда сақтау ұсынылады.

35. Қорапшадағы қыша қағаздарын құрғақ жайда пергаменттік қағазға немесе полиэтиленді қабыққа ораған күйде тығыздалып жабылған қорапта (ішік бетінен полимерлі қабық жапсырылған қағаз қораптарда) сақтау қажет.

36. Хирургиялық аспаптар мен басқа да металл бұйымдарын жылытылатын құрғақ үй-жайларда бөлме температурасында сақтау керек. Сақтау үй-жайларындағы температура мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы күрт ауытқымауы қажет. Салыстырмалы ауа ылғалдылығы 60 процентпен аспауға тиіс. Ылғалдылығы жоғары климат аймақтарында сақтау үй-жайындағы салыстырмалы ауа ылғалдылығы 70 проценттен аспауы керек. Бұл жағдайда медицина бұйымдарының сапасын бақылау айына кемінде бір рет жүргізілуі қажет.

Медициналық аспаптар атаулары бойынша жәшіктерде, шкафтарда, қақпақтары бар қораптарда оларда сақталған құралдардың атаулары көрсетіліп сақталуы керек.

Коррозияға қарсы майлаусыз алынған хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын нормативтік құжаттама талаптарына сәйкес вазелиннің жұқа қабатымен майлап қояды. Майланған құралдар жұқа парафин қағазына оралып сақталады.

Хирургиялық құралдарда оларды қарау, сүрту, майлау және тазалау кезінде коррозияның пайда болуына жол бермеу үшін оларды қорғалмаған және дымқыл қолмен ұстауға болмайды. Барлық жұмысшы құралды дәке салфеткасымен, пинцетпен ұстап жүргізу қажет.

Кесетін құралдарды (скальпельдер, пышақтар) тотығу мен өтпей қалуды болдырмау үшін жәшіктердің немесе пеналдардың арнаулы ұяларына салған күйде сақтайды.

Әсіресе ораусыз сақталатын құралдар механикалық бүлінулерден қорғалуы керек, ал өткір кесетін детальдар қағазға оралып іргелес заттардың жанасуынан қорғалуға тиіс.

Хирургия құралдары мен басқа да металл бұйымдарын суық жерден жылы жерге ауыстырғанда оларды сақтау үшін өңдеуді (сүрту, майлау) және орналастыруды құралдардың «тершігені» аяқталғаннан кейін жүргізу қажет.

Металл бұйымдарын сақтау құрғақ және жылытылатын үй-жайларда жүргізілуі қажет. Бұл жағдайда мыс (жез), нейзильберлі және қалайы заттарын майламаса да болады.

Боялған темір бұйымдарында тот басу пайда болған жағдайда олар алынып тасталады және бұйымға бояу қайта жағылады.

Күміс және нейзильберлі құралдардың үстіңгі жағы қарайған жағдайда резеңкемен, күкіртпен және күкірті бар қоспалармен бірге сақтауға болмайды.

Хирургиялық аспаптарды жаппай, сондай-ақ дәрі-дәрмектермен және резеңке бұйымдармен бірге сақтауға үзілді-кесілді тыйым салынады.

37. Медициналық сүліктерді сақтауға арналған үй-жайлар жарық болуы қажет және оларда дәрі-дәрмек иісі болмауы керек. Температураның күрт ауытқуына жол бермеуге тиіс, өйткені бұдан сүліктер өліп қалады.

Сүліктерді дәріханаларда 50-100 сүлікке арналған 3 литр суға есептелген мойны кең шыны сауыттарда ұстау қажет. Сүліктердің таралуына жол бермеу үшін сауытты тығыз бөз салфеткамен немесе қос қабатты дәкемен жабады және жіппен немесе резеңкемен буып тастайды.

38. Сүліктерді сақтауға арналған су таза болуы қажет, онда хлор, пероксид қосындылары, ауыр металдар тұздары, механикалық ластану болмауы қажет, бөлме температурасы сақталуға тиіс. Сауыттағы суды күн сайын ауыстырып отыру қажет, бұл үшін оны күн ілгері қолданудан екі тәулік бұрын дайындап қойған жөн. Суды ауыстырған жағдайда сауыт қабырғаларын іш жағынан шаяды, бұдан кейін ыдыстың мойнын дәкемен жабады және суды сол арқылы құйып алады. Сауытқа 1/3 банкі таза су құяды. Сүліктерді ұстаған кезде барынша тазалық сақтау талап етіледі, оларды иісі бар және улы заттармен қатар қоюға болмайды. Сүліктер ауырған жағдайда (енжарлық) суды күніне екі рет ауыстырады.

 

 

^ 4. Тұтанғыш қауіпті және жарылғыш қауіпті қасиеттері бар дәрілік заттарды сақтаудың тәртібі

 

39. Тұтанғыш қауіпті және жарылғыш қауіпті дәрілік заттарға жарылғыш, жеңіл тұтанғыш және жеңіл жанғыш дәрілік заттар мен араластырғанда, сүрткілегенде және жоғары температураның әсерінен тұтану және жарылыс тудыратын қосындылар түзетін дәрілік заттар жатады (осы Ережеге 10, 11-қосымшаға сәйкес).

40. Жеңіл тұтанғыш сұйықтармен, оттегімен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғалар алдын ала арнайы нұсқаулаудан өтуі тиіс.

41. Сақтау үй-жайларында мыналарға жол берілмейді:

1) есіктерді, өтпелі жерлерді, дәліздерді, баспалдақтарды, баспалдақ алаңдарын түрлі материалдармен және бос ыдыстармен үйіп тастауға;

2) өрт сөндірудің алғашқы құралдарына (өрт крандары, өрт сөндіргіштер, құм салынған жәшіктер) баратын жолдарды бөгеуге;

3) материалдар мен дәрі-дәрмектерді электр өткізгіштер мен электр шамдарына жақын жинауға. Соңғылары жиналатын материалдардан кемінде 0,4 метр қашықтықта болуы қажет;

4) жертөле үй-жайларында отқа қауіпті заттарды, сондай-ақ жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтарды сақтауға арналған қоймалар құруға.

42. Тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттарды біртектілік принципі бойынша және олардың физикалық-химиялық және өртке қауіпті қасиеттері мен буып-түю сипатына сәйкес сақтау керек. Осы мақсатпен қоймалар бір-бірінен тұйық, жанбайтын қабырғалармен (қалқалармен) оқшауланған үй-жайларға (бөліктерге) бөлінеді.

43. Жеңіл тұтанатын заттарды сақтауға арналған жеке қоймалар болмаған жағдайда оларды көрші үй-жайлардан міндетті түрде оқшауланған және өрт қауіпсіздігі талаптарына толық сай келетін жалпы жанбайтын құрылыстарда сақтауға жол беріледі. Бұл үй-жайларда сору-тарту вентиляциясы болуы шарт.

44. Тұтанғыш және жарылғыш дәрілік заттарды сақтауға арналған қоймалар үй-жайлары жанбайтын және берік стеллаждармен және тұғырықтармен жабдықталуы қажет.

45. Ені кемінде 0,7 метр және биіктігі кемінде 1,2 метр есіктері бар қосымша салынған жанбайтын шкафтарда жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтарды сақтауға жол беріледі. Шкафтың орналасқан жері жарық шығаратын жерлер мен өтетін орындардан алшақ болуы шарт, оларға қиналмай баруға мүмкіндік болуы шарт.

46. Тұтанғыш және жарылғыш заттар сақталатын үй-жайлардың есіктері ғимараттан шығу бағыты бойынша ашылуға тиіс.

47. 100 килограмнан асатын мөлшердегі жеңіл тұтанғыш сұйықты бөлек тұрған ғимаратта шыны немесе металл ыдыста отқа қауіпті басқа топтардағы заттарды сақтау үй-жайларынан оқшау сақтауға жол беріледі.

48. Дәріхана ұйымдарының өндірістік үй-жайларында арнайы металл жәшігінде жылыту аспаптары мен шығатын жерлерден оқшау жалпы 3 килограмнан аспайтын мөлшерде сақтауға рұқсат етіледі.

49. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды негізгі сақтау қоймаларында сыртта, сондай-ақ әрбір сақтау бөлмелерінде және аталған заттармен жұмыс жүргізілетін ішкі есіктерде жуылмайтын, айқын көрінетін «От қаупі бар», «Жарылғыш қаупі бар», «Шылым шегуге болмайды», «Өрт шыққан жағдайда 101 телефоны бойынша хабарласу керек» деген жазулар болуы қажет.

50. Тұтанғыш және жарылғыш заттарды сақтауға арналған әрбір үй-жайдың кіре берісінде «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты (жауапты тұлғаның аты-жөні)»деген маңдайша болуы қажет. Жауапты адам қалған тұтанғыш және жарылғыш заттарды жинау және жұмыс аяғының соңында басқа шараларды жүргізу мақсатында күн сайын үй-жайды тексеріп отыруы қажет.

51. Жеңіл тұтанғыш сұйықтарды сақтауға арналған сыйымдылықтар шыныдан немесе металдан жасалады, сұйықтың ұшып кетуін болдырмау үшін олар қақпақтармен тығыз жабылады. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттарды ашық ыдыста және басқа материалдан жасалған ыдыстарда сақтауға болмайды.

52. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтар толтырылған сауыттар, баллондар мен басқа да ірі сыйымдылықтар соққылардан қорғалған ыдыста стеллаждар сөрелерінде бір қатарда сақталуы керек. Жұмыс орындарында осы сұйықтардың ауысым мөлшерінен аспайтын мөлшері беті тығыз жабылған ыдыста сақталады.

53. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш дәрілік заттарды:

1) лық толтырылған ыдыста сақтауға тыйым салынады. Толтыру дәрежесі көлемнің 90 процентінен аспауы керек. Yлкен мөлшердегі спирттер металл ыдыстарда сақталады, оларды көлемнің 95 процентінен аспайтын қалыпта толтырады.

2) минералдық қышқылдармен (күкірт, азот және басқа қышқылдармен), тығыздалған және күйдірілген газдармен, жеңіл жанатын заттармен, сондай-ақ органикалық заттармен қосылғанда жарылғыш қаупі бар қоспалар (калий хлораты, калий перманганаты және басқасы) беретін органикалық емес тұздармен бірге сақтауға жол берілмейді.

54. Жанғыш және жарылғыш қауіпті заттар қалың қабатты сыйымдылықтарда (банкілерде) сақталуы керек, қажет болған жағдайда тығындар парафинделуге тиіс.

55. Медициналық эфир мен наркозға арналған эфирді фабрикалық орауда, қараңғыланған салқын жерде, отпен жылыту аспаптарынан алыста сақтайды.

56. Кальций гипохлориды жанғыш емес, бірақ сұйық май түзгіш органикалық өнімдермен қосылғанда олардың тұтануын қоздыруы, ал аммиакпен және аммоний тұздарымен қосылғанда жарылыс туғызуы мүмкін, сондықтан оны сақтау баяндалған қасиеттерді ескере отырып, оқшау жүзеге асырылуы тиіс.

57. Жеңіл тұтанғыш сұйықтарды қолданғанда (буып-түю, орын ауыстыру, тиеу және тағы сол сияқтылар) ерекше қырағылық сақтап, ыдыстың жай-күйін, оның герметикалықтығы мен дұрыстығын ұдайы бақылап отыру керек. Ыдыстың бүлінгендігі байқалған жағдайда дереу оларды жою шараларын қолданады немесе ондағы затты басқа түзу ыдысқа салады.

Бөшкелердің тығындарын соққы кезінде немесе ағаш балғалармен ұрғанда ұшқын шығармайтын жеңіл металдардан жасалған аспаптармен ғана бұрап ашады және бұрап қояды. Бөшкелерді қоймаға дөңгелеткенде және тиегенде бөшкеге соққы тимеуіне және ұшқын пайда болуына жол бермеу үшін қырағылық сақтау қажет. Еденге төгілген сұйықты дереу сүртіп алу қажет.

58. Жекелеген жеңіл тұтанғыш сұйықтардың (спирт, медициналық эфир және басқасы) сақтау кезінде статистикалық электр қуатын туғызатын қасиеттері бар, оның ұшқыны сұйықтың лап етіп жануын туғызуы мүмкін, сондықтан мұндай сұйықтарды қоймада буып-түюді өртке қарсы қорғану құралдарымен жабдықталған жеке үй-жайларда жүргізіледі. Құйған немесе буып-түйген жағдайда олардың металл ыдыстарының бір ұшы жерге қосылуға тиіс.

59. Жеңіл тұтанғыш сұйықтардан босаған ыдысты біраз уақыт жақсы желдетілген үй-жайда немесе көшеде ашық қалдырған жөн.

60. Жарылғыш қаупі бар дәрілік заттарға жарылыс пайда болуына қабілеті бар заттар жатады.

Бұл топтағы заттар оқшау қоймада өртке қарсы қабырғалармен және бөліктермен бөлінген арнайы үй-жайларда (бөліктерде) сақтайды.

61. Жарылғыш қаупі бар заттарды сақтаған жағдайда олардың шаңмен ластануына қарсы шараларды қолдану керек әйтпесе ол жарылыс туғызуы мүмкін.

62. Калий перманганаты шаңмен, күкіртпен, органикалық майлармен, эфирлермен, спиртпен, глицеринмен, органикалық қышқылдармен және басқа органикалық заттармен өзара қосылғанда жарылғыш келеді.

Оны қоймаларда арнаулы бөліктерде, қаңылтыр түңкелерде, жұмыс орындарында - жоғарыда көрсетілген заттардан жеке тығындары сүртілген штангластарда сақтау қажет. Жеңіл тұтанғыш және жанғыш заттармен бірге сақтауға болмайды.

Қаңылтыр ыдыстар мен калий перманганаты қосылған штангластардың шаңын ұдайы еппен сүртіп отыру керек.

63. Нитроглицерин ерітіндісін шағын, жақсы тығындалған сауыттарда немесе металл сауыттарда оттан сақтана отырып салқын, қараңғы жерде сақтайды. Нитроглицеринмен жұмысты теріге тигенде улануды және нитроглицерин төгілгенде туындайтын жарылысты болдырмау мақсатында ерекше сақтықпен жүргізу қажет. Нитроглицерин шайқалғанда, соғылғанда және спирттік ерітінділер төгілгенде жарылыс тудыруы мүмкін.

64. Эфирді сақтаған жағдайда (әсіресе ауа кірген жағдайда) қышқылдану туғызады, олар сілкігенде, ұрылғанда, үйкелгенде немесе температура артқан жағдайда жарылыс туғызуы мүмкін, сондықтан бұл жұмысты өте мұқият атқару қажет.

65. Жарылысқа қауіпті және отқа қауіпті заттарды қышқылдармен және сілтілік заттармен бірге сақтауға тыйым салынады.

66. Азот және күкірт қышқылдарын сақтаған жағдайда олардың ағашпен, сабанмен және басқа органикалық заттармен жанасуына жол бермейтін шаралар қолданылуы қажет.

67. Жарылысқа қауіпті және отқа қауіпті заттар сақталған үй-жайларға керосин шамдарымен және шырақтармен кіруге жол берілмейді. Электр фонарларын ғана қолдануға болады.

68. Оттегі бар баллондарды жанғыш заттармен бірге сақтауға болмайды, сондай-ақ бұл баллондарды материалдық бөлмелер мен дәріхана қоймаларында сақтауға болмайды.

69. Оттегі мен жанғыш газдары бар баллондар жылу көздерінен қорғалып, оқшауландырылған үй-жайларда немесе жабық қалқаларда сақталуы қажет, оларға май мен басқа да майлы заттар түспеуге тиіс.

70. Оттегі бар баллондарды сақтау мен пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген қысыммен жұмыс істейтін сауыттар құрылымы мен қауіпсіз пайдалану ережелеріне сәйкес қатаң жүзеге асырылуы қажет.

 

 

1   2   3   4   5   6



Похожие:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №765 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 82-бабының 4-тармағын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №695 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 70-бабының...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №737 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
...
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларын әзірлеу және келісу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 9 қарашадағы №672 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №660 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м а. 2009 жылғы 6 қарашадағы №661 Бұйрығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №732 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізудің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №747 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы №739 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы №698 Бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың жаңа әдістерін қолдану ережесін бекіту туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы