Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы
Дата конвертации03.02.2013
Размер64.27 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 Қаулысы





      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының 11) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкiметiҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативi (бұдан әрi - мемлекеттiк норматив) бекiтiлсiн.
      2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi:
      1) 2010 жылғы 1 наурызға дейiн жұмыс iстеп тұрған денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң номенклатурасын осы мемлекеттiк нормативке сәйкес келтiрсiн;
      2) 2010 жылғы 15 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiне осы қаулының iске асырылуы жөнiнде ақпарат берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi 2010 жылғы 15 сәуiрге дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне орындалған iс-шаралар туралы жиынтық ақпарат берсiн.
      4. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 9 сәуiрдегi № 494 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 163-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2131 қаулысымен    
бекiтiлген        

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң
мемлекеттiк нормативi

      1. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:
      аудандық емхана (бұдан әрi - АЕ) тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын аудан орталығында құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлiмшенi, жалпы практика және (немесе) учаскелiк қызмет бөлiмшесiн, жедел медициналық жәрдем станциясын (бөлiмшесiн), сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мынадай құрылымдық бөлiмшелердi қамтиды:
      медициналық пункт бекiтiлген халқының саны 50 (елу) адамнан 800 (сегiз жүз) адамға дейiнгi ауылдық елдi мекендерде (бұдан әрi - АЕМ) құрылады;
      фельдшерлiк-акушерлiк пункт бекiтiлген халқының саны 800 (сегiз жүз) адамнан 2000 (екi мың) адамға дейiнгi АЕМ-де құрылады;
      дәрiгерлiк амбулатория бекiтiлген халқының саны 2000 (екi мың) адамнан 10000 (он мың) адамға дейiнгi АЕМ-де құрылады;
      ауылдық емхана тiркелген халқының саны 10000 (он мың) адам және одан жоғары, халқы жинақы орналасқан АЕМ-де құрылады.
      Тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем аудан орталығында аудандық орталық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде АЕ құрылады.
      Қалалық емхана (бұдан әрi - ҚЕ) бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан асатын қалаларда, бiрақ кемiнде бiр ҚЕ құрылады және консультациялық-диагностикалық бөлiмшенi, жалпы практика бөлiмшесiн және (немесе) учаскелiк қызмет бөлiмшесiн қамтиды;
      дәрiгерлiк амбулатория климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем қалаларда ҚЕ-ның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      Республикалық маңызы бар қалада және астанада дәрiгерлiк амбулатория бекiтiлген тұрғын халқының саны 30000 (отыз мың) адамнан кем дербес заңды тұлға ретiнде құрылады;
      2) консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:
      консультациялық-диагностикалық орталық республикалық маңызы бар қалада және астанада дербес заңды тұлға ретiнде құрылады.
      Облыс орталықтарында консультациялық-диагностикалық орталық облыстық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      2. Стационарлық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдары:
      1) аудандық орталық аурухана (бұдан әрi - АОА) аудан орталығында құрылады және құрамына балалар, босандыру, бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi, сондай-ақ ауылдық аурухана құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде ұсынылған.
      Ауылдық аурухана климаттық-географиялық жағдайларды қоса алғанда, жергiлiктi ерекшелiктердi ескере отырып, тұрғын халқының саны 5000 (бес мың) адамнан кем болмайтын шалғай АЕМ-де АОА құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады;
      2) ауданаралық аурухана тұрғын халқының саны 20000 (жиырма мың) адамнан кем бiрнеше аудан үшiн АЕМ-нiң бiрiнде құрылады;
      3) қалалық аурухана (бұдан әрi - ҚА) қалаларда (аудан орталығын қоспағанда) құрамына балалар, босандыру, бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде құрылады;
      4) қалалық балалар ауруханасы тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан астам қалаларда құрамына бейiндi және жұқпалы аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар түрiнде құрылады.
      Тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан кем қалаларда ҚА-ның жанынан балалар бөлiмшесi құрылады;
      5) облыстық аурухана құрамына консультациялық-диагностикалық, босандыру, жұқпалы аурулар және соматикалық бөлiмшелер, пациенттiң тұрғын жерiндегi медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлiмшесi (санитариялық авиация) құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар ретiнде құрылады;
      6) облыстық балалар ауруханасы құрамына бейiндi және инфекциялық аурулар бөлiмшелерi құрылым ретiнде кiретiн көп бейiндi стационар ретiнде құрылады;
      7) инфекциялық аурухана республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      8) перинаталдық орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады;
      9) туберкулезге қарсы аурухана (диспансер) аудандық және облыстық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      10) онкологиялық аурухана (диспансер) облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      11) наркологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      12) психиатриялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      13) терi-венерологиялық аурухана (диспансер) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады;
      14) лепрозорий республикалық деңгейде құрылады.
      3. Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация ұйымдары:
      1) жедел медициналық жәрдем станциясы тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан астам қалаларда, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      Тұрғын халқының саны 100000 (бiр жүз мың) адамнан кем қалаларда жедел медициналық жәрдем станциясы емхананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      2) пациенттiң тұрғын жерiндегi медициналық жабдықтың болмауына немесе медициналық ұйымда тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бөлiмшесi (санитариялық авиация)облыстық аурухананың құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      4. Апаттар медицинасы ұйымдары:
      апаттар медицинасы орталығы республикалық деңгейде құрылады.
      5. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту ұйымдары:
      санаторий, мамандандырылған санаторий, профилакторий, оңалту орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде құрылады.
      6. Паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмiн көрсететiн ұйымдар:
      мейiрбике күтiмi ауруханасы, хоспис аудандық маңызы бар қалаларда, аудан, облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн ұйымның мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi ретiнде немесе дербес заңды тұлға ретiнде құрылады.
      7. Қан қызметi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар:
      қан орталығы облыстық және республикалық деңгейлерде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      8. Сот медицинасы және патологиялық анатомия саласындағы қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар:
      1) сот медицинасы орталығы облыс орталықтарындағы филиалдарымен республикалық деңгейде құрылады;
      2) патологиялық анатомиялық бюро, орталықтандырылған патологиялық анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық анатомиялық бөлiмше облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада стационарлық көмек көрсететiн ұйымның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      Аудандық деңгейде орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлiмше және (немесе) патологиялық-анатомиялық бөлiмше стационарлық көмек көрсететiн ұйымының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      9. Фармацевтикалық қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      дәрiхана, алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарындағы дәрiхана пунктi, шалғайдағы ауылдық жерлерге арналған жылжымалы дәрiхана пунктi, дәрiхана қоймасы денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары республикалық деңгейде құрылады:
      1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық станция;
      3) обаға қарсы станция;
      4) дезинфекция станциясы.
      11. Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар:
      ғылыми орталық, ғылыми-зерттеу институты республикалық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      12. Денсаулық сақтау саласындағы бiлiм беру ұйымдары:
      орта медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру ұйымдары республикалық деңгейде, облыстық, аудандық (аудандық маңызы бар қалада) деңгейлерде республикалық маңызы бар қалада, астанада құрылады.
      13. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтану саласындағы қызметтердi жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары:
      салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталығы (бұдан әрi - СӨСҚО) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      Аудан орталығында СӨСҚО облыстық СӨСҚО-ның құрылымдық бөлiмшесi ретiнде құрылады.
      14. АИТВ/ЖИТС алдын алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын
денсаулық сақтау ұйымдары:
      ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөнiндегi орталық облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалада және астанада құрылады.
      15. Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық холдинг республикалық деңгейде құрылады.



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconШалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды
Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconШалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды
Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу ережесiн бекiту туралы
Денсаулық сақтау жүйесi туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconҚазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі бұйрық 010 жылғы 30 маусым №475 Город Астана
Республикасының Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарының...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconҚан қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже
Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленді және қан қызметі...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы iconДенсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк нормативiн бекiту туралы icon«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы №87 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-бабының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов