Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы icon

Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы



НазваниеАзаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
Дата конвертации03.02.2013
Размер48.17 Kb.
ТипДокументы
источник

Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1887 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2009 жыл 21 желтоқсан № 425-426 (25823) "Казахстанская правда" от 1.12.2009 г., № 281 (26025)




      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                              К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2009 жылғы 19 қарашадағы
N 1887 қаулысымен    
бекiтiлген      

^ Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету тәртiбiн айқындайды.
      2. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi меншiк нысанына қарамастан медициналық ұйымдарда олардың лицензияда айқындалатын қызметiнiң бағытына сәйкес тегiн көрсетiледi.
      3. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiне:
      1) жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
      2) мыналарды:
      медициналық-санитариялық алғашқы көмектi (бұдан әрi - МСАК);
      медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейiндi мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмектi (бұдан әрi - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
      3) уәкiлеттi орган айқындайтын ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланған саны (шектi көлемi) шеңберiнде - МСАК маманының немесе медицина ұйымының жолдамасы бойынша, төтенше айғақтары бойынша жолдаманың болу-болмауына қарамастан көрсетiлетiн стационарлық медициналық көмек;
      4) МСАК маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
      5) қалпына келтiру емi және медициналық оңалту;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халық санаттары үшiн паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi кiредi.

^ 2. Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемiн алуын қамтамасыз ету тәртiбi

      4. Жедел медициналық көмек (бұдан әрi - ЖМК) денсаулыққа келетiн елеулi зиянның алдын алу немесе өмiрге төнген қатердi жою үшiн шұғыл медициналық көмектi талап ететiн аурулар мен жай-күй туындаған кезде көрсетiледi.
      5. Жедел медициналық көмек көрсету тәртiбiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) белгiлейдi.
      6. Санитариялық авиация пациенттiң тұрған жерiндегi медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиiстi бiлiктiлiгi бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкiн болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету үшiн берiледi.
      7. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әр түрлi көлiк түрлерiмен бiлiктi мамандарды межелi жерге жеткiзу не науқасты тиiстi медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.
      8. Санитариялық авиация нысанында медициналық қызмет ұсыну тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      9. МСАК адам, отбасы және қоғам деңгейiнде көрсетiлетiн, қолжетiмдi медициналық қызметтер кешенiн:
      1) неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейiнге қалдыруға болмайтын жай-күйлердi диагностикалау мен емдеудi;
      2) инфекциялық аурулар ошақтарында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) iс-шараларды;
      3) халықты гигиеналық оқытуды, отбасын, ананы, әкенi және баланы қорғауды;
      4) халықты қауiпсiз сумен жабдықтау және оның кенеулi тамақтануы жөнiндегi түсiндiру жұмыстарын қамтитын, тәулiк бойы медициналық бақылау болмайтын, дәрiгерге дейiнгi немесе бiлiктi медициналық көмек түрiнде көрсетiледi.
      10. МСАК көрсететiн ұйымдардың қызметi азаматтарға медициналық ұйымды еркiн таңдау құқығы ескерiле отырып, олардың тұрғылықты және (немесе) бекiтiлген жерi бойынша медициналық көмектiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында аумақтық принцип бойынша құрылады.
      11. МСАК-ты учаскелiк терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрiгерлерi, акушер-гинекологтар, фельдшерлер, акушерлер, мейiрбикелер дәрiгерге дейiнгi немесе бiлiктi медициналық көмек түрiнде көрсетедi.
      12. МСАК көрсету түрлерiн, көлемiн, тәртiбiн, сондай-ақ азаматтарды МСАК ұйымдарына бекiту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      13. МСАК-ты ұйымдастыруды жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
      14. КДК тәулiк бойы медициналық бақылау жасалмайтын, мамандандырылған немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрiнде керсетiледi.
      15. Бейiндi маманның КДК көрсетуi МСАК маманының және бейiндi мамандардың жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      16. КДК көрсету тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      17. Стационарлық көмек тәулiк бойы медициналық бақылау жасалатын, бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек нысанында ұсынылады.
      18. Стационарларға жатқызу:
      1) МСАК маманының және медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
      2) ЖМК және санитариялық авиация қызметi арқылы;
      3) шұғыл жағдайлар кезiнде өздерi келгенде жүзеге асырылады
      19. Стационарлық көмек көрсету тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      20. Стационарды алмастыратын көмек бiр күннiң iшiнде ұзақтығы төрт сағаттан сегiз сағатқа дейiн медициналық бақылау жасалатын, дәрiгерге дейiнгi, бiлiктi, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрiнде ұсынылады.
      21. Стационарды алмастыратын көмек көрсету тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      22. Еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасын жүргiзу, сондай-ақ пациентке уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтама беру уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен жүзеге асырылады.
      23. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту туа бiткен және жүре келе пайда болған аурулардан, сондай-ақ қатты, созылмалы аурулар және жарақаттар салдарынан зардап шегетiн азаматтарға көрсетiледi.
      24. Қалпына келтiру емi және медициналық оңалту, оның iшiнде балаларды медициналық оңалту тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      25. Паллиативтiк көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегi стационар нысанында дәрiгердiң басшылығымен көрсетiледi.
      26. Мейiрбике күтiмi дәрiгердiң ұдайы бақылауы талап етiлмейтiн жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлiмшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейiрбике күтiмi ауруханаларында) немесе үйдегi стационар нысанында жүзеге асырылады.
      27. Паллиативтiк көмек және мейiрбике күтiмi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген халық санаттары үшiн көрсетiледi.
      28. Паллиативтiк көмектi және мейiрбике күтiмiн көрсету тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      29. Тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде дәрiлiк заттармен қамтамасыз ету:
      1) жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезiнде - медициналық ұйымдар бекiткен және белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлген дәрiлiк формулярларға сәйкес;
      2) амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезiнде - белгiлi бiр аурулары (жай-күйi) бар азаматтардың жекелеген санаттарын тегiн және (немесе) жеңiлдiктi қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi орган бекiтетiн дәрiлiк заттар мен мамандандырылған емдiк өнiмдер тiзбесiне сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconАзаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы
Егемен Қазақстан" 2009 жыл 21 желтоқсан №425-426 (25823) "Казахстанская правда" от 12. 2009 г., №281 (26025) Қазақстан Республикасының...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconТегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң шеңберiнде амбулаториялық деңгейде белгiлi бiр аурулары (жай-күйi) бар халықты тегiн қамтамасыз ету үшiн
Азақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м а. 2011 жылғы 4 қарашадағы №786 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconТегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн көрсету бойынша дәрiлiк заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды,
Егемен Қазақстан" газетi 2009 жыл 24 қараша №386-388 (25785) "Казахстанская правда" от 05. 11. 2009 г., №260 (26004) Қазақстан Республикасының...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconТегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi Кодексiнiң 6-бабының...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconПеречень лпо на 2013 год на каз яз
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы мм-сі 2013 жылға республикалық және жергiлiктi бюджет қаражатының есебiнен тегiн медициналық...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті 2012 жылға республикалық
Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті 2012 жылға республикалық бюджет қаражатының есебiнен тегiн медициналық көмектiң...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қарашадағы №1887 Қаулысы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconТегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң 2005 жылға арналған тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы n 1348 қаулысы

Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 24 сәуiрдегi №316 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi: «Жұмыс берушiнiң
...
Азаматтардың тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн алуын қамтамасыз ету ережесiн бекiту туралы iconШалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және үйлерiне керi тегiн тасымалдауды
Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi №319 Заңының 6-бабының 5-тармағына және «Бiлiм беру ұйымдары желiсiнiң кепiлдiк берiлген...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы