Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы



НазваниеПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Дата конвертации28.02.2013
Размер107.85 Kb.
ТипДокументы
источник

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 тамыздағы N 757 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан N 323-324



 

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Өсiмдiктердi қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шiлдедегi және "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесi;
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      4) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. "Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 22 маусымдағы N 613 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 25, 316-құжат) 1-тармағының және 2-тармағының 3) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң       
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 757 қаулысымен    
бекiтiлген       

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэдрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесi

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының «Өсiмдiктердi қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шiлдедегi және «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына сәйкес әзiрлендi және:
      1) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау);
      2) пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу;
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау тәртiбiн айқындайды.
      2. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялауды облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.
      3. Осы қызмет түрiне белгiленген бiлiктiлiк талаптарына бiлiктiлiк деңгейi сай жеке немесе заңды тұлғалар лицензиялау субъектiлерi болып табылады.
      4. Лицензия иелiктен шығарылмайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
      5. Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiне арналған лицензия қолданылу мерзiмiне шек қойылмай берiлетiн бас лицензия болып табылады.
      Лицензияның күшi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.

^ 2. Лицензияны беру, қайта ресiмдеу және оны беруден бас тарту тәртiбi

      6. Лицензия алу үшiн өтiнiш берушiлер лицензиарға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтiнiш;
      2) заңды тұлғалар үшiн - жарғының және өтiнiш берушiнiң заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) жеке тұлғалар үшiн - жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      4) дара кәсiпкерлер үшiн - өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      6) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжат;
      7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
      7. Лицензия беру туралы өтiнiштi қарау мерзiмi өтiнiш берiлген күннен бастап есептеледi. Өтiнiш беру фактiсi лицензиар жүргiзетiн өтiнiмдердi арнайы тiркеу журналында тiркеледi.
      8. Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдардың қорытындыларын алу үшiн лицензиар өтiнiш берушiнiң лицензияны алуға арналған құжаттары тiркелген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң мемлекеттiк тiркелген жерi бойынша қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдарға өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды ұсыну жөнiнде сауал жiбередi.
      Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi саласындағы органдар лицензиардың сауалы негiзiнде жиырма бес жұмыс күнi iшiнде, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн жетi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау, өнеркәсiп және өрт қауiпсiздiгi саласында қойылатын талаптарға сәйкестiгiн белгiлейдi және лицензиарға өтiнiш берушiнiң қойылатын талаптарға сәйкестiгi туралы қорытынды жiбередi.
      Келiсушi орган лицензиардың өтiнiшiне көрсетiлген мерзiмде жауап бермеген жағдайда өтiнiш келiсiлген болып есептеледi.
      9. Лицензиар лицензияны осы Ереженiң 6-тармағында белгiленген тиiстi құжаттармен бiрге өтiнiш берген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн он жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.
      10. Егер лицензиар белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге лицензияны бермеген не өтiнiш берушiнi лицензияны беруден бас тарту себептерi туралы жазбаша хабардар етпеген жағдайда, лицензия беруге белгiленген мерзiм өткен күннен бастан лицензия берiлген болып есептеледi.
      Лицензиар лицензия беру мерзiмi өткен сәттен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiге тиiстi лицензия беруге мiндеттi.
      11. Егер:
      1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектiлердiң осы санаты үшiн пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салынған;
      2) осы Ереженiң 6-тармағына сәйкес талап етiлетiн барлық құжаттар ұсынылмаған;
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алып енгiзiлмеген;
      4) өтiнiш берушi бiлiктiлiк талаптарына сай келмеген;
      5) өтiнiш берушiге қатысты оған пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмi болған жағдайларда, лицензия беруден бас тартылуы мүмкiн.
      12. Лицензиар өтiнiш берушiнiң құжаттарын алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде құжаттардың толықтығын және олардың дұрыс рәсiмделгенiн тексеруге мiндеттi. Толықсыздық фактiсi (оның iшiнде мiндеттi жолдардың, бекiтiлген құжат нысандарының толтырылмағаны) анықталған жағдайда лицензиар белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге одан әрi қарастырудан жазбаша, толық дәлелдi бас тарту бередi. Өтiнiш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған жағдайда құжаттар жалпы негiзде қаралады.
      Осы Ереженiң 11-тармағында көзделген өзге де негiздер бойынша лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмде өтiнiш берушiге жазбаша, толық дәлелдi жауап бередi.
      13. Лицензиясы жоғалған, бүлiнген кезде лицензиат лицензияның телнұсқасын алуға құқылы.
      Лицензияның жоғалған, бүлiнген бланкiсi лицензиат лицензиарға жазбаша өтiнiш (лицензияның жоғалған, бүлiнген фактiсiн растайтын құжаттармен қоса) берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
      Лицензиар өтiнiш берiлген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын бередi.
      14. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты өзгерген жағдайда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, заңды тұлғаның атауы, сондай-ақ қызмет түрiнiң атауы өзгерген кезде, егер мұндай өзгерiс қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялардың мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, ол отыз күнтiзбелiк күн iшiнде аталған мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттармен қоса, лицензияны қайта рәсiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде лицензиар лицензияны қайта ресiмдейдi.
      Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi лицензия қызметтiң әр түрi бойынша жеке берiледi.

^ 3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату, одан айыру

      15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      16. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
      1) лицензия алып қойылғанда;
      2) жеке тұлғаның қызметi тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бiрiгу, бiрiктiру, бөлiну немесе қайта құру нысанындағы қайта ұйымдастыруды қоспағанда, қайта ұйымдастырылғанда;
      3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
      4) лицензияланатындардың тiзбесiнен пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерi алып тасталса;
      5) лицензиат лицензиялауға жататын субъектiлер қатарынан алып тасталса тоқтатылады.
      Лицензияның қолданылуы тоқтатылған кезде лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.

^ 4. Есепке алу және бақылау

      17. Лицензиаттың лицензиялық ережелердi сақтауын лицензиялық бақылауды лицензиар лицензиаттың лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру кезеңiнде жылына екi реттен аспайтын және ұзақтығы екi күннен аспайтын аралықта жүргiзедi.
      18. Лицензиар берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатыла тұрған, жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар туралы мәлiметтердi қамтитын лицензиялар тiзiлiмiн жүргiзедi.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 29 тамыздағы 
N 757 қаулысымен  
бекiтiлген      

^ Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Бiлiктiлiк талаптары жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) өндiрiстiк-техникалық базаның - экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн, өрт және өнеркәсiп қауiпсiздiгi және техникалық жоба талаптарына жауап беретiн меншiктi немесе жалға алу құқығындағы арнайы өндiрiстiк үй-жайлардың, технологиялық желiлердiң, арнайы қоймалық үй-жайлардың
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы берген пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитариялық паспорттың
      3) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға) арналған технологиялық регламенттiң
      4) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiрудiң (формуляциялаудың) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн техникалық жобасының
      5) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiруге (формуляциялауға) арналған ұйым стандартының
      6) өндiрiлетiн (формуляцияланатын) пестицидтер (улы химикаттар) сапасының техникалық регламенттерге, стандарттар мен нормаларға сәйкестiгiн бақылауды жүргiзу үшiн аккредиттелген зертхананың немесе аккредиттелген зертханамен жасалған шарттың
      7) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген, қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына берiлген лицензияның көшiрмесiнiң, көлiк құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн көлiк құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң
      8) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өндiрiстiк-техникалық базаның және арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы және белгiленген тәртiппен бекiтiлген техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқаулықтардың
      9) денсаулық сақтау және өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес мiндеттi медициналық тексеруден және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқамадан өткен, пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) бойынша практикалық жұмыс тәжiрибесi бар, тиiстi арнайы бiлiмi бар (химик-технолог) техникалық басшылардың, мамандардың бiлiктi құрамының болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекiтiлген      

^ Пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      Ескерту. Қаулы бiлiктiлiк талаптарымен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн меншiктi немесе жалға алу құқығындағы арнайы қоймалық үй-жайлардың
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы берген пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитарлық паспорттың
      3) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген, қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына берiлген лицензияның, көлiк құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн көлiк құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң
      4) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өткiзетiн өнiмдi сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы;
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес мiндеттi медициналық тексеруден және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқамадан өткен тиiстi (агрономиялық) бiлiмi бар бiлiктi маманның болуын қамтиды.

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 29 тамыздағы
№ 757 қаулысымен   
бекiтiлген     

^ Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық
тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк
талаптары

      Ескерту. Қаулы бiлiктiлiк талаптарымен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2010.02.05 № 75 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптары:
      1) экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және құрылыс ережелерi мен нормаларына сәйкес келетiн, өрт қауiпсiздiгi талаптарына жауап беретiн меншiктi немесе жалға алу құқығындағы арнайы қоймалық үй-жайлардың
      2) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органы берген пестицидтердi (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайларға арналған санитариялық паспорттың
      3) көлiк саласындағы уәкiлеттi орган берген, қауiптi жүктердi тасымалдау құқығына берiлген лицензияның, көлiк құралын жалға алған жағдайда салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаны ұсынбаған жағдайда қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн көлiк құралын жалға алу шартының нотариалды куәландырылған көшiрмесiнiң
      4) жеке қорғау құралдарының, өртке қарсы мүкәммалдың, өткiзетiн өнiмдi сақтауға арналған арнайы қоймалық үй-жайлардың күзет және өрт дабылы құралдарымен жарақтандырылуы;
      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес медициналық тексеруден және техника қауiпсiздiгi жөнiндегi нұсқамадан өткен, тиiстi (агрономиялық) бiлiмi бар бiлiктi маманның
      6) химиялық өңдеулердiң қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ететiн, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға арналған жеке меншiк немесе жалға алу құқығындағы арнайы техникамен жабдықтың
      7) пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға арналған арнайы техника мен жабдықтың шығарушы зауыт берген паспорттарының болуын қамтиды.



Похожие:

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызметке қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан n 323-324
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconПестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon«Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру,

Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconОларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды)...
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: «Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»
«Өнеркәсiп саласындағы жекелеген қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы»...
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconАстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы № қаулысымен бекітілген
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconПестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Азақстан Республикасының ПҮаж-ы, 2007 ж., n 32, 356-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 16 қазан n 323-324
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
...
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы icon"Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), өткізу және аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызмет түрлерін лицензиялау
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы №757 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), өткiзу және аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөнiндегi қызмет түрлерiн лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы iconТуроператорлық, турагенттiк қызметтi, туризм нұсқаушысы көрсететiн қызметтi лицензиялау ережесiн және оларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы
Азақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы " 2001 жылғы 13 маусымдағы және " Лицензиялау туралы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы