2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты



Название2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Дата конвертации24.10.2013
Размер88.83 Kb.
ТипДокументы
источник

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы

Әзірлеудің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы

Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері

Бағдарламаның

мақсаты

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету

Бағдарламаның

міндеттері

Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік тәсілді енгізу.

Қалалық жерлерде сумен жабдықтау мен су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін салу және қайта жаңарту.

Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау мен су бұрудың жергілікті жүйелерін (септик) салу және қайта жаңарту.

Сумен жабдықтау мен су бұруды реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.

Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тиімді және рентабельді пайдалануды қамтамасыз ету.

Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке меншік капиталды барынша тарту.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;

Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру.

Сумен жабдықтау мен су бұру секторының жағдайына мониторинг жүйесін құру.

Жер асты және жер үстіндегі су сапасының мониторинг жүйесін құру.

Су шаруашылығы ұйымдарының рентабельдік жұмысын қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу.

Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ мерзімді және рентабельді тарифтер белгілеу.

Тұтынушыға жеткізу кезінде өндірістік емес су ысырабының деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету.

Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды дамыту.

^ Бағдарламаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері

2011 – 2020 жылдар

I кезең – 2011 – 2015 жылдар

II кезең – 2016 – 2020 жылдар

^ Нысаналы индикаторлар

Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, қалаларда 100 %-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100%-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;

су айдындарына ағызу кезінде қалалардағы нормативтік тазаланған судың деңгейін 100%-ға дейін жеткізу;

әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі мамандандырылған пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;

жеке капиталдың қатысуымен сумен жабдықтаудың және су бұрудың пайдалану кәсіпорындарының, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде санын 20 бірлікке дейін арттыру;

суды есептеу аспаптарымен: қалаларда - 100% және ауылдық елді мекендерде - 80% қамту;

сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезде Қазақстанда шығарылған бұйымдар мен технологияларды пайдалану үлесін 60%-ға жеткізу;

3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету;

қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су құбырлар үшін 15 кен орнын толық барлау;

86 қала мен 6943 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;

халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру 2011 жылдан – 2020 жылдар аралығында даму институттарының қаражаты, пайдалану кәсіпорындарының меншікті қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар есебінен және мемлекеттік бюджетте көзделетін 1 273 859 млн. теңге қаражат шегінде, оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 1 164 142 млн. теңге сомасында;

жергілікті бюджеттер есебінен – 109 717 млн. теңге сомасында жүзеге асырылады.

2. Кіріспе

Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.

Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру кезінде жүйелі тәсілдердің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, пайдалану мекемелері арасындағы тиісінше өзара іс-қимыл мен іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтерімен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.

^ 3. Ақтөбе облысындағы сумен жабдықтаудың және

су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау

1. Қалалық жердегі сумен жабдықтаудың жағдайы

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласының және Алға, Қандыағаш, Ембі, Жем, Темір, Хромтау, Шалқар шағын қалаларында тұратын 482,3 мың адам немесе 100% орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтылған.

Облыс қалаларының су құбыры желілерінің ұзындығы 1 245,9 км, соның ішінде 934,4 км немесе 75% тозығы жеткен.

Негізінен су құбыры желілері 25 – 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат және шойын құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады және басылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, авариялар санының артуына, судың ысырап болуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.

2. Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жағдайы

2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы

23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.

2002-2010 жылдары «Ауыз су» салалық бағдарламасын Ақтөбе облысында жүзеге асыру барасында 12,1 млрд. теңгеден астам қаржыға 968 шақырым су желілері салынды және қайта жаңартылды. 340 мың тұрғыны бар 81 елді мекен немесе облыс тұрғындарының 44% сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысының 411 ауылдық елді мекеннің 109 (жалпы санының 26,5%) су құбыры суымен қамтылған, 296 (72,1%) орталықтандырылмаған су көздерін пайдаланып отыр және 6 ауылдық елді мекен (1,4%) тасылып әкелінетін суды пайдалануда.

Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.

Осылайша, қазіргі таңда облыстың ауылдық елді мекенің жалпы санының тек 26,5% ғана орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған.

3. Қалалық жердегі су бұру жағдайы

Облыстың су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 624,6 км, соның ішінде 500 км жуық немесе 80% тозығы жеткен.

Орталықтандырылған су бұру жүйесімен Ақтөбе қаласы және Алға, Қандыағаш, Эмба, Жем, Хромтау, Шалқар шағын қалалары қамтылған.

Жұмыс істеп тұрған желілер мен тазарту қондырғыларының көпшілігі қазір өзінің пайдалану ресурстарын сарқыған және жөндеуді талап етеді, басқалары – артық жүктемемен жұмыс істейді, ол сарқынды суларды тазалау технологияларының жобалық деректеріне сәйкес келмеуіне әкеліп соғады.

Сондай-ақ су бұру желілерінің негізгі қорлары тозуының салдары аварияның жоғарғы деңгейі болып табылады, мәселен 2011 жылы облыс бойынша орташа алғанда 1 километрге 0,1 аварияға дейін құрады.

^ 4. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

Бағдарламаны іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады және тиісінше міндеттер шешілетін болады:

1- кезең 2011 – 2015 жылдар.

ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 54 %-на, қалаларда – 87 %-ға қамтамасыз ету;

ауылдық жерде орталықтандырылған су бұруға қол жеткізуді 12 %-ға, қалаларда – 85 %-ға қамтамасыз ету;

2- кезең 2016 – 2020 жылдар.

ауылдық жерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуді АЕМ-нің жалпы санының 80 %-на, қалаларда – 100 % қамтамасыз ету.

ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда – 100 %-ға қол жеткізу.

Сумен жабдықтау жобаларын іріктеу және Тізбеге енгізу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс:

1) ЖСҚ болуы;

2) расталған су көзі;

3) аудан орталықтары;

4) 1000 адамнан астам халық санымен АЕМ;

5) 500-ден 1000-ға дейін адам халық санымен АЕМ;

6) 100-ден 500-ге дейін адам халық санымен АЕМ;

Сондай-ақ сумен жабдықтау жобаларын іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі жергілікті атқарушы органдар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен міндетті түрде бірлесіп қаржыландыру болуы тиіс.

^ 5. 2011-2012 жылдары Ақтөбе облысында «Ақ-бұлақ» бағдарламасының жүзеге асырылуы

2011 жылы «Ақ-бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру барысында құны 3,5 млрд. тенгеге 31 ауылдық елді мекеннің су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жұмыстары орындалды. Соның ішінде 13 нысан 2012 жылға ауыспалы нысандар болып табылады.

Жалпы 2011 жылы құны 2,4 млрд. теңгеге 18 жоба жүзеге асырылды. Қарастырылған қаражат есебінен тұтынушылар үйлерінің шекараларына дейін желілерді жеткізу, су есептеуіш құралдарын қондыру және 246 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту бойынша жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 22 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылды.

Құрылыс-монтаж жұмыстары Ырғыз ауданының орталығы Ырғыз елді мекенінде, Мұғалжар ауданының Ақкемер, Мәртөк ауданының Қаратоғай және Қобда ауданының Әлия ірі ауылдары мен облыстың басқа да 14 ауылдық елді мекендерінде орындалды.

2012 жылы 19 сумен жабдықтау нысандарын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа 200 шақырымнан астам су құбыры желілерін салып және қайта жаңартып, 25 мың адамды сапалы ауыз сумен жабдықтау жоспарлануда, соның ішінде Әйтеке би ауданының Комсомол, Әйке-Тереңсай, Алға ауданының Есет-батыр Көкіұлы, Болгарка және Сарықобда, Қобда ауданының Ақраб, Жиренқопа, Мәртөк ауданының Жайсан, Родниковка, Байтурасай, Студенческое және Веренка, Мұғалжар ауданының Жұрын, Ойыл ауданының Караой, Қаратал және Көптоғай, Темір ауданының Сарыкөл-Шұбарши, Шұбарқұдық кәсіпшілігі, Хромтау ауданының Құдықсай елді мекендері.

Облыс тұрғындарын одан әрі орталықтандырылған су құбыры жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2011-2012 жылдарын 43 сумен жабдықтау нысаны бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп, соның ішінде 24 жоба қала және 19 нысан ауылдық сумен жабдықтау, оған қоса 24 елді мекеннің жер асты суларын іздестіру-барлау және 9 су бөгеттерінің жер асты қорларын қайта бағалау жұмыстары бастауын алды.



Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon1. Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіп кешінін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты icon2008 жыл Бағдарламаның паспорты. Бағдарламаның атауы
Бағдарламаның атауы: Зайсан аудандық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconБАҒдарламаның паспорты
Денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы