«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon

«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты»



Название«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты»
Дата конвертации23.10.2013
Размер94.53 Kb.
ТипДокументы
источник

Жангелдин ауданы әкімдігінің

2013 жылғы «__»___________

№____ қаулысына қосымша


«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


1. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің (бұдан әрі-әкімдік) қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жангелдин ауданының әкімдігі болып табылады.

2. Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің және әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерінің жұмысын қамтамасыз етеді.

3. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеу режимі аудан әкімінің 2012 жылы 29 маусымдағы №91 өкімімен бекітілген Жангелдин ауданының әкімдігінің регламентіне сәйкес бекітіледі.

6. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқытық қатынастарға өз атынан түседі.

7. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

9. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4.

11. Мемлекеттік органның толық атауы:

мемлекеттік тілдегі - «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілдегі толық атауы-Государственное учреждение «Аппарат акима Джангельдинского района».

12. Осы Ереже «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

14. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

^ 2. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мәні, мақсаты, негізгі міндеттері, фунциялары мен құқықтары.


15. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы әкімдіктің және әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін жұмысын тиісті денгейде және уақытында қамтамасыз ету болып табылады.

16. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мәні аудан әкімінің және әкімдігінің жұмысын қамтамасыз ету болып табылады.

17. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде Аппараттың барлық құрылымдық бөлімшелері жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.

18. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген құзыреті шеңберінде әкімдіктің және әкімнің өкілеттігін жүзеге асыру;

2) Тиісті аймақтың дамуының мүддесі мен мұқтаждықтарын ескере отырып жергілікті атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатың жүзеге асыруды қамтамасыз етуге ықпал жасау;

3) Қазақстан Республикасының Заңнамасында көрсетілген өзге де міндеттер.

19. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметтері:

1) аудандағы ішкі саясат және экономикалық ахуалға талдау жасайды, оның дамуына болжау жасайды, аудан әкіміне және әкімдігіне бағыныстағы селолық округтер мен селолардың әкімінің, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының және лауазымды тұлғалардың жұмысына талдау жасайды, қоғамдық пікірлерді саралайды, аудан әкіміне және әкімдігі мүшелеріне олар сұраған мәселелері бойынша ақпарат дайындайды;

2) басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай –ақ әкімдігінің және әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түскен ақпараттарды, өтініштер мен ұсыныстарды жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

3) аудан әкімінің және әкімдігі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетуді, нормативті құқықтық актілердің жариялауын қамтамасыз етеді;

4) аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінде, селолық округтер мен селолар әкімдері аппараттарындағы атқару тәртібінің жағдайына талдау жасайды және әкімге хабарлап отырады.

5) Аппарат жұмысын, әкімдік отырысын, кеңестер, семинарлар және басқа да іс-шараларды өткізуді жоспарлайды, оларды даярлау мен өткізуді ұйымдастырады;

6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының қызметіндегі өзара іс-қимыл мен үйлестіруді қамтамасыз етеді;

7) әкімдік қаулыларының жобаларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, аппарат басшысының бұйрықтарын ұйымдастырады және дайындауды қамтамасыз етеді;

8) қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін аудан әкіміне және әкімдігіне шешімдерді, өкімдерді, қаулыларды өзгерту, жою туралы ұсыныстар енгізеді;

9) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі, аудан әкімі мен әкімдігі актілерінің және басқа нормативтік - құқықтық актілердің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

10) әкімнің және әкімдіктің актілерінің заңнамаға сәйкестігіне заңды сараптама жүргізеді;

11) әкімнің және әкімдік мүшелерінің тапсырмасы бойынша тұрақты негізде тексерулер жүргізеді, қажет болған жағдайда, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемелерін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін талап етеді;

12) қолданыстағы заңнамалардың анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде шаралар қолданады;

13) қолданыстағы заңнамаларға бағыныстағы аудан әкіміне және әкімдікке бағынышты мемлекеттік басқару органдарында мемлекеттік қызметті атқаруға, кадрларды іріктеуге және орналастыруға байланысты мәселелерді шешеді;

14) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Аппараттың мемлекеттік қызметкерлерің, мемлекеттік және атқарушы органдардың басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерін даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

15) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын Аппараттың мемлекеттік қызметшілерін және атқарушы органдардың басшыларын аттестаттауды ұйымдастырады және өткізеді;

16) аппаратта іс жүргізуді қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді;

17) қызметтік құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

18) басшылықтың азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;

19) мемлекеттік тілді кең түрде қолдануға бағытталған шараларды қабылдайды;

20) жұмыстың тәсілі мен әдістерін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу жөніндегі жұмысты жүргізеді;

21) мемлекеттік наградалармен, облыс, аудан әкімінің грамоталарымен мараппатауға ұсыну үшін құжаттарды дайындайды;

22) қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалауды жүргізеді;

23) жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүзеге асырады;

24) өз құзыреті шеңберінде гендерлік саясатты жүзеге асырады;

25) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

20. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметтерін іске асыру үшін:

1) әкімдіктің және әкімнің мүддесін ұсынады.

2) аудан әкімдігінің және әкімінің құзырындағы мәселелер бойынша мемлекеттік мекемелер мен лауазымды тұлғалардан ақпарат, құжаттар және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

3) өзінің құзырындағы мәселелер бойынша бөлімдердің басшыларына, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға қажетті тапсырмалар беруге;

4) тиісті аумақтарда басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін - өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-әрекеттесуге;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да құқықтар мен қызметтерді жүзеге асыруға құқығы бар.

21. Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндетті:

1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігі, аудан әкімі мен әкімдігінің тапсырмаларын сапалы және уақытында орындалуын қамтамасыз ету.

^ 3. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру


22. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

23. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1) аудан әкімінің аппаратын мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

2) аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және аппаратқа жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілікті алады;

3) аудан әкімінің Аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы мен штаттық саны жөніндегі ұсыныстар әзірлейді және оларды әкімдіктің отырысының қарауына енгізеді, сондай-ақ аудан әкіміне еңбек ақы төлеу қорының үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерге (сыйлықтар) қосымша төлемақылар, материалдық ынталандырулар белгілеу туралы ұсыныстар енгізеді;

4) Аппаратта ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

5) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық жасау мен үйлестіруді жүзеге асырады, олар туралы ережелерді бекітеді, аппарат бөлімдерінің басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

6) Қазақстан республикасының Еңбек кодексіне сәйкес техникалық қызметкерлерді тағайындайды, босатады және тәртіптік жауапкершілікке тартады;

7) Аппараттағы мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуына бақылау жасайды;

8) Аппарат бойынша қызметкерлер міндетті түрде орындауға тиіс бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтар береді;

9) әкімге әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерді мен өкімдерін қол қоюға ұсынады;

10) әкімдіктің қабылдаған қаулыларының, аудан әкімінің шешімдерді мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

11) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға және қолданылып жүрген еңбек заңнамасына сәйкес кадрлар жөніндегі жұмысты бақылайды;

12) Аппарат құзыры шеңберінде құжаттамаларға қол қояды;

13) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

14) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар мен басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеу үшін жұмысшы тобын құрады;

15) Аппараттың ақшалай қаражатына иелік жасайды, қаржылық құжаттарға қол қояды;

16) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заң шеңберінде құқық бұзушылыққа жол бергені және жасағаны үшін жауап береді.

17) оған әкім жүктеген басқа да міндеттерді орындайды.

«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

24. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босататылады.


4. Мемлекеттік органның мүлкі


25. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік.

26. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


28. «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
Бөлім «Жангелдин ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Жангелдин ауданының дене шынықтыру...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Качир ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Качир ауданы әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаттарына өзгерістер енгізу туралы
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» iconАлтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің тауарларды, қызмет пен жұмысты 2014 жылға мемлекеттік сатып алуының жылдық жоспары
Алтынсарин ауданы Маяковский ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Көрініс –«Федоров ауданы Федоров селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің сапалы және өз уақытында...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі»
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің қызметін қамтамасыз ететін...
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» icon2010 жылдың бірінші жартыжылдық «Федоров ауданы Пешков селолық округі әкімінің аппараты» мм өткізілген жұмысы бойынша есеп. «Федоров ауданы Пешков селолық округі әкімінің аппараты»
«Федоров ауданы Пешков селолық округі әкімінің аппараты» мм 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы