Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
страница2/5
Дата конвертации17.05.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5
4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Мақсаты: елдің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту.

      Бағдарламалық мақсаттар:
      1. Денсаулықты сақтау мәселелерінде бүкіл қоғам күштерінің келісушілігіне қол жеткізу арқылы қазақстандықтардың денсаулығын нығайту.
      2. Бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру.

      Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары:
      халықтың күтіліп отырған өмір сүру ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін ұлғаюы;
      ана өлім-жітімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке дейін төмендеуі;
      нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке дейін төмендеуі;
      жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда 2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға қарай 6,2-ге дейін төмендеуі;
      туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың халыққа шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін төмендеуі;
      15 жастан 49 жасқа дейінгілердің тобында АИТВ-инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6 шегінде ұстау.

      Бағдарламаның міндеттері:
      азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
      Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру;
      медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицина ғылымын және фармацевтикалық қызметті дамыту.

^ 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      Негізгі бағыттар:
      1) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру;
      2) профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік мәні бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды, емдеуді және оңалтуды жетілдіру;
      3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру;
      4) денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру;
      5) медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу;
      6) халыққа дәрілік заттардың қолжетімдігі мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту.

^ 5.1. Қоғамдық саулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру

      Денсаулық сақтау мәселелері тек мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесінің құзыретінен айтарлықтай асады және халықтың денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштердің сапалық ілгерілеуіне қол жеткізу үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік ведомстволарды, бизнес-құрылымдарды және қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда, бүкіл қоғамның, бірінші кезекте қоғам денсаулығына едәуір әсер ете алатын құрылымдардың күш-жігерінің келісімділігі қажет.
      Осыған байланысты осы бағытты іске асыру жеті сектораралық кіші бағдарлама бойынша көзделеді.

      Мақсаты: мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың қызметін үйлестіру арқылы азаматтардың денсаулығын қалыптастыру, сақтау және нығайту.

      Негізгі міндет: қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу және енгізу.

      Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
      Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық саясатын әзірлеу мақсатында:
      бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуды және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды (бұдан әрі - ҮЕҰ) тартуды қоса алғанда, орталық мемлекеттік органдар және жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажыратуды нақты келісу және жергілікті деңгейде өзара іс-қимылдың тетіктерін әзірлеу арқылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің мәртебесін көтеру;
      мынадай:
      1) саламатты өмір салты және мінез-құлық факторларымен түсіндірілген әлеуметтік мәні бар аурулар деңгейін төмендету;
      2) дұрыс тамақтану;
      3) мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы;
      4) жол-көлік қауіпсіздігі;
      5) төтенше жағдайлар (бұдан әрі - ТЖ) кезінде шұғыл медициналық-құтқару көмегі;
      6) туберкулезге, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес;
      7) аса қауіпті инфекциялардың профилактикасы мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламаларды әзірлеу және енгізуді көздейтін өмір сүру және еңбек жағдайларының қауіпсіздік деңгейін арттыруда және қоғамдық денсаулықты жақсартуда мемлекеттік, қоғамдық және бизнес құрылымдардың өзара іс-қимылын күшейту;
      дене тәрбиесін және спортты дамытудың салалық бағдарламасын әзірлеу;
      қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту мәселелері бойынша бағдарламаны іске асыру тиімділігінің мониторингі мен бағалау жүйесін әзірлеу жоспарланып отыр.

      Өмір сүру және еңбек жағдайларының қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында:
      денсаулықты сақтау, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
      қоршаған және өндірістік ортаның халықтың денсаулығына теріс әсерін төмендету;
      ұйым қызметкерлерінің саламатты өмір салтын (бұдан әрі - СӨС) жүргізуді қамтамасыз етуге жұмыс берушілердің уәждемесін қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілерге қызметкерлердің профилактикалық тексеруден уақтылы өтуіне жауапкершілікті бекіту;
      өнеркәсіптік кәсіпорындар жанынан үлгілік медициналық пункттерді құруды және дамытуды қоса алғанда, қызметкерлердің денсаулығын қолдау жөніндегі инфрақұрылым құру және оны дамыту;
      қоршаған ортаның ластануының халық денсаулығына әсерін оларды жою бойынша шараларды қабылдау үшін зерделеу;
      жобалық материалдарды әзірлеу кезінде жер учаскесін беру, экологиялық қауіпті азайту және халық денсаулығы үшін қолайсыз әсердің алдын алу мақсатында жаңа өндірістер үшін аумақты санитариялық-гигиеналық бағалауды белгілеу кезеңінен бастап қауіптерді бағалау жүйесін енгізу көзделіп отыр.

^ Денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық кіші бағдарламалар

      Саламатты өмір салты және мінез-құлық факторларына негізделген әлеуметтік мәні бар аурулардың деңгейін төмендету

      Мақсаты: қауіптің мінез-құлық факторларын бақылаудың алдын алу және күшейтуге жүйелі және кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру.

      Міндеттері:
      1) қоғамда темекі шегудің әлеуметтік жағымсыз имиджін жасау;
      2) саламатты өмір салтын қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуын жандандыру;
      3) алкогольді шектен тыс тұтынудың, активті және пассивті темекі шегудің және есірткіні тұтынудың салдарлары туралы халықтың хабардар болуын арттыру;
      4) темекі бұйымдары мен алкогольді шектен тыс тұтынуды төмендету;
      5) халықты спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтуды ұлғайту.

      Нәтижелер көрсеткіштері:
      кемінде 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатын адамдардың үлесін 2013 жылға қарай 18 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 24,9 %-ға дейін (2009 ж. - 14%) арттыру.
      темекіні тұтынудың таралуын 2013 жылға қарай 19,5 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 18,2 %-ға дейін (2009 ж. - 21,4%) төмендету.
      алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуын 2013 жылға қарай 15 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 14 %-ға дейін (2009 ж. - 16,9%) төмендету.

      Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
      СӨС туралы халықтың хабардар болуын арттыру, медициналық, әлеуметтік қызметкерлер мен журналистердің күшін жұмылдыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін мынадай медициналық бағдарламаларды жетілдіру жоспарланады: проблемалардың өзектілігін, көшбасшылар мен елдің атақты адамдарының, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, білім салаларының көрнекті қайраткерлерінің қатысуын, темекі шегудің, алкогольді шектен тыс тұтыну мен есірткілерді пайдаланудың алдын алу мен одан емдеудің жаңа технологияларын танымал етуді ескере отырып тақырыптар әзірлеу. Бұдан басқа, медициналық теле және радиобағдарламалар шығару, медициналық бағдарламаларды көруге ең қолайлы уақытта көрсету жоспарлануда.
      СӨС қалыптастыруда ҮЕҰ мен бизнес-құрылымдардың қатысуын жандандыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беріп, саламатты өмір салтын қалыптастыруда оларды белсенді қатыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа, жұмыс берушілердің азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жоспарлануда.
      Темекі бұйымдарын тұтынуды төмендету мақсатында темекі бұйымдарына акциздерді кезең-кезеңмен арттыру; дамыған елдердің тәжірибесі бойынша темекі бұйымдарын сату ережелерін жетілдіру; темекі индустриясы тарапынан жанама жарнамаға тыйым салу сияқты экономикалық шаралар қабылданатын болады.
      Темекі шекпейтіндердің таза ауаға құқығын қорғауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу аймағын кеңейту (қоғамдық көлік аялдамалары, көпшілік демалуға арналған қоғамдық орындар ашу) жоспарлануда. Темекі шегудің зияны туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі, оның ішінде темекі бұйымдарында ескертпе жазу алаңының көлемін ұлғайту, сондай-ақ графикалық бейнелеу мен пиктограммаларды әзірлеу және енгізу арқылы жұмыстар жалғасатын болады.
      Бұдан басқа, халықтың арасында, әсіресе БМСК деңгейінде темекі шегудің профилактикасы жөнінде медицина қызметкерлерінің жұмысын күшейту; темекі бұйымдарын тұтынудан бас тартқысы келетіндерді қолдау, оның ішінде темекіні тастағысы келгендерге медициналық-психологиялық көмек жүйесін ұйымдастыру; темекіні тастағысы келгендерге өңірлік және ұлттық телефон желілерін ұйымдастыру бойынша медицина қызметкерлерінің, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын күшейту жоспарлануда.
      Алкоголь мен есірткіні шамадан тыс тұтынуды мынадай бірнеше бағыттарда: экономикалық шараларды қолдану жолымен: алкоголь өнімдеріне салықты кезең-кезеңмен жоғарылату; қол жетімді бағалар бойынша дәстүрлі ұлттық сусындарды (қымыз, шұбат және т.б.) іске асыру және өндіріс жөнінде шағын бизнесті дамытуды басымды қолдау, сондай-ақ өндірілетін алкоголь өнімдерін бақылау мен сапасын реттеу және Қазақстан Республикасының аумағында алкоголь өнімдерін заңсыз өндіру және контрабандалық алкоголь бұйымдарының әкелінуіне бақылауды күшейту жөнінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жолымен төмендету жоспарлануда.
      Алкоголь мен нашақорлықты шектен тыс тұтынуды төмендету үшін алкогольге және нашақорлыққа қарсы насихаттауды жүйелі жүргізуге арналған мынадай жағдайлармен қамтамасыз етілетін болады:
      қоғамда алкоголь сусындарын шектен тыс тұтынуды және есірткі тұтынуды қабылдамау жағдайын, бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ) қамти отырып қалыптастыру;
      алкоголь сусындарына жасырын және оның жанама түрлерін қоса алғанда, жарнамаға толық тыйым салу;
      алкоголь және есірткіні тұтынудың зардаптары туралы халықты ақпараттандыру, өз денсаулығына, әсіресе балалар, жасөспірімдер және жастарда жауапты қатынасты оқыту және қалыптастыру;
      алкогольге қарсы және есірткіге қарсы профилактикалық бағдарламалар әзірлеу және енгізу;
      ІІМ жүйесінің кәмелетке толмаған балалар істері жөніндегі инспекторларымен ақпараттық-әдістемелік жұмыс жүргізу;
      ІІМ қызметкерлерін (полицейлер, учаскелік инспекторлар) алкогольді (есірткілік, уыттылық) мас болу күйіндегі тұлғаларға қатысты қабылданатын шараларға сараланған тәсілдерге оқыту.
      Халықты спорттық-бұқаралық іс-шаралармен қамтуды ұлғайту үшін дене белсенділігі, спорт және белсенді демалыспен айналысу үшін инфрақұрылымды дамыту; қол жетімді спорттық-сауықтыру объектілерін құру; саябақ және ойын алаңдарының жағдайын жақсарту жоспарлануда. Халықты ақпараттық-білім беру бағдарламаларын БАҚ-қа орналастыру арқылы ақпараттандыру арқылы дене тәрбиесі және спортпен айналысуға халықтың уәждемесін арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады. Дәстүрлі спорттық шараларды, ұлттық спорт түрлері мен ұлттық ойындарды БАҚ-ты тарта отырып, халықтың барлық топтарын қатыстырып республика ауқымында өткізу, сондай-ақ, халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысу уәждемесі факторы ретінде жоғары жетістікті спортты дамыту үшін жағдай жасау жоспарлануда.
      Халықтың барлық топтары арасында спортпен айналысу және дене белсенділігіне жағдай жасайтын және көтермелейтін тұлғалар мен ұйымдарды ынталандыру дене белсенділігінің таралуына ықпал ететін маңызды фактор болып табылады. Бұл үшін азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін дене тәрбиесі-сауықтырушылық және спорттық қызмет көрсетулермен қамтамасыз етуді қоса алғанда, жұмыс берушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін арттыру қажет.

      ^ Дұрыс тамақтану

      Мақсаты: халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы.

      Міндеттер:
      балалар, ұрпақты болу жасындағы әйелдер, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту;
      халықты қауіпсіз және дұрыс тамақ өнімдерімен орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету;
      дұрыс тамақтану туралы халықты хабардар ету;
      халықтың тамақтануына мониторинг, бақылау және зерттеу жүргізу.

      Нәтижелер көрсеткіштері:
      темір тапшылығы анемиясымен сырқаттанушылықты 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2 221-ге дейін, 2015 жылға қарай 2 082,0-ге дейін (2009 ж. - 2 314,0) төмендету;
      артық дене салмағының таралуын 2013 жылға қарай 33 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 30 %-ға дейін (2009 ж. - 35,3%) төмендету.

      Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
      Әр жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы, жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдердің тамақтануын жақсарту.
      Болашақ аналардың бала көтергенге дейінгі және жүктілік уақытында барабар тамақтануын қамтамасыз ете отырып, ұрықтың оңтайлы қоректенуіне мүмкіндік беру.
      Емшек сүтімен қоректендіруді қорғауды, насихаттауды және қолдауды қамтамасыз ету және нәрестелер мен кіші жастағы балаларды барабар қосымша тамақтандыруды уақтылы енгізу.
      Жергілікті шикізат өнімдерін пайдаланып балаларға арналған  және емдеу-профилактикалық тамақ өнімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру.
      Балалар үйлерінде, мектепке дейінгі мекемелер мен мектептерде дұрыс тамақтану және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі стратегиясын дамытуды қамтамасыз ету.
      Халықты қауіпсіз және дұрыс тамақ өнімдерімен орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету.
      Қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдар, жай қант пен тұзды төмендетіп, құрамында жоғары деңгейлі дәрумендер, минералдар, микроэлементтер және тамақ талшықтары бар өнім шығаруды кеңейту.
      Негізгі тамақ өнімдерін микронутриенттермен тиісті байыту және қосымша тамақтану үшін өнімдерді әзірлеуді қамтамасыз ету.
      Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау жүйесінің талаптарын күшейту және жетілдіру арқылы қоғамдық және мемлекеттік мекемелерде (қоғамдық тамақтану жүйесі, балалар және мектепте тамақтану, аурухана, әскери мекемелер және т.б.) тамақ өнімдерінің құнарлылық сапасын жақсарту және қауіпсіздігін арттыру.
      Тамақ өнімдері тұтынудың ұсынылған шамасына сәйкес келетін тамақ өнімдері мен сусындардың қаржылық қолжетімділігіне әсер ету үшін экономикалық әдістерді (салықтар, субсидиялар) пайдалану мүмкіндігін зерделеу.
      «Фермадан үстелге дейін» қағидаты пайдаланылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің салааралық жүйесін және Соdех Аlіmentarius-ке сәйкес келетін қауіпті талдау тетіктерін бекіту.
      Тамақ өнімдеріне және оларды өндіруге, санитариялық ережелер мен нормаларға, тамақ өнімінің қауіпсіздігін бақылау жүйесіндегі басқа нормативтік құжаттарға арналған ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру.

      Халықты дұрыс тамақтану туралы хабардар ету
      Жалпы алғанда халыққа және осал топтарға арналған тамақ өнімдерін тұтыну жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.
      Халықтың әртүрлі топтарының дұрыс тамақтану, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және қолжетімді БАҚ-ты тарта отырып, тұтынушылардың құқықтары саласында білім деңгейін және хабардар болуын арттыруға бағытталған көпдеңгейлі қоғамдық және коммуникациялық науқандар өткізу.
      Тұтынушылардың өнімнің сипаттарын жақсы түсінуі, сапалы тамақ өнімдерін таңдауды қолдау мен тағам өнімдерін қауіпсіз сақтау және дайындауға жәрдемдеу үшін тамақ өнімдерінің анық таңбалануын көтермелеу.

      Халықтың тамақтануына мониторинг, бағалау және зерттеу жүргізу:
      тамақтану жағдайына, тамақ өнімдерінің қолжетімділігі мен оларды тұтыну, сондай-ақ әртүрлі жас және әлеуметтік-экономикалық топтарда микронутриеттер тапшылығының профилактикасы бағдарламалары мониторингінің, оның ішінде емшек сүтімен қоректендіру және ерте жастағы балаларды қосымша тамақтандыру мониторингінің мемлекеттік жүйесін құру;
      тағамдық уыттыинфекцияларды қадағалау жүйесін және әртүрлі азық-түлік тізбегінде микробиологиялық және химиялық қауіптер мониторингі жүйесін жетілдіру. Тамақтанудың толық рационына химиялық және биологиялық бөгде заттардың қосылыстарымен ластануын бағалау үшін тұрақты түрде зерттеулер жүргізу;
      негізгі азық-түлік заттарындағы физиологиялық тұтынудың өңірлік нормаларын және халықтың жекелеген топтары үшін олардың денсаулығын, климаттық-географиялық, экологиялық және өңірдің этникалық ерекшеліктерін ескере отырып энергияны түзету;
      әлеуметтік мәні бар алиментарлық-тәуелді аурулардың профилактикасына бағытталған кешенді бағдарламалар мен стратегияларды әзірлеу, іске асыру, мониторингі және бағалау, тамақтану және тамақ өнімдерімен негізделген аурулар ауыртпалығын төмендету.

^ Мектеп оқушылары мен жасөспірімдердің денсаулығы

      Мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің тәни және психологиялық денсаулығын қалыптастыру.

      Негізгі міндеттер:
      Балалар мен жасөспірімдердің психологиялық және тәни денсаулығы проблемаларына кешенді ұстанымды қамтамасыз ету;
      білім беру ұйымдарында денсаулық үшін қолайлы және қауіпсіз қоршаған ортаны құру;
      мектеп оқушыларына дене шынықтырумен айналысуға жағдай мен мүмкіншілік жасау;
      тұтас жүйені дамыту - физикалық ортаны сақтауға, оқушының тәни және психикалық денсаулығын нығайтуға, СӨС ұстануға, валеологиялық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған мектеп медицинасы қызметін (бұдан әрі - ММҚ) құру;
      мектеп оқушылары мен жастардың арасында есірткілерді тарату мен тұтынуға, темекі шегуге және алкогольге қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету;
      балалар мен жасөспірімдерді теңгерімді және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету.

      Нәтижелер көрсеткіштері:
      14 жасқа дейінгі балалар арасында сүйек-бұлшық ет жүйесінің ауруымен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 1 194-ке дейін, 2015 жылға қарай 1 190-ға дейін (2009 ж. - 1 196) және 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 2 295,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 2 992-ге дейін (2009 ж. - 2 997,1) төмендету;
      15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында ЖЖБИ сырқаттанушылықты 2013 жылға қарай 8,3-ке дейін, 2015 жылға қарай 8,0-ге дейін (2009 ж. - 8,5) төмендету. Маркер ретінде мерез алынды;
      14 жасқа дейінгі балалардың арасында психикалық белсенді затты тұтынудың салдарынан психологиялық және мінез-құлықтық бұзылулармен сырқаттанушылықты тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 13,1-ге дейін және 2015 жылға қарай 12,5-ке дейін, 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында тиісті 100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай 563-ке дейін және 2015 жылға қарай 560-қа дейін (2009 ж. - 14 жастағы балалар - тиісті 100 мың адамға шаққанда 13,5, 15-17 жас аралығында - тиісті 100 мың адамға шаққанда 564,8) төмендету;
      15-17 жастағы балалардың арасындағы суицидті 2013 жылға қарай 23,8-ге дейін және 2015 жылға қарай тиісті 100 мың адамға шаққанда 22,0-ге дейін (2009 ж. - тиісті 100 мың адамға шаққанда 24,5) төмендету.

      Қол жеткізу жолдары мен тиісті шаралар
      Мектеп оқушыларының тәни және психикалық денсаулығын қалыптастыру жөніндегі қолданыстағы және жаңадан әзірленген бағдарламаларды жетілдіру үшін басқарылатын себептерден балалар мен жасөспірімдердің сырқаттануына және өлім-жітіміне талдау жүргізу.
      Мына:
      үй-жайларды, ойын алаңдарын тиісінше жоспарлау және жалпы білім беретін мектептерге қойылатын санитариялық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес мектеп жиһазын қоса алғанда қазіргі заманғы мектеп жабдықтарымен қамтамасыз ету;
      оқушылар үшін олардың ең жоғары тәни, психикалық және әлеуметтік әлеуетін іске асыру және олардың жеке сезімдерін арттыру, оқушылардың жеке басын қалыптастыру үшін мүмкіндіктер жасау;
      оқушылар арасында, оқушылар мен мектеп персоналы арасында, сондай-ақ мектеп, үй және қоғам арасында психологиялық қолайлы атмосфера орнату;
      денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау бойынша оң шешімдер қабылдау үшін дағдыларды қалыптастыру жөнінде білім беруді қамтамасыз ету жолымен денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру.

      Тұтас жүйені - физикалық ортаны сақтауға, оқушының және бүкіл қоғамның денсаулығын нығайтуға, СӨС жүргізуге уәждемені, медициналық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ММҚ-ны дамыту;
      мектеп медицинасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарға арналған кешенді бағдарлама әзірлеу және енгізу;
      мектеп медицинасының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу;
      әр оқушының тәни, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтау жөніндегі үдерісті оңтайландыру үшін оқушыларды, педагогтар мен ата-аналарды түрлі деңгейлік, саралап оқыту жүйесін дамыту.

      Мына:
      есірткіні қолданумен байланысты қайтымсыз салдарлар туралы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың хабардар болу деңгейін арттыру;
      есірткінің профилактикасы жөніндегі бағдарламаларды ведомствоаралық деңгейде әзірлеу және енгізу;
      «тең-теңімен» қағидаты бойынша еріктілер қозғалысын одан әрі дамыту (балалардың, жасөспірімдердің, жастардың арасында жауапкершілік дағдысын, құрбыларының қысымына қарсы тұра білу, есірткіден бас тарта білу, өмір сүру дағдысын ұстану негізінде интерактивті оқу өткізу жолымен дұрыс шешім қабылдай білу);
      әдістемелік және ақпараттық-білім беру материалдарын әзірлеу;
      спорт алаңдарын, балалар клубтарын, үйірмелерді, секцияларды, аула клубтарын, жазғы лагерьлерді дамыту және қолжетімділігін арттыру, балама қозғалыстарды дамыту (велосипедтер, роликтер, стритбол, скейтбордтар және т.б.) арқылы балалардың, жасөспірімдердің, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етуге ықпал ету;
      балалардың, жасөспірімдер мен жастардың жеке және әлеуметтік проблемаларын жеңуде психоәлеуметтік қолдау жүйесін дамыту және жетілдіру;
      жастар үшін денсаулық және анонимдік консультациялар орталықтарын дамыту, сенім телефондарының жұмысы жетілдіру арқылы есірткінің, темекі шегу мен алкогольдің мектеп оқушылары мен жастар арасында таралуы мен қолданылуына қарсы тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету.

      
1   2   3   4   5



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
Ағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов