Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы icon

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
страница1/5
Дата конвертации17.05.2013
Размер0.81 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 1113 Жарлығы


"Егемен Қазақстан" 2010 жылғы 10 желтоқсандағы № 523-526 (26369); "Казахстанская правда" от 10.12.2010 г., № 334-335 (26395-26396); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 3-4, 39-құжат




Қазақстан Республикасы Президенті мен
Үкіметі актілерінің жинағында толық 
мәтіні және республикалық баспасөзде
мазмұны жариялануға тиіс      

      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығын іске асыру мақсатында ^ ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
      2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіпте Бағдарламаны іске асыру мониторингі нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2012.08.27 № 371 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесінде реттік нөмірі 3-жолдың «Атауы» деген бағанындағы «Салауатты» деген сөз «Саламатты» деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      6. Осы Жарлық 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН       

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың
2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

МАЗМҰНЫ

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның              Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
атауы                      саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға
                           арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік
                           бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу үшін негіз         «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
                           дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
                           Қазақстан Республикасы Президентінің
                           2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеуге     Қазақстан Республикасы Денсаулық
жауапты мемлекеттік орган  сақтау министрлігі

Бағдарламаны іске          Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
асыруға жауапты            министрлігі, Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдар       Ішкі істер министрлігі, Қазақстан
                           Республикасы Мәдениет министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Индустрия және
                           жаңа технологиялар министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Байланыс және
                           ақпарат министрлігі, Қазақстан
                           Республикасы Қорғаныс министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                           министрлігі, Қазақстан Республикасы
                           Қоршаған ортаны қорғау министрлігі,
                           Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                           министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек
                           және халықты әлеуметтік қорғау
                           министрлігі, Қазақстан Республикасы
                           Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан
                           Республикасы Туризм және спорт
                           министрлігі, Қазақстан Республикасы
                           Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы
                           Экономикалық даму және сауда министрлігі,
                           Астана және Алматы қалаларының,
                           облыстардың әкімдіктері

Бағдарламаның мақсаты      Еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық
                           дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан
                           азаматтарының денсаулығын жақсарту

Міндеттері                 Азаматтардың денсаулығын сақтау және
                           санитариялық-эпидемиологиялық
                           саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелері
                           бойынша сектораралық және ведомствоаралық
                           өзара іс-қимылды күшейту;
                           Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін
                           дамыту және жетілдіру;
                           медициналық және фармацевтикалық білімді
                           жетілдіру, медицина ғылымын және
                           фармацевтикалық қызметті дамыту

Іске асыру мерзімі         2011 - 2015 жылдар
                           бірінші кезең: 2011 - 2013 жылдар
                           екінші кезең: 2014 - 2015 жылдар

Нысаналы индикаторлар      Халықтың күтіліп отырған өмір сүру
                           ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке
                           дейін, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейін
                           ұлғаюы;
                           ана өлім-жітімінің 100 мың тірі
                           туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
                           28,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 24,5-ке
                           дейін төмендеуі;
                           нәресте өлім-жітімінің 1000 тірі
                           туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
                           14,1-ге дейін, 2015 жылға қарай 12,3-ке
                           дейін төмендеуі;
                           жалпы өлім-жітімнің 1000 адамға шаққанда
                           2013 жылға қарай 8,14-ке дейін, 2015 жылға
                           қарай 7,62-ге дейін төмендеуі;
                           туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100 мың
                           адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге
                           дейін, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейін
                           төмендеуі;
                           15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ
                           инфекциясының таралушылығын 0,2 - 0,6
                           шегінде ұстау

Қаржыландыру көздері       Бағдарламаны іске асыруға 2011 - 2015
мен көлемі                 жылдары республикалық және жергілікті
                           бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ
                           Қазақстан Республикасының заңнамасымен
                           тыйым салынбаған басқа да қаражат
                           жұмсалатын болады.
                           Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік
                           бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.
                           теңгені құрайды.

Жылдар бойынша

Барлығы

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Басқа көздер

2011 ж.

65 262,7

64 700,3

562,4




2012 ж.

79 966,9

75 312,1

454,8

4 200

2013 ж.

74 059,4

69 367,9

491,5

4 200

2014 ж.

79 086,1

74 290,5

595,6

4 200

2015 ж.

81 983,8

72 926,0

657,8

8 400

барлығы

380 358,9

356 596,8

2 762,1

21 000

                           2001 - 2015 жылдарға арналған
                           Бағдарламаны қаржыландыру көлемі
                           Қазақстан Республикасының заңнамасына
                           сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған
                           республикалық және жергілікті бюджеттерді
                           бекіту кезінде нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      Әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуін ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму шамасын айқындайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге қызмет ететін бірыңғай дамыған, әлеуметтік бағдарланған жүйені білдіретін денсаулық сақтау саласы халық әл-ауқатының орнықты және тұрақты өсуі тұрғысынан алғанда республикадағы негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.
      Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді ұғым болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жарақталуын, клиникалық мамандардың кәсіби деңгейін және оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету үдерістерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту аясында маңызды орын алады.
      2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты - міне, осылар денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.
      Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері айқындалды.
      Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық өзара іс-қимылды ескере отырып, жоспарланған іс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық, құрылымдық, экономикалық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар көзделген. Медициналық қызметтердің және медициналық ұйымдардың арасындағы бәсекелестік қатынастардың нарығын құру көзделіп отыр.
      Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің шығыны аз нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізуге, сондай-ақ халықтың өзін-өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина персоналының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады.

^ 3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - Мембағдарлама) іске асыру кезеңінде мынадай белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді:
      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі қабылданды;
      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша ең төменгі стандарттар белгіленді;
      Қазақстан Республикасында ана мен бала өлім-жітімін төмендету жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында қан қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-қимыл жөніндегі 2006 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2008 - 2016 жылдарға арналған, «Саламатты өмір салты» жөніндегі 2008 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламалары әзірленді және енгізілді;
      шекараны санитариялық қорғау жүйесі қалыптасты: мемлекеттік шекарада ел аумағын аса қауіпті инфекциялық аурулардың әкелінуінен және таралуынан қорғауды қамтамасыз ететін санитариялық-карантиндік пункттер желісі кеңейтілді;
      жалпы дәрігерлік практика қағидаты бойынша жұмыс істейтін бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі - БМСК) қызметін реформалау жүргізілді, қанайналым жүйесі ауруларын ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек халықты профилактикалық қарап-тексеру, ұрпақты болу жүйесінің онкопатологиясын ерте анықтау тұрғысынан әйелдерді скринингтік зерттеу жүргізілуде;
      дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті түрде қамтамасыз ету енгізілді;
      мемлекеттік медициналық ұйымдар желісін типтеу және стандарттау жүргізілді, денсаулық сақтау ұйымдары желілерінің мемлекеттік нормативі бекітілді;
      денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту жөніндегі іс-шаралар жүргізілді;
      тәуелсіз медициналық сараптама жүйесі құрылды;
      2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдан әрі - БҰДЖ) кезең-кезеңмен енгізілуде, ол пациенттерге дәрігер мен медициналық ұйымды еркін таңдауды қамтамасыз етуді, медициналық қызмет көрсетудің бәсекелестік ортасын қалыптастыруды, медициналық ұйымдардың түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған жұмысын және нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеуді көздейді;
      туберкулез, психикалық және инфекциялық ауруларды емдеуді қоспағанда, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсетуге арналған бюджетті облыстық деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық деңгейде шоғырландыру жүргізілді;
      денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау жүзеге асырылуда;
      «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу» жобасы Дүниежүзілік банкпен бірлесіп іске асырылуда;
      Дәрілік заттар дистрибуциясының бірыңғай жүйесі енгізілді;
      денсаулық сақтау саласына ақпараттық технологиялар енгізілуде: барлық өңірлерде филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау орталығы құрылды;
      санитариялық-эпидемиологиялық қызметті қайта құрылымдау жүргізілді, тігінен басқару құрылды;
      денсаулық сақтау саласындағы бақылау аясында тәуекелді бағалау жүйесі енгізілуде.

      Медициналық-демографиялық жағдай және сырқаттанушылық
      Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде:
      демографиялық жағдайдың жақсаруы, халықтың туу деңгейінің 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейін артуы;
      өлім-жітім көрсеткішінің тұрақтануы - 9,74 (2005 ж. - 10,37);
      халықтың табиғи өсу коэффициентінің 1000 адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. - 8,05) дейін өсуі байқалды.
      Республикада халықтың саны 2005 жылмен салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды құрады. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде сырқаттанушылықтың сәл ұлғаю (1,7%) үрдісі белгілі болды. Сырқаттанушылық құрылымында бірінші орынды тыныс алу ағзаларының аурулары (39,37%), екінші - жарақаттанушылық пен уланулар (6,88%), үшінші - несеп-жыныс жүйелерінің аурулары (6,86%), одан кейін асқорыту ағзаларының аурулары (6,46%), тері және теріасты жасушаларының аурулары (6,08%), қан және қан өндіру ағзаларының аурулары (4,24%), қанайналым жүйесінің аурулары (3,72%), инфекциялық және паразиттік аурулар (3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.
      Демографиялық жағдайдағы оң ілгерілеушілікке қарамастан, ана мен бала денсаулығының төмен деңгейі сақталуда. Ұрпақты болу өзекті проблема күйінде қалып отыр, некеге тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақсыз болып табылады. Бұл көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (бұдан әрі - ЖЖБИ) кеңінен таралуына және түсіктің жоғары деңгейіне байланысты, бұл өз кезегінде халықтың, ең алдымен жас адамдардың қауіпсіз жыныстық мінез-құлқымен айқындалады. Тіркелген жағдайлардың статистикасына сәйкес елдегі 4 жүктіліктің 1-і жасанды үзумен аяқталады. 15-19 жас аралығындағы жасөспірім қыздардың босану жиілігінің ұлғаю үрдісі бар және 2008 жылы 1000 адамға шаққанда 31,1-ді құрады. Ана өлім-жітімінің негізгі себептері (100 мың тірі туғандарға шаққанда 2005 ж. - 40,5; 2009 ж. - 36,9) акушериялық қан кетулер, гестоздар, экстрагениталдық патологиялар болып отыр.
      2005 жылы нәресте өлім-жітімінің деңгейі 1000 тірі туғандарға шаққанда 15,1-ді құрады. 2008 жылдан бастап тірі туу және өлі туу өлшемдерінің енгізілуімен нәресте өлім-жітімінің көрсеткіші 20,7-ні құрады және 2009 жылы 1000 тірі туғандарға шаққанда 18,4-ке дейін төмендеу үрдісі байқалады. Нәресте өлім-жітімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар болып табылады (60,4%). Нәресте өлім-жітімінің құрылымында екінші орынды туа біткен патология алады, бұл жүргізілген ерте диагностиканың (туа біткен патологияны анықтау мәніне жүкті әйелдердің скринингі) жеткіліксіздігін, ата-аналардың саламатты өмір салтын сақтамайтындығын және республиканың бірқатар өңірлерінде қолайсыз экологиялық жағдайды айғақтайды.
      2007 - 2009 жылдардағы деректерді талдау өлім-жітімнің барлық себептері арасында 1 жасқа дейінгі балалардың респираторлық аурулардан және пневмониядан өлім-жітімі 3-орынды, инфекциялық аурулардан өлім-жітімі 1-орынды алатынын көрсетті. 2008 жылы Қазақстан Республикасында 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығының 33 774 жағдайы тіркелді. 2008 жылы 5 жасқа дейін балалар өлім-жітімі жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады, пневмониядан 1,5 мың бала қайтыс болды.
      Қазіргі таңда пневмококктық инфекциядан ең тиімді және экономикалық пайдалы қазіргі заманғы медицинадағы профилактикалық іс-шара вакцинация болып табылады. Республиканың профилактикалық екпелерінің күнтізбесіне 2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға қарсы вакцинацияны енгізу 5 жасқа дейінгі балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын 50 %-ға дейін, өлім-жітімін 20 %-ға дейін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
      Қазіргі таңда Қазақстанда егде жастағы адамдар барлық халық санының 7,7 %-дан астамын құрайды. Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының болжамдары бойынша таяу жылдары Қазақстанда егде жастағы адамдардың саны 11 %-ға артатындығы күтілуде. Соған байланысты оларға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін республикада геронтологиялық көмек жүйесін құру қажет.
      Өткен бесжылдық кезеңде әлеуметтік мәні бар аурулардың таралушылығы мен халық өлім-жітімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендеуі байқалады. Мәселен, туберкулезден болған сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіші (100 мың адамға шаққанда тиісінше 147,3-тен 105,5-ке дейін және 20,8-ден 12,5-ке дейін) төмендеген. Сонымен қатар осы ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің рейтингінде Қазақстан сырқаттанушылық бойынша 94-орында (2007 жылы - 130,0 орын) және туберкулездің бизнеске әсер етуі бойынша 111 позицияда тұр.
      Жүргізіліп жатқан ауқымды құрылысқа, «DОТS-плюс» туберкулезді емдеу бағдарламасының іске асырылуына қарамастан, туберкулездің таралуын, дәріге төзімділігінің дамуын және өлім-жітімді эпидемиологиялық қадағалау мәселелері өзекті күйінде қалып отыр.
      Қатерлі ісікпен сырқаттанушылықтың кейбір көрсеткіштері (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен 182,6-ға дейін) төмендегендігі байқалады. Сонымен қатар, асқынған түрлері көбеюде (16,2%), ал өлім-жітім жалпы өлім-жітім себептерінің құрылымында үшінші орынды алады (12,6%). Алайда жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуімен қатар ірі өнеркәсіптік өңірлер бойынша көрсеткіштердің өсуі байқалады. Қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың ең жоғары үлес салмағы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында (44,5%) белгіленген.
      Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) жіктемесі бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырланған сатысында (орташа әлемдік көрсеткіш 1,1% болғанда халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың бағалау деректері бойынша Қазақстанда АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың адамды құрайды, бұл тіркелгендердің санынан 2 есеге жуық артық. АИТВ жұқтырғандардың жалпы санының шамамен 1/4-ін құрайтын АИТВ жұқтырған әйелдердің саны өсуде. 2008 жылы жүкті әйелдер арасында АИТВ жұқпасының жиілігі 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға арта отырып, 0,07 %-ды құрады, бұл АИТВ-ның анадан балаға берілу ықтималдылығын арттырады. Сонымен қатар, халықтың АИТВ/ЖИТС туралы хабардар болуының төмендігі осы патология бойынша жағдайдың нашарлауының нақты қауіптілігіне ықпал етеді.
      Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем елдері үшін де қазіргі заманғы медициналық-әлеуметтік маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім-жітім құрылымында екінші орынды, бірінші рет мүгедектікке шығу бойынша үшінші орынды алады. Сонымен қатар, әртүрлі жарақат алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру бойынша жүйелі тәсіл жоқ.
      Соңғы жылдары алғашқы мүгедектік деңгейінің теріс серпіні қалыптасты (10 мың адамға шаққанда республикада мүгедектікке алғашқы шығудың қарқынды көрсеткіші 2007 жылы - 27,7-ні, 2008 жылы - 28,8-ді, 2009 жылы - 29,2-ні құрады), бұл денсаулық сақтаудың профилактикалық бағыттылығының нашарлығының дәлелі болып табылады.
      Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған ортаның зиянды факторларының әсеріне байланысты ауруларды (тыныс алу ағзаларының аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық аурулар және тағы басқалар) диагностикалау және емдеу қызметіне деген сұраныстың артуына ықпал етеді.
      Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың оң серпіні байқалады, елеулі инфекциялық аурулардың бірқатарының төмендегені тіркелген, ал вакцинамен басқарылатын кейбір инфекциялық аурулар бойынша толық жою немесе элиминациялау міндеті жолға қойылған.
      Жыл сайын қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген халықтың үлес салмағы артып келеді, ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша 81,8 %-ды құрады, эпидемиялық маңызды объектілердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы жақсаруда. Аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарында қажетті профилактикалық іс-шаралар кешені қамтамасыз етілді, оларда халықтың топтық сырқаттанушылық жағдайларына жол берілген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен эпидемиологиялық жағдайдың қиындағаны туралы шұғыл хабарлау жүйесі енгізілді.
      Сонымен қатар, қызметтің инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық денсаулық сақтаудағы қызметін күшейту мәселелері шешімін таппай келеді. Өткізілетін санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың сапасы мен жеделдігін арттыру қажет, аккредиттеу жүйесі нашар дамыған, зертханалық зерттеулердің және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының әсер ету қауіп-қатерлерін бағалаудың халықаралық стандарттары жеткіліксіз енгізілген. Өнімнің және қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесі дамымаған.
      Дезинфекциялаумен және дератизациялаумен айналысатын ұйымдардың қызметін бірыңғай үйлестіруді қалыптастыру бөлігінде олардың қызметін жетілдіруді, өткізілетін іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыруды талап етеді.
      Биологиялық терроризмнің өсу қауіптеріне және аса қауіпті инфекциялардың таралуына байланысты ұлттық биологиялық қауіпсіздік жүйесін құру кажет.
      ДДҰ деректері бойынша адам денсаулығының 50 %-ы өмір салтына, көптеген созылмалы инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры жүйелерінің аурулары, қант диабеті және басқалар) дамуы да адамның өмір сүру салтына байланысты. Соған байланысты қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру және дене шынықтыруды дамыту маңызды болып отыр. Сонымен қатар, қазіргі уақытта қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерінде сектораралық және ведомствоаралық серіктестік тетігі жолға қойылмаған, бұл мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және жеке секторлардың денсаулық сақтау саласындағы өз міндеттерін жете түсінбеуіне, жауапкершілікті нақты бөлісудің болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.
      Сондай-ақ халық денсаулығы деңгейінің төмен болуының себептері саламатты өмір салтын ұстану және аурулардың алдын алу, қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының сақталуы, суды тұтыну мен тамақтану мәселелерінде халықтың жеткіліксіз ақпараттандырылуы, сауаттылығы мен уәждемесінің жеткіліксіздігі, халықтың әлеуметтік әлсіз санатының әлеуметтік экономикалық нашарлығы болып табылады. Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесінің профилактикалық белсенділігінің төмендігі, яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды емдеуге бағытталу сақталуда.

      Денсаулық сақтау жүйесі
      Денсаулық сақтаудың негізгі көрсеткіштерінің серпіні денсаулық сақтау саласына бағытталған бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенінің дәлелі. Мәселен, 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) қаржыландыру көлемі 90,5-тен 273,1 млрд. теңгеге дейін көбейген. 2009 жылы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының, ТМККК қаржыландырылуын орта республикалық деңгейге дейін кезең-кезеңмен жеткізуге республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттермен 5,4 млрд. теңге бөлінген болатын.
      Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы жан басына шаққандағы шығыстар көлемі де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейін өскен.
      Мембағдарламаны іске асырған уақытта төсекпен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың адамға шаққанда 70,2-ге дейін төмендеген (2005 ж. - 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер саны тек 2 330 бірлікке азайды. Сонымен бірге стационарға емдеуге жатқызылған 30 %-ға дейінгі науқастар стационарлық емге мұқтаж емес; жедел медициналық көмекті шақырту саны (2005 ж. 4 658 971-ден 2008 ж. 4 978 393-ке дейін), оның ішінде негізсіз шақыртулар саны (тиісінше 126 756-дан 189 498-ге дейін) көбейген.
      Стационарды алмастыратын технологиялардың дамығандығы байқалады. Мәселен, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанындағы күндізгі стационарда 445 145 науқас (2005 ж. - 278 813), ауруханалардағы күндізгі стационарда - 64 081 науқас (2005 ж. - 56 728), үйдегі стационарларда 158 758 науқас (2005 ж. - 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн. пациент қабылданған (2005 жылы - 99,3 млн.), бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы - 6,6 деңгейде қалып отыр.
      Қазіргі таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ДБАЖ) енгізілді. Қашықтықтан мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Министрлік 2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде денсаулық сақтаудағы телемедицинаны және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық жобаны іске асырып келеді. Соған байланысты қазіргі таңда 14 өңірде ауылдық денсаулық сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен енгізілуде. Телемедицина сеанстары түрлі бейіндегі мамандардың қатысуымен телеконференция түрінде өткізіледі: 2009 жылы 13 өңірде 10 611 телемедициналық консультация өткізілді.
      Республикада денсаулық сақтау ұйымдары желісінің жаңа мемлекеттік нормативіне өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыру барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативі әзірленді және бекітілді, бұл денсаулық сақтау ұйымдары желісін реттеуге, көпбейінді ауруханалар желісін құруға, БМСК-ның қолжетімділігін, бірінші кезекте ауыл халқы үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, медициналық ұйымдарды шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын мәртебесіне кезең-кезеңмен ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесін, денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясатты жетілдіруге, медициналық ұйымдардың қызметтерінің экономикалық тиімділігін арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
      Жоғары технологиялық қызметтер секторын дамыту жалғасуда. Қазіргі уақытта «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрі - Холдинг) құрамына жоғары технологиялық көмек көрсететін бес республикалық ғылыми орталық: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық балаларды оңалту орталығы, Республикалық диагностикалық орталық, Нейрохирургия ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем ғылыми-зерттеу институты кіреді. 2011 жылы тағы бір объект - Кардиохирургия республикалық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
      Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында бірқатар іргелі проблемалар бар. Мәселен, денсаулық сақтау саласы, әсіресе бастапқы медициналық-санитариялық көмекті дамытуда қосымша салымдарды қажет етеді. ТМККК қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан (2003 ж. 64,8 млрд. теңгеден 2009 ж. 464,1 млрд. теңгеге дейін), ол да қосымша шығыстарды қажет етеді. Негізгі проблемалар тек ресурстардың жеткіліксіздігіне байланысты емес, сонымен қатар оларды пайдалану тиімділігінің төмендігіне де байланысты болып отыр, яғни қазіргі таңда денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру оның тиімділігіне емес, желінің қуаттылығын ұстауға бағдарланған.
      БМСК-ті қаржыландырудың тиімді тетіктері: ынталандыру төлемдеріне қаржыландырудың болмауы (44%), нормативтік құқықтық базаны жетілдірмеу, заңды тетіктердің болмауы (25%); денсаулық сақтау менеджерлерін нашар даярлау (6%) себепті жеткіліксіз пайдаланылады.
      Бұдан басқа, тариф белгілеудің объективтік емес қолданыстағы жүйесі, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары дербестігінің төмендігі мен білікті менеджерлердің болмауы медициналық қызметтерді ұсынушылардың бәсекелестігін дамытуды тежейді.
      Медициналық қызметтерге қол жеткізудің әркелкілігі мен медициналық қызметтер сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен, Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл адамдарының құрайтындығына қарамастан, қазіргі таңда денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда Астана және Алматы қалаларына шоғырланған. Бұл еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі пациенттердің сапалы  және жоғары технологиялық медициналық қызметтерге қолжетімділігін айтарлықтай қиындатады. Өңірлер бойынша ресурстарды әркелкі бөлу де байқалады. Мәселен, 2009 жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау бір тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289 теңгеге дейін құрады.
      Осыған байланысты өңірлік денсаулық сақтау мәселесі аса көңіл бөлуді талап етеді, сондықтан Мембағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі қаржыландыруды, медициналық көмекті өңірлік теңестіру, қазақстандықтардың сапалы және жоғары технологиялық медициналық көмекке әділ қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
      Қазіргі таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі проблемалы мәселе күйінде қалып отыр. Мысалы, жедел медициналық жәрдемді медициналық жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру республика бойынша 51,69 %-ды құрайды. Елдің бірқатар өңірлерінде медициналық көмек көрсететін ұйымдар (жедел медициналық жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық сараптама және басқалар) бейімделген үлгідегі емес үй-жайларда орналастырылған, 400-ден астам (4,3 %) денсаулық сақтау ұйымы авариялық ғимараттарда орналасқан.
      Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бірінші буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты сақтаушы технологиялар нашар дамуда.
      Бұдан басқа, нормативтік талаптар қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келмейтіні байқалады. Бюджеттің болмауына байланысты «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы іске асырылмай отыр.
      Медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу деңгейі төмен күйінде қалып отыр, олардың жұмысының түпкілікті нәтижесіне негізделген еңбекақы төлеуге сараланған тәсіл жоқ. Бұдан басқа, жер жерлерде, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлардың тапшылығы байқалады, бұл республиканың ауыл халқын медицина қызметтерімен қамтамасыз етуді қиындатады.
      БҰДЖ-ның белсенді енгізілуіне қарамастан қазіргі таңда денсаулық сақтау саласында ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі, медициналық қызметкерлердің арасындағы компьютерлік сауаттылық деңгейінің төмендігі және емдеу-профилактикалық үдерісті автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
      Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына қолжеткізу жөнінде нақты жұмыстар жүргізілді. Медициналық және фармацевтикалық білім берудің нормативтік базасы құрылды, 2007 жылдан бастап кәсіби бағытқа негізделген және әлемдік озық тәжірибеге сүйенген медициналық жоғары білім берудің жаңа бағдарламалары іске асырылуда. Мемлекеттік медициналық жоғары оқу орындары соңғы 10 жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды, жоғары оқу орындарының 85 %-ы үлкен дербестік алып, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар статусына ауысты. Білім берудің инновациялық технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Құрылған оқыту-клиникалық орталықтары студенттер мен интерндерді клиникалық даярлықтан өткізуге мән беруге мүмкіндік туғызып отыр. Медициналық білім берудің дүниежүзілік федерациясы ұсынған сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына негізделген базалық медициналық білімді институциялық аккредиттеудің ұлттық стандарттары әзірленді. Мембағдарламаны іске асыру кезеңінде медицина кадрларының біліктілігін шетелде арттыруға, шетелдік жетекші мамандарды Қазақстан Республикасына тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға көп көңіл бөлінді.
      Денсаулық сақтау саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі өзекті проблема күйінде қалып отыр. Бүгінгі таңда салада шамамен 59 мыңнан астам дәрігер еңбек етеді. Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5 %-дан астам өсуі есебінен жоғары білімі бар медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына, оқу бітірушілер санының ұлғаюына қарамастан салада, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлардың тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрігер кадрларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем. Қазақстан өңірлері бойынша дәрігер кадрларды бөлудің теңсіздігі өте жоғары болып сипатталады және кейбір өңірлерде 10 мың адамға шаққанда 9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды облысы) дейін құрайды.
      Кадрлардың «қартаю» үрдісі байқалады. Салаға жас мамандардың келуінің ұлғаюына қарамастан, олардың үлесі жеткіліксіз және дәрігер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың төмендігі және уәждемелік тетіктердің болмауы салдарынан ЖОО-ны бітіруші түлектерді жұмыспен қамту деңгейі 87 %-дан аспайды.
      Медицина кадрларының санаттылық деңгейінің жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететін медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар мен жұмыс берушілерді қанағаттандырмайды.
      Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы дүниежүзілік стандарттардан айтарлықтай артта қалып отыр, отандық ғылыми өнімнің бәсекелестікке қабілетсіздігі мен қажет етілмейтіндігі байқалады. Көрсетілген мәселені шешу үшін 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын реформалау тұжырымдамасы іске асырылуда. Медицина ғылымын басқаруды жетілдіру іс-шаралары басталды. Бірқатар ғылыми ұйымдар зор дербестікке қол жеткізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар мәртебесіне ауысты. Ғылыми-білім беру-практикалық кластерлер құрылып жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелді медицина орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур университеттерінде ғылыми зерттеулер менеджменті бойынша оқудан өтті. Халықаралық басылым беттерінде рецензияланған жарияланымдар көбейіп, халықаралық патенттер пайда бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесі әзірленді.
      Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды даярлау сапасы, жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілік деңгейі, БМСК көрсететін персоналдың тапшылығы, ірі қалалардағы медицина қызметкерлерінің аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсіптік медициналық білім алған медицина қызметкерлері санының теңсіздігі, жұмысқа деген уәждемелік ынталандырудың болмауы және денсаулық сақтау қызметкерлерін әлеуметтік қорғалудың жеткіліксіздігі, ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі, инновациялық жетістіктердің жоқтығы Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы білім беру қызметінің негізгі проблемалары күйінде қалып отыр.
      Қазақстан Республикасында фармацевтика саласын нарықтық экономика жағдайына бейімдеу үшін қайта ұйымдастыру үдерісі басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін іске асыруда дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласын реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Мемлекеттік қолдау шаралары отандық кәсіпорындардың сапалы фармацевтикалық өнімдерін өндіру көлемін және номенклатурасын жыл сайын арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
      Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы тіркеу, сертификаттау, сапасын, сондай-ақ олардың жарнамасын бақылауды қамтамасыз ету қызметі тәртіпке келтірілген. Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.
      Нормативтік құқықтық актілерді Еуроодақ елдерінің нормаларына сәйкес үйлестіру жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасы Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми бақылаушысы және дәрі-дәрмектердің жанама әсерлерінің мониторингі бойынша ДДҰ-ның халықаралық бағдарламасының толық құқықты қатысушы ел болды. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен сатып алынатын дәрілік заттардың бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді, бұл олардың бағасын орташа есеппен 30 %-ға арзандатуға мүмкіндік туғызды.
      Әлемдік тәжірибенің негізінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды дистрибуциялаудың бірыңғай жүйесі құрылды, бұл қаржы қаражатын айтарлықтай үнемдеуге және отандық препараттарды тұтыну үлесін бірнеше есеге арттыруға мүмкіндік туғызды. Ауыл халқына дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымы жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенде БМСК объектілері арқылы дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды.
      Фармацевтика қызметінде қол жеткізген табыстармен қатар бірінші кезекте шешуді кажет ететін белгілі бір міндеттер бар.
      ТМККК тізбесіне сәйкес сапалы фармацевтикалық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық дәрі-дәрмек саясатының жаңа жобасын әзірлеу қажет. Кеден одағына мүше елдердің фармацевтикалық жиынтық нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде 17 миллиардтан асады. Фармацевтика саласын қарқынды дамыту үшін шығарылатын дәрілік препараттардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарын жүргізу қажет және халықаралық нарыққа шығу керек, оның ішінде кеден одағы аясында түпкі өнім сапасын бақылау жүйесінен өндіру сапасын қамтамасыз ету жүйесіне, дистрибьюторлық және дәріханалық практикаға көшу қажет.
      Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды талдай отырып, жалпы саланың күшті жақтары ретінде мыналарды атауға болады:
      денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты белгіленген басым бағыттары;
      денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту;
      ел халқының негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің тұрақтануы мен жақсаруы, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі;
      денсаулық сақтау объектілерінің қалпына келтірілуі және жаңаларының салынуы;
      емдеу-диагностикалық үдеріске жаңа медициналық технологиялардың енгізілуі;
      ауылдық жерлердің медициналық ұйымдарында телемедициналық пункттердің болуы;
      елдің барлық өңірлерінде филиалдары бар республикалық медициналық ақпараттық-талдау орталығының болуы;
      халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігінің жақсаруы.
      Әлсіз жақтары:
      денсаулық сақтау ұйымдарының, әсіресе ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз материалдық-техникалық базасы;
      мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың денсаулық сақтау үшін ортақ жауапкершілігінің жоқтығы;
      азаматтардың дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге құқықтарын іске асырудың нақты тетіктерінің болмауы;
      өңірлерде және республикалық маңызы бар қалаларда ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасындағы үлкен айырмашылық;
      медицина кадрларын даярлау сапасының жеткіліксіздігі;
      денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау институты нашар дамыған;
      кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология, травматология, басқа да бірқатар мамандықтар, сондай-ақ менеджмент саласында арнаулы біліктіліктің жекелеген бағыттары бойынша кадрлар тапшылығы;
      денсаулық сақтау жүйесінің, әсіресе ауылдық өңірлерде білікті кадрлармен нашар қамтамасыз етілуі;
      пациенттің және медицина қызметкерінің құқықтарын қорғау жүйесі нашар дамыған;
      ауылдық жерлердегі шалғай орналасқан елді мекендердегі, әсіресе халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарының медициналық қызметтерге қолжетімділігінің төмендігі;
      денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандардың болмауы.
      Мүмкіндіктер:
      әлемдік экономиканың тұрақтануы;
      медициналық және фармацевтикалық ғылымның дамуы, ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерінің пайда болуы;
      Дүниежүзілік банктің инвестициялық қолдауы;
      денсаулық сақтау саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістерінің пайда болуы;
      денсаулық сақтау секторында ақпараттық технологияларды дамыту;
      халықтың арасында спортты танымал ету, спортпен шұғылданатын халықтың санын ұлғайту;
      ДДҰ қолдауымен көптеген елде темекі шегуге жағымсыз қатынасты қалыптастыру;
      шектес мемлекеттермен эпидемиологиялық ахуалдың асқынуы туралы шұғыл хабарлау жүйесінің болуы.
      Қауіптер:
      тұмаудың, Н1N, Н5N1 жаңа вируленттік түрлерінің оқыстан пайда болуы;
      қазіргі заманғы медициналық жабдықтар мен фармацевтикалық препараттарға бағалардың өсуі;
      елдің аграрлық өнеркәсібінде пестицидтер мен тыңайтқыштардың, Қазақстан Республикасына импортталатын өнімдердің жеткілікті реттелмеуі;
      елдің мал шаруашылығында гормоналдық және фармацевтикалық препараттарды, Қазақстан Республикасына импортталатын өнімдерді пайдалану;
      ел аумағында аса қауіпті инфекциялардың табиғи ошақтарының болуы;
      кейбір өңірлерде қауіпсіз ауызсу көздерінің болмауы.

  1   2   3   4   5



Похожие:

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын бекіту...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconПостановление Правительства республики казахстан астана, Үкімет Үйі 201 жылғы 201 г. № Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconЖоба қазақстан республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық ЖӘне фармацевтикалық білімін дамытудың ТҰжырымдамасы кіріспе
Зақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған медициналық және фармацевтикалық білімін дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрі Тұжырымдама)...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар тізімі
Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconМинистерство здравоохранения республики казахстан приказ
Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы №41 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың...
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
Мақсаты: Еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған \"Саламатты Қазақстан\" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы iconҚазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы 2012 жылға жиынтық ақпараты
Ағдарламасы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы Жарлығымен бекітілді....
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов