«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon

«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты



Название«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
страница1/4
Дата конвертации09.04.2013
Размер0.74 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы 27 шілдедегі № 981 қаулысымен  
бекітілген


«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік қызметті 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы ұсынады.

Мемлекеттік қызметтің шалғайдағы елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті мобильді орталықтар арқылы көрсетуге жол беріледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 9-бабының, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 28-бабының 2) тармақшасының, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 15-2-бабының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.mts.gov.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде;

2) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында (бұдан әрі - «Орталық» РМК) www.con.gov.kz;

3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес орталықтардың үй-жайларында орналасқан стенділерде;

4) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат call-орталықтың 1414 телефоны арқылы да берілуі мүмкін.

5. Мемлекеттік қызмет нәтижесі www.elicense порталында ойын автоматтары қызметімен айналысу құқығына 10 жыл мерзімге берілетін электрондық құжат нысанындағы лицензия, не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (бұдан әрі - алушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі алушы орталыққа немесе порталға жүгінген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті мемлекеттік орган мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға бір күн қалғанда ұсынады);

2) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

3) алушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты 20 минуттан аспайды;

4) телнұсқа өтiнiш берiлген күнінен бастап екі жұмыс күнi iшiнде беріледі;

5) қайта ресімделген лицензия өтiнiш берiлген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде беріледі.

8. Мемлекеттік қызмет «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген 3845 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ойын автоматтары залы қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымды бюджетке төлеу түрінде білдіретін ақылы негізде көрсетіледі. Бұл ретте лицензияның телнұсқасын беруге алымның мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ын, лицензияларды қайта ресімдеу мөлшерлемесі лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.

Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге электрондық сұрау портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

9. Жұмыс кестесі:

уәкілетті органда демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 33-үй мекенжайы бойынша жұмыс қамтамасыз етілетін кесте белгіленеді.

Орталықтарда мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, еңбек заңнамасына сай, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз көрсетіледі.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібінде, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

Мобильді орталықтар құжаттарды қабылдауды орталық бекіткен кестеге сәйкес, бірақ бір елді мекенде кемінде алты жұмыс сағаты бойы жүзеге асырады.

Портал тәулік бойы жұмыс істейді.

10. Мемлекеттік қызмет:

1) алушының тұрғылықты жері бойынша орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін арналған орындықтар, толтырылған бланкілердің үлгілері бар анықтамалық стенділер орналасады. Ғимаратта мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдайлар (күтуге арналған орындықтар, стенділер) көзделген;

2) порталда – жеке кабинетте көрсетіледі.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


11. Мемлекеттік қызметті алу үшiн алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

орталыққа:

  1. өтініш;

2) заңды тұлға үшін – жарғының көшірмесі (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған);

3) алушының салық органында 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін есепке тұрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) көшірмесі;

4) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мөлшерде ойын автоматтары қызметімен айналысу құқығына жыл сайынғы лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі қағаз жеткізгіште;

5) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі;

Мына құжаттардың мәліметтері:

1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;

2) заңды тұлға үшін - алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

3) дара кәсіпкер үшін - алушыны дара жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден халыққа қызмет көрсету орталықтарының ақпараттық жүйесі арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.

Орталық қызметкері түпнұсқаларды құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды мемлекеттік қызметті алушыға қайтарады.

Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.

Қайта ресімделген лицензия мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;

2) жеке кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырғанда;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде беріледі.

Қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіпте лицензияны қайта ресімдеу туралы сұрау беруге құқылы.

Порталда:

1) алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;

2) заңды тұлға үшін жарғы (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары берілмеген жағдайда нотариалды түрде куәландырылған) электрондық сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;

3) осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер мен құжаттар сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;

4) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес өтінім берушінің қолымен және мөрімен расталған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерімен бірге ойын жабдығының тізбесі сканерлерген көшірмелер түрінде электрондық сұрауға тіркеледі;

Мына құжаттардың мәліметтері:

1) жеке тұлға үшін - алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландырушы құжат;

2) заңды тұлға үшін алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

3) дара кәсіпкер үшін алушыны дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

4) алушыны салық органында есепке алу туралы куәлік;

5) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер.

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын құжаттардың мәліметтерін уәкілетті орган тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңба қойылған электрондық құжат нысанында жеке алады.

Лицензия жоғалған немесе бүлінген жағдайларда алушыға лицензияның телнұсқасы беріледi.

Қайта ресімделген лицензия мынадай жағдайларда:

1) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенде;

2) дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгергенде;

3) заңды тұлғаны бірігу, қосылу, бөлініп шығу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастырғанда;

4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгергенде беріледі.

Қызмет түрінің және (немесе) кіші қызмет түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиат осы тармақта белгіленген тәртіппен лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқылы.

12. Лицензияның телнұсқасын алу үшін алушы (немесе сенімхат бойынша өкілі) лицензияның жоғалғаны, бүлінгені туралы электрондық құжат нысанында фактілерді растайтын құжаттарды қоса отырып өтініш береді.

Алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті лицензияларды, лицензиялардың көшірмелерін және лицензияларға қосымшаларды (бар болған жағдайда) қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжаттарды қоса береді.

Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұраудың нысанын толтыру қажет.

Орталықтарда бекітілген нысандағы өтініштердің бланкілері күту залында арнайы бағанға, сондай-ақ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының интернет-ресурсында www.con.gov.kz орналастырылады.

13. Орталықтарда құжаттарды қабылдау операциялық залда «кедергісіз» қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылады.

14. Осы стандарттың 11, 12-тармақтарында көрсетілген құжаттарды тапсырылған кезде алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:

  1. сұрауды қабылдау күні мен нөмірі;

  2. сұрау жасалған мемлекеттік қызмет түрі;

  3. қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;

  4. құжаттарды беру күні (уақыты) мен орны;

  5. құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

  6. алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.

Портал арқылы жүгінген кезде алушыға порталдағы «жеке кабинетіне» алушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұраудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.

15. Орталықта дайын құжаттарды алушыға беруді орталықтың қызметкері қолхаттың негізінде онда көрсетілген мерзімде күн сайын «терезе» арқылы береді.

Егер алушы көрсетілген мерзімде қызметтің нәтижесін алуға келмесе, орталық оның бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін уәкілетті органға береді.

Порталдағы «жеке кабинетте» - сұрау жеке жіберілген кезде.

16. Уәкілетті орган аталған мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:

1) аталған субъектілер санатына үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынса;

2) алушы біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;

3) қызметтің түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына дицензиялық алым енгізілмесе;

4) алушыға өтініш білдірілген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын алушыға қатысты заңдық күшіне енген соттың үкімі болса.

Алушы осы стандарттың 11 және 12-тармақтарында көрсетілген құжаттардың біреуін тапсырмаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Құжаттарды қабылдаудан бас тартқан кезде орталықтың қызметкері алушыға жетіспейтін құжаттарды көрсете отырып қолхат береді.

Алушының өтінішін қараудан бас тарту туралы уәкілетті органның дәлелді жауабы орталыққа екі күндік мерзім ішінде жіберіледі.

^ 3. Жұмыс қағидаттары


17. Уәкілетті органның қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін сақтау;

3) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру;

4) мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтау;

5) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;

6) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;

7) сапа және азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қарау кезінде төрешілік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;

8) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігі мен мүдделерінің теңбе-тең болуы;

9) мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнаманы қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;

10) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;

11) алушы келмеген жағдайда құжаттарды сақтау;

12) ақпараттың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

13) тиімділік;

14) сыпайылық.


^ 4. Жұмыс нәтижелері


18. Алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын осы мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.


^ 5. Шағымдану тәртібі


20. Уәкілетті органның уәкілетті лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты алу және өтініш дайындауға жәрдем көрсету осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Шағым уәкілетті орган төрағасының атына беріледі.

Орталық қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталықтың (1414) телефоны бойынша және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша алуға болады.

21. Орталықтың қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталық басшысының атына беріледі.

22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда, пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамамен көзделген жағдайларда электрондық түрде, не болмаса жұмыс кестесі мен мекенжайлары осы стандартқа 1,5-қосымшаларда және 27-тармақта көрсетілген уәкілетті органның, «Орталық» РМК және орталықтардың кеңселерінде қолма-қол қабылданады.

23. Уәкілетті органның, орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде өтініштің қабылданғанын растау оның тіркелгені (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Алушыға оның шағымын қабылдағанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, байланыс деректері көрсетіле отырып, шағымды қабылдаған адамның тегі көрсетіледі.

Электрондық өтініш портал арқылы жіберілгеннен кейін алушы «жеке кабинет» арқылы өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, бұл ақпарат уәкілетті органда өтінішті қарау барысында жаңартылып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгі, қарау туралы немесе қараудан баст тарту туралы жауап).

24. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.

25. Шағымды қараудың нәтижелері туралы алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарланады.

26. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

27. «Орталық» РМК мекенжайы:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны: Астана қаласы, Республика даңғылы, 43А-үй, телефон: 8 (7172)94-99-95, интернет-ресурсы: www.con.gov.kz.


____________________

«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша


^ Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мекенжайлары


Р/с




Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдер, бөлімшелер)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

1

2

3

4

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі,

189 а-үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63

1.1

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21

1.2

Красный Яр с. аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы,

Красный Яр ауылы

Ленин көшесі, 65-үй

8 (7162) 40-43-27


1.3

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49

1.4

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті,

М. Мәметова көшесі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77

1.7

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58

1.8

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы Әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94

1.9

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81

1.10

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91

1.11

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

1.12

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы,

Ерейментау қаласы,

Мұсабаев көшесі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92


1.13

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы,

Степняк қаласы,

Сыздықов көшесі, 2а-үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18

1.14

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы,

Жеңіс көшесі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07


1

2

3

4

1.15

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы,

Державинск қаласы,

Ғабдуллин көшесі, 104-үй

8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05

1.16

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы,

Ленин көшесі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10


1.17

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы,

Мир көшесі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43

1.18

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а-үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637)2-20-36

1.19

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 4 ш/а, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30

1.20

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балқаш ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

1.21

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98

1.22

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше,

1-үй

8 (71631) 2-17-97

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақтөбе облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 56-57-87

1.1

Ақтөбе қалалық №1 бөлімі

Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй

8 (7132) 57-80-27


1.2

Қарғалы с. (Жилянка)

Ақтөбе қаласы, Қарғалы ауданы, Қарғалы ауылы (Жилянка),

Сәтпаев көшесі, 10-үй

8 (7132) 98-60-06

8 (7132) 98-60-05

1.3

Алға аудандық бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы,

Киров көшесі, 23-үй

8 (71337) 3-20-79
8 (71337) 3-10-96

1.4

Мәртөк аудандық бөлімшесі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Байтұрсынов көшесі, 1 «Б»-үй

8 (71331) 22-4-13
8 (71331) 22-1-14

1.5

Хромтау аудандық бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Абай көшесі, 12-үй

8 (71336) 26-6-33
8 (71336) 26-6-34

1.6

Қандыағаш аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы,

Қандыағаш қаласы,

Молодежный ш/а, 47 «Б»-үй

8 (71333) 30-2-19
8 (71333) 30-2-18

1.7

Ембі аудандық бөлімі

Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы, Әміров көшесі, 10-үй

8 (71334) 23-9-83



1.8

Темір аудандық № 8 бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі, 15 «А»-үй

8 (71346) 23-5-83
8 (71334) 23-9-87

1.9

Қобда аудандық бөлімі

Қобда ауданы, Қобда ауылы, Нұрымжанов тұйық көшесі, 2-үй

8 (71341) 22-1-47
8 (71341) 22-1-38

1.10

Қарғалы аудандық бөлімі Бадамша с.

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әйтеке би көшесі, 27-үй

8 (71342) 23-4-64
8 (71342) 23-4-62

1.11

Ойыл аудандық бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы,

Көкжар көшесі, 64-үй

8 (71332) 21-1-81
8 (71332) 21-1-82

1.12

Әйтеке би аудандық

№ 12 аудандық бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10-үй

8 (71339) 22-3-73
8 (71339) 22-3-74

1

2

3

4

1.13

Байғанин аудандық бөлімі

Байғанин ауданы,

Қарауылкелді ауылы,

Барақ батыр көшесі, 41 «А»-үй

8 (71345) 23-5-86
8 (71345) 23-5-87



1.14

Ырғыз аудандық бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз ауылы, Жангелді көшесі, 7-үй

8 (71343) 21-8-28


1.15

Шалқар аудандық бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар ауылы, Әйтеке би көшесі, 63-үй

8 (71335) 23-6-10
8 (71335) 23-6-11

«Алматы облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Алматы қаласы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 Б-үй

8 (7282) 24-15-06
8 (7282) 24-41-33

1.1

Ақсу аудандық бөлімі

Жансүгіров кенті,

Қабанбай батыр көшесі, 20-үй

8 (72832) 2-14-51

1.1.1

Қапал бөлімшесі

Қапал ауылы, Алпысбаев көшесі,

3-үй

8 (72841) 2-17-60

1.2

Алакөл аудандық бөлімі

Үшарал қаласы, 8 наурыз көшесі,

63-үй

8 (72833) 2-35-46

8 (72833) 2-35-48

1.2.1

Қабанбай бөлімшесі

Қабанбай кенті, Абылайхан көшесі, 237-үй

8 (72837) 4-13-85

1.3

Балқаш аудандық бөлімі

Бақанас ауылы, Бижанов көшесі,

25 «А» -үй

8 (72773) 95-2-22

8 (72773) 9-18-20

1.4

Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі

Есік қаласы, Абай көшесі, 314 А-үй

8 (72775) 4-54-70
8 (72775) 4-54-69

1.4.1

Шелек бөлімшесі

Шелек ауылы, Бижанов көшесі,

100-үй

8 (72775) 2-34-96

8 (72775) 2-34-97

1.5

Ескелді аудандық бөлімі

Қарабұлақ кенті, Оразбеков көшесі, 52-үй

8 (72836) 3-22-16

1.6

Жамбыл аудандық бөлімі

Ұзынағаш кенті, Мәжитов көшесі,

1-үй

8 (72770) 2-30-90

1.7

Іле аудандық бөлімі

Өтеген батыр кенті, Қуат ш/а, Тәуелсіздік көшесі, 25-үй

8 (727) 251-74-46

8 (727) 251-74-47

1.7.1

Боралдай бөлімшесі

Боралдай ауылы, Вокзал көшесі,

6 «А»-үй

8 (72738) 7-82-42

1.7.2

Қараой бөлімшесі

Қараой ауылы, Тыңдала көшесі,

9-үй

8 (7275) 24-88-10

1.7.3

Ақши бөлімшесі

Ақши ауылы, Қонаев көшесі, 29-үй




1.8

Қарасай аудандық бөлімі

Қаскелең қаласы, Жанғозин көшесі, 38-үй

8 (72771) 2-56-86

8 (72771) 2-56-96

1.8.1

Тау Самалы бөлімшесі

Тау Самалы кенті,

Рысқұлов көшесі, 129-үй

8 (727) 391-38-58

1.8.2

Шамалған бөлімшесі

Шамалған станциясы,

Қонаев көшесі, 1 «В»-үй

8 (7272) 93-66-33

1.9

Қаратал аудандық бөлімі

Үштөбе қаласы, Абылай хан көшесі, 22-үй

8 (72834) 2-02-07

8 (72834) 2-20-92

1.10

Кербұлақ аудандық бөлімі

Сарыөзек қаласы,

Момышұлы көшесі, нөмірсіз

8 (72840) 3-25-88

1.10.1

Қоғалы бөлімшесі

Қоғалы кенті, Желтоқсан көшесі,

45-үй

8 (72842) 9-10-59

1

2

3

4

1.11

Көксу аудандық бөлімі

Балпық би кенті, Измайлов көшесі, 10-үй

8 (72838) 2-16-19

8 (72838) 2-16-18

1.12

Қапшағай қалалық бөлімі

Қапшағай қаласы, Қонаев көшесі,

41-үй

8 (72772) 4-79-61

8 (72772) 4-79-60

1.12.1

Шеңгелді бөлімшесі

Шеңгелді ауылы, Сейфуллин көшесі, 34-үй

8 (72772) 7-11-94

1.13

Сарқанд аудандық бөлімі

Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, нөмірсіз

8 (72839) 2-35-80

8 (72839) 2-37-14

1.13.1

Лепсі бөлімшесі

Лепсі станциясы, Төлебаев көшесі,

1-үй

8 (72843) 2-10-16

1.14

Райымбек аудандық бөлімі

Кеген ауылы, Момышұлы көшесі

8 (72777) 2-20-84

8 (72777) 2-20-82

8 (72777) 2-18-78

1.14.1

Нарынқол бөлімшесі

Нарынқол ауылы, Райымбек көшесі, нөмірсіз

8 (72779) 2-11-65

1.15

Панфилов аудандық бөлімі

Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, нөмірсіз

8 (72831) 5-51-11

1.16

Талғар аудандық бөлімі

Талғар қаласы, Лермонтов көшесі,

53 «А»-үй

8 (727) 388-11-30

8 (72774) 2-21-43

8 (72774) 2-21-33

1.16.1

Нұра бөлімшесі

Нұра ауылы, Школьная көшесі,

10-үй

8 (72774) 5-80-62

1.17

Талдықорған қалалық бөлімі

Талдықорған қаласы,

Тәуелсіздік көшесі, 67 Б

8 (7282) 24-49-75
8 (7282) 24-40-43

1.18

Текелі қалалық бөлімі

Текелі қаласы, Октябрь көшесі, 7-үй

8 (72835) 4-35-38

8 (72835) 4-35-18

1.19

Ұйғыр аудандық бөлімі

Шонжы ауылы, Қасымбеков көшесі, 35-үй

8 (72778) 2-43-35

8 (72778) 2-43-31

8 (72778) 2-43-32

«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Атырау облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы, 23-үй

8 (7122) 21-34-67

1.1

Облыстық бөлім

Атырау қаласы, Сәтпаев даңғылы,

23-үй

8 (7122) 21-29-42

1.2

№ 1 қалалық бөлімі

Атырау қаласы, Баймұқанов көшесі, 16 а-үй

8 (7122) 35-75-05

8 (7122) 35-75-30

1.3

№ 2 қалалық бөлімі

Атырау қаласы, Балықшы, Байжігітов көшесі, 80 а-үй

8 (7122) 24-34-90

8 (7122) 24-37-89

1.4

Индер аудандық бөлімі

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30-үй

8 (71234) 2-12-96

8 (71234) 2-18-38

1.5

Махамбет аудандық бөлімі

Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай көшесі, 10-үй

8 (71236) 2-24-96

8 (71236) 2-15-25

1.6

Қызылқоға аудандық бөлімі

Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі, 1-үй

8 (71238) 2-20-46

8 (71238) 2-20-27
  1   2   3   4



Похожие:

«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (мемлекеттік көрсетілетін қызмет...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (мемлекеттік көрсетілетін...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Тандартқа 1-қосымшада көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі орталықтар) арқылы және алушының электрондық цифрлық...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Тотализатор қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Казино қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Букмекер кеңсесі қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
...
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер
«Жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты icon«Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызмет көрсетудің атауы түрі «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы