Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы icon

Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы



НазваниеБюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
страница1/6
Дата конвертации04.10.2012
Размер1.17 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6

Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 қарашадағы N 495 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2009 жылғы 3 желтоқсанда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5962 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенi, N 2, ақпан 2010 жыл; "Заң газетi" 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1691); "Юридическая газета" газетi 2010 жылғы 18 мамырдағы № 69 (1865); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2010 жыл N 8 (Тиражға шыққан уақыты 20.04.2010 ж.)


      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 122-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi (Қ.М. Досмұқаметов) осы бұйрықтың заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның кейiннен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      ^ Министр                                         Б. Жәмiшев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрiнiң    
2009 жылғы 16 қарашадағы
N 495 бұйрығымен бекiтiлген

^ Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесi

      Ескерту. 28, 29, 30, 31, 32, 33, 35, 37, 39, 52-тармақтардың екiншi абзацындағы «510» деген сан «600» деген санмен ауыстырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне (әрi қарай - Бюджет кодексi) сәйкес әзiрлендi және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бюджеттiк есепке алуды жүргiзудiң тәртiбiн анықтайды.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган органдар осы Ережеге сәйкес бюджеттiк есепке алуды жүргiзудi жүзеге асырады.
      Бюджеттiк есепке алу – бiрыңғай қазынашылық шоттан (әрi қарай - БҚШ), қолма-қол ақшаны бақылау шоттары (әрi қарай – ҚБШ) және мемлекеттiк мекемелердiң шоттарының операциялары, Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасымен реттелген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың талаптары мен мiндеттемелерi туралы ақшалай түрдегi ақпаратты жинаудың, тiркеудiң және қорытындылаудың реттелген жүйесi.
      Бюджеттiк есепке алу шоттар жоспарына сәйкес операциялар қосарланған жазба тәсiлiмен шоттарда көрсетiлетiн кассалық негiзде жүзеге асырылатын бюджеттердi атқаруды есепке алу болып табылады. Бюджеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргiзiледi.
      Бюджеттiк есепке алу бюджет түсiмдерiн, бюджеттiк бағдарламаларды (кiшi бағдарламалар) iске асыруды қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (бюджет профицитiн пайдалану) жөнiндегi шаралар кешенiн орындаумен және республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есепке алу және республикалық және жергiлiктi бюджеттерден шығыстарын жүргiзумен байланысты операцияларды есепке алуға арналған ҚБШ ақша қаражаттарының қозғалысымен байланысты барлық операцияларды қамтиды және бюджеттiң атқарылуы кезiндегi оның жай-күйiн сипаттауды қамтамасыз етедi.
      Бюджеттiк есепке алу деректерi бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептiлiк жасаудың негiзi болып табылады.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы бюджеттiк есепке алуды дұрыс жүргiзу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алудың құрылымдық бөлiмшелерiнiң осы Ережеде көзделген талаптардың бюджеттi атқару жөнiндегi бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, құжаттарды және мәлiметтердi есепке алу үшiн ресiмдеу және беру тәртiбi бөлiгiнде орындалуын қамтамасыз етедi және ол үшiн Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген тәртiпте жауап бередi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы өз жұмысында осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның iске асыратын бюджеттi атқару жөнiндегi барлық операцияларының бюджеттiк есепке алу шоттарында көрсетiлуiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 644 "Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5489 болып енгiзiлген) (әрi қарай - Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесi) бұйрығымен белгiленген мерзiмдерде бюджеттердiң атқарылуы туралы есептердiң жасалуын қамтамасыз етедi және бақылауды жүзеге асырады.
      4. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына қайшы келетiн және қаржылық тәртiптi бұзатын операциялар бойынша құжаттарды орындауға және ресiмдеуге қабылдамайды.
      5. Бюджеттiң атқарылуына байланысты уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы есепке алуды жүргiзу кезiнде бюджеттiк есепке алу бойынша тиiстi құрылымдық бөлiмшелердiң қызметкерлерi үшiн қызметтiк мiндеттердi анықтайды және олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етедi.

^ 2. Есепке алудың құжаттары

      6. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдағы бюджеттiң атқарылуымен байланысты қағаз тасымалдағышта берiлген және уәкiлеттi органның қол қоюы көзделген бюджеттiк есепке алу құжаттары бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган басшысының және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi басшысының немесе олар өкiлдiк берген тұлғалардың қолдарымен ресiмделедi.
      7. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекiтiлген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнiң 105, 106, 107 тармақтарына және Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және беру ережесiне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 20 шiлдедегi N 306 "Бюджеттердiң түсiмдерi мен шығыстары жөнiндегi есептердi беру ережесiн, мерзiмiн және нысандарын бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5749 болып енгiзiлген) бұйрығына сәйкес бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшелердiң ұсынған бастапқы есепке алу құжаттарындағы айналымдардың көрсетiлуiнiң дұрыстығын және тиiстi бюджеттердiң ҚБШ қалдықтарын тексередi, содан кейiн орындауға және есепке алуға қабылдайды.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi үшiн (әрi қарай - Қазынашылық комитетi) құрылымдық бөлiмшелердiң осы Ереженiң 12, 13, 14, 15, 16, 17, 23, 24-қосымшаларына сәйкес есептерi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын есепке алудың бастапқы құжаттары болып табылады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7-1. Жергiлiктi бюджеттiң атқарылуын күнделiктi есепке алу үшiн, аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдарға электрондық тасығыштарда тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша жиынтықта «Ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ қалдықтары туралы есеп» 5-34А нысанын ұсынады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7-2. Жергiлiктi бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар 2-19, 5-20, 5-34, 5-34А, 5-52 есептiлiк нысандары бойынша бiр күндегi айналымды салыстыруды iске асырады:
      5-34, 5-34А нысандары бойынша есептiң «Кiрiс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандары бойынша «Жиыны» жолының бiр күндегi жалпы сомасы 5-20 нысаны бойынша есептiң «Кiрiс қалдық», «Дебет», «Кредит», «Шығыс қалдық» бағандарының «Жиыны» жолының бiр күндегi жалпы сомасына тең болу керек;
      5-20 нысаны бойынша есептiң «Дебет» бағаны бойынша «Кiрiстердi бөлу» және «Кредит» бағана бойынша «Кiрiстердi бөлу» жолдары сомалары айырмасының бiр күндегi сомасы 2-19 нысаны бойынша есептiң осы бюджеттiң бiр күндегi түсiмдерiнiң сомасын көрсететiн бағандағы тиiстi бюджет жолындағы сомаға тең болуы керек;
      тиiстi бюджеттiң 5-34 нысаны бойынша есептiң «Шыққан қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолы сомасы «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» 2-19 нысаны бойынша есептiң тиiстi бюджеттiң (тиiстi бюджеттiң жыл басынан бастап түсiмдерi) бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасы және 5-52 «Шығыстар бойынша жиынтық есеп» нысаны бойынша есептiң «Жыл басынан бастап шығыстар» бағаны бойынша «Есеп бойынша барлығы» жолының сомасы айырмасына сәйкес келуi тиiс;
      5-34 нысан бойынша есептiң «Кiрiс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының бiр күндегi сомасы алдыңғы операциялық күннiң 5-34 нысаны бойынша есептiң «Шығыс қалдық» бағаны бойынша «Жиыны» жолының сомасына сәйкес келуi керек.
      Ескерту. Ереже 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.

^ 3. Бюджеттiң атқарылуын есепке алу тiркелiмдерi

      8. Бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегi операцияларды есепке алу мынадай есепке алу тiркелiмдерiнде жүргiзiледi:
      осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Бас-журнал» кiтабы;
      осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бiрыңғай қазынашылық шоты бойынша мемориалдық ордер;
      осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемориалдық ордер;
      осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қолма-қол ақшаны бақылау шоттардың толық жазылуы (ақылы қызметтерiнiң ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, қаражатты тартуға арналған шоттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қордың (әрi қарай - Ұлттық қор), кеден одағының, соманы анықтауға дейiнгi шоттарды есептеуге арналған);
      осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БҚШ-тан салымдарға (депозиттерге) орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
      осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жергiлiктi бюджеттерден депозиттерге орналастырылған сомалардың толық жазылуы;
      осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттердiң түсiмдерi мен шығыстары бойынша сомалардың толық жазылуы;
      осы Ереженiң 8-қосымшасына сәйкес № 1 нысан бойынша Қазынашылық комитетiнiң балансы;
      осы Ереженiң 9-қосымшасына сәйкес № 1-М нысан бойынша Жергiлiктi бюджеттiң атқарылу балансы;
      осы Ереженiң 10-қосымшасына сәйкес № 2 нысан бойынша Бiрыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы туралы есеп;
      осы Ереженiң 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджеттiк кредиттердi есепке алу кiтабы;
      осы Ереженiң 12-қосымшасына сәйкес № 3 нысан бойынша Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттiң кепiлгерлерi бойынша қарыздары туралы есеп;
      осы Ереженiң 13-қосымшасына сәйкес № 4 нысан бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық келiсiмдер бойынша берiлген кредиттер бойынша есеп;
      осы Ереженiң 14-қосымшасына сәйкес № 5 нысан бойынша Мемлекеттiк сыртқы қарыздар бойынша есеп;
      осы Ереженiң 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң жұмсалуы жөнiндегi ақпарат;
      осы Ереженiң 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Мемлекеттiк мекемелердiң аккредитивтер сомаларын есепке алу үшiн шоттарындағы қалдықтар туралы мәлiметтер;
      осы Ереженiң 17-қосымшасына сәйкес № 6 нысан бойынша Шетел валютасы шоты бойынша операциялық күннiң жабылуы туралы есеп;
      осы Ереженiң 18-қосымшасына сәйкес № 2-М нысан бойынша Жергiлiктi бюджеттiң ақша қозғалысы туралы есеп;
      осы Ереженiң 19-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Шетел валютасы түрлерi бойынша шоттардың толық жазылуы;
      осы Ереженiң 23-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ҚБАЖ-да операциялық күннiң жабылуы туралы есеп;
      осы Ереженiң 24-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Инвестициялық жобалар шегiнде сыртқы қарыздардың жұмсалуы жөнiндегi ақпарат;
      осы Ереженiң 25-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Республикалық бюджеттен берiлген кредит бойынша ақпарат.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң  2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      9. Есепке алынған бастапқы құжаттар алынғаннан кейiн келесi күннен кешiктiрiлмей бiр күндегi барлық операциялар бойынша мемориалдық ордермен ресiмделедi және бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдардың бюджеттiк есепке алу жөнiндегi бөлiмшенiң басшысы қол қояды. Сыртқы қарыздар бойынша есеп операциялардың өтуiне байланысты жүргiзiледi.
      Бастапқы құжаттардағы жазбалар оларда жазбалардың ұзақ уақыт бойы сақталуын қамтамасыз ететiн жазба құралдарымен ғана жүргiзiлуi тиiс.
      Мемориалдық ордерлер есепке алу тiркелiмдерiне жазылғанға дейiн әрбiр ай үшiн жеке тiзбектiк тәртiппен бiрiншi нөмiрден бастап нөмiрленедi.
      Таратып жазулар, ақшаларды салымдарға (депозиттерге) орналастыру немесе салымдардың (депозиттердiң) негiзгi сомасын қайтару жөнiндегi операциялар жүргiзiлгеннен кейiн қалыптастырылатын депозиттердiң орналастырылған сомаларын қоспағанда, күн сайын қалыптастырылады және мемориалдық ордерлердiң қосымшасы болып табылады.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      10. "Бас-журнал" кiтабында бюджеттердiң атқарылуының бюджеттiк есепке алудың қосалқы шоттары бойынша хронологиялық және жүйелiк жазбалары бiрiктiрiледi.
      Жаңа қаржы жылына арналған кiтапты ашу кезiнде бiрiншi жол бойынша өткен жылғы қосалқы шоттар бойынша қалдықтар сомасы жазылады. Баланс активiнiң сомалары дебетке, ал пассив сомалары - кiтаптың тиiстi қосалқы шоттарының кредитiне жазылады.
      Жекелеген қосалқы шоттар бойынша жылдың басындағы қалдықтар талдамалы есепке алу тiркелiмдерiнде жылдың басындағы жазбаларға сәйкес келуi тиiс.
      "Бас-журнал" кiтабына жазбалар мемориалдық ордердiң және оны толтыруға негiз болып табылатын, оған қоса берiлген құжаттардың негiзiнде жүргiзiледi.
      "Бас-журнал" кiтабында бiр айдағы айналымдардың жалпы қорытындысы есептеледi және барлық қосалқы шоттар бойынша келесi айдың басындағы дебет немесе кредит қалдықтары шығарылады.
      «Бас-журнал» кiтабында шығарылған қосалқы шоттар бойынша сомалар негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшенiң басшысы қол қоятын ағымдағы қаржы жылының 1 шiлдедегi, 1 қазандағы және есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша баланс жасалады.
      Алдағы жылға арналған есепке алу тiркелiмдерi ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмей дайындалады.
      Қазынашылық комитетiнiң балансы БҚШ, республикалық және жергiлiктi бюджет ҚБШ, сыртқы қарыздар бойынша шоттың, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, Ұлттық қордың, нысаналы қаржыландыру ҚБШ, кеден одағының шотында, шетел валюта түрлерi бойынша шоттардың, соманы анықтауға дейiнгi шоттардың, қаражатты тартуға арналған шоттың, ЖБ жетiспеушiлiктерi бойынша шоттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (әрi қарай - Ұлттық Банк) салымдарына (депозиттерiне) орналастыру шоттары бойынша қалдықтарын көрсетедi.
      Жергiлiктi бюджеттiң атқарылу балансы тиiстi жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ, тиiстi ақылы қызметтерiнiң ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ, ақшаларды уақытша орналастыру ҚБШ, ЖБ жетiспеушiлiктерi бойынша, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттерiне) орналастыру, сыртқы қарыздар бойынша шоттардың қалдық сомаларын көрсетедi.
      Баланс жасалғанға дейiн синтетикалық есепке алу шоты бойынша айналымдармен және қалдықтармен бiрге талдамалы шоттар бойынша айналымдар мен қалдықтарды салыстырып тексеру жүргiзiледi.
      № 2 нысан бойынша БҚШ-ғы ақша қозғалысы туралы есепте есептi кезеңдегi ақша түсiмдерi мен шығындары көрсетiле отырып, ақшаның жыл басындағы және есептi кезеннiң соңындағы қалдықтары көрсетiледi.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз), 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
      11. Бюджеттiк кредиттердi есепке алу кiтабында кредиттiк шартқа сәйкес республикалық бюджеттен берiлген және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерiнен алынған бюджеттiк кредиттер, сондай-ақ кредиттiк шартқа сәйкес аудандардың бюджеттерiне (облыстық маңызы бар қаланың) облыстық бюджеттер берген бюджеттiк кредиттер есепке алынады.
      Кiтапта берiлген және өтелген бюджеттiк кредиттердiң сомалары бойынша операциялар жазылады.
      Айдың аяқталуы бойынша берiлген айдағы және жылдың басынан бастап үдемелi қорытындымен айналым қорытындылары шығарылады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      12. Ағымдағы қаржы жылында есепке алу тiркелiмiнiң жазбаларынан табылған қателердi түзету мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      мемориалдық ордердiң өзгеруiн талап етпейтiн балансты ұсыну сәтiне дейiнгi осы есептi кезең үшiн табылған қате сызылған, жазуларды оқуға мүмкiндiк беретiндей етiп, сызылғанның үстiндегi жаңа дұрыс сомаларды және мәтiндi жазу арқылы дұрыс емес сомаларды және мәтiндi жiңiшке сызықпен сызу жолымен түзетiледi. Әрбiр түзету, түзетiлген күнi көрсетiле отырып, жауапты тұлғалардың қолдарымен расталады;
      мемориалдық ордерде кеткен қатенiң нәтижесiнде балансты ұсыну сәтiне дейiн табылған қате жазба, қосымша мемориалдық ордермен түзетiледi. Осылайша қателер баланс ұсынылған есептi кезеңге арналған есепке алу жазбаларында анықталған айда түзетiледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      13. Есептi жылдың аяқталуы бойынша есепке алу тiркелiмдерiнде балансты жасаудың алдында қосалқы шоттар бойынша айналымдардың қорытындылары саналады және салыстырылады.

^ 3. Бастапқы құжаттарды, есепке алу тiркелiмдерiн және бюджеттердiң атқарылуы жөнiндегi есептердi сақтау

      14. Әрбiр есептi ай аяқталған соң барлық мемориалдық ордерлер оған қатысты құжаттармен бiрге хронологиялық тәртiпте брошюрланады. Құжаттар беттерiнiң саны аз болған жағдайда үш айдағы құжатты бiр брошюрлауға жол берiледi.
      Мұқаба сыртында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның атауы, папканың (iстiң) атауы мен реттiк нөмiрi, есептi кезең - жылы мен айы, мемориалдық ордерлердiң бастапқы және соңғы нөмiрлерi, iстегi парақ саны көрсетiледi.
      15. Бастапқы құжаттардың, есепке алу тiркелiмдерiнiң, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептердiң сақталуын, оларды мұрағатқа ресiмдеу және берiлуiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттiк есепке алу жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қамтамасыз етедi.
      Ағымдағы қаржы жылына арналған құжаттар мен тiркелiмдер өткен жылғы құжаттардан бөлек сақталуы тиiс.
      Бастапқы құжаттарды, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы тiркелiмдердi, бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есептердi, есепке алу деректерiн электронды өңдеу бағдарламалары, олардың есептеулерiн, басқа да құжаттарды сақтау, сонымен қатар оларды мұрағатқа өткiзу Қазақстан Республикасының "Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы" Заңымен белгiленген тәртiпте iске асырылады.

^ 4. Бюджеттiк есепке алу шоттарының жоспары

      16. Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органның бюджеттi атқару жөнiндегi операцияларды есепке алу үшiн осы Ереженiң 20-қосымшасына сәйкес шоттар жоспары қолданылады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      17. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару операциялары жөнiндегi шоттар корреспонденциясы осы Ереженiң 21, 22-қосымшаларында қарастырылған.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

^ 5. Бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi операциялардың есебi

      18. "Ақшалай қаражаттар" 1 шотында ұлттық және шетел валютасындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
      Шот 1 мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      100 "Бiрыңғай қазынашылық шот";
      110 "Есеп айырысудағы ақшалар";
      120 "Шетел валюталарының түрлерi бойынша корреспонденттiк шоттар"
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      19. 100 "Бiрыңғай қазынашылық шот" қосалқы шотында аударым операцияларын орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебiн жүргiзу үшiн Ұлттық Банкте бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ұлттық валютада ашылған бiрыңғай қазынашылық шоттағы ақша қозғалысы жөнiндегi операциялар есепке алынады.
      БҚШ ақша түскен кезде 600 қосалқы шоттың дебетi және 100 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      БҚШ ақшаларды есептен шығару 100 қосалқы шоттың дебетi және 500 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      20. 110 "Есеп айырысудағы ақшалар" қосалқы шотында БҚШ ұлттық валютадағы жетiспеушiлiк ақша сомалары есепке алынады.
      БҚШ анықталған жетiспеушiлiк ақша сомалары 100 қосалқы шоттың дебетi және 110 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      БҚШ жетiспеушiлiк ақша сомаларын өтеу 110 қосалқы шоттың дебетi және 100 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      21. 120 "Шетел валюталарының түрлерi бойынша корреспонденттiк шот" қосалқы шотында Ұлттық банкте бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ашылған корреспонденттiк шоттардағы шетел валютасындағы ақша қозғалысы есепке алынады.
      Есепке алуда шетел валютасының түсiмдерi және жұмсалуы жөнiндегi операцияларды көрсету Ұлттық банктiң үзiндi-көшiрмесi негiзiнде жүргiзiледi.
      Шетел валютасы корреспонденттiк шотқа түскен кезде 400, 410, 420, 430 қосалқы шоттарының дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Корреспонденттiк шоттан шетел валютасын аудару 120 қосалқы шоттың дебетi және 400, 410, 420, 430 қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 21-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      22. 2 "ҚР ҰБ орналастырылған қаражаттар" шотында Ұлттық Банкте салымдарға (депозиттерге) орналастырылған республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджет ақшалары есепке алынады.
      2 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      210 "БҚШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)";
      220 "ЖБ ҚБШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)".
      23. 210 "БҚШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)" қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) орналастырған уақытша бос бюджет ақшалары есепке алынады.
      БҚШ Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) ақшаны орналастыру 100 "Бiрыңғай қазынашылық шот" қосалқы шоттың дебетi және 210 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 23-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      24. 220 "ЖБ ҚБШ орналастырылған ҚР ҰБ салымдар (депозиттер)" қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) орналастырған жергiлiктi бюджеттiң уақытша бос бюджет ақшалары есепке алынады.
      ЖБ ҚБШ Ұлттық банктегi салымдарға (депозиттерге) БҚШ қаражаттарды есепке алу 100 "Бiрыңғай қазынашылық шот" қосалқы шоттың дебетi және 220 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      25. 3 «Қолма-қол ақшаны бақылау шоттары және ұлттық валютадағы басқа шоттар» шотында ҚБШ-дағы ұлттық валютадағы республикалық және жергiлiктi бюджеттер, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаларды уақытша орналастыру, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (әрi қарай - Ұлттық қор), нысаналы қаржыландырулар, бөлiнбеген түсiмдер шоттарындағы, кеден одағы бойынша ақша қозғалыстары, сондай-ақ Ұлттық банктегi салымдарға (депозиттерге) тартылған жергiлiктi бюджеттер ақшалары есепке алынады.
      3 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      300 «РБ ҚБШ»;
      301 «ЖБ ҚБШ»;
      302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот»
      303 «Кеден одағының шоты»;
      310 «РБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ»;
      311 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ»;
      320 «РБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ»;
      321 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ»;
      330 «РБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ»;
      331 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ»;
      340 «Ұлттық қордың ҚБШ»;
      350 «Нысаналы қаржыландыру ҚБШ»;
      360 «Анықтауға дейiнгi шот»;
      380 «ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар»;
      390 «Түсiмдердiң жинақтау шоттары».
      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      26. "РБ ҚБШ" 300 қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ашылған РБ ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      300 РБ ҚБШ бөлiнбеген түсiмдер сомасы қосалқы шотының дебетi және 360 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
      РБ ҚБШ кассалық шығыстарын қалпына келтiру 300 қосалқы шоттың дебетi және 500 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      РБ ҚБШ жүргiзiлген шығыстар 500 дебетi және 300 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      300 РБ ҚБШ-да түсiмдер қосалқы шотының дебетi және 390 қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      27. 301 "ЖБ ҚБШ" қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға ашылған ЖБ ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      ЖБ ҚБШ түсiмдерi 301 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi. Артық (қате) төленген бюджетке төленетiн түсiмдер сомасын қайтару 600 қосалқы шоттың дебетi және 301 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ ҚБШ кассалық шығыстарын қалпына келтiру 301 қосалқы шоттың дебетi және 500 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ ҚБШ жүргiзiлетiн шығыстар 500 дебетi және 301 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      27-1. 302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот» қосалқы шотта сыртқы қарыздар бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.
      Сыртқы қарыздар бойынша шотта ақшалар түсiмi 302 қосалқы шоттың дебетi және 610 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Сыртқы қарыздар бойынша шотта қарыздар қаражатын жұмсау 510 қосалқы шоттың дебетi және 302 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      27-2. 303 «Кеден одағының шоты» қосалқы шотта кеден одағының шоты бойынша ақша қозғалыстары есепке алынады.
      Кеден одағының шотында ақшалар түсiмi 303 қосалқы шоттың дебетi және 390 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Кеден одағының шотында қаражаттын жұмсауы 500 қосалқы шоттың дебетi және 303 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 27-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      28. 310 "РБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ" қосалқы шотта мемлекеттiк мекемелердiң тауарларын (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден және республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған олардың есебiнен ақылы қызмет ҚБШ шығыстарын жүргiзуден түскен ақша қозғалыстары есепке алынады.
      РБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ ақшалар түсiмi 310 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      РБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 дебетi және 310 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      29. 311 "ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ" қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң тауарларын (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) өткiзуден және жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған олардың есебiнен ақылы қызмет ҚБШ шығыстарын жүргiзуден түскен ақша қозғалыстары есепке алынады
      311 ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ ақшалар түсiмi қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 дебетi және 311 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      30. 320 "РБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ" қосалқы шотында республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      РБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақшалар түсiмi 320 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      РБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 қосалқы шоттың дебетi және 320 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      31. 321 "ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ" қосалқы шотында жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақшалар түсiмi 321 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 қосалқы шоттың дебетi және 321 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      32. 330 "РБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ ақшалар түсiмi 330 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      РБ ақшасын уақытша орналастыру ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 қосалқы шоттың дебетi және 330 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      33. 331 "ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ" қосалқы шотында жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ ақшалар түсiмi 331 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ ақшаларды жұмсау 500 қосалқы шоттың дебетi және 331 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      34. 340 "Ұлттық қордың ҚБШ" қосалқы шотында Ұлттық қордың ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      Ұлттық қордың ҚБШ түсiмдерi 340 қосалқы шоттың дебетi және 390 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ұлттық қордың ҚБШ жүргiзiлген түсiмдер сомаларын аудару 500 дебетi және 340 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      35. 350 "Нысаналы қаржыландыру ҚБШ" қосалқы шотында республикалық бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерге ашылған нысаналы қаржыландыру ҚБШ ақша қозғалысы есепке алынады.
      Нысаналы қаржыландыру ҚБШ ақшалар түсiмi 350 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Нысаналы қаржыландыру ҚБШ қаражаттарды жұмсау 500 қосалқы шоттың дебетi және 350 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      36. 360 «Анықтауға дейiнгi сомалар шоты» қосалқы шотында анықталмаған және бөлiнбеген түсiмдер шотындағы ұлттық валютадағы ақшалар есепке алынады.
      Танылмаған және бөлiнбеген шоттан түсiмдердi ҚБШ арасында қайтару 300, 301, 340, 310, 311, 320, 321, 330, 331 қосалқы шоттарының дебетi және 360 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 36-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      37. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      38. 380 "ЖБ ҚБШ қаражатты тартуға арналған шоттар" қосалқы шотында Ұлттық банк салымдарына (депозиттерге) орналастыру үшiн тартылған жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос ақшалары ақшалары есепке алынады.
      транзиттiк шотқа ЖБ уақытша бос бюджеттiк ақшаларды тарту 380 қосалқы шоттың дебетi бойынша және 301 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      ЖБ тартылған уақытша бос бюджеттiк ақшаларды Ұлттық банктегi депозитке аудару 520 қосалқы шоттың дебетi және 380 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 38-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      39. 390 "Түсiмдердiң жинақтау шоттары" қосалқы шоты түсiмдердi тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жинақтап, оларды кейiннен бөлу үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ашылатын транзиттiк шот. Түсiмдердiң жинақтау шотынан республикалық, жергiлiктi бюджеттер, Ұлттық қор арасындағы есептелген соманы күн сайын толық бөлу, артық (қате) төленген бюджетке төленетiн түсiмдер сомасын қайтару, түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары (әрi қарай – БСК) арасында немесе аумақтық салық қызметi органдарының арасындағы артық (қате) төленген соманы есепке алу жүзеге асырылады.
      Түсiмдердiң жинақтау шоттарында қаражаттарды есепке алу 390 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Түскен сомаларды бөлу 300, 301, 303, 340, 360-қосалқы шоттарының дебетi және 390-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бюджетке артық (қате) түскен сомаларды бюджеттен қайтару 390 қосалқы шоттың дебетi және 300 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 39-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз),   2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрықтарымен.
      40. 4 «Шетел валютасындағы шоттар» шотында валюта түрлерi бойынша шетел валютасындағы шоттардағы ақшалар қозғалысы есепке алынады.
      4 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      400 «Мемлекет меншiгiне түсетiн түсiмдер шоты»;
      410 «Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң шоты»;
      420 «Кеден одағы шеңберiндегi түсiмдер шоты»;
      430 «Шетел валютасындағы басқа шоттар».
      Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      41. 400 «Мемлекет меншiгiне түсетiн түсiмдер шоты» қосалқы шотында жеке негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған шетел валютасы есепке алынады.
      Мемлекет меншiгiне түсетiн түсiмдер шотына шетел валютасының түсiмдерi 400 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Мемлекет меншiгiне түсетiн түсiмдер шотынан шетел валютасын жұмсау (қайта айырбастау) 120 қосалқы шоттың дебетi және 400 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық оң айырма 400 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық терiс айырма 120 қосалқы шоттың дебетi және 400 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      42. 410 «Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң шоты» қосалқы шотында мемлекеттiк органдардың лауазымдық адамдардың шетелге iс-сапарға шығыуна байланысты шығындарын өтеу үшiн беруге арналған нақты шетел валютасы түрiнде, сонымен қатар консулдық алымдар түрiнде түскен нақты шетел валютасы есепке алынады
      Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң шотына шетел валютасының түсiмдерi айырбастаудан кейiнгi 410 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Шетел валютасын жұмсау 120 қосалқы шоттың дебетi және 410 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық оң айырма 410 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық терiс айырма 120 қосалқы шоттың дебетi және 410 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      43. 420 «Кеден одағы шеңберiндегi түсiмдер шоты» қосалқы шотында кеден одағына қатысушы елден түскен, қайта айырбастауға және мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiне енгiзiлуiне жататын шетел валютасы есепке алынады
      Кеден одағы шеңберiндегi түсiмдер шотына шетел валютасының түсiмдерi 420 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Шетел валютасын жұмсау (қайта айырбастау) 120 қосалқы шоттың дебетi және 420 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық оң айырма 420 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық терiс айырма 120 қосалқы шоттың дебетi және 420 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      44. 430 «Шетел валютасы бойынша басқа шоттар» қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң шотындағы шетел валютасындағы анықталуға жататын сомалар, қайта айырбастауға және бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебiне жататын шетел валютасының түсiмдерi, сонымен қатар бюджетке артық (қате) төленген сомаларды қайтаруға арналған шетел валютасы есепке алынады
      Шетел валютасы бойынша басқа шоттарына шетел валютасының түсiмдерi (соның iшiнде қайта айырбастау) 430 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Шетел валютасын жұмсау қайта айырбастау және аударымдардан кейiн 120 қосалқы шоттың дебетi және 430 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық оң айырма 430 қосалқы шоттың дебетi және 120 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бағамдық терiс айырма 120 қосалқы шоттың дебетi және 430 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      45. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      46. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      47. 5 "Есеп айырысулар" шотында ақшалардың жұмсалуы бойынша операциялар, Ұлттық Банк салымдарына (депозиттерiне) орналастыру үшiн тартылған жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын орналастыру бойынша есеп айырысулар, ЖБ жетiспеушiлiктерi бойынша есеп айырысулар, iшкi есеп айырысулар есепке алынады.
      5 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      500 "Шығыстарды жүргiзу";
      501 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      502 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      503 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      510 «Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      Ескерту. 47-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      48. Қазынашылық комитетi 500 «Шығыстарды жүргiзу» қосалқы шотында ҚБШ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-да, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, кеден одағының шотынан ақшаларын есепке алуға арналған шығыстары есепке алады.
      Жүргiзiлген кассалық шығыстар сомасының әрбiр күнiне 500-қосалқы шоттың дебетi және 300, 301, 303, 310, 311, 320, 321, 330, 331, 340, 350-қосалқы шоттардың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Кассалық шығыстарды республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң ҚБШ қалпына келтiру 300, 301-қосалқы шоттардың дебетi және 500 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      БҚШ бойынша жүргiзiлген шығыстар 100 «Бiрыңғай қазынашылық шот» қосалқы шоттың дебетi және 500-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      48-1. Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары есепке алады:
      «Шығыстарды жүргiзу» 500 қосалқы шотында - жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ бойынша шығыстары.
      501 қосалқы шотында «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      502 қосалқы шотында «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      503 қосалқы шотында «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу»;
      510 қосалқы шотында «Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргiзу».
      501 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу» қосалқы шотында ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-ғы шығыстары есепке алынады.
      Жүргiзiлген шығыстар сомасының әрбiр күнiне 501 қосалқы шоттың дебетi және 311 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Кассалық шығыстарды ақылы қызметтерiнiң ЖБ ҚБШ қалпына келтiру 311 қосалқы шоттың дебетi және 501 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      48-2. 502 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу» қосалқы шотында ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ-ғы шығыстары есепке алынады.
      Жүргiзiлген шығыстар сомасының әрбiр күнiне 502 қосалқы шоттың дебетi және 321 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Кассалық шығыстарды демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ЖБ ҚБШ қалпына келтiру 321 қосалқы шоттың дебетi және 502 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 48-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      48-3. 503 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша шығыстарды жүргiзу» қосалқы шотында ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ-ғы шығыстары есепке алынады.
      Жүргiзiлген шығыстар сомасының әрбiр күнiне 503 қосалқы шоттың дебетi және 331 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Кассалық шығыстарды ақшаларын уақытша орналастыру ЖБ ҚБШ қалпына келтiру 331 қосалқы шоттың дебетi және 503 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 48-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      49. 510 «Сыртқы қарыздар бойынша шығыстарды жүргiзу» қосалқы шотында сыртқы қарыздар бойынша шоттағы шығыстар есепке алынады.
      Сыртқы қарыздар бойынша жүргiзiлген шығыстар 510 қосалқы шоттың дебетi және 302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот» қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      50. 520 "ЖБ қаражаттарын орналастыру жөнiндегi есеп айырысулар" қосалқы шотында Ұлттық Банктегi салымдарға (депозиттерге) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган орналастырған жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджет ақшалары есепке алынады.
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) жергiлiктi бюджеттердiң уақытша бос бюджет ақшасын орналастыру 520 қосалқы шоттың дебетi және 380 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ақшаны iшiнара немесе толық қайтару кезiнде 301 қосалқы шоттың дебетi және 520 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Ескерту. 50-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      51. 530 "ЖБ жетiспеушiлiктерi бойынша есеп айырысулар" қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiпте өтеуге жататын ақша қаражаттарының жетiспейтiн, ұрланған сомаларды есепке алады.
      530 қосалқы шоттың дебетiне ҚБШ айқындалған жетiспеушiлiк, ұрланған ақша қаражатының сомасы жатады, бұл ретте 301, 311, 321, 331 қосалқы шоттары кредиттеледi.
      301, 311, 321, 331 қосалқы шоттың дебетiне келтiрiлген залалды өтеуге ҚБШ түскен сомалар жазылады, бұл ретте 530 қосалқы шоты кредиттеледi.
      52. 540 "Iшкi есеп айырысулар" қосалқы шотында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар 5-34 "Тиiстi бюджеттердiң ҚБШ жағдайы туралы есеп" нысаны деректерiнiң түсiмдер мен шығыстар жөнiндегi есептiлiк нысандармен сәйкес емес сомаларын есепке алады.
      Түсiмдер бойынша есептiлiк нысандармен алшақтық сомасына 600 қосалқы шоттың дебетi және 540 қосалқы шоттың кредитi бойынша, ал шығыстар бойынша - 540 қосалқы шоттың дебетi және алшақтық сомаларын көрсете отырып, оның туындау себептерi туралы аумақтық қазынашылық бөлiмшелер берген жазбаша ақпарат негiзiнде 500 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар аумақтық қазынашылық органдарынан бюджетке артық (қате) төленген түсiмдер сомасының қайтару сомалары туралы растауды алған кезде 540 қосалқы шоттың дебетi және 600 қосалқы шоттың кредитi бойынша, шығыстар бойынша – 500 қосалқы шоттың дебетi және 540 қосалқы шоттың кредитi бойынша жазба жүргiзедi.
      540 "Iшкi есеп айырысулар" қосалқы шоты бойынша сальдо шығарылмайды. Бас-журнал кiтабында және дебет бойынша осы қосалқы шот балансында - шығыстар бойынша алшақтық сомасы, кредит бойынша – түсiмдер бойынша алшақтық сомасы көрсетiледi.
      Ескерту. 52-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      52-1. 6 «Түсiмдер» шотында ақшалардың ҚБШ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, сыртқы қарыздар бойынша шоттағы, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-да, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, соманы анықтауға дейiнгi шоттарындағы түсiмi бойынша операциялар есепке алынады.
      6 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      600 «Түсiмдердi есепке алу»;
      601 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      602 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      603 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      610 «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу».
      600 «Түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында Қазынашылық комитетi ҚБШ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң, ақылы қызметтерiнiң ҚБШ, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру, Ұлттық қор, нысаналы қаржыландыру, соманы анықтауға дейiнгi шоттарындағы түсiмдерi есепке алынады.
      БҚШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 600 қосалқы шоттың дебетi және 100 «Бiрыңғай қазынашылық шот» қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдары есепке алады:
      600 қосалқы шоты «Түсiмдердi есепке алу» - жергiлiктi бюджеттiң ҚБШ бойынша түсiмдерi.
      601 қосалқы шоты «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      602 қосалқы шоты «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      603 қосалқы шоты «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу»;
      610 қосалқы шоты «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу».
      601 «ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ақылы қызметтерiнiң ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
      ЖБ ақылы қызметтерiнiң ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 311 қосалқы шоттың дебетi және 601 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
      602 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
      ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 321 қосалқы шоттың дебетi және 602 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
      603 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ-ғы түсiмдерi есепке алынады.
      ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру ҚБШ бойынша жүргiзiлген түсiмдер 331 қосалқы шоттың дебетi және 603 қосалқы шоттың кредитi бойынша жүргiзiледi.
      610 «Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдердi есепке алу» қосалқы шотында сыртқы қарыздар бойынша шоттағы түсiмдер есепке алынады.
      Сыртқы қарыздар бойынша жүргiзiлген түсiмдер 302 «Сыртқы қарыздар бойынша шот» қосалқы шоттың дебетi және 610 қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      Ескерту. Ереже 52-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      53. 9 «Нәтижелер» шотында жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу және сыртқы қарыздар нәтижелерi есепке алынады.
      9 шот мынадай қосалқы шоттарға бөлiнедi:
      900 «Бюджеттiң атқарылу нәтижелерi»;
      910 «Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелерi»
      911 «ЖБ ақылы қызметтерi бойынша атқарылу нәтижелерi»;
      921 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижелерi»;
      931 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижелерi».
      Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу нәтижелерiн анықтауға 900 «Бюджеттiң атқарылу нәтижелерi» қосалқы шоты арналған.
      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсiмдер мен шығыстар сомалары көрсетiледi. Нәтижелерi жылдың аяғында 600 қосалқы шоты бойынша қалдықты 900 қосалқы шоттың кредитiне, ал 500 қосалқы шоты бойынша қалдығы 900 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығару арқылы анықталады.
      Бюджет түсiмдерi мен шығыстарын 900 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейiн 600 және 500 қосалқы шоттары жабылады.
      900 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы бюджеттiң атқарылу нәтижесi болып табылады.
      Бюджет кодексiнiң 104 бабына сәйкес жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары 900 қосалқы шотта қалады.
      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      53-1. Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелерiн анықтауға 910 «Сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижелерi» қосалқы шоты арналған.
      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсiмдер мен шығыстар сомалары көрсетiледi. Нәтижелерi жылдың аяғында 610 қосалқы шоты бойынша қалдықты 910 қосалқы шоттың кредитiне, ал 510 қосалқы шоты бойынша қалдықты 910 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығару арқылы анықталады.
      Сыртқы қарыздар бойынша түсiмдерi мен шығыстары 910 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейiн 610 және 510 қосалқы шоттары жабылады.
      910 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы сыртқы қарыздар бойынша атқарылу нәтижесi болып табылады.
      Ескерту. Ереже 53-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      53-2. ЖБ ақылы қызметтерiнiң атқарылу нәтижелерiн анықтауға 911 «ЖБ ақылы қызметтерi бойынша атқарылу нәтижелерi» қосалқы шоты арналған.
      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсiмдер мен шығыстар сомалары көрсетiледi. Нәтижелерi жылдың аяғында 601 қосалқы шоты бойынша қалдықты 911 қосалқы шоттың кредитiне, ал 501 қосалқы шоты бойынша қалдықты 911 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығару арқылы анықталады.
      ЖБ ақылы қызметтерi бойынша түсiмдерi мен шығыстары 911 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейiн 601 және 501 қосалқы шоттары жабылады.
      911 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы ЖБ ақылы қызметтерiнiң атқарылу нәтижесi болып табылады.
      Ескерту. Ереже 53-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      53-3. ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң атқарылу нәтижелерiн анықтауға 921 «ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмек бойынша атқарылу нәтижелерi» қосалқы шоты арналған.
      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсiмдер мен шығыстар сомалары көрсетiледi. Нәтижелерi жылдың аяғында 602 қосалқы шоты бойынша қалдықты 921 қосалқы шоттың кредитiне, ал 502 қосалқы шоты бойынша қалдықты 921 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығару арқылы анықталады.
      ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмек бойынша түсiмдерi мен шығыстары 921 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейiн 602 және 502 қосалқы шоттары жабылады.
      921 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы ЖБ демеушiлiк, қайырымдылық көмектiң атқарылу нәтижесi болып табылады.
      Ескерту. Ереже 53-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      53-4. ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижелерiн анықтауға 931 «ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижелерi» қосалқы шоты арналған.
      Қаржы жылының аяқталуы бойынша осы шотта түсiмдер мен шығыстар сомалары көрсетiледi. Нәтижелерi жылдың аяғында 603 қосалқы шоты бойынша қалдықты 931 қосалқы шоттың кредитiне, ал 503 қосалқы шоты бойынша қалдықты 931 қосалқы шоттың дебетiне есептен шығару арқылы анықталады.
      ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша түсiмдерi мен шығыстары 931 қосалқы шотқа есептен шығарғаннан кейiн 603 және 503 қосалқы шоттары жабылады.
      931 қосалқы шоты бойынша алынған кредит қалдығы ЖБ ақшаларын уақытша орналастыру бойынша атқарылу нәтижесi болып табылады.
      Ескерту. Ереже 53-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      54. Баланстан тысқары қосалқы шоттарда есепке алу қос жазба тәсiлiн сақтамай қарапайым жүйе бойынша жүргiзiледi және дебет қалдығы ғана болады.
      55. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      56. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      57. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      58. 013 "Бюджеттiк кредиттер" баланстан тысқары шотында республикалық бюджеттен берiлген және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың бюджеттерiнен алынған бюджеттiк кредиттер, сондай-ақ аудандардың бюджеттерiне (облыстық маңызы бар қаланың) облыстық бюджеттер берген бюджеттiк кредиттер есепке алынады.
      59. 014 "Бюджеттiк кредиттер бойынша субъектiлердiң берешегi" баланстан тысқары шотында республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бұрын берiлген кредиттер бойынша субъектiлердiң берешегiн есепке алу жүргiзiледi.
      60. 015 "Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген борыш, мемлекеттiң кепiлгерлiгi бойынша қарыздар" баланстан тысқары шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мемлекеттiк сыртқы және iшкi борышты, мемлекет кепiлдiк берген сыртқы және iшкi борыш сомаларын, мемлекеттiң сыртқы және iшкi кепiлгерлерi бойынша қарыздар сомасын есепке алуды жүргiзедi.
      Ескерту. 60-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      61. 016 «Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық келiсiмдер бойынша берiлген кредиттер» баланстан тысқары шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметiне үкiметаралық келiсiмдер бойынша берiлген кредиттердi есепке алуды жүргiзедi. Кредиттiң азаюы берешектiң өтелгенi туралы хат хабарлама негiзiнде жүргiзiледi.
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      62. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрiнiң 2010.09.20 № 472 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      63. 018 «Қазақстан Республикасы Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдардың резервi» баланстан тысқары шотында бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдардың резервiнiң жұмсалуы жөнiндегi деректердi есепке алуды жүргiзедi. Жоспарлы тағайындаулардың ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанын қоса алғанда түгел пайдаланылмаған қалдықтары жойылады.
      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
      64. 024 "Аккредитивтер" баланстан тысқары шотында бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган шарт сомасының шегiнде шетел валютасында ашылған аккредитивтi есепке алуды жүргiзедi.

Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу
ережесiне 1-қосымша    

      ^ Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2011.12.28 № 668 (алғаш рет ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

_____________________________________ нысан
  1   2   3   4   5   6



Похожие:

Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconАймақтық электржелiлiк компаниялардағы және энергия берушi ұйымдардағы шығындарды бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 30 қыркүйектегi n 402-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconАэронавигация қызметтерiн көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 15 қарашадағы n 448-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconӘуежайлар саласында қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2004 жылғы 24 қарашадағы n 459-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТеңiз порттарының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 26 қыркүйектегi n 280-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconСу тасымалдау бойынша қызметтер көрсететiн табиғи монополия субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы n 506-НҚ бұйрығы. Қазақстан...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconМагистральдық темiр жол желiсiнiң қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы n 384-НҚ Бұйрығы. Қазақстан...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconТабиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң реттелiп көрсетiлетiн түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу әдiстемесiн келiсу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгiнiң 2005 жылғы 14 наурыздағы n 85-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconЖалпыға қол жетiмдi почта байланысының қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Азақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi Төрағасының 2005 жылғы 12 қыркүйектегi n 265-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconБюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы
Осы Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi Ереже) бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, атқару...
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу ережесiн бекiту туралы iconБюджеттiк бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды жүргiзу epeжeciн бекіту туралы
Осы Бюджеттiк бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргізу ережесi (бұдан әрi Ереже) бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлау, атқару...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы