Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon

Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі



НазваниеЖангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі
Дата конвертации30.05.2013
Размер138.05 Kb.
ТипДокументы
источник



Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және

қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ


  1. Жалпы ережелер


1. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеу режимі аудан әкімінің 2012 жылы 29 маусымдағы №91 өкімімен бекітілген Жангелдин ауданының әкімдігінің регламентіне сәйкес бекітіледі.

6. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

7. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

8. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

9. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

10. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: 110600, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосы, Ы.Алтынсарин көшесі, 4

11. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілдегі толық атауы - Государственное учреждение «Отдел строительства, архитектуры и градостроительства Джангельдинского района»

12. Осы Ереже «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

13. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

14. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.


^ 2. “Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мәні,мақсаты, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары


15. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Бөлім қызметінің мәні ауданда құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

Бөлімнің мақсаты елді-мекендер мен аумақтардың әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылымын қалыптастыруды қамтамасыз ету, әртүрлі меншік нысанындағы (меншіктік) тұрғын үй қорын және басқа да инфрақұрылым объектілерін пайдалануды ұйымдастыруға көмек көрсету, аумақтарда сәулет және қала құрылысын қалыптастыру.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс туралы, мемлекеттік нормативтер және орнатылған тәртібімен сәулет, қала құрылысы, құрылыс және қала құрылысы жанындағы қала аймағын меңгеруге басқа жобалық құжаттамалар дайындау.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг және бағалау болып табылады.

16. Міндеттері:

1)стратегиялық дамудың ағымдық және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік саясатты және мемлекеттік бағдарламаларды Жангелдин ауданының аумағында жүргізу;

2)аймақтың дамуының басымдықтары мен стратегиясы, әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөнінде аудан әкіміне ұсыныстар еңгізуі;

3)ауданның мемлекеттік құрылыс саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу және аудан әкіміне, облыстық органдарға ауданның дамуының стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе күшін жою жөнінде ұсыныстар еңгізу;

4)нысандарды қаржыландыру және іріктеп алу мәселелерін жүргізу мен талдау;

5)нысандарды салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің техникалық қадағалауды жүзеге асыруы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

6)ұйымдарға облыстық Басқарма арқылы әлеуметті инвесторларды іздестіру және тартуды жүзеге асыруға көмектесу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

7)ресурстық және технологиялық базаны қайта ұйымдастыру негізінде энергетиканың, инфрақұрылымның және құрылыстың дамуына, кәсіпорындарды реформалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға, осы салалардағы шаруашылық жүргізуші субъектілерін қайта құрылымдау жөніндегі ұсыныстар даярлауға көмектесу;

8)нысандар мен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар дайындау; 9)қаланың бас жоспары жобасын әзірлеуді ұйымдастыру;

10)объектілер және кешендер салу мен жобаларда сәулет-жоспарлау тапсырмасын дайындау және беруде техникалық жағдайларды анықтау;

11)заңнамаға қайшы келмейтiн, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы, мемлекеттік мекеме ережесімен анықталған функцияларды орындайды.

12) ауданды дамытудың стратегиясында, ең алдымен қаржыны тұрақтандыруға, өндірістік құлдырауын тоқтатуға, экономиканы көтеруді қамтамасыз етуге, бедгілеген мақсатты индикаторларға қол жеткізу;

13)қала әкімінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

14)өз құзырының шегінде кәсіпорындардың және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметтерін мониторингілеу.

15)мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

16)заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету.

17)мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету.

18)мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну.

19)заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну.

20)мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

17. Функциялары:

Орталық бөлімнің функциялары.

1)ауданның басшылық жасайтын кәсіпорындарының қызметін талдауды;

2)құрылыс, сәулет және қала құрылысы мәселелері жөнінде аймақтық бағдарламалардың, өз құзырындағы мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын және Үкіметтің қаулыларын, аудан әкімиятының қаулылары мен аудан әкімінің шешімдерін орындау жөніндегі есептердің орындалуына және даярлануына мониторингті жүзеге асыруды;

3)ауданның инфрақұрылым, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бағдарламаларына талдау, түзету жүргізуді және оларды іске асыруға көмек көрсетуді ;

4)аудан аумағындағы құрылыс, сәулет-құрылыс бақылауын жүргізетін мемлекеттік органдардың жұмысына және жобалау саласында бәсекелестік нарықты дамытуға көмек көрсетуді, елді-мекендердің бас жоспарларында белгіленген тәртіпте бекітілген аумақтарды (аудан немесе оның бөлігін аудандық жоспарлау жобасын) қала құрылысымен жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді;

5)құрылыс индустриясы дамуы шараларының орындалуына басшылық етуді және бақылауды;

6)ауданның тұрғын үй саясатының іске асырылуына, басымдық объектілерінің салынуына және өндірістік инфрақұрылымның дамуына талдау жүргізуді, түзету енгізуді және көмек көрсетуді, жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен, лицензиялау органдарымен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асыруды;

7)ауданның стратегиялық даму жоспарына енгізілген басымдық объектілерді салуды аяқтау және құрылыс индустриясын дамыту үшін ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға ықпал етуді;

8)жобаларды мемлекеттік сараптаудың республикалық және аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясымен, лицензиялау органдарымен бірлесе іс-қимыл жасауды жүзеге асыруды;

9)тендерлер өткізуге ат салысады, сондай-ақ өз құзыры шегінде құрылыс-монтаж жұмыстарын жобалауға, салуға өз бетінше конкурстар өткізуді;

10)өз құзыры шегінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметіне мониторингті жүзеге асыруды;

11)тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыруды;

12)бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау және мониторингті жүзеге асыруды;

13)аудан әкімдігінің уәкілетті органы болып табылатын Бөлім, кәсіпорындармен қатынаста мемлекеттік басқару органы функцияларын орындайды;

14)аудан әкімінің уәкілетті органы болып табылатын Бөлім, кәсіпорындармен қатынаста оларға мүліктің мақсатымен пайдаланылуына және сақталуына бақылау жүргізуді;

15)әкімгерлері болып табылатын бағдарламалар бойынша, мемлекеттік сатып алушылар шегінде ақша қаражаттарының пайдаланылуына бақылау жасауды;

16) техникалық шарттардың берілуін, қаржыландыру жоспарының жасалуын, жылға арналған жиынтық смета мен қаржыландыру жоспарларының жасалуын бақылауды және оны тоқсандар бойынша үйлестіруді жүзеге асырады;

17)қолда бар нысандырды салу және өзгерту үшін, техникалық-экономикалық негіздеуді және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу сатысындағы қайта жаңартуды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қосқанда, рұқсат беретін рәсімдерден өтуді ұйымдастыру және басқа да бастапқы деректерді алу;

18)техникалық – экономикалық негіздеуге және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге арналған тапсырмаларды құрастыру;

19)алғашқы жоба рәсімдерін өткізу және жобаларды келісу;

20)инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыруға қатысу;

21)салалық бағалауды және іске асуы белгіленген инвестициялық жобаларға сараптау жасау;

22)бөлімнің бюджеттік бағдарламалар паспорттарында қаралған іс-шаралардың орындалуын бақылау;

23)құрылыс саласына сапаның халықаралық стандарттарын еңгізуге;

24)өзі басқаратын саласында халықаралық стандарттарға сәйкес сапа жүйесін енгізуде мониторингті жүзеге асыруға;

25)қолданылып жүрген заңнамаларға қайшы келмейтін Бөлімнің мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін басқа да функцияларды орындайды.

26)мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.

27)мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, Мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

28)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды қамтамасыз ету.

29)ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету.

30)Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу.

31)Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

^ 18. Құқықтары мен міндеттері:

1)аймақтың дамутыдың басымдықтары мен страгегиясы, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша қала әкіміне ұсыныстар енгізуге;

2)қала әкіміне, жергілікті және республикалық органдарға қаланың дамыуның стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе күшін жою жөнінде ұсыныстар енгізуіне;

3)өз құзырының шегінде міндетті түрде орындалуы үшін нұсқаулар беруіне және өндірістік нормативтік актілер шығаруына;

4)бөлімнің құзырына қатысы бар мәселелерді шешу жөнінде аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізуіне;

5)өз құзырының шегінде сыртқы экономикалық байланыстар орнату жөнінде тиісті ведомстволармен және ұйымдармен келіссөздер жүргізуіне;

6)ауданның кәсіпорындар, ұйымдар, қоғамдық құрылымдар мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша тексерулер мен сараптаулар жүргізу, конкурстық комиссияларға қатыстыру үшін тартуына;

7)өз құзырының мәселелері жөнінде келіссөздер жүргізуіне және келісімдерге, басқа да заң актілеріне қол қоюына;

8)өз құзырының шегінде аудан аумағында құрылыс қызметінің барлық субъектілері орындалуы үшін міндетті болып табылатын энергетика және тұрғын үй саясатын жүзеге асыру мәселелері жөнінде шешімдер қабылдауына;

9)өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда құрылыс пен құрылыс индустриясының кез келген объектілері мен кәсіпорындарына баруына;

10)басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отырып кәсіпорындардың экономикалық сауықтыру жөніндегі шараларын әзірлеуге және іске асыруға қатынасуына;

11)бөлімге жүктелген міндеттерді орындауы үшін өз құзырының шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, статистика органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұратуына және алуына;

12)мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

13)мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы;

14)бөлімнің осы Ережеде көрсетілген құқықтарымен қатар оған қолданыстағы заңнамаларымен берілген басқа да құқықтары бар.


  1. ^ Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру


19. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде басшылықты «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

20. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесің басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

21. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

1)бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

2)бөлімге жүктелген функциялардың орындалуы үшін жеке жауап береді;

3)заңға белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;

4)бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

5)қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Бөлімді атқарушы органдарға және ұйымдарға ұсынады;

6)заңда белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза береді;

7)оның құзырына жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

Мемлекеттiк мекеменiң бастығы дара басшылық принциптерiне әрекет етедi және Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көрсетiлген, оның құзырына сай мемлекеттiк мекеменiң мәселелерiн өз бетiнше шешедi.

Мемлекеттiк мекеменiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк мекеменiң басшысы белгiленген заң тәртiбiмен:

1)мемлекеттiк мекеме атынан сенiмхатсыз әрекет ете алады;

2)барлық ұйымдар мемлекеттiк мекеменiң мүдделерiн ұсынады;

3)заңнамада белгiленген жағдайда және шегiнде мүлiктi иеленедi;

4)шарт жасайды;

5)сенiмхаттар бередi;

6)қаржы құжаттарына бiрiншi қол қою құқығына ие;

7)оқу орындары қызметкерлердiң оқуын және қызметкерлердiң оқуын және қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттырудың басқа да түрлерi, тағлымдамалар, iс-сапарлар жөнiндегi мемлекеттiк мекеменiң тәртiбi мен жоспарын бекiтедi;

8)мекеменiң барлық қызметкерлерi үшiн мiндеттi тапсырмалар бередi және бұйрықтар шығарады;

9)мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және шығарады;

10)мемлекеттiк мекеменiң қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады және көтермелеу шараларын қолданады;

11)мемлекеттiк мекеменiң басқа да қызметкерлерi өкiлеттiлiгi аясында мiндеттердi бөледi;

12)бастықтың болмаған уақытында оны бөлiмнiң бас маманы алмастырады;

13)заңнамада, осы Ережеде және уәкiлеттi органда оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

14)сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөнінде тиісті шараларды қабылдау мен сақтауды қамтамасыз етеді;

15)мемлекеттің гендерлік саясатын қолдайды.

«Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.


^ 4. Мемлекеттік органның мүлкі


23. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

24. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.


5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату


26. «Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Похожие:

Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі iconЖангелдин ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі»
«Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария және ауылшаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Катонқарағай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Катонқарағай ауданының сәулет-қала құрылысы саласын дамыту жоспары сәулет-қала құрылысының қызметі мен механизмінің мемлекеттік саясаттың...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі iconҚазақстан Республикасы “Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі»
«Жангелдин ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі ветеринария және ауылшаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының білім беру бөлімі»
«Жангелдин ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің қызметін қамтамасыз ететін...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Шемонаиха ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мм
Мм миссиясы- сәулет, қала құрылысы және құрылысы саласында мемлекеттік саясатты, жарнаманы іске асыру. Аумақта қала құрылысын меңгеру...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Жангелдин ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ережелер «Жангелдин ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі»
Бөлім «Жангелдин ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі және «Жангелдин ауданының дене шынықтыру...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Бөлім – бұл тұрғын үй-коммуналдық әкімшілік-шаруашылық және әлеуметтік-мәдени бағытындағы нысандардың құрылысы мен қайта жаңартуын...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі iconБөлімнің негізгі міндеттері Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес мына функцияларды жүзеге асырады: «Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі»
«Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» бұдан әрі «бөлім» қала әкімшілігінің атқарушы органы болып табылады және Шымкент...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі icon«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
«Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының...
Жангелдин ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ережесі iconУспен ауданының Сәулет және қала
«Успен ауданының «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы