«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



Название«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата конвертации23.02.2014
Размер109.26 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық

қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру – күнтізбелік 70 (жетпіс) күннен аспайды;

азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатының телнұсқасын беру – күнтізбелік 10 (он) күн;

2) көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты (сертификат телнұсқасы).

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке келуімен берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.

Көрсетілетін қызметті алушы порталда Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын электрондық құжат нысанында «жеке кабинетте» алады.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым төлемі «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері оның қолданыс саласы және штат санына байланысты:

  1. жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне жедел техникалық қызмет

көрсету, соның ішінде ағымдағы жөндеу, ақаулықтарды жою, агрегаттар мен жинақтаушы бұйымдарды ауыстыру:

10 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 346 айлық есептік көрсеткіш;

11-ден 40 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 364 айлық көрсеткіш;

41-ден 70 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 382 айлық көрсеткіш;

71-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 400 айлық көрсеткіш;

101-ден 150 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 419 айлық көрсеткіш;

151-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 437 айлық көрсеткіш;

201-ден астам адам – алым төленген күнгі қолданыстағы 455 айлық көрсеткіш;

2) жекелеген үлгілердегі әуе кемелеріне кезеңдік техникалық қызмет көрсету, соның ішінде авиақозғалтқыштарды ауыстыру, авиациялық техниканы ағымдағы жөндеу, авиациялық техникаға маусымдық және арнайы техникалық қызмет көрсету, сақтау кезінде авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету:

10 адамға дейін – алым төленген күнгі 418 айлық есептік көрсеткіш;

11-ден 40 адамға дейін – алым төленген күнгі 436 айлық есептік көрсеткіш;

41-ден 70 адамға дейін – алым төленген күнгі 454 айлық есептік көрсеткіш;

71-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі 472 айлық есептік көрсеткіш;

101-ден 150 адамға дейін – алым төленген күнгі 491 айлық есептік көрсеткіш;

151-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі 509 айлық есептік көрсеткіш;

201-дан астам адам – алым төленген күнгі 527 айлық есептік көрсеткіш;

3) зертханалық жағдайдағы әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету агрегаттары және жинақтаушы бұйымдары – алым төленген күнгі 218 айлық есептік көрсеткіш;

4) әуе кемелерінің және олардың агрегаттары мен жинақтаушы бұйымдарының жай-күйін бұзбайтын бақылау әдістерін қолдану – алым төленген күнгі 145 айлық есептік көрсеткіш

5) «күрделі жөндеусіз» пайдаланылатын әуе кемелерінің планеріндегі, авиациялық техниканың авиақозғалтқыштарындағы және жинақтаушы бұйымдарындағы бақылау-қалпына келтіру жұмыстары (жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары):

10 адамға дейін - алым төленген күнгі 236 айлық есептік көрсеткіш;

11-ден 40 адамға дейін – алым төленген күнгі 254 айлық есептік көрсеткіш;

41-ден 70 адамға дейін – алым төленген күнгі 272 айлық есептік көрсеткіш;

71-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі 290 айлық есептік көрсеткіш;

101-ден 150 адамға дейін – алым төленген күнгі 309 айлық есептік көрсеткіш;

151-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі 327 айлық есептік көрсеткіш;

201-дан астам адам – алым төленген күнгі 345 айлық есептік көрсеткіш;

6) әуе кемесінің интерьерін жаңарту (қайта жабдықтау) – алым төленген күнгі 145 айлық есептік көрсеткіш;

7) әуе кемесін жаңғырту бойынша жұмыстарды және авиациялық техниканы әзірлеушінің бюллетеньдері мен құжаттамасы бойынша пысықтауларды орындау – алым төленген күнгі 248 айлық есептік көрсеткіш;

8) әуе кемелерін, авиақозғалтқыштарды және жинақтаушы бұйымдарды (агрегаттарды) оларға жаңа ресурстарды (қызмет мерзімдерін) белгілеумен күрделі жөндеу:

10 адамға дейін - алым төленген күнгі 528 айлық есептік көрсеткіш;

11-ден 40 адамға дейін – алым төленген күнгі 546 айлық есептік көрсеткіш;

41-ден 70 адамға дейін – алым төленген күнгі 564 айлық есептік көрсеткіш;

71-ден 100 адамға дейін – алым төленген күнгі 582 айлық есептік көрсеткіш;

101-ден 150 адамға дейін – алым төленген күнгі 601 айлық есептік көрсеткіш;

151-ден 200 адамға дейін – алым төленген күнгі 619 айлық есептік көрсеткіш;

201-дан астам адам – алым төленген күнгі 637 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау жіберілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады (бұдан әрі - ЭҮТШ).

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) сертификатты алу үшін мынадай құжаттар қоса берілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат;

3) авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және жөндеу (АТ ТҚ және Ж) жөніндегі ұйым жарғысының көшірмесі;

4) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің* көшірмесі;

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

5) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның қаржы-экономикалық жағдайы туралы анықтама;

6) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қызметі жөніндегі нұсқаулық;

7) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның бекітілген құрылымы;

8) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшелері туралы ереже;
      9) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның штаттық кестесі;

10) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамы туралы мәліметтер және білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері;

11) АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның командалық-басшы құрамының лауазымдық нұсқаулықтары;

12) авиациялық техника үлгілері бойынша рұқсат ету түрлері мен жұмыстар түрлері көрсетілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық персоналының тізімі;

13) инженерлік-техникалық құрамының қозғалтқыштарды жүргізу және сынап көру рұқсаттары туралы ақпарат;

14) сақтандыру полистерінің және медициналық анықтамалардың қолданылу мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген, базадан тыс әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді орындауға арналған экипаждардың құрамында ұшуларды орындауға жіберілген АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйымның инженерлік-техникалық құрамы адамдарының тізімі;

15) мәлімделген салада қолданылатын АТ ТҚ және Ж бойынша жұмыс жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі;

16) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж жөніндегі ұйым қызметін метрологиялық қамтамасыз етуге арналған шарттардың тізбесі;

17) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген, АТ ТҚ және Ж бойынша ұйымның инженерлік-техникалық құрамына техникалық оқу өткізу мен біліктілігін арттыруға арналған шарттардың тізбесі;

18) шарттың мәні мен қолданылу мерзімі көрсетілген жалға алынатын құрылыстар мен жерде қызмет көрсету құралдарын пайдалануға арналған шарттардың тізбесі;

19) шарттар бойынша ұйым АТ ТҚ және Ж бойынша қызметтер көрсететін азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылар тізімі;

20) шарттар бойынша қосалқы мердігер ұйымдардың тізбесі.

Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатының телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті көрсетілетін қызметті берушіге негіздеме мен бұрын берілген куәлік (ұрлану (жоғалу) жағдайларынан басқа) және қызметтік тексеру материалдары қоса берілген еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

Порталда:

Көрсетілетін қызметті алушы азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйым сертификатын (телнұсқасын) алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


^ 3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі


10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар


12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

_____________________




Похожие:

«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын
Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсететiн және жөндейтiн (ат тқ және Ж) ұйымның сертификатын алуға арналған өтiнiмнiң
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconАвиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу ұйымының қызметтік нұсқаулығы
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты iconЭлектрондық құжат нысанындағы өтініш
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аэронавигациялық ұйымның әуе қозғалысына қызмет көрсету органының сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Аэронавигациялық ұйымның радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметінің сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі әзірледі
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру»
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Азаматтық әуе кемесінің үлгі сертификатын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Азаматтық авиацияның авиациялық техникаларына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымның сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты icon«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру»
«Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов