«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер icon

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер



Название«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер
Дата конвертации22.02.2014
Размер84.69 Kb.
ТипДокументы
источник



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы « » №

қаулысымен бекітілді


«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Жалпы ережелер


1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру:

көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;

Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;

«Электрондық үкіметтің» www.е.gov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталында (бұдан әрі – Портал) арқылы.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

мемлекеттік қызметті көрсетушіге жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО құжаттар пакетін тапсыруы;

Көрсетілетін қызметті алушыға паспортты беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

құжаттар пакетін тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут.

2) көрсетілетін қызметті алушы Порталға жүгінген кезде:

паспортты беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт (бұдан әрі - паспорт);

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) ХҚО-ның - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 12.30-дан 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін.

Нәтижелерді қабылдау мен беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» тәртіппен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезек броньдалуы мүмкін.

3) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-на:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;

2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектілер эскиздерінің көшірмелері немесе оның түпнұсқасы;

3) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрақ салу – электрондық түрдегі құжат;

2) құжаттардың электрондық көшірмесі түріндегі электрондық сауалға тіркелген түстік шешімі және өлшемдері бар объектілердің эскиздері;

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші Портал немесе уәкілетті тұлғалардың ЭЦҚ куәландыратын электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының Заңымен өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерді қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім алады.

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО қызметкері түпнұсқалар көшірмелермен немесе электрондық іске қосылған көшірмелерімен салыстырады, кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады:

көрсетілетін қызметті берушіге – өтінішті қағаз тасығышта қабылдағанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдаған күні мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі болып табылады;

ХКО-на мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

1) сауал салуды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) Құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері;

Портал арқылы – «көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті көрсетушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті көрсетуші басшысының мөрі және қолымен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы, жеке өзі келген кезде, қолы қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасы ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жеке «кабинетке» жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаса, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.


3.Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі


11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым осы көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлімінің телефоны 8 (7172) 24-33-83 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына түседі.

Шағымдар жұмыс күндері почта немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол немесе почта бойынша жазбаша нысанда қабылданады.

Шағымды қабылдауды растау Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті көрсетушінің кеңсесінде шағымды қабылданған адмның тегі мен аты-жөнін, алынған шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

ХҚО қызметкерінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым www.con.gov.kz ХҚО интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына түседі.

ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта ұсынылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өндеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткені туралы, тіркеу, орындау қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту туралы белгі) қолжетімді болады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануы мүмкін.

Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Шағымда:

жеке тұлғаның – тегі, аты, мүмкіндігіне қарай әкесінің аты, почта мекенжайы;

заңды тұлғаның - оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.


^ 4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескерілген өзге талаптар


13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті көрсетушінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Автомобиль жолдары комитеті» бөліміндегі «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде).

14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі бар.

15. Көрсетілетін қызметті алушының Порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-88-00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).


___________________




Похожие:

«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconМемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconМемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер icon«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconАқпараттық жүйелердің ХҚО арқылы қызметтік өзара
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconМемлекеттік қызмет стандартына 2-қосмыша
Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ, елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconАқпараттық жүйелердің портал арқылы қызметтік өзара әрекет ету диаграммасы
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібін сипаттау
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама...
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер iconҚызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету барысында әрекет ету тәртібін сипаттау
«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов