Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» icon

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы»



НазваниеҚалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы»
Дата конвертации22.02.2014
Размер53.45 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

________жылғы _______

№ _______ қаулысымен

Бекiтiлген


Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары



  1. Жалпы ережелер


1. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 15-1 бабына сәйкес әзiрленген және қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбiн айқындайды.

2. Қазақстан Республикасындағы қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу облыстық маңызы бар қалалардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) жергілікті атқарушы органдарымен жүргiзіледi.

3. Тiркеуден өткен қалалық рельстік көліктің көлік құралдары қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Тізіліміне (бұдан әрі – Тiзiлiм) енгізілуі тиіс.

4. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Тiзiлiмi облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі - әкімдіктер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес форма бойынша жүргізіледі.


^ 2. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу тәртiбi


5. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын иеленушiлердiң барлығы үшiн бiрдей негiзде және шарттарда жүзеге асырылады.

6. Осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тiркелетiн қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу:

1) егер өтiнiш берушi заңды тұлға болып табылса, заңды тұлғаның тiркелу орны бойынша;

2) егер өтiнiш берушi жеке тұлға, оның iшiнде дара кәсiпкер болған жағдайда, салық төлеушi ретiнде тiркелу орны бойынша жүзеге асырылады.

7. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Қазақстан Республикасының резидент еместерi Қазақстан Республикасының аумағына жөндеу үшiн уақытша әкелгенде тіркеуге жатпайды.

8. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары меншік құқығын, мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенiмгерлiк басқару шарттарын алған сәттен бастап 30 жұмыс күнi iшiнде әкімдікте тiркеуге жатады.

9. Әкімдікке қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеуге жеке және заңды тұлғалармен осы Қағидалардың 2-қосымшаға сәйкес формасы бойынша келесі құжаттарды қосумен өтiнiш берiледi:

1) заңды тұлғаның құзыретті өкілінің қолымен және мөрімен, не жеке тұлғаның қолымен расталған қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тiзбесi;

2) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк, не анықтама*.

Ескертпе: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының күшіне енгенге дейінгі берілген заңды тұлғаның (филиалдың, өкілдіктің) мемлекеттік (есептік) тіркелуі туралы куәлік заңды тұлғаның қызметінің тоқталуына дейін жарамды болып табылады;

3) жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

4) меншiк құқығын растайтын құжат немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг, немесе сенiмгерлiк басқару шарты;

5) жасаушы зауыттың қалалық рельстік көліктің көлік құралдарының әрбiр бiрлiгiне арналған техникалық куәлiк (формуляр);

6) басшының жеке басын куәландыратын құжат немесе өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжат;

7) тіркеу алымын төлегенді растайтын құжат.

Осы тармақтың 3) - 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың түпнұсқалары көшiрмелерiмен салыстырылғаннан кейiн өтiнiш берушiге өтiнiш беру кезiнде қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшiрмелерi ұсынылады.

10. Әкімдік құжаттарды қабылдау кезiнде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес өтiнiш берушiге тиiстi құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат бередi.

11. Әкімдік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiштi осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетiлген барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде қарайды.

12. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) айқындалатын тәртіппен және мөлшерде алым алынады.».

13. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тiркеген тұлға оны тiркелген күнiнен бастап пайдаланады.

14. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қатаң есептегi құжат болып табылады, оның есептiк сериясы мен нөмiрi болады. Қалалық рельстік көліктің көлік құралының әрбiр тiркелетiн бiрлiгiне берiледi.

15. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тіркеген тұлғалар әкімдікті заңды тұлға таратылған немесе қайта ұйымдастырылған жағдайда шешім қабылдағаннан бастап 15 жұмыс күнi iшiнде хабардар етеді.

16. Әкімдік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы өтiнiш келiп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей өтiнiш берушiнiң өтiнiшiнен жазбаша түрде мынадай жағдайларда бас тартады:

1) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынбаса;

2) әкімдік ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында немесе машина жазбаларында түзетулер немесе көшiрмелердi куәландыратын қолы және мөрi болмаған;

3) сот қабылдаған шешiмге сәйкес қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын тыйым салынған жағдайда бас тарта алады.

17. Әкімдік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тiркеу туралы берiлген куәлiктi:

1) қалалық рельстік көліктің көлік құралын тiркеген заңды тұлға немесе дара кәсiпкер таратылған не қызметi тоқтатылған;

2) меншiк құқығын растайтын құжаттың немесе мүлiктi жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенiмгерлiк басқару шартының қолданысы тоқтатылған жағдайларда керi қайтарып алады.

18. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдары Тiзiлiмнен:

1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдары есептен шығарылған, ол қалпына келмейтiндей зақымданған;

2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шетелдік тұлғаларға иеліктен шығарып, одан әрі Қазақстан Республикасының шегiнен тыс қолдануға алып шығарған жағдайда алып тасталады.

19. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығынға жазған немесе пайдаланудан шығарған кезде меншiк иесi немесе оған теңестiрiлген тұлға әкімдікке өтiнiш пен мынадай құжаттарды ұсынады:

1) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын туралы куәлiк;

2) қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын шығынға жазу, жоғалу, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларға сату актiсi немесе шетелдік иесіне тапсыру құжаты.

20. Әкімдік қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын пайдалану бойынша қызметті тоқтату туралы Тiзiлiмге мәлімет енгiзедi.


3. Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу

туралы куәлiктiң телнұсқасын беру тәртiбi


21. Жеке немесе заңды тұлғаға тиесiлi қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк абайсызда бүлінген немесе бұрын берiлгенi жоғалған жағдайда әкімдікке өтiнiш түскен сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасы берiледi.

22. Меншiк иесi немесе оған теңестiрiлген тұлға қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк абайсызда бүлінген жағдайда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiштi әкімдікке ұсынады. Куәлiктiң бүлінген бланкiсi әкімдікке қайтаруға жатады.

Меншiк иесi немесе оған теңестiрiлген тұлға қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы бұрын берiлген куәлiк жоғалған жағдайда қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру туралы өтiнiштi, сондай-ақ оны жоғалтып алғанын растайтын құжатты, атап айтқанда бұқаралық ақпарат құралдарынан осы куәлiктiң күшін жойғаны туралы мәлiметтердi қамтитын хабарламаны әкімдікке ұсынады.


____________________________




Похожие:

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconҮкіметінің қаулы жобасына түсіндірме жазба
«Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconҚалалық рельстік көліктің көлік құралдарының тiзiлiмi

Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconКӨлік қҰралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты
Көлік операторы / көлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегенге дейін толтырады
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconБұйрығымен бекітілген «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»
«Егемен Қазақстан» және 2011 жылы 30 сәуірде «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланып, №6817 нормативтік құқықтық актілерді...
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы – «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» (бұдан әрi – мемлекеттiк...
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconКөлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары
Жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары...
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconКөлік құралы салығы бойынша ағымдағы төлемдер салық есептілігін
Осы Көлік құралдары салығы бойынша салық есептілігін ағымдағы төлемдер (есебін) жасау қағидалары (701. 00-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар)...
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» icon«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттiк қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет)
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconЖылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тіркеу қағидалары
Жылжымалы құрамды және оның кепілін мемлекеттік тiркеу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Темiр жол көлiгi туралы» 2001 жылғы 8...
Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары Жалпы ережелер Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» iconҚазақстан Республикасының аумағында жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын пайдалану
Азақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 ақпандағы №87 бұйрығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов