Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары icon

Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары



НазваниеКөлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары
Дата конвертации22.02.2014
Размер93.15 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы « »

№ қаулысымен

бекітілген


Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары


1. Жалпы ережелер


1. Осы Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңы 24-1-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Қағидада келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) көлік инфрақұрылымы объектілерінің тексерілуі – техникалық құралдарды, жабдықтарды, технологиялық процестерді, құжаттаманы, ұйымдық құрылымды, жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне тексеріп қарауды жүзеге асыратын қызметкерлердің біліктілігін тексеру бойынша уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын іс-қимыл;

2) көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік – көлік қызметі субъектілеріне берілетін және жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына көлік инфрақұрылымы объектілерінің сәйкестігін растайтын құжат;

3) өтінім – жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау рәсімінен өту үшін өтініш берушінің уәкілетті мемлекеттік органға беретін жазбаша өтініші;

4) өтініш беруші – меншік құқығында немесе өзге заңды негізде көлік инфрақұрылымы объектісі бар, көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті алу үшін уәкілетті мемлекеттік органға жүгінген көлік қызметі субъектісі;

5) тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүзеге асыру кезінде дербес немесе кез келген жүйенің бөлігі ретінде қолдануға арналған, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы қызметіне заңсыз қол сұғудан қорғауға арналған арнаулы құрылғылар;

6) уәкілетті мемлекеттік орган – көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

3. Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына (бұдан әрі – тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптары) сәйкестігіне аттестаттауды уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.


^ 2. Аттестаттауды жүргізу тәртібі


4. Аттестаттауды жүргізудің келесі тәртібі тағайындалады:

1) өтініш берушінің уәкілетті мемлекеттік органға өтінімді осы Қағидаға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес құжаттармен беруі;

2) уәкілетті мемлекеттік органның өтінімді алдын ала бағалауы және ол бойынша шешім қабылдауы;

3) уәкілетті мемлекеттік органның көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеруді жүргізуі;

4) көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру туралы не болмаса беруден бас тарту туралы шешім қабылдау.

5. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті алуға арналған аттестаттаудың жалпы мерзімі аттестаттауды жүргізуге арналған өтінім келіп түскен кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.


^ 3. Алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау


6. Өтініш беруші уәкілетті мемлекеттік органға осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім жібереді.

Өтінімге осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар қоса беріледі.

7. Келесі аттестаттаулар кезінде өтініш беруші уәкілетті мемлекеттік органға өтінімді мәлімделетін өзгерістерге қатысы бар құжаттарымен (олар бойынша өзгерістер болған немесе жаңартуды талап ететін) береді.

8. Уәкілетті мемлекеттік орган ұсынылған құжаттарды қарайды және 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес шешім қабылдайды.

9. Өтінімді алдын ала бағалауға құжаттарда ұсынылған рәсімдермен, тәжірибемен және әдістермен жалпы танысу және олардың тексеріп қарау жөніндегі талаптарға сәйкестігіне тексеру кіреді.

Бұл ретте келесі мәселелер қаралады:

1) көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеріп қарауды жүзеге асырудың ұйымдық құрылымы, персоналының тәжірибесі мен негізгі принциптері;

2) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес көлік қызметі субъектісінің басшылық құрамы, жұмысшылары, техникалық құралдары бойынша деректердің болуы;

3) тексеріп қарауды жүзеге асыратын жұмысшылардың жинақтылығы мен дайындық дәрежесі;

4) жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды ұйымдастыру;

5) тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарды пайдалану;

6) өтінім бойынша шешім қабылдау.

10. Өтініш сәйкес болмаған, сондай-ақ осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес құжаттар толық көлемде берілмеген жағдайда 10 (он) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтінім себептерін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.

11. Табылған сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін көлік қызметінің субъектісі өтінімді қайтарып алған кезден бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде осы Қағиданың талаптарына сәйкес қайтадан өтінім білдіреді.

12. Оң шешім қабылданған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеруді жүргізу үшін комиссия құрады.

Комиссия құрамына уәкілетті мемлекеттік органның, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдарының өкілдері енгізіледі.


^ 4. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру


13. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі тәртібі мен талаптарына сәйкес жүргізіледі.

14. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру барысында өтініш беруші көлік қызметі субъектілерінің тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкестігін растайды.

15. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру нәтижелері бойынша тексеріп қарауды ұйымдастырудың іс жүзіндегі жағдайын, қорытындыларды, ұсынымдарды және көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытындыларды көрсете отырып, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру актісі жасалады.

16. Комиссияның көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру мерзімі комиссия көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеретін жерге келген кезден бастап 10 (он) күнтізбелік күннен аспауы тиіс.


5. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру, беруден бас тарту


17. Егер өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкес болса, уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру туралы шешім қабылдайды.

18. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік басқа тұлғаға беруге жатпайды.

19. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік, қолданыста болу мерзімін көрсете отырып, 5 жылдық мерзімге беріледі.

20. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру мүмкіндігі туралы қорытындысы бар көлік инфрақұрылымы субъектілерін тексеру актісі көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беру үшін негіздеме болып табылады.

21. Уәкілетті мемлекеттік орган көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру аяқталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті рәсімдеуді және беруді жүргізеді.

22. Әр көлік инфрақұрылымы объектісіне көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы жеке куәлік беріледі.

23. Егер:

1) өтініш беруші ұсынған құжаттар тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкес болмаса;

2) көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру нәтижелері бойынша өтініш беруші тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі талаптарға сәйкес болмаса, көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартылады.

24. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге осы Қағиданың 5-тармағында көрсетілген аттестаттаудың жалпы мерзімінен аспайтын мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, уәжді жауап беріледі.

25. Көлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру кезінде көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздік ашылған жағдайда өтініш беруші осы ескертулерді жою мерзімдері мен сол үшін жауаптыларды көрсете отырып, сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды, ол уәкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.

Өтініш беруші сәйкессіздіктерді жойғаннан кейін олардың жойылғандығы туралы анықтаманы уәкілетті мемлекеттік органға ұсынады және жоспар бекітілген күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей қайтадан өтінім береді.

Көлік қызметінің субъектілері көрсетілген бұзушылықтарды жойған кезде көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы өтінім осы Қағидаға сәйкес қаралады.


^ 6. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтату және оны қайтарып алу


26. Уәкілетті мемлекеттік орган келесі жағдайларда:

1) көлік қызметі субъектісі тексеріп қарауды жүргізу жөніндегі талаптарды сақтамағанда;

2) террорға қарсы қорғауды қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымы объектілері, жолаушылар мен келушілер қауіпсіздігінің тиісті деңгейін сақтауға әсер ететін бұзушылық ашылғанда көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданылуын тоқтатады.

27. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданысы тоқтатылған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданысын тоқтату туралы шешімде тоқтату себептерін және көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданысы тоқтатылатын мерзімді (алты айдан аспайтын) көрсетеді.

Егер көлік қызметі субъектілері ашылған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймаса, уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті қайтарып алады.

28. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданысын қайта бастауды (ол тоқтатылған жағдайда) уәкілетті мемлекеттік орган тек көлік қызметі субъектісі ашылған кемшіліктерді жойған және уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектісін тексеруді жүргізген соң ғана жүзеге асырады.

Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің қолданысы тоқтатылған немесе ол қайтарып алынған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган көлік қызметі субъектісін қабылданған шешім туралы дереу хабардар етеді.

29. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік қайтарып алынған кезде көлік қызметі субъектісі көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті уәкілетті мемлекеттік органға дереу қайтарады.

30. Көлік қызметі субъектісінің атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және басқа өзгерістер жағдайында, егер олар тексеріп қарау талаптарына сәйкес болмауға алып келмесе, берілген көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктерді қайта ресімдеу жүргізіледі.


^ 7. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы

куәліктің телнұсқасын беру


31. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлік зақымдалған немесе жоғалған (ұрланған) жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган 10 күнтізбелік күн ішінде көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің телнұсқасын береді.

32. Көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін көлік қызметі субъектісі қажетті негіздемесі бар еркін нысандағы өтінішті бұрын берілген көлік қызметі субъектілерін аттестаттау туралы куәлікті (жоғалған (ұрланған) жағдайларды қоспағанда) қосып уәкілетті мемлекеттік органға береді.

_________________________




Похожие:

Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКөлік инфрақұрылымы объектілерін тексеру
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКөлік қызметі субъектілерін аттестаттау
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКөлік қызметі субъектілерін аттестаттау
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКөлік қызметі субъектілерін аттестаттау
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconЕлтаңба
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКөлік қызметі субъектісінің басшылық құрамы, жұмысшылары, техникалық құралдары бойынша жиынтық деректер
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
«Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconКелісу парағЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы
Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы: Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді,...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconЖолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға
Арды, олардың заттарын, соның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарау кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар...
Көлік қызметі субъектілері жолаушылар мен көлік инфрақұрылымы объектілеріне келушілерді, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын тексеріп қарауды жүргізу тәртібі мен талаптарына сәйкестігіне аттестаттау қағидалары iconҚойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов