«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon

«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»



Название«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»
Дата конвертации22.02.2014
Размер242.48 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

міндетін атқарушысының

2013 жылғы «29» қарашадағы № 960

бұйрығымен бекітілген


«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандарты


1. Жалпы бөлім



1. «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне және құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
^





2. КС паспорты



5. КС паспорты мынаны анықтайды:


1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МЖ) «33.17 Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

вагондарды техникалық күйде тексеру, ағытпай жөндеу;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.


^

3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары



1-параграф «Вагондарды тексеруші-жөндеуші, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші-жөндеуші (цистерна клапандарын жөндеу бойынша)»
^


6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-3, СБШ бойынша – 2-3;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 7511 «Теміржол көлігі жол машиналары мен механизмдеріне қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмысшылар кәсіптері»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: вагондарды тексеруші-жөндеуші, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші-жөндеуші (цистерна клапандарын жөндеу бойынша);

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк поезд қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтау және жою үшін техникалық қызмет көрсету және қорапты ағытпай жөндеу;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарды тексеруші-жөндеушінің, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеушінің, вагондарды тексеруші-жөндеушінің (цистерна клапандарын жөндеу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


2-параграф «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, автотіркесті жөндеу слесарі»
^


7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы:


1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 2-4, СБШ бойынша – 2-4;

2) Қазақстан Республикасының кәсіптердің мемлекеттік жіктегіші (бұдан әрі - ҚР 01-2005 МЖ) бойынша базалық тобы: 8281 «Басқа топтарға кірмеген операторлар, аппаратшылар, машинистер мен стационарлық жабдықтардың слесарь-жинаушылары»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, автотіркесті жөндеу слесарі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жүк және жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамын пайдалануда ақауларды анықтау және жою, жылжымалы құрамның түйіндері, қондырғылары, агрегаттарының диагностикасы, алдын алу шаралары, жөндеу;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіби білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды жөндеу слесарінің, автотіркесті жөндеу слесарінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.



  1. КС бірліктерінің тізімі


8. КС бірліктерінің тізімі осы КС 3-қосымшасының 1 - 5-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.



  1. КС бірліктерінің сипаттамасы


9. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 - 5-кестелерінде келтірілген.



  1. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері


10. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

11. Осы КС негізінде берілетін сертификаттың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізіміне сәйкес анықталады.


7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі


12. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

13. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында көрсетілген.

«Вагондардың техникалық жағдайын

тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандартына

1-қосымша


^ Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметі (кәсіптің) түрлері



№ р/н

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының үрдісі ескерілген кәсіп атауы

ҚР МЖ 01-2005 сәйкес кәсіп атауы

СБШ біліктілік деңгейлері

БТБА бойынша разряды

1

Поезд қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтау және жою үшін техникалық қызмет көрсету және қорапты ағытпай жөндеу

Вагондарды тексеруші-жөндеуші, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші-жөндеуші (цистерна клапандарын жөндеу жұмысы бойынша)

Вагондарды тексеруші-жөндеуші

2-3

4-7

2

Жүк және жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамын пайдалануда ақауларды анықтау және жою. Жылжымалы құрамның түйіндері, қондырғылары, агрегаттарының диагностикасы, алдын алу шаралары, жөндеу жұмыстары

Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, автотіркесті жөндеу слесарі

Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі

2-4

1-8

Ескертпе: БТБА – Қазақстан Республикасы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі № 426-ө-м бұйрығымен бекітілген 52 шығарылым.


«Вагондардың техникалық жағдайын

тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандартына

2-қосымша


1-кесте


1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Вагондарды тексеруші-жөндеуші, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші-жөндеушінің (цистерна клапандарын жөндеу бойынша) еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Теміржолдар, станциялар

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейі, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары тозаңдылығы мен газдылығы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалық, жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқамалық, сонымен қатар өтке қарсы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу)

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

3

Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар)

2 деңгейде 1 жыл

Қосымша кәсіптік дайындықты техникалық және кәсіптік білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды



2-кесте


2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, автотіркесті жөндеу слесарінің еңбек жағдайына, білім және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (ұйымдар)

Өнеркәсіп, цех, учаске


Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Мүмкін зиянды жағдайлар – шудың жоғары деңгейі, вибрацияның жоғары деңгейі, жұмыс аймағындағы ауаның жоғары тозаңдылығы мен газдылығы

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Медициналық шектеулер: Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша

Жұмысқа рұқсат: медициналық куәландырылғаннан кейін, еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалық, жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша алғашқы нұсқамалық, сонымен қатар өтке қарсы нұсқамалықтан соң

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білімі мен оқу деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

2

Негізгі орта білімнен төмен емес, жалпы орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (ұйым базасындағы қысқа мерзімді курстар, кәсіпорындағы білім не оқу)

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

3

Жалпы орта білім не техникалық және кәсіптік орта білімнің бар болуы кезіндегі практикалық тәжірибе және/не кәсіптік дайындық (бір жылға дейінгі кәсіптік дайындық бағдарламалары бойынша курстар немесе кәсіпорындағы оқулар)

2 деңгейде 2 жыл

4

Жоғары білім

Жұмыс өтіліне талап қойылмайды



«Вагондардың техникалық жағдайын

тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандартына

3-қосымша


^ КС бірліктерінің тізімі


1-кесте


  1. «Вагондарды тексеруші-жөндеуші, (аға) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші-жөндеушінің (цистерна клапандарын жөндеу бойынша)» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі




Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Контейнерлер мен вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

2 Ф

Зақымдалған жылжымалы құрамға техникалық құжат рәсімдеу


2-кесте


^ 2. «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі, автотіркесті жөндеу слесарінің» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

1 Ф

Қарапайым түйіндерді ажырату, жинақтау, қарапайым бөлшектерді дайындау және жөндеу

2 Ф

Жылжымалы құрам ақауларын анықтау және жою

3 Ф

Жөндеоген жабдықтарды дәлдікке тексеру, сынау және тапсыру

Ескертпе: Ф – фунция.



«Вагондардың техникалық жағдайын

тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандартына

4-қосымша

^

КС бірліктерінің сипаттамасы




1-кесте




1. СБШ 2-деңгейіндегі «Вагондарды тексеруші-жөндеушісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі





Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Поезд, әмбебап қондырғылар және өзі жүретін машиналар, вагондар, контейнерлер

Құралдар жиынтығы, қондырғылар және өзі жүретін машиналар

1-1 М Поезд қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтау және жою

Поезд қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақауларды анықтау және жою жұмыстары әдістерін анықтау

Бөлшектер мен түйіндер жарамсыздығы мен рұқсат нормасы, жөндеудің жоспарлы түрлері мерзімін туралы базалық білім. Жүктерді техникалық тексеру, тасымалдау және сақтау. Вагондарды ағытпай жөндеу технологиясы. Слесарлық, ағаш шеберлігі және жабындық жұмыстарды өндірудің озық әдістері. вагондар мен контейнерлерді тексеру кезінде қолданылатын өлшеу құралдарын, құрал-жабдықтар мен оларды пайдалану; жүк сипаттамаларын реттеу тәртібіне бағытталған бос контейнерлерді жолдан жөнелту тәртібі, өзі жүретін машиналар құрылғысы мен универсалдық қондырғылар, ақаулар себептері мен ескерту және оларды жою әдістері. Поезды жөндеу кезінде қоршау туралы базалық білім

1-2 М Барлық типті жүк вагондарына арналған күрделі әмбебап қондырғылар немесе өзі жүретін машиналарға қызмет көрсету

Күрделі әмбебап қондырғылар немесе өзі жүретін машиналарға қызмет көрсету жұмыстары әдістерін анықтау

1-3 М Машина мен қондырғылардың электрлік, гидравликалық, пневматикалық және көтерме құрылғылар жағдайын қамтамасыз ету және жөндеу

Машина мен қондырғылардың электрлік, гидравликалық, пневматикалық және көтерме құрылғыларының электр қозғалтқышын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы

1-4 М Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету, олардың маневрлік жұмыстар мен тиеу-түсіру операциялары кезіндегі зақымдарын ескерту

Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын, маневрлік жұмыстар мен тиеу-түсіру операциялары кезіндегі зақымдарды өзіндік бақылау және өзіндік түзету

1-5 М Вагондар мен контейнерлердегі жөндеу жұмыстарын анықтау және көлемін орындау

Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстары көлемін орындау әдістерін нұсқамалық негізінде анықтау










1-6 М Қорапты, жауапты тіреу түйіндерін, жүретін бөліктер, автотіркес құрылғысын, тежегіштер мен автореттегішті иінтіректі берілістерді, томалалы және жылжымалы мойынтіректі букстік түйіндерді, бәсеңдеткіш-карданды қозғалтқышты, тоңазытқыш мотор-желдеткішті қондырғыны, электрлі және радоио радио жабдығын, вагондарды жылыту жабдығы, еден, шатыр, жабық және изотермикалық вагондарды ағытпай жөндеу

Қорапты, жауапты тіреу түйіндерін, жүретін бөліктер, автотіркес құрылғысын, тежегіштер мен автореттегішті иінтіректі берілістерді, томалалы және жылжымалы мойынтіректі букстік түйіндерді ағытпай жөндеу жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы













1-7 М Контейнерлерді техникалық тексеру, жөндеу және жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін саңылаусыздығын анықтау

Контейнерлерді техникалық тексеру, жөндеу және жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін саңылаусыздығын анықтау жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы




2 Ф

Контейнерлер, вагондар




2-1 М Контейнерлерге жүктелімдер, үлгілер және тізімдеме рәсімдеу

Контейнерлерге жүктелімдер, үлгілер және тізімдеме рәсімдеу жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы




2-2 М Жарамсыз вагондар мен контейнерлер есебін жүргізу

Жарамсыз вагондар мен контейнерлер есебін жүргізу жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы




2-3 М Зақымдалған және мүліктерден шығарылатын вагондар мен контейнерлерге техникалық акт дайындау

Зақымдалған және мүліктерден шығарылатын вагондар мен контейнерлерге техникалық акт дайындау жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы






^

2-кесте




2. СБШ 3-деңгейіндегі «Вагондарды тексеруші-жөндеушісі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі





Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Поезд, әмбебап қондырғылар және өзі жүретін машиналар, вагондар, контейнерлер

Құралдар жиынтығы, қондырғылар және өзі жүретін машиналар

1-8 М Магистралды теміржол көлігі аралық станцияларындағы және өндірістік кәсіпорындардың кіреберіс жолдарындағы техникалық қызмет көрсету бекеттерінде вагондарды техникалық тексеру және ағытпай жөндеу; контейнер алаңдарындағы контейнерлерді жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсетуде

Поезд қозғалысы қауіпсіздігіне қауіпті ақауларды жою жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік ұйымдастыру дағдысы

Бөлшектер мен түйіндер жарамсыздығы мен рұқсат нормасы, жөндеудің жоспарлы түрлері мерзімін туралы базалық білім. Жүктерді техникалық тексеру, тасымалдау және сақтау. Вагондарды ағытпай жөндеу технологиясы. Слесарлық, ағаш шеберлігі және жабындық жұмыстарды өндірудің озық әдістері, вагондар мен контейнерлерді тексеру кезінде қолданылатын өлшеу құралдарын, құрал-жабдықтар мен оларды пайдалану, жүк сипаттамалары реттеу тәртібіне бағытталған бос контейнерлерді жолдан жөнелту тәртібі, өзі жүктерін машиналар құрылғысы мен универсалдық қондырғылар, ақаулар себептері мен ескерту және оларды жою әдістері. Поезды жөндеу кезінде қоршау туралы базалық білім

1-9 М Вагондарды техникалық тексеру және ағытпай жөндеу, вагондарды тиеу және тексеру станциялары мен учаскелік және аралық станцияларда вагондарды тасымалдауға дайындау

Күрделі әмбебап қондырғылар немесе өзі жүретін машиналарға нұсқаулық негізінде қызмет көрсету жұмыстары нәтижесін өзіндік анықтау және өзіндік ұйымдастыру және бағалау

1-10 М Вагондарды тиеу алдында жаппай тиеу, түсіру, сараптау станциялары мен кластан тыс, 1 және 2 класты учаскелік станцияларда орналасатын техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі күрделі универсалды өзі жүретін қондырғыны, вагонды жөндеу машиналарындағы техникалық ақауларды жою

Машина мен қондырғылардың электрлік, гидравликалық, пневматикалық және көтерме құрылғыларының электр қозғалтқышын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы

1-11 М Тиеу алдында тексеру және ақауларды жою, түсірудің пневматикалық және механикалық жүйесін тексеру, хоппер типті вагондардың, вагондарды тиеу алдында жаппай тиеу, түсіру, сараптау станциялары мен учаскелік станцияларда орналасатын техникалық қызмет көрсету бекеттеріндегі автомобильдерді тасымалдау вагондарындағы, жолаушылар поезын жинақтау (айналым) бекеттеріндегі вагондардағы жүктерді бекіту

Жүк вагондарының сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын, маневрлік жұмыстар мен тиеу-түсіру операциялары кезіндегі зақымдарды өзіндік бақылау және өзіндік түзету

2 Ф

Контейнерлер, вагондар

2-1 М Контейнерлерге жүктелімдер, үлгілер және тізімдеме рәсімдеу

Контейнерлерге жүктелімдер, үлгілер және тізімдеме рәсімдеу жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы

2-2 М Жарамсыз вагондар мен контейнерлер есебін жүргізу

Жарамсыз вагондар мен контейнерлер есебін жүргізу жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы

2-3 М Зақымдалған және мүліктерден шығарылатын вагондар мен контейнерлерге техникалық акт дайындау

Зақымдалған және мүліктерден шығарылатын вагондар мен контейнерлерге техникалық акт дайындау жұмыстарын өзіндік бақылау және өзіндік түзету дағдысы



^

3-кесте




3. СБШ 2-деңгейіндегі «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі





Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

1 Ф

Бөлшектер, жылжымалы құрам түйіндері

Слесарлық құрал, таңбалаушылар, бұранда кескіштер

1-1 М Бекіту бөлшектері, бұрандамалар мен сомындардағы бұрандаларды таңбалаушылармен және бұранда кескіштермен кесу, серпілту

Нұсқамалық негізінде жұмыстар әдісін таңдау және бекіту бөлшектері бұрандаларын кесу, серпілту, саңылауларды қол және механикаландырылған құралдармен бұрғылау қарапайым жұмыстарын орындау

Қолданылатын слесарлық құралдар, өңделетін материалдар атауы мен таңбасы, кең таралған қарапайым жабдықтар мен өлшеу құралдары туралы білім

1-2 М Бөлшектерді тазалау, жуу және бояу. Қарапайым слесарлық құралдарды қайрау. Бөлшектерді шабу, кесу және егеу

Бөлшектерді шабу, кесу және егеу жұмыстары мен қарапайым слесарлық құралдарды қайрау жұмыстары әдісін таңдау

Жуу және бояу сұйықтығы түрлері және міндеттері, жөнделетін жылжымалы құрам жұмыстары принциптері, кең таралған әмбебап және арнайы жабдықтар мен өлшеу құралдары міндеттері туралы базалық білім

1-3 М 12-14 квалитет бойынша слесарлық өңдеу. Бөлшектерді және сұрыпталған материалдарды дайындау

14 квалитет бойынша слесарлық өңделген бөлшектер мен сұрыпталған материалдарды дайындау әдісін таңдау

Бұрандама және валикпен біріктірілген қарапайым түйіндерді жөндеу және жинақтау бойынша слесарлық жұмыстарды орындау әдістері, принциптері туралы базалық білім


4-кесте

^

4. СБШ 3-деңгейіндегі «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі





Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

2 Ф

Жылжымалы құрам, тартымды жылжымалы құрам, бөлшектер, түйіндер мен механизмдер, электрондық құрылғы

Өлшеу құралдары, слесарлық, қол құралдары, гидравликалық қол домкраты, сомын және қамыт кілті, зілбаға, сүймен, кувалда, лом, ДЭТ-30 электрлік көтергіші

2-3 М Бөлшектер сапасын және қажетті жөндеу жұмыстарын анықтау

Бөлшектер сапасын анықтау, жөндеу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік ұйымдастыру дағдысы

Жылжымалы құрамның жөнделетін объектілерінің негізгі түйіндері құрылғысы, міндеті және әрекеттестігі туралы білім. Бөлшектер мен түйіндерді біріктіру түрлері, жеке механизмдерді реттеу және сынаудың техникалық шарттары туралы білім

2-4 М 6-12 квалитет бойынша бөлшектерді жөндеу және дайындау

6-12 квалитет бойынша бөлшектерді жөндеу және дайындау жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік ұйымдастыру дағдысы. Жөндеуді орындау әдістерін өз бетінше анықтау

Жылжымалы құрамның құрылымдық ерекшеліктері мен техникалық шарттары, кемшіліктер квалитеті мен параметрлері туралы білім

2-5 М Жабдықтардың түйіндері мен механизмдерін ажырату, жинақтау және жөндеу

Жабдықтардың түйіндері мен механизмдерін ажырату, жинақтау және жөндеу жұмыстарын орындау әдістерін өз бетінше анықтау. Жабдықтардың түйіндері мен механизмдерін ажырату, жинақтау және жөндеу жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік ұйымдастыру дағдысы

Негізгі түйіндерді жинақтау әдісі, жылжымалы құрамның жөнделетін объектілерінің негізгі бөлшектерінің әрекеттестігі және ажырату, жинақтау процесі туралы білім

3 Ф

Жабдықтың түйіндері мен жеке механизмдері, тартымдық жылжымалы құрам, турбокомпрессор

Өлшеу құралдары, слесарлық, қол құралдары жиынтығы, гидравликалық қол домкраты, сомын және қамыт кілті, зілбаға, лом, ДЭт-30 электрлік көтергіші

3-1 М Жинақталған түйіндер мен жеке механизмдерді реттеу және сынау

Жинақталған түйіндер мен жеке механизмдерді реттеу және сынау жұмыстарын өзіндік ұйымдастыру және өзіндік бағалау

Әмбебап және арнайы жабдықтар құрылысы, жылжымалы құрам түйіндері мен агрегаттарын жинақтау, сынау және реттеудің техникалық шарттары туралы білім

3-6 М Ақаулар тізімдемесін құрастыру

Ақаулар тізімдемесін құрастыру жұмыстарын өзіндік ұйымдастыру және өзіндік бағалау

Рұқсат және отырғызу жүйесі технологиясы, ақаулар тізімдемесін жүргізу үлгісі туралы білім



5-кесте

^

5. СБШ 4-деңгейіндегі «Жылжымалы құрамды жөндеу слесарі» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі





Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

2 Ф

Жылжымалы құрам, тартымды жылжымалы құрам, бөлшектер, түйіндер мен механизмдер, электрондық құрылғы

Өлшеу құралдары, слесарлық, қол құралдары, гидравликалық қол домкраты, сомын және қамыт кілті, зілбаға, сүймен, кувалда, лом, ДЭТ-30 электрлік көтергіші

2-1 М Жылжымалы құрамның барлық негізгі құрастыру тобы ақауларын анықтау және ескерту

Жылжымалы құрамның барлық негізгі құрастыру тобы ақауларын анықтау және ескерту жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау және нәтижесін бағалау

Түйіндерді белгілеу және орнату амалдары, принцип-тері және әдістері, жөнде-летін объекттің түйіндер жиынтығы мен құрастыру топтары дұрыстығын тексеру туралы білім

2-2 М Жүк және жолаушылар көлігінің жылжымалы құрамын пайдалану кезіндегі ақауларын жою

Тартымдық жылжымалы құ-рам ақауларын жою жұмыс-тары нәтижесін нақтылау және бағалау. Жүк және жо-лаушылар көлігінің жылжы-малы құрамы ақауларын жою жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау

Жылжымалы құрамды дәлдікке тексеру амалдары, принциптері және әдістері, бөлшектер ақауларын анықтау әдістері мен қалпына келтіру әдістері туралы білім

2-6 М Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін электрондық жабдықтарды жөндеу және үлестіру

Электрондық жабдықтарды жөндеу және үлестіру нәтижесін нақтылау және бағалау, бекітілген жұмыс технологиясын сақтау нәтижесін бағалау

Барлық жөнделетін топтамалар локомотивтері түйіндерін, қондырғылары мен жабдықтарын белгілеу және орнату амалдары, әрекеттестігі жүйесі

3 Ф

Жабдықтың түйіндері мен жеке механизмдері, тартымдық жылжымалы құрам, турбокомпрессор

Өлшеу құралдары, слесарлық, қол құралдары жиынтығы, гидравликалық қол домкраты, сомын және қамыт кілті, зілбаға, лом, ДЭт-30 электрлік көтергіші

3-2 М Жылжымалы құрамның түйіндерін, қондырғылары, жабдықтары мен агрегаттарын реттеп, орнатып, бейімдеп, теңгеріп және сынап диагностикалау, алдын алу шараларына жүргізу, жөндеу

Жылжымалы құрамның түйіндерін, қондырғылары, жабдықтары мен агрегаттарын диагностикалау, алдын алу шараларына жүргізу, жөндеу мәселелерін нақтылау және нәтижені бағалау. Жылжымалы құрамның түйіндерін, қондырғылары, жабдықтары мен агрегаттарын реттеу, орнату, бейімдеу, теңгеру және сынау жұмыстарын өзіндік нормалау дағдысы

Орталықтандыру, бейімдеу стендтерін реттеу технологиялары амалдары мен принциптері туралы, локомотив жабдықтарын диагностикалау және сынау әдістері, жұмыс істеуші бөлшектердің, түйіндер мен механизмдердің мүмкін жүктемесі туралы білім

3-3 М Электрондық жабдық блоктарын икемдеу, сынау

Электрондық жабдық блоктарын икемдеу, сынауды қамтамасыз ету жұмыстарын өзіндік анықтау және өзіндік нормалау және нәтижесін бағалау

Электрондық жабдықтардың пайдаланылатын локомотивтері мен блоктарының барлық типтері мен топтамалары амалдары мен принциптері туралы білім

3-4 М Жөндеуден кейінгі жүктемелі және жанаспалы сымдағы тартымдық жылжымалы құрамды сынау

Тартымдық жылжымалы құрамды сынау нәтижесін нақтылау және бағалау

Жабдықтың түйіндері, тартымдық жылжымалы құрам, агрегат және қондырғылар әрекеттестігі кестесі мен жүйесі амалдары, принциптері туралы білім

3-5 М Турбокомпрессор роторын, электрлік машина зәкірін, қосалқы жабдық бөлшектері мен түйіндерін теңдестіру

Турбокомпрессор роторын, электрлік машина зәкірін, қосалқы жабдық бөлшектері мен түйіндерін теңдестіруді орындауда тапсырмаларды нақтылау, мәселелерін қою, нәтижелереін бағалау,

Диагностика, жөндеуді қою және шешу амалдары, принциптері мен әдістері, сынуды ескерту шараларының алдын алу, тотығу және апаттардың алдын алу туралы білім

Ескертпе: М – мақсат.

«Вагондардың техникалық жағдайын

тексеру, вагонды ағытпай жөндеу»

кәсіби стандартына

5-қосымша

Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі





Осы КС ______________________________________________________тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне №_____________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________




Похожие:

«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» iconКәсіби стандарты Жалпы бөлім
«Автомобильдің техникалық жағдайын диагностикалау» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Автокөлік құралдарын техникалық қызмет көрсету...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу»
«Жолаушылар вагондарын қарау және жөндеу» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Әр түрлі көлік жабдықтарына техникалық қызмет көрсету,...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау»
«Автомобиль көлігінің техникалық жай-күйін бақылау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Автокөліктік құралдарды жөндеу және техникалық...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon«Маңгілік алау» газ тарату қондырғысын техникалық тексеру және жөндеу
Мм павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25 (e-mail: ludmilapavlodar@mail ru), «Маңгілік алау» газ тарату қондырғысын техникалық тексеру...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» iconКеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары
Техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету»
«Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі кс) «Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету» кәсіби қызмет...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» iconКеме жүзу гидротехникалық құрылыстардында алдын-ала-жоспарлы жөндеу шараларының құрамы
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларына
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» icon«Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау»
Темір жол магистральдық жүйесінде жасанды құрылыстарды ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» кәсіби стандарты (бұдан әрі – кс) «Құрлық...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» iconҚызметтік автокөліктігін ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;МХҚО автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық өызмет көрсету;
МХҚО автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық өызмет көрсету; Мобильді ХҚко автокөлігін ағымды жөндеу және техникалық қызмет көрсету–қызметтерді...
«Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» кәсіби стандарты Жалпы бөлім «Вагондардың техникалық жағдайын тексеру, вагонды ағытпай жөндеу» iconҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮсіндірме жазба
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту туралы»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы

Разработка сайта — Веб студия Адаманов