Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны



НазваниеҚазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны
страница5/8
Дата конвертации21.02.2014
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ Автожол саласы


1-міндет. Өңіраралық қатынастағы магистральдық байланыстарды қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасының 2018 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамына сәйкес инвестициялар экономикалық өсімді қолдаудың маңызды факторына айналады. Сондықтан саланың 2020 жылға дейінгі негізгі міндеті республиканың өңіраралық қатынасының магистральдық байланысын қамтамасыз ететін жобаларды іске асыру болып табылады. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға арналған мемлекеттік инвестициялар ішкі сұраныс серпініне инвестициялардың үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобаларға мыналар жатады:

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізін реконструкциялауды аяқтау;

2020 жылдың соңына қарай «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» және «Орталық – Батыс» бағыттары бойынша 3 ірі жобаны аяқтау;

«Астана – Қостанай – Челябі», «Таскескен – Бақты», «Омбы – Майқапшағай», «Алматы – Үшарал – Достық», «Самара – Орал – Ақтөбе», «Астрахань – Атырау – Ақтөбе», «РФ шекарасы (Астраханьға) – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы» республикалық желісі бойынша басқа халықаралық бағыттарды дамыту жөніндегі жұмысты аяқтау;

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» жол саласының бірінші концессиялық жобасын іске асыру.

Автожол инфрақұрылымының транзиттік әлеуетін қамтамасыз етуге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы І және ІІ техникалық санаттағы автомобиль жолдарының пайызын 2020 жылдың соңына қарай 48%-ға арттыру арқылы қол жеткізілетін болады.

Өңірлік инфрақұрылымды дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне жауап беретін жобаларға шоғырланады. 2020 жылдың соңына дейін 1124 км облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялауды жүргізу жоспарлануда.

Сонымен бірге, жол секторын басқару жүйесін реформалау шеңберінде республикалық жол желісін дамыту, сондай-ақ оларды жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру «ҚазАвтоЖол» АҚ (бұдан әрі – Ұлттық оператор) мемлекеттік тапсырмасының негізінде іске асырылатын болады.


2-міндет. Күрделі және орташа жөндеудің жөндеуаралық циклдерінің артта қалуын қысқарту, сондай-ақ ақаусыз күтіп-ұстауға көшу.


Жыл сайынғы жөндеу жұмыстарымен қамту 10 жыл ішінде республикалық желі бойынша 16%-ға, жергілікті желі бойынша бес есеге өсті. Алайда, орташа жылдық күрделі және орташа жөндеу қарқыны өткізіп алған жөндеуаралық циклдердің орнын толтырып үлгермеуде. Бүгінгі күні бұзылу мен күрделі және орта жөндеу сатысындағы жолдардың ұзындығы 56,5 мың км астам жалпы пайдаланымдағы, олардың 20%-ы республикалық маңызы бар автожолдарды құрайды.

Осыған байланысты, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойынша 2020 жылға қарай 22 796 км жаңа, оның ішінде: 10 195 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және 13 725 км облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу жоспарлануда. Сонымен бірге, осы жөндеу қарқыны бағдарламалық кезең шеңберінде қажеттілікті жабуға мүмкіндік бермейді. Осы үрдіс сақталатын болса, жөндеуаралық циклдердің артта қалуын 2035 жылға қарай ғана өтеу мүмкін болады.

Ағымдағы жөндеу және жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп-ұстау стратегиясында елеулі өзгеріс болмақ. Автомобиль жолдарының сапа көрсеткіштерін және пайдаланушылардың қанағаттануын ескере отырып, ұзақ мерзімді келісімшарттар негізінде ақаусыз күтіп-ұстау қағидаттарына көшу жүзеге асырылатын болады.

Саланы реформалау шеңберінде реформаның маңызды аспектісі жобаларды республикалық бюджет есебінен іске асыру кезінде Халықаралық инженер-консультанттар федерациясы (International Federation of Consulting Engineers – FIDIC) қағидаттарына ауысу, сондай-ақ 2017 жылға дейін жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жолдарды басқарудың процестік әдістеріне көшу болып табылады. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың көлік-пайдалану жай-күйін өлшеудің жыл сайынғы сапалы көрсеткіштері халықаралық тегістік индексі негізінде айқындалатын болады.


3-міндет. Саланы қаржыландыру тетіктерін жетілдіру.


Бағдарламаның іс-шаралар кешенін іске асыру, оның ішінде автомобиль жолдарын дамытуға, күрделі және орташа жөндеуге, сондай-ақ күтіп-ұстау және басқару жүйесін жетілдіруге қаржыландырудың едәуір көлемі қажет.

Бағдарлама шеңберінде бәсекеге қабілетті транзиттік-көлік жүйесін құру, сондай-ақ жергілікті желіні дамыту қаржыландырудың қомақты көлемін болжайды. Бұл ретте жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту және жөндеу бойынша республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің өңірлік теңгерімсіздігін төмендету, сондай-ақ аталған мәселе бойынша қоғамдық ашықтығын құру мақсатында көрсетілген процесті әдістемелік реттеу және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу бойынша жобаларды іріктеуді жетілдіру жоспарланып отыр.

Халықаралық қаржы институттарының қарыздарын тартудың теңгерімделген саясаты. Қазіргі уақытта үкіметтік қарыздың ІЖӨ-ге қатынасы 12%-ды құрайды. Аталған қарыздың деңгейі ел дамуына қауіп төндіретін шектен аспайды. Болжанатын түсімдерді және жоспарланып отырған тапшылықты төмендетуді негізге ала отырып, жол саласын дамытудың айтарлықтай әлеуеті ұзақ мерзімді инвестицияларлардың сыртқы нарықтарындағы қарыз қаражатының резервтері болып табылады. Бұған қоса, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді талдау орта мерзімді кезеңде Қазақстан өзінің борыштық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ете алмайтын шарттардың жоқ екенін болжауға мүмкіндік береді.

Сол себепті алдағы уақытта аталған тетікті мемлекеттік қарызбен байланысты әлеуетті тәуекелдерді анықтауды ескеретін қаржылық реттегіштерді негізге ала отырып пайдалану жоспарланып отыр.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жолдарды күтіп-ұстауды қаржыландырудағы үлесін арттыру. 2020 жылға қарай республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша ақылылық жүйесі 6 186 мың км құрайды. I техникалық санаттағы автомобиль жолдарында («Астана – Щучье», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», «Астана – Қарағанды») ақылылықты енгізу барлық автокөлік түрлері үшін, ал ІІ санат бойынша жүк автокөлігі үшін жүзеге асырылатын болады.

км


Кезең, жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

Ақылы жолдардың ұзындығы

211

211

841

3 772

4 878

5 178

6 186


Жүріп өткені үшін ақы алудан ақша қаражатының түсуі жиынтығы 2020 жылға қарай 88,9 млрд. теңге көлемінде деп күтілуде. Бұл ақылы жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар қажеттілігін нормативтік күтіп-ұстау шеңберінде толық жабуға және республикалық бюджетке жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Отандық және шетелдік капиталдың жол секторының инвестициялық жобаларына қатысуы үшін жағдайлар жасау. Жол секторының инвестициялық жобаларын іске асыруға «ұзын ақша» тарту үшін оңтайлы жағдайлар жасау отандық және сол сияқты шетелдік капиталдың қатысу деңгейін кеңейтуге мүмкіндік беретін мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде пәрменді құқықтық конструкцияларды қалыптастыруға негізделеді.

Сонымен қатар автожол жеке инвестицияларды тарту мақсатында қажетті құқықтық база қалыптастыру және концессиялық жобаларды іске асыру тетіктерін жетілдіру басталады.

Атап айтқанда, ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту тетігін пайдалану және мемлекет пен Ұлттық оператор арасындағы қарыздық жүктемені тікелей немесе жанама қайта бөлу есебінен бюджетке түсетін жүктемені азайту ұсынылады. Негізгі қарызды өтеу сомасы бюджеттен жүзеге асыралады, ал пайыздық сыйақыны өтеуді Ұлттық оператор жүзеге асырады.


4-міндет. Автомобиль жолдарын басқарудың процестік әдістеріне көшу.


Қазіргі уақытта не республикалық, не жергілікті деңгейде автомобиль жолдарын басқару жүйелері жоқ. Негізгі мүкәммалдық дерекқорлар мен бағдарламалық-талдамалық кешендердің болмауы ұйымды жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары стратегиясын әзірлеуге ықпалын тигізбейді. Сонымен бірге басқару жүйесінің және жол жабынын талдау құралдарының болмауы жолдарды күтіп-ұстау қажеттігін егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік бермейді. Оның орнына басқару органдары жолдардың неғұрлым проблемалы учаскелері туралы құрылымданбаған білімге сүйенеді.

Батыстың көптеген елдерінде жол автивтерін басқарудың ақпараттық жүйелерін ұдайы пайдалануға көшу жүйелерді әзірлеу, енгізу және тиімді пайдалану үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт жұмсалады.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2017 жылға дейін екі бағыт бойынша бағдарланған автомобиль жолдарын басқарудың процестік әдістеріне толығымен ауысу жоспарланып отыр:

1) 2016 жылдың соңына қарай автомобиль жолдарын басқару жүйесін (PMS/HDM не басқа құралдар) енгізу;

2) 2017 жылға қарай ақылы автомобиль жолдарында көлік ағындары мен ауа райы жағдайлары мониторингінің зияткерлік көлік жүйелерінің пилоттық учаскелерін іске қосу.

Енгізілетін автомобиль жолдарын басқару жүйелерінің негізін сапа, тиімділік, үнемділік және инновациялылық қағидаттары құрайды.

Жол желісінің дерекқорларын құру және кейіннен жаңарту техникалық және ақпараттық инновацияларға негізделетін болады. Камералық режимдегі шұғыл диагностика мен автомобиль жолдарының және олардағы инженерлік құрылыстардың (автомобиль жолдарының диагностикасы бойынша мамандандырылған көпфункционалды кешендер) көлік-пайдалану жай-күйі туралы ақпаратты өңдеу кеңейтілетін болады.

Мұнымен бір қатарда Аталған саланы қамтитын стандарттауды дамыту саласындағы дәйекті саясат жүзеге асырылады.


5-міндет. Нормативтік-техникалық саясатты жетілдіру.


Қазіргі уақытта салада қолданылатын нормативтік құқықтық құжаттарды өзектілендіру проблемасы туындауда.

Автожол саласын техникалық реттеу жүйесінің одан әрі жұмыс істеуі жаңа экономикалық жағдайларды есепке алуға, жол жұмыстарына жұмсалатын шығындарды төмендетуге, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тұтынушылық қасиеттерін айқындайтын отандық және халықаралық нормаларды үйлестіруге бағдарланатын болады. Сол үшін 2014 жылдың ортасына қарай автожол секторын 2020 жылға дейін дамытуды ғылыми-техникалық сүйемелдеу жөніндегі ұзақ мерзімді тұжырымдама пысықталатын болады. Автожол саласының ғылыми-техникалық бағдарламалары шеңберінде мынадай тұжырымдамалық бағдарлар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік конструкторлық жұмыстар жүзеге асырылатын болады:

1) сенімді инфрақұрылым – беріктік деңгейі жоғары және пайдалану мерзімі ұзақ, құрылыс және күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындары төмен автомобиль жолдарын салу және жөндеу;

2) жасыл инфрақұрылым – жол құрылысының қоршаған ортаға және адам мекендейтін орындарға теріс ықпалын барынша азайтуға бағытталған іс-қимылдарға шоғырланады;

3) қауіпсіз және ақылды инфрақұрылым – ұстаным жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жайлылыққа және жүргізушілердің қателігін барынша азайтуға кепілдік беретін қауіпсіз конструкциялар мен көпфункционалды ақпараттық жүйелер арқылы трафик ағындарын оңтайландыруға негізделген. Құрылыс және реконструкциялау жобаларына жобаның міндетті бөлігі ретінде қауіпсіздік аудитін енгізу үшін әдістемелік негіздер құру;

4) адамға арналған инфрақұрылым – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қажеттілігін ескеретін эргономикалық инфрақұрылым құру.

Сонымен бірге 2014 жылы техникалық регламенттердің, стандарттардың салалық ақпараттық қорын және еркін қолжетімділік қағидаттарында жұмыс істейтін техникалық реттеу жөніндегі бірыңғай ақпараттық жүйе құру жоспарланып отыр.


6-міндет. Жол бойындағы сервистік қызмет көрсетудің сапасын дамыту және арттыру үшін қолайлы институционалдық орта құру.


Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 2 357 сервис объектісі орналасқан, олардың 41%-ы автомобиль жанар-жағармай құю станцияларына, 42%-ы сауда және тамақтану пункттеріне тиесілі, 5,3%-ын қонақ үйлер, 7,3%-ын техникалық қызмет көрсету станциялары алады, қалған автотұрақтар 4,4%-ын құрайды. Тұтастай алғанда, автомобиль жолдарының республикалық желісіндегі жалпы қажеттілік 400-ден астам кешенді сервис объектілерін құрайды. Бүгінгі күні барлық сервистік қызметтерді толығымен қамтитын 44 кешенді объекті ғана бар, бірақ сонымен бірге осы объектілер әртүрлі иеленушілердің меншігінде және дизайндары жағынан әртүрлі. Сонымен бірге, жол маңы сервис объектілерінің көп бөлігі қызмет көрсету сапасының ең төменгі талаптарына сәйкес келмейді, сондай-ақ олар халықаралық транзиттік тасымалдарды, сол сияқты ішкі сұранысты толыққанды қамтамасыз етуге қабілетсіз.

Қалыптасқан жағдай инвестициялық тартымдылықтың төмен болуына, капитал сыйымдылығының жоғары болуына және нақты коммерциялық тәуекелдерге байланысты. Сондай-ақ бүгінгі күнге дейін мемлекет тарапынан жол маңы сервисіне қатысты жүйелі саясат жүргізілген жоқ.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жол бойы сервисін дамытуды республикалық бюджет есебінен объектілер салу, сондай-ақ жеке инвесторларды тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2020 жылға дейін бекітілген талаптар бойынша 260 объектіні салу жоспарлануда:

1) 31 сервис объектісі республикалық бюджет есебінен, оның ішінде 12-сі «Орталық – Оңтүстік», «Орталық – Шығыс» және «Орталық – Батыс» бағыттары бойынша жобалар шеңберінде, ал қалған 19-ы автожолдарды реконструкциялаудың басқа жобалары шеңберінде қаржыландырылады. Аталған сервис объектілерін Ұлттық оператор кейіннен сатып алу құқығымен жеке кәсіпкерлерге жалға береді;

2) 129 сервис объектісі – шағын және орта бизнесті тарту есебінен кешенді сервистерге топтастыру, сондай-ақ жаңаларын салу жоспарлануда;

3) 100 қолданыстағы объекті – брендингті дамыту мақсатында қолданыстағы объектілерді қайта құру, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бойында орналасқан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Гелиос» ЖШС, «Газпромнефть Казахстан» ЖШС, «SinoOil» ЖШС сияқты ірі компанияларды, 60%-дан астам автомобиль жанар-жағармай құю станцияларын тарту есебінен салу жоспарланып отыр.

Кешенді сервис объектілері етіп өзгерту қазірдің өзінде жүргізілген инженерлік коммуникациялары бар (жылыту, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және т.б.) қолданыстағы объектілерді тамақтану, сауда, қонақ үйлер, кемпингтер және АЖС-тің жетіспей тұрған пункттерімен толықтырып жасақтайтындай жоспарланып отыр. Бұл ретте, барлық кешенді объектілер «А», «В», «С» санаттағы жол бойы сервисінің үлгі жобаларына сәйкес келетін болады.

2016 жылға дейін 55 сервис объектісін (21%), ал 2017 – 2018 жылдар кезеңінде – 85 объектіні (33%) және 2019 – 2020 жылдар кезеңінде – 120 объектіні (46%) салу және қайта құру жоспарлануда.

Сонымен бірге шағын және орта кәсіпкерліктің аталған секторын толыққанды үйлестіру тетігі үшін:

1) 2015 жылға дейін жол маңы сервисінің объектілерін дамытудың шектеулері мен әлеуетін зерттеу;

2) 2016 жылға дейін жол маңы сервисінің объектілерін орналастыру, салу және пайдалану (орналастыру тетігі, тәртібі және шарттары) мүмкіндігін қарастыру болжанады.


7-міндет. Жол секторындағы өзекті мәселелер бойынша мемлекет пен азаматтық қоғам мүдделерін жақындату.


Қазіргі уақытта жол-құрылыс жұмыстарының жобалары шеңберінде азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл заң жобаларын қоғамдық тыңдаумен және бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберіндегі әлеуметтік іс-шаралармен шектеледі. Сонымен бірге, ашық үкімет тетіктерінің превентивтік сипаттамасы (блогтар, азаматтардың өтініштері, қоғамдық тыңдаулар) азаматтық қоғамды сындарлы үндесуге ынталандырмайды.

Тікелей өзара байланыстың болмауы табиғи монополиялар объектілеріне қатынасы бойынша «билік монополиясы» прецедентін құрайды. Аталған фактор перспективада биліктің қоғам қажеттіліктеріне қатысты сезімталдығын төмендетеді және соның салдарынан, ең алдымен автомобиль жолдарының пайдаланушыларына бағытталған толыққанды және құрылымдалған саясатты жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Аталған олқылықтарды өтеу үшін азаматтық қоғамның жол секторы көрсететін қызметтердің сапасын басқаруға тартылуын арттыру саясаты мемлекеттік органдардың «Кері байланыс» құру арқылы азаматтық қоғамның жол секторы көрсететін қызметтердің сапасын басқаруға тартылуын арттыруды көздейтін болады. «Автожол пайдаланушыларының қанағаттанушылығын шолу» деп аталатын шолулардың мақсаты пайдаланушылардың жол маңы инфрақұрылымын пайдалану және күтіп-ұстау, сондай-ақ оның коммерциялық секторының қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар сапасын қабылдауын бағалау болып табылады.

Инвестициялық ресурстарды және адами факторының ықпалын төмендету үшін 2014 жылы сапалы көрсеткіштерге кезең-кезеңімен ауыса отырып, автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қанағаттануын бағалау бойынша ақпараттық портал құру көзделген. Ол үшін 2014 жылғы 30 наурызға дейін оның сапалық көрсеткіштерін автожолдарды ақаусыз күтіп-ұстау жүйесімен үйлестіре отырып, ақпараттық портал тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Аталған іс-шараның нәтижесі ретінде операторлар таза «техникалық» бағдардан көбінесе автожолдар пайдаланушыларының қолайлылығын ескеретін қызметтер көрсету мен тәсілді қолдануға бағдарланған инфрақұрылым элементтерінің мазмұнына көшеді.

Бұған қоса, Ұлттық оператор базасында әлеуметтік желілер (Twitter, Facebook, Mail.ru және т.б), блогтар және басқа ақпараттық арналар арқылы «кері байланыс» ұйымдастырылатын болады.

Сондай-ақ, ақпараттық вакуумды жою шеңберінде 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы жол-құрылыс саласының жай-күйі туралы ведомстволық статистикалық ақпарат шығарылатын болады.


8-міндет. Бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.


Жұмыстардың болжамды көлемін және жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңыздылығын ескере отырып, автожол саласындағы кадр әлеуетін дамыту саясаты жаңарту процестерінің оңтайлы теңгерімін қамтамасыз етуге және экономиканың қажеттіліктеріне, заңнама талаптары мен еңбек нарығының жай-күйіне сәйкес кадрлардың сандық және сапалық құрамын сақтауға бағытталатын болады.

Халықаралық тәжірибенің негізінде мамандық пен пәндердің білім беру стандарттарын келісу, сондай-ақ кадрлар даярлау бойынша отандық компанияларды ынталандыру арқылы «теория» мен «практиканы» жақындату негізінде білім беру жүйесін қалыптастыру тетіктерін енгізу болжанады.


^ Автомобиль көлігі


1-міндет. Автокөлік саласының инфрақұрылымын дамыту және автостанциялар мен аялдама пункттерін салу.


Жолаушы автотасымалдарының қосымша инфрақұрылымын жақсарту мен құру мақсатында жергілікті атқарушы органдар аудан орталықтарында жаңа автостанциялар салу және қолданыстағыларын реконструкциялау, автостанциялары жоқ елді мекендерде (кенттер, ауылдар) жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, сондай-ақ барлық қалаларда такси тұрақтарын салу жөнінде жұмыстар жүргізетін болады.

Жоғарыда көрсетілген объектілерді салу жөніндегі бірқатар жобалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында іске асырылатын болады.

Тиісінше жеке меншік сектордың рөлі – инвестициялар, құрылыс, бизнесті ұстау және жүргізу.

Жолаушыларды автобуспен тасымалдау инфрақұрылымын дамыту қатынастар тұрақтылығын ұлғайтуға мүмкіндік береді және сол арқылы тұрғындардың ұтқырлығын арттырады, бұл республиканың өңірлерін дамыту үшін маңызды.


2-міндет. Бегіленген талаптарға сәйкес келтіру үшін қолданыстағы автовокзалдар мен автостанцияларды жаңғырту.


Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау саласындағы толыққанды және сапалы қызметтерге қол жеткізу үшін халықаралық тәжірибені ескере отырып, қолданыстағы автовокзалдар мен автостанциялардың инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Сондықтан ұлттық стандарттарды енгізу және автовокзалдар мен автостанциялар көрсететін қызметтерге қойылатын талаптарды жоғарылату маңызды аспект болып табылады.

Осыған байланысты автовокзалдар мен автостанцияларды жолаушы тасымалдары саласындағы заңнаманың және ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкес келтіру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.

Стандарттардың іске асырылуын қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігі саласындағы ұлттық стандарттарды міндетті қолдану жөніндегі заңнамалық нормалар көзделген.

Жергілікті атқарушы органдар автовокзалдар мен автостанциялар тізілімдерін жүргізген кезде ұлттық стандарттардың талаптарын ескеретін болады.


3-міндет. Елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен қамтамасыз ету.


Теміржол және авиация көлігінің елді мекендерді қамтудағы мүмкіндігі шектеулі екенін ескерсек, жолаушылар тасымалдауда тұрақты автобус қатынастары маңызды рөл атқарады.

Тұрақты жолаушы қатынасымен қамтылған халқы 100 адамнан асатын ауылдық елді мекендер саны 4 938 бірлікке жетті, бұл Қазақстанның осындай елді мекендерінің жалпы санының 6 623 бірлігі ішінде 75%-ды құрайды.

Инфрақұрылымды, автомобиль жолдары мен тасымалдаушыларды 2020 жылға дейін дамытуды ескере отырып, елді мекендерді тұрақты автобус қатынастарымен толық (100%) қамту қамтамасыз етілетін болады.

Осыған байланысты елді мекендерде автостанциялар мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін салған кезде жергілікті атқарушы органдар қосымша тұрақты автобус маршруттарын ашады, сондай-ақ қолданыстағы машраттур бойынша автобустар қозғалысының кестесін түзету іске асырылатын болады.

Бұдан басқа, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және процестерді оңтайландыру мақсатында жолаушыларды электрондық билетпен қамтамасыз етуге көшу іске асырылатын болады.


4-міндет. Ресми тасымалдаушы таксилердің санын ұлғайту.


Қазақстанда таксомоторлық тасымалдар бизнесі дамудың бастапқы кезеңінде.

Қазіргі уақытта таксомоторлық тасымалдар нарығында қызметі белгіленген талаптарға толық шамада сәйкес келмейтін тұлғалар мен дара кәсіпкерлер басым. Сондай-ақ инновациялық технологияларды пайдалану үлесінің төмен болуы байқалады, оларсыз таксомоторлық тасымалдарды қазіргі заманғы деңгейде ұйымдастыру мүмкін емес.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жеке инвесторлармен бірлесіп, жекеше инвестициялардың қаражаты есебінен такси тұрақтарын салатын болады, сондай-ақ телекоммуникациялық ресурстар арқылы тұрғындардың сапалы такси тапсырыстарын алуын және көрсетілген қызметтерге төлемді қолма-қол ақшасыз есептесуін қамтамасыз ететін ақпараттық кеңістік құрылатын болады.


5-міндет. Отандық тасымалдаушылардың халықаралық автокөлік қызметтері нарығына қатысу үлесін ұлғайту.


Халықаралық автокөлік қызметтерін көрсету нарығындағы отандық тасымалдаушылардың үлесін ұлғайтудағы маңызды аспектілердің бірі халықаралық автокөлік қызметтерін көрсету нарығындағы экспедиторлық процестің дамығандығы болып табылады.

Отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттігін арттыру жөніндегі келешектегі шаралар отандық тасымалдаушылардың халықаралық жүк тасымалдары нарығындағы үлесін 2013 – 2015 жылдары орта есеппен 6%-ға арттыруға және оны 2020 жылға қарай елу пайыздық деңгейге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін транзиттік рұқсат беру бланкілерін шетелдік АКҚ сатуды тоқтату жөніндегі шаралар қабылданатын болады, Қазақстанның аумағы арқылы шетелдік АКҚ жүріп өтуін бақылау күшейтіледі, сондай-ақ шет елдермен отандық тасымалдаушылардың проблемалы мәселелерін шешу бойынша протекционистік саясат жүргізілетін болады. Кейіннен халықаралық тасымалдардың өсу үрдісін есепке ала отырып, халықаралық жүк тасымалдары нарығында отандық тасымалдаушылар үлесінің төмендеуін болдырмау қамтамасыз етілетін болады.

Шетел мемлекеттермен үкіметаралық келісімдер жасасу және автомобиль көлігі саласындағы халықаралық келісімдерге қатысу арқылы жүктерді тасымалдау географиясын одан әрі кеңейту маңызды мәселе болып табылады.


6-міндет. АКҚ паркінің пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету.


Қазақстан Республикасы көлік саласының қауіпсіздігін арттыру, Қазақстан Республикасының аумағында жол-көлік оқиғаларының салдарынан болатын өлім-жітімді азайту үшін орайлы жағдайлар жасау мақсатында авариялар мен апаттар кезінде шұғыл шақыру жүйесі (бұдан әрі – ААШШ) құрылатын болады.

ААШШ жүйесін құру автомобиль жолдарында жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл жедел қызметтердің ден қою уақытын қысқартуға бағытталған және құтқару іс-шараларының нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Әкімшілік кедергілерді азайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қысқарту, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қозғалыста және қозғалыс қарқындылығын есептеуде АКҚ автоматтандырылған бақылау жүйесін енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.

Аталған жүйе автокөліктің қозғалыстағы салмақтық параметрлерін өлшеуге, қозғалыс қарқындылығын есептеуді жүзеге асыруға, инспектор мен тасымалдаушының тікелей байланысын болдырмауға, АКҚ бақылау мен өлшеу, сондай-ақ АКҚ-ны негізсіз тоқтатуды бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

2014 жылдың өзінде салмақтық және габариттік параметрлерді өлшеу үшін 18 құрылғы орнатылатын болады. Одан кейін автомобиль жолдарын реконструкциялау және күрделі жөндеу жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының аса қарқынды учаскелеріндегі жүйелердің жалпы саны 2016 жылға дейін 80-ге дейін жеткізілетін болады.

Жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге АКҚ паркін жаңарту және техникалық байқау жүйесін жетілдіру арқылы қол жеткізілетін болады.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы курчатов қаласы, 2010 жыл
Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы