Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны



НазваниеҚазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны
страница4/8
Дата конвертации21.02.2014
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

Су көлігі


Су көлігінің бағдарламалық мақсаты: Қазақстан Республикасы порттарының қуатын және жүктерді су көлігімен тасымалдау көлемін ұлғайту


Нысаналы индикаторлар:


Индикатор

Өлшем

бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Қазақстан теңіз порттарының өткізу қабілетін ұлғайту

млн. тонна

14

20,5

20,5

Каспий теңізінде жүктерді теңізде тасымалдаудағы Қазақстанның үлесін мынаған жеткізу

%

58

65

70

Жүктерді ішкі су жолдарында тасымалдау көлемін ұлғайту

млн. тонна

1,2

1,8

2,5

Су көлігімен өткізілетін транзиттік жүктер көлемін ұлғайту

млн. тонна

0,16

0,6

1,5


Су көлігінің бағдарламалық міндеттері. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

1-міндет. Порттық инфрақұрылымды кеңейту.

2-міндет. Ақтау портының тиімді тарифтік саясатын жүргізу.

3-міндет. Ұлттық теңіз флотының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

4-міндет. Кеме жөндеу-кеме жасау өндірісін дамыту.

5-міндет. Кадрлар даярлау.

6-міндет. Ішкі су көлігін дамыту.

7-міндет. Су көлігіндегі қауіпсіздік деңгейін көтеру.


Тікелей нәтижелер көрсеткіштері. Міндеттерге қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:


Көрсеткіш

Өлшем

бірлігі

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Теңіз көлігі саласындағы халықаралық шарттарға қосылу

бірл.

4

7

Теңіз және өзен терминалдарының санын ұлғайту

бірл.

6

9

Паромдық өзен өткелдерін жаңғырту

бірл.

1

2

Қазақстандық теңіз кемелерінің санын ұлғайту

бірл.

3

5

Кеме жөндеу-кеме салу зауыттарының санын ұлғайту

бірл.

-

1

Кеме экипаждары құрамындағы ұлттық кадрлар үлесін мынаған жеткізу

%

55

65

Техникалық флотты жаңарту деңгейі

%

70

78

Жағалау инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейін арттыру

%

45

50

Теңіз және өзен көлігінің 100 кемесіне шаққанда авариялықты мынаған төмендету

%

1,4

1,2

Көліктік бақылау комитетінің арнайы су көлігі кемелерінің жалпы санын мынаған жеткізу

бірл.

19

27


^ Азаматтық авиация


Азаматтық авиация саласының бағдарламалық мақсаты: экономика мен халықтың сапалы және қауіпсіз авиация қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру


Нысаналы индикаторлар:


Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Транзиттік авиатасымалдар көлемін мынаған ұлғайту

мың ұшақ/км

164,4

197,2

328,8

Халықаралық әуе қатынастары мен халықаралық маршруттар санын ұлғайту

бірл.

64

76

128

Елдегі аудан орталықтарының жалпы санынан жергілікті әуе қозғалысы бар аудан орталықтарының үлесі (175)

%

2,3

2,3

11,4

Қазақстандық авиакомпаниялармен тасымалданған жолаушыларды ұлғайту

млн. адам

4,6

7,1

10,8

Қазақстан Республикасы әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушыларды ұлғайту

млн. адам

9,0

10,0

11,9


Азаматтық авиация саласының бағдарламалық міндеттері. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

1-міндет. Азаматтық авиация саласын нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру.

2-міндет. Жерүсті инфрақұрылымын дамыту.

3-міндет. Шағын авиацияны дамыту.

4-міндет. Әуе кемелерінің паркін жаңарту.

5-міндет. Авиатасымалдар нарығын ырықтандыру.

6-міндет: Кадрлар даярлау.


Тікелей нәтижелер көрстекіштері. Міндеттерге қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:


Көрсеткіш

Өлшем

бірлігі

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың

соңына қарай

Әуежайлардың аэровокзалдық кешендерін реконструкциялау

бірл.

5

10

Әуеайлақтардың ұшу-қону жолақтарын реконструкциялау

бірл.

1

6

Жасанды ұшу-қону жолағы бар жергілікті әуе кемелері әуеайлақтарын реконструкциялау

бірл.

-

5

Жергілікті әуе желілерінің топырақты әуеайлақтарын салу

бірл.

-

11

ИКАО санаты бар әуежайлардың жалпы саны

бірл.

14

18

ИКАО-ның 1-санаты бар әуеайлақтар саны

бірл.

10

14

ИКАО-ның 2-санаты бар әуеайлақтар саны

бірл.

2

2

ИКАО-ның 3-санаты бар әуеайлақтар саны

бірл.

2

2

Халықаралық әуежайлар – хабтар саны

бірл.

3

4

Қазақстан Республикасы әуежайларының ISAGO жерүсті қызмет көрсетудің қауіпсіздігі бойынша аудиттен өтуі

бірл.

4

14

Батыстық үлгідегі әуе кемелерін, оның ішінде операциялық лизинг жолымен сатып алу

бірл.

14

31

Облысішілік маршруттарға қызмет көрсету үшін әуе кемелерін сатып алу, сондай-ақ қайта моторлау

бірл.

6

30

Екі қала арасындағы жиілікті реттеуге ауысу жөніндегі үкіметаралық келісімдер саны

бірл.

11

30

Тағайындалған авиатасымалдаушылар мен рұқсат етілген пункттердің құрамын ұлғайту жөніндегі үкіметаралық келісімдер саны

бірл.

5

9

Кеме экипаждары құрамындағы ұлттық кадрлар үлесін мынаған жеткізу

%

70

80

ИКАО стандарттарына сәйкес келетін нормативті құқықтық актілердің үлесі

%

100

100


Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін дамыту және халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыру


Көлік-логистика саласының бағдарламалық мақсаты. Қазақстанның тиімділігі жоғары көлік-логистика жүйесін құру және оның халықаралық көлік жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету


Нысаналы индикаторлар:


Индикатор

Өлшем бірлігі

2012 жыл (нақты)

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін транзиттік жүк көлемін ұлғайту

млн. тонна

17,8

25

35,5

Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің логистика тиімділігі индексіндегі (LPI) позициясын жақсарту

орын

86

60

40

Транзиттік тасымалдардан түсетін кірісті 2 есе ұлғайту

млн. теңге

157

245

364


Көлік-логистика жүйесінің бағдарламалық міндеттері. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

1-міндет. Транзиттік, оның ішінде Қытай мен ЕО елдері арасындағы Қазақстан аумағын айналып өтетін жүктерді тарту.

2-міндет. Ел ішіндегі көлік дәліздерін дамыту және олардың Қазақстаннан тысқары жердегі көлік инфрақұрылымының жүйесіне ықпалдасуын қамтамасыз ету.

3-міндет. Қазақстан аумағындағы экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды оңтайландыру.

4-міндет. Қазақстанның логистика тиімділігін жақсарту.

5-міндет. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы терминалдық желісін құру.

6-міндет. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүктер қозғалысының жүйесін қамтамасыз ету.

7-міндет. Көлік-логистика саласын инстититуционалдық реформалау.


Тікелей нәтижелер көрсеткіштері. Міндеттерге қол жеткізу мынадай тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен өлшенеді:


Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2016 жылдың соңына қарай

2020 жылдың соңына қарай

Қытай – ЕО бағыты бойынша транзиттік жүктерді тарту

млн. тонна

6

15

Ресей, ЕО – Орта Азия бағыты бойынша транзиттік жүктерді тарту

млн. тонна

15

20

Сыртқы терминалдық инфрақұрылым құру

бірл.

1

3

Ішкі терминалдық желіні құру

бірл.

3

10

Өткізу пункттерін КОК шешіміне сәйкес жаңғырту

%

100

100



^ 5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары


Теміржол көлігі


1-міндет. Теміржол саласының жұмыс істеуінің оңтайлы жүйесін құру және жүк пен жолаушыларды ұлттық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттігі және дамуы үшін жағдайлар жасау.


2015 жылға дейін теміржол саласының оңтайлы жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру үшін теміржол саласының нысаналы моделі қалыптастырылады.

Саланың нысаналы моделі жеке тасымалдаушыларға теміржол инфрақұрылымына тең қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, тасымалдау қызметі мен магистральдық теміржол желісін ұйымдық бөлуді (бұдан әрі – МТЖ) болжайды және қызметтің үш түрін:

жүк тасымалдарын;

жолаушы тасымалдарын;

МТЖ қызметтерін қамтиды.

МТЖ қызметтері реттелетін салаға жатқызылатын болады. Жүктер мен жолаушылар тасымалдары вагондар мен локомотивтер парктерін иеленетін ұлттық және жеке тасымалдаушылардың бәсекелестігі шарттарында жүзеге асырылатын болады.

Бұл ретте, жолаушы және жүк тасымалдарын жүзеге асыратын компаниялар тасымалдау процесіне қатысатын активтердің, атап айтқанда вагондар мен локомотивтердің, жай-күйіне және олардың жаңартылуына толық бақылау жүргізіп, жауапты болады.

Салада жолаушылар мен жүктерді ұлттық тасымалдаушы, сондай-ақ жеке тасымалдаушылар әрекет ететін болады.

Ұлттық тасымалдаушылар компания – инфрақұрылым операторымен қатар «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ) холдингтік құрылымының құрамына кіретін болады.

Инфрақұрылым операторы ұлттық және жеке тасымалдаушылар үшін МТЖ-ге қолжетімділікті тең негізде қамтамасыз ететін болады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялары тобының корпоративтік құрылымын қайта ұйымдастыру. Саланың нысаналы моделі шеңберінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтік құрылымын мынадай бизнес-бағыттар бойынша қайта ұйымдастыру жүзеге асырылатын болады:

1) корпоративтік орталық;

2) ұлттық инфрақұрылым операторы;

3) ұлттық жүк тасымалдаушысы;

4) ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы;

5) ұлттық мультимодальдық көлік-логистикалық оператор;

6) өндірістік және жөндеу активтерін шоғырландыратын компания.

Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ холдингтік құрылымы шеңберінде МТЖ операторы, жергілікті инфрақұрылым операторлары, тасымалдаушылар, сондай-ақ теміржол көлігі саласындағы өзара қарым-қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар арасында функцияларды, активтерді және персоналды қайта бөлу жүзеге асырылатын болады.

Қызметі Қазақстан Республикасы теміржол саласының дамуына түйінді әсер ететін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның салатүзуші рөлін, сондай-ақ саланы реформалау жөніндегі іс-шараларды аяқтаудың басым қажеттілігін ескере отырып, «ҚТЖ» ҰК» АҚ компанияларының бағалы қағаздарын нарыққа шығару мүмкіндігінің мәселесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ны қайта ұйымдастырудың толыққанды процесін аяқтағаннан кейін қаралатын болады.

Бағалар мен тарифтер. Көрсетілген қызметтер бағасын қалыптастырудың нарықтық тетігін іске асыру мақсатында салада 2014 жылдан бастап жүк тасымалдау және тасымалдау қызметі үшін вагондық құрамдауыштың тарифтік саясаты (баға белгілеу) мәселесі пысықталатын жұмыс басталатын болады.

Бұл ретте жүк және жолаушы тасымалдаушыларға ұсынылатын МТЖ және жергілікті теміржол инфрақұрылымының көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді мемлекет реттейтін болады.

Нәтижесінде, мемлекет субсидияламайтын (коммерциялық) жүк тасымалдаушылар мен жолаушы тасымалдаушылар көрсететін қызметтердің бағалары сұраныс пен ұсыныстың нарықтық тетігі негізінде еркін қалыптастырылады.


2-міндет. Жүк тасымалдарын дамыту.


Теміржол саласына бәсекелестікті табысты енгізудің халықаралық тәжірибесі теміржол тасымалдарының бәсекелес нарығының оңтайлы құрылымы нарықтың 90%-ға дейінгі үлесін алатын, нарықтың барлық сегменттерінде жекелеген маршруттарда («тауаша операторлар») жұмыс істейтін жеке тасымалдаушылармен бәсекелесетін тасымалдау қызметтерінің ірі жеткізушісін («желілік ықпалдастырушы») қамтитынын көрсетеді.

Бұл ретте, тасымалдаушылар арасындағы тиімді бәсекелестіктің маңызды шарты:

1) ұлттық тасымалдаушының қызметін коммерцияландыру және әлеуметтік маңызы бар қызметтерді жүзеге асырудың нарықтық қағидаттарына көшу есебінен ұлттық тасымалдаушыға;

2) теміржол инфрақұрылымының магистральдық және жергілікті қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы жеке тасымалдаушыларға қатысты әркелкі шарттардың қолданылуын жою болып табылады.

Бұлай болмаған жағдайда Ұлттық тасымалдаушының бәсекеге қабілетті болмауы мен кірісті және шығынды қызметтерді өзі мен жеке тасымалдаушылар арасында бөлу тәуекелдері туындайды.

Ұлттық жүк тасымалдаушының үлесі үстем теміржол тасымалдары нарығының құрылымы «ауқым әсері» және қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін нарықтық күштердің қысымы арасындағы оңтайлы арақатынасты қамтамасыз етеді.

Ал шоғырландыруды жасанды түрде төмендету нарықтың жекелеген сегменттерінде жергілікті монополистердің құрылуына және тиісінше тұтынушылар үшін көрсетілетін қызметтер құнының артуына әкеп соғады.

Осыған байланысты аталған Бағдарламаның шеңберінде жүк тасымалдары нарығының нысаналы құрылымы өзгеріп, мыналарды:

1) ЕО елдерінің тәжірибесіне сәйкес нарықтық үлесі жоғары (80 – 85%-ға дейін) «желілік» Ұлттық тасымалдаушыны;

2) қызметін кеңейту перспективасы бар бір немесе бірнеше маршруттарда (полигондарда) жұмыс істейтін жеке тасымалдаушыларды;

  1. барлық тасымалдаушылар үшін тең шарттарда МТЖ қызметтеріне қолжетімділікті мемлекеттік бақылауды қамтитын болады.

Бұдан басқа, әдетте автомобиль көлігімен тасымалданатын азық-түлік өнімдерін (көкөніс, сүт, майдан жасалған және ет өнімдерін) ел ішінде тасымалдау кезінде көліктік шығындарды азайту мақсатында тез бүлінетін тауарларды Оңтүстіктен Солтүстікке және кері қарай тасымалдауды қамтамасыз ететін жүрдек жүк поездарын құру қажеттілігі туралы мәселе пысықталатын болады.


3-міндет. Жолаушылар тасымалын дамыту.


Жолаушы тасымалдарын ұйымдастыру тетігін жетілдіру.

Жолаушы тасымалдары жүйесін жақсарту мақсатында мемлекет пен әлеуетті тасымалдаушы арасында конкурстық негізде жасалатын әлеуметтік маңызы бар жолаушы тасымалдарын субсидиялаудың жетілдірілген тетігі енгізілетін болады.

Жолаушы тасымалдарын қаржыландырудың жаңа тетігін енгізу қосымша жолаушылар ағынын тарту, шығыстарды оңтайландыру және жолаушы вагондарын оңтайлы пайдалану жолымен тасымалдаушыларда кірістерді ұлғайту уәжінің пайда болуына әкеп соғады.

Жүрдек жолаушы қозғалысын енгізу. Жүрдек жолаушы қозғалысын енгізу шеңберінде 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасының барлық аумағы бойынша ірі елді мекендерді байланыстыратын 4 жүрдек бағдар ұйымдастырылатын болады.

Бұдан басқа, жүрдек қозғалысты және алыс, өңірлік (қала маңы/ауданаралық) қатынастар тасымалдарын ұйымдастыру үшін жылжымалы құрам паркін кезең-кезеңімен жаңарту жүзеге асырылады.

Қала маңындағы теміржол қатынастарын дамыту. Қала маңындағы және ауданаралық тасымалдарды меншікті немесе жалға алынған жылжымалы құрамы және қажетті жергілікті инфрақұрылым объектілері бар тасымалдаушылар жүзеге асыратын болады.


4-міндет. Теміржол инфрақұрылымын дамыту және жаңғырту.


Теміржол көлігінің инфрақұрылымын дамыту Қазақстан халқының, экономикасы мен өнеркәсібінің қажеттіліктерін негізге ала отырып, қозғалысты тиімді ұйымдастыру үшін жаңа теміржол желілерін салуға және қолданыстағы желіні жаңғыртуға (жөндеуге) бағытталатын болады.

Жүктерді өңірлер арасында тасымалдауды оңтайландыру, экспортталатын тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерге жеткізу мерзімдерін қысқарту және транзиттік жүктерді мейлінше қысқа бағдарлар бойынша тартуды оңтайландыру мақсатында мынадай инфрақұрылымдық жобалар іске асырылатын болады:

1) «Жезқазған – Бейнеу» теміржол желісін салу – 988 км.

2) «Арқалық – Шұбаркөл» теміржол желісін салу – 214 км.

3) Алматы станцияларынан айналып өтетін теміржол желісін салу – 70 км.

4) Құрық портының жағалау инфрақұрылымының объектілеріне теміржол желісін салу – 30 км.

Бұдан басқа, шамамен 7 000 км жолдың жоғары қабатын жаңғырту және «Мойынты – Ақтоғай» теміржол учаскесін электрлендіру жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, теміржол инфрақұрылымының ірі жобаларын, оның ішінде жоғарыда көрсетілген жобалар бойынша іске асыру шеңберінде жеке инвесторлардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік нысанында қатысу мәселесі пысықталатын болады.


5-міндет. Вокзал шаруашылығын жаңғырту және дамыту.


Бағдарламаны іске асыру кезеңінде теміржол вокзалдары Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен «Теміржол вокзалдарында жолаушыларға қызмет көрсету» ұлттық стандартына сәйкес келтірілетін болады, ол барлық вокзалдарда күрделі жөндеу жүргізуді көздейді, оның барысында мынадай іс-шаралар іске асырылатын болады:

1) ішкі және сыртқы инженерлік желілер мен коммуникацияларды (су құбыры, кәріз, жылыту, электр) жөндеу;

2) дәлдігі төмен бейнебақылау, күзет-өртке қарсы дабыл және дыбыспен хабарландыру жүйелерін сәйкестікке келтіру;

3) мүгедектердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету (билеттер беру терезелері, санитариялық тораптар, пандустар) бойынша қажетті жағдайлар жасау;

4) вокзал ғимараттарының ішкі интерьері мен фасадтық бөлігін безендіру.


6-міндет. Теміржол саласы өндірісінің негізгі құралдарын жаңарту және жаңғырту.


Локомотивтер. Локомотивтер паркінің тозу деңгейін төмендету үшін 2020 жылдың соңына дейін 500-ден аса локомотив сатып алынады және 90-нан астам локомотив күрделі жөндеуден өтеді.

Бұл ретте тартқыш жылжымалы құрам «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ және «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС отандық өндірушілерінен сатып алынады. Бұл General Electric американдық компаниясы жобалаған ТЭЗЗА (Evolution) сериялы тепловоздар, ТЭПЗЗА сериялы тепловоздар және KZ4At сериялы жолаушы электровоздары, сондай-ақ «Alstom» компаниясының технологиясы бойынша шығарылған және құрастырылған KZ8А сериялы жүк электровоздары.

Жүк вагондары. Жүк вагондары паркінің құрылымын жақсарту және жаңарту жүк көтергіштігі, сыйымдылығы мен сенімділігі жоғары жаңа буындағы жүк вагондарымен толықтыру арқылы жүзеге асырылады, бұл жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдаудың өзіндік құнын, пойыздардың тартқышына арналған пайдалану шығыстарын, сондай-ақ жүк вагондарының қолданылу циклінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Жүк вагондарының тозу деңгейін төмендету үшін 16 000-нан астам жүк вагоны сатып алынады.

Жүк вагондары паркінің тозу деңгейін азайту мақсатында торап ресурстарын және қолданыстағы вагондар бөлшектерінің ресурсын, оларды жоспарлы жөндеу және қызмет ету мерзімін ұзарта отырып жөндеу кезінде жаңғырту есебінен арттыру жөніндегі жұмыстар да жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда, Бағдарлама шеңберінде 4 000-ға жуық жүк вагоны күрделі жөндеуден өтеді.

Жолаушы вагондары. Жолаушы вагондарын жаңарту мақсатында 1 000 бірліктен астам жаңа жолаушы вагондары сатып алынды.


7-міндет. Теміржол саласын білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету.


Теміржол көлігі саласында 200 мыңнан астам адам, олардың шамамен 160 мың адамы «ҚТЖ» ҰК» АҚ кәсіпорындарында жұмыс істейді.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыру шеңберінде жолаушылар вагондарын, электровоздар құрастыру, ірі вагон құю және жүк вагондарын шығару жөніндегі зауыттарды салу басталды, 2013 – 2016 жылдар кезеңінде мұндағы кадрлардың болжамды қажеттілігі 3 мыңға жуық маманды құрайды.

Оқу бітіруші мамандардың көп болуына қарамастан, Қазақстанның білім беру жүйесі теміржол саласының білікті персоналға қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмай отыр.

Автожол саласындағыдай, оқыту сапасы, оқу бағдарламаларының сәйкессіздігі, материалдық-техникалық базаның нашар болуы проблемалары бар.

Еңбек ресурстарының сапасын арттыру мақсатында 2016 жылдың соңына қарай жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларын қайта қарауға негіз болатын кәсіптік стандарттар әзірленетін болады.

Босатылатын жұмыскерлерді жұмысқа орналастыру проблемаларын шешу үшін жергілікті атқарушы органдарды тарту қажет. Ол үшін босатылатын жұмыскерлерді жұмыспен қамту бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау бағдарламалары әзірленетін болады. Әлемнің озық компанияларының тәжірибесін ескере отырып, босатылатын жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралар әзірленетін болады.


8-міндет. Отандық теміржол машинасын жасауды дамыту.


Теміржол саласында ішкі қажеттіліктерді қанағаттандыру және өнім экспорты үшін теміржол көлігінің техникалық құралдарының өндірістерін құру жөніндегі шаралар кешені іске асырылатын болады.

Қазақстанда шығарылған тартқыш жылжымалы құрамға қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сервистік орталықтар желісі ұйымдастырылды.

Ірі вагон құю бұйымдарын, рельс, бағыттағыш бұрма және бағыттағыш электр жетектерін шығару, сондай-ақ электрмен жабдықтау және дабыл жүйелері жабдығының өндірісі жолға қойылады.

Отандық тауар өндірушілер игеретін теміржол өнімдерінің номенклатурасы 5 200 мың өнім атауына дейін ұлғайтылады.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы курчатов қаласы, 2010 жыл
Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы