Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны



НазваниеҚазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны
страница2/8
Дата конвертации21.02.2014
Размер1.28 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8

^ Автомобиль көлігі


1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 4,2 млн. астам АКҚ, оның ішінде 3,6 млн. жеңіл автомобиль, 429 мың жүк және арнайы автомобильдер және қызметін 34 автовокзал мен 138 автостанцияда жүзеге асыратын 97 мыңға жуық автобус тіркелген.

Автомобиль көлігі көліктің ең ұтқыр түрі болып табылады, оның жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы үлесіне көліктің барлық түрімен тасымалдау көлемінің тиісінше 99% және 84%-ы тиесілі. Алайда, 2012 жылдың қорытындылары бойынша автомобиль көлігінің жалпы жолаушылар айналымы мен жүк айналымындағы үлесі тиісінше шамамен 87%-ды және 28%-ды құрады.

Аталған салада 156,3 мың адам жұмыс істейді, оның кірісі 579,1 млрд. теңгені құрайды.

Бүгінгі күні саны 100 адамнан астам елді мекендердің 76%-ы тұрақты автобус маршруттарымен қамтылған.

Жолаушыларды автобуспен тұрақты тасымалдау бойынша халықаралық, облысаралық, облысішілік және қалалық бағдарларда бағдарлық желі қалыптастырылды. 2012 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша халықтың автомобиль көлігімен жолаушы тасымалдау сапасына қанағаттану деңгейі 64,6%-ды құрады.

Соңғы жылдары ресми тасымалдаушы таксилердің ұлғаю үрдісі байқалады. Осыған байланысты, республика қалаларында таксомоторлық тасымалдарды дамыту үшін бүкіл республика бойынша саны 1 000 бірліктен асатын жабдықталған такси тұрақтарын салу қажет етіледі.

Қазақстандық автотасымалдаушылардың халықаралық нарықта жұмыс істеуі үшін 59 халықаралық шарттар негізінде құқықтық база құрылған, олардың 40-ы екіжақты және 19-ы көпжақты шарттар.

Халықаралық жүк тасымалдауды 12 мыңнан астам АКҚ паркі бар 3 мыңға жуық компания жүзеге асырады.

Қазақстандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жыл сайын шамамен шетелдік 40 мемлекеттің құзырлы көлік саласындағы органдарының рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізіледі.

Отандық тасымалдаушылардың үлесі 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 2,8%-ға өсті және 36%-ды құрады.

2. Аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Автомобиль көлігі саласының дамуы халықтың ұтқырлығына және бизнес-процестерге ықпал етеді, бұл тұтастай алғанда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымды әсерін тигізеді.

3. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері

Автомобильдердің шамамен 60%-ы (2 млн. астам) 12 жылдан артық пайдаланылып келеді және батыс стандарттарына сәйкес ескірген болып табылады. АКҚ паркінің 70%-дан астамының пайдалану мерзімі 7 жылдан асады, оның ішінде 500 мыңы 20 жылдан артық мерзім бойы пайдаланылуда.

Қазіргі уақытта «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы» және «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының заңдары сияқты негізгі заңнамалық актілерден, сондай-ақ заңға тәуелді актілер мен халықаралық көпжақты және екіжақты шарттардан тұратын нормативтік құқықтық база толығымен қалыптасты. Барлық нормативтік құқықтық база автокөлік саласының бәсекелес ортада жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және дамыған елдердің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді.

Бұдан басқа, саланы орнықты дамыту мақсатында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың автокөлік саласындағы мемлекеттік саясатты реттеуге бағытталған өкілеттіктері заңнамалық деңгейде айқындалды.

4. Саланың негізгі проблемалары

Автомобиль көлігінің негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:

1) жұмыс істеп тұрған автовокзалдар мен автостанциялардың бірде-біреуі белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкес келмейді;

2) қазіргі заманғы телекоммуникациялық және спутниктік жүйелер арқылы электрондық билеттендіруді және жолаушылар тасымалдарын диспетчерлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін автоматтандырылған ақпараттық жүйелер дамымаған;

3) әлеуметтік маңызы бар тұрақты облысішілік (қалалық) жолаушылар тасымалдарын субсидиялау барлық өңірлерде және толық шамада жүзеге асырылмайды;

4) заңсыз тасымалдаушы таксилердің жоғары деңгейі;

5) такси тұрақтары мен сервистік қызмет көрсету инфрақұрылымының дамымауы;

6) халықаралық автокөлік қызметтері нарығындағы отандық тасымалдаушылар үлесінің төмен болуы.


Су көлігі


1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

Қазіргі уақытта Қазақстанның Каспий теңізінің жағалауындағы көлік инфрақұрылымы қолданыстағы екі – Ақтау және Баутино теңіз порттарын қамтиды.

Бұл ретте Ақтау порты экспорттық қатынастағы жүктерді ауыстырып тиеуге қатысады, оның Каспий бассейніндегі жүк тасымалдарын қамтамасыз етудегі үлесі 25%-ды құрайды. Баутино порты теңіз мұнай операцияларын қолдау базасы ретінде мамандандырылған.

Бұған қоса, 2012 жылы 11 млн. тонна ауыстырып тиелді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмен.

Жыл сайын теңіз порттары арқылы ауыстырып тиелетін жүктердің негізгі номенклатурасын мұнай, металл, астық, тас жынысы және басқа жүктер құрайды.

Каспий бассейніндегі теңіз тасымалдары нарығында ең қуатты флот Әзербайжанға тиесілі. Қазақстанның жүк көтергіштігі 12-13 мың тоннаны құрайтын 8 танкері ғана бар, бұл Каспийдегі жалпы тоннаждың 5%-ын құрайды. Бұл ретте отандық танкерлер Ақтау порты арқылы ауыстырып тиелетін мұнайдың жалпы көлемінің 80%-ын тасымалдайды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында (бұдан әрі – КТҚС) пайдаланылатын кемелердің орташа мерзімі 13-15 жылды құрайды.

Фрахт мөлшерлемесі маңызды шарт болып табылатын жұмыстардың қысқа мерзімділігі мен қатаң бәсекелестікке байланысты КТҚС-те әрекет етуші кәсіпорындар жаңа кемелерді жасаудың орнына шетелдік кемелерді тартуға бейімделген.

Қазіргі уақытта КТҚС-те сервистік флоттың 266 кемесі жүзеді, оның ішінде 185 кеме шетел компанияларына және 81-і отандық компанияларға тиесілі.

Осы кемелерге сервистік қызметтерді кеме жөндеу базалары, Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты және Сага Аташ зауыты көрсетеді. Бұл ретте аталған кеме верфьтерінің салмағы 600 тоннаға дейінгі кемелерді ғана жөндеу мүмкіндігі бар және кеме иелері кемелерді негізінен қысқы кезеңде жөндеуге жіберетініне байланысты аталған кеме жөндеу қуаттары қазіргі қажеттіліктің 30%-ын ғана қамтамасыз ете алады.

Қазіргі кезде Ақтау порты 2000 жылы бекітілген тарифтер бойынша порттық қызметтер көрсетеді. Порт тарифтері соңғы бекітілген кезден бері Теңіз портының тарифтерін есептеу әдістемесінде, материалдық ресурстарға арналған шығындардың өсімінде, сондай-ақ еңбекақыны индекстеуде және іске қосылған активтер санының ұлғаюында өзгерістер орын алды.

Осыған байланысты, порттың басты жүктерді ауыстырып тиеуге арналған қолданыстағы тарифтері шығынды болып табылады, бұл порттың инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларын іске асыру үшін қаржы ресурстарының жетіспеушілігіне әкеп соғады.

Каспийде Қазақстан туы астында жүзетін құрғақ жүк флотының және паромдық кемелердің болмауы нәтижесінде Ақтау портынан шығатын басты жүктердің экспорттық көлемдерін Каспий маңы мемлекеттерінің кеме қатынасы компаниялары әкетеді. Қазақстанның жыл сайынғы қолдан шығарып отырған пайдасы кемінде 6,8 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстандық экспорттаушылар мен импорттаушылар экспорттық-импорттық келісімшарттарды жүк тасымалдаушының таңдау құқығы өздерінің шетелдік әріптестеріне тиесілі болатын шарттарда жасасады. Шетелдік әріптестер негізінен өздерінің кеме қатынасы компанияларын жүктейтінін ескерсек, Қазақстанның сыртқы сауда жүктерін тасымалдауды ұлттық теңіз тасымалдаушысынан қайта бағдарлау жүргізілуде.

Халықаралық қоғамдастық кадрлық әлеуетке қойылатын талаптарды күшейтуге және барлық деңгейдегі теңізшілердің даярлығын жетілдіруге ерекше назар аударады.

Қазақстан Республикасының теңізшілерді даярлау бойынша білім беру жүйесі халықаралық талаптарға сәйкес келмейді, осыған байланысты салада ұлттық кадрлардың тапшылығы орын алып отыр. Қазіргі кезде жүзу құрамындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының үлесі жалпы саны шамамен 1 400 адам болғанда 50%-ға жуық, ал командалық құрам деңгейінде небәрі 28%-ды құрайды.

Сондай-ақ КТҚС-те қауіпсіздікті күшейту үшін шетел кемелеріне транзиттік дәліздерді белгілеу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жүйеге келтіру және навигациялық жүйелерді орталықтандыру жолымен олардың заңсыз жүзуін болдырмауға байланысты мәселелер шешуді талап етеді.

Көліктік бақылау органдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуы жеткіліксіз болуы, оның ішінде жалпы тозуы 90%-дан асатын қызметтік кемелердің 2002 жылдан бері қажетті жаңартылмауы бақылау жүргізудің тиімділігіне теріс ықпалын тигізеді және су көлігіндегі авария деңгейін төмендетуге мүмкіндік бермейді.

Қазіргі уақытта өзендегі кеме қатынасы Ертіс, Орал, Қиғаш, Есіл, Іле өзендері бассейндерінде, Қапшағай су қоймасында және Балқаш көлінде жүзеге асырылады. Пайдаланылатын су жолдары учаскелерінің жалпы ұзақтығы 4 108,5 км құрайды, оның ішінде 4 040,5 км учаскеде кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-шаралар іске асырылады.

Жолаушылар мен жүк тасымалдауды 659 кемесі бар жеке меншік кеме иелері жүзеге асырады, олардың ішінде 248 кеме пайдалануға тыйым салынған жай-күйде.

Соңғы 5 жылда өзен көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 6 есеге жуық ұлғайып, 217,7 мың адамды, жүк тасымалдау 1,5 есе ұлғайып, 1,2 млн. тоннаға дейін жетті.

2. Аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Елдің су көлігінің дамуы жүк тасымалдаудың қосымша экспорттық және транзиттік бағдарын құруға, қазақстандық тауарлардың әлем нарықтарына шығуына және аталған салада қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.

3. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері

Қазақстан Халықаралық теңіз ұйымының (International Maritime Organization (IMO), бұдан әрі – ИМО) мүшесі болып табылады және соңғы 20 жылда ИМО мен Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен қабылданған 12 негізгі конвенцияға қосылды.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы және «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдары теңіз көлігі саласындағы негіз қалаушы нормативтік құқықтық акті болып табылады.

Аталған заңнамалық актілер мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негіздерін айқындайды және жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдауға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты қатынастарды реттейді.

Көрсетілген заңдарды іске асыру үшін су көлігі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін нақтылайтын және айқындайтын 70-тен астам заңға тәуелді акті қабылданды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тасымал процесінің барлық қатысушылары сауда мақсатында теңізде жүзу қауіпсіздігі мен теңіз ортасын қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Қазақстан Республикасының Үкіметі кемелерге техникалық куәландыру және оларды жіктеуді жүргізу үшін шетелдік алты жіктеу қоғамын қабыл алды.

4. Саланың негізгі проблемалары

Су көлігінің негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:

1) икемді тарифтік қалыптастырудың болмауы;

2) мемлекеттік техникалық флот тозуының жоғары деңгейі;

3) отандық кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорындарының дамымауы;

4) жағалау инфрақұрылымының нашар дамуы;

5) су көлігіндегі бақылауды іске асыру үшін қызмет бабында жүріп-тұру катерлерінің жеткіліксіздігі;

6) білім беру жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкес келмеуі, бұл білікті кадрлардың жетіспеушілігін тудырады.


^ Азаматтық авиация


1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

Қазіргі уақытта Қазақстанда 56 авиакомпания тіркелген, оның ішінде 5 авиакомпания тұрақты тасымалдарға (84%-ы батыста шығарылған әуе кемелері) жұмылдырылған, 20-сы тұрақты емес тасымалдарды (60%-ы батыста шығарылған әуе кемелері), 3 авиакомпания жүк тасымалдарын (20%-ы батыста шығарылған әуе кемелері) жүзеге асырады, 28 пайдаланушы (7%-ы батыста шығарылған әуе кемелері) авиациялық жұмыстарды орындайды.

Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары тасымалдаған жолаушылар саны 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда 4,6 млн. адамға жетіп, 12%-ға ұлғайды. Әуе жолымен жолаушылар тасымалдау айналымының үлесі 4%-ды құрады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының әуежайлары 9 млн. астам жолаушыға қызмет көрсетті. 2011 жылмен салыстырғанда өсім 12%-ды құрады. 2012 жылдың қорытындылары бойынша әуе жолымен жүк тасымалдау 22 мың тоннаны құрады.

Азаматтық авиация саласының кірісі 2012 жылы 313 млрд. теңгені немесе Қазақстан Республикасының ЖІӨ 1%-ын құрады. 2011 жылғы кірістерге қатысты өсім 20%-ды құрады.

Азаматтық авиация саласында жұмыспен қамтылған халық саны 16 500 адамды құрайды.

Республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Бүгінгі күні халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген 15 әуежайдың 11-і Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (International Civil Aviation Organization, бұдан әрі – ИКАО) стандарттары бойынша санат алған, олар:

ИКАО IIIА және IIIВ санаттары бойынша Астана және Алматы қалаларының әуежайлары;

ИКАО ІІ санаты бойынша Атырау қаласының әуежайы;

ИКАО І санаты бойынша Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Ақтау қалаларының әуежайлары.

2014 – 2015 жылдары Қазақстан әуежайларының Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (International Air Transport Association – IАТА) жерүсті қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша аудиттен (IATA Safety Audit for Grand Operations – ISAGO) өтуі жоспарланған.

Қазақстан Республикасы әуе трассаларының жалпы саны – 88, бұл ретте ұзындығы 80 718 км құрайды. Шектес мемлекеттермен шекарадағы әуе дәліздерінің жалпы саны – 71. 2012 жылы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде қызмет көрсетілген әуе кемелерінің саны – 216 396, бұл ретте 2011 жылмен салыстырғанда қозғалыс өсімі 117%-ды құрады.

Мысалы, ағымдағы жылы ИКАО Техникалық ынтымақтастық бюросымен бірлесіп авиакомпаниялар мен әуе кемелерін тексеру басталды.

2015 жылға тұрақты рейстерде жолаушылар тасымалын орындайтын авиакомпаниялар үшін IATA ұсынымы бойынша ұшу қауіпсіздігінің аудитін (IATA Operations Safety Audit – IOSA) өту жөніндегі іс-шаралар жоспарланған.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мамандарын жұмыс орындарында және азаматтық авиация объектілерінде оқыту, тағылымдамалар мен тренингтер өткізу, пайдаланушыларды қайта сертификаттау, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ мемлекеттік авиация инспекторларын шетел авиакомпаниялары әуе кемелерінің перрондық инспекциялары әдістемесіне оқыту жүргізіледі.

2. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері

Қазіргі кезде азаматтық авиация саласы «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңдармен және 100-ден астам заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Ұлттық заңнаманың және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның ұйымдық құрылымы мен рәсімдердің ИКАО талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында азаматтық авиация саласындағы заңнамаға сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына 80 түзету енгізілді.

Қазіргі кезде қазақстандық әуе компанияларының ЕО аймағына ұшуды орындауы үшін шектеулерді жою жөніндегі шаралар қабылдануда.

3. Саланың негізгі проблемалары

Азаматтық авиация саласының негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:

1) әуежайлардың жерүсті инфрақұрылымының техникалық нашар жарақтандырылуы және тозуы (50%);

2) әуе кемелерінің ескірген паркі;

3) жергілікті әуе желілерінің қолданыстағы әуеайлақтары санының аз болуы;

4) әуеайлақтардың күрделі метеожағдайларда пайдалануды қамтамасыз ететін қонуға бет алудың дәл жүйелерімен және көзбен көру құралдарымен жарақтандырылуының жеткіліксіз болуы;

5) арнайы техниканың, жарық сигналдары жабдығының және электрмен жабдықтау жабдығының, коммуникациялардың елеулі тозуы;

6) авиакөлік инфрақұрылымының жерүсті техникасымен, жүк қоймаларымен және терминалдармен жарақтандырылуының қажетті деңгейінің болмауы;

7) білікті кадрлар жетіспеуінің өткір тұруы.


Қазақстан Республикасының көлік-логистика жүйесін дамыту және халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыру


1. Саланың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасының әлемнің бүкіл елімен жалпы сыртқы тауар айналымы 2012 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 50%-ға өсті және 136,8 млрд. долларды құрады.

2012 жылы экспорттық жүк тасымалдарының көлемі 102 млн. тоннаны (құбыржол көлігін қоспағанда), бұл ретте импорттық жүк тасымалдарының көлемі 25,9 млн. тоннаны құрады.

Экспорттық бағыттағы негізгі жүк тасымалдары Ресейге – 52%, Еуропа елдеріне – 14%, Қытайға – 12%, Орталық Азия елдеріне – 10% және Иранға – 4% жүзеге асырылды.

Импорттық бағытта – Ресейге 43,8%, Қытайға – 12,1% және Орталық Азия елдеріне – 9,5% тиесілі болды.

Қазақстан аумағы арқылы өткен транзиттік жүктің жалпы көлемі 2012 жылы 17,8 млн. тоннаны құрады, олардан түскен кіріс көлемі 1 млрд. астам АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, транзиттік жүктердің көпшілігі темір жол көлігіне – 16,3 млн. тонна, қалғаны автомобиль көлігіне – 1,46 млн. тонна және су көлігіне – 0,16 млн. тонна тиесілі.

Жөнелту елдері бойынша транзиттік тасымалдар құрылымында негізгі үлесті Ресей иеленеді, оның үлесі 2012 жылы 50%-ды құрады. Қытайға транзиттік жүктердің жалпы көлемінің 15%-ы және Өзбекстанға шамамен 9%-ы тиесілі.

Қазақстан арқылы транзиттік жүк ағынының негізгі межелі елдері Орталық Азия елдері – 87% (Өзбекстан – 36%, Қырғызстан – 19%, Ауғанстан – 13%, Тәжікстан – 11%, Түрікменстан – 8%) болып табылады, ал Ресей мен Қытайға 5%-дан келеді.

Қазақстан арқылы өтетін транзитті ұлғайту жөніндегі алғышарттар

Қазақстанның саудадағы аса ірі әріптестер – Қытай мен ЕО елдері арасында орналасуы елдің көлік-логистика жүйесін дамыту үшін басты сын-талапты алға тартады. 2011 жылы Қытай Халық Республикасы мен ЕО арасындағы сауда-саттық көлемі 567,2 млрд. долларды, тасымал көлемі – 12,6 млн. жиырма фунттық баламаны (бұдан әрі – ЖФБ) құрады. Бұл ретте Қазақстанның осы көлемнің транзитін қамтамасыз етудегі үлесі бір пайыздың жартысынан кем, ал Қытайдан ЕО-ға импорттың басым бөлігі Суэц каналы арқылы теңізбен өтеді.

Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық өсуі Қытайдың шығыс провинциясынан батыс және орталық провинцияларына ығысып отыр, олар Қазақстанның аумағы арқылы өтетін теміржол тасымалдарына мұқтаж. Батыс Қытайды дамытудың «China Western Development planning 2011 – 2015» бағдарламасына сәйкес Қытайдың батыс және орталық өңірлерін дамытуға шамамен 1 трлн. доллар инвестициялау көзделеді.

Қытайдың батыс провинцияларының қарқынды дамуы Қазақстан арқылы жүк ағындарының ұлғаюына ықпал ететін болады.

Кеден одағын құру және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру шекараларды кесіп өту процесін оңтайландыру арқылы Қытай мен Еуропаны қосатын тиімді көлік дәлізін құруға елеулі үлес қосады, себебі ол Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің кедендік шекарасын екі жерде – Қытаймен және ЕО елдерімен шекараларда ғана кесіп өтуді көздейді.

Сарапшылардың болжамы бойынша Қытай – ЕО сыртқы сауда-саттық көлемі 2020 жылға қарай 567,2 млрд. доллардан 781 млрд. долларға дейін ұлғаяды. Бұл ретте, Қытай – Еуропа жүк тасымалдарының үлесі 117 млн. тоннадан 170 млн. тоннаға дейін ұлғаяды (шамамен 17 млн. ЖФБ).

Көрсетілген факторларды ескере отырып, Қазақстан арқылы (Достық пен Қорғас арқылы) транзиттік жүк ағынының әлеуетті көлемі Қытай – ЕО – Қытай жалпы тауар айналымының 8%-ына (1,5 млн. ЖФБ) дейін жетуі мүмкін.

Қазақстандағы көлік логистикасының даму деңгейі

2012 жылы Дүниежүзілік Банк жүргізген әлемдік логистиканы зерттеу қорытындылары бойынша Қазақстанның логистикалық жүйесі логистика тиімділігі индексінің (LPI) жалпы тізімінде 2010 жылмен салыстырғанда 24 позицияға төмендеп, 155 елдің ішінде 86-орынды иеленді.

Қазақстан рейтінгінің төмендеуі негізінен «Инфрақұрылым сапасы» (79-орын), «Халықаралық тауарлар жеткізілімдерін ұйымдастырудың қарапайымдылығы» (92-орын) және «Жеткізу мерзімдерін сақтау» (132-орын) кіші индикаторларының төмендеуінен болды. Транзиттік және экспорттық жүк ағындарын арттыру мүмкіндіктеріне жүк шекара арқылы өткізу жылдамдығын және мерзімдердің болжамды болуын төмендететін кедендік өткізу пункттерінің жеткіліксіз тиімділігі (73-орын) әсерін тигізеді.

Қазақстанның көлік дәліздері

Қазіргі уақытта Қазақстанда мынадай 5 халықаралық көлік дәлізі қалыптасқан және жұмыс істейді:

  1. Трансазиялық теміржол магистралінің солтүстік дәлізі (ТАТМ)

Батыс Еуропаны Қытаймен, Ресей арқылы Корея түбегімен Жапонияны байланыстырады (Достық/Қорғас – Ақтоғай – Саяқ – Мойынты – Астана – Петропавл (Пресногорьковская) учаскесінде);

  1. ТАТМ-ның Оңтүстік дәлізі

Аталған дәліз мынадай бағдарлар бойынша өтеді: Түркия, Иран, Орталық Азия елдері арқылы Оңтүстік-Шығыс Еуропа – Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия (Достық/Қорғас – Ақтоғай – Алматы – Шу – Арыс – Сарыағаш учаскесінде);

  1. ТРАСЕКА

Шығыс Еуропаны Қара теңіз, Кавказ және Каспий теңізі (Достық/Қорғас – Алматы – Ақтау учаскесінде, оның ішінде Жезқазған – Бейнеу перспективалық түзеткіш теміржол бағдары, сондай-ақ Ахалкалаки (Грузия) – Карс (Түркия) арқылы Орталық Азиямен байланыстырады;

  1. Солтүстік – Оңтүстік

Қазақстанның қатысуымен Ақтау теңіз порты – Ресейдің Орал өңірлері және Ақтау – Атырау учаскелерінде, сондай-ақ Өзен-Берекет (Түрікменстан) – Горган (Иран) жаңа теміржол желісі арқылы Ресей мен Иран арқылы Парсы шығанағы елдерінен Солтүстік Еуропаға өтеді;

  1. ТАТМ-ның Орталық дәлізі

Орталық Азия-Батыс Еуропа бағыты бойынша өңірлік транзиттік тасымалдар үшін зор маңызы бар (Сарыағаш – Арыс – Қандыағаш – Озинки учаскесінде).

Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарында алты негізгі бағыт – автокөлік дәліздері қалыптасқан:

  1. Ташкент – Шымкент – Тараз – Бішкек – Алматы – Қорғас;

  2. Шымкент – Қызылорда – Ақтөбе – Орал – Самара;

  3. Алматы – Қарағанды – Астана – Петропавл;

  4. Астрахань – Атырау – Ақтау – Түрікменстан шекарасы;

  5. Омск – Павлодар – Семей – Майқапшағай;

  6. Астана – Қостанай – Челябинск – Екатеринбург.

2. Қолданыстағы заңнама және саланың заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері

Республикадағы көлік логистикасы жүйесі техникалық тұрғыда ғана жұмыс істейтінін, бүгінгі күні егжей-тегжейлі заңнамалық қамтамасыз етілмеген.

Бұл ретте қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасы («Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заң, «Темір жол көлігі туралы» Заң, Қазақстан Республикасының Кеден кодексі) транзит және көліктік логистика мәселелерін регламенттейтін ережелерден тұрады, алайда заңнамалық актілерге бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу талап етіледі.

3. Саланың негізгі проблемалары

Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін іске асыру, сондай-ақ экономикалық өсуді қолдау көлік-логистика жүйесінің халықаралық түйінді көлік дәліздеріне жоғары ықпалдасуын, оның ішінде жүк ағындарын бөлуге ықпал ету үшін тасымалдың жоғары жылдамдығын, мерзімділігін, қолжетімділігін және сенімділігін, сондай-ақ көлік қызметтерін пайдалану жайлылығын талап етеді.

Көлік-логистика жүйесінің негізгі проблемалары мыналар болып табылады:

1) қазақстандық дәліздердің танымал болмауы, нәтижесінде Қытай мен ЕО арасындағы транзиттік жүктердің негізгі көлемі Қазақстанды айналып өтеді;

2) дәліздерді жүйелі басқарудың болмауы және олардың инфрақұрылымдық дамымауы;

3) логистикалық сервистің төмен деңгейі;

4) Қазақстаннан тыс жерлерде меншікті сыртқы терминал желілерінің болмауы;

5) басқару жүйесіндегі институционалдық шектеулер;

6) экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жүргізу үшін әкімшілік рәсімдердің жеткіліксіз тиімділігі.

1   2   3   4   5   6   7   8



Похожие:

Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі №118 Жарлығымен бекітілген Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы курчатов қаласы, 2010 жыл
Мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011-2015 жылда Зырян ауданының «Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мм дамыту бағдарламасы
Р үдемелі индустриалды инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны iconҚазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жаңа моделінің тұжырымдамасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы астана, 2013 жыл Мазмұны icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы