«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon

«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»



Название«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты»
Дата конвертации14.04.2013
Размер67.86 Kb.
ТипДокументы
источник



Шахтинск қаласы әкімдігінің

2011 жылғы «___»_________

№ ____ қаулысымен

бекітілген


«Долинка кенті әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің


Е Р Е Ж Е С І


1. Жалпы ереже


1.1. «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте құрылатын, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

1.2. Кент әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативті құқықтық актілерге, және де осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

1.3. Кент әкімінің аппараты заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы бар мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктарда шоттары бар. Кент әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарабы ретінде шығуға құқығы бар, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілетті болса.

1.4. Кент әкімі өзінің құзырлығындағы мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте кент аумағында міндетті күші бар өкім және шешім түрінде актілер шығарады.

1.5. Кент әкімі аппаратының құрылтайшысы Шахтинск қаласының әкімдігі тұлғасында мемлекет болып табылады.

1.6. Кент әкімі аппаратының құрылымы мен шекті штаттық санын Шахтинск қаласының әкімдігі бекітеді.

1.7. Кент әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады. Егер кент әкімінің аппаратына заңнамалық актілерімен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет табысына жолданады.

1.8. Кент әкімі аппаратының толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: Государственное учреждение «Аппарат акима поселка Долинка».

1.9. Кент әкімі аппаратының заңды мекен-жайы: Индекс 101604, Қарағанды облысы, Долинка кенті, Садовая көшесі, 58.


2. Кент әкімі аппаратының құқығы, маңызы, қызмет мақсаты және басты міндеттері


2.1. Кент әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамаға сәйкес кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді.

2.2. Кент әкімінің аппараты кент әкімінің қызметін ақпараттық-талдаумен қамтамасыз ете отырып:

1) кенттің ішкі саяси және экономикалық жағдайына талдау жүргізеді, оның дамуын болжайды, қоғамдық пікірді зерделейді, кент әкімінен сұраған мәселелер бойынша ақпарат әзірлейді;

2) ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады және кент әкімін әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз етеді;

3) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіреді;

4) кент әкімінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды, нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз етеді;

2.3. Кент әкімінің аппараты кент әкімінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ете отырып:

1) аппарат жұмысын, кеңестер, семинарлар мен басқа да іс-шаралар өткізуді жоспарлайды, оларды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.

2) кент әкімі шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, облыс, қала әкімі және әкімдігі актілерінің және тапсырмаларының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады;

4) кадр саясаты мен мемлекеттік қызметтің жағдайын, кент әкімі аппаратының қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейіне талдау жасайды;

5) лауазымға тағайындағанда және лауазымнан босатқанда материалдар әзірлейді, мемлекеттік қызметті өтумен, кадрларды іріктеу және оларды орналастырумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді, олардың жеке істерін жүргізеді;

6) кент әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады;

7) кент әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің аттестациясын ұйымдастырады және өткізеді;

8) аппаратта жалпыға міндетті құқықтық оқуды ұйымдастырады;

9) кент әкімімен қабылданған актілерді тіркейді;

10) ережелерге сәйкес іс жүргізуді ұйымдастырады;

11) қызметтік құжаттарды, азаматтардың өтініштері мен үндеулерін қарастырады;

12) азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады;

13) мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шаралар қабылдайды;

14) жұмыс стилін және тәсілін жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды ендіру бойынша жұмыс жүргізеді;

15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша шаралар қабылдайды;

16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

2.4. Әкімнің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етеді.

2.5. Кент әкімі аппаратының негізгі мақсаты:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылымды қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі саясатын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асыру, мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және кентте әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқару;

3) қоғамдық келісімнің және саяси тұрақтылықтың конституциялық қағидаттарын сақтауды жүзеге асыру, мемлекеттік өмірдің өзекті мәселелерін демократиялық тәсілдермен шешу;

4) заңдылықты және құқық тәртібін нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық ұстанымдарын арттыру шараларды жүзеге асыру;

5) кенттің кешендік әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, азаматтардың құқығын қорғау, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыру мәселелері бойынша қала әкімінің аппаратымен, қалалық мәслихат аппаратымен өзара әрекеттестікте болу;

6) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен және басқа да нормативтік құқықтық актілермен белгіленген құзырлығы шеңберінде кент әкімінің қызметін қамтамасыз ету;

7) кент аумағында ветеринарлық – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізу болып табылады.

2.6. Осы ережемен қарастырылған негізгі міндеттер мен қызметтерді іске асыру үшін кент әкімінің аппараты мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрауға және алуға, құқықтық тәртіп, заңдылық және қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесуге құқылы.

2.7. Тапсырмалар беру, қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрау құқығына мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы ие.


^ 3. Кент әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру


3.1. Кент әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің өкілі болып табылатын әкім басқарады, ол Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте лауазымға тағайындалады немесе сайланады, лауазымнан босатылады.

3.2. Әкім Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес белгіленген өз құзыреті шеңберінде кент аумағында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді.

3.3. Әкім кент әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады және қала әкімінің алдында оған жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды орындауға жеке жауап береді.

3.4. Бұл мақсаттарда ол:

1) кент әкімі аппаратының қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттігін анықтайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кент әкімі аппаратының қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады, оларға тәртіптік жаза белгілейді;

3) өзінің өкілеттігі шегінде қызметтік және қаржылық құжаттарға қол қояды;

4) қала әкіміне кент әкімі аппаратының ережесін бекітуге, құрылымы мен штаттық саны жөнінде ұсыныстарды ұсынады;

5) кент әкімі аппаратының лауазымды тұлғасы болып табылады және оның атынан сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қарым-қатынас жасайды;

6) аппарат шығындарының сметасын бекітеді, бюджеттен қарастырылған қаржылық қаражатты басқарады;

7) кент әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңнаманының орындалуын қадағалайды;

8) ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

9) жоғары тұрған орган құжаттарының орындалуына және сақталуын қадағалау бойынша кент әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді;

10) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

11) кент әкімі аппараты қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу шарты және еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес анықталады;

12) қала әкімімен, заңнамамен және осы Ережемен жүктелген басқа қызметтерді жүзеге асырады;

13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына жеке жауап береді.


^ 4. Жұмыс тәртібі


4.1. Жұмыс тіртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының әрекетімен сәйкес анықталады.

5. Мемлекеттік органның мүлкі


5.1. Кент әкімінің аппараты коммуналдық меншікке жататын жекелеген мүліктерге жедел басқару құқығына ие. Кент әкімі аппаратының мүлкі оған мемлекет табыстаған мүлік есебінен қалыптасады және де негізгі қорлардан және айналым қаражатынан, сонымен қатар сомасы мемлекеттік мекеме балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.

5.2. Кент әкімінің аппараты оған бекітілген мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе басқа тәсілмен басқаруға құқығы жоқ. Мүлікті басқаруға құқық берілген жағдайда мемлекеттік орган басқара алатын мүлік құнының шекті мөлшері заңнамамен белгіленеді.


6. Кент әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және жою


6.1. Кент әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Долинка кентінің әкімі М.-С.И. Бдуов



Похожие:

«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Шахан кенті әкімінің аппараты»
«Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – кент әкімінің аппараты) Қазақстан Республикасының заңнамасымен...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» iconҚазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті
Октябрь кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекеме, бұдан әрі «Әкім аппаратты» Октябрь кентінің аумағында мемлекеттік басқармасының...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі «Жангелдин ауданы әкімінің аппараты»
«Жангелдин ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және әкімінің (бұдан әрі-әкімдік) қызметін...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты»
«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі село әкімінің аппараты), Сайын Шапағатов селосы әкімінің...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ереже лер «Теміртау қаласы әкімінің аппараты»
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Теміртау қаласы әкімі мен әкімдігі қызметінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Жалпы ережелер «Арал ауданы әкімінің аппараты»
«Арал ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
«Бейнеу ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» icon«Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты» мм
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Усть-Таловка кенті әкімінің аппараты мм миссиясы – кент аумағында мемлекеттік саясат жүргізетін...
«Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі жалпы ереже «Долинка кенті әкімінің аппараты» iconБекітілген шаңтөбе кенті әкімі аппараты 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
«Шаңтөбе кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы