Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген icon

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген




НазваниеҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген
страница1/2
Дата конвертации13.04.2013
Размер0.52 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 16 қазандағы
№ 1315 қаулысымен  
бекітілген      




«Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде
сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер


      1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің облыстық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрi – ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар бойынша көрсетедi.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 10-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы, «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 2-тармағы 1) тармақшасы және «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережесінің 12-тармағы 1) тармақшасы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртiбi туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtс.gov.kz («Автомобиль жолдары комитетi» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде);
      2) ХҚКО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;
      3) мемлекеттік қызметті алушы үшін аумақтық орган ғимараттарының ең көрнекі жерінде орнатылған стенділерде;
      4) ХҚКО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
      5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігіндегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектісіне паспорт (бұдан әрі – паспорт) беру немесе қағаз тасығышта паспортты беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімдері:
      аумақтық органға жүгінген кезде:
      1) өтініш берілген сәттен бастап – бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті алушыға халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жолақ бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға паспорт беріледі немесе жазбаша дәлелді бас тарту беріледі;
      2) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген өтінішті тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      3) паспортты алу кезінде кезекте тұрудың рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      мына:
      1) ХҚКО-ның аудандық бөліміне жүгінген кезде:
      паспортты беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттар аумақтық органға жеткізілетін 2 күн және ХҚКО-ға орындалған құжаттар жеткізілетін 2 күн мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) ХҚКО-ның облыстық бөліміне жүгінген кезде:
      паспортты беру бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады (құжаттарды қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      3) осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте тұрудың рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      4) паспортты алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет:
      1) аумақтық органға жүгінген кезде:
      аумақтық органның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзілісі бар, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында көрсетіледі.
      Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      2) ХҚКО-на жүгінген кезде:
      ХҚКО-ның белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс және мейрам күндерін қоспағанда, күн сайын дүйсенбіден сенбі аралығында көрсетіледі.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (көшірмелері) бар стенділермен жабдықталған, дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар аумақтық органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайы бойынша көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған пандуспен жабдықталған күту залында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО-ның ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер орналасқан.


^ 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


      11. Мемлекеттiк қызметті алу үшiн мемлекеттiк қызметті алушы мынадай құжаттарды:
      1) еркін нысандағы жазбаша өтінішті;
      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объекті эскизінің көшірмесін ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш аумақтық органдарға және ХҚКО-на еркін нысанда ұсынылады.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган қызметкерлеріне беріледі.
      ХҚКО-да құжаттарды қабылдауды қызметкерлер «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы жүзеге асырылады.
      14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған кезде аумақтық органда немесе ХҚКО-да мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
      1) сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны және атаулары;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты көрсетіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін беру аумақтық органда және ХҚКО-да қолхат негізінде, онда көрсетілген мерзімде, өзі келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
      16. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың автомобиль жолдары саласындағы нормативтік - техникалық құжаттарда бекітілген талаптарға сәйкес болмауы мемлекеттік қызметті ұсыну кезінде бас тартудың негіздемесі болып табылады.


^ 3. Жұмыс қағидаттары


      17. Аумақтық органның және ХҚКО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.


^ 4. Жұмыс нәтижелері


      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Аумақтық органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.


^ 5. Шағымдану тәртібі


      20. Аумақтық органның лауазымды адамының немесе ХҚКО қызметкерінің әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша аумақтық органның немесе ХҚКО-ның басшылығына жүгінеді.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, қабылдау бөлімінің телефоны 8 (7172) 24-33-83.
      Жұмыс кестесі демалыс және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін бес күндік жұмыс аптасын құрайды.
      22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда: ХҚКО қызметкеріне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚКО басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі;
      аумақтық органның қызметкері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша аумақтық органның басшысына немесе 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр 32/1 даңғылы, «Транспорт Тауэр» ғимаратының мекенжайы бойынша шағым беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
      25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымын шағымды қабылдаған адамның қабылдағанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық - анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.


«Халықаралық және республикалық  
маңызы бар жалпы пайдаланымдағы  
автомобиль жолдарының жолақ   
бөлігінде сыртқы (көрнекі) жарнама
орналастыруға рұқсат беру»    
мемлекеттік қызмет стандартына  
1-қосымша            


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Автомобиль жолдары комитеті аумақтық органдарының тізбесі



Р/с


Бөлімшенің атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық поштаның мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақмола облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесі, 193.
2-қабат

8 (7162) 770589akmola-priemnaya@mail.ru

2.

«Алматы облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Алматы қаласы, Розыбакиев көшесі, 28.
2-қабат

8 (7272) 559046
almodkad@mail.ru

3.

«Атырау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Атырау қаласы, Исатай көшесі, 5.
2-қабат

8 (7122) 290677,
290149
aouKRTI@mail.ru

4.

«Ақтөбе облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 89.
301-бөлме

8 (7132) 546571
aktobeKRTI@mail.ru

5.

«Шығыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Өскемен қаласы, Буров
көшесі, 67.
2-қабат

8 (7232) 240813
guad_vko@mail.ru

6.

«Жамбыл облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Тараз қаласы, Тәукехан көшесі, 1 а.
2-қабат

8 (7262) 316004
uad_zhamb@mtc.gov.kz

7.

«Батыс Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Орал қаласы, Ихсанов көшесі, 44/1.
2-қабат

8 (7112) 511051uad.zko.uralsk@mail.ru

8.

«Қарағанды облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесі, 50 а.
3-қабат

8 (7212) 514309
karguad@mail.ru

9.

«Қызылорда облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі, 18.
2-қабат

8 (7242) 277706
ouad_kzlorda@mail.ru

10.

«Қостанай облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Қостанай қаласы, Хәкімжанова көшесі, 7.
4-қабат

8 (7142) 558221
kostouad@yandex.ru

11.

«Маңғыстау облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы, 22-шағын аудан.
2-қабат

8 (7292) 605276
mouad@mail.ru

12.

«Павлодар облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 180.
2-қабат

8 (7182) 571925
pouad@mail.ru

13.

«Солтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі, 61.
415-бөлме

8 (7152)365096
uad_sko@mtc.gov.kz

14.

«Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті» мемлекеттік мекемесі

Шымкент қаласы, Жібек жолы, көшесі нөмірсіз.
2-қабат

8 (7252) 51-31-19
ugdorstroi@mail.ru
  1   2

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы
Болжам Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconТөрағасының міндетін атқарушының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы №311 НҚ бұйрығының
Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысымен бекітілген...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconПавлодар қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қазандағы
Болжам Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан республикасы статистика агенттігі агентство республики казахстан по статистике
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1746 қаулысына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 07 маусымдағы №753 қаулысымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №97 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №97 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №97 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №97 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconЖүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысымен...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген icon2012 ж. 10 мамырдағы №101-НҚ бұйрық Табиғи монополия субъектілерінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы
Ықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 13 бабы 1 – тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12...

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы №1315 қаулысымен бекітілген iconТөрағасының 2006 жылғы 17 наурыздағы №77-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы»
Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы №943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы