2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы



Название2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы
страница1/3
Дата конвертации23.12.2012
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3







Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы « »

қаулысымен

бекітілген


2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы


1. Бағдарламаның паспорты


Атауы

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы


Әзірлеудің негіздемесі

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы


Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі


Іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері


Бағдарламаның

мақсаты

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету


Бағдарламаның

міндеттері

Сумен жабдықтау мен су бұрудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларын қайта жаңарту кезінде жүйелік тәсілді енгізу.


Қалалық жерлерде сумен жабдықтау мен су бұрудың орталықтандырылған жүйелерін салу және қайта жаңарту.


Ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау мен су бұрудың жергілікті жүйелерін (септик) салу және қайта жаңарту.


Сумен жабдықтау мен су бұруды реттеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру.


Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйесін тиімді және рентабельді пайдалануды қамтамасыз ету.


Су шаруашылығы секторының инвестициялық тартымдылығын арттыру және сумен жабдықтау мен су бұру объектілерін қаржыландыруға жеке меншік капиталды барынша тарту.


Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларының әлеуетін барынша пайдалану;


Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерін жобалаудың сапасын арттыру.


Сумен жабдықтау мен су бұру секторының жағдайына мониторинг жүйесін құру.


Жер асты және жер үстіндегі су сапасының мониторинг жүйесін құру.


Су шаруашылығы ұйымдарының рентабельдік жұмысын қамтамасыз ету үшін тариф белгілеу.


Инвестицияны кепілді қайтару мақсатында ұзақ мерзімді және рентабельді тарифтер белгілеу.


Тұтынушыға жеткізу кезінде өндірістік емес су ысырабының деңгейін ғылыми-негіздемелік нормаларға дейін төмендету.


Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық қамтуды дамыту.


Бағдарламаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері

2011 – 2020 жылдар

I кезең – 2011 – 2015 жылдар

II кезең – 2016 – 2020 жылдар


Нысаналы индикаторлар

Ауылдық жерлерде орталықтандырылған сумен жабдықтауға ауылдық елді мекендердің жалпы санының 80 %-на, қалаларда 100 %-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;


ауылдық жерлерде орталықтандырылған су бұруға орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген ауылдық елді мекендердің жалпы санының 20 %-на, қалаларда 100%-ға қол жеткізуді қамтамасыз ету;


су айдындарына ағызу кезінде қалалардағы нормативтік тазаланған судың деңгейін 100%-ға дейін жеткізу;


әр аудан орталығында сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі мамандандырылған пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарын құру;


жеке капиталдың қатысуымен сумен жабдықтаудың және су бұрудың пайдалану кәсіпорындарының, оның ішінде концессиялық келісімдер мен басқа да шарттар негізінде санын 20 бірлікке дейін арттыру;


суды есептеу аспаптарымен: қалаларда - 100% және ауылдық елді мекендерде - 80% қамту;


сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезде Қазақстанда шығарылған бұйымдар мен технологияларды пайдалану үлесін 60%-ға жеткізу;


3000-нан астам ауылдық елді мекенді жер асты суларының қорларымен қамтамасыз ету;


қалалар мен ірі елді мекендер үшін қорларды қайта бағалау мақсатында жер асты суларының 165 кен орнын және топтық су құбырлар үшін 15 кен орнын толық барлау;


86 қала мен 6943 ауылдық елді мекенде сумен жабдықтау және су бұру жобаларын мониторинг жүйесімен қамту;


халықты тәулігіне 24 сағат ауыз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету.


Қаржыландыру көздері мен көлемі

Бағдарламаны қаржыландыру 2011 жылдан – 2020 жылдар аралығында даму институттарының қаражаты, пайдалану кәсіпорындарының меншікті қаражаты, отандық және шетелдік инвестициялар есебінен және мемлекеттік бюджетте көзделетін 1 273 859 млн. теңге қаражат шегінде, оның ішінде:

республикалық бюджет есебінен – 1 164 142 млн. теңге сомасында;

жергілікті бюджеттер есебінен – 109 717 млн. теңге сомасында жүзеге асырылады.


2. Кіріспе


Халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленген.

Ауыз сумен қамтамасыз етуде біршама жағдайдың жақсаруына қарамастан, бүгінгі таңда республика халқының едәуір бөлігі тиісті сападағы және толық көлемде ауыз сумен қамтамасыз етілмеген.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша су бұру жүйесінің қазіргі жағдайы айтарлықтай Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығына жеткіліксіз.

Мәселен, халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау үшін қолданылатын 1-санаттағы ашық су айдындарынан алынатын су сапасы жалпы республика бойынша санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша
2009 жылмен салыстырғанда төмендеген, 1989 су сынамасының 151-і немесе 7,6% нормативке сай келмеген, микробиологиялық көрсеткіштер бойынша – 4,5%.

Қызылорда облысы бойынша су айдындарының ластану деңгейі бұрыңғыдай жоғары болып қалуда – 95,8%, Батыс Қазақстан облысында – 22,4%, Ақмолада – 16,9%, Оңтүстік Қазақстанда – 8,5%.

Ашық су айдындар суының сапасына әсер ететін себептердің бірі су бұру желілеріндегі авариялар және шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік сарқынды суды тазаламай ағызу болып табылады.

Осыған байланысты, Бағдарлама су көздерінің тазаланбаған сарқынды сулармен ластануының алдын алуды, сумен жабдықтау және су бұру салаларына жеке капиталды тартуды, пайдалану кәсіпорындары мен ұйымдарының тиімді және рентабельді қызметін қамтамасыз етуді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуды, халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барынша пайдалануды және су шаруашылығы саласында жобалау-іздестіру жұмыстарының сапасын арттыруды көздейді.

Бағдарламаны іске асыру кезінде жүйелі тәсілдердің бірі орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, әлеуетті инвесторлар, ғылыми институттар, үкіметтік емес ұйымдар, пайдалану мекемелері арасындағы тиісінше өзара іс-қимыл мен іс-қимылдың үйлестірілуін ұйымдастыру болып табылады.

Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және су бұру қызметтерімен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді.


^ 3. Қазақстан Республикасындағы сумен жабдықтаудың және

су бұрудың ағымдағы жағдайын талдау


1. Қалалық жердегі сумен жабдықтаудың жағдайы


Бүгінгі таңда республиканың қалаларында ауыз сумен қамтамасыз ету проблемасы орын алуда.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала халқының орталықтандырылған сумен жабдықталуы
82 %-ды құрайды.

Халықты орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелеріне қол жеткізу деңгейі бойынша Қазақстан Республикасы дамыған елдерден артта қалады, бұл көрсеткіш 90 – 95 %-ды құрайды.

Республика бойынша қалалардағы су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 27 000,3 километрды құрайды, оның ішінде таратушы су құбыры желілері – 18 173,7 километр, бұл ретте, қазіргі уақытта республика бойынша «иесіз» 2 188 километр желі бар.

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің деректері бойынша су құбырлары желілерінің көпшілігі қанағаттанарлықсыз жағдайда, сенімді пайдаланудың 25 жылдық нормативті мерзімін ескере отырып, жұмыс жағдайында сумен жабдықтаудың 36 % желісі бар, шамамен 64 % желіге күрделі жөндеу немесе оларды толығымен алмастыру қажет болып отыр.

Негізінен су құбыры желілері 25 – 40 жыл бұрын пайдалануға берілген және ішкі беті қорғалмаған (негізінен, болат және шойын құбырлар). Сондықтан, тат басудың салдарынан су таратқыштар мен су құбыры желілері тез тозып, бұзылады және басылады, ол су құбырларының өткізу мүмкіндігін азайтып, авариялар санының артуына, судың ысырап болуына және ауыз су сапасының нашарлауына алып келеді.

Осының салдарынан сумен жабдықтау желілерінде жыл сайын судың ысырап болуының артуы тіркелуде, мысалы, 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ысырап мөлшері 10,9 %-ға артты.

Сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану нәтижесінде республика бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу 5,3 %-ға артты, жалпы республика бойынша сумен жабдықтау желілеріндегі авариялардың саны 2004 жылмен салыстырғанда 15,8 %-ға азайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін Стратегиялық даму жоспарына сәйкес ТҮКШ саласындағы басты мақсаттардың бірі суды тасымалдау кезінде нормативтік ысырап үлесін 2015 жылға қарай – 19 %-ға, 2020 жылға қарай – 15 % дейін жеткізу болып табылады.

Мәселен, «Қазақстан Су Арнасы» қауымдастығының деректері бойынша республикада орташа есеппен алғанда нақты нормативті (нормативтен тыс) коммерциялық су балансындағы ысырап қалалық сумен жабдықтау кәсіпорындарында 15 % бастап 20 %-ға дейін құрайды. Осыған байланысты 2 жылдың ішінде сумен жабдықтау секторында үлкен жұмыс жүргізу – Стратегиялық жоспарда белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін нормативтен тыс (коммерциялық) ысырапты 2-3 % жою қажет.

Бұл ретте, көздерден су жинағыштан бастап пайдаланушыға дейін суды толық аспаптық есепке алуды ұйымдастырмай сумен жабдықтау желілерінің құбырларын тіпті 100 % жаңаларына ауыстырылса да, нормадан тыс ысырапты (коммерциялық) жоюға алып келмейтінің пайдалану кәсіпорындарының және сенімді су балансын бермейтінін түсіну қажет.

Суды тарату мен тұтынудың барлық деңгейінде оны есепке алудың сенімді деректері ғана кәсіпорындардың су балансын қалыптастырады, оны талдау өз кезегінде суды тасымалдау кезіндегі оның ысырап болуының төмендеу немесе арту деңгейін көрсетеді.

Суды сапалы есепке алуды ұйымдастыру ғана кәсіпорындардың су балансында нормативтен тыс су ысырабын 2-3 есеге дейін қысқарта алады.

Бос қаражат болмаған кезде, суды жеке есепке алу аспаптарын (ЖЕА) сатып алу және орнату бойынша міндеттерді орындай отырып, пайдалану кәсіпорындары сатып алынған және орнатылатын аспаптардың дәлдік сыныбына назар аудармаған, аспаптардың басты өлшемі баға болды, нәтижесінде суды коммерциялық есепке алудың аспаптық паркі дәлдіктің А және В төмен сыныпты арзан аспаптарымен қамтылды.

Әлемдегі суды тұтыну көрсеткіштерін мұрағаттауды ұйымдастыру жөніндегі қолданыстағы қазіргі заманғы технологиялар көрсеткіштерді абоненттік қызметтердің стационарлық немесе алып жүретін жабдығымен қашықтан алу мүмкіндігімен біріктірілген, бұл кәсіпорындарда суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізуге негіз болады.

Суды есепке алудың жаңа технологияларына өтуді бүгінгі күннің өзінде Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында пайдалану кәсіпорындары, негізінен сумен жабдықтау жүйелеріне жаңа пайдаланушыларды қосуға арналған техникалық талаптарды белгілеу кезінде жүзеге асыруда.


2. Ауылдық жердегі сумен жабдықтау жағдайы


2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
23 қаңтардағы № 93 қаулысымен бекітілген 2002 – 2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасын іске асыру аяқталады.

Осы Бағдарламаның іс-шаралары ауыл халқын ауыз сумен жабдықтау бөлігінде мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған:

жалпы ел бойынша сумен жабдықтаудың орталықтандырылған көздерінің суын пайдаланатын халықтың санын 20 – 25 %-ға арттыру;

жалпы сумен жабдықтау деңгейін 80 %-ға дейін арттыру.

Бағдарлама шеңберінде барлығы 12 935 километр су құбыры мен ауыз сумен жабдықтау желілері салынды, қайта жаңартылды және күрделі жөнделді. Халқының саны 3,5 млн. адамнан асатын 3 449 елді мекенді ауыз сумен жабдықтау жақсарды.

Талдау жасайтын кезеңде тасымалданатын суды пайдаланатын ауыл халқының саны 6 еседен астам қысқарып, 71,1 мың адамды құрады. Санитарлық нормаларға сай келмейтін су құбырларының жағдайы 336-дан 133 бірлікке азайды.

Бағдарламаны іске асырудағы белгілі бір оң нәтижелерге қарамастан, ауыл халқын сумен жабдықтау проблемасы осы күнге дейін сақталып келеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауылдық елді мекендердің (бұдан әрі – АЕМ) орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізуі 13,5 %-ға ғана артып, 42,5 %-ды құрады.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша АЕМ-нің жалпы санынан 6943-тен орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмағандарына (проблемалы) барлық ауыл халқының 40 %-ын құрайтын немесе халқының саны 3 млн. адамды құрайтын 3 592 АЕМ жатады. Осындай АЕМ 4 санат бойынша топтастырылған және 1-кестеде келтірілген.


1-кесте


Орталықтандырылған ауыз сумен жабдықталмаған
АЕМ санаттары


Р/с №

АЕМ санаттары

АЕМ саны

Үлес салмағы, %

1.

Тасымалданатын суды пайдаланатындар

134

3,7

2.

Топтық су құбырына қосылуды талап ететіндер

386

10,7

3.

Топтық су құбырлары (қайта жаңарту мен салу)

114

3,2

4.

Орталықсыздандырылған сумен жабдықтау жүйесі барлары

2958

82,4

 

Барлығы

3 592

100
  1   2   3



Похожие:

2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1...
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы icon2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы Бағдарламаның паспорты
Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы...
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасы iconҚазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы